Пияздың тұқым шаруашылығы және оның аурулары мен зиянкестері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Пияздың тұқым шаруашылығы

Орындаған:Садуақасова А. К.

Тобы: АГ-615

Тексерген: Сарсембаев Б. С

Семей 2019

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:
1. Пияздың тұқым шаруашылығы
2. Аурулары мен зиянкестері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пияз - Ургинея (Urginea) туысындағы гицинттер тұқымдастығына жататын 2 жылдық шөптесін, түйнекті өсімдік. Пияздың жыл сайын тамырланып өсе беретін көпжылдық түрлері де бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Тамыры ірі, қалың, шашыраңқы, түйнек түбінен өседі. Түйнегі үлкен, етті, сопақша және шар пішінді. Түйнегінің қабығы сары, қызыл-қоңырқай түсті. Қабығының астында ақ, шырынды, ерекше иісті қабаттар кезектесіп орналасқан. Пияз бір маусымда жеуге жарамды болып өседі. Тұқымын алу үшін пиязды (тамыр сабағын) көктемде қайта егеді. Одан 2-жылы ұзын гүл сидам өсіп шығып, гүлдейді. Күзге қарай тұқымын жинап алады. Отаны - Жерорта теңіз елдері. Пияздың құрамында көмірсулар, гликозид, сапонин, кальций оксалаты және басқа элементтер бар.

Пияздың тұқым шаруашылығы. Басты пияздың таза сұрыптық тұқымын алу үшін танапта бір ғана сүріп өсіру керек. Басты пияз өнімінен тұқымдыққа дертсіз, пішіні мен түсі бойынша сыныпқа тән, массасы 100 г жуық, ал элита алу үшін 150 г бадананы (аналықты) таңдап алады. Сақтауға қояр алдында аналықты жақсылап кептіреді. Қыста оны пияз сақтайтын қоймада 1 ден 6-ға дейінгі градус цельсияда және 75-80 % ауа ылғалдылығында сақтайды. Тұқымдық пиязды жылы тәсілмен сақтағанда тұқымдық өсімдіктердің өсу және даму кезеңдері жеделдейді: олар ертерек сабақтанады, біркелкі гүлденеді, тұқым, ары едәуір ертерек піседі.

Аналықтарды ертерек, танаптық жұмыстар басталысымен отырғызады. Топыраққа тыңайтқыш енгізумен катар, әр ұяға 150-250 г. көң еңгізу жақсы нәтиже береді. Аналықтарды отырғызардан бұрын культиватормен немесе түптегішпен тереңдігі 10-12 см түзу атыздар жасайды. Қатарларға пиязшықтардың түпшесін төмен қаратып, қолмен немесе көшет отырғызатын машиналармен орналастырады. Атыздарды, тырмаларды аударып салып, сүйретіп немесе басқа тәсілмен топырақпен жабады, тек топырақ қалыңдығы бадана мойнынан 4-6 см аспауы керек. Бір гектарға 70-90 кг аналық пияз отырғызады.

Пияз көктей бастағанда аммиак селитрасымен (Іц/га) үстеп қоректендіреді, ал сабақтанғаннан кейін гектарына бір центнерден аммиак селитрасын, суперфосфатты, калий тұзын енгізеді. Пияздың жалған ақұнтағын болдырмас үшін, есімдіктерге 1% бордосс сұйығын (400-500 л/га) бүркеді. Жаз бойы тұқымдықтарды 6-7 рет суландырады, ең кемі 3 рет арамшөбін жұлады. Гүлдерінің жақсы тозаңдануы үшін, тұқымдық телімінің манайына ара ұясын орналастыру (гектарына 2-3 ара ұясы) керек.

Тұқымын жинауға шатыршасында жекелеген қауашықтары ашылу бастағанда кіріседі. Жинауды таңдап жүргізеді. Жұлынған немесе кесіп алынған шатыршаларды қыраанда немесе қалқа астында пісіп-жетілдіру және кептіру үшін үйіп қояды. Тұқымды комбайнмен немесе трактордың пневматикалық доңғалақтарымен үгітіп алады. Үлкен алқаптарда тұқымдықтарды дестелегіштермен дестеге түсіреді, сосың пісіп-жетілгеннен кейін жинаушысы бар комбайнмен бастырады. Тұқымды іріктеуді және тазалауды «Петкус-Супер» және ОПС-1 пневматикалық бағанада жүргізеді. Тұқымды өсімдік қалдықтарынан тазалауды сумен МОС-300 машинасында немесе ағаш бөшкеде жүргізу жақсы нәтиже береді. Жуылған тұқымдарды жүқалап кенеп матаға жайып 25°C-да кептіреді, сосын тағы да ОПС-1 тазалайды. Басты пияз тұқымының гектарлық өнімі 4, 5 ц болады. Тұқымдар онгіштігін 2-3 жыл сақтайды.

Батун жуасының тұқымын тіршілігінің 2-3 жылдары жинайды. Тұқымдығын күтіп-бангау өндірістік егістіктерге ұқсас, тік тұқымдықтар гүлдей бастасымен үстеп қоректендіретін фосфорлы-калийлы тыңайтқыштардың мөлшерін 1, 5 есе арттырады. Батун пиязының түқым өнімі гектарынан 4-5 ц тең.

Үлгіқалып бойынша басты пияздың сұрыптақ тазалығы бірінші сынып үшін 98 %, екіншісінде - 95 %, үшіншісінде 85 %. Үшінші санатта басқа сұрыптардың және будандардың қоспасы 2 %-дан аспауы керек. Бірінші сыныпты тұқымның өнгіштігі 80 %, негізгі дақылдың тұқымы - 99 %. басқа өсімдік тұқымдарының қоспасы келісіне 400 дана, оның ішінде арамшөптердікі 280 данадан аспауы керек. Батун пиязының бірінші сана тының сұрыптық тазалығы 90 %, екіншісінікі - 85 %, үшіншісінікі - 80 %. Басқа сұрыптар мен будандардың қоспасы 5 %-дан аспауы керек. Бірінші сыныпты тұқымының өнгіштігі 90 %, негізгі дақылдың тұқымы - 90 %, басқа дақылдардың бір келідегі саны 400-ден, оның ішінде - арамшөптердікі 280-нен аспауы керек.

Аурулар мен зиянкестер. Пиязға эсу-даму кезеңінде пияз шыбыны, жасырын тұмсықты пияз қоңызы зиян келтіреді, аурудан - жалған ақұнтақ.

Пияз шыбының болдырмаудың алдын алу шараларына пияз тұқымын және пияз көшетті ТМТД 80% суланғыш ұнтағымен (4-5 кг/т) пияз тұқымын осы дәрмектің суспензиясымен (10 л су 1т тұқымға) өңдейді. Пияз көшетті отыоғызар алдында 20 минутқа 2 %-ды суспензияда ұстайды да, кейін сәл құрғатады. Өскіндер пайда болғаннан кейін егістікті 0, 2 %-ды фосфамидпен бүркеді. Пияздың қатараралығына нафталинді немесе креолинннің күлмен, ағаш үгіндісімен 1:20 қатынасындай қоспасын себелеуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестері және күресу шаралары
Айқышгүлді дақылдарының зиянкестері мен аурулары: биологиясы және күресу шаралары
Күнбағыс пен пияз: сипаттамасы, егіншілік технологиясы, аурулары мен зиянкестері
Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері: қоздырғыштары және күресу тәсілдері
Көпжылдық шөптердің тұқым морфологиясы мен тұқым шаруашылығы
Қазақстан орман ағаштарының аурулары мен зиянкестері және қорғаныс шаралары
Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері: қоздырғыштар және күресу әдістері
Қазақстандағы жаздық бидай: сорттары, аурулары, зиянкестері және күресу шаралары
Мақта дақылының аурулары мен зиянкестері: алдын алу және күресу шаралары
Майлы дақылдардың карантиндік зиянкестері, аурулары және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz