Мал эхинококкозы ауруының өрбуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Мал эхинококкозы (беріш, бершімек) . Аурудың қоздырушысы.
2.2. Мал эхинококкозының патогенезі мен эпизоотологиясы
2.3. Мал эхинококкозы ауруының өрбуі. Аурудың сырт белгілері
2.4. Мал эхинококкозымен ауырған малдың патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Ауруды анықтау.
2.5. Малдың эхинококкозын емдеу және сақтандыру шаралары.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан, осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландыру, қора - жай күтімдерін, оның зоогигиеналық - санитарлық жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн. Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, қой өте өсімтал, оның дәмді етін, тілді үйірер сүтін, жүнін, адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, қойды бағу және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір пішілген тоқтыдан 1кг өсім алуға 4-5 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, қой өзіне азық тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды. Қойдың жүні - еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде, одан жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі. Оның терісі, әсіресе қаракөл елтірісінен жаға, бас киімдер және жылы, сапалы, әрі әдемі тон тігіледі. Қойдың етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.
Эхинококкоздың таралуына келсек, бұл індетті ауру ТМД елдерінің қой шаруашылықтарына кеңінен таралған. Эхинококкоз дүние жүзінің бірнеше аймақтары мен елдерінде жиі таралған. Австрияда, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, МХР, Еуропаның оңтүстігінде. ТМД-ның барлық республикаларында, соның ішінде Қазақстан Республикасында да жиі кездеседі. Тірі кезінде диагноз клиникалық белгілеріне және тері ішіндегі аллергиялық реакцияның нәтижесіне қарай қойылады, өлгеннен кейінгі диагноз эхинококк көпіршіктерінің табылуына байланысты қойылады. Зақымданған органдардың тканы семген және органның өзі күрт үлкейген. Эхинококкозды личинка сатысында емдеу әдістері әлі табылған жоқ. Эхинококкозбен күресуде ауру таратып жұқтырушыларды -- соңғы және аралық тасымал иелерін құртудың зор маңызы бар.

2. Негізгі бөлім

2.1 Мал эхинококкозы (беріш, бершімек) . Аурудың қоздырушысы.

Эхинококкоз ауруы мал шаруашылығына көп зиян келтіретін адамзатқа қауіпті ауру. Бұл дертке шалдыққан мал титықтап арықтайды, өнімі күрт төмендейді, өлім-жітімге ұшырайды. Қойдан орта есеппен 2,6 кг ет, 0,4 кг май, 0,4 кг жүн кем алынатындығы анықталды. Сол сияқты эхинококкозбен ауырған ірі қара 5,5 кг ет, 2,5 кг май кем береді екен. Ет комбинаттарының деректерінде етке тапсырған ірі қараның 5 %, ұсақ малдың 10 %, шошқаның 6 % эхинококкоз екені тіркелген. Эхинококкозбен ауырған сауын сиырлардан еліміз жылына 300 мың т. сүтті кем алады екен. Беріш дерті адам үшін де қауіпті.
Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, шие бөрі, қарсақ, түлкі ащы ішегін мекендейді, ал көпіршіктері (беріш-бершiмектері) адам, үй және жабайы тұяқтылардың өкпесінде, бауырында, кейде басқа да мүшелерінде тіршілік етеді.
Қоздырғышы. Ересек жетілген түрі - Echinococcus granulosus(Batsch, 1786), өте уақ гельминт, ұзындығы 2-6 мм (0,5 см) сколeкстен, 3-4 бунақтардан тұрады. Мойыннан кейінгі буылтықтар қосжынысты, соңғы төртіншісі пісіп-жетілгені, ал оның қапшық секілді жатыры жүздеген жұмыртқаға толы. Аралық иесінің мүшелерінде жайғасқан бершімектердің аумағы ноқат, тары-бұршақ, тіпті жұмыртқадан да үлкен келеді, кейде нәресте басындай, ішінде мөлдір сұйығы бар. Оның ішінде орасан көп таспа құрттың протоколекстері мекендейді. Ал протосколекстері жоқ көпіршіктерді ацефалоцисталар деп атайды. Бұлар ірі қара мен жылқыда жиі кездеседі. Беріштердің саны дене мүшесінде бірнеше данадан ондап, жүздеп кездеседі, кейде бір-бірімен қосылып, ағзаны жаппай жайлайды.

2.2. Мал эхинококкозының патогенезі мен эпизоотологиясы

Өсіп-өнуі. Ит және т.б. ет қоректілер нәжісі арқылы эхинококктың жұмыртқалары жайылымға, шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем шөп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен, құрт жұмыртқалары жабысқан киім-кешек, ыдыс-аяқ, жеміс-жидек, көкөніс және судан жұғады. Денеге түсісімен гельминт ұрығы жұмыртқаны жарып шығып, ішектің ішкі қабатына еніп, одан әрі қан тамырлары арқылы денеге тарайды. Олар өкпе мен бауырға және басқа органдарға жетіп, онда бірте-бірте эхинококк көпіршік-берiштер пайда болады. Беріштер өте баяу, айлап жылдап өсіп жетіледі. Кейбір ларвоцисталардың есеюі көп жылдарға (адамда 10-30 жыл) созылады. Ал, бұралқы иттер т.б. жыртқыштар эхинококкоздан өлген малдың ішкі мүшелерін жеп ауруға шалдығады. Эхинококктың жыныстық жетілуіне 1-3 айға жуық мерзім керек. Ит ішегінде бұл цестодалар 5-6,5 айдай өмір сүре алады.
Эпизоотологиясы. Эхинококкоздың қоздырғышы космополит, Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Республиканың Оңтүстік аудандарында 4 жастан асқан қойдың 30-100 %, ал Солтүстікте 50 %-і бершімекпен ауыратыны белгілі және басқа сақа қойлар арасында да шығын едәуір көп болады. Мал өлімі қыста, ерте көктемде, яғни күтімі нашарлаған жағдайда байқалады.
Эхинококк құрттарының дамуына қатысты иелері көп болғанмен олардың іс жүзінде маңызы бірдей емес. Эхинококкоздың негізгі таратушысы ретінде цестоданың аралық иелері арасынан қойдың елеулі маңызы бар екені мәлім. Қой шаруашылығы өркендеген жерде адам мен мал эхинококкозының көбірек тарайтыны кездейсоқ жай емес. Өйткені басқа түлікке қарағанда қой малдәрігерлік тексеруден өткізілмей-ақ сойыла береді. Өзге жануарлармен салыстырғанда қой денесінде бершімек көпіршіктер көбірек дамып, жұқпалы сатысына жетеді. Эхинококкоз эпизоотологиясында ірі қараның, сондай-ақ жылқының атқаратын ʻʻқызметі" шамалы, себебі оларда көбінесе стерильді гельминт беріштері-ацефалоцисталар ұшырасады. Эхинококкоз қоздырғышының таралуына жабайы тұяқтылар мен ет қоректілердің ешқандай қатысы жоқ деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Зерттеу деректеріне қарағанда тағы аңдар эхинококк құрттарымен өте аз зарарланған.
Құрттың ақтық иелерінен гельминтозды таратушылардың негізгісі ит. Бұлар сыртқы ортаға күн сайын таспа құрттың мыңдаған жұмыртқаларын шашады. Эхинококк жұмыртқасын суда 16 күн ұстап, 11 күн ауада кептірген кезде олар тіршілікке бейімділігін сақтай алған, 1 градус суықтықта 4 айға дейін сақтаған кезде де тірі қалған. Яғни, олар сыртқы орта жағдайына өте төзімді.

2.3. Мал эхинококкозы ауруының өрбуі. Аурудың сырт белгілері

Аурудың өрбуі. Бершiмектердің жайласқан жеріне, көлеміне, санына және жануардың жалпы күйіне байланысты зардаптың әсері әрқилы болады. Бауыр мен өкпеде орналасқан эхинококк көпіршіктері өсе келе ағзалардың бір қалыпты қызметін бұзады. Ларвоцисталар өте көп болған жағдайда олардың толық істен шығуына әкеліп соқтырады. Өкпе мен бауырдағы берiштер органдарды қысып, оларды семуге (атрофияға) ұшыратады. Көпіршік жатқан орын үңгір қуысқа айналады, ұлпалар желініп кетеді. Ұлғайған ларвоциста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара эхинококкозы
Өлексені сою барысында жазылған патологиялық-анатомиялық хаттама
Ірі қараның эхинококкозы
Эхинококк құрттарының иттерде таралуы
Етқоректілер эхинококкозын балау
Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ірі қара фасциолезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Пәндер