Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Ерекше қажеттіліктеі бар тұлғалардың білім алуы

Кіріспе: Ерекше қажеттіліктеі бар тұлғалардың білім алуы

Негізгі бөлім:

1. Интеллектісі бұзылған балалардың білім алудағы жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

2. Арнайы мектептегі оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын тексеру жұмыстары (грамматика, жазу, тіл дамыту) кезіндегі бағалау критерийлері.

3. Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру

4. Психикалық дамуы тежелеген балалардың білім алудағы жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

5. Көру қабілеті бұзылған балалардың білім алудағы жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

6. Саңыраулар балалардың білім алудағы жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

7. Есту қабілеті нашар балалардың білім алудағы жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

8. Күрделі кемшілігі бар балалардың білім алудағы жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

Кіріспе

Ерекше қажеттіліктеі бар тұлғалардың білім алуы

Қазақстанда қазіргі таңда мектепке дейінгі және мектепте арнайы (түзеу) білім алу жүйесі әзірленген және жүзеге асырылуда. Бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы кәсіптік білім алу жүйесі әлі қалыптаспаған.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың кәсіптік білім алуы мен қоғамдағы кейінгі интеграциясы олардың ойдағыдай әлеуметтенуінің, қоғам өмірінде толық қатысуын қамтамасыздандырудың, әлеуметтік және кәсіби қызметтің әр қилы түрлерінде өзін-өзі танытудың негізгі шарттарының бірі білі болып табылады. Осыған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында ерекше көңіл бөлуде: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады».

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес арнаулы түзеу ұйымдары дамуында кемтар болып қалған және төменде көрсетілген бұзылыстары бар балалар үшін жасалады:

  • есту қабiлетi бұзылған (естiмейтiн, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған) ;
  • көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған) ;
  • жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған;
  • сөйлеу қабiлетi бұзылған;
  • ақыл-ойы кенжелеп қалған;
  • психикалық дамуы тежелген;
  • эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған;
  • күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған.

Арнайы білім беру ұйымдар қызметінің тәжірибесі бойынша дамуында кемтар болып қалған және төменде көрсетілген бұзылыстары бар балалар жалпы және арнайы топтардың көпшілігін құрап ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар болып табылады:

  • есту қабiлетi бұзылған тұлғалар;
  • көру қабiлетi бұзылған тұлғалар;
  • жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған тұлғалар;
  • ақыл-ойы кенжелеп қалған тұлғалар;
  • психикалық дамуы тежелген тұлғалар.

12 жастан кейінгі балаларда психикалық дамуының тежелгені шекаралық интеллект жетіспеушілігі болып жіктеледі. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында психикалық дамуы тежелген тұлғалар ақыл-ойы кенжелеп қалған болып қарастырылады.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғаларға (ақыл-ойы кенжелеп қалған) арналған оқу бағдарламасы жалпы бағдарламадан қатты ерекшеленеді.

Ақыл-ойы сақталған ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар (көру, есту қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған) қарапайым дамитын құрдастардан қалмай, оқу материалын меңгеруге мүмкіндігі бар. Олар үшін оқытуға арнайы жағдайлар жасау қажет, сонымен қатар, тиісті кадрлық қамтамасыздандыру, кедергісіз аймақты қалыптастыру, үлгілік оқу жоспарлар мен бағдарламалар негізінде бейімделген жұмыс оқу жоспарлар мен бағдарламаларын әзірлеу.

ТжКБ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттына сәйкес көрсетілген тұлғалар дәрежесін оқытуға арналған жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан толық ерекшеленуі мүмкін.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар (ақыл-ойы кенжелеп қалған) арнайы оқу бағдарламаларын қажет етеді, олар жалпы орта білім (10-11 сыныптар) пәндерін меңгермей негізгі орта білім (9 сынып) негізінде жұмыс мамандығын игеруін ескереді.

Арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу қажеттілігі ҚР «Білім туралы» Заңының 14 бабында көрсетілген: «Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық -педагогтік консультациялар ұсыныстары ескеріле отырып айқындалатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуетті мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді».

2017 жылы мемлекеттік тапсырманы орындау барысында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытуға арналған нұсқаулықтар жасалды. Онда:

  • ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытуға арналған оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты шарттар;
  • ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғаларға (ақыл-ойы кенжелеп қалған) арналған арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар;
  • үлгі ретінде «Тігінші» мамандығы бойынша арнайы оқу бағдарламасы дайындалды.

Қазіргі кезде республикада 9 колледж аталған дәрежедегі балаларды оқытуға ықылас білдірді. Колледждерден тапсырыстар жасалуда. Холдинг колледждерге өздерінің бағдарламаларын және басқа да мамандықтар бойынша енгізу мен әзірлеу кезінде әдістемелік көмек көрсетіп сүйемелдейді.

Арнайы оқу бағдарлама үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасынан ерекшеленеді. Онда жеке жалпы білім беру пәндерін (математика, физика, шет тілі және т. б. ) меңгеру ескерілмеген. Негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру кезінде ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалардың дамуындағы шектелген мүмкіндіктері ескеріліп, бейімделген пәндерді енгізу ескеріледі.

Бейімделген пәндер төменде көрсетілген:

  • әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу;
  • әлеуметтік ортаға бейімделу;
  • компьютерлік сауаттылық;
  • әлеуметтік-кәсіптік бейімделу.

Бейімделген пәндер мазмұны аурудың дәрежесіне байланысты анықталады: жеңіл немесе орташа ақыл-ой кемтарлығы.

Жеңіл ақыл-ой кемтарлығы бар тұлғалар бір мамандықтың құзыреттіліктер толық топтамасын меңгеруге міндетті; орташа ақыл-ой кемтарлығы бар тұлғалар үшін мамандықтың белгілі бір деңгейін оқытудың қысқартылған мазмұны бойынша жеке модульдерін меңгеру ескеріледі. Ол үшін орташа ақыл-ой кемтарлығы (2 дәрежеге шығу) және жеңіл ақыл-ой кемтарлығы (3 дәрежеге шығу) бар тұлғалар үшін модульдерді меңгеру реттілігі анықталған. ТжКБ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттына сәйкес, оқытудың нормативті мерзімі - жалпы орта білімді меңгерусіз негізгі орта білім негізінде 1 жыл 10 айды құрайды.

Жұмыс мамандықтарын меңгеру бойынша арнайы оқу бағдарламаларды әзірлеу уақтылы және өзекті болып келеді. Олардың енгізілуі ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалардың қоғамдағы әлеуметтену мен сауықтыру сұрақтарын шешуге мүмкіндік туғызады.

«Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасын жүзеге асырылуы өмірінде қиындықтарды өткеріп жүрген және мамандығы жоқ жастар қатарынан жұмыс кадрларын дайындауды болжамдайды. Ондай дәрежеге ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар да жатады.

Негізгі бөлім

1. Интеллектісі бұзылған балалардың білім алудағы жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

Интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жүргізілетін коррекциялық - педагогикалық процестің негізгі бағыттары баланың әлеуметтік және потенциалдық мүмкіндіктерін қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі Л. Б. Баряева, О. П. Гаврилушкина, Е. А. Екжанова, А. Зарин, Т. Н. Исаева, А. А. Катаева, Н. Д. Соколова, Е. А. Стребелева және т. б. еңбектерінде толық қарастырылған. Е. А. Екжанова мен Е. А. Стребелева интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі диагностикалық, тәрбиелік, коррекциялық - дамытушылық, білім берудегі міндеттерді шешуді ұсынады.

Диагностикалық блоктың жетекші міндеттері - баланың жеке даму бағдарламасын құруға қажетті жан-жақты тексерудегі медициналық-психологиялық - педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру.

Тәрбиелілік блоктың міндеті - бала мен отбасының әлеуметтенуі, өз бетінше дамуы, автономиялылығын анықтау, баланың тәртібі, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Коррекциялық блоктың міндеті - біріншіден, психика мен бала әрекетін компенсациялауға бағытталса, екіншіден балабақша ұжымымен дамудағы екінші кемшіліктердің болдырмау жақтарын қарастыру болып табылады.

Білім берудегі блоктың міндеті оқыту арқылы баланың қоғамдық тәжірибені игеруіне, танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Көрсетілген блоктың міндеттерін шешуде көмекші мектеп бағдарламасың «Денсаулық», «Әлеуметтік даму», «Дене тәрбиесі мен дене дамуы», «Танымдық қабілеттің дамуы», «Әрекеттің қалыптасуы», «Эстетикалық даму» секілді алты бөлімі ұснылады. Аталған бөлімдерге қысқаша сипаттама жасасақ,

I бөлім. «Денсаулық»

Баланың денсаулығын сақтау мен өмір сүру образын қалыптастырудағы негізгі жағдайлар мен тәсілдер беріледі.

Денсаулық дегеніміз - ауру мен денелік кемшілік қана емес, толық психикалық, денелік, әлеуметтік жайлылықтың жағдайы.

Оқушы денсаулығына факторлардың 2 тобы әсер етеді. Бірінші тобы - бізге бағынбайтын факторлар (экология, отбасындағы СӨС дәстүрі, сапалы әрі дер кезіндегі медициналық көмек т. б. ) . Екінші тобы - біз бағындыра алатын факторлар. Баланың денелік, психикалық және әлеуметтік денсаулығының нығаюына бағытталған денсаулық сақтайтын білім беру ұйымдары және сауықтыру-алдын алу іс-шаралары.

Мектеп - баланың көптеген жылдар бойы білім алатын мекемесі ғана емес, сонымен бірге өз өмірінің маңызды бөлігін өткізетін балалалықтың ерекше әлемі. Ол тек оқып қана қоймай, қуанады, түрлі шешімдер қабылдайды, өз сезімдерін білдіреді, өз ойын қалыптастырады, өзгелермен қарым-қатынас орнатады, есейеді. Сондықтан қазіргі заманғы білім беру ортасына балалықтың экологиясы деп және баланың денсаулығын сақтау мен нығайтудың негізгі бөлімі деп қарау керек.

Дені сау болу - әр адамның қалауы. Кез келген ересек адам дені сау болуды армандайды. Балалар, өкінішке орай, бұл туралы ойламайды. Біз балаларға денсаулықтан артық байлықтың болматынын түсіндіре білуіміз керек. Дені сау және жан дүниесі дамыған адам бақытты: ол өзін жақсы сезінеді, өз жұмысынан ләззәт алады, өзін өзі шыңдауға ұмтылады. Ерте жастан бастап осындай адамды қалыптастырып, тәрбиелеуіміз керек.

Интеллектісі бұзылған балаларға арналған арнаулы (түзету) мектептерінде дене тәрбиесі білім беру, тәрбие, түзету-компенсаторлы және емдеу-сауықтыру міндеттерін шешеді. Көмекші мектеп оқушыларындағы интеллектуалды ақау денсаулықтағы кемшіліктерімен жиі байланысты болады.

II бөлім. «Әлеуметтік даму»

Бағдарламаның бұл бөлімі баламен жүргізілетін психологиялық - педагогикалық жұмыстарды қамтиды.

- баланың жеке тұлғалық қасиеттерін, өзі туралы пікірдің қалыптасуы, «Мен» концепциясы, қарым-қатынастың түрлерін қалыптастыру;

- баланың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынасын, «Мен және басқалары» концепциясының қалыптасуы;

- қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды адекватты түрде қабылдауды қалыптастыру, өлі және тірі табиғатқа деген жағымды қатынастарды қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерінің, «Мен және мені қоршаған орта» концепциясының қалыптасуы;

III бөлім «Дене тәрбиесі және дене дамуы»

Дене тәрбиесі және дене дамуы бала организмінің қимылдық қозғалысқа түсуіндегі негізгі процестердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді;

Дене тәрбиесі жүйесін бұзылған функцияны түзету және дамымаған функцияларды компенсациялаудың тиімді құралы ретінде пайдалану ақыл-ойы кем балалардың дамуында екінші рет ауытқулардың пайда болуын өз уақытында ескертуге көмектеседі.

Түзету - педагогикалық процесті баланың сақталған функцияларына, жеке мүмкіндіктеріне сүйене отырып құрған дұрыс.

Бақылау мен практикалық тәжірибе көрсеткендей, нейродинамикалық ерекшеліктері бар

Орта сынып оқушылары, көп мөлшерде қозғалыс белсенділігіне мұқтаждық етеді, сондықтан дене шынықтыру сабағының уақытын көбейту керек.

Денсаулықты нығайту және ағзаны күшейту, дене дамуының кемшілігін түзету мен компенсациялау міндеттері маңызды болып келетін көмекші мектеп оқушыларының дене тәрбиесінде қозғалыс жүктемесі одан да көп болуы мүмкін, бірақ сабақты әр оқушының ақауы мен оның мүмкіндіктерінің білімін ескере отырып, қатаң есеппен жүргізу керек.

Аз қозғалыс оқушының көптеген ағза жүйесінің, соның ішінде жүрек-қантамыр және демалыс жүйесінің қалыптасуында көрініс табады. Бұл жұмыс істеу мүмкіндігін төмендетеді: зейін төмендейді, есте сақтау әлсірейді, қозғалыс координациясы бұзылады. Қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігінен ағзаның салқын тию мен жұқпалы ауруларға қарсы тұруы да төмендейді, әлсіз, аз жаттыққан жүректің қалыптасуына және осыған байланысты болашақта жүрек-қантамырларының жетіспеушілігінің дамуына әкеп соқтырады. Мөлшерден көп тамақтану әсерінен гипокинезия, күндізгі рациондағы май мен көмірсулардың артықтығы артық салмаққа, тіптен майбасуға алып келеді, бұл дегеніміз оқушылардың қозғалыс белсенділігін одан әрі төмендетеді. Көмекші мектептегі дене тәрбиесінің негізгі түрі дене шынықтыру сабақтары болып табылады. Бағдарлама бойынша аптасына 2 сағат бөлінген, бұл педагогикалық мәселені шешуге жеткіліксіз. Оқушылардың дене дамуына әсер ету үшін және қозғалыс белсенділігін арттыру үшін мектепте сабақ кезінде және ұзартылған күн тобында қозғалыс мәдениетінің тәртібі ұйымдастырылған.

Бірақ бұл да мұндай категориядағы балаларға жеткіліксіз. Сондықтан ҰКТ тәртібіне қосымша «Денсаулыққа арналған ойындар» жобасымен біріккен «Спорттық карусель» студиясы таңдап алынды.

Интеллектісі бұзылған балалардың кеңістікте бағдарлауы нашар болатыны белгілі. Бұл жүріс, жүгіру кезіндегі қарапайым және де күрделі жаттығуларды жасағанда, түрлі қозғалыс және спорттық ойындар кезінде көрінеді.

Балалардың дене шынықтыру сабақтарынан алған тәжірибелері қызметтің басқа түрлерінде де көмектеседі. Сондықтан дене шынықтыру, түзету ритмикасымен т. б. пәндермен пәнаралық байланысты орнату маңызды.

IV бөлім «Танымдық қабілеттердің дамуы». Бұл бөлімнің бірнеше тақырыптары бар. Олар:

- зейіннің дамуы;

- ұсақ қол қимыл моторикасы мен координацияның дамуы;

- сенсорлық тәрбие және кеңістікті бағдарлау;

- ес түрлерінің дамуы;

- ойлау операцияларының дамуы;

- қоршаған ортамен таныстыру;

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- сөйлеу әрекетінің негізгі компоненттерінің дамуы;

- сауат ашуға үйрету.

V бөлім «Әрекеттің қалыптасу» . Бұл бөлімде мынадай бағыттар қарастырылған:

• заттық әрекеттің қалыптасуы;

• ойын әрекетінің құрылуы;

• бала әрекетінің продуктивті түрлерінің қалыптасуы (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, конструкциялау, қол еңбегі) ;

• қарапайым еңбек әрекетінің қалыптасуы.

VI бөлім «Эстетикалық тәрбие беру және даму». Бұл бөлімнің мынадай түрлері берілген:

• ырғақты би;

• бейнелеу өнері;

• көркем әдебиетпен таныстыру;

• театрландырылған көріністер.

Мектеп оқу жылының ұзақтығын аймақтық, экономикалық, материалдық жағдайларға байланысты өзгерте алады. Көрсетілген уақыттырдың ұзақтығы дайындық сыныптарына байланысты өзгеріп отырады.

Оқу пәндерінің барлығы жалпы білім берушілік және коррекциялық-дамытушылық блоктарға бөлінеді.

Базистік оқу жоспарына ана тілі, жазу, математика, биология, география, Отан тарихы, өнерге баулу, музыка, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі, еңбекке баулу пәндері кіреді.

VIII түрдегі (түзету) мектептер цензалы білім беруді орындамағандықтан, оқу бағдарламалары ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың мүмкіндіктерін есепке алып құрылып, жалпы білім беру мекемелерінен ерекшеленеді. VIII түрдегі (түзету) мектебіне арналған оқу жоспарына «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау», «Ритмика» пәндері енгізілген.

Коррекциялық блокқа логопедиялық түзету сабақтары, психомоторика мен сенсомоторлық функцияларды дамыту сабақтары енгізіледі. Қазіргі уақытта VIII түрдегі (түзету) мектептерде (В. В. Воронкова ) 1-4 сынып оқушыларына арналған оқу жоспары мен пропедевтикалық-диагностикалаудағы оқу бағдарламасы енгізілген. Оқу бағдарламалары бойынша ұсынылатын оқулықтардың мазмұнында дидакттар А. К. Аксенова, В. В. Воронкова, М. Ф. Гнездилов, Г. М. Дульнев, Н. Ф. Кузьмина - Сыромятникова, Т. М. Лифанова, В. М. Мозгова, М. Н. Перова, Т. И. Пороцкая, Э. В. Якубовская және т. б. зерттеулері енгізілген.

Олигофрен - балалардың қатарындағы сөйлеу тілінде кемшіліктері бар балалармен жұмыс топтық сабақтар (2-4 баладан) және жеке сабақтар түрінде жүргізіледі. Аталған жұмыс кезіндегі логопед 15-20 баламен жұмыс жасайды. 10-11 сыныптарда еңбекке баулу сабақтары баланың еңбекке дайындығын тереңдетуге бағытталады.

Оқушылардың қызығушылықтары мен қалауларына, қабілеттеріне, икемділіктері мен дағдыларына қарай тігін ісі, ағаш шебері, аяқ-киім шебері мамандықтары игеріледі. Жақсы үлгерім көрсеткен оқушыларға біліктілік разряды беріледі.

2. Арнайы мектептегі оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын тексеру жұмыстары (грамматика, жазу, тіл дамыту) кезіндегі бағалау критерийлері.

Білімді меңгеру дегеніміз - оқушылардың білімді қабылдай ғана қоймай, оны түсініп, бекітіп, тәжірибеде пайдаланатын деңгейге жеткізген таным әрекетінің нәтижесі.

Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау мемлекеттік маңызы бар және білім беру органдары мен мектеп әкімшілігінің мұғалім жұмысын бақылауының құралы болып табылады. Оқытудың барлық кезеңдерінде бақылау жұмыстары, байқау, оқушылар жұмысын талдау, бақылаудың басқа да формалары тексеру мақсатында пайдаланылады.

Білімді тексерудің білім берушілік мәні мұғалім үшін де, оқушы үшін де оқушының қандай білім мен білікті менгергенінің белгілі болуында. Білімді бағалау сол білімнің игерілуі сапасын анықтайды.

Тексеру мен бағалау оқушылар бойында оқудың орынды себептерін туғызады, қызығуын, білімге құштарын және бейімдігін, оқу жұмысындағы ұжымдық пен достық сезімдерін тәрбиелейді. Оқушылар жолдастары жақсы, өте жақсы баға алғанда қуанады, үлгірмеушілерге көмектесуге тырысады. Мұғалім білімді тексергенде баға сынып ұжымында қандай әсер қалдырғанын, оқушылар жолдастарының табысы мен сәтсіздігіне қалай қарайтынын үздіксіз бақылап отыруы қажет.

Арнайы мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету-дамыту амал-тәсілдерімен таныстырады.

Оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, оқу материалын сапалы игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беру, тапсырманы қалай дұрыс орындауға ойланады, сол арқылы сөйлеу тілін, ойлауын дамытады.

Оқыту процесінде білімді тексерудің мәні мұғалімнің бұл жұмыс формасын ұйымдастыруына қойылатын талаптарды анықтайды.

1. Мұғалім оқу материалын игерілуінің сапасын тексеріп, оқушылардың білім деңгейін бағалайды. Бұл жұмыс арнайы білім беру бағдарламаларында бекітілген талаптарға сәйкес жүреді.

2. Білімді тексеру мен бағалау жүйелі және үздік:сіз болуы керек. Кейбір пәндерден оқушының білімін бағалау оның өмірінің бір көрінісі ғана болып қалмағаны жөн. Оқушы кез - келген сабақта жауап беруге дайын болуы керек. Бұл оқушының танымдық іс - әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

3. Білімді тексеру мен бағалау оқушылардың таным процестерін дамытуға, оқудың қиындықтарын жеңе білуге байланысты мінез-құлық пен еріктік сапаларын тәрбиелейді.

Арнайы мектептерде дәстүрлі білімді тексерудің төмендегідей түрлері қалыптасқан.

Күнделікті тексеру. Әр сабақта мұғалім окушылардың жаңа білімдерді игеруге даярлығын тексереді, бүкіл сабақ барысында оқу материалының мазмұнын балалардың игеруін бақылайды.

Қорытынды тексеру. Оқушылардың білімдерді игеруін мұғалім бірнеше апта, тоқсан, жарты немесе толық оқу жылы бойынша сегіз жылдық немесе орта мектеп көлемінде тексереді.

Орта мектептегі қалыптастырушы және қорытынды бақылаудың құрамы:

Бағалау түрі
Қолданылатын критерий
Критерий қалай қолданылады?
Тоқсандық бағаның %
Жұмыстың саны
Бағалаудың мақсаты
Бағалау түрі: Қалып тастырушы
Қолданылатын критерий: Кем дегенде бір критерий тексеріледі
Критерий қалай қолданылады?: Жоспарланған тапсырма және критерийге сәйкес рубрика әзірленеді.
Тоқсандық бағаның %: 50%
Жұмыстың саны: Тосанына кем дегенде үш
Бағалаудың мақсаты: Дағдыларды тәжірибеде қолдану, білімді пайдалану т. б. оқушының ұмтылысын мадақтау-жұмыс әдебін үйрету. «Тәжірибе Сізді дамыта түседі»
Бағалау түрі: Қорытынды бақылау
Қолданылатын критерий: Бірнеше критерий
Критерий қалай қолданылады?: Тек критерий қолданылады. Критерий мен тапсырма бірге қаралады.
Тоқсандық бағаның %: 50%
Жұмыстың саны: Тоқсанда кем дегенде екі
Бағалаудың мақсаты: Оқушылардың білімдері мен дағдысын бағалау үшін тараудың бір бөлігін аяқтананнан кейін жіберіледі.

Тақырыптық тексеру. Мұның мақсаты жеке сабақтар мен тапсырмалар емес, оқушының бүкіл тақырыпты түсінуін тексеру. Бұл тексеріс тақырып бойынша білімдерді жүйеге келтіру және жинақтауға көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЛЕКТРОНДЫ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Тарих кабинетін безендіру
Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Математиканы оқытудың арнаулы әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz