Жалпы байлам материалдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Десмургия
Шымкент 2018
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жалпы байлам материалдары
2. Байлам түрлері және олардың жалпы сипаттамасы
3. Байламдар, компресстер
4. Байламдарды салу тәсілдері
5. Байламдарды стерилизациялау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Десмургия -- байлам жөніндегі оқу жүйесі. Негізі гректің (desmos-байланыс, байлам, esgon- іс) термині, байлам материалдарының түрлерін әртүрлі әдістермен байлап (таңып) және олардың қасиеттеріне қарай хирургиялық патологияда пайдалануды үйретеді.
Жануарлар денесіне байлам қан тамырлары бүлінгенде, қан аққанда оны тоқтату үшін, инфекциядан қорғауға және екінші рет жараланудан сақтау үшін салынады.
Байламдар көбінесе хирургиялық ауруларда емдік шаралары жүзеге асыру үшін қолданылады. Атап айтсақ, жарадағы экссудатты шығару үшін, сорғыш байлам, қабынуда қыздырғыш компресстері қолданса, ал жабық жарақаттарда иммобилизациялау (бекемдеу) үшін, қатайтылған байлам қолданылады.
Сүйек сынғанда немесе орнынан тайғанда, оларды белгілі бағытта жалғау үшін де байламдардың маңызы зор.
Байлам материалдарында қойылатын талаптар: олар элластикалық қасиетті, жұмсақ және байланған ұлпаға жақсы беттесетіндей болуы керек. Ашық жарақаттарда қолданылатын байланыс сұйықты сорғыштық қасиеті болуы міндетті болса, қатты сорғыштық қасиеті жоқ байламдар жабық жарақаттарда қолданылады (сүйектің сынуы, шығуы т.б.).
Өндірісте кеңінен қолданылатын байламдарға - бөз дәке, мақта, коленкор, целофан, клеенка жатады.
II. Негізгі бөлім
1. Жалпы байлам материалдары
Таңғыш деп таңғыш материалмен жүзеге асатын және келесі мақсатта қолданылатын механикалық тәсілдер:
а) жаралардан қан кетуді тоқтату үшін, жараны қысып таңады (басатын таңғыш);
б) жараларды емдеу және оны сыртқы зиянды әсерлерден шектеп қорғау үшін (жаралық таңғыш);
в) дене бөлімдерін қатайтқызып кимылдатпау үшін
сынықтарда, буын шыққанда, созылғанда және басқа да құбылыстарда (қозғалдыртпайтын, иммобилизациялық таңғыш);
г) жабық зақымдарда немесе жұмсақ ұлпалардың әртүрлі қабыну процестерінде емдеу үшін (компресс - таңғыштар).
Таңғыштардың көпшілігінің ішкі, тікелей ауырған орынға таңылатын қабатын таңғыш және сыртқы, бірінші қабатты бекітіп ұстап тұратын - негізгі таңғыш деп ажыратады.
Жалпы негізде таңатын материалдарға: дәке, мақта, лигнин, ал қосалқыларға - талшық қалдығы және джут, шымтезек мүк, целлофан, ағаштың жүні, гранулеза, клеенка, байка, фланель және т.б. жатады.
Дәке - әлсіз ширатылған жіптерден дайындалған, мақта-маталы сирек мата. Дәкенің ағартылған (химиялық майсызданған ) және сұрды (майсыздалмаған) түрлері болады.
Мақта - мақтадан пайда болады, майсызданған (ағартылған) және майсыздалмаған (сүр немесе ақ) болып бөлінеді.
Лигнин - жұқарған ұсақ саңылаулы қағаз түрі болады. Оны ағашты химиялық жолымен өңдеу арқылы әзірлейді (қышқылдарда қайнату). Лигиннің сорып алушы қабілеттілігі өте үлкен. Жарық әсерінен ол сынғыш болып, сарғыш түске ие болады .
Шымтезек мүк - мүк сабақтардан мақта немесе престелген пластинкалар түрінде даярланады; ол үлкен сорып алушы қабілеттілікке, сонымен қатар дезодорирациялық және дезинфекциялайтын қабілеттілікке ие болған.
Целлофан - жасанды жібек өндірісінде жіңішке мөлдір жапырақтар түрінде қосымша өнімдерден алынады. Беріктікке, жұмсақтыққа және өткізгіштіксіз-дікке ие болып, ол компрестер үшін және таңғыш материал түрінде табыспен қолданады.
Гранулеза - дымқыл мақта өңдеуінен кейін қалатын фабрикалық очестар, қара түс талшықты материал, барқыт сияқты - икемді консистенция түрінде.
Талшық қалдығы - сабақтардың қатты бөліктерінен тазартылған зығыр немесе сора талшығы.
Джут - түрімен қалдық талшыққа ұқсас, үнді сора жас қашуларынан әзірленеді.
Ағаш жүні (ағаштан жасаған мақта) - ұсақ жұмсақ үгінділерге ұқсайды. Хирургияда сирек қолданылады.

Пайдалануына байланысты байламдар төмендегідей жіктелінеді: жедел көмектік байлам - екіншілік жарақаттанудан және инфекцияға қарсы дәкеден, тағы дәкі тәрізді материалдан салфетка түрінде салып, сыртынан дәкімен орап таңады.
Окклюзиондық (өткізбейтін) байлам - көкірек, құрсақ қуыстарын тесіп өтетін (енетін) жараларды аталған қуыстарға ауа, шаң, микрофлора тағы басқа бөгде заттар түспес үшін қолданылады. Ол үшін, ішкі қабаттағы дәкелі салфетеканы майлы эмульсияға батырады да, жоғары жауып, оның үстіне мақтаны салып, оның сыртынан дымқыл және ауа жібермейтін клеенка немесе целофанмен таңып байлайды.
Құрғақ сорғыш байлам - жараның бірінші кезеңінде, оның ішіндегі жиналған экссудатты, микрофлора мен оның уыттарын сорып құрғату үшін қолданылады. Байламның бірінші (ішкі) қабаты дәкелі тампон толтырылып тығылады, екінші қабаты гигроскопты мақта (қалыңдығы 1 см аспауы керек), үшінші қабатты бекіту қабаты (бөз, дәкі). Капиллярлық заң бойынша ішкі қабаттан сорылған жара экссудаты мен уыттары екінші қабаттағы мақтаға сорылады, аталған қабаттар ластанғанда құрғақ сорғыш материалдармен ауыстырылып тұрады.
Дымқыл сорғыш байлам -- жара қуысындағы экссудат және уыттарды тезірек, көбірек сорып алу үшін қолданылады. Ішкі қабаты да дәкелі кәріз, жараның қуысына енгізілместен бұрын NаСІ - дын гипертоникалық ерітіндісіне батырылады да, екінші ұшы жараның сыртына шығарылады, қалған қабаттары құрғақ сорғыш байламмен бірдей.
Қысатын байлам -- денедегі ұлпалардың бөлінген бөлігін қысу үшін, мысалы аққан қанды тоқтату үшін қолданылады.
Иммобилизациялық байлам -- ұлпалардың бөлінген жерін қозғалтпай бекемдеу үшін. Мысалы, сынған сүйектің екі басын бір-біріне салып бекемдеу үшін қолданылады. Бұл емдік шараға жатады.
Қыздырғыш компресс байламдар -- ұлпалардың жарақаттанған жеріне жоғары температура беру үшін қолданылады. Мысалы, асептикалық қабынуды емдеу үшін. Бірінші (ішкі) қабаты 3-4 қабат жұмсақ материалдан (жұмсақ мата т.б.) дайындалып, 40-50% спиртіне малып сұйықтан сорғытылды да, бүлінген жерге жабылып шеттері 2-3 см патпроцесс аумағынан шығарып тұруы керек. Оның үстінен жабылатындай мөлшерде ылғал, ауа жібермейтін қабат (целофан, пергамент қағазы т.б.) оралады. Үшінші қабат жылу өткізбейтін материалдан (мақта т.б.) жасалады. Төртінші қабат қалған үш қабатты жануардың денесіне бекемдеу үшін жасалады (дәкі, марлi т.б.)
Қызу компресс байламдары 4-6 сағат арасында 2 сағат үзіліспен қолданылады.
Дәкелік байламдар циркулярлық, спираль тәріздес, сегіздік тәрізді болады. Олар аяққа, мүйізге, құйрыққа салынады. Байлам салынған соң, сол жердің қан, лимфа айналасы байламмен қысылып бұзылмауын еске алған жөн.
Циркулярлық байлам - байламдардың ішіндегі орындалуы жөнінен ең қарапайымы. Сол қолмен дәкінің бір ұшын оралатын денеден қиғаштап шығарып, дәкінің келесі қабаттары бір-бірін жабатындай орап тағып байлаймыз.
Спираль тәріздес байлам - байлайтын дененің астынан үстіне қарай спиральді жүріспен, әр қайталанатын орам алдыңғысының 13-12 жабуы керек. Ең үстінен 2-3 циркулярлық байламмен бекітіледі.
Спираль бүгілмелі байлам -- спиральдің байламнан айырмашылығы байлам салынатын дененің әртүрлі жуандығына байланысты, кей жерлері бүгілмелі болып таңылады (мысалы сираққа байлам салынады).
Жылжымалы байлам - әр оралған дәкі түрінің ара қашықтығы дәкінің еніндей пішіні бинт тәріздес. Байламның басталуы мен аяқталуы спиральді байламдағыдай.
Сегіздік тәріздес байлам - оралған дәкі әр орамында сегiздiк сызып отырады (мысалы тұсамыс буынға жасалады). Жануарларға жоғарыдағы аталған байламдардан басқа тасбақа тәрізді, жаулықша тәріздес, төртбұрышты, суспензорлық байламдар да салынады. Аталған байламдар марлiден, бөзден, дәкіден жасалады, сыртқы пішіндері өздерінің аттарына сәйкес келеді. Байламдардың қолданылуы жануар денесіндегі мүшелері мен олардағы пайда болған патологиялық процеске байланысты.
3. Байламдар, компресстер
Салқын компрессте ішкі қабатты матадан (дәкеден болмайды) мұзды сумен сіңдіреді және сықпай жараланған аудандарға орап кояды. Әрбір 10 - 15 минут сайын салқын сумен қайта сулайды. Салқындауға арналған кейде қар немесе мұз кішкентай кесектерін кішкентай қаптармен пайдаланады.
Жылытушы компрессте бірінші қабат (сонымен қатар мата) бөлмелік температура суымен немесе спирт ерітіндісімен сулайды және өткізгішсіз материалмен - клеенкамен, целлофанмен, майлы қағазбен сырттан жабады. Өткізгішсіз қабат компресс шектерінің 2-3 см кемірек емес артығымен шығуға тиісті. Содан соң жылытушыға үшінші қабатын дымқылданбайтын қасиеттермен (сүр мақта, мауыттар, аң елтірлері, байкалар т.б.) материалдарды орайды. Жылытушы компрессті 6-8 сағат сайын алмастырады, екі сағаттық аралықта. Аралықтардың бойысында компресс орнын құрғатып жуан мақта қабатынан жылы таңғышпен байлап, салқындаудан қорғайды. Дәл осылай, салқын сияқты ыстық компресс қойылады, айырмашылығы салқын су орнына ыстық су алады.
Жылы орау. Жылуды жақсы сақтайтын жылытуға арналған (сүр мақта, аң терісі, көрпе, мауыт т.б.) жұмсақ материалмен, ауру орынды жауып қыздырады. Жылытуды алдын ала аз тітіркендіретін сүртпе майларды, скипидар не спиртті үйкеу арқылы күшейтуге болады.
Үзілісті жылы орауда таңғыштың ішкі қабатын мұзды сумен сулап, сыққаннан кейін, жарақатталған орынды онымен орайды
Компресс үстіне жылытатын қабат салады (көрпе, ат жабу, аң терісін, мақтаны т.б.). Егер ондай қажеттілік болса үзілісті жылы орау әр 2-3 сағат сайын ауыстырылады.
Ыстық ботқа басудың негізгі қабаты зығыр ұны, күнжара, картоп не кебектерден дайындалған ботқа тәрізді массаны қолданады. Ыстық ботқаны, температура 45-50° С, қабатпен (3-4 см) холстқа салып үстінен клеенкамен жабады. Бұл пластпен (холстпен теріге) үстінен жылытатын материалмен ауру бөлімді орайды. Ыстық басқышты әр 1-2 сағат сайын ауыстырады.
Иммобиллизирлейтін (бекемдейтін) таңғыштар ауру ошақты қунақылықсыз жағдайда, қимылсыздандыру шартына келтіріп, тиімді ем көрсету мақсатпен жасайды.
4. Байламдарды салу тәсілдері
Мүйізге байлам салу- дәкінің бір ұшын сау мүйізге 2-3 рет орайды да, оны алып келіп ауырған мүйізге әкеледі, әуелі ауырған мүйіздің негізінен жоғары қарай заласызданған салфетеканы қолданатын дәріге малып салған соң, сау мүйізден келген дәкемен 3-4 спираль тәріздес орам салып содан соң, мүйіздің ұшына дейін спиральді бүгілмелі орам салып, қалған ұшын сау мүйізге әкеліп бекітеді.
Тұяққа байлам салу -- көмекші жануардың (жылқы, қара мал т.б.) аяғын көтеріп тұcамыс буынынан вентральді жағына бүгеді. Мал дәрігері жұмысқа бірнеше циркулярлық байлам жасап, дәкінің бір ұшын өкше жағынан 20-25 см ұзындықта келесі қабаттарды бекемдеу үшін қалдырады. Дәкенің екінші ұшымен тұяқтың мүйіз қабырғасын (глазурьды) орап таңады. Тұяқ ұлтанының ойық жерін мақталы дәкемен керекті дәріні жағып толтырылады, глазурьдан келген ұшымен, бүкіл ұлтан орамды да өкше жағына да, дәкінің қалған ұшымен бүкіл орам бекітіліп байланады.
Құйрыққа байлам салу - құйрықтың өзі жарақатқа ұшыраса, айналасындағы ұлпаларға (бөксе, тік ішек, сан, пішкенде) оперативтік ем жасалғанда, байлам салынады. Құйрықтың негізінен бастап бірнеше орам дәкелік бүгілмелі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz