Күйіктің емі


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- КүйіктерКүйiктiң сатыларыКүйіктің емі
- ҮсіктерҮсіктің дәрежелеріҮсіктің емі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Физикалық (жоғары және төменгi температура, күн және басқа да сәулелер, электр тогы) және химиялық заттардың ұлпаларға әсер ету нәтижесiнде жануарлардың денесiнде күйiк патологиясы кездеседi.
Бұл жағдайда жануардың әр түрлі мүшелерi, ұлпалары және физиологиялық қажеттi жүйелерi бұзылады. Жануарлар қөбiнесе жоғарғы температураның (өрт, әр түрлі ыстық нәрселер) әсерiмен күйедi. Аталған патология - мал қораларындағы, темiр жол вагондарындағы, автотранспорттағы, шым тезектегi және басқа жердегi өрт шығудан болады. Химиялық күйiктер- малды тасымалдап, оларды тиеп, түсiру жұмыстарында мұқият болмағандықтан қышқылдардың, сiлтiлердiң, ауыр металл тұздарының әсерiнен жиi кездеседi. Қойларды, ешкiлердi қырыққан соң, жайылымда жүрiп, күннiң, ультра күлгiн сәулелерiнен малдың жаппай күйiп жарақат алғаны жөнiнiде де деректер жеткiлiктi.
Негізгі бөлім
- Күйіктер
Күйік - жоғарғы температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.
- Термиялық күйік - денеге жалың, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және былқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарлығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі аен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ - қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
- Химиялық күйік денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірне, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздардың (ляпис, хлорлы мырыш, және т. б. ) әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды, ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.
- Сәулелік күю - ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
Мал түлiгiнен күйiктi әсiресе қой мен iрi қара көтере алмайды, ал шошқа мен жылқы көбiнесе шыдамдылық көрсетедi. Жас мал, күйiктi ересек малға қарағанда едәуiр ауырсынады, асқынулар болады. Аурудан жазылған, жарақаттанып қансыраған мал немесе тууы жақындаған жануарлар күйiктi қатты ауырсынады, ал патология кезiнде көбiнесе ауыр өтедi. Мал мүшелерiнде (бастың, шаптың, жыныс мүшелерiнiң, желiннiң, аяқтардың) күйiктерi әрi қауiптi және асқынып ауыр өтедi. Атап айтсақ, бас аумағы күйген кезде жануарлардың тынысы тарылып тұншығады, көмекейдiң кiлегей кабығының және кеңiрдектiң iсiнiп домбығуынан немесе олардың iрiңдеп қабынуынан асқынулар болып кейде өкпе қабынады. Жыныс мүшелерi мен шап аумағының күйiктен жарарақаттануы зәр мен шәует жүретін жолдардың бұзылуына ұшыратса, сүт безi тереңiрек жартылай iрiңдi патпроцестерге (желiнсау), ақыры сепсиске айналуы мүмкін.
Кеуде аумағының, торшалары көлемдiрек болып, терендеп көкiрек шандырын және өкпенi қабындырып iрiңдi қабынуға, ұшыратады. Мал аяғының күйген аумағы ластанып кейiннен iрiңдейдi, тырысып (контрактура) аяқтардың қысқарып, жаны кетiп салдануы мүмкін .
Клиникалық белгiлерi: Малдың патпроцесске қарсы қорғаныс күшiне және күйiктiң этиологиясына байланысты, күйiк төрт түрлі дәрежеге бөлiнедi. Кейбiр авторлар күйiктi бес дәрежеге бөлетiнi белгiлi.
- Күйiктiң сатылары. Ауырсыну, iсiну, жүннiң күйгенi болса, ол күйiктiң бiрiншi дәрежесiне сай болады. Күйiктiң екiншi дәрежесiне iрi малдарда сәл iсiну бiлiнедi, ауырсыну байқалады, кейде терi бетiнде ұсақ дақ пайда болады. Ұсақ малдарда терiнiң күлдiреуi анық көрiнедi. Күйiктiң үшiншi дәрежесiнде көлемдi iсiну, ойылымдар пайда болып, панцирь тәрiздi қатайып өлiетке айналады. Төртiншi дәрежелi күйiктерде, оның тереңдiгi сүйекке дейiн жетуi де мүмкін. Күйiктiң бiрiншi дәрежесiнде, мал ыстық нәрсенiң әсерiнен күйгенде, терiнiң жүнi толық күймейдi, ауру онша елеулi болмай, мал күйген жерiн жалайды немесе басқа нәрсеге сүйкенедi. Күйiктiң екiншi дәрежесiнде терiнiң және терi астылық ұлпалардың iсiнуi 24 - 48 сағаттан кейiн жойылып, одан әрi өсе бастайды. Күйген аумақтың шекаралары сарғылт күлгiн тамшы түрінде экссудаттанады, кебе келе ыдырап қопсыған қабыққа айналады. Күйген терiнiң жұқалау жерлерiнде мөлдiр күлгiн сұйықтанып, кейiннен күлдiреген көпiршiк терiнiң сыртына шығады. Шошқаның күйгенi ерекше болады, күйген аумақтың жүндерi ластанып, ұйысып қара жалқаяққа айналады. Терiсi тырысып шошқа мазасызданып жатып қалады. Аталған белгiлер күйiктiң екiншi дәрежесiнде ит пен жылқыға ғана тән .
Күйiктiң үшіншi дәрежесiнде, жануарлар терiсi қатқыл, қимылсыз (некроз), тiтiркену байқалмай, ауырған мал мен жануарлар жүрiп қимылдағанда терiсi қыртыстанады. Күйгеннен кейiн 15 - 40 минуттан соң, жарақаттанған аумақтың терi астылық торшалары iсiнедi, ал 3 - 4 тәулiктен соң, дененiң көршi аумақтарына жайылады. 7-15 тәулiктен кейiн терi жансызданып ыдырайды, ол жерден сарысу аралас iрiңдi қоймалжың ағады. Асқынған күйiк патпроцессi 80 тәулiкке созылып, жазылғаннан кейiн көлемдi тыртық қалады.
Күйiктiң төртiншi дәрежесiнде терi мен оның тереңде жатқан ұлпалары тырысып, құрғап, көмiр тәрiздi қарайып, өте нығыздалып жансызданады. Жеке жерлерiнде терең ойықтар пайда болып, оның тығыздығы майға ұқсас созылған қан аралас сұйық ағады. Көлемдi аумақтағы пайда болған күйiк, 4-8 тәулiк аралығында инфекцияланып iрiңдi патпроцесске айналып, асқынудан соң, сепсиспен аяқталады (мал денесi жалпы уланады) . Малдың жалпы жағдайы төмендеп, дене қызуы көтерiлiп, жүрек қан тамыр және тыныс алуы бұзылып, көбiнесе өлумен аяқталады. Мал күйiк ауруына шалдығып, күйiктiк шок 1-3 тәулiк, жiтi токсемия 3-14 тәулiк, септикотоксемия 2-3 ай, күйiктен жазылу 1-2 жылға созылады.
- Күйіктің емі. Күйiктерде мүмкін болғанынша жоғары температурадан шыққан ыстықты азайту керек. Ол үшін күйген аумақтың үстін күйген жүн қалдығынан, шөп, жоңышқа, топырақ тағы басқа бөгде заттардан тазартып, салқын сумен жуған жөн. Ауырсынуды бәсеңдетiп асқынудан сақтау үшін, жарақаттанған аумаққа салқындатқыш зат басады немесе одеколон, спирт, марганец калий қышқылының судағы ерiтiндiсiн (1 - 2 пайыздық, (1:5000) ерiтiндiсiн дымқылданған дәкемен басады. Химиялық заттармен күйген жағдайда зақымданған аумақтың үстіңгi жағын 20 - 30 минут бойы суды көбiрек құйып жуған дұрыс. Одан соң, қышқылдармен күйген кезде 1 - 2 пайыздық сiлтi ерiтiндiсiмен бейтараптайды (сода сабынды суы) немесе бор және магнезия сеуiп тастаған жөн. Сiлтiлермен күйген кезде зақымданған аумақты сiрке суының 1-2 пайыздық ерiтiндiсiмен, кейде лимон қышқылымен бейтараптайды . Қайнаған әкпен күйгенде, ол аумақты сүтпен бейтараптаған дұрыс. Химиялық әсерi термиялықпен ұласатын фосформен күйгенде, ол аумақты сумен жуады да, 5 пайыздық тотияинмен ылғалдап дәкенi басады. Фосфор түйiршiктерiнiң қалдықтары терiден алынады. Зақымданған аумақтағы жанып тұрған фосфорға құрғақ хлорлы әк сеуiп сөндiредi немесе ол жердiң жүнiн алып тастап екiншi рет жоғарыдағы аталған дәрiмен (суға қосып 1:2) бейтараптайды. Сонымен қатар мүмкін болса жүрек дәрiсiн бередi. Малды жақсы желдеткiшi бар жылы қораға орналастырып, тыныштық берiп витамин мен микроэлементтерге, белогi мол жем - шөппен азықтандырады.
Жедел жәрдем көрсетуге келген адамдар, немесе дәрiгер күйiк патологияларында жан -жақты комплекстi ем жасайды.
Жалпы емi - күйген кезде новокаинның 0, 5 пайыздық ерiтiндiсiн (0, 2 г новокаин 100 кг салмаққа) күре тамырдан жiберу керек. Зат алмасу процессiн жақсарту мақсатымен қан тамыры арқылы глюкозаның 40 пайыздық ерiтiндiсi (20 - 200 мл) жiберiледi. Күйгеннен кейiн 6 - 10 сағаттан соң, өршiген улануды бәсеңдету үшін ас содасының 4 пайыздық және натрий гипосульфатының 30 пайыздық ерiтiндiлерiн қан тамырлары арқылы жiберуге болады. Сонымен қатар Плахотиннiң камфорлы сары суы жiберiледi және антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары мiндеттi түрде берiледi. Ауруды бәсеңдетiп, тiтiркенгiштердi қойдырғаннан кейiн күйiктiң жарақаттарын өндеу басталады (соның iшiнде бастапқы хирургиялық шаралар) . Мысалы, жарақаттанған аумақты 5 - 10 см мөлшерiнде жүннен тазартып, әуелi сабынды жылы сумен содан соң қайнаған жылы сумен жуылады. Жарақаттанған аумақ, өте ластанған болса йод қосқан спиртпен, спирт-эфирмен, спиртпен, мүсәтiр спиртiнiң 0, 5 пайыздық ерiтiндiсiмен өңдеп, жарақатқа 5-6 сағат бойы суық нәрсе қойған жөн. Венаға 10% натрии бромидке кофеин қосып, қан жiбередi де, жаңа қан құяды, венаға 40% уротропин, тамшымен гемодез жiберiледi. Венаға 0, 5% новокаин ерiтiндiсiн антибиотиктермен емдейдi.
Жергiлiктi емi. Күйiктiң 1-2 дәрежелерiнде оның айналасындағы жүнiн қырқып, күйiктiң бетiн және төңiрегiндегi терiсiн спиртпен сүртiп, өлiеттен тазалау керек. Тазалағаннан кейiн 5 пайыздық калий перманганат ерiтiндiсiмен өңдеп, таза спирт сiңiрiлген дәкемен таңылады. Содан соң, метилен көгiнiң 2 пайыздык, және бриллиант көгiнiң спиртгегi 2 пайыздық ертiндiлерiмен майланады. Күйген аумақты спирт ректификатпен сүртедi, KMnO4 ерiтiндiсiмен шайып, 5% танин ерiтiндiсi, 1% азотқышқылды күмiстi жағады, 0, 5%-1 спиртi пиоктанин, брилиант және малахит көгiн жағады. Терi астына гидрокартизон -0, 003 г/кг. Көпiршiктегi сұйықты сорып алып, 1-1, 5 мл 5% эфедрин жiбередi. Күлдiректер түскеннен кейiн жараның орны танинның судағы 5 пайыздық ерiтiндiсiмен шайып, инфекция түспеу үшін, азот қылшқылды күмiстiң судағы 10 пайыздық ерiтiндiсiмен майлайды. Күйiктiң 3-4 дәрежесiнде өлiеттер көп болған жағдайда алдын - ала жансыздандырып, некротомия операциясын жасаған жөн. Жараның қанын тоқтатып антисептикалық ұнтақ себу керек. Көлемi терең күйiкте екiншi күннен бастап, 10-20 пайыздық салицил майымен қалың етiп майлайды (бiрнеше күннен кейiн қайталайды), сонымен қатар күн сайын бiрнеше күн 30 - 40 минут қыздыру керек. 2-6 күн өткен соң өлiеттерден тазартып, жараның үстіңгi жағына Коньков майын, Вишневский, эмульсиясын, ұлпа препараттарын жағады. Күйiктiң орны көп тыртықтанбас үшін П. Ф. Симбирцев және Н. И. Шнейберг әдiсiн пайдаланып терi трансплантациясын жасауға болады. Қышқылдардың әсерiнен пайда болған күйiкте бетi, құрғақтанып ауырсыну байқалады, күйген жердi мейлiнше салқын сумен шайып, 5-10 пайыздық ас содасының ертiндiсiмен өңдеу керек.
Сiлтiлердiң әсерiнен пайда болған күйiк тереңге кетедi, бетi дымқылданып, өлiеттенiп, сұрғылт түстi болады. Күйiктi салқын сумен жақсылап шайғаннан кейiн, 1 пайыздық сiрке ерiтiдiсiмен өңдеген жөн .
- Үсіктер.
Үсік - дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнеленетін зақымдалу. Қалыпты жағдайда ішкі өзгерістер (микроклимат), малдың жылуды реттеудегі әрекеттері үсікке шалынуға тосқауыл болады. Денедегі ішкі өзгерістер малдарға тән физиологиялық ортада болатын тері бетіндегі қалыпты жылуды тудырады. Мұндай ішкі өзгерістердің жоғалуы қарлы боранда, аяздарда, жоғары ылғалдықта кездеседі. Үсіктің пайда болуына желдің жылдамдығы мен бағыты және ылғалдықтың қосар әсері көп. Ауа жылуды нашар өткізсе, су жақсы өткізеді. Тері тесіктерінде жиылған ылғал жергілікті ұлпаның жылулығын төмендетеді. Сырттан әсер етуші себептерден басқа, үсікке соқтыратын бірнеше іштен әрекет етуші жағдайлар бар: қансырау, әлсіздену, арықтау, физикалық шаршау, буындардың ауруы, бұдан бұрын да үсікке шалдығу, т. б. Жекешеленген ұлпалар мен ағзалар оң температура аралығындағы ұзақ уақытта суыққа жақсы шыдап қана қоймай, аз мерзімдегі мұзданудыда көтере алады. Қоянның терісі сұйық азоттың - 196 ұзақ мерзімде мұздатуына шыдайды, ал егер оны содан соң дереу жылы физиологиялық ертіндіде жылытса, ол өз тіршілігін сақтай алады. Бұдан шығар қорытынды, жарақаттаушы себеп тек төменгі температураға ғана байланысты емес. Сонымен қатар, басқа да пікірді жақтаушылар бар. Кейбір ғалымдар- үсіктегі орын алатын ұлпалардың шіруін суықтың торша протоплазмасына тікелей әсерімен байланыстырады немесе ішкі су-тұз алмасуының тежелуін тіндер мен торшалардың өліміне тікелей себепші болады деп, - санайды.
Ұлпалардың бірінші кезектегі суықтан зақымдалу мүмкіндігі шектеулі, өйткені малдың өлімі жаурап, мұздануға қарағанда, жалпы тоңуда жиірек кездеседі.
Мал организмiнiң төменгi температураның ұзақ уақыт әсер етуiнен (аяз бен үскiрiк, желдiң ұштасуынан) үсiк патологиясы болады. Сиырдың сүт безi, бұқаның ұмасы, айғырдың жыныс мүшесi, ұмасы, шаша сiңiрлерi, астыңғы ернi, аяқтың диетальды бөлiгi шошқаның тұмсығы, құйрығы, құлақ калқандары көбiне үсiкке ұшырайды.
- Үсіктің дәрежелері
Клиникалық белгiлерi. Ғылыми әдебиеттерде үсiктiң төрт дәрежесi болатындығы белгiлi. Негiзiнен реакцияға дейiнгi кезеңдегi үсiктерде төмендейдi. Үсіктiң дәрежелерiне сай белгiлерi, малды жылы жерге әкелгеннен кейiн бiлiне бастайды.
Үсіктiң белгiлерiне жалпы тоқталсақ, бiрiншi дәрежесiнде сол аумақтың сәл iсiнгенi, ауырсынғаны, екiншi дәрежесiнде - iсiну жақсы байқалады, iшi қызарған сұйықтыққа толған күлдiреу пайда болады. Үшiншi дәрежеде жан - жаққа жайылған сұйық iсiну қызара көгеру, сезiмталдығының жайылуы және дымқыл өлiеттену байқалады.
Үсіктiң бiрiншi дәрежесiнде зақымдалған жер бозарып, малдың жалпы күйiнде өзгерiс байқалмай, терiсi аздап тығыздала түседi де, бiрнеше күннен кейiн ісiнген аумақ түлейдi немесе терiнiң эпидермiсi әр түрлі көлемде тiлiнедi.
Үсіктiң екiншi дәрежесiнде терi едәуiр тығыздалып, күңгiрттенiп аздаған қанды сарысуды күлдiреу пайда болып, кейде тоңазытқан етке ұқсайды, күлдiреуiктер жарылады немесе ондағы қанды сарысу сiңiп кетедi, оған қоздырғыштар түссе ластанып iрiңдi жараға айналады. Асқынған жағдайда малдың жалпы қызуы көтерiледi.
Үсіктiң, үшіншi дәрежесiнде терi бозарып, жансызданып салқын тартып қатаяды, жылытқаннан соң қара қошқыл, кейде қарайып кетедi. Ісiген аумақта қоңыр күңгiрт сұйығы бар үлкен көлемдi күлдiреу байқалады. Аталған жердiң және айналасындағы ұлпалар iсiнiп, жансызданып тiлiнедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz