Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Вирусологиялық аурулар» пәнінен «Шошқа тұмауы ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 кесте, 2 сурет қамтылды.

Анықтамалар

Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылған:

Табиғи індет ошағы - белгілі бір жұқпалы ауруды қоздырушының тағы жануарлардың арасындағы айналымда болатын аймақ.

Иммунитет - латынның /міңдеттен босану/ деген сөзінен шыққан. Ол -организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішіңде зардапты микробтардан, корғану қабілеті.

Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет калыптасуы

Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып калуы

Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз иммунитеті

Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет

Агаммаглобулинемия - жас туған төлінің қаныңда иммуноглобулиңдер пайда болмауы

Ретроспективті зерттеу - серологиялық еакциялар көмегімен зерттеу

Алиментарлы жолмен жұғу - зарарлы жемшөп пен су арқылы

Геморрагиялық диатез - қанталау

Тромбоз - (гр. thrombosis - ұйып қалу)

Гиперестезия - дене қышынуы

Белгілер мен қысқартулар

Осы курстық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылған:

г - грамм

сағ - сағат

мм - миллиметр

квт - киловольт

кг - килограмм

мкм - микрометр

км - километр

т - тонна

м/с - метр/секунд

ПВС -поливинилді спирт

Ә. б. - әсер бірлігі

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Шошқа тұмауы . . . 9

1. 2 Жұқпалы тұмау - инфлюэнца . . . 11

1. 3Жұқпалы семік ринит . . . 13

1. 4 Инфекциялық аурулардың ағымы . . . 15

1. 5 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары . . . 17

1. 6 Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары . . . 18

1. 7 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 22

2 Өзіндік зерттеу . . . 25 3Техникалық қауіпсіздік . . . 28

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2019ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2019 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2019ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады.

Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.

Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі - ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.

Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.

Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. ) Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т. б. ) тудыруға түрткі болады [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - шошқаның тұмау ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1. 1Шошқа тұмауы

Қоздырғышы - арнайы сүзгіден өтетін вирус.

Грипп - торайдың жіті, жұқпалы ауруы, белгілі бір шаруашылыққа сырттан әкелінбейді.

Грипптің вирусы қан ұюын тежейтін бактериямен қосақтаса жүрсе, сақа шошқаларды да қатты ауруға душар етеді. Вирусты 9-12 күндік тауық эмбрионының хориоаллантоис қабығына сеуіп өсіруге болады.

Вирус онша төзімді емес, 60 градус ыстықта бірнеше минут ішінде ыдырайды, сондай-ақ әдеттегі дезинфекциялағыш дәрілер вирусты тез арада өлтіреді, қақырық пен танаудан аққан суда 1-2 сағат ішінде қырылып қалады.

Бейімділігі. Гриппке көбіне енесін еміп жүрген торайлар шалдығады, ол марқа торайлар мен сақа шошқа арасында сирек кездеседі.

Аурудың шығуы мен жұғуы. Ауру әдетте грипппен ауырып жүрген және одан айыққан шошқа арқылы тарайды, олар танаудан аққан сілекеймен түшкіргенде және жөтелгенде бөлінетін кілегеймен вирусты сыртқы ортаға шығарып отырады.

Грипп ауру малдан сау малға бірге ұстаған кезде ауа арқылы, сондай-ақ дені сау малға микроб тамған төсеніш, қора, азық, тағы басқалар арқылы жұғады.

Белгілері. Жасырын кезеңнің ұзақтығы- 1-2 күн. Жіті түрінде ауру 4-7 күнге, ал асқынса, бұдан да ұзаққа созылады.

Ауру торайдың температурасы 41-42 градусқа дейін көтеріледі, ол азықтан бас тартады, оның көзінен жас, танауынан кілегей су ағады, көзі жасаурап (конъюнктивит), былшықтанады; торай жата береді, түшкіреді, жөтеледі. Жөтел барған сайын күшейе түседі, қақырық араласады, кей кезде малдың танауынан қан сорғалайды, қышыған танауын торай әр нәрсеге үйкелейді.

Грипп асқынса, көп ұзамай, оның кілегейлі қабықтары көкшіл тартады, жүрек соғуы әлсіреп, ақырында торай өледі. Грипп кезінде торайдың 15-50 проценті шығын болады.

Аурудың барысы жеңіл болса, торай айығып кетеді.

Грипп асқынса, плевритке, отитке, менингитке (ми қабығының қабынуы), өкпе қабынуына әкеліп соғады.

Ауру осылай асқынса, торай 10-15 күн ішінде немесе бұдан біраз кеш өледі.

Ауруды анықтау. Торайдың гриппі клинииалық белгілеріне, эпизоотиялық мәліметтерге және пат-анатомиялық өзгерістерге қарай анықталады.

Енесін еміп жүрген торайлар арасында аурудың кенеттен өршіп, тез тарауы, ауырған торайдың көбіне айығып кетуі, жылдың бір маусымының өзінде торайлардың әлгі ауруға қайтадан шалдығуы, торай гриппіне тән белгілердің айқын білінуі осы ауруды дәл анықтауға негіз бола алады.

Қажет болса, диагноз лабораториялық зерттеулер арқылы тұжырымдалады. Лабораториялық зерттеу әдістерімен әсіресе биологиялық сынау, сондай-ақ бейтараптау реакциясы, гемагглютинация және басқа вирусологиялық зерттеулер жиі қолданылады.

Гриппті пастереллезден ажырату керек. Пастереллез болса, жұғынды мен культурадан пастереллдер табылады. Оған қоса пастереллезге сақа шошқада шалдығады, бірақ ол торай гриппі сияқты жаппай таралып кетпейді. Инфлюэнца көбіне сақа шошқаны зақымдайтын эпизоотиялық қасиетіне қарай және шошқаның шағын бөлігінің шығынға ұшырап, соның ішінде көбінің аурудан жазылып кететініне байланысты ажыратылады. [1, 2, 4] .

Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер. Грипп кезінде пат-анатомиялық өзгерістер асқыну сипатына, аурудың ұзақ-қысқалығына байланысты.

Грипптен өлген торайдың өлексесін жарып қарағанда, әдетте тыныс жолының кілегейлі қабықтарының қабынғаны, жіңішке бронхтарда күлгін түсті шұбырма сілекейінің жиналғаны, осы маңайдағы бездердің ұлғайғаны және ісінгені байқалады.

Дене қуыстарында жалқаяқ жиналады. Грипп асқынған болса, асқыну сипатына сәйкес, өкпенің суланып немесе жалпы (крупозды) қабынуына, өкпе гангренасына, плевритке тән өзгерістер т. б. табылады.

Емі. Торай гриппін емдеу ауру белгілерін жоюға бағытталады: жүрек сергіткіш дәрілер-кофеин, камфора, қақырық түсіргіш дәрілер - хлорлы аммоний (1-2 г), несеп айдағыш дәрілер - уротропин қолданылады.

Сонымен қатар, қою шай немесе кофе, пішеннің қою тұнбасын ішкізу, горчичник қою сақа шошқаның 20-25 мл қанын бұлшық етке енгізу, бұлшық етке 0, 15- 0, 20 мл экмолин жіберу немесе оны танауға бір тамшыдан тамызу, антибиотиктерден-пенициллин, стрептомицин қолдану тәуір нәтиже береді. Антибиотиктер гриппті асқындырмау үшін пайдаланылады.

Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Шаруашылықта грипп шықса, ауруға шалдыққан торайларды енелерімен бірге бөліп алып емдейді; арықтаған және жөтелетін жас торайлар мен марқа торайлар бракқа шығарылады; ауру торайлар тұрған қора және барлық құрал-жабдықтар дезинфекцияланып, таза ұсталады.

Малды грипптен аман сақтау үшін:

мегежіндерді торайларымен бірге өзге шошқадан бөлек ұстау;

шошқаны жасына қарай топтастырып, әр топты күтуші адамдарға бекітіп беру;

дер кезінде дезинфекция жасау;

жазда шошқаны лагерьде бағу;

жауын-шашынды күндері торайларды серуенге шығармау;

қора еденінің және желідеткіштің оңды болуын қадағалау;

еденнің сыз, қора ауасының шамадан тыс ылғалды болуына жол бермеу керек [1, 4, 5] .

1. 2 Жұқпалы тұмау - Инфлюэнца

Қоздырғышы - арнаулы сүзгіден өтетін вирус.

Инфлюэнца қоздырғышы кілегейлі қабықтарды және өкпені жиі қабындырады. Егер инфлюэнца вирусы бактериямен қосақтаса жүрсе, аурудың барысы ауырлай түседі.

Инфлюэнца вирусы бронх пен кеңірдектен аққан жалқаяқтан және танаудан аққан сілекейден табылады. 70 градусқа дейін ысытқанда вирус тез арада қырылып қалады. Оны әдеттегі дезинфекциялағыш заттармен (карбол қышқылы, формалин т. б. ) зарарсыздандырады.

Бейімділігі. Инфлюэнцаға марқа торай мен сақа шошқа шалдығады. Енесін еміп жүрген торайларға ауру дарымайды. Лабораториялық жануарлардан инфлюэнцаға ақ тышқан мен күзен шалдығады.

Аурудың шығуы мен жұғуы. Инфлюэнца әдетте ауырып жүрген және ауырып жазылған шошқа арқылы тарайды.

Мұндай мал танаудан аққан сілекейден, түшкіргенде және жөтелгенде бөлінетін кілегеймен, сілекеймен және нәжіске араласқан қанмен бірге вирусты сыртқа шығарып отырады. Әсіресе мезгілінен бұрын сау малға қосып жіберілген, аурудан айыққан шошқа қауіпті.

Аурудың таралуының екінші бір көзі - ауру малдың нәжісі мен несебі тамған азық, су, науа және т. б .

Инфлюэнца ауру малдан сау малға тікелей жанасқан кезде жұғады, әсіресе шошқа тар қорада ұсталса, ауру тез тарайды, сондай-ақ бұл ауру вирус тамған құрал-саймандар, төсеніш, азық пен су және тағы басқа заттар арқылы да жұғады.

Белгілері. Жасырын кезеңінің ұзақтығы 36-96 сағат. Ауру әдетте жыл мезгілдері ауысар шақта туады. Онымен мал бірден жаппай ауырады, әс-ресе оған сақа шошқа шалдыққыш келеді.

Инфлюэнца алғашқы кезде жіті кейінірек жітілеу түрде өтеді. Ауруға шалдыққан шошқа азықтан бас тартып, жата береді, температурасы 40, 5 - 41 градусқа дейін көтеріліп, қалтырайды, оның танауы мен көзінен кілегей су ағады, танауы мен көзінің кілегейлі қабығы қызарып ісінеді, көбінесе танауынан қан кетіп көзі жасаурайды (конъюнктивит) .

Ауру жіті күйде өтсе, мал тез айығып кетеді, ауру басталуынан 2-4 күн өтісімен шошқа өлуі мүмкін.

Ауру ұзаққа созылса, шошқаның танауынан ірің ағады, булығып жөтеледі, ал кей кезде терісі мен кілегейлі қабықтары қанталайды. Бұл белгілері қосалқы микробтардың әрекетінен аурудың асқынғанын (өкпе қабынуы, буын қабынуы) көрсетеді.

Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер . Инфлюэнца кезінде тек тыныс органдарынан ғана морфологиялық өзгерістер табылады. Танаудың, көмекей мен кеңірдектің ішкі беті тегіс қабынған.

Жіңішке бронхтар қан аралас кілегейге толы өкпе бөлікшелерінің арасындағы дәнекер тканьді жалқаяқ жайлаған. Ауру асқынса, өкпе фибрин шөгіп немесе іріңдеп қабынады, плевра фибрин шөгіп қабынады, перикардит орын алады.

Мойындағы көкірек қуысын көмкерген сірі қабықтағы, бронх маңындағы сөл бездері ұлғайған, ісінген, қызарған, кейде қанталаған.

Ауруды анықтау. Инфлюэнца клиникалық белгілеріне, эпизоотологиялық деректерге және өлексені жарып қарау нәтижелеріне қарай анықталады.

Аурудың маусымды болуы, оның сақа шошқа арасында кенеттен пайда болуы, тыныс органдарының зақымданғанын байқататын клиникалық белгілердің тез өршуі, патанатомиялық өзгерістердің тек тыныс органдарында және осы маңайдағы сөл бездерінде кездесуі, малдың аурудан айығып кетуі, міне осылар ауруды инфлюэнца деп табуға негіз бола алады.

Кейде ауру өте асқынған жағдайда, бактериологиялық зерттеу жүргізіледі және ауруды лабораториялық жануарларға жұқтыру арқылы биологиялық сынау жасалады.

Шошқа инфлюэнцасын клиникалық белгілері басқа аурулардан (торай грипі, Ауески ауруы, жай бронхит, өкпе қабынуы) ажырата білу керек.

Инфлюэнцаға көбіне сақа шошқа шалдығады және ол әдетте айығып кетеді, ал гриппен әсіресе енесін еміп жүрген торайлар ауырады, олар көбіне өлім-жітіміге ұшырайды.

Ауески ауруының шошқа инфлюэнцасынан айырмашылығы сол, оған барлық түлік шалдығады, онымен ауырған малдың температурасы тым көтеріледі, нерв жүйесі бұзылады, одан әдетте мал өледі.

Инфлюэнцаға қарағанда, жай бронхит пен жай пневмония тез жұғады және тез тарайды.

Емі. Инфлюэнцаға шалдыққан шошқа аурудың барысына және малдың жалпы қүйіне байланысты сыртқы белгілеріне қарай емделеді.

Инфлюэнца асқынғанда стрептоцид немесе сульфидин 0, 5-1, 5 г мөлшерінде қатарынан 2-3 күн беріледі немесе пенициллин мен стрептомициннің біреуі бұлшық етке енгізіледі.

Жүрек қызметін демеу үшін кофеин, камфора қолданылады; жалқаяқты бойға сіңіру үшін несеп жүргізетін, іш өткізетін, қақырық түсіретін дәрілер беріледі.

Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Инфлюэнца анықталысымен-ақ ауру малды бөліп алып, емдейді.

Ауру шыққан қора дезинфекцияланады. Шошқаның күтімі жақсартылады, кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар жүзеге асырылады.

Инфлюэнцадан сақтану үшін шошқа тұратын қоралардың санитарлық-гигиеналық жағдайының талапқа сай болуын қамтамасыз ету, әсіресе қораның температурасы мен ылғалдылығы бір қалыпты болуын қадағалау керек, сондай-ақ әрдайым дезинфекция жасалады [2, 3, 5, 6] .

1. 3Жұқпалы семік ринит

Қоздырғышы - арнайы сүзгіден өтетін вирус. Ол тауық эмбрионында қолдан өсіріледі.

Ауруға бейімділік. Бұл ауруға сақа шошқа және торай шалдығады; ғылыми тәжірибе жасап, вирусты көжектерге және 4-6 күндік ақ тышқандарға енгізіп, оларды осы ауруға шалдықтыруға болады.

Аурудың шығуы мен жұғуы. Індетті көбінесе сырттай сау шошқалар таратады. Торайларға бұл ауру жұқпалы семік риниттің созылмалы түрімен ауырып жүрген сақа шошқадан, ал сақа шошқаға енесін еміп жүрген торайдан жұғады.

Ол ауру шошқадан сау шошқаға бірге ұсталғанда ауа арқылы да жұғады. Вирус кеңсіріктің кілегей қабығы арқылы және шошқа микроб түскен азыққа немесе суға тұмсығын тыққанда танау арқылы денеге енеді.

Ауру малдың аузынан тілінің ұшы көрініп тұрады, жоғарғы жақ сүйегінің қысқаруы себепті танау қырындағы тері қыртыстанып жиырылады. Жоғарғы жақ сүйегінің 1, 5-2 айдан кейін мүлдем сиқы кетеді.

Жақ сүйектері қисайған малдың езуінен азық түсіп кетеді, ол тынысы тарылып қырылдайды, оның көздері жасаурайды, өсуі тежеледі.

Сақа шошқаның жақ сүйектері мен желбезегі көбіне өзгеріске ұшырайды. Ауру асқынса, отитпен, менингиттен, гайморитпен, конъюнктивитпен және басқа аурулармен ұласады.

Құлақ параличке ұшырауы мүмкін, ауру мал көбінесе шыр айналады, оның көмекейі мен өкпесі қабынады (ангина, пневмония) .

Белгілері. Бұл ауру енесін еміп жүрген торайларда жіті өтеді. Бастапқы кезде ауру торай қайта-қайта түшкіре береді. Ол қатты нәрселерге үйкелеп танауын жарақаттайды. Біраздан кейін екі танауынан сұрғылт түсті іріңді жалқаяқ ағады.

Осы кезеңде шошқа аурудан мүлде уақытша айығып кетуі мүмкін; ауру 10- 15-ші күндері асқынады.

Бұл жағдайда шошқаның астыңғы және үстіңгі тістері тұспа - түс келмейді, азықты дұрыс шайнай алмайды, жоғарғы жақ сүйегі қисайып кетеді, оның өсуі баяулайды, осының салдарынан ол төменгі жақ сүйекке қарағанда

Белгілері. Бұл ауру енесін еміп жүрген торайларда жіті өтеді. Бастапқы кезде ауру торай қайта-қайта түшкіре береді. Ол қатты нәрселерге үйкелеп танауын жарақаттайды.

Біраздан кейін екі танауынан сұрғылт түсті іріңді жалқаяқ ағады. Осы кезеңде шошқа аурудан мүлде уақытша айығып кетуі мүмкін; ауру 10- 15-ші күндері асқынады.

Бұл жағдайда шошқаның астыңғы және үстіңгі тістері тұспа - түс келмейді, азықты дұрыс шайнай алмайды, жоғарғы жақ сүйегі қисайып кетеді, оның өсуі баяулайды, осының салдарынан ол төменгі жақ сүйекке қарағанда . Бұл ауру енесін еміп жүрген торайларда жіті өтеді.

Бастапқы кезде ауру торай қайта-қайта түшкіре береді. Ол қатты нәрселерге үйкелеп танауын жарақаттайды. Біраздан кейін екі танауынан сұрғылт түсті іріңді жалқаяқ ағады. Осы кезеңде шошқа аурудан мүлде уақытша айығып кетуі мүмкін; ауру 10- 15-ші күндері асқынады.

Бұл жағдайда шошқаның астыңғы және үстіңгі тістерді тұспа түс келмейді, азықты дұрыс шайнай алмайды, жоғарғы жақ сүйегі қисайып кетеді, оның өсуі баяулайды, осының салдарынан ол төменгі жақ сүйекке қарағанда қисық болады.

Ауру малдың аузынан тілінің ұшы көрініп тұрады, жоғарғы жақ сүйегінің қысқаруы себепті танау қырындағы тері қыртыстанып жиырылады. Жоғарғы жақ сүйегінің 1, 5-2 айдан кейін мүлдем сиқы кетеді.

Жақ сүйектері қисайған малдың езуінен азық түсіп кетеді, ол тынысы тарылып қырылдайды, оның көздері жасаурайды, өсуі тежеледі. Сақа шошқаның жақ сүйектері мен желбезегі көбіне өзгеріске ұшырайды.

Ауру асқынса, отитпен, менингиттен, гайморитпен, конъюнктивитпен және басқа аурулармен ұласады.

Құлақ параличке ұшырауы мүмкін, ауру мал көбінесе шыр айналады, оның көмекейі мен өкпесі қабынады (ангина, пневмония) .

Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер . Пат-анатомиялық жағынан алып қарағанда жоғарғы жақ және танау сүйектерінде ринитке тән өзгерістер туады.

Бұл өзгерістердің сипаты аурудың даму сатысына байланысты. Танаудың ішіне ірің және іріп-шіріген ткань жиналады. Кеңсірік шемірішегі имектелген және жұқарған, кейде тесілген, кеуілжірі семген. Бастың тор сүйегі іріп-шіріген.

Сонымен қатар, қан тамырлары жидіген, астыңғы және үстіңгі тістері біріне-бірі тұспа-тұс келмейді, жоғарғы жақ сүйектері семіп кішірейген. Ауру асқынса, ортаңғы құлақ қабынады, гайморит байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Індетке қарсы шаралар
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Індетке қарсы шаралар туралы түсінік
Дәрілік заттар түрлері
Жұкпалы ауруларды дауалау шаралары
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz