Түйе өсіру шаралалы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш.УАЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
С.СӘДУАҚАСОВ атындағы АГРАРЛЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫ

Механикаландыру және мал шаруашылығы кафедрасы

Түйе өсіру шаралалы
Боталарды күтіп- бағу

Мамандығы: 5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
технологиясы

Орындаған: Кожамжарова Сабина

ТППЖк-61, 4 курс студенті
Тексерген:
а.шғ.к аға оқытушы Алпысов А.Р.

Көкшетау, 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4-5
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 6
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Түйе өсіру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7-8
2.2. Түйелерді жыл бойына жайылымда бағу және жайып семірту ... ... 9-12
2.3. Боталарды күтіп
бағу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .13
2.4.Ботаны
ауыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .14

2.5.Түйені және ботаны азықтандырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ...15-18
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..19-20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...21

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Мысыр пен Арабиядағы жерасты қазбаларынан табылған құм ыдыстарға,
тастарға салынған түйе суреттері мен тастан қашап жасалған сол түліктің
мекендерін зерттеген ғалымдар олар біздің дәуірімізден бес мың жыл бұрын
жасалған деп дәлелдеген.
Ендеше, түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің
дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері
өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерде мекендейтін елдің ең
қолайлы көлігіне айналды. Өркешсіз түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік
Америка, ал өркештілерінікі Орта Азия деп саналады. Қазіргі қос өркешті
түйені алғаш рет атақты ғалым-саяхатшы Н.М. Пржевальский Орта Азияға
барғанда кездестірген. Қос өркешті түйенің таза қандысын - бактриан, нардың
таза қандысын - дромедар деп атайды.
Түйе - ірі, күшті, төзімді жануар. Салмағы 700-800 кг бактрианның
биіктігі (өркешінің арасынан) - 178 см, тұрқы - 158 см, жүні қара қоңыр.
Дромедар биіктігі -200 см, тұрқы - 155 см, жүнінің түсі қызыл сұр.
Жасында жақсы бағылып-күтілген түйе майын өркешіне жинайды. Қыста ұзақ
уақыт шөп жемей, су ішпеген уақытында сол жинаған майдың қажеті бар. Күші
жағынан ол жылқы мен өгізден әлдеқайда мықты. Бактериан мен дромедар еркін
будандаса береді. Оның үстіне өте-мөте баяу өсетін түлік болып
ерекшеленеді. Біздің елімізде түйе саны әлі де болса аз.
Түйе шаруашылығын сөз еткенде одан алынатын өнімдер – сүт, шұбат,
балқаймақ құрт, ірімшік, түйе жүні, терісі және ет, тек қана өзінің жоғары
калориялығымен емес, өзгеше биологиялық қасиеттерімен әрі адам денсаулығына
пайдалылығымен ерекшеленетінін естен шығармаған абзал. Түйенің еті мен майы
құнарлылығы жағынан өзге ешбір малдан артық болмаса, кем түспейді. Әрбір
қоңды түйе 61,7-65,8 % таза ет береді. Ал, кейбір атандардың салмағы күтімі
болса 1000 кг дейін жетеді. Орта есеппен бір түйеден 160-200 кг дейін май
алуға болады. Оның 120-130 км-ы өркеш майы. Қазір түйенің өркеші шұжық, ет
консервісін жасауға кеңінен пайдаланылады. Сапасы жағынан өркеш майы
жылқының жалына пара-пар.
Түйе сүті мен сол сүттен ашытқан шұбат – әрі қатық, әрі тамақ, ыстықта
таптырмай тын сусын және орасан емдік қасиеті бар. Мәселен әр түрлі аурумен
ауырған адамдарға емдік дәрі мен шұбатты үйлестіре қолданғанда, адам
организмінің күш-қуаты мен төзім ділігі артып, химиялық препататтардың
қолайсыз құбылыстарының тежелетінін көптеген ауруханаларда жүргізілген
байқау жұмыстары көрсетіп отыр. Түйе сүтінде болатын иммундық түйіршіктер
сияқты қорғаныш заттар, зиянды бактерияларды қырып жоятын қуат береді. Осы
заттар біразға дейін сүтті микроорганизмдердің көбеюіне мүмкіндік бермейді,
сол себепті түйе сүті ұйымайды және ұзақ уақытқа дейін бұзылмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – түйені күту және азықтандыру және түйе
өсіру әдістері туралы түсінік беру.

1.1. Әдебиетке шолу
1. А.А. Ахмедиевтің мәлімдемесі бойынша, Оңтүстік Қазақстан
облысының Темір түйе зауытындағы күйі нашар қазақы түйелер
көктемде (наурыз айынан мамыр айына дейін) бір жастағылары
тәулігіне 606 г, екі жастағылары 1240 г, үш жастағылар 1304 г
салмақ қосқан.

Түйе өсіру әдістері
Түйе – сүтқоректілер класының көнтабандылар (сірітабандылар) отрядына
жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік Американың таулы аймақтарында
таралған түйетек (гуанако) және түйебас (викунья) та осы отрядқа жатады.
Олардың денесі түйедей кіші, өркеші болмайды. Олардың қолға үйретілген
қолтұқымдары тау тайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп аталады.
Бұл түлік тұқымы Қазақстан мен Орта Азияның шөл, шөлейт аймақтарында
тараған. Қазақы түйелердің тұқымы 90 мыңнан астам және оның 80 мыңы
өзіміздің республиканың үлесіне тиеді. Олар Батыс Қазақстан, Қызылорда,
Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының шөлейт жағдайларына жақсы
бейімделген, аңызақ ыстықта да, үскірік аязда да жақсы өседі.
Таза қанды қазақы түйелердің дене бітімі тығыз, іргелі және
пропорциялы, жалпақ және күшті, тік мойын, кеудесі терең, бұлшық еттері
жақсы жетілген, тұрқы сәл ұзындау, өркештерінің арасы кең және жүні қою
келеді.
Қазақтың қос өркешті түйесінің тұлғасы қалмақ түйелерінен кішірек
болғанымен, жалпы салмағы олардан онша кем түспейді. Мысалы, қоңды кезінде
інгендерінің тірілей салмағы – 500-550 кг, буралар 550-600 кг, ал кейде
1000 кг-ға дейін жетеді. Інгендерінен алғашқы жеті ай сауылу маусымы ішінде
орта есеппен 1200 кг сүт сауылады.
Мал өсіру әдістері деп шағылыстыратын малдың тұқымдық және түрлік
тегін ескере отырып, жүргізген жұп таңдау жүйесін айтады. Негізінен, түйе
өсіру ісінде оны өсіріп шығарудың мынадай әдістері қолданылады: таза тұқым
өсіру, қайыту, түраралық будандастыру.
Бұлардың әрқайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялың
мәселені шешуге бағытталған.
Олардың биологиялық мәні, генетикалық әсері әр түрлі. Дегенмен де мал
өсіру әдістерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды.
Таза тұқым алу үшін тек қана бірыңғай тұқымның буралары мен інгендері
шағылыстырылады.
Таза тұқым өсірудің мақсаты – түйенің бағалы тұқымдық және өнімділік
сапаларын сақтау және оны одан ары жетілдіру.
Таза тұқым өсіріп шығаруда түйелердің таза тұқым қуалаушылық сапаларын
жақсартудың ең тиімді әдістерінің бірі – ұрпақтары бойынша өсіру болып
табылады.
Мәселен, қалмақ түйелерінің тұқымын ұрпағы бойынша өсіріп шығару
жүзеге асырылуда.
Ол малдың бағалы ерекшеліктерін, сапасын бүкіл ұрпағына орнықтыруға
мүмкіндік береді.
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды.
Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене
тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен
қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің
кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері
болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді.
Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын.
Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті
және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені
шөл дала кемесі деп атайды.
Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі – жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5
мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері
– Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Африка өңірі.
Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті
жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені – төрт түліктің
төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - Ойсылқара, кей
жерде Қаусыл- қазы деп атайды.
Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген игі шаралар
қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Агромеркур шаруа
қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай інген сауылып,
өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы – мал шаруашылығының өнімді
мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын өркендетуге
ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай
еңбек етіп жүрген ғалым – Асылбек Баймұқанұлы.
Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан
толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі – 1З, айыр өркешті
түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды.
Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын
18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл жасайды.

Түйелерді жыл бойына жайылымда
бағу және жайып семірту

Қыста жайылыста бағылатын түйелердің салмағын жоғалтатындығы белгілі.
Мысалы, желтоқсаннан сәуірге дейін қалмақ тұқымды ересек түйелердің салмағы
бастапқы салмағына қарағанда 19,7%, ал 4 жасқа дейінгі төл 9,1% , 2 жасқа
дейінгі төл 4,8% салмақ жоғалтады екен.
Жасқа толмаған, енесінің қасында жүретін боталар, егер түйе жеткілікті
мөлшерде сүтті болса, өз салмағын ұстайды.
Төлдің туған күнінен бастап 5 жасңа дейінгі салмақ динамикасын
графикте кезең-кезеңімен көрсетсек, сатылы қисық шығады.
Ол қыс түсер кездегі көбеюін көрсетеді. Төлдің мұндай секірмелі дамуы
малдың өсуіне жеткілікті жағдай жасалмағандықтан болады. Жайылым шөбі бітік
болмай немесе табынның күйі күрт төмендеп кетсе, түйелерге міндетті түрде
қосымша азық беру керек.
Сәуір-мамыр айларында ересек түйелер қыста жоғалтқан салмағын қалпына
келтіреді.
Қыркүйек-қазан айларында ең жоғарғы дәрежеге жетіп, күйі ең жоғарғы
қоңдылықта болады.
Түйе етінің сапасын көтеріп, өзіндік құнын азайтуды қамтамасыз етеді.
Негізгі шара –бұл жайып семіртуді ұйымдастыру.
Түйе өсіретін аудандарда көктемгі гидрометеорологиялық жағдай, шөптің
қаулап өсуі және жайылымдағы көктемгі ауа мен орташа температура түйе
күйінің қалпына келуіне және қосымша көп салмақ қосуына мүмкіндік береді.
Мысалы: А.А. Ахмедиевтің мәлімдемесі бойынша, Оңтүстік Қазақстан
облысының Темір түйе зауытындағы күйі нашар қазақы түйелер көктемде
(наурыз айынан мамыр айына дейін) бір жастағылары тәулігіне 606 г, екі
жастағылары 1240 г, үш жастағылар 1304 г салмақ қосқан.
Жазғы мезгілде (маусым-тамыз айларында) шөптің түрлері азайып, сапасы
төмендей түседі де, өсімдіктер құрғаң әрі құнарсыз болып келеді.
Күннің қатты қызуымен астық тұқымдастар қурап кетеді. Жусан мен
сораңның құрамында эфир майлары көбейіп, олардың дәмі сөл төмендейді. Бұл
кездегі бір жастағылардың салмақ қосуы 318 г-ға дейін түседі.
Қыркүйек-қазан айларында анабиоз өткеннен кейін жусан, сораңдар қайта
тіріліп, жайылым шөбі жақсарады, тәуліктік салмақ қосу қайтадан көтеріледі:
бір жастағыларда 916 г, екі жастағыларда 797 г, үш жастағыларда 815 г.
Ересек түйелер тәулігіне 250 г, көктем-де 961 г, ал күзде 608 г салмақ
қосады.

Түйелерді жайылымда семірткеннен кейінгі
сойғанда алынған еті
5-кесте

Көрсеткіштер Інгендер мен інгеншелер жасы 1-2,5
дейінгі
атаңшалар
15-17 5 3 1,5
жас
Сояр алдындағы тірілей 540 525 510 345 490
салмағы, кг
Сойыс салмағы, пайыз 54,0 61,79 60 59,3 56,6

Бірінші ұрпақтағы будандардың тәуліктік салмақ қосуы көктемде бір
жастағыларда 722 г, жастағыларда 1622 г, үш жастағыларда 1956 г, жазда
олардың салмақ қосуы - 382, 322, 3000 г, ал күзде тиісінше - 930, 800, 783
г болады.
Етті бағыттағы түйелерді бордақылауға қойып, дұрыс азықтандырса, 400
кг салмақ тартатын түйелер 90 күнде 450-480 кг-ға жетеді. Демек, күніне 500-
900 г аралығында қосымша салмақ қосады.
Таза қанды қазақ айыр түйелерін 240 күн жайып семірткенде орташа
тәуліктік салмақ қосуы төмендегішедей болады: бір жастағыларда 573 г, екі
жастағыларда 788 г, үш жастағыларда 888 г және 913 г-ға тең болды. Малды
жайып семірту екі мезгілде өтеді: күзде және көктемде.
Жайып семіртуді ұйымдастырған кезде шамамен жасы, күйі, жынысы бір
малды бір табынға бөледі.
Шөл және шөлейт аймақтарда табынның көп болуы өзін ақтамайды және
оларды сумен қамтамасыз ету де оңайға соқпайды, салмағы орташа болады және
нашар жайылады.
Мысалы, Атырау облысында жайып семіртуге арналған табында түйелердің
бас саны 60-тан аспайды. Мұндай табындар көктемде ұйымдастырылады.

Боталарды күтіп бағу

Бота (лат. Camelus)- сірітабындылар отряд тармағына жататын сүтқоректі
ірі жануарлардың бір туысы. Боталар шөлге де қатты аязға да төзімді. Мұның
екі түрі бар: қос өркешті бота (Бактрия түйесі)- негізгі өсірілетін
жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов
және Чита облыстары. Ең көп өсірілетін жері – Қарақұм. Қоспақ түрлеріне,
пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Әр түйеші жас
ботаны нәрестеге теңейді. Ол өте нәзік әрі адам қамқорлығына зәру келетін
жануар. Ол суыққа тез тоңғыш, түрлі иіс қоқысқа, ласқа төзімсіз келеді.
Міне, сол себепті боталар тұратын қора таза болу керек. Бота ауызданар
алдында енесінің желінін жылы сумен жуып құрғату қажет. Бота туғанда
экстерьері мен дене құрылымы бойынша кемістіктері болуы мүмкін.

Жас ботаға дүркін- дүркін аздап балық майын ішкізіп отыру керек. Ол
бота ішіндегі шараны тоғын( мәйегі) жібіту үшін керек. Әйтпесе, ол іш
ауруына шалдығуы мүмкін. Бота үркек, шыдамсыз келеді, буыны бекімегендіктен
ол төрт аяғын төрт жаққа жіберіп, әлсіз танытады, сондықтан оны ауыздырған
кезде сүйеп көмектесу керек. Жас бота екі тәуліктен кейін буыны бекіп,
енесінің бауырына еркін жақындайды. Боталарды тез жетілу үшін күн тәртібін
жасап , соған орай күту керек. Ботасына әбден бауыр басып, өзімсініп
кеткенше жас түйелердің ботасы қасында болған жөн. Жаңа бүршік атып, көктей
бастаған шөпті жұлып әкеліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гемофильді Инфекция
Түйені күту және азықтандыру
Түйелерді сұрыптау мен жұптау
Түйе - жайылым малы
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Түйе ұдайы өсіру
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Түйе сүтінің емдік қасиеті
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру
Жылқылар мен түйелердің ұстау жағдайын оңтайландыру
Пәндер