Псориаз созылмалы қайталанбалы ауру


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Ауыл шаруашылық ғылымдары» Жоғары мектебі
«ВКД» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: ЭКЗЕМА(EKZEMIA), ДЕРМАТИТ (DERMATITIS)
Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:
ШЫМКЕНТ 2018 ж.
Жоспары
І. Кіріспе
ТЕРІ АУРУЛАРЫ -ЭКЗЕМА(EKZEMIA), ДЕРМАТИТ (DERMATITIS)
ІІ. Негізгі бөлім а) Экзема: себептері, клиникалық белгілері, емі б) Дерматит және оның түрлері в) Химиялық заттар әсерінен пайда болатын тері қабынуы
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер
ТЕРІ АУРУЛАРЫ -ЭКЗЕМА(EKZEMIA)
Экзема өзіне тән терінің жоғарғы қабаттарында қабыну арқылы пайда болатын аурудың түрі (эпидермисті жәнепапиллярлы қабаттары) .
Белгілері: терінің қызаруы, домбығуы, майда қызыл бөртпе, жылтыр сулы бөртпелер, бірте - бірте оның қабыршақтануы, бетінің кеуіп және қышынудың пайда болуы. Бұл ауру малдың барлық түрінде кездеседі. Әсіресе ит пен мысықта.
Себептері: экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) болып бөлінеді. Экзогендік себептеріне: механикалық (майда жәндіктердің шағуы, үйкеліс), химиялық (теріге көп уақыт бойы әр түрлі майлы заттарды жағудан, жара бетіне әр түрлі қоспалы компресс қоюдан, мал тұрған жері ыза немесе лас болған жағдайда), физикалық (күн сәулесі және ультракүлгін сәулелерінің әсерінен), және биологиялық (патогенді бактериялар, саңырауқұлақтар) факторлары. Эндогендік себептеріне: кейбір ішкі ағза аурулары (бүйрек, бауыр, асқорыту жүйесі), азықтық улану, ішкі секреция бездерінің бұзылуы.
Патогенез: жүйке жүйесінің рефлекторлық жұмысының бұзылуынан пайда болады. Жоғарыда атап кеткен эндо және экзогенді жағдайлардың әсері ағзаның орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкеп соғады.
Клиникалық белгілері: алты сатыдан тұрады:
- Эритематозды
- Папулезді
- Везикулярлы
- Пустулезді
- Сулану
- Қабыршақтану
Эриматозды сатысы немесе қызару сатысы , терінің қызарып қабынуы, тері бетінің жүні суланып, бір - біріне жабысуы. Папулезді сатысы , бөртпе суланып, домбығып, ісінеді. Қатты қышыну пайда болуымен сипатталады. Везикулярлы сатысы , іші серозды эксудатқа толы бөртпелер ұлғайып, бір - бірімен бірігіп кетеді. Пустулезді сатысы , майда бөртпелер іріңдеп, жарыла бастайды. Терінің әр жерәнде сулы іріңді жара пайда болып, бұл сулану сатысына жалғасады. Біршама күндерден кейін осы жарылған сулы іріңді бөртпелер кеуіп, қабыршақтанып, тері бетінен бөлшектеніп, тілім - тілім болып қабыршақ күйіне айналады. Бұл қабыршақты сатысына жатады. Айта кететін жағдай, экзема ауруының өті барысы жіті және созылмалы түрінде өтеді. Ірі қара малда тұяқтары, сирақтарының ішкі бүйір беті, ал итте арқа дбөлігін, құлақ қалқанын. Бас аумағын қамтиды.
Емі: ең алдымен себебін жою керек. Экзема кезінде жергілікті және жалпы ем қолданылады. Жергілікті ем, терінің жара болған жерін жылы, сабын сумен жуу керек. Бірақ суды көп тигізуге болмайды. Сулы бөртпелер бетін 3 - 5 % пиоктанин ерітіндісімен, 1-2% бриллиант жасылы, метилен көгі немесе танин, 3-5% пикрин қышқылының ерітіндісімен тазалаймыз. Сонымен қоса биомицин, вазелин, ланолин қолданылады. Жалпы ем, көктамыр ішіне новокаинді, 10% калии бромид ерітіндісін, 10% хлорлы кальций ерітіндісін инъекциялауға болады.
Алдын -алу: малды әр түрлі майда шағатын шыбын - шіркейлерден қорғау жұмыстарын жүргізу, малдың азығын дәрумендермен байытып, жалпы мал күтімін жақсарту.
ДЕРМАТИТ (DERMATITIS)
Дерматит дегеніміз тері, тері қабаттарының асқынуымен сипатталатын қабыну түрі. Бұл мал денесінің әр жерінде пайда болады. Этиологиялық және клиникалық белгілері бойынша дерматиттің келесі түрлерін ажыратады: жарақаттық, дәрі - дәрмекті, сүйелді және ганренозды (жараның асқынуы) . Жарақаттық дерматит (Dermatitis traumatika) - механикалық әсерлерден тері қабынумен сипатталады. Себептері: терінің бетіне соққы тиюінен, жіптің ізі, терінің қажалуынан, әр түрлі қышыма ауруларынан пайда болады. Клиникалық белгілері: аурудың алғашқы кездері қызару пайда болып, малдың дене қызуы көтеріліп, жүрісі өзгереді. Болжам : аурудың өту барысы асқынбаған болса, ол қауіпті емес. Емі: аурудың себебін жояды. Зақымданған жердің жүнін қырқып, жылы су немесе сабынмен жуып, құрғатып сүрту керек. Пиоктаниннің 2-3% спирттік ерітіндісімен немесе түрлі антисептикалық майлар жатады. Олар: Вишневский, синтомицин және т. б. сауығу сатысында кастор, балық майын жағу.
Дәрі - дәрмекті дерматит (Dermatitis medikamentosa) - емдік мақсатта түрлі дәрі - дәрмекті ұзақ әрі дұрыс пайдаланбаған жағдайда терінің қабынуы. Клиникалық белгілері : терінің ісінуі, басып көргенде ауырсынады, 2-3 күннен кейін беті құрғап қабыршықтанады. Болжам: қауіпті емес, жазылуы ұзаққа созылады. Емі: жарақаттық дерматиттегі әдістер қолданылады.
Сүйелді дерматит (Dermatitis verrucosa) - терінің қабынуы, тері бетіне сүйелдердің шығып кетуі. Көбіне жылқыда кездеседі. Себептері: тері соққы алғанда немесе басқа да тері аурулары асқынған жағдайда. Жылқы малының терісі тазаланбаған және лас іші кеппеген сарайлардан жұғады. Клиникалық белгілері : жамбас, кеуде тұстары жиі зақымданады. Осы жерлерде терісі ісінеді, тері бетінде үлкен томпиған ноқат пен үйрек жұмыртқасы секілді, іші ақ-сұр эксудатқа толы сүйелдер пайда болады. 1-2 күннен кейін олар жарылып, сасыған иісі болады. Терінің жүні суланып, бір - біріне жабысып, қатайып, жан-жаққа тікірейіп тұрады. Ауру мал өздігінен әлсіреп, жүдей бастайды. Ауру біраз уақытқа созылады. Болжам: дер кезінде емдемесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Емі: басында жергілікті калий пермонганаты, скипидар, хлорлы цинк, формалин ерітінділерін қолданады. Егер де сүйел үлкейген жағдайда оперативті жолмен алып тастайды, болмаса балқытылған темірмен күйдіріледі. Алдын алу: болдырмас үшін соққыдан пайда болған және дәріден пайда болған дерматит түрлерін созылмалы түріне өткізіп алмай дер кезінде емдеу қажет. Жылқы малы тұратын жер құрғақ әрі таза болуы шарт.
Гангренозды дерматит (Dermatitis gangrenosa) - жараның асқынуынан пайда болады және ұлпаның өлі еттенуі. Себептері: бұл дерматиттің некробактериозды түрі. Яғни өліет таяқшаларының пайда болуынан. Мал денесінің соққыға ұшырауынан, кесіп кеткен жаралардан, терінің езілуінен некробактериозды таяқшаларының жара бетіне түсуінен пайда болады. Яғни, осы таяқша арқылы болған жер өліеттенеді. Клиникалық белгілері: терінің бауыр тұстары және сан еттері тұсында тері қабынады, жылтыр бөртпе, суланған түрі пайда болады және қышынады. Бірнеше күннен кейін жара беті қара қоңырланып, жараның жан - жағы өліеттене бастайды. Сулы бөлінді болып, сасыған иіс шығады. Жазылуы ұзақ 1 - 1, 5 ай. Болжам: дер кезінде емделмесе өлімге әкеледі. Емі: ауру малға тыныштық керек. Жара бетін жуып, құрғатып отыру керек. Оны камфор, ихтиол спиртімен сүрту керек. Өліеттенген жерлерін кесіп, калий пермонганаты, стрептоцид себіледі, жараның беті таңылмайды. Алдын алу: кез келген тері жарақаттарын дер кезінде емдеу керек. Осы аурулармен ауырған малды басқа сарайға ауыстырып, бұрынғы осы мал тұрған сарайды тазартады.
Тері қабынуы - сыртқы орта мәнбірлерінің тітіркендіру әсерінен пайда болатын дәріс. Оның дамуына себеп болатын мәнбірлерге
- механикалық,
- физикалық,
- химиялық агенттер жатады.
Механикалық агенттер - ол қажау, қысылу.
Физикалық агенттерге жоғары және төмен температура, ультракүлгін сәулесі, рентген сәулесі, иондаушы радиация, электр тоғы жатады.
Химиялық агенттерге әртүрлі органикалық және органикалық емес заттар жатады. Тері қабынуы әсер ететін агенттің күшіне, ұзақтығына және организмнің реактивтігіне байланысты жедел және созылмалы түрге бөлінеді. Жедел түрі үш клиникалық түрге бөлінеді:
- эритемалық,
- буллездық,
- некроздық.
Эритемалық түрінде теріде қызару, ісіну болады.
Буллездық түрінде қызарған теріде көпіршіктер, үлкен көпіршіктер түзіледі, сұйықтығы қабық болып құрғайды немесе сыдырлады.
Некроздық түрінде шіріген қабық немесе жара түзіліп жазылады. Созылмалы тері қабынуында әлсіз тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дамиды. Клиникасы : қызару, сіңбелену, лихенификациямен және гиперкератозбен сипатталады.
Химиялық заттар әсерінен пайда болатын тері қабынуы
Тері қабынуын тудыратын химиялық заттардың саны өте көп. Кейбіреуі барлық адамдарда тері қабынуын тудырады, оларды облигаттық немесе шартсыз тітіркендіргіштер дейді. Басқалары - факультативтік немесе шартты - тек қана тері сезімталдығы жоғары адамдарда тері қабынуын тудырады. Шартсыз тітіркендіргіштерге қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың тұздары жатады. Бұлар теріде әртүрлі дәрежелі некроздық өзгерістер тудырады, ауырсыну, күйдіру белгілері мазалайды және қабыну дәрісі тек агент тиген жерде дамиды, шетке қарай өспейді. Шартты тітіркендіргіштерге өнеркәсіп өндіру жағдайында скипидар, формалин, хром қосындылары, лактар, бояулар, пластмасс қоспасы, әр түрлі фармакологиялық заттар жатады. Бұл тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болған тері қабынуын аллергиялық деп атайды. Аллергиялық тері қабынуы осы аллергендердің біраз уақыт қатынаста болып, біртіндеп оларға арнайы сезімталдықтың жоғарлауынан дамиды. Аллергендердің терінің шектеулі жеріне ғана әсері болғанына қарамай, бүкіл терінің сезімталдығы дамиды. Бір пайда болған сезімталдық көп жылдарға созылады. Сезімталдықты тудыратын механизм әлі түбегейлі анықталған жоқ. Сенсибилизацияның пайда болуы тері жасушаоарына қарсы комплексін тудыруға мүмкіндік беретін баяу дамитын аллергиялық реакцияға байланысты болса керек. Клиникасында ісіну, қызару, түйіншектер мен көпіршіктер, сулану, қышыну болады.
Емі: тері қабынуын емдегенде 1- ші этиологиялық мәнбірлердің әсерінен тоқтату керек. Көнетоз кезінде жылы ванночкалар жасап, фукарцин майын жағады. Мүйізгекті алу үшін оны сабынды - содалы суға салып, жібіген қабатын қырады. Кейін кератолитикалық майлар, пластырлар немесе лак қолданады. Базданудың емдеу үшін тұтқырландыратын және антисептикалық дәрілер қолданады. Кейін ақжемделген жерлерге талық себеді немесе 5% АСД пастасын жағады. Шектелген 1−2−ші дәрежелік күйікке зақымданған жерлерге ылғалды− кептіретін таңғыш салынады. Ол үшін әртүрлі антисептикалық сұйықтықтар қолданады немесе антибиотиктер қосылған майлар қолдануға болады.
Қабыршақты теміретке немесе псориаз. Псориаз созылмалы қайталанбалы ауру. Тері ауруларының ішіндегі жиі кездесетін аурулардың бірі. Этиопатогенезі осы күнге дейін толық анықталмаған. Кейбір жағдайларда жедел жұқпалы аурулардан(ангина, ОРЗ) кейін басталады, кейде әр түрлі стресстен бездерінің қызметінің бұзылуы да, зат алмасу дәрісінің бұзылуы, әсіресе холестерин алмасуы өз рөлін атқарады. Кейбір мамандардың пікірі бойынша псориаз тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Псориаз көп мәнбірлі ауру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz