Аурудың белгілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дені сау, жақсы төл алу үшін малдың буаздық кезіндегі күтіміне, дұрыс азықтануына, жем-шөбінің кұнарлығына, уақтылы суалтуына баса назар аудару керек. Олай өтпеген күнде іштегі төлдің өсіпдамуы бұзылып, әлсіз төл туады да, сыртқы ортаның әсеріне төзе алмай, әртүрлі ауруға шалдығады, көбінесе, өліп қалады немесе өспей қалады (инфантилизм). Төлдін күтімі. Жаңа туған төлдің аузы-мұрнын кілегейлі шырыштан тазартып сүртеді, кіндігін 5-7 см қалдырып байлап кеседі де, ұшын карбол кышкылына, не болмаса, йодқа салып күйдіреді. Содан кейін төлді 1-2 күнге анасымен бірге қалдырған дұрыс, бұл кезде анасы оның үстін жалап кептіреді. Бұл төлдің денесін ширақтырады, кан айналу жүйесінің тез қалыптасуына әсер етеді. Бұл кезде төл аяктанып, өздігінен анасының емшегіне жармасып сора бастайды. Кейбір шаруашылыктарда сиырдың бұзауын енесінің бауырында қалдырмай бөлек қораға (профилакторияға) алып кетеді. Осындай жағдайда бұзаудын үстiн құрғатып сүртіп, жылы жерге орналастырып, бір сағаттың ішінде енесінің уызымен ауыздандыру керек. Уыз жылы болғаны дұрыс. Уызды неғұрлым кешіктірмей ертерек ішкізсе, соғұрлым оның төл организміне пайдасы көп. Себебі, туғаннан кейінгі алғашкы уыздың сапасы өте жоғары болады да, уакыт өткен сайын ол өзінің қасиеттерін жоя береді. Жана туған төлдің ішек-қарнында алғашқы кезде ешқандай сөл болмайды, Яғни уыз сол калпында ешкандай өзгеріске ұшырамай организмге сіңе береді. Сөйтіп төл организмін дайын гамма-глобулиндермен қамтамасыз етіп, оны әртүрлі инфекцияға төзімді етеді де және жас төлдің ішін жүргізіп тоңғақтай ажыратады.
Жас ботаға шұбатты арнайы резина емізікпен ішкізеді. Әрине емізіктің де, уыз құйылған шөлмектің де таза болуын мұқият қадағалап отыру керек. Бұзауларды үстін кұрғатып, уызбен тойдырған соң жеке үйшіктерге орналастырады. Астында құрғақ калың төсеніш болады.
Боталар өте әлсіз болады, күні бойы аяқтана алмайды, енесі басқа мал сияқты ботаның үстін жаламайды да, сондықтан оның үстін, аузы-мұрнын құрғатып сүрту керек, асты жылы, күрғақ болғаны дұрыс. Аязды күндері ботаның үстін ЖЫЛЫ орап жауып қояды, 15 күн толғанда ботаны енесімен бірге қалдыруға болады, жалпы 1,5 жасқа дейін бірге жүре береді, егер енесі қайтадан буаз болмаса. Буаз түйелердің ботасын 8-10 айлық кезінде ажыратып бөледі. Торайларды алғашқы 1-2 күндей енесінен болек жылы жерде ұстайды, тек әрбір 1,5-2 сағат сайын әкеліп емізіп тұрады. Торайлары көп болса, енесінің бауырында емшек санына қарай 10-12- сін қалдырып, артығын басқа мегежіндерге телиді. Торайларға 5 күннен бастап қосымша 50 мл су араластырған сиырдың сүтін бере бастайды. Су, қуырылған дән, минеральді қоспаларды беріп үйрете береді. Торайлар, әсіресе, темір тұздарына өте мұқтаж келеді. Астауға ұнтақталған бор, ағаш күйіктерін, сүйек ұнын керегінше салып қою керек.

2.1. Негізгі бөлім

2.1.Жылқы парафиляриозы (Бекі ауруы)

Парафиляриоз - жылқының тері шелінде (тері астында) өмір сүретін Ғіlariidae тек тармағына, Ғіlariata түқымдасына жататын Parafilaria multipapillosa құртты тудыратын гельминтоз. Кейде бүл дертгі жылқының тілік терісі деп атайды. 440 Қоздырғышы. Парафиляриалар ақ түсті, жіптей жіңішке жүмыр құрт. Оның бас қүрылымы аса күрделі, денесі көптеген бүртіктермен көмкерілген. Еркегінің үзындығы шамамен 3 см, үрғашысынікі-7 см. Еркегінің екі тең емес спикуласы бар. Yenрғашысының жыаыс тесігі дененің бас жағында, ауыз қуысы жанынан ашылады. Жүмыртқасының түрқы 0,052-0,058, 0,024-0,033 мм, ішінде қалыптасқан балаңқұрты болады. Өсіп-өнуі. Тері шелін мекендеген құрттар, өзінің бас бүртіктерімен теріні және оның қан тамырларын жаралап, қанын ағызады. Аққан қанға үрғашы құрттар жүмыртқаларын салады. Құрт жүмыртқаларынан бірнеше минут немесе бірнеше сағаттан соң балаңқұрттар қалыптасып, тері сыртына шығады. Аралық иесі 1 қансорғыш шыбын Haematobia atripalpis жылқы терісінен тамшылап түрған қанды сорып, нематода балаңқұртын жүқтырады. Жәндік денесінде парафилярия балаңқұрты екі дүркін түлеп, 10-15 күннен кейін жүқпалы залалдағыш сатысына жетеді. Олар әдетте шыбынның түмсығына жиналады. Жылқыны қансорғыштар шақкан сәтте, олардың түмсығында жиналған балаңқұрттар тері ішіне түсіп, қан тамырларына енеді, одан әрі 9 ай не 1 жыл бойы дамып, ересек паразитке айналады.
Эпизоотологиясы. Жылқы парафилярозы еліміздің тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында далалы және орманды дала өңірлерінде кездеседі. Таулы алқаптарда ауру тіркелмеген. Оңтүстік Қазакстанның кейбір аудандарында, жылқыныа бекі ауруының алғашқы белгілері наурыздыа аяғы мен көкектің басыада-ақ көріне бастайды. Одан әрі дертке шалдыққан мал саны көбейіп, маусым айында ең жоғарғы деңгейге көтеріледі. Күзге салым ауырған мал саны біртіндеп азаяды да, қарашаның кірісінде сарқылады. Қыста жылқы арасынан парафиляриоз шықпайды. Бекімен жылқы көбінесе қүнан-дөнен жасынан залалдана бастайды, жасы үлғайған сайыа дертке шалдыққан мал саны көбейе береді, ал кәрі жылқылар жаппай дертке душар болады. Өрістегі жылқыға қарағанда, арық және жүмысқа көп жегілген жылқы парафиляриозбен қатты ауырады.
Аурудың өрбуі және сырт белгілері. Парафилярия қоздьфғыштары теріні және онда орналасқан қан тамырларын зақымдайды. Паразит орналасқан жерін ісіріп томпайтып, көлемі бүршақ дөніндей көптеген төмпешіктер түзеді. Бүларды көбінесе жылқының мойын түсынан, жауырынынан, шоқтығынан, жотасынан, қабырғаларынан т.б. көруге болады. Олар күннің ыстық күндерітесіліп-жарылып, ішінен тамшылап қан аға бастайды. Кешке қарай және түнде қан сорғалау тоқталып, жоқ болып кетеді. Ертеңіне таң атып, күн қызысымен қан ағу қайталайды. Аталған көрініс ұзаққа созылады, тіпті күзғе дейін жалғасады. Диагностикасы. Ауруды анықтау үшін, клиникалық белгілеріне сүйену қажет. Жаз айларында тері жараларынан сорғалап аққан қанды немесе олардың қарақошқыл болып, тобарсып кеуіп қатып қалған орындарын көруге бол ады. Т еріден тамшылаған қан жүғындысынан құрт жұмыртқасы мен балаңүүрттарын тауып, диагнозды нақтьшайды. Өлексенің тері астындағы шелінен паразиттерді іздестіреді.
Емі. Эквален дәрісін 0,004 гкг. мөлшерде 3 күн қатарынан тері астына егеді. '
Сақтандыру. Жаз айларында, күннің шыжып түрган шағында, гематобия шыбындарының көбейген кезінде, жьшқыны жабық қораларда не лапастарда үстаған дүрыс, малды түнде жайған жөн. Малға реппелентті инсектецид дәрілерін оқтын-оқтын бүркіп, жәндіктерді жуытпау керек.

2.2 Түйе цефалопинозы (құмыр)

Цефалопиноз түйенің кеңсірігінде, жұтқыншағында, тор сүйектің иірлерінде өмір сүретін Oestridae түқымдасына жататын Серһаlopina titillator деп, аталынатын түйе бөгелегінің балаңқұртта ры қоздыратын созылмалы ауру. Қазақша аты -- құмыр. Бұл ауру Қазақстанның Оңтүстігінде және Оңтүстік батысында түйелі аймақтарда кездеседі.
Қоздырғышы. Құмыр ауруын түйе бөгелегінің балаңқұрттары қоздырады. Түйе бөгелегінің дене тұрқы 8-11 мм. Денесі - бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен түрады. Түйе бөгелегі ашыққоңьф түсті. Басы ірі, сары түсті, маңдайы сары-сүр түсті. Көздері күрделі, мұртшалары қысқа. Ауыз мүшелері дамымаған. Кеудесі қоңыр күл түсті қызыл, қоңыр дақтары бар. Аяқтары сарғыш, қанаттары қоңыр. Құрсақ бөлімі ақ күміс түсті бозамықпен жабылған. Құрсақ бөлімінің арқа жағы түбінде трапеңия тәрізді қара дағы бар.
I сатыдағы балаң құрттарының дене тұрқы -0,72 мм. Бас тұсында аузы және нашар дамыған екі ауыз ілгектері бар. Әр буылтықтың астыңғы жағы тікенекті. Олар мұрын қуысы иірлерін мекендейді.
II сатыдағы балаң құрттар ақ түсті. Денесі ұршық тәрізді, арт жағы сүйірлеу. Дене тұрқы 0,8-1,7 см, ені 2-3,5 мм. Перитремалары дөңгелек, сары түсті. Жаңа жетіліп келе жатқан ауыз ілгегі және тікендері бар.
ІІІ-сатыдағы балаң құрттардың ұзындығы 32 мм, ені 9 мм, денесі 12 буылтықтан құралған. Пішіні цилиндр тәрізді, алдыңғы жағы кішкене кеңірек, сары-сүр түсті. Бас буылтығы қысқа, онда орақ тәрізді иірілген екі ірі, қара түсті ауыз ілгектері бар. Әр буылтық тікендері жақсы дамыған. Ең соңғы буылтығында перитремалары, яғни тыныс алаңы бар, олардың түсі қара-қоңыр, пішіні бүйрек тәрізді. (қараңыз: ХІІ-сурет).
Түйе бөгелегінің өсіп, өнуі. Түйе бөгелегінің қанатганьш үшуы және жануарларға шабуьшы мамыр-маусым айларында басталады. Бөгелектік ұрғашылары жыныстық түрмен үрықтанғаннан кейін балапан-құрттары жетілу үшін бірнеше күн қозғалмай отырады. Әр аналығы 800-900 дана I сатыдағы балапан-құрт шығарады. Бөгелектің аналығы ұшып жүріп, түйе танауына 20-30 балапанқұрт бүркіп жібреді. Алғашқыда олар мұрын қуысында, кеңсірікте дамып, одан әрі бастың жоғарғы қуыстарына жылжиды. Бас қуысында 5-9 ай бойы балапан-құрттардың II және III сатылары өсіп жетіледі. Өсіп жетілген III сатыдағы балаң құрттар қозғалғыш келеді. Тікендері және ілгектерімен кілегей қабықтарды тітіркендіріп және жарақаттайды. Түйе пысқырады және жөтеледі. Жетілген III сатыдағы балаң құрттар танауға жақындап жерге түседі.
Жерге түскен балаң кұрттар топырақтың үстіңгі жағына көміліп, 5-6 сағаттан соң қуыршаққа айналады. Қуыршақ кезеңі 14-41 тәулік. Тіршілігіне қолайлы жылдары түйе бөгелегі жылына екі рет ұрпак береді.
Эпизоотологиялык деректер. Ауру Орта Азия республикаларында, Қазақстанның оңтүстігі және Оңтүстік батыс аймактарының түйе шаруашылығы дамыған аудандарында кездеседі. Қазақстанның оңтүстігінде III сатыдағы балаң құрттардың түйе танауынан түсуі наурыз айында басталып, күз айларына дейін жалғасады. Түйе бөгелегінің ұшуы мамыр айының екінші жартысынан қыркүйек айына дейін созылады. Сондықтан, бұл ауру жыл бойы кездесуі мүмкін.
Патогенезі. Бүл аурудың түйе организміне патогендік әсері басқа да эстридоз ауруларына өте үқсас. Түйе бөгелегінің механикалық әсері басымдау келеді. Оның себебі: ІІІ сатыдағы балаң күрттары өте ірі, тікендері мен ауыз ілгектері жақсы дамыған, сондықтан бас қуыстарының кілегей қабықтарын қатты зақымдайды.
Ауру белгілері. Егер түйе кенсiрiгiнде бірен-саран ғана бөгелек күрттары болса, цефалопиноз (күмыр) жөнді байқалмайды. Балаң күрттар саны көп болса, түйе тынысы тарылып, демін аузынан алады. Ауру түйе басын көтеріп ұстап, жатканда мойнын алға қарай созады, жемін өте баяу шайнайды. Танауларынан кілегейлі-ірінді, ал ауыр жағдайларда қан аралас жалқаяқ ағады. Демікпе және устама жөтел пайда болады, мал танышсызданады және пысқырынады. Түйе ариды, жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді.
Тыныс жолдары өте ірі III сатыдағы балаң құрттармен және қабыну жалқаяқтарымен бітеліп қалуынан ауру түйе тыныс ала алмай, түншығып өліп кетуі де мүмкін.
Өлекседегі өзгерістер. Цефалопиноздан өлген түйелер өте арык, өркештері тері қатпары тәрізді. Кеңсірік иірлері мен мұрын, жұтқыншақ жолдарының кілегей қабықтары қабынған. Мурын куысы жараланған, ішінде көптеген бөгелек құрттары кездеседі.
Диагнозы. Ауруды анықтағанда эпизоотологиялық деректерді және клиникалық белгілерін ескеру керек. Түйенің кеңсірігі мен көмейіндегі бөгелек балаң кұрттарын табу диагнозды айқындай түседі.
Емі. Цефалопинозбен күрестің негізгі әдісі түйе бөгелегінің І сатыдағы балаң күрттарын жою. Ол үшін күзде түйе бөгелегінің ұшуы тоқталған соң, қазан және қараша айларында хлорофос, эстразоль, сульфидофос -20, диоксофос және этацид дәрілерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқының жұқпалы анемиясы
Ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ньюкасл ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Аурудың аяқталуы немесе сауығу кезеңі
Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері
Құтыру - зооантропонозды ауру
Инфекциялық ауруларды болдырмау
Тауық пастереллез ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Тауықтың марек ауруының классикалық түрінің клиникалық белгілері мен диагностикасы
Қысқартулар мен белгілер
Пәндер