Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке баулу, кәсіби еңбекке баулу

Кіріспе: Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке баулу, кәсіби еңбекке баулу
Негізгі бөлімі:
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке баулу, кәсіби еңбекке баулу жұмыстарының ерекшеліктерін анықтаңыз.
2. Арнайы білім беру процесіндегі еңбекке баулу сабақтарының ролі тақырыбында конспек құрастырыңыз.
3. Арнайы мектептердегі кәсіби еңбекке үйретудің шарттарын құрыңыз.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Кіріспе

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың қолданыстағы нормативтік құқықтық базасының басты постулаты ‒ білім беру ортасын білім алушының жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне бейімдеуді қамтамасыз ететін, педагогикалық әдісті ескере отырып, олардың тұратын жері бойынша барлық білім алушылар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделеді.
ҚР Білім туралы Заңының баптарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларына тең қолжетімділікті, түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қарастыратын мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының мәні мен принциптері айқындалған. Мысалы, ҚР Білім туралы Заңының 3-бабында ...1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі... деген принциптерібелгіленген.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік ережелерінде берілген.
Әр түрлі адам қызметтерінің арасында еңбек маңызды орын алады, ол адамның рухани, адамгершілік, физикалық қабілеттерін дамытудың маңызды құралы ретінде қызмет етеді. Қоғамда тек еңбек тұлға қалыптастыруға жан-жақты әсер етуге септігін тигізеді, сонымен қатар, әлеуметтік прогресс факторы, қоғамдық байлықты құрушы, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілі ретінде көрінеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіби еңбекке даярлау әр баланың тұлғалық қызығушылығына, бейімділігіне және қабілеттеріне сәйкес кәсіби қызметті еркін және саналы таңдау қабілеті мен мүмкіндігін қамтамасыз етудегі қоғамның, мемлекеттің және білім алушы тұлғасы қызығушылығын қанағаттандырумен түсіндіріледі.
Мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде ақыл-ой кемістігі бар балаларды еңбекке баулудың мақсаты оларда өмірге және еңбекке қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектепте еңбекке баулу әдеттегі еңбек ұжымы жағдайында жаппай өндірістік кәсіпорындарда күрделі емес жұмыс түрін өз бетімен және кәсіби деңгейде орындауға қабілетті физикалық еңбек қызметкерлерін даярлауға бағытталған.
Еңбекке баулу, басқа оқу пәндері сияқты оқушыларды жан-жақты дамыту міндеттерін шешеді. Ол физикалық, ақыл-ой, эстетикалық және адамгершілік тұрғысынан дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Бірақ еңбекке баулудың негізгі міндеті - мектеп оқушыларына белгілі мамандық бойынша жұмыс істеу үшін қажетті бастапқы кәсіптік білім беру, яғни оларға қолжетімді техникалық және технологиялық білім беру, кәсіби білігі мен дағдысын қалыптастыру.
Жалпы білім беретін сабақтарда балалар еңбектің технологиялық процестерін терең түсіну үшін қажетті жеткілікті жалпы білім беру базасын алмайтынын ескерсек, арнайы мектептер жағдайында кәсіби-еңбекке баулу міндеттері ерекше маңызға ие екенін көруге болады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың көпшілігінде күрделі емес еңбек операцияларын орындаудың жоғарыавтоматтандырылған дағдылары қалыптасуы мүмкін. Бірақ ақыл-есі толыққанды оқушыларға қарағанда, дағдылардың қалыптасу процесі баяу жүреді, және дағдыларды алмастыру қабілетін дамытуда айтарлықтай артта қалу байқалады. Осыдан еңбекке баулудың мерзімін айтарлықтай арттырудың қажеттілігі келіп шығады.
Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды еңбек процесіне қосу олардың сенсорлық, ойлағыштық және орындаушылық қызметтерін түзету мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Осы жағдайда оқушылардың қабылдауы мен түсінігі анық көрсетілген пәнге қатыстылыққа ие болады, сондықтан оқушы үнемі нақты нысандармен оның қасиеттерімен жұмыс істейді. Осыдан ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың қабылдауына тән мазмұнның жұтаңдығы, көмескілігі, константтылықтың жеткіліксіздігі және т.б. жеңу мүмкіндігі кеңейеді. Олар қарапайым пайымдауға қарағанда нақты пәндік мазмұнмен толығады, біршама сараланған және тұрақты болады [5].
Сонымен қатар, арнайы мектептегі еңбекке баулу оқушыларды әлеуметтік-еңбекке бейімдеу және сауықтыру қызметтерін де атқарады. Бұл міндет балаларды өмірде қажетті: тұрмыстық, қоғамдық пайдалы және кәсіптік еңбек түрлеріне қосу жолымен шешіледі.
Еңбек сабағында оқушылардың алған білімі, бір жағынан, ақыл-парасатының жалпы деңгейін арттырады, екінші жағынан, еңбектік міндеттерін шешуде өз қызметін дұрыс реттеу білігін дамыту үшін негіз болып табылады (алынған тапсырмаға бағдарлану, өз жұмысын жоспарлау және бақылау). Жалпы білім беретін сабақтарда балалар еңбектің технологиялық процестерін терең түсіну үшін қажетті жеткілікті жалпы білім беру базасын алмайтынын ескерсек, арнайы мектептер жағдайында кәсіби-еңбекке баулу міндеттері ерекше маңызға ие екенін көруге болады.
Негізгі бөлімі

Мектептің оқу жүйесінің негізі - сабақ. Сабақ жоспары - мұғалімнің сабақ өтудегі негізгі қаруы. Қазіргі кезде дидактикада, әсіресе, жеке пәндерден сабақ беру әдістемесінде оқыту, үйрету, білдіру, әдістерінің проблемалары талас туғызып жүргені баршаға мәлім.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды еңбекке баулу сабағының ерекшелігі жоғарыда айтылғанындай сабақ жоспарын күнделікті қайталанатын жаттанды әдістен бөлек ұйымдастыру талап етіледі. Бұл сабақтың басқа білім сабағынан артықшылығы оқушының көруге, ұстауға, үйренуге деген бейімділігі, белсенділігі. Белсенділік дегеніміз - оқушылардың танымдық және шығармашылық әрекетін дамыту. Егер оқушылар алғашқы сабақтан бастап-ақ мұғалімнің сабағына белсенді қатынасса, онда оқушының білімге деген құштарлығы, ынта-ықыласы, төзімділігі, іскерлігі,-ізденімпаздығы, дүниетанымдық көзқарасы арта түсетіні анық. Осыдан келіп, оқушылардың белгілі бір кәсіпке бейімделуіне жол ашылады. Бұл кәсіпке бейімділікті танымдық әрекеті мен ақыл-ойын жетілдіру белсенділігін арттыру арқылы жүзеге асырып отырады.
Үлгермейтіндер мен қабылдауы баяу оқушыларды оқыту технология пәнінде еңбек тобын құрып арнайы бағдарламамен жеке оқыту жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің басты міндеті еңбек сабағында оқушылардың қабілеттеріне қарай топтап, сабақ жоспарын құру.
Даралап оқыту үлгермейтін оқушылардың технология пәнінде көрсетілген оқу бағдарламасын меңгеруіне мүмкіндік береді. Өйткені, үлгермейтін оқушылар еңбек тәсілдерін қалыптастыратын теориялық білімнің аздаған бөлігін ғана меңгереді.
Даралап оқыту үшін бір қатар зерттеушілер жеке тұлғаның қандайда бір басым қасиетіне қарай топтастыруды ұсынады. Осыған орай танымал орыс ғалымы В. Воронкова оқушылардың оқу үлгерімін өзіне тән басым қасиетінің сипаты болатын төменде көрсетілген төрт топқа бөледі:
Бірінші топқа - өз беттерімен жұмыс жасайтын, мұғалімнің тапсырмасын түсінетін, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беретін оқушыларды.
Екінші топқа - оқуға қарым-қатынасы дұрыс емес, тапсырманы жалпылай әзер түсінетін, қойылған сұрақтарға шала жауап беретін оқушыларды.
Үшінші топқа - оқуға қабілеті жоқ; оқу жұмыстарының іскерлік-дағдылары дұрыс қалыптаспаған, қойылған сұрақтарға көмекпен жауап беретін оқушыларды.
Төртінші топқа - еңбек ете білмейтін; оқу-танымдық қызығушылығы жоқ, қойылған сұрақтарға жауап бере алмайтын оқушыларды жатқызады.
Мұғалім осы топтарды сабақ бастамас бұрын ұйымдастырады. Қажетті оқулығын, еңбек пәніне қажетті еңбек құралдарын түгелдейді, арнайы жұмыс киімдерін кигізіп, тексереді. Содан кейін сабақ өтуді бастайды. Жаңа материалды түсіндіруді мұғалім басты мақсат етіп қойса, онда ең алдымен оқушыларға жаңа сабақтың материалына: сұрақ - тестік картчкаларын, инструкциялық, операциалық, графикалық сызбаларды, технологиялық көрнекті және техникалық құралдарды орынды пайдалана отырып оқушы назарын жаңа білімді меңгеруге арнайды.
Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруде оқулықтағы материалдарды сабақ өтер алдында қалай пайдаланатынын өзі жазған жоспарында оның тартымды, әрі қызықты етіп өткізуін ойластыру керек.
Мұғалім сабақ жоспарын жасау үшін ең алдымен бағдарламалық материалдарды, қайта қарап күнтізбеге ғылыми тұрғыдан талдау жасай білуі керек. Оқушылардың әрбір сабақтың ғылыми незігін ұғынуы, мұғалімнің білім байлығының көптігіне көп ізденіп, қажымай-талмай еңбектенуіне тікелей байланысты.
Сабақ жоспарын жасауда уақыт ережесін ерекше ескеруді жөн деп санаймын. Уақыт нормасын, енгізу оқушылардың тапсырылған жұмысты қанша мерзімде орындау қажеттігі жөнінде толық түсінік болады. Сонда оқушылар тапсырылған жұмысты өз мерзімінде орындайды.
Бұл үшін әрбір мұғалімге Технология бөлім саласы бойынша стандартты, тұжырымдаманы, бағдарламаны, соған сәйкес жазылған оқулықты оқып, оны жете түсіну талап етіледі. Қазіргі кезде оқулықтағы материалдарды оқушыға ескі әдіспен баяндай беру сабақтың жаңа тақырыпты түсіндіруі мұғалімнің 5 минут көлеміңде нұсқау берумен шектеледі. Сабақтың 25-30 минуты өз бетінше берілген тапсырмаларды талдау, ойлану, жаңа ұғым, жаңа түсінік қалыптастыруға оған жетудің жолдарын іздестіруге назар аударылады.
Мысалы: 1) Еңбек сабағын өткізудің мақсаты:
Біріншіден: сарамандық (практикалық) жұмыстары оқушылардың біліміне негіздеп құрылады. Яғни, сабақ қорытындысы берілген затты жасай, орындай білуге үйрену.
Технология пәнінен шеберханаларда өтетін тәжірибелік сабақтарда қажеттілікті қалыптастырудың бір бағыты құрал жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгертіп сапалы бұйымдар жасау болып табылады. Ол үшін мұғалім сабақтың басында оқушылар жасайтын жаңа заттар мен бұйымдардың сұлбасын, оның оқып-үйренудің жоспарын, технологиялық картасын, өткен сабақтарда бұрын жасаған бұйымдарымен байланысын, бастапқы материалдан дайын өнім жасағанға дейінгі іс-әрекеттің негізгі кезеңдерін жан-жақты түсіндіріп беруі тиіс.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып қарқынды еңбек әрекеттеріне жұмылдыруда мұғалімнің әрбір сабақтың мақсатын дұрыс қоя білуде маңызды рөл атқарады. Сабақтың жоспарында бұйымды жасаудың технологиялық картасы меңгерілуге тиісті еңбек әрекетінің тәсілдері мен іскерлік-дағдылардың тізімі түрінде берілуі тиіс.
Екіншіден: сарамандық жұмыс барысында оқушыға тапсырылған өңделетін материалдардың қасиетін, құрылысын, аспаптардың, механизмдердің, машиналардың, т.б. қолданылу мақсатын меңгереді. Сондықтан оқушы жұмысын бағалағанда, олардың бағдарламалық материалдарды қаншалық меңгергендігін ескерген дұрыс.

Арнайы білім беру ұйымдарында кәсіптік еңбекке баулуда еңбек нарығындағы білікті және бәсекеге қабілетті кадрлардың қажеттілігі, жергілікті және аймақ нарығындағы өзгешеліктерді, арнайы білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктерді, кәсіптік еңбекке даярлау және тағы басқалар үшін материалдық-техникалық базаның болуы ескерілуі қажет.
Арнайы мектепте Жалпы еңбекке дайындық, Қолөнер, Кәсібиеңбекке баулу және т.б. оқу пәндерін оқыту білім алушылардың бастапқы кәсіби бағдар алуына мүмкіндік береді.
Арнайы мектептегі бейіндік еңбекке даярлық білім беру және қоғамдық пайдалы жұмыс процесінде оқушының жеке қызығушылығы, бейімділігі, физикалық мүмкіндігі және денсаулық жағдайын ескере отырып, бейін мен мамандықты дұрыс таңдай білу уәжін, білімі мен білігін дамытуға, еңбек білігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеудің өзектілігі, еңбекке баулу бағдарламасы мазмұнын баяндаудың біріңғай құрылымы мен жүйелілігін анықтау қажеттілігінен туындайды.
Орта білім беруді дамытудың заманауи үдерістері: білім берудің жаңартылған мазмұны, тұлғалық- бағдарлы және тәжірибелік-бағдарлы оқыту, өмір бойы оқыту және басқа да көптеген факторлар кәсіби-еңбекке баулу бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуде тәсілдерді қайта ойластыруды талап етеді.

Білім алу қажеттіліктері ерекше балаларды еңбекке баулу арнайы мектептің жалпы оқу жүйесі мен түзете-тәрбиелеу жұмысының басты бір бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда жалпы білім беретін және арнайы мектептердің еңбек сабақтарында Қолданбалы өнер бөлімі қарастырылған. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр.
Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап келер ұрпаққа аманаттау Мәдени мұра бағдарламасының басты мақсаты деп елбасыН.Назарбаев өзінің ұлттық мәдениетті дамыту жолындағы үндеуінде көрсеткен. Ата-бабаларымыздың ұрпаққа деген өсиет үлгісі өнер арқылы жеткен.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру де арнайы түзетушілік-дамытушылық білім берудің маңызды бөлшегі. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы қалыптасады, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтары артады.
Мектепте бастауыш сыныптың еңбек сабағы бағдарламаcында ұлттық сәндік қол өнерімен танысу үшін, негізінен қазақ халқының ұлттық сәндік қолөнер материалдары (қазақ халқының тұрмысынан үй мүлкі, киімі, жиһазы, ыдысы т.б. зергерлік бұйымдар) пайдаланылады.
Еңбекке баулу сабақтарының алғашқы күндерінен бастап танымдық мақсатпен балаларға қарапайым ою үлгілерінен сурет салдырып, оларды қидырып үйрете бастау керек. Мұндай сабақтар оқушыларға дәстүрлі қолөнерімізді үйренуге жағдай туғызады. Сабақ барысында оқушылар ою - өрнектерде қолданылтын композиция, колорит, ритм ұғымдарымен жете танысады. Қазақтың әр алуан кесте тігу әдістермен, неше түрлі мәні бар қол тігістерінің көптеген түрлерінің ішінде көркем тігіс үлгілерімен танысады.
Еңбек дағдыларына қажетті қолдың ұсақ, нәзік қимыл-қозғалыстары жетілдіріледі. Сондықтан еңбекке баулу сабақтарының бұл ретте ролі ерекше деп атап кетуге болады. Еңбекке баулу процесінде дамыту міндеттері - қолдың ұсақ моторикасын дамыту мен түзету және әлеуметтік бейімдеу міндеттері жүзеге асырылады.
Ұлттық қолөнерді, оның ішінде кесте тігу өнеріне үйрету әдістерін еңбек сабақтарда кеңінен қолдану балалардың ұсақ моторикасының жетілуінде айтарлықтай жетістіктер барлығын көрсетеді. Балалардың өз жұмыстарында түпкі нәтижеге жетуді мақсат етіп қойып, барынша тырысып әрекеттенуі олардың жасаған бұйымдарының сапасын да жақсарта түседі. Балалардың қол еңбегі сабағына деген және қазақ халқының ұлттық қолөнеріне деген қызығушылықтары арта түсті деп сеніммен айтуға болады, себебі, оқушылардың сабақтағы белсенділіктері мен өз беттерімен іздене әрекет етулері артады. Сонымен бірге оқушылар кестеде қолданылатын кәсіби терминдермен, ою - өрнектердің әртүрлі атауларымен, оларға қатысты халық аузындағы аңыз - әңгімелермен таныса алады.
Білім алу қажеттіліктері ерекше балаларға тән кемшіліктерді түзету мақсатымен, арнайы оқытуды тиісті әдістермен, сәйкес мазмұнымен қамтамасыз ету қажет. Қол еңбегіне үйрету үрдісі негізінен баршаға бірдей болу керек. Сонымен қатар балалардың ақыл-ой дамуындағы ерекшеліктері, өз бетімен еңбек ете білулерінің әр түрлі деңгейі олармен жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Бұл талап қол еңбегі бағдарламасының мазмұнында ашылып көрсетілген. Бағдарламада берілген тапсырмаларды орындаудың күрделілігінің әртүрлі деңгейі ескеріледі. Сонымен бірге төменгі сынып оқушыларын еңбекке баулу жолында әрбір оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс түрлері ескеріліп, оқушының табысын бақылай отырып оның талабы мен мүмкіншілігін анықтау. Білім алу қажеттіліктері ерекше балалар көп тапсырмаларды өз бетімен орындай алмайтындықтан бастапқы кезде мұғалімнің көмегі өте қажет. Бірақ мұғалімнің көмегін оқытудың әр түрлі кезінде өзгерте отырып, біртіндеп азайту керек.
Бастауыш сыныптарда қол еңбегі сабақтар жалпы және арнайы міндеттерге негізделіп, балалаларды кәсіби еңбекке баулуға дайындайды.
Еңбекке баулу сабақтарының жалпы міндеттері:
- еңбек түрлері туралы қарапайым білім беру: еңбек дағдысын қалыптастыру, ең қолайлы әдістерге үйрету, әр түрлі материалдар туралы білім беріп, олардың құрамына қарай өңдеу әдісін таңдау, өз бетімен еңбектенуге дамыту, еңбекке деген қызығушылықты арттыру;
- ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру: еңбек сабағына кешікпеу, еңбек бөлмесіне ұйымдасқан түрде кіру, өз жұмыс орнында еңбек ету, онда материалдар мен құралдарды дұрыс орналастыру, сабақ сонында оларды жинау, ішкі тәртіп пен сабақ ережелерін білу және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;
- қоршаған орта және еңбек үрдісі туралы түсінікті байыту;
- ұжымда жұмыс істеудің дайындығы мен қажеттілігін тәрбиелеу;
- ақыл-ой тәрбиесі, түйсік пен қабылдауды дамыту, жоспарлауға үйрету, жұмыс нәтижесін ұғыну;
- адамгершілік тәрбиесі, ұжымдық тәрбие, өзара көмек, еңбекке деген даярлық, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, ересектердің еңбектеріне деген жағымды көзқарасты қалыптастыру,
- дене тәрбиесі: денені дамыту, қимыл-қозғалыстарды үйлестіру, қол қимылының дұрыс орындалуы, құралдарды дұрыс пайдалану,
- сөйлеу тілін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz