Клиникалық белгілері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

“ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА” кафедрасы

Реферат

Пән : Ветеринариялық фармакология және токсикология ІІ.

Тақырыбы : Микотоксикоздар

Орындаған : Смбек Ә. Р. Тексерген : Билялов Е. Е.

Тобы : ВМ - 501.

Семей қаласы

2018 жыл

Жоспары:

I. Кіріспе . . . 3

II. Негізгі бөлім . . . 5

2. 1 Хлорорганикалық қосылыстардан улану . . . 5

2. 2 Хлорорганикалық косылыстардын алифатты көмірсулары . . . 6

2. 3 ХОҚ-ың ациклді көмірсулары . . . 7

2. 4 Хлорорганикалық қосылыстардың ароматты көмірсутектер . . . 8

2. 5 Жануардың хлорорганикалық қосылыстардан улануы . . . 12

2. 6 Хлорорганикалық қосылыстар . . . 18

III. Қорытынды . . . 22

IV. Пайдаланылған əдебиеттер . . . 23

Микотоксикоздар.

Микотоксикоздар дегеніміз - жануарлар ағзасына микоз тә- різдес уытты заттардың (саңырауқұлақтар) енуі нәтижесінде пайда болатын ауылшаруашылық малының аурулары. Оларға: аспергилло, дендрохио, стахиоботрио және фузариотоксикоздар жатады.

Аспергиллотоксикоздар - аспергиллюс туысына жататын (20-астам) уытты саңыраукұлақ эсерінен пайда болатын ауру- лар. Олар ылғалдылығы 18 ден 35 градус аралығындағы жем- дерде пайда болып, афлотоксин деп аталатын уытты зат бөліп шығарады. Афлотоксиндер суда жэне органикалық ертінділерде жақсы ериді. Судағы ерітінділері жоғары температураға төзімсіз, күн сэулесіне төзімді. Қышқылдар мен сілтілердің эсерінен белсенділігін жояды.

Токсикологиясы. Малдың организміне ене отырып афло- токсиндер бауырдың функционалдық қызметін бүлдіреді, кей- бір ферменттердің белсенділігін төмендетеді, РНК-ның ме- таболизмін өзгертеді, белоктардың синтезін бұзады, мүшелерді майлы жэне белоктық дистрофияға ұшыратады, гепатоцидтерді өліеттендіреді, канцерогенді, тератогенді жэне мутагенді әсер етеді.

Клиникасы. Алғашқы белгілері 1-3 күннен кейін байқала ба- стайды. Улану жіті, жітілеу жэне созылмалы түрде кездеседі.

Жылқыларда аздаған қозу пайда болып, ол тежелу сатысы- на алмасады. Жем-шөптен қалады, шөлдейді. Ауыз қуысының кілегейлі қабықтары қызарады, ішектің перистальтикасы күш- ейеді, нэжіс кілегейлі заттармен араласады. Температура төмен- дейді, тамыр соғуы және тыныс алу жиілейді, мал жатаған келеді, бұлшық еттері тартылады.

Ірі қарада алғашқы белгілер 4-6 күннен кейін пайда болады. Көз қарашығы үлкейеді, бұлшық еттері тартылады, құлақтары- ның ұштары, аяқтарында, бас терілерінде өліеттенулер көрінеді, жалпы әлсірейді, кілегейлі қабықтар сарғаяды, тәбеті төмендей- ді, сілекей көп бөлінеді, жөтеледі, тремор, асқорыту және жүйке жүйесі жұмысы нашарлайды. Буаз мал іш тастайды, бұзаулардың іші өтеді, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді.

Қойларда: Жалпы әлсірейді, тэбеті төмендейді, саливация, несеп бөлу жиілейді, гипотония, атония жэне тимпания қалып- тасады, қарын ісінеді.

Шошқаларда: Жалпы қозу, атаксия, тремор, іш өту, парез секілді белгілерімен қатар, ас қорыту жолының функциясы бүлінеді, құсады, салданады, тілі, қызыл иегі, желінінің, құлағы- ның ұштары, аяқтарының, бас терісінің кейбір бөліктері өліет- тенеді.

Құстарда: Жалпы әлсірейді, тәбеті төмендейді, айдары мен сырғалығы көгереді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Кілегейлі қабық- тар катаральді түрде қабынады, асқазан мен кейбір ішектердің кілегейлі қабықтары өліеттенеді. Бауыр үлкейеді, жүректе қан ұйюлар байқалады, өкпесі қызарған эрі ісінген. Миы қанға толы, паренхимтозды мүшелерде дистрофиялық өзгерістер білінеді. Бронхтар мен бронхиолалар көбіктенген, қан аралас сұйықтыққа толы.

Емдеу және алдын алу шараларьи Рационнан аспергилл штамдарымен зақымданған азықты алып алып тастау керек. Адсорбенттер, құстырғыштар, іш өткізгіштер береді. Сіресуге қарсы тері астына 2-10, 0 мл, 30 пайызды магний сульфатын, глю- коза егуге болады. Дәндердің тазалығын анықтау үшін натрий хлоридімен талдау жүргізеді. 4 кг. натрий хлоридін алып, оны 10 л. суға ерітеді. Алынған дәндерді осы дайындалған ерітіндіге са- лады. Егер де қастауыш мүйізшелері бар болса, онда олар судың бетіне шығады.

Дендродохиотоксикоз - жіті және жітілеу түрде өтетін ауру. Көбінесе жылқы, шошқа, қой жэне құстар уланады. Дендрохин саңырауқұлақтары бидайдың, қара бидайдың, сұлының жэне ар- паның сабанының ішінде өмір сүріп, улылық қасиет көрсетеді. Сондықтан, сабанның сыртқы көрінісі ешбір зақымданбаған болып көрінеді. Бөлінетін токсиндер химиялық заттарға жэне жоғары температураға өте төзімді.

Клиникалық белгілери Улану ауыр түрде өтеді. Жылқыларда жалпы қажу, тамыр соғуының жиілеуі, ауыз қуысы кілегей қа- бығының қабынуы, еріннің ісінуі, қанның формалық элемент- терінің санының көбейюі сияқты белгілер білінеді.

Қойларда уланудың жіті түрінде лейкоцитоз, гипотония, тре- мор байқалып, кейбір кездері дене қызуы көтеріледі. Ал жітілеу түрінде еріндері өлі еттеніп, жүйке жүйесі зақымданады.

Шошқаларда әлсіздік, қозғалысының бұзылуы, тэбетінің жойылуы, шөлдеу, құсу, іш өту, дірілдеу, ауыз қуысы кілегей қабықтарының, ернінің және тұмсығының қан талауы, қанда эритроциттердің санының көбеюі секілді белгілер байқалады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексе сіресіп қалады. Көзге көрінетін кілегей қабықтардың көгергенін көруге болады. Ішектің кілегейлі қабығы катаральды қабынады. Соны- мен қатар өт қабының өтке толғанын, өкпенің ісінгенін, паран- химатозды мүшелердің дисстрофиялық өзгерістерін байқауға болады.

Балау - анамнез деректеріне, клиникалық белгілеріне, пато- логиялық-анатомиялық өзгерістеріне жэне зертханалық тексеру қорытындыларына қарай қойылады.

Емдеу. Рационнан саңырауқұлақтармен зақымданған азық- тарды алып, ішек-қарынды тазартады. Іш өткізгіш дэрілік заттар қолдануға болады. Кофеин - бензоат натриді глюкозамен қосып, венаға егеді. 1-2 күн малды диетада ұстаған дұрыс.

Клавицепстоксикоз - клавицепс туысы саңырауқұлақтары- нан малдардың улануы. Бұл саңырауқұлақтар туысына күйісті малдар, жылқы және шошқа аса сезімтал келеді. Саңырауқұлақ мэдени жэне астық тұқымдас өсімдіктер дэндерімен бірге ішке түсіп (микоз), токсин бөледі (микотоксикоз) .

Микотоксикоз екіге бөлінеді:

  1. Эрготизм.
  2. .

Қастауыштан улану - эрготизм (Спорынья) .

Астық тұқымдастардың дэндерінде пайда болатын қастауыш алколоидтарынан улануды - эрготизм дейді. Жауын-шашын жылдары мәдени өсімдіктердің, арпа, сұлы дэндерінің, диірмен қалдықтарының қастауыштан ластануы жиі кездеседі. Малдар үшін қауіптісі саңырауқүлақтың қүрамында болатын уы - скле- роцин. Уытты бастамасы - эрготоалколойдтар: эрготоксин, эрго- тамин, эргозин. Олар бірыңғай салалы бұлшық еттерге әсер етеді. Қарашықты тарылтады, қантамырларын тарылтып, ұлпалардың қоректенуін бүлдіреді (цианоз, некроз), симптоматикалық жүйке жүйесін тежейді. Сезімтал мал: үй жануарлары - шошқа, ірі қара, қүстар.

Клиникалық белгілері. Улану жіті жэне созылмалы түрде өтеді. Жіті түрінде асқорыту жолының қызметі бұзылады, сілекейі ағады, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары қабынады, қүсады, коликтер, іш өту, сезімталдықтың төмендеуі, немесе жойылуы, сіресепелер байқалады. Бұлшық еттері дірілдеп, тар- тылып қалады, көз қарашығы кеңейеді, қозғаласы нашарлайды. Созылмалы түрі - қүрғақ гангрена түрінде білініп, құстардың айдарымен сырғалығы, ірі қара малдың желінінің үштары, қүйрығы, кейде түяқтары, шошқалардың тұмсығы, бас терілері шіріп, түсіп қалады.

Патологиялъщ-анатомиялъщ өзгерістері. Сойып, зертте- генде ішкі мүшелерде қан айналудың бұзылуы белгілерін, теріде некрозды ошақтар көруге болады.

Емі. Рационнан қастауышпен ластанған азықты жедел алып тастаған жөн. Жайылымдарды уақытында тексеруден өт- кізіп, оны агротехникалық әдістермен арам шөптерден жэне қастауыштан тазартып түрған дұрыс. Егер мал улана қалған жағдайда адсорбенттер, құстырғыш заттар, іш өткізгіштер қол- данады. Сіреспеге қарсы 30%-ды магний сульфатын 2-10 мл. мөлшерінде тері астына егеді.

- бұл жануарлардың бірден көп- теген бөлігінде болатын ауруы. Ол жайылым кезінде де, сондай- ақ байлаулы кезінде де байқалады.

Клиникалың белгілері. Жылқыда: жалпы әлсіреу, атаксия, тремор жэне әртүрлі салданулар білінеді. Кілегейлі қабықтар қызарады, тамыр соғуы жиілейді, температура төмендейді.

Ірі қарада: үркектік пайда болады, басын шайқай береді, атак- сия, тремор, парездер қалыптасады. Созылмалы түрінде зат ал- масу бұзылып, арықтайды, өсімталдығы төмендейді.

Қойда: тремор, жалпы қозу, парез, тамыр соғуының жиілеуі, кілегейлі қабықта гиперемия, бедеулік, агалактия секілді белгілер байқалады.

Патологиялың-анатомиялъщ өзгерістері : Паренхиматозды мүшелерде іркілдектер пайда болады. Бауыр мен өкпе қанға толы. Лимфа бездері үлкейген. Қарынның кілегейлі қабықтары ісінеді, қызарады.

Емдеу, алдын алу шаралары: Жем-шөпті тексеріп, асқазанды тазалау керек, іш өткізгіштер, адсорбенттер, кілегейлі заттар, сіресуге қарсы заттар беріледі.

Фузариотоксикоз дегеніміз - Fusarium туысына жататын улы саңырауқұлақтардан зақымдалған азықты малға берген- де туатын улану. Соңғы мәліметтер бойынша фузариотоксикоз этиологиясьшда, саңырауқұлақ Ғuз. Sрогоігісһіеllа үлкен роль атқарады.

Ғuз. Sрогоігісһіеllа көп тараған бірі, эртүрлі өсімдіктерде мекендейді. Көбінесе өсімдік дәндері зақымданады.

Фузариотоксикоз кэзіргі кезде жануарлар ішінде жиі кезде- сетін микотоксикоздар.

Ауруға ауылшаруашылық малдары мен құстары бейім. Ірі қа- ра жэне ұсақ мал төзімді, тек қышқыл азықты (сүрлем, қызылша сығындысы) көп мөлшерде бергенде уланады. Ауруға жас жэне буаз малдар сезімтал келеді.

Н. А. Спесивцеваның мэліметтері бойынша, жылқының фу- зариотоксикоздан уланып өлуі, көптеген шаруашылықтарда малдың жалпы санының 65-75%-ын құрайды. Әсіресе шошқалар мен құстарда фузариотоксикоздан уланып өлу, үлкен пайызды көрсетеді.

Жылқыларда фузариотоксикоздан улану дәнді азықтарды бер- генде жиі кездескен.

А. П. Онегов жэне Н. А. Наумов қүлындар мен торайларға қыстан қалған астық туқымдас дақылдарды бергеннен кейінгі (сұлыны) токсикологиялық әсерін зерттеп, олардың улануы кезінде, ойық-жара, өліеттену процестер (стоматит, гастроэнте- рит, дерматит) және де жүйке жүйесінің бұзылуы секілді белгілер байқаған.

Fusarium туысының саңырауқұлақтары табиғатта кең тара- ған жэне кейбір түрлері бидайды жиі зақымдайды. Бидайдың зақымдалуына 18-27 С температура жэне бидай ылғалдылығы (20-25%) әсер етеді. Сонымен қатар, санырауқұлақтардың кейбір түрлері төменгі температурада да өсе береді.

Академик П. Е. Сергеевтің пікірі бойынша, егістікте қалған астық тұқымдастардың жоғары ылғалдылығы 0-10°С темпера- турада Ғus. Sрогоthirichioides саңырауқұлағының өсуіне қолайлы жағдай туғызады.

А. Х. Саркисов және Е. С. Квашнин егістікте қыстан шыққан астық тұқьшдастардың эртүрлі жануарларға уыттылығын зерт- теген.

Әртүрлі аудандардан әкелінген уытты дэндердің 107 үлгісі- нің микрофлорасын зерттегенде жэне саңырауқүлақтардың 250 түрінің ішінде ең уытты болып Ғuз. Sрогоігісһіеllа саңырауқұ- лағы болып шықты.

Улану себебі барлық азықтардың зақымдануына байланысты: сабан, шөп, дәндер, астық тұқымдастар ұны, құрама жем, кебек.

Астық тұқымдастар алқабында ірі қара малдар жайылғанда барлығы фузариотоксикозға шалдыққаны белгілі.

Ғuз. Sрогоігісһіеllа саңырауқұлақтарымен зақымдалған құра- ма жемді шошқаға жэне құсқа бергенде жіті жэне созылмалы улану байқалған.

Фузариотоксикоздың ерекшелігі, қысқы мерзімнің өзінде (1-3 күнде) жануарлардың көпшілігі ауырады.

Фузариотоксикоз толық зерттелмеген. Біздің елімізде Л. Е. Оли- феонов осы бағытта зерттеулер жүргізген. Ол дэнді Ғuз. Sрогоігісһіеllа -мен зақымдап, одан токсикалық стероидтар-енорофузариогенин және ноофузариогенин бөліп алған. Олар етаниботрио- токсиндерге жақын болып келеді.

Фузариотоксикоздар эсері бойынша жалпы токсикалық жэне дермацидтік уларға тэн. В. И. Билай оларды жалпы плазматика- лық әсері бар уларға жатқызады. Фузариотоксикоздардың эсер ету механизміне қарай И. Куршанов оларды орталық жэне вегетативтік жүйке жүйесіне әсер ететін жалпы токсикалық улар- деп екіге бөледі.

Улану кезіндегі белгілер төмендегідей: мал мазасызданады, ауырсынуы байқалмайды, рефлекстер жоқ, ішек-қарын жолының моторлық қызметі жэне жүрек тамыр жүйесінің жұмысы бұзылады. Сонымен қатар қан түзетін мүшелердің жұмысын өзгертеді, соның салдарынан қанның морфологиялық құрамы өзгереді, лейкопения дамиды.

Зақымданған азықты ұзақ уақыт беру жүрек-қан тамыр жү йесіне эсер етіп, қан айналымында өзгерістер тудырады. Со ның салдарынан геморрагиялық диатез, өкпе домбығуы қа-лыптасады.

Ауру азықтың саңырауқұлақтардан зақымдалуына байланысты жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Ауырған мал ішінде өлім-жітім жоғары болады. Зерттеулер мәліметі бойын- ша, улану 2-9 күнге созылып, ақыры өліммен аяқталады. Ірі қара мал жіті уланғанда 2-3 күнде өлімге ұшыраған. Өлтіре әсер ететін мөлшері: жылқыға 0, 5-4, 6 кг, ірі қара малға 0, 5-4, 8 кг, ұсақ малдарға 0, 4-1, 2 кг, шошқаларға 0, 25-0, 9 кг.

Клиникалық белгілері. Зерттеушілердің мәліметтері бойын- ша фузариотоксикоздың жіті жэне жітілеу түрінде, жылқы мен ірі қарадағы алғашқы белгілер орталық жүйке жүйесінің зақым- далуымен сипатталады. Уланудың алғашқы күндерінде мал ма- засызданады, тері сезімталдығы және рефлекстер жоғалады не- месе төмендейді, дененің алдыңғы бөлігінде бұлшықет дірілі байқалады. Ауру дами келе артқы бөлігі салданады. Жылқы жатқан жерінен тұра алмай қалады.

Жүрек жұмысы бұзылады, тамыр соғуы жиілейді (жылқыда 100-1 минутта) және аритмия байқалады. Температурасы ме жеден 0, 5-7-ке төмендейді. Ішек қарын жұмысы бұзылған. Ірі қара малда мес қарын атониясы, ішек қарын перистальтикасы күшейген. Жылқыда шайнау жэне жұтынуы қиындайды, ішек қарын перистальтикасы бәсеңдеп, іш қату байқалады.

Фузариотоксикоз кезінде қанда өзгерістер болады. А. Е. Цвет- кованың мәліметтері бойынша эритроциттері 1-1, 5 млн, лейко- циттер 200-ге дейін азайған.

А. И. Носкова жэне И. А. Курмановтың зерттеулері бойын- ша қойларда фузариотоксикоз жітілеу түрде (5-8 күнде) өткен жэне малдың өлуімен аяқталған. Қойлар мазасызданған, аз қи- мылдайды, ауыз қуысынан көбікті сұйық ағады, танау қуысынан сірілі сұйық ағады.

Коньюктива, ауыз жэне танау қуысының кілегейлі қабығы бозарып, кейде сарғаяады. Дене температурасы 39°-39, 6°С, та- мыр соғуы жэне тыныс алуы жиілейді. Ішектің перистальти- касы күшейеді. Қой арықтайды, сыртқы тітіркендіргіштерге кө- ңіл бөлмейді.

Шошқалар мазасызданады, азықты қабылдамайды, іші өтеді, кейде құсады. Кейбір жағдайда ойық жаралы стоматит қалып- тасып, басы, мойны ісінеді, қызыл дақтар болады.

Құстарда Н. А. Спесивцева мәліметтері бойынша улануға 20- 25 күндік балапандар шалдығады. Үлкен құстарда фузариоток- сикоз жеңіл түрде өтеді. Балапандардың улануының жіті түрінде тәбеті жойылып, әлсіздік, аз қозғалаып, тері сезімталдығы жой- ылады, ауыз қуысының кілегйлі қабығы қабынады. Алғашқы күндері айдары көгереді, 6-8 күнде анемия байқалады (айдары мен сырғасы бозарған) .

Аурудың созылмалы түрінде, ауру белгілері жітілеу өт- кендегідей белгілерге ұқсас, тек қана баяу дамиды.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер . А. Е. Цветаеваның (1961) зерттеулері бойынша жылқыларда еріндері домбығып, жарылған.

Кілегейлі қабықтарда некроз, ойық жаралар, қанда лейкопе- ния, лимфоцитоз байқалады.

Бауыр тығызданып, қызыл түстенген, көлемі ұлгайған, шека- расы анық емес; жүрек бұлшықеті босаңсыған, құрсақ қуысында қызыл түсті сұйық жиналған.

В. П. Лотков өлген шошқада көмекей және лимфа түйіндерінде сірлі инфильтрат бар екенін, мойын, бас, шажырқай лимфа түйіндері гиперемияланганын анықтаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық ауруларды клиникалық балау
Сүттігеннен улану белгілері
Клиникалық биохимия пәні
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі
Предукция мен жыныс мүшесінің механикалық зақымдануы
Химиялық заттардан уланулар
Мал сүйегінің сынуы
Қойдың ортан жілігінің сынығын емдеу
Люпинмен улану
Листериоз ауруының сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz