Кәсіпорын бухгалтериясында ТМҚ-ды есепке алу


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университеті

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

  1. Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорын бухгалтериясында ТМҚ-ды есепке алу

  1. Орындаған:Ғылыми жетекші:

Карағанды - 2011

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Ағымдағы және синтетикалық есептегі ТМҚ-дың ұғымы. Классификациясы және бағалануы

2. Кәсіпорынның қоймасына ТМҚ-ның түсуін құжаттық рәсімдеу.

3. Кәсіпорынның қоймасынан ТМҚ-ның шығуын құжаттық рәсімдеу

4. ТМҚ-ның қозғалысы туралы материалдық жауапкершілік тұлғаның есеп беруін қабылдау, тексеру және өңдеу тәртібі.

5. Материалдық қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.

6. ТМҚ есебін жетілдіру жолдары

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

  1. Кіріспе

Тауарлық-материалдық қорлар - бұл өндіріске пайдалану немесе жұмыстар орындау және қызметтер көрсету үшін белгіленген шикізат қорлары, материалдар, ыдыстар (таралар) мен ыдыстық материалдар, өзге де материалдар түріндегі активтер.

ТМҚ қорлары жиі түрде баланс активтерінің неғұрлым маңызды және ірі баптары болып саналады. ТМҚ актив ретінде бухгалтерлік баланстағы компанияның өзін-өзі ақтаушылығына үлкен әсерін тигізеді. Сатылған тауарлардың, ТМҚ қорларының құнын анықтауда фактор ретінде кәсіпорынның табыстылығына және оның кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетілуіне әсерін тигізеді.

ТМҚ деңгейі әртүрлі болуы мүмкін және өндіріс сипаты мен қызмет түріне қатысты болады. Нақты тұтынушыға жұмыс істейтін өндірушілер, қорлардың төменгі деңгейін ұстап тұрады: дайын болуына қарай тауарларды тұтынушыларға жеткізіп беріп отырады. Егер де тауар тез бұзылатын (бүлінетін) болса, онда субъектілер аяқталмаған өндіріске үлкен сомада инвестициялар салады. Қорларды ұстап тұру қымбатқа түсуі мүмкін, өйткені оған қорларды сақтау құны, сақтандыру, ұрлық болған жағдайдағы шығындар, сондай-ақ ақша қаражаттарын уақытша қалпында сақтап тұрудан болған қаржылық шығындар кіреді. Екіншіден, қорлардың болмауы, яғни клиенттердің (тұтынушылардың) қажеттіліктерін тез арада қанағаттандыру қабілетінің болмауы да, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъекті үшін қымбатқа түсуі мүмкін.

Сонымен қатар тауарлық-материалдық құндылықтар қорлары сомаларының көбеюі оның сатылуын баяулатып, сондай-ақ қорлардың күрт көбеюін туғызып, ұйымның қиындықтармен бетпе-бет келуіне әкеліп соғуы мүмкін. Яғни ақша материалдар сатып алуға жұмсалып, сатуға тауарлар болмай қалады. Демек, актив ретінде тауарлық-материалдық қорлар қозғалысы ұйым қызметінің нәтижелерін бағалаудағы жеткілікті түрдегі айқындаушы фактор болып саналады.

Тауарлық-материалдық қорлар болып:

  • олар ұйымның меншігі болып саналатын;
  • ұйымның бақылауында болатын;
  • сатуға немесе өндіріс үшін пайдалануға арналған тұрақты түрде жұмсалып, ауыстырылып, орны толтырылып отыратын белгілерге ие активтер саналады.

Сонымен, олардың қай жерде орналасқандығына қарамастан ұйымның белгілі бір күнге (уақытқа) иелік ететін барлық қорлары тауарлық-материалдық қорларға кіреді. Осы объектіге ұйымның меншік құқығы объектіні тауарлық-материалдық қорларға жатқызудың шешуші өлшемі (критерийі) болып саналады. Қорларды сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізумен байланысты тәуекелдер мен шығындарды төлейтін тораптар да осы жағдайлармен айқындалады.

ТМҚ есебінде олардың түрлері мен жіктелуінің анық айқындалуы өте маңызды. Сондай-ақ комиссия шарты шеңберінде сауда агенттеріне берілген қорлар ұйымның тауарлық-материалдық қорларына кіреді.

Осы курстық жұмыстың мақсаты ұйымда бухгалтерлік есеп жүргізуде болатын тауарлы-материалдық қорлар сипаттамасын, бухгалтерлік есептегі рөлін т. б кеңінен қарастырып, мазмұнын ашу болып табылады.

Ағымдағы және синтетикалық есептегі ТМҚ-дың ұғымы. Классификациясы және бағалануы

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен катар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік кұнын құрайды.

Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметіі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарыңдағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықту: КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметгік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп белу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1310 "Материалдар" бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланады.

1320 «Дайын өнім»

1330 «Тауарлар»

1340 «Аяқталмаған өндіріс»

1350 «Өзге қорлар»

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (таңдамалы) шоттар аша алады.

Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарды есепке алады (002, 003) .

Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.

Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте-тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған - есеп бағасы) көрсетіледі.

Егер кәсіпкер материалдық құндылықтарды келісімді бағасымен есепке алса, онда олардын нақты өзіндік кұнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері арқылы тасымалдау түрінде жарналардың барлық түрлері кіреді; жабдықтаушылардың теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іс-сапарлардың шығындары, қоймалардағы тұрақты койма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар жөне босалқыларды алумен тікелей байланысты баска шығындар жатады.

Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдық запастардың таза сату құнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін, онда тауарлы-материалдық запастардың таза сату құны пайдаланады:

- осы тауарлы-материалдық запастар біршама бүлінген;

- олар тұтастай немесе ішінара ескірген;

- олардың сату құны темендеген.

Әдетте өнеркәсіп өндірістерінде материалдың запастары өзінің өзіндік құнынан төмен есеппен шығарылмайды (сатылатын таза құнына дейін), егер де шығарылатын дайын өнімнің бағасы оның өзіндік құнына тең немесе жоғары бағаға сатылады деп күтілетін болса.

Егер де ондай мүмкіндігі болмаса материал қоры сатылатын таза құнына немесе одан да темен бағаға сатылуы мүмкін.

Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құннан да темен бағасы бойынша анықтау үшін ТМҚ-ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін:

- баптық әдісі - әрбір ТМҚ түрлерінің баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;

- негізгі материалдар тобының әдісі - ТМҚ топтарының баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;

- жалпы запастар деңгейінің әдісі - барлық ТМҚ-дың, баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.

Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 7-БЕС қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз: арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі ("ФИФО") ; қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі ("ЛИФО") .

Мысал. ТМҚ өзіндік кұнын бағалаудың әдістерін қарастырып көрейік. "Шығыс" ААҚ-ның 2007 жылдың 1-ші қаңтарына қалған материалдар саны:

- цемент - 200 тонна 60 000 теңге сомасына;

- бензин - А-95 - 100 литры8500 теңге сомасына.

Күні: Күні
Цемент: Цемент
Банзнн А-95: Банзнн А-95
Күні:
Цемент: кіріс
Банзнн А-95: шығыс
кіріс
шығыс
Күні:
Цемент: Саны, тонна
Банзнн А-95: 1 литрдің бағасы, теңге

сомасы,

тенге

саны, тонна
саны, литр
1 литрдің бағасы, теңге
сомасы, теңге
саны, литр
Күні: Ай басына қалдығы
Цемент: 20
Банзнн А-95: 3000
6
100
85
8500
Күні:
  1. Кіріс

Шығыс

Цемент:
Банзнн А-95:
Күні: 02. 01. 07 05. 01. 07 11. 01. 07 20. 01. 07 25. 01. 07 27. 01. 07 28. 01. 07 29. 01. 07
Цемент:

10

2

17

19

Банзнн А-95:

3100 3200

3400

3400

31000 6400

57800

64600

15

10

12

300

500

200

46

45

47

13800

22500

9400

50

150

300

100

100

100

Күні: Жиыны
Цемент:
Банзнн А-95:
Күні:
  1. Кіріс

Шығыс

Цемент: 48
Банзнн А-95: -
159800
37
1000
-
45700
800
Күні: Барлығы: Қалдық пен кіріс
Цемент: 68
Банзнн А-95: -
219800
*
1100
-
50200
*
Күні: Ай соңына қалдығы
Цемент: 31
Банзнн А-95:
*
300
*

Есептен шығарылған (жұмсалған) материалдардың құны және ай соңына калған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.

Есептік кезеңнің соңына материалдардың, қалдыктарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылатын формуланы пайдалану мүмкін:

Орташа өлшенген құндық әдісі . Бұл әдіс кезінде материалдық корлардың құны - ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.

Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:

\[\scriptstyle=\;a_{\mathrm{i}}\mathbf{\hat{l}}_{\mathrm{i}}\mathbf{\hat{l}}_{\mathrm{i}}.\]

Мұндағы:

\[{\frac{\sigma}{G}}\backslash_{i,i}\]
- есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық кұны;

К мк - есептік кезеңнің басындағы калған материалдардың қалдық саны;

\[\frac{\Omega}{\Omega}_{\,\,\lambda\bar{d}\bar{d}\bar{d}}\]
- алынған материалдардың құны;

К алын - алынған материадардың саны. Біздің мысалда цементтің орташа өлшемдік (немесе өлшенген) кұны мынаны құрады:

Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдың санына көбейтсек [3232, 35х(15+10+12) =119596, 95 теңге], ода біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп - қалдық құнын аламыз.

Цементгің ай соңына қалған қалдық құны - 100203, 05 теңге құраған (31 тонна х 3232, 35 теңге немесе 60 000+159800-119596, 95) .

Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз

Жұмсалған бензиннің құны 45, 63 теңге х (50+150+300+100 +100+100) =36504 теңге. Қалдық құны 300x45, 63 теңге немесе 4500+45700-36504=13696 теңге.

Цемент

Бастапқы қалдық: 20 тонна х 3000 бағасы = 6 тенге

Кіріс: Кіріс
Шығыс: Шығыс
Кіріс: 10 т. х 3100 теңге = 31000 тенге
Шығыс: 15 т. х 3000 теңге = 45000 тенге
Кіріс: 2 т. х 3200 = 6400 тенге
Шығыс: 10 т. х 5т. (20-15) х 3000 теңге = 15000 теиге
Кіріс:
Шығыс: 5 т. х 3100=15500 тенге
Кіріс:
Шығыс: Жиыны - 30500 тенге
Кіріс: 17 т. х 3400 тенге = 57800 теңге
Шығыс: 12т-5т. (10-5) х 3100= 15500тенге
Кіріс: 19 т. х 3400 тенге = 64600 тенге
Шығыс: 2т. х 3200 = 6400 тенге
Кіріс:
Шығыс: 5 т. х 34О0 = 17000 тенге
Кіріс:
Шығыс: Жиыны - 38900 тенге
Кіріс: Кіріс жиынтығы 159800 тенге
Шығыс: Шығыстың жиынтығы 114400 тенге

"ФИФО" әдісі - босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген - бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді. Біздің мәліметтің негізінде "ФИФО" әдісі бойынша соңғы қалдыктың және жұмсалған материалдық құны мынаны кұрайды:

Ай соңында қалған қалдығы: 31 тонна (17-5+19) х 3400 (1 тоннаның бағасы) = 105400 теңге.

Бензин

Бұл жерде де цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылды.

Соңына қалдығы 300 литр (200 х 47 және 100 х 45) :

200 х 4 7 = 9400 теңге;

100 х 45 = 4500 теңге;

Жиыны 13900 теңге

Шығыстың құны: 4500+45700-13900=36300 теңге немесе

50 литр х 45 теңге = 2250 теңге;

150 литр х(50 литр х 45 теңге, 100 литр х 46 теңге) = 6850 теңге;

300 литр х(200 литр х 46 теңге, 100 литр х 45 теңге) = 13700 теңге;

100 литр х 45 теңге =4500 теңге;

100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;

100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;

Шығыс жиынтығы 36300 теңге

"ЛИФО" әдісі - запастарды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынган қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең) соңындағы корлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік кұнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс. Біздің мысалымызда "ЛИФО" әдісінің көрсеткіштері мынадай болады:

Цемент: Цемент
:
Цемент: Бастапқы қалдығы: 20 тонна х 3000 бағасы = 6теңге
Цемент:

Кіріс

10 т. х 3100 теңге= 31000 теңге

2т. х 3200 = 6400 теңге

:

Шығыс

15 т. х 3400 теңге = 51000 теңге

Цемент:
: 10 т. х 3400 теңге = 34000 теңге
Цемент:
: 12 тонна = 40600 теңге
Цемент:
: (11 т. 13400 теңге = 37400 теңге
Цемент: 17 т х 3400 теңге = 57800 теңге
: 1 т. х 3200 теңге =3200 теңге)
Цемент: 19 т. х 3400 теңге = 64600теңге
:
Цемент: Кіріс жнынтығы 159800 теңге
: Шығыстың жиынтығы 125600 теңге

Соңғы қалдығы:

31 тоннаның құны 94200 теңге

\[\frac{-\frac{3E-}{\pi}}{F}\]

Бензин: Бензин
:
Бензин: Бастапқы қалдығы: 100 х 45 = 45000 теңге
Бензин: Кіріс
: Шығыс
Бензин: 300х 46 теңге= 13800 теңге
: 50 х 47 теңге = 2350 теңге
Бензин:
: 150 х 47 теңге = 7050 теңге
Бензин: 500 х 45 теңге = 22 500 теңге
:
Бензин:
: 300х45теңге= 13500-геңге
Бензин:
: 100 х 45 теңге= 4500 теңге
Бензин:
: 100 х 45 теңге=4500 теңге
Бензин:
: 100 х 46 теңге = 4600 теңге
Бензин: 200 х 47 теңге = 94 500 теңге
:
Бензин: Кіріс жиынтығы 45700 теңге
: Шығыстың жнынтығы 36500 теңге

Соңғы қалдығы:

300 литрдің құны 13700 теңге

\[\xrightarrow{-{\sqrt{r^{r}*{\mathfrak{p}}}}}.\]

Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі . Бұл әдіс запастардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Біздің мысалда цементтің шығысы мынадай болды делік:

Бастапқы қалдықтың 15 тоннасы х 3000 теңгемен - 45000 теңге;

02. 01. 02 күні келіп түскеннің 10 тоннасы х 3100 - 31000 теңге;

20. 01. 02 күні келіп түскеннің 12 тоннасы х 3400 - 40800 теңге;

Шығыс жиыны -116800

Цемент қалдығынан қалғаны:

Бастапқы қалдықтан 5 х 3000 - 15000 теңге;

2 х 3200 - 6400 теңге;

20. 10. 02 келіп түскеннен 5 х 3400 (12-17 - 6400 теңге;

19 х 3400 - 17000 теңге;

Ай соңына қалған цементтің құны - 103000 теңге.

Бензин бойынша:

Қалдықтан қалған 50 л х 45 теңгеден босатылған - 2250 теңге;

05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: 05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46
- 6900 теңге;: - 6900 теңге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: 20. 01. 02 күні келіп түскеннен 300 х 45
- 6900 теңге;: - 13500 теңге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: 20. 01. 02 күні келіп түскеннен 100 х 45
- 6900 теңге;: - 4500 теңге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: 20. 01. 02 күні келіп түскеннен 100 х 45
- 6900 теңге;: - 4500 теңге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: 05. 01. 02 күні келіп түскеннен 100 х 46
- 6900 теңге;: - 4600 теңге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: Шығыс жиыны
- 6900 теңге;: - 36250 теңге.
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: Бензиннің қалдығынан қалғаны:
- 6900 теңге;:
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: бастапқы қалдықтан 50 х 45
- 6900 теңге;: - 2250 теңге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: 05. 01. 02 күні келіп түскеннен 50 х 46
- 6900 теңге;: - 2300теңге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: 29. 01. 02 күін келіп түскеннен 200 х 47
- 6900 теңге;: - 9400 теңге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: Ай соңына қалған бензиннің құны
- 6900 теңге;: - 13950 тенге;
:
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: Көрсеткіштер
- 6900 теңге;: Орташа өлшенген құндық әдісі
:

"ФИФО"

әдісі

"ЛИФО" әдісі
Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46: 1
- 6900 теңге;: 2
: 3
4
5
05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46:

Цемент

Запастардың шығысы: бірлік саны

құны, тенге

Запастардың ай соңына қалған қалдығы:

бірлік саны

құны, тенге

- 6900 теңге;:

37

119596, 95

31

100203, 05

:

37

114400

31

105400

37

125600

31

94200

37

116800

31

103000

05. 01. 02 күні келіп түскеннен 150 х 46:

Бензин А-95

Запастардың шығысы: бірлік саны

құны, тенге

Запастардың ай соңына қалған қалдығы:

бірлік саны

құны, теңге

- 6900 теңге;:

800

36504

300

13696

:

800

36300

300

13900

800

36500

300

13700

800

36250

300

13950

Жоғарыда келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, ТМЗ бағалаудың дұрыс әдісін тандау кәсіпорынның таза табысына да, тұтас табысына да, қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақтау керек:

- шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;

- бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;

  • дер кезінде ТМЗ қалдықтарына да және еткен жылдардың таратылмаған табысына да түзетулерді енгізу.

2. Кәсіпорынның қоймасына ТМҚ-ның түсуін құжаттық рәсімдеу.

Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдык, есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы кұжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық запастардың (ТМҚ) тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері - номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда ТМҚ-дың бары мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады жөне оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.

Тауарлы-материалдық запастардың түсуін құжатпен рәсімдеу . ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.

Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материадды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2 а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. №М-3) тіркеледі.

Берілген сенімхатты есептеу Журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.

Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.

Бір қоймаға жататын ТМҚ алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлы - материалдық қорлардың жіктелуі
Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау
Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Өндірістегі материалдар есебін жетілдіру және талдау
Міндеттемелер аудиті
Түскен материалдарды алуды тексеру
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz