Талма жағдайына ұшыраған жануарды емдеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
A. Реанимация. Терминалдық, жанталас және клиникалық өлім жағдайлары.
B. Терминалдық жағдайға ұшыраған жануарды емдеу принциптерi.
C. Жарақаттану талмасы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ветеринария ғылымының ең бiр жас саласы- реаниматология. Ол өмiрге соңғы жылдары келдi. Осы ғылымның аяқ басып тұруына еңбек сiңiрген медицина ғалымдарды атап өтсек олар: И.Р.Петров, В.А.Неговский, Н.Л.Гурвич, П.Сафар, А.Лабори, В.Ковенховен есiмдерi. Бұл ғалымдардың еңбектерi, iзденiстерi ауру адамның не себептi өлетiнi және өлiп бара жатқан адамды қалай өмiрге қайта оралтуға болады деген мәселелердi шешуде айтарлықтай табысқа жеттi. 1891 жылы Мааs деген дәрiгер жүрегi тоқтап қалған ауру адамның төс сүйегiнiң төменгi жағын алақанымен басып тұрып тiрiлткен көрiнедi. Ал 1901 жылы Igelsrud деген ғалым жүрегi тоқтап қалған ауру адамның кеуде қуысын ашып, қолымен жүректi қысып, өлiп бара жатқан адамды тiрiлткенi тарихқа аян. Жүректiң тоқтап қалу себептерiн анықтап, жүректi тiрiлту әдiстерiн iздеген орыс ғалымдарын атап өтсек олар: Е.О.Мухин, А.М.Филомафитский, А.А.Кулюбко, Н.П.Кравков және Ф.А.Андреев есiмдерi. Сонымен қатар осы салада еңбектерiмен көзге түскен хирург - ғалымдар Н.Я.Напалков, П.А.Герцен, В.А.Оппель болса, 1926 жылы совет ғалымдары С.С.Брюхоненко мен С.И.Чечулин жүрек қызметiн жақсартатын аспап ойлап шығарғанын айта кеткендi жөн көрдiк.
Реаниматология ғылымының алдына қойған мақсатының бiрi болып саналатын жай өлiмнiң механизмi, өмiрден өлiмге қараған жануардың ағзасындағы өзгерiстердi анықтау, бiлу (бұл жайдi терминалдық жағдай деп атайды) және өмiрлiк маңызы бар мүшелердiң қызметiн жақсарту, калыпқа келтiрiп, тiрiлту, өлiмдi болдырмау, тiрiлген ағзадағы өзгерiстердi бақылау, емдеу мәселелерiн шешу. Реанимация деген сөздiң тiкелей аудармасы "тiрiлту", "өмiрге қайта келтiру". Шындығында бұл сөздiң терең мағынасы өмiрлiк маңызы бар мүшелердiң аяқ астынан өз қызметiн атқара алмай, қалыптағыдан тыс нашарлап қалып, ауру малды өлiм жағдайына келтiрген шақта, оны қайтадан өмiрге келтiру, тiрiлту процесiн реанимация, реаниматология, интенсивтiк емдеу деп атайды. Ветеринарияда емдiк жұмыстар экономикаға байланысты iстелетiндiктен, реаниматологиялық жәрдем мал мен жануарларға көп жағдайда жасалмайды. Сондықтан бұл бөлiмде, медицина саласында реаниматология мәселелерiн жазған профессор М.Құланбаевтың (1994) теорияларын келтiрудi жөн санадық.

Негізгі бөлім
Реанимация, реаниматология ғылымының негiзгi бөлiгi. Реаниматология ғылымы жануардың өмiрлiк маңызы бар мүшелерiнiң қызметi жойыла бастағанда, сол өмiрдi ұзартатын заңдарды iздеп, оның қорытындысын басқа малдәрiгерлерге ұсынып, баяндау.
Ауру малдың өмiр сүруiне қажеттi заттардың бiрi ауадағы оттегi. Сол оттегiнi ағзаның әрбiр торша, бөлiмшелерiне жеткiзетiн, қанның қызыл түйiршiктерi. Қанның қызыл түйiршiктерiн оттегiмен байыту қызметiн өкпе атқаратын болса, ол түйiршiктердi торшаларға жеткiзу қызметiн жүрек, қан тамыры, қан айналымы атқарады. Жүрек, қан тамыры, өкпе кейбiр себептерден өзiне тән қызметiн атқара алмаса, заттардың қышқылдану процесi бұзылып, олардың өзара алмасу қызметi қалыптан шығады да, не сол торша, не мүше, не бүкiл организм өлiмге ұшырайды. Бiрақ бүкiл организм жүрек тоқтап, тыныс бұзылған мезетте өлiм жағдайына ұшырамайды. Өмiр мен өлiмнiң арасында өтпелi кезең бар, бұл кезеңде жануарды өлдi деуге болмайды, бiрақ сондай жағдайға ұшыраған жануарды тiрi деуге де болмайды. Ағзада байқалатын осындай өтпелi кезеңдi дәрiгерлер өзара терминалдық жағдай деп атайды.
Терминалдық жағдай. Профессор В.А.Неговский және оның қызметкерлерi терминалдық жағдайды үш түрге бөлелi. Бiрiншi түрi -- жанталас алдындағы жағдай, екiншi түрi -- жанталас, үшiншi түрi -- клиникалық өлiм жағдайы.
Жанталас алдындағы жағдай, ондай кезде орталық жүйке жүйесiнiң қызметi бұзылғандықтан, жануар терең ұйқыға ұксас бейжайлыққа ұшырайды. Қан айналымы нашарлап, дем алуы үстiртiн, жиi болғандықтан, ауру малға оттегiнiң жетiспей (гипоксия) жатқаны бiлiнедi. Жанталасудың алдындағы жағдай қанша уақытқа созылатынын ешкiм айта алмайды, өйткенi ол мерзiм белгiсiз. Қатты қансырағанда жануардың өлу жағдайына бет алу мезгiлi созылмайды. Мысалы, кейбiр кездерi мұндай мерзiмнiң бiрнеше сағатқа созылып кететiнi де белгiлi.
Жанталас жағдайы. Жанталас жағдайының басталуы көбiнесе белгiлi бiр клиникалық бiлiнедi. Ауру малдың жанталасқа ұшырағанын оның тынысынан бiлуге болады. Жанталас алдындағы жағдай мен жанталас жағдайының арасында терминалдық үзiлiс болады. Тынысы жиiлеп, үстiртiн дем алып жатқан жануардың демi аяқ астынан тоқтап қалады. Осы мезетте көздiң қасаң қабығының рефлексi жойылып кетедi. Осындай жағдайға ұшыраған жануардың терминалдық үзiлiсi бiрнеше секундтан 2-4 минутқа созылып кетедi. В.А.Неговский өз шәкiрттерiмен бiрге жануарларға эксперимент жасап, жанталас жағдайының өзгешелiктерiн көрсете бiлген. Жанталас жағдайы тынысты жиi-жиi алудан басталады немесе бiр реткi терең демнен байқалады. Ол процеске кеуде, мойын бұлшық еттерi қатысады. Тыныс алу мен тыныс қайтару процестерi әлбетте бiр мезетте болады. Бiрақ өкпе керiлiп, қысылмағандықтан өкпенiң вентиляциялық, желдету процесi қалыптан тыс қалады. Мал ессiз қалады, терiлерi бозарып, ерiндерi көгерiп кетедi. Әлсiз соққан қантамыры, тек қана күре тамырдан байқалады. Кеудесiне құлақ қойып тыңдасаңыз жүрек соғуы тым әлсiз, төмендеген болып шығады. Тыныс әрекетi жиiлегенмен, аздан соң бiржола тоқтап қалады. Осындай қатерлi кезде оттегiнсiз қалған торшаларда қышқылданбаған улы заттардың көлемi ұлғая бастайды. Жанталас жағдайына ұшыраған малдың өмiрi қысқа. Жүрек және өкпе мүшелерi өзiне тән қызметтерiн атқара алмағандықтан, мал ендi клиникалық өлiм жағдайына ұшырайды.
Клиникалық өлiм жағдайы. Бұл жағдайды өлiм мен өмiрдiң таласу кезеңi деп атауға болады. Клиникалық өлiм жағдайына жеткен жануардың орталық жүйке жүйесiнiң, торшаларының қызметi тоқталғаны, қан айналымы және жүрек, өкпе қызметтерiнiң тоқтап қалғанғанын көрсетедi. Орталық ми, қан айналымы, жүрек, өкпе қызметтерiнiң тоқтағаннан соң клиникалық өлiм жағдайының созылу мезгiлi 4-7 минуттан аспайды, ал гипотермия (дененiң жылулығын 370 -тан 25-260 шейiн төмендеткен) кезiнде осы уақыт 1 сағатқа созылуы мүмкiн.
Клиникалық өлiм жағдайына ұшыраған жануардың қан айналымы және тыныс алу процесi бiржола тоқтайды. Организмдегi рефлекстер де жойылады. Бiрақ кейде мүшелерде зат алмасу процестерi аз да болса жойыла қоймайды. Әсiресе ми торшаларының оттегi жетiспегендiктен, жүйке торшаларының өмiрiн сақтау үшiн гликоген пайдаға аса бастайды. Бiраздан соң, ми торшаларындағы гликоген қоры таусылып, АТФ-тiң көлемi азайғандықтан, жүйке торшалары өлiм жағдайына ұшырайды. Көптеген торшалар әсiресе жүйке торшаларының қалыпқа келу мүмкiншiлiгi жойылғандықтан, ендi нағыз өлiм, яғни биологиялық өлiм жағдайы болады. Бұл кезде өмiрге қайта келу, тiрiлту мүмкiндiгi тумайды. Клиникалық өлiм кезiнде тiрiлтiп, өмiрге қайта келтiруге болатын болса (4-7 минут iшiнде), биологиялық өлiм жағдайына ұшыраған жануарға ешбiр көмек керек емес.
Жүректiң тоқтап қалу себептерi көп. Соның бiрi -- систолия (жүрек бұлшық еттерiнiң әлсiздiгiнен жиырылу шамасының жоқтығы), екiншiсi - жүректiң фибрилляция жағдайы (жүректiң бұлшық етiнiң талшықтар шоғырының өз бетiмен жиi-жиi тез жыбырлап тартуы). Жүрек фибрилляциясының пайда болуына организмде оттегi жетiспегендiктен (гипоксия), организм уланғандықтан, механикалық немесе электр тоғымен жүректi қоздыру кезiнде, малдың дене жылулылығын (гипотермия) цельсий бағанасы бойынша 25 градустан төмендетiп жiбергенде пайда болады. Жүрегi ауруға шалынған жануардың аяқ астында өлiп кетуiне себепкер болатын жәйдiң бiрi -- осы жүректiң фибрилляция жағдайына ұшырауында болады. Электр тоғының күшi 3-5 ампер болып, кеуде төңiрегiнен өткенде жүректi фибрилляция жағдайында соқтыруы мүмкiн.
Жануардың тыныс алуының бұзылуына да көптеген себептер бар. Мысалы, жайбарақат ойнап жүрген бұзаудың аузындағы бөтен зат байқаусызда кеңiрдекке өтiп кетiп, тiрелiп қалса, тыныс жолдары жабылғандықтан бұзау дем ала-алмай, тұншығып өлiп кетуi де мүмкiн. Оның себептерi де көп. Соның бiрi өкпеден өтетiн қан тамырының жетiспеушiлiгi болса, ендi бiр кезде өкпе торшалары желдендiру, газ алмастыру қабiлетiнен айырылып қалуынан да болады. Өкпе қызметiнiң шамасын, мүмкiншiлiгiн және кемiстiгiн артериялық қандағы оттегi (О2) және көмiр қышқылы (СО2) газдарының парциалдық қысымынан бiлуге болады.
Терминалдық жағдайға ұшыраған жануарды емдеу принциптерi. Терминалдық жағдайға ұшыраған малға ветиринарлық көмек көрсету кезiндегi дәрiгерлiк көмек- организмге керегiнше оттегiн жiберiп, әлсiреп бара жатқан мүшенiң қызметі, әл беру болып саналады.
Жануарды терминалдық жағдайдан құтқару үшiн кешендi емдеу әдiстерiн қолданып, жүректi тiкелей немес сырттай сылап (массаж), өкпенiң вентиляциялық қызметiн, жүрек фибрилляциясын қалыпқа келтiрiп, қан тамыры арқылы, қан немесе қан орнына құйылатын сұйықтар жiберiлiп отырады.
1. Жүрек массажы ашық (тiкелей - кеуде қуысы ашылып жүректi саусақтармен қысып) немесе жабық (алақанмен кеуденi сыртынан сылау арқылы) түрлерi қолданылғанда осымен бiрге, бiр мезгiлде өкпенi қосымша жасанды үрлеу әдiсi және қан тамыры арқылы интенсивтiк дәрi құю емi жүргiзiлiп отырады.
2. Жүрек фибрилляция жағдайына ұшыраған кезде ем - электрлiк дефибриллятор аспабы арқылы жүргiзiледi. Ол үшiн дефибриллятор электрод - тарының бiрiн жануардың сол жақ жауырынының астына жабыстырып, екiншi электродын кеуденiң үстiне жүрек төңiрегiне орналастырып, электр тоғын жiбергенде, ессiз жатқан мал тiтiркенедi. Жүректен өткен электр тоғын өз бетiмен қалай болса солай жиырылып тұрған жүрек еттерiнiң талшықтарын бiрқалыпқа, барлық тарам еттер бiрдей жиырылып, бiрдей босаңситын жағдайға келтiрiп, жүректiң бiркелкi қызмет атқаруына себепкер болады.
Дефибриллятор аспабын қолдана отырып, жануардың денесiне қан тамыры арқылы дәрiлер жiберiледi. Ол үшiн натрий хлорының 5 проценттiк ертiндiсiн және новокаин 1 проценттiк ертiндiсiн 5-10 мл мөлшерiнде бередi. Жүрек етiне зиянды әсер болғандықтан 5 процент натрий хлоры ерiтiндiсiн құйғаннан кейiн, сол мезетте кальций хлорының 10%-тiк ерiтiндiсiнен жануардың әр килограмм салмағына 0,25 мл ерiтiндiсiн құйып отырады. Мысалы, жануардың салмағы 60 килограмм болса, сонда 60 кг 0,25 мл (СаСI2 = 15 мл) құю керек. Соңғы жылдары жануардың кеудесiне арнайы электрлi қоздырғыш орнатып, осы қоздырғыш жүректiң қызметiн жақсартатындай жағдайға жетiп жүр.
3. Күре тамырдың өзегiне қысыммен қан жiберу әдiсi. Бұл әдiстi қолдану арқылы әсiресе талу, жанталас алдында, жанталас үстiнде және клиникалық өлiм жағдайында жатқан жануардың жағдайын тез арада жақсартуға болады. Күре тамыр өзегiне қысыммен енгiзiлген, қан тамырлары iшкi бетiнде орналасқан хемо және барорецепторларды қоздырып, жүрек тамырлары қызметiнiң әжептәуiр жақсарып қалғанын, жүрек етi, қан айналымының өзгере түскенiн байқауға болады. Сынап бағанасы бойынша қысымы 160-180 мл жеткiзгенде артерия тамырына енгiзiлетiн қан талып жатқан және жанталас алдындағы жағдайға ұшыраған жануардың жағдайын жақсартса, 200-220 мл жеткiзгенде жанталас үстiнде, яки клиникалық өлiм халiнде жатқан жануарға жан бiтiрiп, тiрiлтiп алуға мүмкiншiлiк туғызады. Жүректiң және қан тамырларының қызметiн жақсарту үшін құйылатын қанның 200 мл 1:1000 норадреналин дәрiсiнен 0,5-1,0 мл қосып отырған жөн. Қанды сан артериясына, иық артериясына немесе басқа артерияға 250-500 мл-ден енгiзгенде жүрек қызметi өз қалпына келедi. Ал жануар қан жоғалтып, қансыраған кезде, оған қосымша веналық қан тамыры арқылы қан енгiзу ауру малдың жағдайын айтарлықтай жақсартады. Артерияның өзегi арқылы құйылған қанның жалпы көлемi көп болмағаны жөн. Себебi, артық көлемнен қан құйылса, жүрек фибрилляция жағдайына ұшырайтынын есте сақтаған жөн. Ауру малдың жағдайына байланысты малдәрiгерi сол жануарға қан тамырларының өзегiн жиырып, жiңiшкертетiн дәрiлер, талмаға қарсы берiлетiн сұйық дәрiлер, қанды алмастыратын сұйық заттар, гормоналдық заттар, витаминдер тағайындап отырады.
Соңғы жылдары, терминалдық жағдайға ұшыраған жануардарды емдеу үшiн, сан және мойын көк тамыры арқылы түтiк енгiзiп, берiлетiн қанды "жүрек-өкпе" аспабының көмегi арқылы оттегiмен байытып, осы аталған артериялар арқылы құйғанда жануардың жағдайын жақсартатыны байқалып жүр.
Анестезиология және реанимация бөлiмшесiнде әр түрлi зерттеулермен бiрге, сан қилы емдеу процестерi де жүргiзiледi. Емдеу процестерi жануардың қызуы қатты көтерiлiп кеткенде, жүрек инфарктiсi, талмалар (бауырлық, гипотермиялық) жағдайында, перитонит, суға кетiп тұншығу, электр тоғынан жарақаттану, бас зақымдалғанда, химиялық заттармен уланғанда, iш жүрмей қалғанда, бүйрек қызметi әлсiрегенде көмек көрсетуге арналған.
Сонымен бiрге анестезиология және реанима - тология бөлiмшесi ауру мал талма жағдайына ұшырағанда жедел көмек көрсетедi. Талманың неше түрлiсi болады: кардиогендiк талма, септикалық талма, анафилактикалық талма және жарақат - танудан пайда болатын талма. Осылардың бәрiне тоқтамай тек қана жарақаттану талмасын тоқатағанды жөн көрдiк.
Жарақаттану талмасы. Жарақаттану салдарынан жануардың бүкiл тiршiлiгiне қатысы бар мүшелерiнiң нашарлануын, әлсiреуiн - жарақаттану талмасы деп атайды. Мал мүшелерiнiң мұндай нашарлауы алдымен бас миындағы орталық жүйке жүйесiнiң қалыптан тыс жағдайға ұшырауынан болады. Қиын және ұзақ операциялар кезiнде, операциядан кейiнгi мезетте талма жағдайы байқалса, оларға дер кезiнде көмек көрсетiлмесе осындай жағдайға ұшырауы мүмкiн.
Айта кеткен жөн, аурудың бұл түрiне дәрiгерлер ерте кезден өзiнде-ақ көңiл бөлген. 1737 жылы француз ғалымы Le Gran оның неше түрлi белгiлерiне сипаттама берiп, осындай жағдайға талма деген атау бередi. Талма жағдайына малды емдеу үшiн тыныштық керек деп, спирттi iшiмдiк және апиын (опий) ұсынған орыс дәрiгерi П.Савенко 1834 жылы мұндай жағдайға ұшыраған ауру малдың ең әуелi орталық жүйке жүйесiнде өзгерiстер бар, соның қызметi нашарлағандығынан ауру малдың жалпы жағдайы төмендейтiндiгiн айтқан екен. "әскери-далалық жалпы хирург бастамасы" атты кiтабында Николай Иванович Пирогов талма жағдайына ұшыраған ауру адамның классикалық белгiлерiн анықтап, басқа ауруларға қарағанда өзiндiк өзгешелiк, айырмашылығы бар екенiн көрсете бiлген. Н.И.Пирогов талма жағдайы екi түрге, яғни эректиль және торпид фазаларына бөлiнедi деген. Мұндай жағдайға ұшыраған ауру адамның ағзасында болатын өзгерiстердi анықтау жолында орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Н.С.Введенский үлкен еңбек еттi, айтарлықтай жаңалықтар ашты.
Дегенмен, осы мәселеге көңiл бөлгендер саны көп-ақ, бiрақ ешқайсысы тұжырымды шешiм айтпайды, оның неден, қалай пайда болатынын, ағзада туатын өзгерiстердi ғылыми тұрғыдан анықтап бере алмады. Сондықтан аталмыш мәселеде көптеген теориялар да пайда болды. Өйткенi әртүрлi зерттеушiлер мен ғалымдардың ой-пiкiрi бiрiне-бiрi қайшы келiп, әрқайсысы өз ой-пиғылын өз түсiнiгi бойынша дәлелдедi. Ендi сол ғалымдардың еңбектерiн екi топқа бөлуге болар едi. Аналитиктер тобына жататын ғалымдардың еңбектерiнiң кейбiрiне тоқтайтын болсақ, соның бiрi Е.Кеню деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық өлім жағдайындағы (шок, коллапс, талу, тұншығу, күн өту, ыстық өту) жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Жануарлардың азықтардан улануы
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Неврологиялық аурулар
Эпилепсия
Эпилепсия шабуылдарының жіктелуі
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ-2 ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Хирургиялық инфекцияның туындалуы мен жіктелуі
Тері астылық
Пәндер