Өкпенің перкуссиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. АУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ
КЕЙС
Тақырыбы: Жануарлардың кеуде қуысын клиникалық зерттеу
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2018
Мазмұны:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
A. Кеуде қуысын жалпы зерттеу әдістері
B. Кеуде қуысын графикалық әдіспен зерттеу
III. Сөзжұмбақ
IV. Қорытынды
V. Бақылау сұрақтары
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Қарау арқылы көкірек қуысының пішініне, көлеміне, ширақтығына, тыныс алу қозғалысының түріне, жиілігіне, тереңдігіне, күшіне, симметриялығына және ырғақтығына назар аударады.
Пальпациялау (сипалау) арқылы көкірек кабырғалардың сезімталдығын, сезілетін шуылдарды және ісіктердің бар-жоғын анықтайды. Зерттеген кезде малдың алдынан, сол жағынан, және оң жағынан, ал ұсақ малдарда жоғарғы жағынан да қарап тексереді.Кең және терең көкірек куысы өкпенің жақсы сыйымдылығын көрсетеді. Қысаң, басылған көкірек куысы өкпе ауруларына бейімделген. Кейбір ауруларда (мешел, остеодистрофия, өкпенің эмфиземасы) көкірек қуысының пішіні өзгереді. Альвеолярлық эмфиземада көкірек қуысының пішіні бөшке тәрізді болып калады. Көкіректің бір жағының ұлғаюы бір жақты плевритте, кішіреюі - ателектазде, туберкулезде, мешелде кездеседі.Көкірек қуысының сезімталдығын үлкен саусақпен қабырға аралығына басып тексереді. Плевриттің бастапқы кезінде, немесе қабырғалардьщ сынуында аурсынуы байқалады.Жергілікті температурасының жоғарлауы ісік және ағзалардың қабынуында пайда болады. Мешел ауруында қабырғалардын үстіңгі жағы жуандайды (четки). Сезілетін шуылдар құрғақ плеврит пен бронхитте анықталады (алақанмен көкірек қуысын ұстаған кезде вибрация шуылдары сезіледі).
II. A. Кеуде қуысын жалпы зерттеу әдістері
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеу. Тынысалу козғалыстарын зерттеген кезде олардың түріне, ырғақтығына, күшіне, симметриялығына және 1 минуттегі жиілігіне назар аудару қажет. Диспноэ (демігу, демікпе) пайда болса оның түрін анықтау (инспирациялық, экспирациялық) көзделеді.
Құрсақты түрі (абдоминалды) демалу қозғалыстары плевритте, өкпенің созылмалы альвеолярлы эмфиземада, қабырғалардың сынуында кездеседі. Бұл тыныс алу түрі сонымен бірге шошқа обасы, геморрагиялық септицемия және энзоотикалық бронхопневмонияда табылады. Сау малдардың тыныс алу қозғалыстарының жиілігі (1 мин) төмендегі кестеде көрсетілген (3-ші кесте).
Тыныс алудың жиілігіне малдың жынысы, жасы, тұқымы және қоңдылығы әсер етеді. Сонымен қатар, сыртқы температура мен ауаның ылғалдылығы, малдың жүктілігі, жұмыс істеуі, т.б. Патология кезінде тыныс алу қозғалыстары бәсеңдейді немесе жиіленеді (көбейеді).
Кесте 3 - Жануарларда тыныс алу жиілігінің ауытқуы
Қозғалыстарының жиіленуі - полипноэ, бәсеңдеуі - олигопноэ деп аталады. Полипноэ өкпе (пневмония, бронхит, ісуі, қатерлі ісіктер), плевра (плеврит) ауруларында және құрсақ қуысының ішкі қысымы көбейген кезде болады. Олигопноэ ірі бронх, кеңірдектің тарылуында, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылаған кезде, гастрит, ацетонемия, т.б. ауруларында пайда болады.
Дем алудың тереңдігін қалыпты жағдайда дем шығару мен дем алу көлеміне сүйеніп анықтайды. Үстіртін демалу полипноэ мен катарда кездеседі. Бұл кезде демді ішке тарту мен шығару қысқа болады. Терең демалуда патологиялық бәсеңдеу демалысы байқалады.
Өкпенің перкуссиясы. Өкпенің перкуссиясын өкпе шекараларын және перкуторлы дыбыстардың қасиетін анықтау үшін жасайды.Ірі малдарда инструменталды перкуссияны (плессиметр, балғашық арқылы), ұсақ малдарда дигиталды (саусақ арқылы) перкуссияны қолданады. Топографиялық перкуссияның мақсаты - өкпенің шекараларын анықтау. Бұл перкуссияны легато тәсілмен, әлсіз сокқылап жасайды. Салыстырмалы перкуссияның мақсаты - өкпенің және плевраның физикалық өзгерістерін анықтау. Бұл перкуссияны қысқаша стокатто әдісімен іске асырады. Перкуссияны жасаған кезде қабырға аралығымен үстінен төмен қарай өткізеді. Сау малда өкпенің перкуторлық дыбысы -анық, ұзаққа созылған, төмен, атимпаникалық. Бұл дыбысты айқын өкпе дыбысы деп атайды.
Өкпе алаңы - үшбұрышты, үш шекарамен шектелген орын (алдыңғы, жоғарғы, артқы). Алдыңғы өкпе шекарасы артқы жауырын бұрышынан басталып төмен анконеус сызығы бойынша көкірек қуысына қарай келеді. Жоғарғы өкпе шекара - артқы жауырын бұрышынан басталып артқа қарай, омыртқалардан алақан көлдеңінен төмен өтеді. Артқы шекарасының клиникалық манызы өте зор. Бұл шекараны үш көлденең сызық бойынша анықтайды:
1. Сербек (мықын) сызығы,
2. Шонданай сызығы,
3. Иық буын сызығы.
Ірі қара мен ұсақ малдарда 2 сызық бойынша:
1. Сербек сызығы,
2. Иық буын сызығы (шонданай мен сербек сызықтар бір деңгейінде орналасады).
Бұл сызықтармен перкуссияны алдынан артқа қарай қабырға аралығымен (к.а.) малдың екі жағынан жүргізеді, яғни өкпе дыбысы басқа, қатар жатқан ағзалардың дыбыстарына айналғанға дейін.
Зерттеудегі нәтижелерді қалыпты жағдайдағы өкпе шекарасымен салыстырып өкпе көлемі туралы қорытынды жасайды (әдеттегідей, үлкейген, кішірейген).
Ірі қара мал, қой-ешкілерде өкпенің, мықын сызығы бойымен алғандағы шекарасы сол жақта 12-ші қабырғаға, оң жақта 11-ші қабырғаға дейінгі, иық буынымен оң және сол жағынан 9-шы қабырғаға дейінгі аралықта.
Жылқыларда мықын сызығымен - 17 қабырға, шонданай төмпешегімен - 15-ші және иық буыны сызығымен 11-қабырғаға (ауыр жүк таситын және семіздерінде 16-14-10 қабырға) келеді.
Түйелерде - 12-10-8 қабырғалар, солтүстік бұғысында - 14-13-7 қабырғалар. Шошқаларда - 12-10-8, иттерде 12-11-9 қабырғалар.Өкпенің артқы шекарасынын үлкеюі, артқа қарай жылжуы эмфиземада, өкпе қабынуында, ала өкпеде, эхинококкозда болады, ал кішіреюі, алға қарай жылжыуы іш кепкенде, ішек кепкенде, бауыр циррозында кездеседі.
Өкпе шекараларын тексеріп болғаннан кейін малдың өкпе алаңында салыстырмалы перкуссияны іске асырады.
Дені сау малдардың көкірегіне перкуссия жасаған кезде айқын өкпе дыбысын естиміз. Сырқат малдарда нұқу (перкуссия) дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады:
:: шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда);
:: сызданған сыбырлы (экссудатты плевритте, өкпенің фибринозды
қабынуында, жылқының жұқпалы плевропневмонияда, ала өкпеде);
:: даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюінде);
:: шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда, ішкі
қабаты тегіс, қатты болғанда);
:: түбі тесік құмыра (қауак) тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып
ол бронх арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда
шығады).
Сурет 8 - Өкпенің перкуссиялық шекаралары (сиырда):Н - мықын сызығы; В- иық буын сызығы; А - жауырын алдындағы перкуссиялық аймағы; Б - көкірек қуысының перкуссиялық аймағы
Дыбыстар. а - қатты, ашық өкпе дыбысы; б - бәсендеу, атимпаникалық; в - бәсендеу, тимпаникалык және г - бәсең, ақырын естілетін дыбыс.
Сурет 9 - Өкпенің перкуссиялық шекаралары (бұқада):Н - мықын сызығы; В- иық буын сызығы; А - жауырын алдындағы перкуссиялық аймағы; Б - көкірек қуысының перкуссиялық аймағы
Дыбыстар. а- қатты, ашық өкпе дыбысы; б - бәсеңдеу, атимпаникалық; в - бәсеңдеу, тимпаникалық және г - бәсең, ақырын естілетін дыбыс.
Сурет 10 - Өкпенің перкуссиялық шекаралары (жылқыда):Н - мықын сызығы; 8 - шонданай төмпешік сызығы; В- иық буын сызығы; Сандар - қабырғалардың реттік нөмері
Дыбыстар. а- қатты, ашық өкпе дыбысы; б - бәсеңдеу, атимпаникалық; в- бәсеңдеу, тимпаникалық және г - бәсең, акырын естілетін дыбыс.
Сурет 11 - Түйенің өкпесінің перкуссиялық шекаралары (Семушкин Н.Р. бойынша): А - құйымшақ төмпешігінің төмен жағынан 12 қабырғаға дейінгі сызық; В- шонданайдың төменгі жағынан 10 қабырғаға дейінгі сызық; В-иық буын сызығы (8 қабырғаға дейін)
Сурет 12 - Иттің өкпесінің перкуссиялық аймағы
Сурет 13 - Жылкылардың өкпедегі тыныс шуылдарының орналасуы:
1- таза везикулярлық шуыл; 2- везикулярлық және кеңірдектен өткізілген шулар
Сурет 14 - Ірі қара малдың демалуындағы тыныс шуылдарының орналасуы:1- таза везикулярлық шуыл; 2 - везикулярлық; 3 - кеңірдектен өткізілген шулар
Тыныс алу жүйесін зерттеу үлгісі
Алдыңғы бөлімі. Мұрын ағындылары: байқалмайды, бар, бір не екі
жақты.
Мөлшері - көп, аздаған, ұдайы, кезеңді.
Түсі - түссіз, сұрғылт, сұрғылт-сары, сарғыш-жасыл, қызғылтым,
қызыл, шиедей қызғылт, қоңыр-қара болады.
Жылтырлығы - жылтыр, жылтыр емес.
Конституциясы - сулы, әлсіз кілегейлі, кілегейлі, қаймақ тәрізді.
Сипаты - серозды, серозды-кілегейлі, кілегейлі, кілегейлі-іріңді, іріңді, ихорозды, қан аралас.
Қоспалар - ауа (ұсақ көпіршікті, ірі көпіршікті), қан, сілекей, азық бөлшектері, құсықтар, паразиттер.
Шығаратын ауа - температурасы - орташа жылы, ыстық.
Иісі - иіссіз, шіріген иісті, уремиялық, ацетон иісті.
Жанама (қосалқы) қуыстар - үстіңгі жақ, маңдай, ауа қапшықтары (жұп тұяқтыларда).
Конфигурациясы - шығыңкы, сүйектер енуі, симметриялы, симметриялы емес.
Температурасы - жоғарылаған, жоғарыламаған, төмендеген.
Ауырсынуы - ауырсынбайтын, ауырсынатын.
Сүйек негізі - мықты, қалыңдаған, жұмсарған, жұқарған, борпылдау сезіледі.
Перкуссиялық дыбыс - бәсең, бәсеңдеу, тимпаниялық, қораптық. Ауа қапшықтарын зерттеу кезінде тығыздығы мен консистенциясын да анықтайды.
Ауа қапшығын тесу нәтижелері (көрсеткіштері болған кездері) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz