Хирургиялық инфекцияның туындалуы мен жіктелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Хирургиялық инфекцияның туындалуы мен жіктелуі
2. Хирургиялық инфекцияның этиологиясы және зерттелуі
3. Макроорганизмнің денесіне енген қоздырғыштарға қарсы әсері және ағзадағы жалпы өзгерістер
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе
Алғашқы рет ғылымға инфекция (лат. infectio-жұқтырамын) терминiн 1842 жылы Хуфеланд енгiзгенi белгiлi.
Жалпы инфекция дегенiмiз жануар организiмi (макроорганизм) мен зардапты қоздырғыштың бiр-бiрiне әсерiнен туындайтын жағымсыз процесс.
Хирургиялық ауруларды жануар организмiне енген қоздырғыштардың ісiнуiне байланысты онда бiр қатар патологиялық ізгерiстердiң дамып пайда болуы хирургиялық инфекция деп тiркеуге болады. Атап айтқанда хирургиялық инфекция макроорганизм мен микроорганизмнiң арасында дамитын биологиялық процесс, ал инфекцияның шығуы осы екеуiнiң бiр-бiрiмен күресiнiң нәтижесi. Олай болса инфекциялық процестiң дамуы оны тудыратын қоздырғыштың түрiне, уыттылығына және макроорганизмге, оның инфекцияға қарсы тұратын қозғалыс күйiне де байланысты екенi жалпы биологияның заңдылығы.
Хирургиялық инфекция жануарлардың жұқпалы емес (терi және оның астындағы ұлпалардың бүтiндiгi бұзылып қоздырғыштар енген), кейбiр жұқпалы инфекциялық ауруларда (бақайқұрт, актиномиялық т.б.) етек алады. Соңғы аталған iндеттi аурулардың кешендi емдеудiң iшiнде хирургиялық ем басым болса, қоздырғышы iндеттi ауруды тудыратын болса да хирургиялық инфекцияға жатады.
Хирургиялық ауруларға жануар көбiнесе жарақаттанудан кейiн шалдығады. Оған операция жасау жолымен ғана сырқаттың жағдайын түзетуге болады. Iсiну, қабыну процесiне қоздырғыштар кiнәлi. Хирургиялық аурудың пайда болуының тағы бiр себебi, қатерлi iсiктiң (рак) зардабынан ағзадағы патологиялық өзгерiс қан айналымына әсер етiп, оны нашарлатады, соның салдарынан хирургиялық ауру пайда болады да, оны тек операция жолымен емдеуге душар етедi.

II. Негізгі бөлім
1. Хирургиялық инфекцияның туындалуы мен жіктелуі

Инфекциялық патпроцестерi тудыратын қоздырғыштар табиғатта, жануарды қоршаған ортада кең тараған және олар сау жануардың терiсiнiң, шырышты қабықтарының бетiнде әр түрлi микроорганизмдердiң ісiп өнуiне себеп болды. Хирургиялық инфекцияның дамуы оны қоздыратын қоздырғыштарға байланысты жiктеледi. Негiзiнен қоздырғыштар организмге қоршаған ортадан енедi. Мұндай жағдайдан туындаған хирургиялық ауруды экзогендiк инфекция деп атайды. Сау жануарлар қоздырғыш паразиттi алып жүрiп, қорғаныс күштерiнiң әлсiреген кезiнде, әлгi қоздырғыштың уыттылығының күшеюiнiң нәтижесiнде ауруға шалдығуы мүмкiн.
Мұндай құбылыс эндогендiк инфекция, болмаса аутоинфекция деп атайды. Эндогендiк инфекция күшейiп алған қоздырғыштың экзогендiк инфекция тудыруы жиi байқалады. Хирургиялық патологиялары инфекцияның енген жолы белгiсi болғанда оны криптогендi инфекция деп атайды.
Табиғи жолмен адамның араласуынсыз болған инъекцияны спонтандық деп атайды. Ал кейбiр хирургиялық аурулар (сақау, бақайқұрт т.б.) кезiнде қоздырғыш енген жерiнде қалып, сол жерде шоғырлана ісiп-өнсе де, оның уының қан арқылы денеге тарауының нәтижесiнде дерт бүкiл организмдi жайлап алады. Мұндай құбылысты токсикоинфекция деп атайды. Ал ендi қанға түскен қоздырғыш қанда ісiп-өнсе, ол бүкiл организмдi тез жайлап алады да, дерттi тым асқындырып жiбередi. Мұндай жағдайда сепсис немесе септицемия деп атайды. Егер инфекцияны қоздырғыштардың бiр түрi ғана қатысып дамытса - моноинфекция, оны бiрнеше түрлi қоздырғыштар дамытса - полиинфекция болып аталады. Ауруды қоздырғыштардың бiрнеше түрi туғызып, оған басқа түрлi қосымша қоздырғыштар келiп қосылса, инфекция асқына түседi. Осындай кезде инфекцияны алғашқы болып тудырған қоздырғыштар макроорганизмдi әбден әлсiретiп, оның қорғаныс күшiн кетiре бастайды. Осылай қоздырғыштар қосарлана берсе, алғашқы инфекцияның дамуына толық мүмкiндiк туып, көбiнесе асқынуға әкелiп, ауру өте шиеленсiп өтiп, емдiк шаралардың да нәтижесi төмен болады.
Жануарлар денесiнiң терiсiнде және сыртпен байланысы бар ұлпаларда немесе ағзаларда (көз алмасының кiлегей қабығы, қасаң қабық, сыртқы құлақ, ауыз қуысы, тiк шек, зәр-жыныс жолдары) қоздырғыштар шоғырланып ісiп-өнуiне қолайлы факторлар болса инфекция туындап өршуi мүмкiн.
Қоздырғыштар жануарлар организмiне тек зақымданған, сыдырылған, жарылған терiмен, кiлегей қабықтар арқылы ғана енедi. Мысалы, терiнiң бүтiндiгi бұзылмағанда газды гангрена туындайды (сiреспе) - сiреспе, бақайқұрт т.б. хирургиялық инфекция дамиды. Ал кiлегей қабықтар зақымданғанда қоздырғыштар ағзалар мен ұлпаларға кедергiсiз енедi де (тұмау, бруцеллез, актиномикоз), хирургиялық инфекция тудырады. Кейбiр қоздырғыштар тыныс жолдарымен (туберкулез т.б.), немесе ас қорыту жолдары арқылы азықпен бiрге организмге түседi (дизентерия, сальмонеллез т.б.).
Хирургиялық инфекцияда, қоздырғыштар организмге енiп, дерттiң алғашқы белгiлерi пайда болғанға дейiнгi созылатын уақыт - инкубациялық кезең деп атайды. Қоздырғыштың түрiне, уыттылығына байланысты ол бiрнеше сағаттан айларға дейiн аралықты ітуде мүмкiн.
Жануарлар организмдегi (Үлпаларға, ағзаларда) жасырын жатқан қоздырғыштарды, яғни клиникалық бейнелерi айқындалмаған инфекция түрiн жасырын инфекция дейдi. Қолайлы жағдайда макроорганизмнiң күшi әлсiреген мезгiлде (операция, жарақат, стресс т.б.), олардың уыттылығы күшейiп хирургиялық инфекция туындайды. БҮндай қҮбылысты жасырын микроорганизм деп атайды.
Жасырын инфекция ертеде болған аурудан кейiн жануар организмiнде қалған қоздырғыштар. Олар ұлпаларда қалған бөгде заттардың (шiрiген бөлiктер) маңайына немесе тыртықтанған ұлпаларда, сөл бездерiнде, ретикуло - эндотелия жүйесiнде шоғырланып, шектелiп (қабықтанып) қалады. Жоғарыда айтқандай жасырын инфекцияның бұл түрiде қолайлы жағдай туғанда уыттылығы күшейiп аурудың белгiлерiн бередi.
Хирургиялық инфекцияның өтуiне, iрiңнiң пайда болған ұлпаның аумағына және туындататын қоздырғышына байланысты - жергiлiктi және жалпы хирургиялық инфекцияға жiктеледi.
Хирургиялық iрiңдi аурудың пайда болған жерiне, iрiңнiң шығу кезiне байланысты хирургиялық инфекция бiрнеше түрге бөлiнедi (аэробты, анаэробты, шiрiктiк):
- iрiңдi аурулар да (шиқан, карбункул, флегмона, остеомилит);
- iшкi мүшелердiң кенеттен хирургиялық ауруға ұшырауы (перитонит, панкреатит, менингит, өкпе абсцесi және гангренасы);
- операциядан кейiн жаралардың iрiңдеуi;
- ашық және жабық жарақаттанудан кейiн жануарлар ұлпасының iрiңдеуi.
Аурудың клиникалық бағытына және мүшелердегi патология - анатомиялық өзгерiстерiне қарай барлық қоздырғыштар мына төмендегi торапқа кiрдi:
- кенеттен пайда болған хирургиялық инфекция;
- созылмалы хирургиялық инфекция;
- кенеттен пайда болған хирургиялық инфекция төмендегiдей жiктеледi;
- iрiңдi аэробтық инфекция;
- анаэробтық инфекция;
- тәндi хирургиялық инфекция (сiреспе, актиномикоз, бақайқұрт т.б.)
- шiрiмелi инфекция.
Созылмалы хирургиялық инфекция тәндi емес және тәндi ерекшелiгi бар инфекцияға жiктеледi.
Созылмалы өтуiне тән ерекшелiгi бар инфекция (туберкулез, актиномикоз аурулары).
Хирургиялық инфекция эксудатына байланысты екiге бөлiнедi.
- кенеттен пайда болған iрiңдi инфекция. Мұның өзi жалпы және жергiлiктi болып тағы білiнедi;
- созылмалы iрiңдiк инфекция. Ол да жалпы және жергiлiктi болып бөлiнедi.
Қоздырғыштар мал денесiндегi түскен орнына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:
- Терi, терi астындағы май инфекциясы.
- Бас терiсi мен оның аумағындағы инфекциясы.
- Мойын аумағындағы инфекциясы.
- Кеуде, өкпе, плевра инфекциялары.
- Кеуде қуыс инфекциясы.
- Жамбас және жамбас iшiнде орналасқан мүшелер инфекциясы.
- Сүйек, буын инфекциялары.
Хирургиялық инфекцияны жiктегенде хирургиялық ауруды тудыратын, оның пайда болуына себеп болатын қоздырғыштарды да бiрнеше түрге бөлген жін:
а) стафилококктық инфекция.
ә) стрептококктық инфекция.
б) пневмококктық инфекция.
в) коли бациллярлық инфекция.
Хирургиялық инфекцияның өтуiне келсек, сыртқы немесе iшкi әсерге байланысты ағзада реакция пайда болады. Ағза iшiне енiп алған зардапты қоздырғыштардың күшi сыртқы ағзаға реакция беретiндей әсер етедi. Қоздырғыштардың кiруiне байланысты хирургиялық аурулар пайда болады. Сонымен, кейбiр хирургиялық ауру түрiнiң жабысуына, жануар ағзасы мен қоздырғыштардың өзара қарым-қатынасы себеп болады. Ағзаға жабыспаған қоздырғыштар сөзсiз ауруға шалдықтырмайды. Ал аурудың пайда болуы ағзаның қоздырғыштарға қарсыласу күшiнiң төмендiгiнен, әлсiрегендiгiнен, олардың саны мен уыттылығының (ауру қоздырғыш күшi) көптiгiнен жануардың iшкi дүниесiне қоздырғыштың енуi үшiн, оған жол керек, яғни "есiк" керек. Сол "есiк" ретiнде жараланған терi арқылы немесе бүтiн шырышты қабықтың тұтастығы бұзылған жерден ағзаға қоздырғыштар түседi. Хирургиялық инфекция, жануарды хирургиялық ауруға шалдықтырмау үшiн, сол жануардың ағзасындағы қоздырғыштар қарсыласу күшiн нығайтып, терi мен шырышты қабықты таза ұстап, оны жаралану, жарақаттанудан сақтау керек, жаралы жерге түскен қоздырғыштарды хирургиялық жолмен жою керек.
Хирургиялық инфекцияның күшi басым болып, ағза қарсылық жасай алмағанда, жануар ауруға шалдығады. Жануарға көмек ретiнде тағайындалған дәрiлер, бiр жағынан оның иммундық жүйесiнiң қоздырғыштарға қарсыласатын күшiн күшейтуге бағытталған болса, екiншi жағынан, олар ағзаға түскен қоздырғыштардың ісуiне бөгет жасайды. Дәрiлер iшiндегi қайсы бiр антибиотиктер қоздырғыштың ағзада ісiп-өнуiне, қажеттi зат алмасу процесiн болдырмайды. Зат алмасу процесi бұзылмағандықтан, ісiп-өне алмайды. Қабыну процесiнiң жаңа басталған кезiнде қолданылмаған антибиотиктер, қоздырғыштардың ісуiне тосқауыл жасағандықтан, қабыну процесi тоқтап қалады. Яғни организм аурудан айыға бастайды. 1940 жылдары антибиотиктер тобы ендi-ендi зерттелiп, емханаларда қолдана бастағанда мал дәрiгерлерi инфекциямен күресудi бiраз жақсартқан болатын. Бiрақта жыл өткен сайын оларға артқан үмiт толықтай ақталмады. Себебi, қоздырғыштардың кейбiр түрлерiне антибиотиктер әсерi азаяды. Бұл жайт ғалымдардың назарына тағы да iлiктi. Ұзақ iзденiстер қоздырғыштарға қарсы күрес жүргiзе алатын клиникалық иммунологияның тууына себеп болды. Клиникалық иммунология ғылымының өкiлдерi - иммунитет жүйесiн, хирургиялық аурулары бар сырқаттарды жан-жақты тексеру әдiстерiн ұсынып, инфекцияларға қарсы ағзаның иммундық күшiн анықтау, зерттеу және күшейту жолдарын iздеуде. Бұл ғылымның келешегiне қазiр зор үмiт артылып отыр. Соңғы жылдары хирургиялық көмекке кеңейтiлiп, ветеринарияда жүрек пен өкпеге, бауыр мен iрi қан тамырларына, операциялар жасалынуда. Дегенмен де, әрбiр хирург операциядан кейiн жараның iрiңдеуiнен қауiптенедi. Жара асқынса, iрiңмен бiрге қоздырғыштар қан айналымына түсiп, сепсис жағдайына ұласып кетсе, оның соңы өлiмге душар етуi мүмкiн. Операциядан кейiн құйылған қан және оның сұйықтарын, витаминдер, неше түрлi гормональдық дәрiлер ағзаның иммундық қуатын арттырып, қоздырғыштарға қарсыласар мүмкiншiлiгiн молайытқанда барып, жаралардың iрiңдемейтiнi, асқынбайтыны жалпыға белгiлi. Кенеттен пайда болатын инфекция кезiнде қоздырғыштың жараны iрiңдетпеу, жарада ісiп-өнбеу жағына күш салған жөн. Жаралану, жарақаттануды болдырмау үшiн нендей шара қолдану керектiгiн мал дәрiгерi кеңiнен насихаттап, ондай малға ветеринарлық көмектi жедел көрсету, операция жасау кезiнде асептика заңын бұзбай, онда көрсетiлген тәртiптен тыс кетпеу керек.
Жаралы жерге қоздырғыштар сырттан (экзогендiк жол) және iш құрылымы (эндогендiк жол) арқылы келiп түседi. Қоздырғыштар қабынған мүшелерге қан арқылы ағзаға түспей тұрып, сол мүшенi операцияға дейiн жан-жақты емдеу керек. Қоздырғыштар жараға сырттан (ауа, аспап, түтiк) енбес үшiн және енген қоздырғышты жою үшiн хирургиялық клиниканың жұмысын дұрыс ұйымдастырған жөн. Бұған малдың күтiмiне көңiл бөлу, асептикалық заң бойынша қызмет ету, яғни жараланған жануардың жарасына жасалатын емдi тезiрек қолға алып, оны қоздырғыштан таза ұстау кiредi.
Жануардың жарасы iрiңдесе, қоздырғыштардың уыттылығы қан тамырлары арқылы iшкi ағзаларға енсе соңы септицемияға айналса, ондай малдың жағдайы нашар деп бағаланады.
Себебi iрiңдеген жарадан улы заттардың бүкiл жануар организмiне таралуынан ол өлiп кетуi де мүмкiн. Сол себептi жарасы iрiңдеген жануарды бөлмелерi кең, таза, жарық, ауаны алмастырып тұруға ыңғайлы мал дәрiгерлiк клиникаға орналастырып жедел емдеу керек. Мұнда дәрi-дәрмектермен қоса витаминдер, микроэлементерге байытылған, қуаты жоғары азықтармен қамтылған жөн. Iрiңдеген патпроцестерге ем дұрыс жүргiзiлу үшiн клиникаға мал дәрiгерлерi (тәрбиесi мол дәрiгермен) жиi кездесiп ақылдасып (консилиум) тұрса жұмыс нәтижесi болатыны сөзсiз. Ветеринариялық клиникаға дәрiгер хирург iрiңдi патологияға ұшыраған жануарды ең соңынан қабылдайды. Ондай жануардың жарасын байлап-таңу, операция кезiнде асептика заңын мұқият сақтау қажет. Себебi iрiңдi қосымша қоздырғыштар түссе, ауру жануардың жағдайы тiптi нашарлауы мүмкiн.

2. Хирургиялық инфекцияның этиологиясы және зерттелуі

Барлық клиникалық пәндердегi сияқты хирургиялық инфекцияның этиологиясы дегенiмiз аурудың туу себебiн, немесе ауру себептерiн зерттейтiн болса, зерттену (патогенез) деп патологиялық процестiң дамуын және оның барысын бақылауды айтады. Ендi қоздырғыштар пайда болған да, ағзада байқалатын өзгерiстерге шолу жасайық. Ең алдымен этиология және патогенез дегенiмiз не. Сол сөздердiң мағынасы жөнiнде бiрер сіз. Этиология аурудың туу себебiн, немесе ауру себептерiн зерттейтiн ғылым болса, патогенез деп аурудың дамуын және оның барысын зерттейтiнiн айтады. Ендi микробтар пайда болғанда, ағзада байқалатын өзгерiстерге тоқталмақпыз.
Жараның iрiңдеуi немесе iрiңдi аурулардың пайда болуы көптеген микробтардың кесiрiнен, әсiресе, стафилококк, стрептококк, таяқша тәрiздi бактерия, яғни iшек таяқшасы, пневмококк т.б. әсерiнен. Iрiңдеген жарада кейде бiрлесiп өмiр сүрiп жатқан аэроб микробтармен бiрге анаэроб микробтарын да кездестiруге болады.
Жараны қабындырып, оны iрiңдетiп жiберетiн микробтардың арасында жиi кездесетiн микробтың бiр түрi - стафилококк. Стафилококктардың алтынға ұқсас жылтыр түрi, сары түрi, ақ түрi болады. Стафилококк- ауада, жерде, төңiректе кең тараған микроб. Ол ауа бар жерде де, ауа жоқ жерде де өсiп-өне бередi. Осы микробтар жануардың денесiнде, әсiресе терiсiнде орналасқандықтан, дененi таза ұстау, немесе күтушi тазаласа микробтарды болдырмаудың бiрден-бiр кепiлi. Көп уақыт бойы тазаламай жүрген жануардың терiсiнде стафилококк микробтарының өсiп-өнуiне қолайлы жағдай туады. Демек, аурудың пайда болуына, шиқан шығуына себепкер болатын да осындай ластық. Жануар абайсызда терiсiн жырып алса, немесе қышынғанда тырнайтын болса, дәл сол жерде де стафилококк өсiп-өне бередi. Бұл микроб химиялық заттарға ерiмейдi, оны күйдiру мүмкiн емес, ыстыққа өте шыдамды. Ағзаға кiрiп стафилококк улы заттар шығарып, солар арқылы қанның қызыл түйiршiктерiн зақымдап, ферменттердiң быт-шытын шығарады және денедегi белоктарды ұйытып, оған да елеулi зиянын тигiзедi. Iрiңнiң iшiнде жүзiп жүрген стафилококк микробтары өте қауiптi, сондықтан iрiңнен сақтану - жануар денсаулығын аурудан сақтандырудың бiрден-бiр жолы.
Стрептококк қабыну процесiн iрiңдетумен тынады. Ол із тiршiлiгi үшiн ауаны, оттегiнi пайдаланады. Сондықтан бұлар табиғат құбылыстарына өте төзiмдi келедi. Мысалы, топырақ кеуiп қалғанда да ондағы стрептококтар өлмейдi, қайта өнiп жатады.
Стрептококк енген жерде қабыну процесi басталып, жалқаяқ пайда болады. Денеге сiңсе белоктарды iрiтiп, қабыну процесiне тез шалдықтырады, не жергiлiктi, не жалпы жағдайына (сепсис) ұрындырады. Ағзаны уландырып, жануардың жалпы жағдайын нашарлататын да осы микроб. Ол тек қана iрiңдету процесiне себепшi болып қана қоймайды, сонымен бiрге тiлме, эндокардит ауруларының пайда болуына әсер етедi.
Iшек таяқшасының микробтары iшектiң өзегiнде, жануардың терiсiнде, тісiнде және дәретханаға барғаннан кейiн қолын жумаған адамдарда жиi кездеседi. Iшек таяқшасы табиғатта кең тараған, табиғат құбылысына шыдамды, ауалы жерде де, ауасыз жерде де өсiп-өне бередi. Денеге енген жерiнде қабыну процесiн iрiңдетiп қана қоймай, сол жерлердi шiрiтiп жiберуi де ықтимал. Жануар iрiңдi перитонот ауруына шалдыққанда iрiң құрамынан, стафилакокк, стрептококк микробтарымен бiрге өсiп-өнiп жатқан iшек таяқшасын да табуға болар едi. Iшек таяқшасы iшек өзегiнен тамыр өзегiне оп-оңай өтiп кетедi. Қан өзегiне түскен iшек таяқшасы ауырған малды жалпы iрiңдi инфекция жағдайына (сепсис) ұшыратып, ол жануардың ендi жазылар-жазылмасын ешбiр мал дәрiгерi кесiп айта алмайтындай күйге душар етедi.
Пневмококк жануардың барлық мүшесiне ауру туғызатын қатерлi микроб. Қабыну процесi кезiнде ұлпалар фибринге (қанның белокты талшығы) толып кетедi. Өкпе, буын, ми қабығы, басқа мүшелерге қарағанда, осы микроб салдарынан қабыну процесiне жиi ұшырайды. Егерде менингит, перитонит, артрит аурулары пневмококктiң кесiрiнен пайда болса, ондай жағдайда жануарларды операция жолымен емдемей, әртүрлi дәрi-дәрмектермен емдеген жөн. Жануар ағзасында белгiлi бiр өзгерiстер туғызатын көк iрiң таяқшасы дейтiн де микроб бар. Осы микроб денеге енген жерiне фибриноздық iрiңдеу, қабыну процесi басталып, жараның аузын бiтеп, ұзақ емделуге мәжбүр етедi. Жануардың денесiндегi терiлерде орналасып, әсiресе тер безiмен өтетiн көк таяқшасы сыртқы құбылысқа шыдамды келедi. Бiр жануардан екiншi жануарға тез жұғатындықтан, жұқпалы ауру да туғызады. Көк iрiң таяқшасы орналасқан iрiңнiң түрi де көк-жасыл болып келедi. Сондықтан мал дәрiгерi оны зерттемей-ақ дәл ажыратып, тез таниды. Iлгерiде бiз iрiң процесi ауруының пайда болуына үш түрлi себеп бар дедiк. Бiрi - макроорганизм, яғни жануардың микробқа қарсыласу жағдайы, күшi болса, екiншiсi - микроорганизм, яғни микробтардың түрi, ағзаға әсерi мен мөлшерi. Аурудың пайда болуы осы екi күштiң бiр-бiрiне қайшы келуiнен, яғни қайсысы басым болса, сонысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Хирургиялық паразитарлық аурулардың алдын алудағы медбикенің рөлі
Анаэробтық клостридиялық инфекция
Жаралардың жіктелуі
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Гангрена ауруы
Сепсис туралы жалпы мәлімет
Остеомиелит
Сепсистің жіктелуі
Пәндер