Қанды әдіс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

1. Пішу

2. Айғырларды пішу

3. Сиыр мен бұқаны пішу

4. Қабандарды пішу

5. Қошқарларды және текелерді пішу

III. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді. Пішілген малдың организмінде заттар алмасуына терең өзгерістер шақырады және осыған орай оның дамуында морфологиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсырақ бордақталанады, олардың еті нәзікті, көбірек құнды болады, еркектерде болатын арнайы ерекше жағымсыз иістен және дәмден тазаланады; жүннің сапасы жақсарады; жұмысшы малдар тынық және көбірек шыдамды келеді. Еркектерді емдеу көрсеткіштерімен интравагинальдық жарықтарда, ұмалардың механикалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда, жалпы қынап қабықтың шемен пайда болған түрлерде, ең бауының күретамырларының варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Шошқаларды бордақтаудың алдында пішіп жібереді. Пішу ветеринариялық хирургияда көп кездесетін операцияларға жатады. Асқынудың этиологиясы: негізінен операция техникасы бұзылса, антисептика, асептика ережесі сақталмағанда және операция таза емес алаңда жасалса асқынулар болады. Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей жоспарлайды. Дәл осылай жоспармен жұмысшы малдарды пішеді.

II. Негізгі бөлім

1. Пішу

Пішу - жыныс бездерінің қызметін жасанды түрде тоқтатуы. Оны әртүрлі әдістермен жүзеге асырады. Көбінесе пішу арқылы жыныс бездерін кесіп алып тастайды. Еркектерде жыныс бездердің қанмен қамтамасыздығын және иннерациясын бұзу операциялық тәсілдерді қолданумен жүзеге асырылады. Жыныс бездерінің функциясын басқа да тәсілдерді қолданып тоқтатуы мүмкін. Мысалы, радиоактивтілік сәулененудің, химиялық және гормондық дәрілерді қолдану арқылы.

Хирургиялық операциямен пішудің үлкен шаруашылық маңызы бар. Пішілген малдың организмінде заттар алмасуына терең өзгерістер шақырады және осыған орай оның дамуында морфлогиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсы бордақыланады, олардың еті жұмсақ, қымбаттырақ болады, еркектерде болатын арнайы ерекше жағымсыз иістен және дәмнен тазалананып, жүннің сапсы жақсарады. Жұмысшы малдар жегуге көбірек шыдамды келеді.
Жыныс бездері толық алынғанда, еркек малда оны орхидектомия (грек. Orchis - жұмыртқалық, ectome - алып тастау ) ал ұрғашыларда - овариэктомия (лат. Ovarium - аналық без) деп атайды.

Пішудегі көрсетулер мен қарсы дәлелдер. Көбінесе асылтұқымды емес және жұмысқа пайдаланатын жануарларды пішуге жібереді.
Еркектерді емдеу көрсеткіштерімен интраагинальдық жарықтарда, ұмалардың меаникалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда, жалпы қынап қабықтың шемен пайда болған түрлерінде, ен бауының күретамырларының варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Сиырларды бордақылануын жақсарту үшін және емдеуге келмейтін бедеулікке апаратын аналық бездердің ауруларында пішеді.
Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруға қарсы (топалаң, эмкар, тілме т. б. ) профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей жоспарлайды.

2. Айғырларды пішу

Айғырларды қанды тәсілмен пішеді. Ашық әдіс практикада жиі қолданылады. Егер кейбір айғырлардың шап сақиналары кең болса, ондай малды жабық әдіспен пішеді.
Айғырларды пішу алдында шап сақиналарын тексеру керек, сонан соң мал
дәрігері керекті тәсілді таңдап алады. Айғырды орыс немесе қазақ тәсілімен
көгал жерге сол жағына жығады. Ол үшін айғырдың алдыңғы екі аяғын
біріктіріп тұсайды да, артқы оң аяғын арқанмен іліп алып, малдың бауырына
қарай қатты тартып жығады. Сосын төрт аяғын байлайды. Сонан соң ұманы
зарарсыздандырады да, екі еніне 10 мл 4 проценттік новокаин беріп
жансыздандырады. Сонан соң ұманы екі жерінен тіліп, оның ішкі кілегей
қабығын қоса жарады да желбезегін кеседі. Сонан соң шәует бауын Занд
қысқашымен мыжып, 5-6 минут ұстап тұрады да, екі енін кесіп тастайды.
Операцияның соңында теріден аққан қанды тампонмен тазартып алып тастайды. Жараның ішіне йодоформ немесе стрептоцид ұнтағын себеді. Осылай ашық тәсілорындалады.

Шап сақиналары кең айғырларды жабық тәсілмен пішеді. Бұл әдістің бір
ғана ерекшелігі бар. Ұманы жарғаннан соң ішкі кілегей қабықтың үстінен оны
жармай қалақша арасына салынады немесе шәует бауы жібектен жасалған жіп
немесе жібек жіппен мықтап байлап тастайды.
Айғырларды пішкен кезде мынандай асқыну болуы мүмкін. Терінің қан
тамырларынан қан атқыласа, оны қан тоқтатқыш пинцетпен қысып тоқтатуға
болады немесе жібек жіппен байлап тастайды. Егер кесілген ұрық таспасынан
қан атқыласа, онда қан тоқтатқыш пинцетті тығып, байлайды. Егер ертеңіне
жараның ішінен жалпы қынап кілегей қабығы салбырап шығып тұрса, онда жараны ашып, сыртқа шығып тұрған қабықты кесіп тастайды.
Айғырларды (есектерді және қашырларды) әдеттегі ашық тәсілмен пішеді,
яғни жалпы қынаптық қабықты тілумен. Ішкі шаптык сақиналары үлкейген,
периорхитте немесе жалпы қынаптық қабық шеменінде малды жабық тәсілмен
пішеді. Операцияны ашық тәсілмен жатқан немесе тұрған түрде орындауға
болады.
Айғырды жатқан жайда пішуі. Малды орыс немесе Решетняк тәсілімен жығып, сол жағына жатқызады, оң жамбас аяғын жығатын қайыс арқаның сақинасына немесе арнайы жылқының мойынына киілген жіпке тартып операция орнын ашып
қояды. Қалған аяқтарын бірге байланыстырады. Жығар алдында малдың ұма
аумағын ластамау үшін, құйрық шаштарын бинтпен орап байлайды.
Жансыздандырудың маңызы өте зор оны әсіресе жауыз және күшті малды
жығардан бұрын және пішу алдында жасалынады. Ол үшін аралас наркозды
қолданады. Жергілікті жансыздануды төменде айтылған тәсілдермен істейді.
1) қолмен ұманы берік қысып ұстап алып, ұма терінің түптеріне 5%-тік йод
ерітіндісін жағады. Осы орындарға әрбір ұмаға 10 мл 4 % - тік новокаин
ерітіндісінің инъекциялайды бұл Л. С. Сапожниковтің интратестикулярдық
жансыздану тәсілі.

2) новокаин ерітіндісін қосалқының сыртқа шығып тұрған құйрығынан денесіне бағыттап жібереді;

3) ұманы қолмен берік ұстап инені қосалқының басынан қадап, оның жең
бауына қарай 4 см жылжытып 10 мл 4 % - тік новокаин ерітіндісін енгізеді.
4) Ұма мойындағы ұлпаларды инемен тесіп, ен бауының қалыңдығына сол
мөлшерде новокаин ерітіндісін енгізеді.
Жансыздану 5-6 минуттан кейін болады. Егер алдын ала хлоралгидрат
берілсе онда ұманы қосымша жансыздандыру қажеттілігі жоқ. Хлоралгидрат
қолданбағанда тілетін орынға тері астынан 0, 5% новокаин ерітіндісімен
жансыздандыруқажет.
Ашық тәсіл операцияның техникасы. Операцияны бірыңғай жоспармен әртүрлі пішуге арналған қысқаштарды немесе эмаскуляторларды қолдануымен орындайды. Бұл аспаптардың мақсаты ен бауын мылжалау және қан кетуінің алдын алу үшін, тұрақты тромб жасауы. Ұманы берік бекіту үшін жергілікті жансыздану қолдануға дейін бекіту
оның мойнына икемді резеңке жгут салады. Оны қысқаштарды ең бауынан алғанға дейін қалдырады. Ұманы, жалпы қынаптың қабығын және енді тіліп кесуі. Ережеде ұманың екі жартысын, сол қолмен мықтап ұстайды, еннің дөңес бетінен алдыңғы және артқы полюстарына дейін тіледі. Құрсақты
скальпельмен бірден ұма терісін, бұлшықеттік - икемді қабықты, фасцияны
және жалпы қынаптық қабықты, фасцияны
және жалпы қынаптық қабықты жарып ашады. Егерде кездейсоқ ен тілінсе оныңоқасы болмайды. Жалпы қынаптық қабық кесуі тері кесумен бірдей болу тиісті. Егер бірдей болмаса қалта құрылады, оған кан және экссудат жиналып
патогендік микрофлора дамуы мүмкін. Тілуді алдымен жалпы қынаптық қабық қабатына дейін кесумен қанағаттануға болады, содан соң скальпелімен шағын тіліп сол қуысқа қайшының браншын енгізіп, терінің алдыңғы тіліміне дейін жылдам жарып тастауға болады.
Қынаптың (өткіндік) будасын кесуі. Жалаңашталған енді сол қолмен алып,
сыртқы ен көтергіштің кедергісінен өтіп қынап будасынан тарпып абайлап
жарадан сыртқа шығарады. Қынаптық буданы қолмен немесе іскекпен түзетіп
жалпы қынаптық қабық жақын маңында кеседі.
Байламды қосымша құйрығы жакын маңда кесуге болмайды, себебі
ұрықөткізгіштің артериясына зиян келтіріп оны жалпы қынаптықпен қабықпен бірге бөліп алуы мүмкін. Қысқашты ең бауына салғанда артерия бранштың астына тимей қан кетуі тоқтамайды. Онан әрі сол қолмен енді ұстап будадан іскекті шешпей, оны қынаптық канал жағына жиіріп мезорхиум бойын 7 - 10 см жыртып, ен бауын жалпы қынаптық қабықтан бөліп алады. Соңғы кезеңде, бөлінген қынаптық қабықты, еннен проксималды келтіріп, қынаптық каналға іскекпен қайырады. Енді алып тастауы. Жалпы қынаптың бұдаларын кесуінен кейін сол қолмен енді және ен бауын жалпы қынаптық қабықтан ажыратып ұманы жоғары шапқа қарай ығыстырады, ал оң қолмен енді ұстайды. Сол кезде ен бауы ашылады. Егерде бірден екі енге операция жасағанда, ен бауының екеуін де ашып қояды.

3. Сиыр мен бұқаны пішу

Еркек тоқтыларды және лақтарды 5-6 айдан үлкен жастарында пішуге болады. Тек текелерді союға дейін 4-5 айдан кешіктірмей пішу қажет, себебі оның етіндегі жағымсыз иіс жойылмайды. Еркек тоқтыларды қандай тәсілмен пішседе олардың жетілуі және организмнің ауруға төзімділігі нашар келеді. Қабандарды тәжірибеде 4 - 8 - 12 аптада пішуін ұсынады, бірақ ерте пішкенде олардың дамуы саябырлайды, сол себептен оларда текедегі сияқты олардың етінің жағымсыз иісін жою үшін сойғанға 3- 4 ай қалғанда пішкен дұрыс болады. Жалпы қабандарды әдетте 1 жылдан асырмай етке сояды. Түйелерге 2, 5 - 3 жасында операция жасайды. Бұғыларды (корализации дәуіріне) 10 - 12 айында, үй қояндарын 1, 5 -2, 5 айында пішеді. Бірақ пішуді, шаруашылық жағдайларында, емдік көрсетулеріне және басқа оқиғаларға байланысты жарамды мезгілдерге өндіруге болады.

Пішер қарсаңында ірі малды азықтандырмайды, ал операция алдында ішегін және қуығын азат етеді. Айғырларды операция карсаңында ішкі шаптык сақинасын ректальды зерттейді, себебі олардың мөлшеріне пішу тәсілі тәуелді болады. Егер шаптық сакиналарға саусақтың үш ұштарын енгізуге болса, ондайда айғырларды жабық тәсілмен пішеді. Негізі ірі малды шөп басқан көгал жердің орында пішкен қолайлы келеді.

Еркек малды пішу әдістерінің жалпы сипатамасы
Еркек малды пішу тэсілдерінің саны өте мол. Бірақ олардың барлық негіздерін екі тәсілге біріктіруге болады - қанды және қансыз (перкутарлык) . Ол тәсілдерді пайдалануы және жүзеге асыруы операция жасалатын малға, шаруашылықтың жағдайына, ветеринар маманның шеберлігіне, операцияның мақсатына, операцияның аумағындағы патологиясына және қолданылатын құралдардың ерекшеліктеріне тәуелді болады.

Малды қанды әдіспен пішуі кең таралған, жиірек колданылады, ондайда ашық және жабық тәсілдердін қолданумен көбінде енді және қосалқыны толық алып тастайды. Ашық тәсілде жалпы қынаптық кабын жарып ұманы ашып оны қосалқысымен бірге алып тастайды. Жабық тәсілде жалпы қынаптық қабықты кеспейді, енді және қосалқыны оларды жабатын жалпы қынаптық кабықпен бірге тіліп алады. Жыныс бездердің элементтерінің жарым-жарты жоюдың негізгі мақсаты - шәует бөлінуді тоқтауы, еркек жыныс гормон өңдіруін сактау. Қанға бөліп шығатын жыныс гормоны малдың үйлесімін молырақ дамытып калыптастырады, ал ұрықтандыруға кабілеттілігі болмайды. Осы тәсілді тап толық пішу деп есептеуге болмайды. Оны көбінде стерилдеу деп атағаны дұрыс болады.

4. Қабандарды пішу

Қабандарды қанды әдіспен, ашық немесе жабық тәсілмен енді қосалқамен бірге толық алып тастайды. Көбінесе жабық тәсіл қолданады, себебі қабандардың шаптық каналдары кең болғандықтан ашық әдіспен пішкенде жара қуысынан ішкі ағзалар түсіп қалуы немесе жарық пайда болуы мүмкін. Кәрі қабанды пайдалануы тоқтағаннан кейін пішуге жібереді. Пішу қарсаңында малды азықтындырмайды, пішудің алдында серуенге шығару арқылы олардың ішектерін және қуығын босатады.

Ең бауын үзіп пішу мына әдісті ашық тәсілмен жас қабандарға қолданады.

Бекіту. Малды арқасына немесе сол бүйіріне жатқызып барлық төрт аяқтарын бірге қосып ұстап, басын төмен ұстап, бекітеді. Жансыздандыруды қолданбайды.

Операцияның техникасы. Ұманы сол қолмен мықтап ұстап оның терісін тігіске паралельді бар ұзындығымен қынаптық қабықты ашылғанша тіледі. Қынаптық буданы қайшы немесе скальпельмен кесіп жалпы қынаптық қабығынан және ең бауынан ажыратып алады. Содан соң ең бауын гемостатикалық іскекпен берік қысып немесе саусаққа орап алып, оны жұлқып немесе бұрап үзіп алады. Іскекті шешіп, ен бауының кесегіне 5% йод тұнбасын жағып, жараның қуысына антисептикалық ұнтақ немесе эмульсия салады.

Лигатура қолдануымен пішуді (лигатураға) тәсілін көбінде жасы үлкен қабандарда қолданады.

Операцияның техникасы. Ашық тәсіл. Ұма қабаттарын және жалпы қынаптық қабығын тілгеннен кейін, қынаптық буданы кесіп, енді және ен бауын жалпы қынаптық бауын жалпы қынаптық қабықтан бөліп алады. Ен бауының жіңішкертілген бөліміне жібек лигатураны піші түйінмен салады. Одан 1, 5-2 см төмен ен бауын қайшымен кесіп, енді бөліп алады. Жараны алдындағы пішу тәсіліндегідей өңдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарамсыздыққа шығарылған қошқарларға кестіруді жүргізу техникасы
Қошқарлар мен текелерді қанды әдіспен кестіру
Трансфузия
Қан өңдеу технологиясының негіздері және ветеринариялық-санитариялық сараптама
Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері
Қан кету. Қанкетуді тоқтату
Жатыр денесінің қатерлі ісігі. Клиникасы, диагностикасы, емі
Нәрестелер қанындағы тиреотропты гормонның мөлшерін иммунофлуориометриялық әдіс арқылы зерттеу
Малдар мен құстарды бекіндіріп, қанын алу
Айғырларды пішу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz