Қазақстан Республикасының және НАТО


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
«Қазақстан тарихы және мәдениеті» кафедрасы
№___ Семестрлік жұмыс
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып : Қазақстан Республикасының және НАТО
Мамандығы: Аспап жасау
Орындаған : Қойшыбаев Р.
Тобы : ПСк17-2
Тексерген : профессор -Берлибаев Б.
«»201__ж.
Алматы, 2017 жыл
Жоспары
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім . . .
1. 1) Қазақстан - әлемдік қауымдастықта . . .
1. 2) Бейбітшілік жолындағы серіптестіктер . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиет . . .
Кіріспе
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т. б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті. 1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н. Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т. б. болды. Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38, 8 млн. кв. км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2. 8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте - Ресеймен, шығыста - Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Қазақстан-Ресей байланыстары:1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда - Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық) .
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде - Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9, 5 млрд. доллар жұмсауға келісті. 1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде - екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды
Негізгі бөлім
НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды. Бұл бағдарлама мүшелері: Албания, Аустрия, Әзірбайжан, Әрменстан, Гүржістан, Ирландия, Қазақстан, Қырғызстан, Македония Республикасы, Өзбекстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Финландия, Хорватия, Швейцария, Швеция.
Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын.
1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды.
Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т. б. енеді.
Қазақстан - әлемдік қауымдастықта
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz