Жараның жазылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жараның түрлері мен жіктелуі
2. Жараның белгілері
3. Жара процесінің биологиясы
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе

Жара (Vulnus) - терiнiң кiлегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы. Оның белгiлерi - ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қанағыс және қызметiнiң бұзылуы. Терiнiң эпидермисiнiң жаралануын жырылу, тырналу дейдi. Жараның жиегi, қабырғасы, түбi және қуысы болады. Жиегi терi немесе кiлегей қабықтан, қабырғасы - борпылдақ дәнекер ұлпадан, шандырдан, бұлшықеттерден тұрады. Түбi бұлшық еттен немесе сiңiрлерден тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа енген жараны қуысқа енген жара, ал жара дененiң белгiлi бiр жерiн тесiп өтiп, оның кiрер және шығар тесiгi болса оны тесiлiп өткен жара дейдi. Жара асқынып бүкiл денеге әсер еткен жағдайда жара ауруы дамиды.

II. Негізгі бөлім

Жараның түрлерi. Жаралар үш түрге бөлiнедi - операциялық, кездейсоқ және соғыс жаралары. Операциялық жаралар малға әр түрлi асептикалық операция жасағанда (пiшу, жарыққа операция т.б.) және абсцесс, флегмона тағы сол сияқты инфекциялық процесстердi тiлiп өңдегенде пайда болады. Кездейсоқ және соғыс жаралары себептерiне қарай тағы да бөлiнедi. Олардың түрлерi - түйрелген, шабылған, тiлiнген, соғылған, жыртылған, тiстелген, жаншылған және уланған жаралар.
Түйрелген жара. Ол үшкiр заттармен (шеге, ағаш бұтағы, сым темiр, бiз т.б.) жарақатталғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып көп жарақаттамай енедi. Мұнда жараның ауызы тар болып, кейде бiтелiп тұрады, көп қан ақпайды, бiрақ анаэробты инфекция дамуы мүмкiн, терең жатқан iрi қан тамырлар жараланып гематома пайда болуы да ықтимал.
Тiлiнген жара. Өткiр заттармен (пышақ, скальпель, ұстара, әйнектiң сынығы т.б.) жараланғанда болады. Мұнда жараның аузы ашылып тұрады, қан ағысы жақсы, тiлiнiп пайда болғандықтан жиектерi түзу, жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбiнесе асқынбай уақытында жазылады.
Шабылған жара. Себептерi - балта, қылыш, күрек тағы сол сияқты заттардың әсерiнен пайда болады. Тiлiнген жараға қарағанда қан аз ағады, ұлпалар көбiрек жарақаттанады, тереңдiгi сүйекке дейiн жетiп кейде дененiң шабылған бөлшегi салбырап тұрады.
Соғылған жара - жұмыр заттардың әсерiмен пайда болады, мысалы балғамен, таспен, малдың тұяғымен т.б. заттармен. Мұнда жара пайда болуымен бiрге оның айналасындағы терi, ұлпалар зақымдалады, сүйек сынуы да мүмкiн. Жарадан қан көп ақпайды, жиектерi тегiс емес, көбiнесе мұнда терi және шел жараланғандықтан жара өте терең болмай қабырғасының ажырауы шектеулi болады.
Жыртылған жара. Жыртқыштардың тырнағымен, темiр iлгек, қармақ, бұтақ-шегелердiң әсерiнен пайда болады. Мұнда терi, оның астындағы ұлпалар созылып жыртылады, жұлынады, сондықтан бұл жаралардың пiшiнi, тереңдiгi бiр емес, кейде жыртылған терiсi салбырап тұрады, қан көп ақпайды.
Тiстелген жара. Малдардың тiстерiнен пайда болуы, мұнда ұлпалардың соғылуы, жаншылуы, жыртылуы да кездеседi. Тiспен жараға микробтар да енедi, басқа жараларға қарағанда жазылуы ұзаққа созылады және бұл жараларда құтыру вирусынан қауiп бар.
Жаншылған жара. Бұл жара өте ауыр жарақатта, мысалы мал ауыр машинаның трактор немесе құрылыс бетон қабырғаларының астында қалғанда пайда болады. Мұнда жара көлемдi, еттерi мыжылып жаншылған, шеттерi жыртылып қан ақпайды, айналасы қанталап тұрады. Жараланған жерде инфекция даму қаупi бар, ұсақ мал болмаса iрi малды емдеудiң нәтижесi болмайды.
Уланған жара. Жараның бетi улы химиялық заттармен, радиоактивтiк элементтермен ластанып, организмге қосымша зақымын тигiзсе олар миксты деп аталады. Уланған жаралар жыланның, қарақұрт, шаянның шаққанынан да болады. Бұл жаралар өте қауiптi, сондықтан бұған жан-жақты хирургиялық және арнайы ем қолдану керек.
Түйдектелген жаралар. Бұл жарада жоғарыда айтылған екi-үш жараның түрлерi кездеседi, мысалы ұрылған, соғылған және жыртылған. Мұндай жараны соғылып-жыртылған жара дейдi. Сол сияқты басқа да жаралардың араласқан түрлерi кездеседi. Жаралардың үшiншi түрiне соғыста пайда болатын жаралар жатады.
Атпа қару жаралары. Бытыра, оқ, жарқыншақтың әсерiнен пайда болатын жаралар. Мұнда қапталдаған соққының әсерiмен тек жара ғана пайда болып қоймай, оның айналасындағы ұлпалар да жарақатта-нады. Бұл жаралардың ерекшелiгi - денеге оқ және сол сияқты қарулармен бiрге тереңге микробтар, әр түрлi бөгде заттар (жаңқа, құм, жүн т.б.) енуi мүмкiн. Ғалым Борстың зерттеуi бойынша бұл жарада оның өзегiнен сыртқа қарай 3 зона болады. Олардың жарақаттануы әр түрлi, сондықтан ем қолданғанда осыны ескеру керек.
"Бiрiншi зона" (жара өзегi зонасы). Бұған жараның өзегi жатады. Оның қуысында жаншылған ұлпалар, бөгде заттар, микробтар, ұйыған қан болады.
"Екiншi зона" (молекулярлық шайқалу немесе жартылай өлi еттену). Бұл екiншi зонаның сыртқа қарай жалғасы болып келедi. Бұл жердегi ұлпалар өлiеттенуге ұшырамайды, бiрақ торша құрылымы өзгередi, ұлпа аралығы қанталайды, жүйкеленуi бұзылады. Кейiннен бұл ұлпалар жартылай өлiеттену мүмкiн.
Кейбiр ғалымдар "төртiншi зонаны" да айырады (ареактивтiк зона). Мұнда қан тамырлары салдануы, жүйкелену жағынан өзгерiстер, ұлпаның зақымдалуы байқалады. Бұл зона жарақатталмаған ұлпалармен шектеседi.

ЖАРАНЫҢ БЕЛГIЛЕРI

Жараға тән белгiлерi: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы, қызметiнiң бұзылуы.
Ауырсыну организмiнiң табиғи қалыптасқан қажеттi қасиетiнiң бiрi. Ауырсынған жерiн мал қорғанып, сақтанады, ауру процесiнiң ары қарай дамып асқынуына кедергi болады. Әрине қатты және ұзаққа созылған ауырсыну зияндығын да тигiзедi. Жарада ауырсыну алғашқы кезеңiнде қатты бiлiнедi, кейiнiрек басылыңқырайды, кейде солқылдап ауырсынады.
Ауырсыну жараланған жердiң жүйкеленуiне байланысты болады, неғұрлым жүйкесi көп жер жараланса соғұрлым ауырсынуы қатты сезiледi. Түлігiне қарай малдың сезiмтал реакциясы әр түрлi болады. Iрi қара мал жылқыға қарағанда төзiмдi келедi, ал иттер, шошқалар, мысықтар өте сезiмдi болғандықтан, естен тануы да байқалады.
Құстардың ауырсыну сезiмi өте төмен. Ауырсыну организмге зияндық әсерiн де тигiзедi. Ол қан - лимфа айналасына, жүрек қызметiне, тынысына, iшек-қарын қызметiне керi әсер етедi. Сондықтан қатты және ұзақ ауырсыну организмге өте қатерлi, мал естен танып өлiп кетуi де мүмкiн. Осыны ескерiп алдын-ала шара қолданып, ауырсынудың әсерiн төмендеткен жөн.
Жараның негiзгi бiр белгiсi - қанағыс. Оның төмендегiдей түрлерiн айырады: сыртқы және iшкi, жараланған тамырларына қарай артериалды, венозды, капиллярлы, аралас: уақытына қарай алғашқы, қайталанған немесе қайта пайда болған қанағыс. Кейде аррозионды қан ағысты бөлек айтады. Мұнда қан тамыры қабырғасынан немесе бiр мүшелердiң сыртынан қан шым-шым пайда болып ағып тұрады.
Сыртқы қан ағыс жараланған сәтте пайда болып, айқын бiлiнедi. Iшкi қанағыс сыртынан бiлiнбейдi, қан ұлпаларға, дененiң табиғи қуыстарына (буын, кеуде, құрсақ т.б.) жиналады, сондықтан оларды ұлпалардың немесе қуыс қан ағысы дейдi. Егер қан буын қуысына жиналса оны гемартроз, кеуде (көкiрек) қуысына жиналса оны гемоторакс деп қуыстың атына сәйкес атай бередi. Осындай қан ағыстарда мал әлсiрейдi, қан тамырының соғысы жиiленiп, көрiнетiн кiлегей жабықтары бозарыңқы болады, демiкпе байқалады, мал теңселiп айдауға жүргiсi келмей, жатуға тырысады.
Алғашқы қан ағысы - жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан бiрнеше минуттан әлде сағаттан кейiн пайда болуы мүмкiн, оны кешiгiп болған қан ағысы дейдi.
Қайталанған қан ағыс. Алғашқы қан ағысын тоқтатқаннан кейiн, ол қайталануы мүмкiн. Оның себептерi - алғашқы аққан қан жөндi тоқтатылмауында, пайда болған тромб қан ағысынмен жұлынып кетуi; қосымша жарақаттануы; жараны таңған дәкенi өрескел шешу, ауыстыру; жараның iшiнде қалып қойған сүйек сынықтары мен және басқа бөгде заттармен жарақаттану; байланған қан тамырларының басқа жерден үзiлуi.
Септикалық қан ағыс. Организм сепсиске ұшыраған жағдайда кездеседi. Оған себеп - қан тамырларының дегенерацияға ұшырауы, вазоконструкторларын жартылай салдануы (парез), организмде тромбокиназа қорытылуының азаюы.
Қансырау. Қансырау iрi қан тамырлар жарақатталғанда кездеседi. Алғашқы кезде малдың қан тамырының соғылуы, тынысы жиiленедi, көрiнетiн кiлегей қабықтары бозарып көкшiл тартады, ол жатып қалып, кейiннен жағдайы ауырлап өлiп кетуi де мүмкiн. Мал түлiктерiнiң қансырауға төзiмдiлiгi әр түрлi болады. Iрi қара мал мен иттер төзiмдi келедi, мысалы iрi қара денедегi 50% қаннан айырылғанда ғана өлуi мүмкiн, ал жылқы қансырауды ауыр көтередi, ауру, арық малдар қансырауға төзiмсiз келедi.
Емi. Жүрек жұмысын жақсарту үшiн кофейн, тынысы ауырлаған жағдайда лобелин қолданады, мейiлiнше су бередi. Қан тамыры арқылы 5% дейiн глюкоза қосып хлор физиологиялық ерiтiндiсiн жiбередi, оны терi астына да жiберуге болады. Қан алмастырып сәйкес қан құю, немесе оның орнын басатын ерiтiндiлер - полиглюкин, реополиглюкин, гемодез және В.Н.Петров ерiтiндiсiн қолданады.
Жара қабырғасының ажырауы. Бұл белгi терi астындағы бұлшық еттердiң ұзынынан немесе көлденеңiнен жаралануына байланысты болады. Ұзынынан жараланғанда жараның ауызы көп ажырамайды, ал көлденеңiнде - ажырауы жақсы байқалады. Ауызы кең жаралардың ластануы көбiрек болады, сондықтан ұзаққа созылуы мүмкiн. Мұндай жараларды емдегенде жартылай тiгiп шеттерiн жақындату керек. Ауызы тар жағдайда (мысалы түйрелген жараларда) анаэробты инфекцияның даму қаупi бар.
Қызметiнiң бұзылуы жараның пайда болған жерiне және ауырлығына байланысты болады. Егер өмiрге жанды жерлер - бас, жұлын әлде организмнiң қимылдау мүшесiне әсер етiлсе, мал ақсап жүре алмай қалады. Ал жеңiл-желпi және малға қатты әсерiн тигiзбейтiн жараларда қызметiнiң бұзылуы айқын болмайды.

ЖАРА ПРОЦЕССIНIҢ БИОЛОГИЯСЫ

Пайда болғаннан бастап жарада жазылу процессi басталады. Жараның айналасындағы әр түрлi патологиялық өзгерiстер пайда болады. Олар сол жердегi қан айналасының, жүйке қызметiнiң өзгерiстерi, осыған байланысты биохимия және биофизикалық өзгерiстердiң әсерiмен жара бiрте-бiрте өлi еттерден тазарып, қуысы ұлпарларға толып жазылады. Осы жараның басынан аяғына дейiн болатын жазылу процессiнiң биологиясы дейдi. Бұл процесстiң белгiлерi жараның екiншiлiк жетiлуiмен жазылғанда айқын байқалады да, ал жара бiрiншi жетiлуiмен немесе қабыршықтанып жазылғанда сыртқа белгiсiз өтедi.
Клиникалық белгiлерiне қарай Н.П.Пирогов жара процессiнiң үш сатысын айырады: 1) iсiну, 2) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жараның қабыршақтанып жазылуы
Жаралардың жіктелуі
Иттің сан аумағындағы жарасын емдеуге арналған ауру тарихы
Жануарларды пішу және оның жарақаттанудың алдын алудағы маңызы. Сиырдың жарақаттануы және оның алдын алу
«Қойдың жабық жарақатын емдеуге арналған ауру тарихы»
Жараның секвестрациялық тазаруы
Жабық жараны емдеу әдісі
Жара
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы
Жара және жараны жазушы таңғыштар
Пәндер