Түйенің оба ауруы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Вирусологиялық аурулар» пәнінен «Түйенің обасы, дауалау, күресу шаралары» тақырыбына жазылған курстық жұмыс 30 бетті қамтып, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 10

1. 1 Түйенің оба ауруы . . . 10

1. 1. 1Түйенің оба ауруының қоздырғышы . . . 10

1. 1. 2 Түйенің оба ауруының эпизоотологиясы . . . 10

1. 1. 3Түйенің оба ауруы өршуі және оның белгілері . . . 11

1. 1. 4 Түйенің оба ауруын анықтау . . . 12

1. 1. 5 Түйенің оба ауруынан сақтандыру шаралары . . . 12

1. 2 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 13

1. 3 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 15

1. 4 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 16

1. 5 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 17

1. 6 Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары . . . 19

2 Өзіндік зерттеу . . . 23

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. ) Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т. б. ) тудыруға түрткі болады.

Алыс және жақын шетелдермен шекараның ашылып, сауда-саттықтың - оның ішінде мал импорты мен экспортының қатынасы жолға қойылып қарқынды дамуда. Осыған орай мал дәрігерінің қызметкерлері жұқпалы аурулардың алдын алу және карантиндік ережелерді бұлжытпай орындауға міндетті. Осымен бірге, үш мемлекеттің - Ресей, Беларуссия, Қазақстан Республикасының кедендік Одағының құрылуына байланысты жануарлар мен мал түліктері арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды емдеу мал дәрігерінің басты міндеттернің бірі болатындығы сөзсіз. Жоғарыдағы аталған мәселелерді шешуде індеттану ілімінің маңызы зор.

Оба індетімен есек, қашыр, мысық, ит, шошқа, қой және ешкі де ауырады. Бұл індет адамға да өте қауіпті. Адамның оба ауруына шалдығу жағдайы Азия, Африка және Америка елдерінде кездеседі.

Оба індетімен егеуқұйрықтар, құмтышкандар, саршұнақтар, тарбағандар және басқалар ауырады. Олар табиғатта індеттің негізгі қоздырушысы болып саналады. Кеміргіштер арасында әлсін-әлсін оба ауруының эпизоотиясы болып тұрады. Түйе ауруға оба ауруының қоздырғышымен залалданған кенелер мен бүргелер шаққанда шалдығады. Сонымен қатар індет тыныс жолы, азық - түлік және жанасу арқылы да жұғады. Түйенің бұл ауруға бірен-сараны ғана, кейде тіпті көпшілігінің де ұшырауы мүмкін.

Бүргелерде оба ауруынық қоздырғышы 1 жыл бойы өсіп - жетіліп, сақталады. Осы аурумен зарарланған бүргелер арқылы ауруға шалдыққан кеміргіштер жайылым шөбін ластап, ақырында түйелерді ауыртады. Алайда жайылымда оба індетіне шалдыққан кеміргіштердің көптігіне қарамастан түйелер ауырмай қалуы да мүмкін. Түйе кенесінен бірлі-жарым малдың обамен ауырып, тіпті өлгеннің өзінде де оба ауруының жаппай таралмауы ықтимал.

Түйе басқа түлікпен салыстырғанда топталып жайылмайды. Осы ерекшелік індеттің ауамен таралуына үлкен кедергі болады.

Обамен ауру түйелер іш тастағанда сыртқы ортаны түсігімен және қағанағымен қоса оба ауруының қоздырғышымен де ластайды. Сонымен қатар сыртқы ортаны танауынан аққан сұйықпен де, жараланғанда аққан қанымен де және садырасымен зарарландырады.

Аурудың алғашқы кезеңінде түйе өкпесі сарысуға толады, қанталап қабынады. Індет өршісе түйе өледі. Түйенің бүрге шаққан жері 2-3 күннен соң ісінеді. Мал ауырсынады. Ауруға шалдыққан туйе денесінің қызуы 41, 5°С-қа дейін көтеріліп, сөл бездері аурудың түріне сәйкес екі еседей үлкейеді. Қолмен сипағанда мал ауырсынады. Түйе оттан қалады, күйіс қайырмайды. Ауру түйенің іші өтуі тоқталмайды, осының салдарынан олар тез арықтайды. Тамыр соғуы жиілейді, жүректің соғу ырғағы бұзылады.

Індеттің өкпелік түрінде малдың өкпесі қабынады, соның салдарынан оның тыныс алуы жиілейді. Жөтеліп, танауынан кілегейлі сүйық ағады, терісінің серпімділігі жоғарылайды, жүні ұйпалақтанып, оңай жұлынады [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - түйенің обасын дауалау және күресу шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Түйенің оба ауруы

Оба - түйенің өте қауіпті жіті түрде өршитін жұқпалы індеті. Ауруға шалдыққан түйенің өкпесі қабынады.

1. 1. 1Түйенің оба ауруының қоздырғышы

Оба ауруының қоздырғышы версиниа пастерелла бактериясының пестис тобына жатады. Ауру қоздырғышы адам мен кеміргіштерді де оба ауруына шалдықтырады. Ол қысқа, мөлшері 1-2X0, 3-0, 7 мкм, яғни екі басы жұмырланған. Грам әдісімен боялмайтын таяқша, аэробты (оттегіндік ортада өсетін) микроб.

Анилин бояуларымен жақсы, көбінесе микроб таяқшасының екі жақ басы айқын боялады. Микробтың сыртында қабыршағы бар, ол қозғалмайды, спора түзбейді. Қышқылдығы рН 6, 4-7, 1 шамасындағы қоректік ортада 28 градус жылылықта жақсы өніп-өседі.

Пептон, ет араластырылған агарда микробтың алғашқы шоғыры бұдырмақтау, жұмсақ болып өседі. Біраздан кейін ол жалпақтанып кетеді, жиектері иректеліп, ортасы ақ буылтық болады .

Ауру қоздырғышы кептіру және қыздыру сықылды қолайсыз жағдайларға онша бейім емес. Олар қайнаған суда бірнеше секундта, 70°С ыстықта 10 минутта, ал 50 градуста бір сағаттың ішінде өледі.

Қөптеген дезинфекциялық заттардың әсеріне микроб өте сезімтал. Мәселен 5 проценттік лизол ерітіндісінде 2-10 минутта, 5 проценттік фенол ерітіндісінде 5-10 минуттың ішінде жойылады. Ал 3 проценттік карбол қышқылының ерітіндісі ауру қоздырғышын 10 минуттың ішінде, 10-20 проценттік хлорлы әк 15 минуттан кейін залалсыздандырады.

Оба қоздырғышы суыққа өте төзімді. 0 градуста тіршілігін 6 айға дейін жоймайды, ал өлген түйенің мұз үстінде сақталған әр түрлі өзгерістері бар материалдарында 18 ай, жерге көмілген тұздалған етте 4, 5 ай тіршілігін сақтайды [4, 6] .

1. 1. 2 Түйенің оба ауруының эпизоотологиясы

Оба індетімен егеуқұйрықтар, құмтышқандар, саршұнақтар, тарбағандар және басқалар ауырады. Олар табиғатта індеттің негізгі қоздырушысы болып саналады.

Кеміргіштер арасында әлсін-әлсін оба ауруының эпизоотиясы болып тұрады. Түйе ауруға оба ауруының қоздырғышымен залалданған кенелер мен бүргелер шаққанда шалдығады. Сонымен қатар індет тыныс жолы, азық - түлік және жанасу арқылы да жұғады. Түйенің бұл ауруға бірен-сараны ғана, кейде тіпті көпшілігінің де үшырауы мүмкін.

Бүргелерде оба ауруынық қоздырғышы 1 жыл бойы өсіп - жетіліп, сақталады. Осы аурумен зарарланған бүргелер арқылы ауруға шалдыққан кеміргіштер жайылым шөбін ластап, ақырында түйелерді ауыртады. Алайда жайылымда оба індетіне шалдыққан кеміргіштердің көптігіне қарамастан түйелер ауырмай қалуы да мүмкін.

Түйе кенесінен бірлі-жарым малдың обамен ауырып, тіпті өлгеннің өзінде де оба ауруының жаппай таралмауы ықтимал.

Түйе басқа түлікпен салыстырғанда топталып жайылмайды. Осы ерекшелік індеттің ауамен таралуына үлкен кедергі болады.

Ауру түйелер іш тастағанда сыртқы ортаны түсігімен және қағанағымен қоса оба ауруының қоздырғышымен де ластайды. Сонымен қатар сыртқы ортаны танауынан аққан сұйықпен де, жараланғанда аққан қанымен де және садырасымен зарарландырады.

Індеттің созылмалы түрінде ауруға шалдыққан мал ұзақ уақыт бойы оба қоздырғышын тасымалдап сыртқы ортаға әлсін - әлсін шығарып отырады.

Оба індетімен есек, қашыр, мысық, ит, шошқа, қой және ешкі де ауырады. Бұл індет адамға да өте қауіпті. Адамның оба ауруына шалдығу жағдайы Азия, Африка және Америка елдерінде кездеседі.

1. 1. 3Түйенің оба ауруы өршуі және оның белгілері

Мал терісі арқылы немесе басқа жолдармен организмге енген оба қоздырғышы сөл бездеріне жетіп, сонда өсіп-жетіледі. Оларды қанталатып, қабындырады. Ауру қоздырғышы және олар бөліп шығаратын улы заттар организмге кең таралып, басқа да ішкі ағзаларды зақымдайды, олардың қызметін бұзады.

Аурудың алғашқы кезеңінде түйе өкпесі сарысуға толады, қанталап қабынады. Індет өршісе түйе өледі.

Оба ауруынан айыққан түйеде осы ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Түйенің қанында бейтараптағыш заттар - опсониндер, агглютининдер жиналады.

Індеттің жасырын өршу кезеңі 3-10 күнге созылады. Ауру негізінен созылмалы түрде өтеді.

Індеттің күні бүгінге дейін септикалық, өкпелік және бубонды (бездің қабынуы) түрлері анықталған [1, 6, 7] .

Түйенің бүрге шаққан жері 2-3 күннен соң ісінеді. Мал ауырсынады. Ауруға шалдыққан туйе денесінің қызуы 41, 5°С- қа дейін көтеріліп, сөл бездері аурудың түріне сәйкес екі еседей үлкейеді. Қолмен сипағанда мал ауырсынады. Түйе оттан қалады, күйіс қайырмайды.

Ауру түйенің іші өтуі тоқталмайды, осының салдарынан олар тез арықтайды. Тамыр соғуы жиілейді, жүректің соғу ырғағы бұзылады.

Індеттің өкпелік түрінде малдың өкпесі қабынады, соның салдарынан оның тыныс алуы жиілейді. Жөтеліп, танауынан кілегейлі сүйық ағады, терісінің серпімділігі жоғарылайды, жүні ұйпалақтанып, оңай жүлынады.

Обаның жіті түрінде түйе 2-3 күннен кейін өледі, ал аурудың созылмалы түрінде оның жалпы күйі біртіндеп жақсарады, бірақ толық жазылып кету жағдайы сирек. Жазылып кеткен түйелерде берік иммунитет пайда болады.

Ауырып өлген түйелердің өкпесі, бауыры, жүрегі және талағы қанға толады әр жерінен ұсақ-ұсақ қанталаған бұдырмақтар керуге болады, ал ішектерінің түсі қызғылт тартады.

Өкпе қабықшасы қабынады, талақ қабыршағының асты, жүрек қабы және ащы ішектің кілегейлі қабықшалары қанталайды.

Талақ, өкпе және бауыры қанға толып, талақтың шеттері үшкірленеді, тіліп жібергенде қызарғанын, сөл бездерінің үлкейгенін көруге болады. Сөл бездерінің ішінде іріңді ошақтар кездеседі. Сонымен қатар ішкі органдар да зақымдалады [4, 7] .

1. 1. 4 Түйенің оба ауруын анықтау

Оба індетін эпизоотологиялық, эпидемиологиялық мәліметтерді, ауру белгілерін, өлекседегі өзгерістерді және бактериологиялық зерттеулер нәтижесін ескере отырып анықтайды.

Бактериологиялық зерттеулерді оба ауруына қарсы күресетін мекемелермен қосылып жүргізеді.

Лабораториялық тексеруге өкпе, талақ, бауыр және сөл бездерінен кесінділер алып жібереді. Оларды 100-300 миллилитрлік таза шыны, кейде қосарланған сауыттарға салады. Екі шыны құтының арасын дезинфекциялық ерітінділермен ылғалданған дәкемен орайды. Ол үшін кебінесе 3-10 процент-тік лизол ерітіндісін қолданады.

Оба індетін күйдіргі және су ауруынан ажырата білу қажет.

Емі - обаның емі жоқ. Сондықтан да өлген түйе елексесін өртеп жібереді. Оба ауруына қарсы «ЕВ» штаммды тірі бактериядан жасалған кұрғақ вакцина бар, осы вакцинамен егілген түйелерде 6 айға дейін созылатын иммунитет пайда болады.

1. 1. 5 Түйенің оба ауруынан сақтандыру шаралары

Оба ауруын болдырмау үшін осы індет шығады-ау деген аймақтарды қатаң бақылауға алып, үнемі қадағалап отыру шарт. Негізінен бұл жұмыстарды республикалық, облыстық және аудандық оба ауруын зерттейтін арнаулы лабораториялар, станциялар және институттар атқарады. Осы аталған мекемелер санитарлық - гигиеналық шараларын жүзеге асырып, оба ауруына қауіпті жерлердегі кеміргіштерге қарсы күрес жүргізеді. Оларды мезгіл-мезгіл аулап, үстінен шыққан бүрге мен кенелерді тексеріп, соған орай кеміргіштерді бактериологиялық түрде зерттейді. Егер кеміргіштердің, сонымен қатар кене-бүргелердің саны тым көбейіп кетсе, онда жергілікті аудан мекемелеріне хабарлап, соған дератизация және дезинфекция жасауға қатысады.

Ауру шыққан түйе шаруашылықтарында карантин жарияланады. Барлық түйелер есепке алынып, «ЕВ» штаммынан дайындалған тірі вакцинамен егіледі. Вакцинамен егілген түйелер де есепке алынады.

Егер кеміргіштердің арасында оба ауруының эпизоотологиясы тоқтамаса онда түйелерді 6 айдан кейін қайтадан вакциналайды.

Оба ауруы білінген шаруашылықтарда түйелер аптасына бір рет кенелерге қарсы дәріленеді, соған орай түйелер мал дәрігерлік бақылауда болады. Түйелердің арасында оба індеті шыға қалса немесе күдік туса онда сол аймақтың халқын да осы аурудан сақтандыру мақсатында қатаң шаралар жүргізіледі. Оба ауруына шалдыққан түйелерге және оның өлекселе-ріне қатысы бар адамдар 15 күн карантинде болады. Ауру және ауру-ау деген күдігі бар малды дереу оқшаулайды, өлексесі терісімен қоса өртеп жіберіледі.

Ауру түйенің тұрған жерін, қорасының іші-сыртын мұқият тазалап, оны 5 проценттік лизол, 5 проценттік күйдіргіш натрийдің, 2 проценттік хлорлы әк ерітінділерімен дезинфекциялайды. Өлген және лажсыз сойылған түйелер патологоанатомиялық тексерулерден өткізіледі. Түйелерден зерттеу материалын алу үшін арнаулы костюмдер кию керек. Ауру-ау деген күдігі бар мал елді мекеннен қашық, арнаулы жерлерде сойылады. Карантинді кеміргіштердің арасында оба ауруының эпизоотиясы тоқталғаннан кейін, яғни 60 күн мерзім ішінде түйе арасында ауру байқалмаған жағдайда ғана ашық деп жариялайды [7, 8] .

1. 2 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау

І ндеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау қою мен қатар індеттанулық балау қойылады.

Ауруға балау қою дегеніміз (нозологиялық балау) қай ауру екенін анықтау болса (мысалы, аусыл, немесе топалаң), індеттанулық балау-байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды. Бұл әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады.

Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, паталогоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.

Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана емес, бұрын жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза шаруашылықта жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.

Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдай әсерін зерттейді. Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпар көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу журналы (№ 1 форма), індетке қарсы шараларды тіркеу журналы (№ 2 форма), ауданның індет ақуалын тіркейтін журнал (№3 форма), актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары. Аталған құжаттарды пайдалана отырып талдау жасалынады. Оның нәтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, кезенділігі анықталынады. Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау - індеттік ақуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.

Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағын қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс), тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады. Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін, сол территорияның індеттік картасы нозогеографиялық картасы пайданылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі. Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай зерттеулер жұқпалы ауруды таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады. Соңымен салаыстырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.

Індеттанулық эксперимент - тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарларды арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау. Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама (биопроба) емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Бұндай тәжірибенің індеттану ғылымына індетті таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер беретіндігі даусыз. Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында, аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі. Бірақта бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Соңдықтанда практикада бұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжам қолданылады.

Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. Індет процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге бөлінеді.

Індет процесінің уақыттық (хронологиялық немесе динамикалық) моделі, індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. Кеңістіктік модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.

Індеттанулық болжау - індет процесінің пайда болуына, өршу кезеңдеріне ғылыми прогноз беру. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы ғылымға белгілі мағлұматтарды осы аурудың белгілі бір территорияда пайда болуына ықпал ететін табиғат пен шаруашылық жағдайларын ескере отырып індеттанулық болжам жасалады.

Болжамның қысқа, орта және ұзақ мерзімді түрлері болады. Қысқа мерзімді болжам жыл маусымдарына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруін қамтиды. Бұндай болжам маусымдық ауруларға қатысты жасалынады да, оның негізінде жыл маусымдарына байланысты малды ветеринариялық домдау, ауру қоздырушыларын тасымалдаушылармен күрес шаралары жүргізіледі. Орта мерзімді болжам бір жыл уақытты қамтиды да оның негізінде індетке қарсы шаралардың жылдық жоспары жасалады.

Ұзақ мерзімді немесе көп жылдық болжам табиғи ошақты немесе созылмалы ауруларға қатысты жасалынады. Індеттанулық болжамның дұрыс болуы үшін екі бірдей шарттың сақталуы керек. Біріншіден, аурудың табиғаты мейлінше терең зерттеліп, ол туралы ғылыми мағлұматтар толық болуы шарт. Екіншіден, ветеринариялық есеп-қисап жұмысы дұрыс жолға қойылып, статистикалық көрсеткіштерде қате болмауға тиіс.

Күнделікті практикалық қажеттікті өтеу үшін жан-жақты математикалық модель мен індеттанулық болжам болмаған жагғайдың өзінде де індет жағдайын статистикалық талдау арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге түсіріп індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап отыру қажет. Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы «Жұқпалы аурулар» курсына келетін болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу және дауалауға байланысты, үш топқа бөлінеді. Жұқпалы ауруларды балау әдістері: індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, бактериологиялиқ, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық болып бөлінеді. Емдеу әдістері этиотроптық және симптоматикалық болып бөлінеді. Этиотроптық емдеуге өзіне тән және өзіне тән емес әдістер жатады. Дауалау әдістері де өзіне тән және өзіне тән емес болып келеді. Індеттану курсында карастырылатын ветеринариялық санитарияның негізгі әдістері: дезинфекция, дезинсекция және дератизация [1, 2, 4, 6, 10] .

1. 3 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнді оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен, індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралары болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керек. Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кезкелген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипаты болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады.

Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарды иммундеу жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оба ауруының таралу жолдары
Оба ауруы
Оба – қатерлі ауру және оның таралу аймақтары
Жұқпалы аурулар
Туйе обасы
Адам ауруын қоздырушы дрожжилар
Патогенді микроорганизмдердің таралуы
Туберкулез туралы пікірлер
Трансмиссивті инфекция қоздырғыштар
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz