Жатыр қабынуы метриттер


Жоспар :
- Кіріспе:
- Негізгі бөлім:Жатыр қабынуы метриттерІріңді катаральды зерттеу
- Қорытынды:
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
I. Кіріспе:
Төлдегеннен кейін жатыр мойыншасының қабынуы (цервициттер) (жиі эндомиоцервициттер), әдетте төлдеуден кейін алған зақымнан кейін немесе жатырдың қабыну үрдісінің таралуының нәтижесінде дамиды. Сондықтан аталған патология жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометритпен) ауруымен қоса кездеседі. Қынапты тексергенде жатырдың мойыншасының каналы ашылып, іші іріңді-кілегейлі экссудатқа толы болады, кейде қан аралас болуы мүмкін. Оның кілегей қабығының қыртыстары жазылып, ұлпасының мүшесінде қаны көбейіп, ісініп тұрады, эрозия немесе жара кездеседі. Қынаптық зерттеу кезінде және жатырдың мойыншасын тік ішек арқылы қолмен сипап зерттегенде мал ауырғандығын сезіп, мазасызданады.
II. Негізгі бөлім:
Жатырдың қабынуы (метриттер) - жатырдың қабынуының ерекше түрі. Қабыну үрдісінің таралып кетпеуі бойынша ауру 2 түрге бөлінеді. Біріншісі, жатырдың кілегей қабығының қабынуы ( эндометриттер) , екіншісі, жатырдың сірі қабығының қабынуы ( миометриттер) . Бірақ, қабыну үрдістерін оларды одан әрі таратпау бойынша түрлерге бөлу салыстырмалы шама екендігін ұмытпаған жөн, себебі қандайда жағдай болмасын патологиялық үрдіс жатыр қабырғасының барлық қабаттарына тиіп өтеді. Осыған орай тәжірибе шарттарында жатырдың қабынуының негізгі екі түрін белгілейді: жатырдың кілегей қабығының қабынуы ( эндометрит) және жатырдың қабынуы (метрит) . Жатырдың кілегей қабығының қабынуы (э ндометрит) ауруы көбіне кілегей қабығын зақымдап, салыстырмалы зарарсыз ағымымен сипатталса, жатырдың қабынуы ( метрит) ауруы жатырдың барлық қабаттарын зақымдап, созылмалы, ауыр түрде өтумен сипатталады.
Қабыну үрдісінің барысы бойынша жатырдың қабынуы(метриттерді) ауруын жіті, жітілеу және созылмалы деп, ал байқалу сипаты бойынша - клиникалық анық және жасырын (субклиникалық) деп бөлуге болады. Жатырдың қабынуы (метриттер) ауруы қабыну түрі бойынша кілегейлі (катаралды), іріңді-кілегейлі (катаралды), іріңді, фибринозды, некрозды және гангренозды болып бірнеше түрге бөлінеді.
Тамырлар мен морфологиялық өзгерістердің жиынтығы жатырдың қуысында кілегейлі немесе іріңді-кілегейлі сұйықтық жиналып, бөлінуіне әкеп соғады. Жатырдағы қабыну реакциясы патогендік микробтардың және олардың токсиндерінің жарақаттау қабілетіне қарсы өтіліп, типтік альтерация және экссудация белгілерімен сипатталады. Малдардың ағзасы мен жатырдың ұлпаларының инфекцияларға қарсы тұра алуы төмендегендеп, микробтардың уыттылығы жоғары болған жағдайда, микробтар жатырдың кілегей қабығымен (эндометрия) бұлшықет қабығының (миометрияның) ең терең қабаттарына еңіп, ауыр өтетін іріңді, фибринозды эндометриттерді немесе метриттің некроздық және гангренозды түрлерін туғызуы мүмкін.
Төлдегеннен кейін туындайтын жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруының жіті іріңді-кілегейлі (катаралды) түрі . Аурудың клиникалық белгілері төлдегеннен кейін 8-10-ші тәулігінде, кейде 6-7-ші тәулігінде байқала бастайды. Бұл кезеңде жатырдың кілегей қабатының қабынуы (эндометрит) ауруыәдетте шудың түспей қалуы немесе жатырдың кешеуілдеп тартылуы (субинволюция) ауруының жіті түрінің негізінде дамиды. Мал жатқан кезде, күшенгенде немесе тік ішек арқылы жатырын уқалағанда жыныс мүшелерінен консистенциясы сұйық, сұр-қоңыр, сары-қоңыр түсті, жағымсыз шіріктін иісі бар, іріңді-шырышты немесе іріңді сұйықтық көп мөлшерде бөлінеді. Сондай-ақ, мұндай сұйықтық малдың сарпайы мен құйрығының түбінде қабыршықтанып қатып қалады.
Тік ішек арқылы зерттегенде көлемі үлкейген жатыр(жатырдың көлемі 3-4 айлық буаздық кезіндегідей) құрсақ қуысынан табылады, жатырдың қабырғалары болбыр, борпас болады, жиырылуы нашар байқалады немесе байқалмайды, кейде флюктуация немесе сәл аурушаңдық сезіледі.
Қынап арқылы зерттеу кезінде қынаптың кілегей қабығыменжатыр мойынының қынапты шеті ісініп, қызарып тұрғаның және нүктелі және жолақты қанталаулардың бар екендігін, цервикалды каналдан қынаптың қуысына іріңді-кілегейлі (катаралды) сұйықтықтың бөлініп тұратының көруге болады.
Малдың жалпы күйі көп жағдайда қалыпты күйінде қалып, қалыпты күйінен күрт ауытқып кету жағдайы байқалмайды. Кейбір малдарда жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруының іріңді түрінде денесінің қызуы 1, 0-1, 5 0 Скөтеріліп, жалпы мазасызданып, тәбеті нашарлап, сүт өнімділігі төмендейді.
Төлдегеннен кейін туындайтын жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруының фибриноздытүрі жатырда тек сірі-іріңді сұйықтықтардың жиналуымен ғана емес, сондай-ақ кілегей қабығының бетінде фибриннің пайда болуымен сипатталады. Жатырды тік ішек арқылы қолмен басып тексергенде жатырдың аурушаңдығын, босаңсығанын және жатырдың қабырғасының қалыңдағаның анықтауға болады. Жатырдың пішіні 3 айлық буаздық кезіндегідей көлемге жетеді. Малдың дене температурасы жоғарылап, жалпы мазасызданады. Төлдегеннен кейін жатырдың кілегей қабығының қабынуы(эндометрит) ауруы кезінде сиырлардың жұмыртқалықтарының беті тегіс болады немесе ұсақ фолликулдар байқалады.
Төлдегеннен кейін туындайтын жатырдың қабынуы (метрит) ауруының некроздытүрі әдетте жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруымен бірге дамиды немесе оның жалғасы болып саналады. Бұл ауру жатырдың беті мен шырышты қабықтарының ішінде фибриннің бөлінуімен сипатталады, ол өз тарапынан жатырдың қоректенуінің бұзылуына, оның ұлпаларының жаны кетіп, ыдырауына әкеп соғады. Малдың жалпы күйінің нашар болуы, тәбетінің жоғалуы, сүт өнімділігінің төмендеуі, асқазанының босаңсуы, тонусының төмендеуі, ішінің өтуі осы ауруға сипатты клиникалық белгілерге жатады. Малдардың денесінің қызуы 2, 0-2, 5 0 Сдейін көтеріледі. Сиыр бүкірейіп тұрады, несеп шығарғанда және күшенгенде ыңырсиды. Жатырдан ұйыған фибриннің жәнешіріген ұнтақ массаның қосындысы бар сасық иісті қызыл-қоңыр түсті сұйықтық бөлінеді. Жатырды тік ішек арқылы қолмен басып тексергенде жатырдың тығыз және өте дертті екендігін және крепитация белгілерінің бар екенің анықтауға болады. Қынаптың кілегей қабығы құрғақ, аурушаң, ыстық болады.
Төлдегеннен кейін туындайтын жатырдың қабынуы (метрит) ауруының гангренозды түрітөлдегеннен кейін алғашқы 5-6 тәулік аралығында, терең жарақаттардың, ұлпалардың жаны кетіп, оларға анаэробты микробтардың енуінің негізінде дамиды. Ауру жіті, өте ауыр түрде өтіп, жалпы қанның улануы мен септицемиясы дамып, малдың күйі өте нашарлап (мал көбіне жата береді), тәбеті толығымен жоғалып, сүт бөлінуі тоқтап, денесінің қызуы қатты көтеріліп, тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп, мес қарыны босаңсып, іші өтеді. Сыртқы жыныс мүшелерінен құрамында ыдыраған ұлпаның ботқа немесе кебек тәрізді массаның қоспасы бар, түсі қоңыр-қызыл (қараға жақын), жағымсыз шірік иісті сұйықтық ағады. Үрдіске жатырдың мойыны, қынап және жыныс еріндері ұшырайды. Олардың ісінуі байқалады. Жатырды тік ішек арқылы қолмен басып байқағанда жатырдың тығыз, босаң, аурушан екендігі байқалады. Қынаптың кілегей қабығы мен жатыр мойнының қынаптық бөлігін қынап арқылы зерттегенде олар аурушаң болады және қатты ісініп тұрады.
Жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруының созылмалытүрі - жатырдың кілегей қабығының ұзақ уақыт бойы өтетін іріңді-кілегейлі немесе кілегейлі қабынуы. Көбіне төлдегеннен немесе іш тастағаннан кейін дамитын жатырдың кілегей қабығының қабынуы ауруының жіті (жітілеу) түрінің жалғасы болып табылады. Жатырдың кілегей қабығының қабынуы ауруының созылмалы түрінде малды қолдан ұрықтандыру кезінде жыныс мүшелеріне микроорганизмдерді енгізгенде, сондай-ақ, жатырда жасырынды түрде өтетін инфекциялық үрдістің жандануының нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Ауруға шалдыққан малдың жыныс мүшелерінен әлсін-әлсін, кейде тұрақты түрде бұлыңғыр шырышты (кілегейлі қабыну) немесе іріңді-шырышты (іріңді-кілегейлі қабыну) сұйықтық бөлінеді, сұйықтықтын консистенциясы кілегей тәрізді, құрамында іріңді қауызбен өзектер болады. Мал жатқан кезде, қабыну үрдістері асқынып кеткенде, сиырдың күйіті келген кезде, жатырды тік ішек арқылы сипалағанда сұйықтықтын бөлінуі үдей түседі. Шырышты-іріңді сұйықтық жыныс еріні мен құрығының түбінде жиі байқалады. Қынаптың шырышты қабығы мен жатыр мойынының қынапты шеті қанталап, түсі көгеріп тұрады, жатыр мойынының каналы ашық болады, оның қыртыстарының арасымен қынаптыңтүбінде шырышты-іріңді сұйықтық байқалады.
Жатыр мүйіздерін тік ішек арқылы зерттегенде олардың құрсақ қуысына түсіп, көлемінің 1, 5-2 есе ұлғайып кеткендігін, олардың жиырылу қызметтерінің нашар байқалатындығын немесе мүлдем байқалмайтындығын, қабырғаларының қалыңдап, жұқарып немесе босаңсып кеткендігін анықтауға болады. Жатыр мойыны каналының өткізгіштігі бұзылғанда оның қуысына іріңді (пиометра) немесе сірі-шырышты (гидрометра) сұйықтықжиналады. Жатырдың пішіні 2-3 айлық буаздық кезіндегідей көлемге жетеді, күлбіреп тұрады, қабырғалары жұқарып, жатырдың жиырылуы мүлдем жоғалады. Жұмыртқалықтарды қолмен ұстағанда созылмалы, беті тегіс, конституциясы тығыз немесе қолмен басқанда өсіп келе жатқан фолликулдар мен сары денелер байқалады. Кейбір сиырларда жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруының созылмалы кистозды өзгерістер байқалады. Сиыр бұл аурумен ұзақ уақыт бойы ауырғанда малдың қоңдылығы мен сүт өнімділігі төмендейді. Жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруы клиникалық айқын дамыған түріне диагноз қою үшін тік ішек және қынап арқылы зерттеудің көрсеткіштері мен анамнездік мәліметтер жеткілікті.
Жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруыныңжасырынтүрде өтетін созылмалытүрі жыныс мүшелерін зақымдаудың айқын клиникалық белгілері болмаған жағдайда кілегейлі қабыну түрінде өтеді. Жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруының бұл түрінде сиырдың жалпы күйі өзгеріссіз болады, әдетте жыныстық айналымы бұзылмайды. Бірақ сиырды бірнеше рет ұрықтандыру да нәтижесіз болады. Жатырды тік ішек арқылы қолмен басып зерттегенде жатырдың тонусының төмендегені анықталады. Жатырдың қабырғалары біркелкі емес, қалың немесе тығыз болуы мүмкін. Күйлеу кезеңінде сиырдың жыныс мүшелерінен бұлыңғыр шырыш бөлінеді.
Диагнозды және қабыну үрдісінің сипатын нақтылау үшін шырышты зертханалық зерттеудің жедел-әдістерін, сондай-ақ, биопсия әдісі арқылы алынған эндометрийдің гистологиялық зерттеулерін қолдану тиімдірек.
П. А. Флегматов әдісі бойыншажедел-әдіспендиагноздеу цервикалды шырыштағы шәуеттің тіршілікке қабілеттіліктерін анықтауға негізделген. Ол үшін төсеніш шынының үстіне жеке-жеке, екі тамшы шәуетті тамызып, бір тамшының үстіне күйлеп жүрген сиырдың жатыр мойынынан алынған бір тамшы шырышты тамызады. Тамшылардың бетін жапқыш шынымен жауып, микроскоптың астында шәуеттердің қозғалғыштығын зерттейді. Эндометрияда қабыну үрдісі байқалған жағдайда және аналық секреттің химиялық құрамы мен рН өзгергенде, шырыш тамызылған тамшыда қозғалмайтын немесе әлсіреген шәует көрінеді.
В. С. Дюденко әдісі бойынша жедел-әдіспендиагноздеу бұл жедел әдіс хош иісті улы заттардың (индол, скатол және т. б) қабыну үрдісінде болған жағдайда сиырдың күйлеуі кезінде бөлінетін кілегейді анықтауға негізделген. Ол үшін түтік шыны ыдысқа 2 мл жатыр кілегейін құйып, оның үстіне 2 мл үшхлорсіркелі қышқылының ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластырып, қағаз сүзгі арқылы сүзеді. 2 мл сүзіндіге 0, 5 мл азот қышқылын қосып, абайлап 1 минуттай қайнатады. Суытқан соң қоспаға 1, 5 мл күйдіргіш натрдың 35%-дық ерітіндісін құяды. Эндометрийдің кілегейлі қабынуы бірқалыпты болған жағдайда -ерітінді сарғыш-жасыл түсті, кілегейлі қабынуы қатты болған жағдайда ерітіндінің түсі янтарь түсті (сарғылт-қызыл), ал іріңді-кілегейлі қабынуда - қызғылт-сары түсті болады.
Г. Н. Калиновский және Г. И. Подопригора әдістері бойынша жедел-әдіспен диагноздеу жатырда қабыну үрдісі байқалғанда эстралды шырышта, құрамында күкірті бар аминқышқылдарын анықтауға негізделген. Түтік шыны ыдысқа 4 мл сіркеқышқылды қорғасынның 0, 5%-дық ерітіндісін құйып, оның үстіне тамшылатып қорғасын тотығы гидратының тұңбасы пайда болғанша күйдіргіш натридің 20%-дық ерітіндісін қосады. 15-20 секундтан соң қайтадан күйдіргіш натридің 20%-дық ерітіндісін тұңба жойылғанша дейін қосады. Содан соң түтік шыны ыдысқа сиырдың жыныс мүшелерінен ұрықтандырудың алдында алынған 1, 5-2, 0 мл шырыш құйып, сәл араластырып, біртіндеп (қайнатпайды) қыздырады. Жасырын түрде өтетін жатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруы анықталған жағдайда қоспа қою қара шәй түсті болады (күкіртті қорғасын пайда болады) .
Я. С. Стравский әдісі бойынша лазермен диагноздеу жасырын түрде өтетінжатырдың кілегей қабығының қабынуы (эндометрит) ауруын бұл әдіс бойынша диагноздеу, сиырлардың ішкі жыныс мүшелерін тік ішек арқылы лазердің сәулесімен емдеуге негізделген. Егер емдеудің 3-4-ші сеанстарынан кейін сиырдың жыныс мүшелерінен сұйықтық немесе құрамында сұрғылт-ақ түсті қоспалары бар шырыш бөлінетін болса, онда жасырын эндометриттің диагнозы оң шамалы екендігі дәлелденеді; шырыштың құрамында қосымша болмаса диагноз - күмәнді деп, ал егер жыныс мүшелерінен сұйықтық бөлінбесе диагноз - кері шамалы деп есептелінеді. Ауруларды диагноздеудің бұл әдісі ең қарапайым, экономикалық жағынан тиімді және әр түрлі меншіктегі шаруа қожалықтарының шарттарында жеңіл өткізілетін әдіс болып саналады. Әсіресесүт фермаларында жақсы диангостикалық тест ретінде пайдалануға өте қолайлы. Лазер сәулесінің терапевтік тиімділігі өте жоғары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz