Тұяқ жүрекшесінің шіруі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Пододерматит ауруы
2.Пододерматиттердің жіктелуі
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Пододерматиттер дегеніміз - тұяқ ұлтанының терісінің негізінің қабынуын айтады. Ондай ауруларда жіті не созылмалы қабыну процесстері пайда болады. Бұл аурулар өзінің тегіне , түріне және қабынуының барысы мен өзінің орналасқан ұлпасының ерекшелігіне қарай жіктеледі. Тәжірибелік және ғылыми жағынан алғанда осы кезде пододерматиттерді, олардың пайда болуына байланысты дара себептерді бірлестіретін жарақаттық , алғашқы - созылмалы , ревматикалық аталатын , тек жылқы тұяғына тән , өзіндік түрлерге бөлу біршама тиянақты деуге болады. Тері негізінің зақымдануы салдарынан мыналар дамиды : 1) кездейсоқ қатты заттармен соғылудан , 2)тағалап жатқан кезде таға шегелерімен және 3) қатты соғылудан , сығымдалудан және зақымдану салдарынан болады. Жүрекше терісі негізінің созылмалы қабынуын жүрекшенің шіруі деп атайды. Бұл ауру алдыңғы және артқы тұяқтарда да кездеседі. Бір немесе бірнеше тұяқта ауруға шалдығуы мүмкін. Ревматикалық пододерматит деп , тұяқ ұшының және қабырғалары мен ұлтан терісі негізінің асептикалық қабынуын айтады. Бұл аурудың созылмалы түрінде тұяқ сүйегі төмен түсіп , тұяқтың пішіні өзгереді. Ауруға не алдыңғы , не артқы аяқтары немесе олардың барлығы да тегісінен шалдығады. Ауруға әсіресе алдыңғы екі тұяқ жиі шалдығатындығы дәлелденген.

Негізгі бөлім
Пододерматиттердің жіктелуі. Пододерматиттер деп тұяқ ұлтанының терісінің негізінің қабынуын айтады. Ондай ауруларда жіті не созылмалы қабыну процесстері пайда болады. Бұл аурулар өзінің тегіне , түріне және қабынуының барысы мен өзінің орналасқан ұлпасының ерекшелігіне қарай жіктеледі.
Тәжірибелік және ғылыми жағынан алғанда осы кезде пододерматиттерді , олардың пайда болуына байланысты дара себептерді бірлестіретін жарақаттық , алғашқы - созылмалы , ревматикалық аталатын , тек жылқы тұяғына тән , өзіндік түрлерге бөлу біршама тиянақты деуге болады.
Жарақаттық пододерматиттер. Тері негізінің зақымдануы салдарынан мыналар дамиды : 1) кездейсоқ қатты заттармен соғылудан , 2)тағалап жатқан кезде таға шегелерімен және 3) қатты соғылудан , сығымдалудан және зақымдану салдарынан болады.
Тұяқтың жарылу жарақаттары. Бұл өткір заттармен , атап айтқанда : шегелермен , темір кесектерімен , сыммен , сүйекпен , бұтақпен және т.с тұяқтың беткейінің зақымдануынан болады. Бұл ауру әсіресе құрылыстарда , тастандылар арасында істейтін қала жылқыларында жиі кездеседі.
Зақымданған ұлпасына байланысты зақымданудың барлығы да , ұлтаны мен жүрекшесінің жарақаттарына бөлінеді. Ұлтанның зақымы әдетте алдыңғы , әсіресе толық және беті жалпақ тұяқтарда , ал жүрекшесінің зақымдануы - пішіні дұрыс емес артқы тұяқтарда жиі кездеседі.
Тереңдік жағынан алғанда , тұяғы тесіліп , терісінің негізі бұзылса , беткейлік жаралар , ал сіңірі , кілегей қапшығы сүйегі , буыны зақымданса - терең жаралар туындайды. Ұлтан жарасы әдетте терең болмайды - қадалған зат , өз жолында тұяқ сүйегіне кездеседі де , соған тіреліп қалады. Керісінше жүрекшенің , әсіресе оның ортасындағы жаралар өте терең болып , онымен бірге сіңір , кілегей қапшығы және буыны сияқты (277-сурет) маңызды ұлпаларының, жарақаттануы болады.
Зақымданысымен іле шала тұяқтың мүйіз астылық бөдімдерінде қабыну процесі дами бастайды. Олар әдетте іріңді түрге айналады.Іріңі тұяқ терісінің негізіне сіңеді , тесігі арқылы сирек шығады , ал көптеген іріңі мүйізінің астына жиналады да , оны тері негізінен ажыратып жібереді. Іріңін ағызу керек , егер де тесікті уақытылы теспесе , іріңнің ұлтан бойымен таралып, жараның жүрекшеде не ұлтанның артқы бөлігінде, майтабан аумағының мүйізі астынан шығуы мүмкін. Тұяқ сүйегімен көршілес жерінің іріңді қабынуға ұзақ уақыт шалдығуынан ол сүйектің біраз бөлігінің жансызданып қалуы да мүмкін ; сүйектің секвестор аталатын кішкене ғана өлі кесегі оның сау бөлігінен жекеленіп шығады , бірақ тар тесіктен шыға алуына мүмкіншілігі болмағандықтан , ондағы ұлпаны үнемі түршіктіре отырып , іріңді қабынуды созып , ақырында тесіктің пайда болуына әкеледі.
Жуан және мықты шеге тиген жағдайда кейде : тұяқ , тиек және тіпті топай сүйектерінің де сынуы мүмкін. Тереңде жатқан бүккіш сіңірінің зақымы іріңді қабынуға және жансыздануға шалдығып барып асқынады. Жүрекшенің ортасына тиген заттың тесуі салдарынан болған кілегей қапшығы мен буынның іріңді қабынуы - асқынудың барып тұрған қауіптісі , олардың ақыры көбінесе жануардың өлімімен аяқталады.
Клиникалық белгілері. Ауруына , кенет пайда болған ақсақтық қосарлана жүреді. Оның ауырлық - жеңілдік дәрежесі жараның тереңдігі мен оның қай жерде екендігіне қарай , әртүрлі болады.
Беткейлігінен жарақаттанған алғашқы кезінде кейде ақсақтығы байқалмайды , ол тек тұяқтың іріңді қабынуы дамыған кезде ғана білінеді. Жүрекшесінің ортасын ала тереңірек жарақаттанған жағдайда , бөгде зат тиісімен іле-шала , жануар ауру аяғын жерге баса алмастан қалады. Ұлтан беткейін қараған кезде кейде қадалып тұрған затты табуға болады. Дегенмен оның сұрау көбінесе бұдан бұрын суырылып алынуы мүмкін де , қадалуы , сондай-ақ оның орны жайында жолымен білуге де болады. Зақымдалған жерін тұяқ тістеуігімен жеңіл табуға болады ; онымен жүрекше мен ұлтанның әр жерінен үнемі қыса отырып , ауырған жерін тауып алуға жағдай туады. Содан кейін тұяқ пышағымен беткейінен мүйіздің бір қабатын жонса , тарлау тесік анықталады.
Жүрекшесінен тесілген жағдайда тереңірек аршыған жөн , өйткені серпімді мүйізі тез бітеледі де , тесік каналдың бетін жауып кетеді. Тесілуіне көп уақыт өтпеген жаңа жаралардан қан , ал ескілерінен - күңгірт түсті ірің ағады. Кілегей қапшықтары не тұяқ буыны зақымданған жағдайларда синовиаль сұйығы ағады. Сынғаннан кейін ішінде қалған шегенің кішкене кесегі , тұяқ , тиек не топай сүйектерінің сынығын рентген сәулесімен зерттеуге болады. Іріңді қабынуға бүккіш сіңірі мен оның шаша астындағы қынабы шалдыққан жағдайда , май табанынан жоғарырақ , май табанаралық жерінің үстінен , өзі ыстық және саусақпен басып қарағанда ауырымпаз ісікті байқауға болады.
Болжамы.Ұлтанның тиер жеріндегі және жүрекшенің ұшар басындағы тесік жаралар , сондай-ақ тұяқтың арт жағын ала болған жаралар біршама қауіпсіздеу келеді де , әдетте жазылып кетеді. Жүрекшенің ортасынан болған жараларға көбінесе қауіпті асқынулар қабаттаса жүреді , ауру созылып кетеді , ақсақтығының мәңгі қалуы да мүмкін , ал кейде жалпы іріңді және шірікті асқыну салдарынан жануар өлуі де мүмкін. Беткейлігінен болған жаралардың болжамы әдетте қауіпсіз , тұяқтың алдыңғы және артқы бөлімдерінен болған терең жаралардікі - сақтық тілейді , ал орталықтағы бөлігі зақымданса - күмәнді не қауіпті келеді.
Емдері. Тесілген жараларды емдеу кезіндегі бірінші шарт - ондағы бөгде затты алып тастау болады. Оны алмас бұрын тағасын алады , жүрекшесінің сайы мен ұлтандағы ласын тазартады , тұяқтың бүкіл ұлтандық беткейін жуып , құрғата сүртеді. Содан кейін бөгде заттың табылған жерін мұқият дезинфекциялап болған соң ғана , оны ажыратып алуға кіріседі. Қадалған затты алғаннан кейін жараны эфирге араластырған иодтың 5% ерітіндісімен не 5% иод тұнбасымен (Б.М Оливков) дезинфекциялайды. Егер де бөгде заты өте лас болса , дезинфекциялағаннан кейін тесілген жерін суқұйғыш сияқтандырып айналдыра сылып алады. Жарасына иод тұнбасын тағы да жағып,қысыңқырап,таңады.
Егер де жарақаттануынан кейінгі жерде 6-8 сағаттан артық уақыт өтпесе,иод тұнбасын ішіне жіберу жолымен іріңді қабынудың бетін қайтаруға болады.Егер де одан да артық уақыт өтсе ,не жарасы іріңдене бастаса ,онда операция жасаған дұрыс. Операцияны төмендегідей жасайды:мүйіз бен оның астындағы бөлімдеріндегі тесікті кең суқұйғыш тәрізді етіп,тесік каналының төңірегінде ештеңе қалдырмастан айнала сылып алады. Бұл операцияны антисептикалық ережелерді қолданып,жануарды жатқызған күйінде жасайды. Жарақат каналын айналдыра,түгел сылып алғаннан кейінгі жерде, жараны антисептикалық ерітіндісімен (иодтың 5 проценттік тұнбасымен не иодоформды эфирмен суландырады,бетіне зиянсызданған марля жабады,жарасына марля тампонын тығыздап салады да ,тұяқты орап ,таңады.
Зәрін марляға сіңірмеу және оны ластамау үшін таңып болғанның соңында марляның үстінен тазартылған қарамай,не скипидар не тең араластырылған солардың қоспасын жағады.Егер де ақсақтығы ұлғаймаса және жалпы дене температурасы көтерілмесе ,3-4 күннен кейін жаңадан таңады.Таңауын жаңартқан кезде калий перманганаты араластырылған гипертониялық ертінділермен (1%) жарасын шаяды .Егер де жаңадан бітіп келе жатқан етінің біту қарқыны күшті болса,тесігінің тарылып қалуына мүмкіншілік бермеу үшін,тесігіне тығыздап, тампон салу керек.егер де тесілген жарада сіңірі не кілегей қапшығы зақымданып, жансызданған іріңді қабыну процессі дамыса,онда жүрекшесін алып тастау және сіңірінің барлық жансызданған жерлерін сылып алу операциясының жасалуын кешеуілдетпеу керек. Бұл операция неғұрлым тезірек жүргізілсе,ауруының ойдағыдай өту жағдайы солғұрлым сенімді болады.Дегенмен бұл өте қыйын операция,сондықтан оны тек тәжірибелі дәрігер ғана жүргізгені дұрыс.
Сақтық шаралары . Әсіресе қолайсыз жұмыстар кезінде болатын тесілу жарақаттарынан сақтану үшін (жылқылардың тастандылар арасында , құрылыс ластары қалай болса солай жатқан және т.с жерлерде істеген кезде) , жылқыларға темір табанды не жүрекшесінің тұсында қалқаншасы бар таға салған (278-сурет) жөн.
Ұлтан терісінің негізі мен тұяқ қабырғасының тағалау кезіндегі таға шегесімен зақымдануы . Бұл зақым не тері негізінің сығымдалуынан не оның зақымдануынан болады. Бірінші жағдайында шегеден жараның тікелей өзі бола қоймайды , ол тек мүйіз астылық жұмсақ ұлпаларды жанай өтіп , мүйізді жұқа қабатшалар арқылы , оларды қысады. Егер де қысуы көп уақытқа созылмай , дұрыс қағылмаған шегесін тез уақытта суырып алса , ешқандай залалды қалдығы болмайды. Егер де қуысы ұзаққа созылып кетсе , онда қабынуы , тіпті кейде іріңді процесстің дамуы мүмкін. Тері негізінің мұндай зақымдануы тағалағаннан кейін бірден дамымайды , мұны "тағалаудың жанама зақымы" деп атайды. Егер де таға шегесі тікелей тері негізіне барып тисе , ол қадалу жарақатын салады да , шегенің керекті орнына дұрыс қадалмау жағдайы , тағалап болысымен, іле-шала байқалады. Тұяқ терісі негізінің шегеден болған жарақатын тағалаудан тікелей болған зақым деп атайды.
Жарақаттану себептері өте көп болады ; көбінесе олар ұстаның кінәсінен болады. Тәжірибиесіз , салақ ұста , шегені ақ сызықтың ішіне қақпайды , ұлтан мүйізіне қағады , не оны теріс бағытпен жібереді. Сонымен қатар зақымдануына нашар жасалған тағаның , жаман шегенің , тұяқтардың пішінімен есептеспей , қалай болса солай тағалай салудың (тұяғы тік , қисық, шалыс болады) , тұяқ сапасының нашарлығы және т.с жағдайлар себепкер болады.
Шегемен жарақаттану салдарынан ұлтанның не жүрекшенің терісі негізінің қабыну процесі дамиды. Алғашқы кезінде ол асептикалық және кішкене болады , бірақ кейіннен , шегемен ілесе енген инфекцияның ықпалынан , іріңді түрге айналады да , мүйіз астылық ұлпалардың бойына , кеңінен жайылып кетеді. Шегенің енуінен болған мүйіздегі тесігі тез бітеледі де, іріңді қабыну ұясы ештеңе өткізбейтін тұяқтың мүйізді қабығымен тығындалады.
Егер де мүйіздің астына ірің көп жиналып , оның шығатын аузы болмай қалса , ол жалпая жайылады да , мүйізді ұлтан терісінің негізінен ажыратады. Сонымен қатар қабырғаның тері негізінің жапырақтанған қабатын қабырғалық мүйіз жапырақшаларынан ажырата келіп , қабырғаны өрлеп , жоғары көтеріледі.
Осылайша көтеріле келіп , іріңі жұлыққа дейін жете алады да , онда не ірің ұясын, шектелген түрде , бір жерде ғана құрады , не болмаса шелдің бойымен жайылып , флегмона дамытады.
Клиникалық белгілері. Тағаның тікелей болған зақымы тағалап жатқан кездің өзінде байқалады ; шегенің жұмсақ ұлпаға тиген кезінде жануар қатты ауырсынып , аяғын балғамен соғуға бермей , жұлқынады. Тағалап болысымен іле-шала ақсайтындығы байқалады. Бір бүйір зақымданған жағдайда , ақсақтығы бірнеше күн өткеннен кейін байқалады. Егер де тұяғының ішінде іріңдеу процесі дами бастаса , арасында бірнеше уақыт өткізіп барып , ақсақтығы үдейді. Осы кезде тұяғы ыстық болады , артериялары қатты соғады. Зақымдауды тудырған шегенің басына соққылаған , сондай-ақ тұяқ тістеуігімен қабынып тұрған жерлерін қысқан кезде , жануар ауырсынады. Егер де шегесін суырып алса , онда жарақатының жаңа кезінде қан шығады , ал кешірігіңкіреген жарасынан - иісі нашар , күгірт түсті ірің шығады. Іріңнің жоғары көтерілген кезінде , жұлықтың үстіңгі жағында , қабынған ісік және ірің ұясының дамығандығы байқалады. Кейде жұлық және тұяқтың іріңді қабынуға молырақ шалдыққан кезінде , жануардың жалпы дене температурасы да көтерілетіндегі байқалады.
Барысы. Тағалаудан бір бүйір болған зақым әдетте жазылып кетеді. Егер де шегесі уақытымен суырылса мүлде іріңдемейді. Шегесі ұлпаны ұзақ уақыт қысып тұрса , іріңдеу процесінің дамуы мүмкін , бірақ ол көпке созылмайды , тез жазылатындығы белгілі.
Болжамы. Жанама тағалаудан болған зақым жеңіл өтеді. Егер де тікесінен зақымданса - сақтық тілейді (тұяқ пен жұлығының жайылып кеткен іріңді қабынуынан сақтанған жөн). Жаңа жараның болжамы ескісінен қауіпсіздеу.
Емдері. Ең алдымен шегесін суырып, тағасын босатып алады. Тұяқты тұяқ пышағымен тазалағаннан кейін , ақ сызық пен шегенің бойынан тері негезіне дейін жеткізіп , суқұйғыш тәрізді ойық жасалады. Егер де зақымданған жерін табу қиынға соқса , онда екі не үш жерінен тесуге болады. Бірақ ақ сызығын ешқашан да түгел ойып алуға болмайды , өйткені ондаұлтанның ернеуі ұлтанмен байланысын жояды да, кетіліп түседі. Егер де тазаланған кезде қан байқалса онда сол жерге иод тұнбасын құяды да , 2-3 күнде бір жаңалап тұратын , қара майлы не скипидарлы материалмен таңады. Ал егерде тазаланған жерінен ірің байқалса , мүйізін мол көлемде кесіп алады да , ірің ұясын сутегінің асқын тотығымен не риванол ерітіндісімен шаяды да , сыртын таңады. Таңуды 1-2 күн өткізіп барып жаңалайды , ал іріңі азая бастаса - сирегірек жаңалайды . Іріңді процесі қабырғаның бойымен жайылып , мүйізінің астындағы жұлыұтың ішінен жарылса , жұлық ернеуіндегі мүйізді жарты ай сияқтандырып , ойып алып , жіңішке ұштығы бар спринцовка арқылы риванол ерітіндісімен , тері негізі мен қабырға мүйізінің аралығынан ірің жасаған қуыс жолды түгелдей шаяды. Жуылғаннан кейін жұлық үстін камфора спирті не сулеманың спиртті ерітіндісін (1:500) қолданып , таңып тастаған жөн.
Іріңденуі тоқталғаннан кейін тазаланған жеріне сабур тұнбасын құяды да , таңады. Ақсақтығынан жазылған жануарды тағалайды. Мүйізінің ойылған тесігіне , тазартылған қара майға малынған мақтаны толтыра тығады, ұлтанның үстіне де мақта не смола сіңірілген пакля салады , содан кейін ұлтанының бетіне пішініне қарай өлшеп кесілген былғары төсейді де , жұмыр тағамен тағалайды. Ұлтан ернеуінің кетіліп түсу жағдайын болдырмау үшін (ойылған жеріне қарсы) , тағаның бойында шығыңқы ернеу (отворот) жасайды , ол жеріне шеге қақпайды. Ауырған жеріне қарсы тұрған мүйіз қабығын жонып , шамалап қысқарту керек , сонда оған салмақ та түспейді , ауырсынбайды да. Кейбір авторлар тұяқ терісі негізінің іріңді қабынуын емдеген кезде мүйізін тазалап болғаннан кейін антисептикалық (креолин, лизол) ванналар қолдануды ұсынады. Бұл шаралар ірің ұясы кеңірек жарылса ғана пайда болады. Олай істемеген күнде жағдайларының орнына , ауруының нашарлап кететіндегі тіркелген. Ванналар ұлпаларының ісінуіне жол ашады да , олардың қоректену жағдайын нашарлатады , ұлпаларды қопсытып , инфекцияның енуіне жол ашады да , көбінесе іріңді жалпы аурулардың дамуына не жұлығының жалпая жайылған флегмонаға шалдығуына жол ашылады.
Сақтық шаралары. Тағалауға байланысты зақымдануды болдырмау мақсатында жылқыны дайындығы бар ұстаның тағалауы керек. Ұстаның тұяқ құрылысына , тағаны жасау және тағалаудың негізгі ережелеріне таныс болуы шарт. Тұяқары нашар не дұрыс өспеген тұяқты тағалау ісіне жетік екендігі тексерілген ұсталарға тапсырыс берген жөн.
Тері негізінің соғылудан болған бітеу жаралары. Әдетте тұяқтың артқы бөлімінде - ұлтанның өкшелік , қайырылуы және соған жақын жатқан бөлімдерінде болады. Олардың ескі атын езулі дейді. Бітеу жаралар көбінесе алдыңғы аяқтарда , әсіресе оның ішкі жағында байқалады. Бұл ауруға әсіресе жалпақ , толық және тар тұяқтар бейім болады. Аяқтарын жерге дұрыс баспау және соның салдарынан тұяқ пішінінің өзгерілуі , ауруларға күні бұрын бейімдейтіндігі белгілі.
Себептері. Аурудың негізгі себептеріне , тұяқтың дұрыс тазаланбауын , тағасының дұрыс жасалмауы мен тұяққа дұрыс дәлденбеуінен болады. Егерде тұяқтың ұлтан ернеуі біртегіс тазаланбаса - өкшелік бөлімдері биік күйінде қалдырылады , не оның керісінше , қайтармалы қабырғасы айналдыра жонылған кезінде , көбірек жонылып жіберіледі - міне осылардың салдарынан салмақ күші тұяққа дұрыс түспейді де , бітеу жараға не тері негізінің қыстырылып қалу зақымына әкеледі. Дұрыс дайындалмаған - қысқа және тар , әсіресе толық тұяқ үшін жонығы жеткіліксіз , не оның жоғарғы беті горизонталь емес , ал артқы жағы ішіне қарай көлбеу тағалар ауруға шалдығуға себепкер болатындығы сөзсіз.
Негізгі паталогиялық өзгерістері. Тұяқтың артқы жағындағы тері негізінің сызылуы не қыстырылуы кезінде қан капиллярларының үзілуі және қанның ағуы қосарлана өтеді. Қанның түрліше мөлшерде ағуы кездеседі. Мүйізді бөлімдерінің астына кеткен қан мүйізін ажыратып , қатпарландырады. Қан аққаннан кейін іле-шала жоғарыда айтылған жерлерде алғашқы кезінде серозды қабыну дамиды , содан кейін инфекция түскен кезінде ол іріңді қабынуға айналады. Асептикалық жіті қабынуда себептері жойылғаннан кейін қанның сұйық бөліктері жеңіл тарайды , ал ұйыған қандары өзінің тұрған жеріндегі мүйізді бірте-бірте дәйекті түрде қызыл , қоңыр және сары түске боялады. Іріңді қабынуда өкшелік қабырғаның бойымен іріңі жоғары көтеріледі , өзінің жолында кездесетін жапырақшалардың барлық аралықтарына сіңеді де , жұлықтағы мүйіздің астыңғы жағынан барып ашылады. Кейде іріңі көбе аумағындағы тереңде жатқан тканьдарға сіңеді де , көбедегі мүйіздің астыңғы жағынан барып шығады. Кейде іріңі көбе аумағындағы тереңде жатқан ұлпаларға сіңеді де , майтабан шеміршегіне қарай өтіп , оны өліеттендіреді. Созылмалы түрінде , қабынуының ұзаққа созылуы салдарынан , қабырғасының алдыңғы жағының қоректенуі кейде бұзылып қалатындықтан , өкшелік қабырғаның мүйізі ауру , кертеш болып өсетіндігі тіркелген.
Клиникалық белгілері. Бітеу жарасы шамалы болса ақсамауы да мүмкін. Бітеу жарасы күшті болса үнемі ақсайды. Тұяғының өкшелік жағы ыстық , тұяқ тістеуігімен зерттеген кезде ауырымпаз келеді. Артерияларының қатты соғатындығын жиі байқауға болады. Мүйізінің ұлтандық қабатын жонған кезде ұлтандық бұрыштағы ақ сызықтың қызыл не сарғылттау түске айналғандығын байқауға болады (қанталаудың ізі). Ұлтанының іріңді қабынуы кезінде ақсақтығы үдейді. Іріңнің қабырға бойымен көтерілген кезінде өкшелік қабырғаның мүйізі қатпарланып , жіктеледі де , май табаны ісіп , абцеске айналады. Созылмалы түрінде өкшелік мүйіз қабырғасы керттештенеді.
Болжамы. Егер де ауруды тудырып тұрған себептері (тазалауын жақсарту , дұрыс тағалау) жойылса , болжамы қауіпсіз болады. Егер де себебі жойылуға көнбейтін болса (аяғын дұрыс баспау , толық тұяқ және т.с) болжамы сақтық тілейді , өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтағы минералдық қосылыстардың көзі
Тұяқтың ревматикалық қабынуы
Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері
Биелерге арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Ірі қара малдардағы аусыл ауруының қоздырушысы
Гиподинамия және оның адам ағзасына әсері
Талшықты-оптикалық кәбілдің негізгі элементтерін және маркировкасын қарастыру
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Пәндер