Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Қан элементтерінің патологиялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.
2) Ауру малға диагноз қоюда қанды зерттеу.
3) Ауру малға диагноз қоюда зəрді, нәжісті зерттеу.
III. Сөзжұмбақ
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Қан салыстырмалы тұрақты құрамымен және физика-химиялық қасиеттерімен сипатталатын сұйық зат. Қан физиологиясы, лимфа және ткань аралық сұйық бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатқандыктан организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады. Бір клеткалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл денёсі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғары сатыдәғы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы тері жабындысы қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. Сондықтан жануарлар организмнің клеткалары сыртқы ортамен қан арқылы байланысады. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, клеткалармен тікелей жанаспайды. Организм клеткалары қан құрамынан пайда болатын клетка аралық сұйықтықпен немесе лимфамен ғана жанасады. Сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ткань аралық сұйық шын мәніндегі ішкі орта деп саналады. Қан арқылы клеткалармен тканьдерге қажетті керектік заттар мен оттегі жеткізіліп, олардан зат алмасу кезіндегі керексіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады, Бұл тұрғыда қан тасымалдаушы қызмет атқарады. Мысалы, қан клеткаларға глкжоза, амин қышқылдары, май, минералды заттар, витаминдер, су және оттегі сияқты заттарды жеткізіп, одан мочевина, несеп қышқылы, аммиак, көмір қышқылы сияқты ыдырау өнімдерін кері алып шығады да, оларды беліп шығару мүшелеріне (бүйрек, тер безі, өкпе т.б.) береді. Қан организмнің ішкі ортасының реакциясы мен осмостық қысымын жасақтауға қатысады. Тоқтаусыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де жылу реттеуші қызмет атқарады. Қанның көмегімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Әртүрлі мүшелер мен клеткалардың әрекеті кезінде түзілген өнімдерді, ішкі секреция бездерінде пайда болатын биологиялық, белсенді заттарды (гормондарды) тасымалдап, қан организм клеткаларын, тканьдерін, мүшелерін өзара байланыстырады, демек байланыстырушы-корелятивтік қызмет атқарады, екінші жағынан организм қызметіне гуморальдық реттеуші қызметін де отқарады.
Қан организмде қорғаныштық қызмет атқарады яғни организмнің бір жері жарақаттанса, сол жерден микробтар өту қаупі төнеді, сол уақытта соларға қарсы күреседі және олар бөлетін улы заттарын зяинсыздандырады, сүйтіп организмге әртүрлі ауруларға қарсы тұра алатын қабілет-иммунитетті қалыптастырады.
Негізгі бөлім:
1) Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.
Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.
Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.
Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы өте зор.
Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Қанның салыстырмалы тығыздығын әрі плазмамен сарысудың салыстырмалы тығыздығын Филлипс әдісімен анықтайды. Мыстың қанық сульфатын дайындау үшін 900гр бес сулы сульфатын ұнтаққа айналдырып үгіп, 1250 мл дистильденген су құйып, әйнек таяқшасымен мұқият мөлшері оның температурасына байланысты. Мысалы, 15,5 С гр 525 мл; 160 521; 190 496; 15,50 492гр; 200 488; 20,50 484; 210 480; 21,50 477; 220 473.
Негізгі қалыпты ерітіндіден тығыздығы 1,030 дан 0,075 дейін мыс сульфатының жұмысшы ерітіндісін жасайды. Өлшегіш колбаға дайындалатын ерітіндінің соңғы 2 сандарының тығыздығына сәйкес келетін қалыпты ерітінді құйып алады да, дистильденген сумен 100 мл жеткізеді. Мысалы, тығыздығы 0,050 ерітіндіні дайындау үшін 49 мл негізгі қалыпты ерітіндіден алып, 100 мл дейін су қосады. Ерітіндіні қақпағы жабылған қараңғы ыдыстарда сақтайды.
Анализ үшін гепаринмен, натрий оксалатымен, Б трилонымен қалыпқа түскен қанды пайдалануға болады, центрифугаланған қанды зерттеу үшін жарамсыз.
Пипеткаға зерттеуге алынған қанды алып, пробиркаға ауыстырады. Бұл пробиркада мыс сульфатының ерітіндісі болуы керек. Сақтықпен пипетканың ұшын ерітінді деңгейінен 1см қойып, 1 тамшы қан жібереді. Тамшы қан 2-3 см тереңдікке түсіп, одан әрі түбіне шөге бастайды не жоғары көтеріледі. Сөйтіп қан тамшыны, түбіне шөккен ерітіндіні табады. Бұл жағдайда қан тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.
Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай түрде ауытқып тұрады:
ІҚМ - 1,047 - 1,055; қойда 1,042- 1,052; ешкіде-1,044-1,053; жылқыда-1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056; тауықтарда-1,039-1,057.
Қанның салыстырмалы тығыздығының ұлғаюы оның қоюлануы, терлеу, полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.
Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сарыауру, кахексия, гидремияда болады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісін мынадай жолмен жүргізеді. Капиллярға Р белгісіне дейін 5 пайыздық натрий цитратының ерітіндісін алып оны сағат әйнегіне үрлейді. Осы капилляр мен қанды 2 рет К белгісіне дейін құйып алады да, 2 рет қанды натрий цитратының ерітіндісімен араластыра отырып, сағат әйнегіне үрлейді. Алынған қоспаны капиллярға К белгісіне дейін алып, штативке қояды. ЭТЖ- ны 1 сағаттан кейін есептейді.
Сау малдарда ЭТЖ (мм с): ІҚМ-0,5-0-1,5; қойда-0,5-1; ешкіде-0,3-1; жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.
Неводов әдісі: Эритроседиометрге скальпельдің ұшымен (0,02гр жуық) натрий оксалатын кіргізеді де тамыр қанын о белгісіне дейін алады, резеңке қақпақпен жауып, мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып, қанды антикоагулянтпен араластырады. Пробирканы штативке қояды. ЭТЖ-ны плазма бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.
ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты терлегенде, полиурияда, іш өтуде, шаншуде гастроэнтеритте, механикалық және парехиматоздық сарғаюда, механикалық илеус, инфекциялық энцефаломиелит, стахиботритоксикозде және т.б. болады.
Қан сарысуын анықтау.
Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван - Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте - 40-60; тауықта-40-52.
Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0,5 мл сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге болмайды, тек бетін мықтап жауып қояды.
Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.
Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.
1. Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген гемометр пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен 2 белгісіне дейін 0,1 н тұзды қышқыл ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады, пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5 мин. қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде - 15 мин.). Тұзқышқылды гематин (хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Тамшымен дистильденген су қосып, әйнек таяқшамен пробиркадағы сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін араластырады. 100 мл. қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің мөлшерін пробиркадағы сұйықтықтың деңгейімен сәйкес келетін шкаланы бөлу бойынша есептейді. Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсе, гемоглобиннің (гл) концентрациясын анықтауға болады.
Гемиглобинцианидті әдіс (М. Л. Пименова мен Г. В. Дервиз әдісі). Зерттеуге тәжірибелік және қалыпты сынама қолданылады.
Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г 100 мл): ірі қара малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15; жылқыда-8-14; шошқада - 9-11; итте-11-17; тауықта - 8-12.
Гемоглобиннің (гл) мөлшері мынадай болады: ірі қара малда-100-130; қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140; шошқада-90-110; иттерде-110-170; тауықтарда-80-120.
2.Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.
Қанның аталған жасушаларының санын есептеу үшін есептеу камералары мен электронды есептеу құралдарын пайдаланады. Эритроциттердің санын эритрогемометр және фотоэлектроколориметрлердің көмегімен есептеуге болады.
Есептеу камерасындағы эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.
Қандағы жасушалардың санын есептеу үшін әр түрлі есептеу камералары (Горяев, Предтеченский, Бюркер, Фукс- Розенталь және т.б.) пайдаланады.
3. Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.
Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.
Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометр әдісімен анықтау.
Бұл үшін рефрактометрдің әртүрлі түрін қолданады (ИРФ-1, ИРФ-22, ИРФ-23, РЛУ, РЛ және т. б. ).
Рефрактометр РЛУ-мен жұмыс істеп тұрған кезінде алдымен нөлдік нүктесін тексеру үшін 1, 2 тамшы дистильденген суды өлшеу призмасының бетіне жағады; лупа шкаласы мен көру окулярының тұтқасын жөнге келтіреді, диспенсионды компенсатордың тұтқасын айналдырып, көру окуляр түтігінің дисперсиясын жоямыз;
Шкала лупасындағы сызықты 1,3333 ұзындығына, кілт арқылы визирлық сызықтың кесу нүктесін жарық кескіндеу шекарасын біріктіреді.
Құралды дайындағаннан кейін камерасын ашып, жоғарға және төменгі призманы алдымен сорғыш қағазбен, кейін жұмсақ салфеткамен сүртеді. 1-2 тамшы сарысуды төменгі призманың бетіне тамызады да, камераны жауып, айнамен жарықты оның терезесіне бағыттайдыжәне жарық кескіндеу шекарасын визирлы сызық кесу нүктесіне қойылғанша, камераны айналдырады және сарысу бөліну көрсеткішін шкала бойынша есептейді.
Сау малдардың сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері(г100 мл): ӘҚМ-7,2-8,6; қойда-6-7,5; жылқыда-6,8-7,8; шошқада-6,5-8,5, итте-5,9-7,6; тауықта-4,3-5,9.
Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван - Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

2)Артерия тамырын зерттеу ( артерия ). Артерия тамырын қарау пальпация тамыр соғу дүрсілін анықтау, сфигмограф, осциллограф жəне қан тамыры қысымын анықтау арқылы зерттейді. Қарау арқылы қан тамырының соғуын , оның толуын анықтаймыз. Көбінесе бас пен мойындағы қан тамырлары зерттелінеді. Артерия тамыры соғуының дүрсілін анықтауда қолдың екі үш саусағымен теріге жақын орналасқан тамырларды сипап тексереміз.
Ірі қара малдың алқызыл қан тамырын бет тамырында, сафен жəне орталық құйрық тамырында зерттейді. Құйрық тамырының соғуы басқа тамырларға қарағанда əлсіздеу, сондықтан оны көбінесе бұл жерде зерттеу қиындау.
Ұсақ мүйізді малдың артерия тамырын иық, сан артерия тамырларын зерттеу арқылы жүргізеді. Сан артерия тамырын төрт саусақпен санның сырт жағынан ұстап , сипап зерттейді.
Тақ тұяқ - мал артерия тамырын сыртқы жақ, көлденең бет, сыртқы самай жəне құйрықтың ортаңғы қан тамырларында зерттейді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz