Бюджеттік есеп жасалынуы
№1 СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні
Тақырып: XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғы-лыми экспедициялар: бағыты және қорытындысы (Ф.Шербина, П.Скрыплева, П.Хворостанский т.б.)
Мамандығы: 5B071800-Электрэнергетикасы
Орындаған: Тныштыков М.О. Тобы: Ээк-17-2
Тексерген: Байдильдина С.Х. т.ғ.к., доцент
_________ ____________ ____ __________2018ж.
бағасы қолы
Алматы, 2018
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім. 4
1.Қырғыз (қазақ) халқын жалпы шаруашылық санаққа алуы ... ... ... ... ... ... ... 2.Бюджеттік есеп жасалынуы 10
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер 15
Кіріспе
Семестрлік жұмыстың мақсаты: өзіндік ғылыми өңер қабілетін көтеру, берілген тақырыпты жақсы менгеру арқылы теориялық және практикалық дайындық деңгейін көтеру.
Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де қызмет етті.
Ф.Шербина экпедециясы 1896 - 1903 жж. Далалық өлкені зерттеу үшін арнайы шығарылған. Далалық өлкенің барлық уездерін зерттеуді мақсат еткен бұл экспедицияны құрғанда Мемлекеттік мүлік министрлігі зерттеу нәтижелерін Қазақстандағы жер саясатын жүргізуге пайдалануды көздеді. Экспедицияның міндеті аумақты табиғи, тарихи жағынан зерттеп суреттеу, осы мәселедегі ауылдар мен болыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жер пайдалану тәсілдерін анықтау және көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылықтарға қажетті жер көлемін белгілеп, оның қоныстандыру қорына алынатын көлемін анықтау болатын. Әсіресе, Ресейдің орталығы губернияларынан көшіріп әкелінген шаруаларды қоныстандыру мақсатында шаруашылық - статистиканы зерттеуге аса көңіл бөлінді. Экспедицияны земство статистигі Ф.Шербина басқарды. Құрамына қазақ зиялыларынан - Ә.Бөкейханов, И.Тілекеев, Е.Итбаев, т.б. кірді. Ф.Шербина экспедициясы Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уезін мұқият зерттеді. Экспедиция осы аймақтардың "бос жерлерін" анықтауы тиіс болды. Экспедиция материалдарын, патша өкіметі қазақтардың "артық" жерлерін күшпен тартып алуды күшейту үшін пайдаланды. Қорытыңдылай келе Ф.Шербина жер көлемін азайтып ақырғы жер көлемі 119 - 219 десятинаны құрады, осылайша Ф.Шербина экспедициясы қазақ жерін отарлауға ғылыми негіз жасап берді.
1.Қырғыз (қазақ) халқын жалпы шаруашылық санаққа, тұрғындар мен малды, шаруашылықты есепке алуы. Жалпы алғанда қандай да болмасын статистикалық зерттеулер алдын ала ұйымдастырылады. Оның ең алдымен арнайы нұсқауы, бағдарламасы қабылданады. Бұл бағдарламада зерттеудің мақсаты мен міндеті, зерттеу қажет объектілер нақты мәселе ретінде қойылады. Осы бағдарламаларға негізделіп арнайы сауалнамалар, анкеталар, карточкалар жасалады. Байқаудың бағдарламасын жасау -- жауапты және күрделі іс. Ол байқаудың алдына қойған міндеттің бәріне жауап бере алатындай болуы керек. Мысалы, халық санағының бағдарламасы халық шаруашылығын дамытудың келешегіне керек деректер жиналуын қамтамасыз етуі керек.
Әлеуметтік-экономикалық тарих саласында бюджеттік зерттеулердің нұсқаулары құнды материал болып табылады. Бюджеттік статистика тарихи зерттеулерде кеңінен қолданылады. Далалық өлкедегі қазақ шаруашылығының бір бөлігінің бюджеттік зерттеуге ие болғандығы бізге белгілі. Қазақ шаруашылығының бюджетін құру 1896 - 1903 жылдар аралығындағы белгілі статист Ф.А.Шербина басқаруымен далалық облыстарды зерттеуге байланысты жүргізілген экспедиция жұмысында көрініс алған. Экспедиция қызметкерлерінің тұжырымдарының барлығы 13-томдық Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей басылымына енген. Соңғы том Свод материалов по киргизскому землепользованию, собранных и разработанных экспедицией по исследованию степных областей бюджет мәселесіне арналды. 1906 жылы Петербургте жарық көрді. Бұл том негізінен кестелерден және Ф.А.Шербина жазған кішігірім кіріспе мен қаржы кестелеріне арналған қосымша мәліметтерден тұрған. Бюджеттік кестелер және оларға талдау басылымның жекелеген томдарында бар, дегенмен, Ф.А.Шербина пікірі бойынша, көбінесе
бір типтегі бюджет алынған. Мұндай бюджеттік көрсеткіштің құндылығының қанша шамада екені, әрине, түсінікті. Ал арнайы томда қазақ шаруашылығына қатысты барлық бюджеттік зерттеуді талдауға мүмкіндік беретін әр типті бюджет берілген.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы біз қарастырып отырған экспедицияның бағдарламасына тоқталар болсақ, 1896 - 1903 жж. Ф.А.Шербина экспедициясының бағдарламасы жалпы 17 тараудан, 93 кішігірім қарастырылатын мәселелерден тұрады. Негізгі 17 тарауында: рулық бастама, шаруашылық ауылдардың тарихы, жерді пайдалану формасы, мал шаруашылығы, пішен шабу, жер өңдеу, бақташылық және бау егіп-өсіру, орман және тоғайлы жерлер, жерді жалға беру, өнеркәсіп және жалақы, алым салық және борышы, қырғыз (қазақ) отбасының ерекшелігі, ортақ шаруашылық істер, сауда, несие, халықтың қажеттілігі, табиғи-жаратылыс жағдайы қарастырылуы қажет етеді. Осыдан кейін ғана зерттеу жұмысына қатысатын топтың құрамы анықталып, смета бойынша бұлардың жалақылары бекітіледі. Осы жұмыстардан кейін арнайы топ статистикалық мәліметтерді жинақтап, оларды өңдеп, жариялап, бұл мәліметтерді қажетінше пайдаланып, отырады. Міне, осы статистикалық зерттеулердің негізінде статистикалық деректер пайда болады. Әрине, бұл деректердің мазмұны, белгіленген мақсат- мүддесі, міндеті әр түрлі болатыны хақ.
Осы мәселелердің басы ашылғаннан кейін тікелей алдын ала зерттеп көру жұмыстары басталды. Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары... негізінде зерттеу жұмысы 1896 ж. мамыр айында басталды деп тұжырымдауға болады. Деректің алғы сөзінде ...экспедиция толығымен 1896 жылдың мамырында құрылды. Мамыр мен маусымның басында Омбы оязында алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізіліп, осы жұмыстарда жинақталған тәжірибе мен материалдардың негізінде бағдарлама жасалынып, Көкшетау оязындағы қырғыздардың (қазақтардың) шаруашылығын зерттеуге
кірістік делінген.
Бұл зерттеулер 1896 ж. маусым-шілде айларында Омбы оязын алдын ала зерттеп көруден басталды. Осы жерлердегі қазақ тұрғындарының жер пайдалану нормасын анықтады, алдын ала зерттелген материалдардың негізінде Ф.А.Шербина басқарған экспедицияның бағдарламасы жасалды және соның негізінде кейінгі В.Кузнецов, П.П.Румянцев, В.Скрыплев, П.Хворостанскийлер басқарған экспедициялардың зерттеу бағдарламасы мен әдістемесі жасалды.
Экспедицияның құрамына байланысты А.Кауфман: Зерттеу экспедициясының құрамында статистиктер, тіркеушілер және аудармашылармен қоса 40 адам болды, -- дейді. Ал зерттеуші Т.П.Петрова мұрағат деректерінің негізінде зерттеуге аудармашыларды қоспағанда 200 адамдай қатысты деген пікірді білдіреді. Бүгінгі күндегі осы мәселемен айналысып жүрген авторлардың бірі Н.Тасилованың пікірі бойынша,
Т.П.Петрованың көзқарасымен толық келісуге болады, өйткені бұл зерттеу өте ауыр және 40 адамның жұмысы емес еді деп қорытындылайды.
Ф.А.Шербина зерттеуінен кейін жүргізілген қайта зерттеулерге қатысты Әлихан Бөкейханов Қазақ газетінде бұрынғы қазаққа Шербина нормасымен қалған жерді мінеп, неше қайтара кішірейтіп, шұнтитып, көшпелі қазаққа деп жаңа норма шығарды... деп, патша үкіметіне нала болған пікірін білдіреді.
Белгілі статист А.А.Кауфман Ә.Н.Бөкейханның экспедициядағы еңбегін ерекше атап өткен болатын және зерттеудің әдістемесіне қатысты: ...уақытша комиссияның жергілікті қазақтарға қажетті жер нормасын, олардың шаруашылығына қажетті жер мөлшерін анықтамақ тұрмақ, ол туралы жалпы түсініктері де болған жоқ деп, комиссия мүшелерінің көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен ешбір хабарсыз екендігін тілге тиек етті.
Экспедиция өзінің зерттеу жұмысын осы Далалық өлке туралы анықтамалық, энциклопедиялық әдебиеттермен танысып, генерал- губернаторлардың есептері мен жергілікті статистикалық комитеттердің басылымдарын, басқа да заңдық құжаттарды пайдалана отырып, зерттеудің алғашқы схемалық бағдарламасын құрудан бастады. Жалпы зерттеу бағдарламасы алдын ала бақылаудан кейін іс-тәжірибеде жинақталған әдістеме негізінде қайта өңделді. Бағдарламаны Ф.А.Шербина құрастырды.
Кезінде осы бағдарлама мен бланкілермен танысқан А.Кауфман: Бұл бағдарлама мен бланкілерде тек бір ғана теориялық білгіштіктен жазылған дейтіндей бір де бір сұрақ жоқ деуге болады, әрбір рубрика, статистикалық экспедицияның міндетіне жүктелген таза практикалық мәселелерді шешуге тура немесе жанама болсын материал береді, әрбір сұрақ және әрбір графа қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану нормасын анықтауға, не олардың шекараларын айқындауға немесе өңірдің табиғи-тарихи сипатын анықтауға қызмет етеді, -- деп жоғары бағалаған болатын.
Зерттеушілер әскери-топографиялық бөлімнің осы өңірлерді екі, бес верстік масштабта түсірген карталарына сүйеніп және қажетті аудандарды топографтар арқылы схемалық карталарға түсіріп отырды. Бұл материалдар статистерге ояздарды тарихи суреттеу үшін қажет болды.
Ф.Щербина бағдарламаға сәйкес өндірісте мынандай іс-шараларды атқарды:
Қырғыз (казақ) халқын жалпы шаруашылық санаққа алды, бұл жаппай тұрғындар мен малды, шаруашылықты есепке алып, соның негізінде қырғыз қауымының әр түрлі жайылымдарының көлемі мен олардың бұл жерлерді қай уақыттан бері пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік берді.
Бюджеттік есеп жасалынды, ол орташа қырғыз (қазақ) отбасына қажетті азық-түлік және басқа да керектерін анықтауға және оларды қанағаттандыратын тәсілді айқындауға мүмкіндік берді.
Табиғи-тарихи жағдайларын зерттеу: өлкенің рельефін, топырақтың ерекшелігін, су көздері мен орман мен тоғай өсімдіктерін зерттеді.
Бұл шараларды атқаруда:
а) зерттелген әр ояздың жер көлемін бөлек аудандарға бөлді, олар қыстық (қыстау), көктемдік және күздік жайылымдар (күзеу) және жаздық жайлауды құрады;
ә) аудандарды жалпы сапалық белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлді;
б) әрбір топқа бір жылда бір бірлік мал басын (жылқы) асырауға қажетті жер мөлшерін анықтады;
в) ояз бойынша қырғыз (қазақ) шаруашылығындағы орташа мал бірлігінің санын бекітті;
г) ояздағы орташа шаруашылыққа қажетті жер нормасын бекітті;
д) аудандардың әрбір тобы мен қауымына қажетті жер мөлшерін санаққа алды;
е) қырғыздардың (қазақтардың) экспедиция жұмыстарына дейінгі және кейінгі жер мөлшерлерін салыстыру арқылы, нәтижесінде әрбір аудандағы артық және қажетті жерлерді анықтап шығарды.
Зерттеу экспедициясының әдіс-тәсіліне, негізгі принциптеріне тоқталар болсақ, бұл ең алдымен алдын ала бір оязды зерттеп, бақылап көруден басталды. Зерттеушілерге алдын ала жиналыс өткізіліп, онда зерттеудің мақсаты мен міндеті, негізгі әдіс-тәсілдер мен нұсқаулары түсіндіріліп, әрқайсысына жұмыс бөліп беріледі. Экспедицияны 3 партияға бөліп, әр партияның басына бір агрономдық білімі бар статист-маманды басшылыққа бөліп береді. Партияның өзі кішігірім партияларға бөлініп, оларға да бөлек меңгерушілер тағайындалды. Әр партияға аудармашы, 2 тіркеуші, есепке алушы, топографтар бөлінді.
Олар арнайы бағдарламаның зерттеу бланкілерін жасап, соның негізінде жергілікті тұрғындарға сауалнама жүргізді. Бетпе-бет әрбір адамнан аудармашылар арқылы сұрауларға жауап алды. Топографтар жергілікті аймақты схемалық карталарға түсіріп, алынған мәліметтерді статистер талдап, кестемен салыстырып шынайылық деңгейін анықтап, жинақтады. Ал ботаниктер мен гидротехниктер өңірдің табиғаты мен өсімдіктерін, суы мен топырағын зерттеп табиғатын және ауа райын сипаттап берді.
Ф.А.Шербина бұл зерттеуде воронеждік іс-тәжірибесін негізге ала отырып, орташа көрсеткіштер базасын жасады. Онда ол малды жылқымен есептейді. Мәселен, Ф.А.Шербина қазақ шаруашылығына қажетті жер нормасын былайша есептеп шығарды. Ол қазақтардың орташа отбасына, біріншіден, қажетті мал басын 6 қой=1 жылқыға теңестіріледі, екіншіден, әрбір мал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz