Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы

№2 семестрлік жұмыс

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні

Тақырып: Қ. И. Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі Қазақстан өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Мамандығы: 5В071600 - Аспап жасау
Орындаған: Нұркаева Аружан
Группа: ПСк 17-1
Тексерген: профессор - Берлибаев Б. Т.
___________________ ___ ____________ 201__ж.

Алматы 2017
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Әлемге әйгілі Қаныш аға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Ұстаздық жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Жезқазғанды зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті ... ... ... ... ... ... . 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе
Ең бірінші Қаныш Имантайұлы Сәтбаев деген кім? деген сұраққа тоқталып кетсек. Ол - аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы. Туған жері - бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдар, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған іздері сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы - кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясын, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.
Көптеген мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.
Ол Қарағанды металлургия зауытын салуға, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институтының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды.
Ол - геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі, бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиум мүшесі. Ол төр рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Жеріміздің үсті де, асты да бай.
Менің геолог ретінде борышым - жер астындағы
қазбаны зерттеп табу, оның қорын анықтау.
Ал ғалым ретіндегі міндетім кен байлықтарын
халықтың игілігіне жарату.
Қ. И. Сатпаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. "Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын..."
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909-1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс - қазақ мектебінде оқып, 1918 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіреді. Одан кейінгі бірер жыл Семей қаласында, өз ауылында мұғалімдік қызмет атқарып, 1920-1921 жылдары Баянауыл ауданындағы 10-шы учаскісінің халық соты болды.
1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады.
Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі
Қаныш Имантайұлы студент болған жылдарда профессор М.А.Усов басқарған палеонтология және тарихи геология кафедрасының оқытушысы болған В.А.Хохлов (кейін ғылым докторы, профессор) "Студент Қаныш" атты естелігінде былай деп жазды: "Бұл өзі оқуға жан-тәнімен берілген студент болатын. Жалпы геология жөніндегі сабақтарда ол М.А.Усовтың тамаша ларын құмарта тыңдады... Екінші курстан кейін ол М.А.Усовтың дала жұмыстарына қатысты..."
Институтты бітіргеннен кейін Қ.И..Сәтбаев өзінің туған еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін оның геологиясын зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға арнап, барлау, ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға зор үлес қосты.
Ол 1920-1930-шы жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды.
1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақпай трестерінде геологиялық бөлімінің жетекшісі және бас геолог болған Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанның одақтағы ірі мыс рудалары бай аудандар қатарына жататынын бұлжытпай дәлелдеп, минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды.
Академик Қ.И.Сәтбаевтың көп қырлы талантының жарқын көрінісі - ол, ғылыми жұмыстардың ұлы ұйымдастырушысы болды. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады.
Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысқа 1941 жылы шақырылды. Осы жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының орынбасары болып сайланды.
1943 жылдан филиалдың төрағасы қызметін атқарды. Сол жылы Қ.И.Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды. Ол сол кезде КСРО-ға кірген күншығыс республикалары халықтары өкілдерінен шыққан тұңғыш академик еді.
1946 жылы 1 маусымда КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы негізінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясы (қазіргі ҚР Ұлттық ғылым академиясы) ашылуы республика өміріндегі аса көрнекті оқиға болды. Академияның тұңғыш толық мүшелері болып 14 адам - Қ.И.Сәтбаев; М.О.Әуезов; Ә.Б.Бектұров; Н.Т.Сауранбаев т.б. бекітілді.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев академия президенті ретінде ғылым мен өндірісті байланыстыруға, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге үлкен мән беріп отырды.
Ол өзі негізін қалаған Ұлттық ғылым академиясының 1946-1952 және 1955-1964 жылдар аралығында 16 жыл басқарды, ал геологиялық ғылымдар институтына үш жылдық үзілісті қоспағанда 1941-1964 жылдар үздіксіз жетекшілік етті.
Қаныш Имантайұлының пайдалы кендердің болжам карталарын құрастырудың методологиялық теориялық негіздерін айқындауға қосқан үлесі зор.
1958 жылы Қ.И.Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдарға Орталық Қазақстанның кешенді металлогениялық және болжам карталарын жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілді. Сол елуінші жылдардың өзінде-ақ кешенді металлогениялық болжам карталарды өндіріске енгізуге айтарлықтай нәтижелер берді: Сарыарқа аймағында қара, түсті, сирек металдардың жаңа кендері ашылды. Ашылған кендер мен руда белгілерінің 90%-і айтылмыш болжам карталардың негізінде анықталды. Қ.И.Сәтбаев сол кездегі Кеңес елінің жоғарғы марапат белгісі Ленин орденінің төрт рет иегері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері. Алайда осындай атақ-дәрежелерге қарамастан Қ.Имантайұлы әкімшілдік-әміршілдік жүйе орнатқан қоғамдық тәртіпке сенімсіз адам болып та саналған. 1940 жылдың соңы мен 1950 жылдың басында сталиндік билеу жүйесінің Кеңес мемлекеті зиялыларына қарсы басталған үшінші саяси қуғын-сүргін кезінде Қ.И.Сәтбаев оның құрбандығына шалына жаздады. 1964 жылы 31 қаңтар күні Москваның Кунцево деген орманды аймағына орналасқан Кремль ауруханасында Қаныш Имантайұлының жүрегі соғуын тоқтатты.
Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ұлы тұлға Қ.И.Сәтбаевтың есімі халқының жанында мәңгі сақталмақ. Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Алматы, Балқаш, Семей т.б. қалалардағы көшелерге, кіші планетаға берілген. Қ.Имантайұлының құрметіне Жоңғар Алатауы, жотасындағы мұздақ пен шың, Қаратаудағы ванадий кен орны рудаларында табылған "Сатбаевит" минералы "Академик Сәтбаев" гладиолус гүлі аталған. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сан қырлы талантын, ақыл ой парасатын туған халқының мерейін үстем етуге жұмсады. Оның өнегелі өмір жолы баршамызға үлгі. Белгілі қоғам қайраткері І.Омаровтың сөзімен айтсақ, "Қаныш қазақ топырағында туып, халқының сүтін ішіп, ер жетті де, сол халқының даңқын бүкіл әлемге көтерді. Өзі де сол шеңберде қалып қойған жоқ, дүние жүзіне белгілі болды."
XX жылдары В.И.Ленин көтерген деректерге байланысты Қазақстанда ұйымдастырылған Атбасарцветмет тресіне жас инженер Қаныш келді. Олардың да кен өндіру жұмыстары жедел дами бастады. Осы кезде алдына қойған мақсат - Жезқазған - Атбасар аралығында жатқан кен көздерін барлап, өндіріске қосу еді. Сондықтан жаңа келген жас инженердің алдында осы өңірдің барлық қазба байлықтарын (Байқоңыр, Қияқты көмірі, Ұлытаудың мысы, сирек металын, Жезқазғанның мысын ашу) үшін Жезқазғанда тұрақты геологиялық - барлау экспедициясын құру негізгі мақсат болды. 1931 жылдың аяғында Жезқазған зерттелген руда қоры бойынша еліміздің мыс кенінің ішінде 1-ші орынға шықты. Бұл кезде Жезқазған - Ұлытау аудандарын зерттеумен шұғылданып қана қоймай, Орталық және Шығыс Қазақстанда да барлау жұмыстарының дамуына белсене қатысты. Ол Атасудың темірін, мысын, қорғасынын, Атбасардың мысын, Торғайдың бокситін жедел барлап игеру қажет екенін көрсетті, Орталық Қазақстанда қара металлургия Индустриясын құру проблемасын көтерді. Жезқазған аймақтарының руда байлықтарын тез арада еліміздің халық шаруашылығына пайдалану үшін қажетті мына мәселелерді алға қойды:
1. Атасу темірлі аудан арқылы Қарағанды көмір бассейні мен
Жезқазған аралығынан темір жол салу;
2. Үлкен Жезқазған комбинатын салуға кірісу;
3. Комплексті геологиялық барлау жұмыстарын жедел
дамыту;
4. Жезқазған аудандарында ферро - марганец заводын және
басқа өндіріс орталықтарын салу;
5. Болашақ зор өндіріс комплексін тез арада сумен қамтамасыз
ету.
1937 жыл Қарағанды - Жезқазған темір жол құрылысы аяқталып, 1938 жылы Жезқазған комбинатын салу туралы үкімет қаулысы шықты. 1940 жылы Жезқазған - Ұлытау аймақтарын геологиялық зерттеудегі үздік жетістіктері үшін Қанышты СССР Жоғарғы Советінің Президиумы Ленин орденімен наградтады. Көп жылдар бойы өндіріс құру жұмыстарын басқарудағы, ауыр индустрияны (материалды) минералды шикізаттармен қамтамасыз етудегі қажырлы, жігерлі еңбегімен, парасаттылығымен көзге түсті. 1942 жылы СССР Ғылым Академиясы Қазақ филиалының председателі болып тағайындалды. 1946 жылы қыркүйекте еліміздің шығыс халықтары өкілдерінің ішінде 1-ші болып СССР Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Ғылым Академиясын басқара отырып, ғылымның барлық салаларында жас кадрлар тәрбиелеп, даярлауды басты мәселе деп есептеді және оған тікелей қатысты. Ғылыми кадрлардың саны және сапа жағынан өсуіне ерекше көңіл бөлді. Ғылым Академиясының қасында осы күнге дейін табысты жұмыс жүргізіліп келе жатқан аспирантура құрылды. 1944-1970 жылдар аралығында академия 1500 шамасында ғылым кандидаттарын, 150-ге жуық ғылым докторларын даярлап шығарды. Қаныштың үлкен қамқорлығы арқасында Қазақстанда геологиялық проблемалардың қандайын болмасын көтеруге және оған байланысты мәселелерді шеше алатын қабілетті ғылым докторлары даярланды. Ол өзімен кеңесушілердің жасына қарамай бәрін үлкен ықыласпен, бар көңілімен тыңдап, ақыл - өсиетін айтатын, үлкен - кішімен бірдей сыпайы сөйлесетін. Ол уақыттың тығыздығына қарамастан аспиранттармен, студент жастармен жиі араласып тұрды. Аспиранттардың қолбасшы бола отырып, ол әкелік қамқорлықпен студенттерді де қабылдады, Қазақ тау - кен институты емтихан комиссиясның председателі болып, көптеген жас инженерді өмірге аттандырды, ол жастарды оқыта білді, оларға әсер ете білді, ой арманын түсіне білді. Міне, сондықтан да 60-70 жылдарға дейін даярланып шыққан жас инженерлер, ғалымдар буыны Қанышты зор мақтанышпен, үлкен ризалықпен өзінің оқытушысы, қамқоршы, қолбасшы деп санайды.
Мұнай - химиялық синтез және полимерлер алу үшін Ембі мұнайын зерттеуді ұйымдастырудың пайдасы туралы дәлелді деректер келтіріп, көп кешікпей жоғары молекулалық қосындылар химиясы мен полимерлер өнеркәсібі лайықты орын алатын Қазақстанда химия дамуының болашағын сипаттап берді. Қаныш жеке архивінде орыс тілінде 534-і, 641 ғылыми еңбектің авторы, қазақ тілінде 98 ғылыми еңбектері мен мақалалары бар.

Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасаған Қаныш бұл кеннің аудандарының кең көлемдегі геологиялық - барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеді. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс - Қарағанды каналының қазылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол тікелей басшылық еткен металлогендік және болжам картасын жасау үшін ең алдымен (Сарыарқа) сол кезге дейінгі геологиялық зерттеуі жөніндегі мәліметтер жиналды. Сарыарқаның геологиялық дамуының 6 кезеңі (палеозойға дейінгі, ерте каледон,соңғы каледон, ерте варисс, соңғы варисс, киммер-альпі) анықталды және әр кезеңнің геологиялық құрылысы мен металлогендік ерекшеліктеріне тән негізгі элементтік құрылымы табылды. Халықаралық номенклатураға сай бірнеше стандарттық беттерден тұратын картаның жеке беттерінде мынадай геологиялық материалдарды қамтиды:
1. Әр беттің геологиясы мен металлогениясының негізгі
өзгешеліктерінің сипаттамалары;
2. Металлогендік формацияға кіретін генотип ретіндегі
кендердің басты сипаттамалары;
3. Жеке кендер мен кентас белгілерінің қысқаша сипаттамасы;
4. Бұлардың бәрі тіркелген бірыңғай кадастр;
5. Кендер мен кентас белгілері жөнінде толық мәлімет алуға
болатын бастапқы әдебиеттердің тізімі;
6. Әр беттің әр уақыт үшін тиісті белгімен көрсетілген
геологиялық зерттелуінің картасы;
7. Шлихтық және геофизикалық зерттелгендіктің беттестіру
картасы;
8. Геологиялық - құрылымдық карта;
9. Әр беттің пайдалы қазындыларын геологиялық құрылымдар
мен магматизммен беттестіру картасы;
10. Жеке беттердің кешенді - металлогендік картасы;
11. Әр бет аумағында болжамдық мақсат үшін жасалған фран,
фамен, этрен, жоғарғы палеозой шөгінділерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезендері
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі
Сәтбаев – академик
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Қаныш Сәтпаев - алғашқы геолог
Сәтбаев Қаныш (1899-1964)
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Пәндер