Сүйек сынулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Сүйек сынулары
Б) Бас сүйегінің сынықтары (Hactura ossium capitis)
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) -- кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сiңiрден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді. Мал сүйегінің сынуы жиі кездеседі. Оны толық (мұнда сүйектердің ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мұнда шытынап, жартылай сынық кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын iшiндiк және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді. Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қыскарып қалады, сүйектің сықырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі сүйектің қозғалғаны білінеді. Сүйек жартылай сынғанда (шытынағанда, тегіс сынбағанда) органдар қызметінің бүзылғаны байқалады (мысалы, ақсаңдау) және жарақаттанған жерді қолмен басқанда қатты ауырсынады. Мал аяғы сынғанда оны арнаулы таңғышпен қозғалмайтындай етіп таңып тастау керек. Ашық сынғанда жараланған орынды және терінің айналасына йод түнбасын жағып, дәкемен байлайды да, сонан соң тақтайша салып танып тастайды. Оларды қолда бар материалдардан (тақтайдан, қалың қатырмадан. Сү-кабықтан, шыбықтан, жұқа қаңылтырлардан) дайындауға болады немесе арнаулы сымтемірден жасалған таңғыштар пайдаланылады.
Тақтай таңғыштарды қасындағы буындар қозғалмайтындай етіп, сынған жерден төмен және жоғары салады. Тақтай таңғыштың астына қысым көп түсетіндіктен оған пайдалануға жарамайтын мақта немесе қолда бар мата қиқымдарын қалыңдатып салады. Мал мамандары парафинді және гипсті таңғыштарды да пайдаланады. Қажетіне карай, сынған жердің тканьдеріне алдын ала хирургиялық өңдеу жүргізеді. Ірі малдардың эсіресе буыны, иық сүйегі, саны және аяғының үлкен асықты жілігі сынып, ұсатылып кетсе емдеудің қажеті жоқ. Өйткені, ол экономикалық жағынан өте тиімсіз. Мұндай малдарды түрі мен жағдайына қарай сойып тастау керек.

Негізгі бөлім

Сүйектiң сынулары

Жануарларда сүйек сынуы өте көп кездеседi. Сүйек түгел сынған жағдайда, сүйектiң сынған жақтары бiр-бiрiнен алыстайды. Жартылай сынған жағдайда - сүйек жарықшақтарға бөлiнедi, шеттерi мүжiледi, ашық сынған жағдайда - терiсi жыртылады, ал жабық сынғанда - терiсi бүтiн күйде сақталады. Сүйектiң сынуы буындардың iшiнде және буынның сыртындағы сынықтар түрлері кездеседi.
Сүйектің толық сыну түрлері
Сүйектің толық сыну түрлері
Сүйектiң сынуларының клиникалық белгiлерi төмендегiдей: Аяқтардың сүйегі түгел сынған жағдайда бiрден ақсайды, қатты ауырсынады, сол жерi iсiп кетедi, сынған жердiң ұзындығы және пiшiнi кiшiрейедi, сүйектерi ыдырайды, олардың бөлiктерiнiң шықырлаған дыбысы естiледi. Сүйектiң сынған бөлiктерi қимылдап тұрады.
Жартылай сынған жағдайда мүшелердiң қалыпты жұмысы бұзылады, сынған жерiн қолымызбен сипай ұстағанда қатты ауырғанын байқауға болады және сол жерде жалған буын пайда болады.
Емi. Сүйек қозғалмас үшін, аяқтар қимылдамау қажет, ол үшін сол жердi арнайы байламмен қатты бекiту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терiнiң айналасын иодтың 5% ерiтiндiсiмен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң, қатты затпен бекiтедi. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы фанер, қалың кардон, ағаш қабықшалардан және арнайы сымнан жасалған торлар немесе гипстi қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршiлес буындар қимылдамас үшін, сүйектiң сынған жерiне орнатып, жоғары және төмен шеттерiнен бекiтемiз. Байланған жерлерi қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды мал дәрiгерлерi көбiнесе қолданады. Керек жағдайда сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеу жасаймыз. Сынықтар, әсiресе сүйек майдаланып кеткенде, iшкi сынықтарда және сан сүйек, жамбас, ортан жiлiк зақымданған жағдайда, ондай жарақаттарды емдеу мүмкін емес және де экономикалық тиiмсiз. Мұндай жағдайда малды етке өткiзедi. Қандай жағдай болса да, мал дәрiгерлерi шешiм қабылдайды.
Толық емес сынық түрлері:
1-жарықтар; 2-шеттік сынулар; 3-тесік сынулар; 4-сынықтар(надломы); 5- сүйек асты, үсті сынулар
Толық емес сынық түрлері:
1-жарықтар; 2-шеттік сынулар; 3-тесік сынулар; 4-сынықтар(надломы); 5- сүйек асты, үсті сынулар

Бас сүйегінің сынықтары (Hactura ossium capitis)

Үй жануардың бас сүйегінiң сынықтары жиi кездеседi: жоғарғы жақтың, төменгi жақтың және оның күрек сүйегінiң, мұрын сүйегінiң сынықтары кездеседi. Олар ашық және жабық, жеке, жалпы-уатылған, асқынған түрлері болады.
Этиологиясы. Соққыдан құлағаннан бас сүйегінiң сынуы, апаттардан, дұрыс төлдетпеуден, аспаптарды дұрыс қолданбағанда, тiстi епсiз экстрациялағанда, оққа ұшырағанда және т.б. кездерде пайда болады. Сынықтың пайда болуына қарай - остеодистрофиялы, актинамикозды, қатерлi iсiктерден кейiнгi болып жiктеледi.
Клиникалық белгiсi. Жалпы жабық түріндегi бас сүйегінiң сынуының белгiлерi: ауырсыну реакциясы, деформация, iсiну, сынған жерде қанталау, сол жердiң температурасының көтерiлуi байқалады.
Ашық түріндегiде терi - бүтiндiгi бұзылады, қан ағады, зақымданған жердiң деформациясы, сүйектiң сынған жерiнiң ұштары көрiнедi, ұлпалардың домбығуы, iрiңдеуi байқалады.
Танау сүйегінiң жабық сынуы демалудың қиындауымен, кiлегейлi қабықтарға қан ағумен, кеңсiрiк қуысының тарылуымен сипатталады.
Компрессионды сынықта сынған сүйектiң ұсақ кесiндiлерi тереңгi қабаттарға кiрiп, кеңсiрiк пердесiн зақымдайды, кеңсiрiктiң және танаудың сiрлi қабықтарының бүтiндiгiн бұзады. Танаудың сiрлi қабықтарының зақымдануында шыққан ауа, болбыр терi асты шелiне түсуi мүмкін. Ол бас аумағының диффузды терi асты эмфиземасына соқтыруы мүмкін.
Жақтың күрек сүйегінiң, шықшыт сүйектiң сынуынан азық қабылдауы мен күйiс қайтаруы нашарлайды. Таңдай сүйегі сынғанда жоғары жақтан алдымен қан ағады, содан соң ауыз қуысынан сiлекей ағады. Кейiннен бiрнеше тiстерiнiң түсiп қалуымен сипатталады.
Күрек сүйегінiң сынуында жалпы белгiлермен бiрге ауыздан және танаудан қан ағады. Үстiңгi ернi сау жағына қарай қисаяды, тiстерi босайды, не түседi.
Жасаурау сүйегінiң сынығында, мұрын каналының жасаурау қабының бұзылуы, астыңғы қабақтың домбығуы, көздiң iшкi бұрышынан сұйықтықтың бөлiнуi байқалады.
Маңдай сүйегінiң, шүйде сүйегінiң, самай сүйегінiң, төбе аралық сүйегінiң сынғанында, мидың зақымдалуы байқалады және ми қорабына қан құйылады, ол салдануға, есiнен тануға немесе малдың өлiмiне әкеп соғады.
Диагноз. Бас сүйектерi сынғанда, клиникалық белгiлерiне және рентгенографияға қарап балау қойылады.
Болжамы. Бас сүйектерiнiң жабық сынығында болжам сәттi, ал ашық күрек сүйегінiң сынғанында, жоғарғы жақ, астыңғы жақ буын өскiннiң сынығында сақ болған жөн. Себебi iрiңдi гаймориттiң, iрiңдi периодонтиттiң жақ буынының iрiңдi артритi өрбуi мүмкін.
Ашық сынықта, асқынған анаэробты инфекциядан болжау қиын.
Емi. Жабық сынықта жануарларды тыныштандырып, зақымданған аумаққа суық басу керек. С, Д витаминдерiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері
Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері: бас, қол-аяқ жараланганда стерильденген таңудын ережесі
СЫНЫҚТАР
Ұлпаларды біріктіргендегі салынатын тігістер
Қытырлақ нанның қамырын дайындау
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Қамыр дайындамасының қызуы
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Төтенше жағдайда болатын жарақаттанулар, аурулар мен уланулар. Олардың түрлері
Эксгумацияланған өлексені сараптау
Пәндер