Азықтық белок өндірісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Реферат
Тағамдық белок алу және аминқышқылдары

Тексерген: Алмағанбетова А. Т.

Алматы 2016
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Белок пен амин қышқылдарының пайдасы.
2.2 Белоктық тағамдардан қандай амин қышқылын алуға болады?
2.3 Азықтық белок өндірісі.
2.4 Аминқышқылдары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Белок, протеиндер - күрделі молекулалы табиғи органикалық қосылыстар. Белок тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 - 54,5% көміртек, 21,5 - 23,5% оттек, 6,5 - 7,3% сутек, 15 - 17,6% азот, 0,3 - 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде белок молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Белоктар туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялык ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген белокты бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында белоктық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер клеткасында болатын тірі материя - протоплазма, негізінен, белоктан құралатыны анықталды. Белоктардың барлығы екі топқа бөлінеді: 1) қарапайым белоктар - протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); 2) күрделі белоктар - протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады. Белок клетка құрамына кіретін тірі құрылымдар - ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол организм құрамында үлкен орын алады. Мысалы, адам мен жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45%, жасыл өсімдіктерде 9 - 16%, дақыл тұқымында 10 - 20%, бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 - 35%, бактерия клеткаларында 50 - 93% белоктық заттар бар. Белок барлық организмге ортақ зат болғанымен, әр түрлі организм белоктарының құрылымы түрліше болады. Сондай-ақ, организм түрлерінің бір-біріне ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да белок қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Белок - бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол клетка протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік кұбылыстарына - тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, козғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Организмнің күнделікті тіршілігі оның клеткаларында жүріп жататын көптеген биохимиялық реакцияларға негізделген. Осы реакциялар нәтижесінде өсімдіктерде, бір жағынан, тіршілікке қажетті химиялық қосылыстар - белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар, витаминдер синтезделетін болса, екінші жағынан, онда ферменттер арқылы күрделі заттар ыдырап, өсімдіктің қоректенуіне, тозған клеткаларын жаңартуына, организмге қуат беруге жұмсалады. Бұл құбылыстарды метаболизм деп атайды. Осы реакциялардың бәрінде де белок катализаторлық қызмет атқарады. Қан құрамындағы ерекше белок - гемоглобин бүкіл денеге оттек таратады. Клеткалардағы тотығу ферменттері - цитохромдар тыныс алу процесін реттеп отырады. Сондай-ақ организм тіршілігіне аса кажетті заттар гормондар да белоктан құралған. Ерімтал белоктар - гидрофильді коллоидтар - суды бойына көп тартады. Олардың ерітінділері желім сияқты: осмостық қысымы төмен, қозғалу қабілеті нашар, өсімдік пен жануарлар мембранасынан өте алмайды. Белоктардың тағы бір қасиеті - олар амфотерлі электролиттер. Молекулаларында бос карбоксил және амин топтары болатындықтан, олар оң немесе теріс электр зарядты болады. Химиялық табиғаты жағынан белок биополимерлер тобына жатады. Белоктың құрамында жиырма түрлі амин қышқылдары болады. Әр түрлі белоктардың амин қышқылы құрамы жағынан да, олардың тізбектегі орналасу тәртібі жағынан да бір-бірінен айырмашылығы зор. Табиғатта белок түрлерінің көп болуы да осыған байланысты. Мысалы, үш амин қышқылының қосылуынан алты түрлі, төрт қышкылдан жиырма төрт түрлі белок изомерлері пайда болады. Белок молекуласы амин қышқылдарының өзара моншақтай тізіле байланысқан полипептидтік тізбегінен құралады. Белок молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады. Біріншісі - шар тәрізді домалақ - глобулярлы белоктар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік клеткасының белоктары жатады. Екіншісі фибриллярлық (талшық тәріздес) белоктар. Бұларға бұлшық ет белогы - миозин, актин, сіңір белогы - коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі белоктары жатады. Белок молекуласының өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымдылық дәрежелері көптеген сутектік байланыстар, электрстатикалық қуаттар, күкірттен құралатын дисульфидтік байланыстар, т.б. жағдайлар арқылы қамтамасыз етіледі. Белок ерітіндісін қыздырса немесе оған күшті кышқылмен әсер етсе, ол өзінің табиғи қасиеттерін (ферменттік, гормондық) жояды, кейде ұйып та қалады. Мұндай құбылысты денатурация деп атайды. Белок - адам тағамы мен жануарлар қорегінің, сондай-ақ тері, жүн, жібек сияқты табиғи талшық заттардың негізгі құраушысы болғандықтан, 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап оны қолдан өндірудің (микробиологиялық синтез) маңызы артып отыр.

II. Негізгі бөлім
2.1 Белок пен амин қышқылдарының пайдасы
Адам ағзасындағы көптеген пайдалы элементтер ақуызы мол тағамдардан келеді. Ал ағзадағы ең маңызды нәрсе ақуыз екені айтпаса да түсінікті. Ақуыз бұл көптеген алмастыруға болмайтын амин қышқылдарының негізгі көзі. Амин қышқылдарымен ішкі органдар, сүйек және бұлшық еттердің қоректенетін ескерсек, ақуыздардың біздің ағамыздағы рөлі зор екенін байқаймыз.
Тағамда ең маңызды үш элемент бар: ақуыз, май және көмірсулар. Әрқайсысында калорияның көптеген мөлшері бар. Ақуызда 1 грамға 4,1 ккал, көмірсуларда да осындай көлемде. Ал майда 1 грамға шаққанда 9,2 ккал калория бар.
Майлы тағамның ерекшелігі
Май артық энергияны сақтаушы болып табылады. Ол ағзаның барлық бөлігіне таралып, ағзаны толық әрі тығыз етіп тұрады (сыртынан да, ішінен де. Егер май мөлшерден артық болса, ішкі органдарға тұрақтайды). Мұның бәрі зат алмасуды қиындатып, адам ағзасының жақсы жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Денсаулықты қалай сақтау қажет?
Макроэлменеттердің тепе-теңдігін сақтау үшін ақуыздың бір күндік мөлшері тағамда 3,0 пайыздан аспауы керек. Ақуыз май сияқты емес, жиналмайды және денеден тез шығып кетеді. Ал май артық қорға қалып қояды да, салмақтың артуына, көптеген сырқаттардың пайда болуына әкеледі.
Ақуыз қандай тағамда бар?
Дұрыс тамақтану үшін өсімдікпен қатар, жануар ақуызын да пайдаланған жөн. Өсімдік ақуыздары күріш, асбұршақ, ірі бұршақ және бұршақ қабығы сояларында болады. Ал жануар ақуызының негізгі көзі болып тауық, күркетауық, бұзау, сиыр, балық және шошқа еті табылады.
Ағзада ақуыз аз болса ше?
Ақуызды аз мөлшерде пайдалану ішкі органдар қызметінің бұзылуына әкеледі. Ал бұл жасушалардың ақуыз бен кейбір амин қышқылдарын ішкі органдардан алуынан кейін пайда болады. Әсіресе, ең басты бұлшық ет - жүрек бұлшық етінен алу денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.
2.2 Белоктық тағамдардан қандай амин қышқылын алуға болады?
Валин
Бұл өте маңызды, зат алмасу мен бұлшық ет ұлпаларына аса қажетті қышқыл. Бұлшық етті қатайтып, олардың сергектігін арттырады. Валин сүт, ет және өзге де сүт өнімдерінде, сондай-ақ, жаңғақ пен саңырауқұлақта ьар.
Изолейцин
Бұл амин қышқылы гемоглобинді синтездеуге қатысады. Сонымен қатар, қанттың мөлшерін реттеп, қалыпқа келтіреді. Ағза күйзелуінің алдын алады. Изолейцин негізінен тауық еті, бауыр, балық, жұмыртқа, соя, миндаль, кешью және чечевицада кездеседі.
Триптофан
Бұл қышқыл ұйықысыздыққа ұшырап, күйзеліске түскен кезде пайдалы. Жүрек ауруларының алдын алуға, салмақты реттеуге көмектеседі. Тәбетті төмендетеді, бойдағы гормондардың өңделуіне әсер етеді, никотиннің әсерін төмендетеді. Триптофан ет, балық, тауық, жұмыртқа, күрке тауыө, сүт өнімдері, қара шоколад, самырсын жаңғағы, қара өрік, қызанақ, күнжіт, банан, соя және құрманың құрамында бар.
Аргинин
Бұл қышқыл иммундық жүйенің жұмысын реттеп, бауырдан уытты заттардың шығуына әсер етеді. Салмақты түсіріп, обыр ауруларының алдын алады. Аргининді сиыр еті, шошқа еті, швейцарлық ірімшік, күнжіт, асқабақ дәнегі, йогурт және жаңғақтан таба аласыз.
Гистидин
Бұл аминқышқылы ағзаға күйзеліс кезінде, жұқпалы ауру және өзге де сырқаттардан соң өте қажет. Аллергияның алдын алып, минералдарды сіңіруге көмектеседі. Анемия мен асқазан жарасын емдеуге өте пайдалы. Гистидин шошқа етінде, албырт етінде, тунецте, ірімшік пен дақылда, тауық, чечевица, соя және сиыр етінде бар.
Лейцин
Бұлшық ет, сүйек және тері қабығын регенерациялауға көмектеседі. Қандағы қант мөлшерін төмендетіп, бойдың өсу гормонын өңдеп шығарады. Лейцин балық, күріш, ет, чечевица, сүт, сүт өнімдері, дақыл және жаңғақта кездеседі.
Лизин
Бұл амин қышқылы балалардың бойы өсіруге, сүйектерін қатайтуға өте қажет. Коллагеннің пайда болуына, гормондардың синтезделуіне керек. Лизинді балық, ет, сүт тағамдары, жаңғақ және дақылдардан алуға болады.
Треонин
Бұл амин қышқылы коллагенді синтездеу кезінде аса қажет. Май алмасуға қатысып, иммунитетті күшейтеді. Треонин сүтте, йогуртта, жаңғақ пен жұмыртқада және ірі бұршақта кездеседі.
Метионин
Бауырға май жиналуының алдын алады. Тамырда қанның ұюына жол бермей, тамақ қорытылуын жақсартады. Жүктілік кезінде токсикоз бен артритке пайдалы. Метионин сүт, йогурт, сарымсақ, ет, қарақұмық, фасоль, ірі бұршақ, чечевица және жұмыртқа мен балықта бар.
Фенилаланин
Ауырудың алдын алып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Тәбетті төмендетіп, күйзеліспен жақсы күреседі. Семіздіктің алдын алады, Бұл амин қышқылы көңіл-күйді жақсартадығ коллаген мен эндрофинді шығаруға көмектеседі, етеккір кезінде ауыруды азайтады. Фаниалаланинді тауық етінде, сиыр етінде, сүт тағамдары мен жұмыртқада кездестіресіз.

2.3 Азықтық белок өндірісі.
Ашытқыны және бактерияны қолдану.
Балдырларды және микроскопиялық саңырауқұлақтарды қолдану. Ақуыз препарат өндірісінің технологиясы.
1. Ашытқыны және бактерияны қолдану.
Ашытқыдан алынған ақуыз концентраттары
Германияда бірінші дүние жүзі соғысы кезінде ашытқылар алғаш адам және жануар үшін ақуыз көзі болып қолданылады, бұл кезде азықтық өнімге қосуға арналған сыра ашытқысын (Sacharamyces cerevisiae) культивирлеудің өнеркәсіптік технологиясы жасалған еді.Біздің елімізде азықтық белок өндірісінің алғашқы заводы 1935 жылы ашылды. Гидролизат кезінде микроорганизмдер жеңіл сіңіретін көмірсулар формасын түзетің ағаш қалдығының және құрамында целлюлоза бар өсімдік шикізатының гидролизатына өсіреді. Қазіргі уақытта біздің биотехнологиялық өнеркәсіп өсімдік шикізаты гидролизінің негізінде ауыл шаруашылығы үшін маңызды көлемде азықтық ашытқы өндіреді. Азықтық ақуыз алудың осындай технологиясымен шикізат ретінде әдетте целлюлозалық және ағаш өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары сабан, мақта қабығы, күнбіғыс себеті, күнбағыстың діңгегі, қызылшалық меласса, картоптық мезга, жүзім сығындысы, сыра дробинасы, беткі аз ыдыраған тороя, спирт өндірісінің барасы, кондитер және сүт өнеркәсібінің қалдықтары қолданылады.
Көп мөлшерде клетчатка гемицеллюлоза, пентозаның үлкен мөлшері бар ұнтақталған өсімдік шикізаты жоғары қысымда және температурада қышқылдық гидролизге ұшырайды., нәтижесінде құрамындағы 60-65% полисахаридтер моносахаридтерге дейін гидролизденеді. Алынған гидролизатты лигниннен гидролиздеуге қолданылатын, қышқылдың артық мқлшерінен бөліп алып, ізбест сүтімен не аммиак суымен нейтралдайды. Салқындатқан соң және тұндырған соң гидролизатқа минералды тұздар, витаминдер және басқа да заттар қосады, олар микроорганизмдердің тіршілік қызметі үшін қажет. Осылай алынған қоректік орта ашытқы өсірілетін ферментерлік цехқа жіберіледі.
Өсімдік өалдығының гидролизетында культивирлеуге Сandida, Torulopsis, Sacharomyces туысының ашытқыларын қолдану тиімді, олар көміртегінің көзі ретінде гентоза, пентоза және органикалық қышқылдарды қолданады. Қалыпты жағдайда 1т қалдықтан 250кг азықтық ашытқы алуға болады.

Азықтық ашытқы алу үшін араластыру тәртібінде, қалыпты температура тәртібі мен аэрация тәртібінде іске асырылады
Ашытқыны сұйық қоректік ортада егуге арналған ферментер.

1-ферментер корпусы: 2-салқындатқыш жейде: 3-жылуалмастырғыш: 4-жылуалмастырғышқа жылы су беру; 5-жылуалмастырғыштан жылы суды шығару; 6-егіс культурасын беру әкелу; 7-сұйық ұоректік орта беру; 8- аэрация, қоректік ортаны араластыру үшін ауа беру; 9-жылуалмастырғыштың ішкі қуысын ауа ағысын бағыттауға арналған кювета; 10-ферментация соңында ашытқы суспензиясының шығымы 11-аэрация жағдайында тазартқыш фильтр арқылы ауаның атмосфераға шығуы.
Берілген температура режимін ұстап тұру мақсатында ферментерконструкциясында артық жылуды шығару жүйесі қарастырылады. Ашытқы культурасын культивирлеудің жұмыс циклі 20сағаттай созылады. Жұмыс циклінің соңында суспензирленген ақуыз жасушасымен бірге культуралық сұйықтық ферментерден шығарылады, ал оған қайтадан қоректік субстрат және өсіру үшін ашытқы жасушасының культурасы енгізіледі.
Ферментерден шығарылатын микробтық жасуша әрі қарай флотациялық құрылғыға беріледі, оның көмегімен биомассасын биомассасын культуралдық сұйықтықтан бөлу жүреді. Флотация процесіне суспензия көбіктенеді, бұл кезде микробтық жасушалар көбікпен бірге бетке шығады, сұйық фазадан флотациямен бөлінеді. Тұндырған соң ашытқы массасы сепаратор көмегімен концентрленеді. Ашытқыны жануар ағзасында жақсы қорытылуы, сіңірілуіне жету үшін микробтық жасушаны арнайы өңдеу (механикалық ультродыбыстық, термалық, ферментативтік) жүргізіледі. Ол микробтық жасушаның жасуша қабығын бұзады. әрі қарай ашытқы массасы өажетті концентрацияға дейін буландырылады және кептірілді, дайын өнімнің ылғалдылығы 8-10% артпауы керек.
Құрғақ ашытқы массасында 40-60% шикі ақуыз , 25-30% сіңірілетін көмірсу, 3-5% шикі май, 6-7% клетчаткалар және зольдық заттар, көп мөлшерде 50 мг% дейін) витаминдер болады. Ашытқыларды ультракүлгін сәулелермен өңдеу нәтижесінде ашытқылар ондағы эргостериннен түзілетін Д2 витаминімен байытылады. Дайын өнімнің физикалық қасиетін жақсарту үшін гранула түрінде шығарылады.
Өсімдік шикізатының гидролизатының ферментациясы негізінде азықтық ашытқы өндірісі қатарында сонымен бірге этил спиртін де алады. Бұл жағдайда технологияныңерекшелігі мынада, алғашында спирттік ашу жүреді, нәтижесінде гидролизат құрамындағы гексозалардың утилизациясы жүреді. Спиртті айдаудан соң қолданылмаған субстрат барда қалады. Барда құрамында негізінен пентоза болады. Бұл спирттен соңғы барда азықтық ашытқы өсіруге арналған қоректік орта ретінде қолданылады.. Осылайша өсімдік қалдықтарының гидролизатынан бір уақытта бағалы өнімнің екі түрі алынуы мүмкін.
Россияда және басқа да мұнай өңдеуші елдерде мұнайдың Н-парафинінен азықтық ақуыз алу технологиялары жасалды. Ашытқы жасушалары олардың өсуіне қажетті көміртегі көзі ретінде қолданылады. Ол көміртектер - тармақталмаған, көміртегі атом саны 10-30-ға дейігі . Олардың қайнау температурасы 250-3200С мұнайдан айдау арқылы бөліп алатын сұйық фракциялар.
Мұнайдың тазартылған көмірсутек фракциялары ашытқы өсіруге қолданылады. Олар 3 әдіспен алынуы мүмкін: төмен температуралық кристализациямен, карбалидтік депарафинизациямен және молекулалық торд адсорбциялау. Бұл әдістердің біріншісіне сәйкес үнемі салқындата отырып олардың органикалық еріткіштермен ерітуден соң жоғары температурада қайнайтын фракциясын кристализация жүргізіледі, сосын кристализация жолымен тазаланған өнімдер микроорганизмге қоректік орта даярлауға қолданылады. Екінші әдіс мұнайдың Н - парафиндерінің карбамид молекуласымен берік комплекс түзу қабілетіне негізделген. Бұл комплекс басқа фракциялардан оны бөліп алған оң қыздырғанда оңай ыдырайды, нәтижесінде айдау көмегімен Н - парафиннің тазартылған фракциясын алуға болады. Үшінші әдіспен мұнай көмірсутегінің молекулалық торда қажетті фракцияға адсорбциясы жүреді, онан кейін олардың десорбциясы жүреді, осылайша жоғары дәрежедегі тазартудың фракциясын бөліп алуға болады.
Басқа елдерде ашытқы алудың мұндай технологиясы мұнайға әлемдік жоғары бағаға байланысты дами алмады. Біздің елімізде мұнайдың сұйық парафинінен азықтық ақуыз өндірісінің алғашөы заводы 1971 жылы іске кірісті.
Микроорганизмдерді мұнайдың Н - парафинінде өсіру кезінде олардын жасалған қоректік орталарға макро, микроэлементтер, қажетті витаминдер мен амин қышқылдары, ал азоттың көзі ретінде аммиак cуы қосылады. Ашытқыны культивирлеуде ферментерде оптималды температура режимі және аэрация режимі ұстап тұрылады. Мұнайдың Н - парафинінде өсіру үшін тиімдісі ашытқылардың селекцияланған штаммы Candida guilliermondii. Ашытқы жасушасын бөліп алу және кептіру сол технологиямен жүреді, дәл гидролиздік өндірісіндегідей кептірілген ашытқы массасы гранулирленеді және ауылшаруашылықтың жануарларды азықтандыратын ақуыздық витаминдік концентрат (АВК)ретінде қолданылады Оның құрамында 50-60% ақуыздық заттар болады. Қалдық көмірсутектердің мөлшері 0,1% болады.
Шикізатты толық қолдану және тауарлық өнімдегі қалдық көмірсутектердің мөлшерін төмендеті мақсатында АВК алудың жетілдірілген технологиясы жасалды. Ол технологияға екі сатылы ферментация және ашытқыдан қалдық көмірсутектерді бензинмен келесі экстракциялау кіреді. Бұл кезде ашытқы массасында шикі ақуыз мөлшері 58-65% дейін өсуі мүмкін, ал қалған көмірсутек мөлшері 0,05% дейін төмендеуі мүмкін.
Азықтық ақуызды өсіруге жақсы субстрат сүтті өңдеудегі өндірістік қалдық болатын - сүт сарысуы. 1 т сүт сарысуында 10 кг бағалы ақуыз және 50 кг оңай утилизацияланатын лактоза дисахариді болады. Сүт сарысуынан ақуызды бөліп алу үшін төмен молекулалы заттарды мембрана арқылы ультрафильтрация әдісін қолданатын тиімді технологиясы жасалды. Осы жолмен алынған ақуыз майсыздандырылған құрғақ сүт алуда және тағамдық ақуыздық қоспа ретінде қолданылады. Ақуызды бөліп алғаннан кейінгі сұйық қалдықтар құрамында лактоза бар, культураланатын ашытқыны ақуызбен байытылған азықтық ақуыз өнім алуда қолданылады.
Жиірек ашытқылауда құрамынан ақуызы алынбаған сүт сывороткалар ұшырайды, мұнымен torulopsis туыстық азықтық ашытқылар арнайы росалары өсіріледі. Сүт сарысуын ашытқылау негізінде азықтық ақуыздың 3 түрі алынады: ауылшаруашылық жануарлар төлдерін қоректендіретін құнды сүтті алмастыратын БИО-ЗЦМ; құрамында ақуызы 2,5-3 есе жоғары сұйық ақуыз өнім Промикс құрғақ ашытқы ақуызымен байытылаған өнім Провилакт, ол құрғақ майсыздандырылған сүтті алмастырғыш ретінде қолданылады. Көміртек және көмірсутектен басқа көміртек көзі ретінде ашытқы жасуша әдетте табиғи газдан немесе өсімдік қалдықтарынан алынатын төмен спирттер - метанол және этанолдар қолданылуы мүмкін. Спиртте культивирленген ашытқырап алынған ашытқы массасы ақуыздың көп мөлшерімен (құрғақ массаның 56-62% ) ерекшеленеді және онда мұнайдың Н - парафинінде егілген азықтық ашытқыға қарағанда зиянды қоспалар аз болады.
Азықтық ашытқының қоректік қасиеттерін зерттеген тәжірибелердің көрсеткіштеріндегідей, олар жануар ағзасында жақсы сіңіріледі. ( ақуыздың cіңімділігі 80-90%) сонымен бірге ашытқы ақуызы метионин бойынша баланстанбаған және онда күкіртті амин қышқылдарының басқа түрлері аз.
Өсімдіктің ақуыздарымен салыстырғанда азықтық ақуыз ағзаға мұндай мөлшерде концентрацияда зиянды әсер тигізетін нуклейн қышқылының 4-6% көтеріңкі мөлшеріне ие. Олардың гидролизінің нәтижесінде көп пурин қышқылы түзіледі, кейін ол ағзада жиналып қалатын зәр қышқылының тұздарына айналады. Бұл тұздар зәрдегі тас байлану остеохандроз және т.б. аурулар туғызады. әсерінен ауыл шаруашылығы жануарларының азығына ашытқы массасын қосу нақты мөлшері 5-10% құрғақ зат не азықтық рациондағы ақуыздың жалпы мөлшерінің 10-20%-дей ашытқы ақуызы.
Мұнайдың Н парафинінен жасал,ан қоректік орта культивирленген азықтық ашытқыда көптеген зиянды қоспалар қаныққан бензол, Д амин қышқылы, аномальды липидтер, әртүрлі токсиндер, концерогенді заттар болады, сондықтан оларды арнайы тазартудан (бензинмен экстракциялау) өткізеді.
Қоршаған ортаны ластамай азықтық ақуыз өндірісін ұйымдастыруда газ тәрізді және сұйық қалдықты тазарту проблемасы туады, соған байланысты суды қолданудың тұйықталған циклді экологиялық таза қалдықсыз технологиясын құру жұмысы жүргізіледі.
Өндірістік технологияны іске асырумен қатар, көп ақуыз жинайтын биомассаны тез өсіретін, өзінен тіршілік қызметіне субстратты тиімді қолдануға қабілетті жоғары өнімді ашытқы штамын құру маңызды мәнге ие. Микроорганизмнің жаңа штамын алу үшін кәдімгі селекция әдістерімен бірге гендік инженерия биотехнологиясы да қолданылады.
Ауыл шаруашылық жануарларының рационын теңестіруде азықтық қоспа ретінде ашытқы ақуызын қолданумен қатар бұл ақуыздарды адамға тамақтануға жарамды ету міндеті тұр. 1930-1940 жж. бірқатар елдерде сыра және басқа тағамдық ашытқылардың (Saccharomyces cerevisiae, Candida arborea, Candida utilis) культивирлеу технологиясы жасалды.

Микроорганизмдерді газ текті көмірсутекте өсіруге арналған ферментер
1-ферментер корпусы; 2-салқындатқыш жейде;3-араластырғыш жейде;4-араластырғыш айналдырғышы;5-газ тәрізді көмірсутек беруші;6-оттекті газ беруші;7-сұйық қоректік қоспа беруші;8-егіс культурасын беруші;9-ферментация соңында ашытқы суспензиясының шығымы;10-ферментерден газ босату;11-ретциркуляцияға газ қоспасының шығуы;12-коапанның реттегіш қондырғысына сигнал беретін газоанализатор;13-ферментер ішіндегі қысым реттегіш;14-көмірқышқыл газын ұстап қалғыш.
Бұл ашытқылар әртүрлі тағамдық өнімдерге ақуыздық қоспа ретінде қолданылады. Тағамдық ақуызға айналдыруда ашытқы биомассасын мұқият тазартады. Осы мақсатпен ашытқы жасушасының жасуша қабығын механикалық, сілтілік, қышқылдық ферментативтік өңдеу көмегімен бұзады, Сосын гемогендік ақуыздық массасын органикалық еріткіштермен экстрагирлейді. Алынған ашытқы өнімін органикалық және минералдық қоспадан тазартқан соң ақуыздарды еріту үшін сілтілік ерітіндімен өңдейді, кейін ақуыз ерітіндісін қалған ашытқы массасынан бөліп алып диализге бағыттайды, жібереді.
Диализ процесінде ақуыз ерітіндісінен төмен молекулалы қоспалар алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азығын байыту мақсатында ашытқы биомассасы негізінде жаңа жемдік қоспа алу
Ашытқылардың белок жинақтаушы қасиеттерін зерттеу
Мал азығын байыту мақсатында ашытқы биомассасы негізінде жаңа жемдік қоспа алу туралы
Азықтық ашытқы белогы жануар шаруашылығында қолдану
Автолиздің ерте мерзімдегі жылқы және қой еті өнімдерінің технологиясын дайындау
Микробалдырлар туралы мәлімет
Биотехнологияның негізгі бағыттары мен преспективалары
Азықтық майларды зерттеу
Сыра қайнату өндірісі
«Cүт сарысуы негізіндегі фитосироптың микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу»
Пәндер