Өкпенің крупозды қабынуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а) Өкпе гангренасы
б) Өкпенің крупозды қабынуы
с) Плеврит
3.Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер

Өкпенің гангренасы - Gangrena pulmonum
Өкпе ұлпаларының іріп-шіріп ыдырауы. Өкпе абсцессіне ұқсас ауру, бірақ одан айырмашылығы сау ұлпалармен зақымданған ұлпалардың араларында жолақ жоқ.
Себептері. Шіру процесін тудыратын микроорганизмдер ауа, қан, метастаза арқылы тарайды. Ауру көбінесе аспирациялық, метастаздық қабынулардың асқынуларынан пайда болады. Сондай-ақ өндірістен шығатын газдар мен түтіндер, өкпелердің жарақаттануы да аурудың себебі болуы мүмкін.
Даму процесінде организмнің резистентілігінің төмендеуі іріңдеткіш-шіріткіш микроорганизмдердің қарқындап өсуіне бірден-бір себеп болады. Соның салдарынан қабыну ошақтары іріп-ыдырайды, ол жер қуыс болып қалады. Ол қуыстар артынан қоңыр-қызғылт түсті, жағымсыз иісті сұйық пен газға толады.
Ауру сәтті өткен жағдайда ол қуыстар сау ұлпалардан дәнекер жарғақшалар арқылы бөлініп, абсцесске айналады. Кейіннен ол іріңді ошақ тығазданып, немесе әктеніп қатаяды.
Ал сәтсіз өткен жағдайда іріп-шіріп-ыдырау процестері шектелінбей, олардың дамуы үдемелі түрде жүріп, ауру мал тез тұншығудан немесе сепсистен өліп кетуі мүмкін.
Клиникалық белгілері. Ауру ылғи да жіті түрде өтеді. Бастапқыда негізгі аурулардың белгілері байқалады. Гангренаның тән белгілері ретінде ауру малдың күйінің күрт төмендеуін, үдемелі ентікпенің пайда болуын, демінен жағымсыз иістің сезілуін, танауларынан сұрғылт-қоңыр, не шоколад тәрізді ақпаның ағуын, қуыстардың тұсынан дүңкіл дыбыстардың естілуін, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жеткіліксіздігінің белгілерін келтіруге болады
Ауруды анықтау үшін:
1.ауру туралы жиналған мәліметтерге;
2.ауруға тән клникалық-белгілеріне;
3.қан көрсеткіштеріне (нейтрофилді лейкоцитоз,
эозинопения және эритроциттердің шөгуінің
жылдамдауы);
4.ақпаның тұнбасын микроскоп арқылы тексеруі
нәтижесіне;
5.рентген аркылы тексерудің нәтижесіне сүйенеді.
Ауруды саралау. Өкпенің тұтас қабынуынан ажырату үшін ақпаны 10 % сілті ертіндісіне ерітіп қайнатады да, оны центрифугамен айналдырып, тұнбасын микроскоппен зерттейді. Гангренада тұнбада эластикалық талшықтар анықталады.
Плеврит пен туберкулезден клиникалык белгілері арқылы ажыратады.
Емі: іріндеткіш микроорганизмдерге қарсы олардың
сезімталдықтарын анықтап барып, тиісті антибиотиктерді
қолданудың нәтижесі бар;кенірдек қуысы арқылы залалсыздаңдыратын дәрілердің судағы ертіңділерін жіберген жөн;қан тамырына новарсенол, глюкоза мен камфора
қосылған спирт, кальций хлоридтің қаныққан ертіндісін,
гексаметилентетрамин ертінділерін жіберуге болады;креалин, лизол, карбол қышқылдарының буымен дем
алдыру керек; оттегімен емдеу әдістерінің тиімді түрлерін қолданған
жөн.
Өкпелердің крупозды қабынуы.Өкпенің тез арада едәуір бөліктерін фибриалді-жалқаяқты қабынумен қамтып, дамуы сатылы түрде өтетін, дене қызуы тұрақты түрде жоғары болатын ауру. себептері. Аурудың пайда болып, дамуына негізінен 2 фактор әсер етеді:
1.Қоздырғыш микроорганизмдер
2.Организмнің жоғарғы аллергиялық реакциясы.
Соңғы кезде көптеген зерттеушілер бұл қабынудың себебі тітіркеңдіретін факторлардың салдарынан болатын аллергиялық құбылысқа организмнің реакциясы деп тұжырымдауда. Ондай жағдай өте кушті себеп факторының кенеттен әсер етуінен болатын көрінеді. Мысалы: терлеп келген атты аязда қалдыру, жылы қорадан бірден қатты суыққа шығару. Дамуы. Өкпенің зақымдануы алдыңғы бөліктерінен басталады да, бірте-бірте төменгі, орталық бөліктеріне ауысады. Дерт қан не лимфа жолдарымен таралады. Егер уақытында ауру мал емделмесе, қабыну табиғи түрде болса аурудың дамуы сатылы түрде өтеді. Аурудың барысында, бірінен-біріне ауысып отыратын 4 сатысын айырады.
1.Қабынудың қан кернелу сатысы, немесе қан құйылу кезінде өкпе капиллярлары қанға қатты толады, альвеолла
эпителийлері ісінеді, олардың қуыстарына қан аралас жалқаяқ
жиналады. Бірнеше сағаттан екі тәулікке дейін созылуы мүмкін.
2.Қызыл бауырға ұқсас сатысы. Бұл сатысында альвеолла қуыстарындағы ұйымалы қанды, құрамында лейкоциттер мен фибрин талшықтары көп жалқаяқ көбейе түседі де, ондағы ауаны толық ығыстырып шығарады. 2-3 тәулікке дейін созылуы мүмкін [4,5,6].
3.Сұрғылт бауырлану сатысы. Альвеолла қуысындағы
жалқаяқтың құрамында лейкоциттер көбейе түседі де, ол
майлы азғындануға ұласады. 2-3, кейде 4-5 тәулікке дейін
созылады.
4.Шешілу сатысы. Аурудың қолайсыз шешілуі өлім-
жітіммен аяқталады. Ал дұрыс шешілгенде белокты,
майды ыдырататын ферменттердің әсерінен фибринді
жалқаяқтың сұйылып организмге таралуы және жөтел
кезінде тыныс жолы арқылы тысқа шығуы мүмкін,
Мұндай жағдайда альвеоллалар ауаға толып, газ алмасу
процесі қалпына келеді. Бұл сатысы 2-5 тәулікке дейін
созылуы мүмкін.
Қабыну процесі альвеолла арқылы плевраға өтіп, оны қабындырады. Микроорганизмдердің екпе ұлпаларында қалған белігі еріп, олардың улы заттары босап организмге кері әсерін тигізеді. Аурудың ары қарай дамуы организмнің резистентгілігіне, жүйке жүйесінін қызметіне тікелей байланысты.Процесс кері дамыған жағдайда оған организмдегі оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) қосылып жүректің, бауырдың, бүйректердін, ішектердің жұмыстарының бұзылуына апарыІп соғады.Қабыну процесі ауыр жүрген жағдайда тыныс алу орталығының салдануынан малда үдемелі түрде дамитын демікпе-тұншықпадан, немесе жүрек-қан тамырларыныц қызметтерінің жеткіліксіздігінен ауру мал өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Өлекседегі өзгерістер аурудың даму сатысына байланысты болып келеді.Аурудың бірінші сатысында өкпе көлемі ұлғайған, ісінген, қызғылт-көкшіл түсті; кесіп қарағанда қызғалт түсті көпіршіктенген сұйық анықталады, өкпе кесіндісі суға батпайды.Аурудың екінші және үшінші сатыларында өкпе ауасызданып қатайған. Тығыздығы жағынан бауырға ұқсас. Кесіндісі суда батып кетеді. Альвеолла қуыстарында әр түсті, фибринді жалқаяқ.
* Аурудың төртінші сатысында өкпенің түсі көкбауыр тәріздес.
* Басқа ағзалардағы өзгерістер:
* жүрек бұлшық еті, бауыр, ішектер, бүйректер азғынданған;
* ми қабы қанмен кернеліп, ісінген;
* көкірек қуысының лимфа бездері ұлғайған.
Клиникалык белгілері. Ауру жіті түрде өтеді, аяқ астынан,кейде тіпті жұмыс кезінде кенеттен пайда болуы мүмкін. Азыққа зауқы жок, күйі өте нашар, кілегей қабықтары бастапқыда қанмен кернелген, артынан сарғыштанады. Тыныс алуы жиілеп, қиындай түседі. Алғашқыда құрғақ жөтел, жөтелген уақытта ауырсынғандық байқалады. Артынан қақырықты дымқыл жөтелге айналып, кемескіленеді. Жылқылардың танауынан қоңыр-қызыл түсті жалқаяқ ағады. 1-4 сатыларында қатаң везикулярлы, не бронхиалды дыбыс, көпіршіктенген дымқыл сырыл тыңдалады. Перкуссияда - ашық, даңғырлаған дыбыс. Ал өкпенің зақымдалған жерлерінде дыбыс шуылдары естілмейді.Дене қызуы жылдам көтеріліп, тұрақты түрде үнемі жоғары болып тұрады . Жүрек түрткісі күшті, соғысы жиі, екінші сазы қаттырақ естіледі.Қанда нейтрофилді лейкоциттер көбейеді, керісінше эритроциттер, лимфоциттер, моноциттер азаяда.Аурудың 2-3 сатыларында зәр шығару азаяды, зердің меншкті салмағы жоғары.Дұрыс ем уакытаңда қолданылғанда ауру мал жазлып кетуіде мүмкін, ал кейде асқынып, өлі-шіріген зат алмасуының қалдықтары плевраға, лимфа түйіндеріне өтіп, оларды зақымдауы мүмкін.Егерде, дене ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринариядағы бронхит, өкпе гиперемиясы мен ісігі, бронхопневмония мен крупозды пневмонияны емдеу
Өкпе аурылары
Крупозды пневмония
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Ренит,гаймарит,ларингит,фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Ринит, гаймарит, ларингит, фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Тыныс алу жүйесінің аурулары туралы мәлімет
Танау кілегей қабықтарының қабынулары
Ларингит ауруы
Тыныс алу жолдарынының аурулары
Пәндер