Қазақстан суретшілері шығармаларында түстердің көркемдік образын бейнелеудің сабақтастығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
Дефектология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі түстердің көркемдік образы мен ерекшеліктерін оқытудың әдістемесі

Ғылыми жетекшісі:
Ашимханова Г.С.
_________________

Дф(21)-3 тобының студенті:
Есенгелді Г.Қ.
_________________

Қарағанды 2018

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ұлттық рухани мұрадағы түстердің көркемдік образы.
1.1. Ұлттық рухани мұрадағы түстердің көркемдік мазмұны ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Қазақстан суретшілері шығармаларында түстердің көркемдік образын бейнелеудің сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Мектепте бейнелеу өнері пәнінде түстерді қолданудың әдіс-тәсілдері.
2.1. Бейнелеу өнері сабағында түстердің көркемдік ерекшеліктерінен жалпы мағұлмат беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Түстердің көркемдік ерекшеліктеріне оқушыларды баулудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Ұлан-байтақ Қазақстан жері. Төсін керіп еркін тыныстап жатқан сайын дала. Кермек жусан исі, ұшқан құс, бұлдыраған сағым, ақырын соққан самал жел, күмбездей төңкерілген көк аспан, мүлгіген тыныштық. Бұл - менің отаным, туған жерім! Ол шығысында - Алтай тауларынан басталып, Каспий теңізіне дейінгі, солтүстігінде - Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларынан Тянь-Шаньннің солтүстік беткейі аралығындағы алып территорияны алып жатыр. Әлі есімде, ең алғаш рет география сабағында бес бірдей Франция сыйып кететін Қазақстанның картасын көріп, оған Австрия, Германия, Италияның бірнешеуін ойша сыйдыруға тырысқаным. Ал кейін найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғалған жер тек табиғи ресурстар мен физикалық-географиялық артықшылық иесі ғана емес, сонау көне дәуірлерден тамыр жайған көшпелі тайпалар мәдениетінің алтын бесігі екенін ұғындым. Оның айнымас дәлелі Қазақстан жерінен табылып жатқан көне сақ, үйсін, түркі, қыпшақ мәдениеттерінің ескерткіштері, өнер мен қолөнер туындылары. Бұлар біздің ұлттық мәдениетіміздің тарихын баяндайтын игіліктер.
Тарих - адамзаттың тамыры. Өз тарихына үңілу, өткен жолын қорытындылау, жете түсінуге ұмтылу, оны бағалай білу - елін сүйетін, өзін танығысы келетін әрбір адам үшін маңызды. Адамзат үшін тарих өз алдына құндылық, ендеше сол тарихты баяндайтын материалдық игіліктер де құнды болмақ. Ерте тас дәуіріндегі Сақ мәдениеті, қола дәуіріндегі Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, темір дәуіріндегі сақ, үйсін мәдениеті негізінде қаланған көшпелі түркілердің мәдениеті қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бастау бұлағы.
Жалпы мәдениет дегеніміз не? Философия мен мәдениеттану ғылымы оған көп анықтама береді. Бірақ олардың барлығындағы ортақ ой - мәдениет сан мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан, уақыт сұрыптауынан өткен, халықтың тірнектеп жинаған даналық және адамгершілік нысандары. Ол халық мұрасы. Кез келген мемлекеттің негізі оның мәдениетінде, мәдени құндылықтар тұтас халықтың рухани байлығы, біздің ең үлкен рухани азығымыз.
Қазіргі, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті қай бағытта дамып жатыр, деңгейі, негізгі идеясы қандай? Біртұтас мемлекет ретінде, заман талабына сай қабырғасы қалана бастаған біздің Отанымыздың әлемдік мәдениет пен өркениет көрмесіндегі орны қандай, және мәдениеттің дамуына қазіргі заманда қандай үлес қоспақ? Бұл ретте мәдениет атадан балаға мұра болып қалып, ұрпақ ауысқан сайын дамып отыратынынын ұмытпаған жөн. Сондай-ақ мәдениет - дәстүрлі салт дәстүр, ұлттық дүниетаным, ой-сана негізінде дүниеге келетін әдебиет, театр, ән күй, бейнелеу, қолөнері сынды өнер туындыларынан, халықтың ортақ рухани байлығынан құралатындығы белгілі. Бұл орайда біз әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі - бейнелеу өнерін назардан тыс қалдыра алмаймыз. Ежелгі тас дәуіріндегі үңгір суреттері, петроглифтерден басталып, қазірде көркемдік, идеялық құндылықтары қалыптасып, ғылыми негізделген бейнелеу өнері әртүрлі дәуірлердегі халықтың ой санасын, дүниетанымын, мәдени кемелдік-дәрежесін көрсететін айна сияқты.
Қазақстанның кәсіби деңгейдегі бейнелеу өнері ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында, Қазан төңкерісінен кейін қалыптаса бастады. Кәсіби деңгейде қазақ көркемөнер мектебінің пайда болуы Қазақстанға 1879 жылы келген Н.Г.Хлудов есімімен тығыз байланысты. Бұл негізсіз емес, себебі Хлудов Алматыда ашылған тұңғыш көркемсурет студиясын басқарды, қазақ бейнелеу өнерінің атасы деп танитын Ә.Қастеев оның шәкірті болды. Бірақ ХVIII ғасыр аяғы мен ХІХ ғасырдың басында-ақ көшпелі қазақ сахарасы Батыс, Ресей зерттеушілерінің үлкен қызығушылығын тудырған аймақ еді. Осы кезедегі тарихи-саяси жағдайларға байланысты Ресейден ғылыми зерттеу экспедициялар құрамында, қуғын-сүргінмен суретшілер келе бастады. Ресей, Еуропадан келген Джон Кестль, В.Верещагин, П.Кузнецов, Т.Шевченко, И.Клапрот, А.Чернышев, Т.Аткинсон, Е.Корнеев сияқты суретшілер, саяхатшылар жұмыстарында өздеріне таңсық, ерекше көрінеген аң аулау, бие сауу, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, киіз үй іші сияқты көшпелі халық тұрмысының көріністерін бейнеледі.Көсіліп жатқан дала табиғаты да олардың назарынан тыс қалмаған.Олардың жұмыстары жергілікті халықтың этникалық бейнесін анық берген реалистік сипатымен құнды және еуропалықтарға экзотикалық бейнеде көрінген дала әлемінің келбетін бізге жеткізді. Қазақ даласында болған бұл суретшілердің жұмыстары біздің табиғатымызға, рухани, материалдық мәдениетімізге деген шынайы қызығушылықтарының дәлеліне айналды.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі түстердің көркемдік образы мен ерекшеліктерін оқытудың әдістемесі
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Бейнелеу өнерін оқытудың мәнің ашу;
- Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мазмұнына тоқталу;
Осы мақсаттарда туындайтын міндеттер - қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен қалпын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуде мультимедиалық құралдардың мүмкіндігін пайдалана отырып жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бейнелеу өнерін мектепте оқытудың мақсаты оқушыларға сурет өнерінің қыр-сырларын ашу, түстердің көркемдік мазмұнын көрсету, оқушыларға сурет өнеріне деген қызығушылықтарын арттырып, дағдыларын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: бейнелеу өнері сабағының мазмұны мен құрылымы, оқушылардың сурет салу барысында түстерді қолдану ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты - жалпы мектеп жұмыс жағдайына және мектеп тәжірибесі талабына сәйкес бейнелеу өнері пәнін терең оқыту.
1 Ұлттық рухани мұрадағы түстердің көркемдік образы
1.1 Ұлттық рухани мұрадағы түстердің көркемдік мазмұны

Бүгінгі таңда әлемдік лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Бұның себептері көп: ең алдымен, атап айтар болсақ, көптеген ғалымдар түр-түс атауларын бірыңғай психологиямен байланыстырады. Өйткені психологтар табиғатта түр-түс толқындары болады, түр-түс дегеніміздің өзі адамның миы мен көзінің жемісі.
Физика саласындағы ғалымдарды түр-түстің энергетикалық табиғаты қызықтырады, физиологтар болса, адам көзінің түр-түсті қабылдау үдерісін зерттейді, психологтар түр-түс адамның психологиясына қалай әсер етеді, қандай эмоция туғызады деген мәселелерді қарастырады, гуманитарлық салаларда (көркем әдебиет пен көркем өнерде) түр-түстің эстетикалық қызметіне көңіл бөлінеді.
Ал лингвистикада, оның ішінде, әсіресе, когнитивтік лингвистика саласында түр-түс атауларын сол тілді иеленушілердің әлем бейнесі тұрғысында жинақтаған өмірлік тәжірибесін, рухани болмысындағы ерекшеліктерді танытатын тілдік дереккөздер ретінде қарастыру қарқынды жүре бастады. Лингвистикада түр-түс атаулары американдық ғалымдар Л. Уорф, Э. Сепир еңбектерінде тікелей зерттеу нысанына айнала отырып, көптеген жекелеген тіл білімдерінде түр-түс атауларының концептуалдық, символикалық т.б. сипаттары туралы зерттеулердің туындауына түрткі болды. Мысалы, қазақ тіл білімінде түр-түс атауларын осы тұрғыдан зерттеу нысанына айналдырған еңбектер қатарында Н.Н. Аитованың [1]
Ш.Қ. Жарқынбекованың зерттеулерін [2] атауға болады.
Жалпы тілді ұлттың таным-түсінігі, сана құрылымы, ойлау механизмі туралы мәліметтердің көзі ретінде қарастыру тілді белгілі бір ұлттың рухани-мәдени коды ретінде танытуға бағытталатын В. фон Гумбольдт концепцияларымен іліктес жатыр деп ойлаймыз [3, 138 б.].
Түр-түс атаулары, түр-түс символикасы - әрбір халықтың өзіндік феноменін танытатын күрделі құбылыс. Осыған байланысты қазіргі кезде жедел даму үстіндегі тілдердің қолданылуының когнитивті және прагматикалық аспектілерінің зерттелуінің аясында түр-түс атаулары да жиі қарастырылып келеді. Өйткені түр-түс атауларының лингвистикасы тіл және ойлау, тіл және қоғам, әлемнің тілдік бейнесі сияқты іргелі мәселелердің жаңа қырларын таныта алады. Сонымен қатар түр-түс атаулары мәдениетаралық коммуникацияда да ерекше маңызға ие. Түр-түс атаулары этномәдени жағынан барынша байлаулы (маркерлі). Түр-түс атаулары - мәдениеттің жемісі, әрі мәдениетті жасайтын фактор; ұлттық мәдениетті танып-білудің негізгі құралы. Зерттеушілердің бұл салаға қызығушылықпен қарауының басты себебі осында.
Сондықтан тілші-ғалымдар түр-түс атауларының барлық аспектілеріне назар аударып келеді. Ғалымдарды төмендегі мәселелер ойландырады:
- әрбір ұлтқа тән маңызды (когнитивті және прагматикалық тұрғыдан)
түр-түс атауларын ажырату;
- түр-түс атауларына лингвистикалық парадигма ретінде қарап,
зерттеу;
- түр-түсті қабылдау мен оны атаудың универсалиялары;
- лексикалық-семантикалық ақпарат беретін компоненттерді
зерделеу;
- түр-түс атауларының семантикалық өрісінің корреляциясын
анықтау;
- түр-түс атауларын метатіл ретінде зерттеу;
- әрбір халықтың түр-түс атауларының лингвомәдени ерекшеліктерін
салыстырып, кешенді түрде сипаттау және т.б.
Осы аталғандардың ішінде бірнеше аспект айрықша маңызды болып, қазірге дейін, зерттеулердің көп болғандығына қарамастан, қызу пікірталас тудырып отыр. Атап айтқанда, мұндай мәселелердің бірі - әрбір ұлтқа тән маңызды, ұлттық этносимволиканы білдіретін түр-түс атауларын ажырату. Көптеген ғалымдар И. Гётенің жүйесін атап өтеді; ол барлық түр-түс спектрін үш топқа бөлген:
Негізгі түстер: сары, көк, қызыл; басқа түстер осы арқылы жасалады.
Бірінші дәрежедегі құрамдас түстер - жасыл, қызыл сары (оранжевый),
сия көк, бұлар негізгі екі түстің араласуы арқылы жасалады.
3. Екінші дәрежедегі құрамдас түстер - бірінші дәрежедегі түстердің араласуынан пайда болған түстер.
Ал америкалық лингвистер Б. Берлин мен П. Кей пікірі бұл мәселенің анық-қанығын ашып берді деп есептеуге болады. Олар 98 тілдегі түр-түс атауларын зерттеп, жинақтаған материалдың негізінде 11 негізгі түсті көрсетеді: basic colour terms - black (қара), white (ақ), red (қызыл), yellow (сары), green (жасыл), blue (көк), brown (қоңыр), purple (алқызыл), pink (қызғылт сары), orange (қызылсары), gray (сұры).
Яғни, қайсыбір тілде бар болғаны үш қана түс атауы болатын болса, онда олар - ақ, қара, қызыл. Орыс тілші ғалымдарының көпшілігі осы жіктемені мойындайды және орыс тілінде 11 негізгі түс бар деп санайды, олар - ағылшын тіліндегі blue дегеннің орыс тілінде екі баламасы бар деп есептейді: blue - көк (синий) және көгілдір (голубой).
Б. Берлин мен П. Кейдің жіктемесі негізінде ғалымдар барлық тілдердегі дерлік түр-түс атаулары төмендегідей иерархияда орналасады деп есептейді: black, white}- {red}- {green, yellow}- {blue} - { brown } -- {gray, orange, pink, purple}. Бірақ орыс ғалымы Р. Фрумкина жоғары аталған жіктемеде түр-түс атауларының 11 болып көрсетілуі шартты түрде деп есептейді, солай бола тұрса да, өзінің негізгі түр-түс жіктемесін ұсынбайды. Р. Фрумкинаның пікірінше, негізгі түр-түс атауларының олардың реңктеріне (мысалы, көк-көкшіл) қарсы қойылуы мәдени-тарихи және психологиялық факт болып табылады, олар психофизиологиялық тұрғыдан қарағанда өзара
теңбе-тең. Яғни, психофизиологиялық жақтан түс пен оның реңктеріне бөлу мүмкін емес, бұлайша бөлу әлемнің қарапайым бейнесіне тән. Түр-түс атауларының негізгілерін, маңыздыларын, яғни ұлттық-мәдени ерекшеліктерді белгілей алатындарды ажыратып көрсетуде түр-түс атауының негізгі түбір болатындығы да айтылады. Бұл пікір бойынша, сұр - негізгі түс; сұрғылт - негізгі түс емес, түстің реңкі. Осыған байланысты орыс тілінде 800-дей атау бар деп айтылады.
Ал қазақ тіліне келер болсақ, Сырға толы түр мен түс кітабында қазақ тіліндегі түр-түс атауларының саны көрсетілмейді, авторлар түр-түс атауларын біршама санап шығады, бірақ олар толық емес. Бұдан басқа қазақ тіліндегі құла, шабдар, тарғыл, күрең деген түстер қазақ ұлты үшін маңызды, бұлардың қазақ халқы үшін этнобасымдығы мен этнорелеванттығы бар. Бұған қазақ көркем әдебиетінің фактілері мен паремиология, бастысы, түр-түске қатысты ғылыми зерттеулер айқын дәлел бола алады. [9]
Қазақ тіліндегі этнобасымдық пен этнорелеванттыққа ие түр-түс атауларының талдауына келгенде, А.Тоқтаубайдың ғылыми-зерттеу мақаласының маңызын ерекше көрсетуге болады. Ол: Қазақта жылқы түстеріне байланысты сөздер өте көп. Қазір біздің картотекамызда жылқы реңіне қатысты 300-ге жуық сөздер бар деп көрсете келіп, оларды орыс, француз, неміс тілдеріне аударудың мүмкін еместігі туралы айтқан шетел ғалымдарының пікірін келтіреді. Және қазақтың жылқыға байланысты шыққан наным-сенімдерінің ішінде осы түлік түсіне байланысты жора-жосықтарды зерттеудің тұрарлық іс екенін дәйектей отырып, қадірленетін жылқы түсіне келгенде, алғашқы орында қаракөк, одан кейін шұбар (оның ішінде, бозшұбар, көкшұбар, байшұбар), бұлардан кейін тобылғы торы, күрең, жирен т.с.с. ретімен баяндайды. Тіпті Абайдың әкесі Құнанбай өзінің түп-тұқиянын Қаракөктің тұқымымыз деп ажыратқан деген деректі де келтіріп, қаракөк түсінің қазақ дүниетанымында ерекше қастерленетініне көптеген дәлелдер келтіреді.
Бұрынғы кезде түр-түсті тек қана өнер және әдемілікті тануда қолданған болса, бірақ қазіргі таңда түр-түс атауы экономика және өндіріс саласында кең қолданыста. Көптеген поэзиядағы теңеулер мен ойлар түр-түс негізінде туындаған.
Соңғы жылдары әлем тілдерінде түр-түс атауларын беретін лексикалық тілдік бірліктер құрамы мен саны жағынан күрт өзгеріске ұшырады. Бұған ағылшын тіліндегі лексикалық модельдердің әсері болып отыр. Ағылшын тілінде, әсіресе, жарнама терминдерін беру кезінде сипаттама түр-түс атаулары жиі қолданылады: олар мәдениетаралық қарым-қатынас бойынша орыс тіліне де өтіп, колоростика терминдерінің қатарын толықтыруда. Орыс тілінде негізгі түр-түс атауларымен қатар объектінің түсін нақтылайтын атаулар (изумрудный, малиновый, сиреневый), түстің реңктерін айқын көрсету үшін приставка қосылып жасалған атаулар (ярко-синий, светло-коричневый, бледно-розовый) қолданылады. [1]

Эмоциялық реңк үстемеленген атаулар (вызывающе розовый, темно лиловый, крутой красный), заттың атауымен тіркескен сөздер (цвет морской волны, цвет слоновой кости, цвет асфальта, цвет кофе с молоком, пепел розы, пьяная вишня, бежевый иней, мокрый асфальт), ассоциацияға негізделген атаулар қазір жиі қолданыста. Мәдениеттердің өзара тығыз байланысы нәтижесінде аталған түр-түстер қазақ мәдениетінен де орын алды. Алайда тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынаста түр-түстердің орысша атаулары қолданылады (Көйлек сатып алдым. Түсі өте әдемі - цвета морской волны - ауызекі сөйлеу тілі). Қазақ көркем әдебиетінде жоғарыда аталған түр-түс атауларының қазақша баламалары мүлдем кездеспейді деуге болады, қазақ суреткерлері негізгі түр-түс атауларын пайдаланады. Жазушы Ғ. Мүсірепов Кофе с молоком дегенді кофе түстес деп тілге біртіндеп енгізе беру керек шығар деп айтқан болатын [9].
Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, қазіргі заманда қазақ тілінде түр-түс атауларын білдіретін лексикалық топтың құрылымы мен құрамы едәуір өзгеріске ұшырады. Бұған әсер етіп отырған жағдайлар: а) экономикалық, әлеуметтік-мәдени байланыстар аясының кеңеюі; ә) жанрдың жеке типі ретінде жарнаманың дамуы; б) әлеуметтік-мәдени байланыстардың негізінде туындаған мәтіндер мен жанрлар типтерінің қазақ тіліне кеңінен аударыла бастауы және осының нәтижесінде өзге тілдердегі түр-түс атауларының қазақша баламаларының ұсынылуы.
Ең алдымен, қазақ тілі лексикографиялық еңбектерінен, нарықтық тауарлардан, жарнама үлгілерінен жинақталған түр-түс атауларын бірнеше топтарға жіктестіріп көрсетеміз:
1-інші топ. Қазақ мәдениетіне тән негізгі түстер: ақ, қара, көк, қызыл, жасыл, қоңыр, сары, сұр, боз;
2-інші топ. Негізгі түстердің атаулары арқылы жасалған қазақ ұлтына тән сөздер: ақшыл, қызғылт, алқызыл, сарғыш, қара күрең, қара торы, қоңыр қызыл, көгілдір, ақ сұр, шымқай қара, ақ боз және т.б.;
3-інші топ. Қоршаған орта, зат, жануарлар түстеріне қатысты атаулар: ақ шарбы (бұлт), тарғыл құла, шабдар торы, шұбар, қылаң, көк қасқа, қара ала, бурыл, жирен, (мал атаулары) және т.б.;
4-інші топ. Бұл топқа өзге тілдердегі (әсіресе, орыс тіліндегі)зат атауымен тіркескен түр-түс атауларын қамтиды: қоңыр қызғылт, шие түстес (малиновый), қоңырлау (кремовый), қызғылт сары, каштан түстес (каштановый), қою жасыл (цвета морской волны), ақшыл қоңыр (светло-коричневый), ақшыл жасыл (салатовый), қара қоңыр (цвета какао), қою қызыл (бордовый), ақшыл қоңыр (бежевый), ашық көк(ярко-синий), ақшыл сары (оранжевый).
Біздің ойымызша, ассоциациялық тұрғыдан, заттың түсін нақты көрсетіп, түр-түс атауын жасау үшін сол зат ұлттың мәдениетінде бар немесе мәдениеттердің ықпалы арқылы әлеуметтік-экономикалық шындыққа енген болуы қажет. Мысалы, қазақтың ұлттық мәдениетінде бар болғандықтан, қазақ тілінің иеленушісі бидай өңді, селеу түстес, екі беті алмадай қып-қызыл, күл түстес, сүттей жарық, қарақаттай көздері, бота көз деген сипаттамаларды естігенде (оқығанда, қабылдағанда) нақты бір ассоциация тудыра алады.

1.2 Қазақстан суретшілері шығармаларында түстердің көркемдік образын бейнелеудің сабақтастығы

Бейнелеу өнері техникасы, технологиясы Батыстан әкелінген жаңалық болса да олардың бәрі халық өнерінің, дүниетанымының бір бұтағы ретінде өркен жайады. Сондықтан ұзақ уақыт бойы қалыптасқан ұлттық сана сезім, дүниетаным жаңадан енген өнер түрінің қайнар көзіне айналды. Қазақ халқының дәстүрлі көзқарасы өнердің жаңа түрінің бағыты мен сипатын анықтап отырды. Халықтың дәстүрлі ой санасымен терең байланыс негізінде Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнерінің көркемдік ерекшеліктері мен идеялық бағыты қалыптасты.
Өнер үшін бір ғасыр онша көп мерзім емес. Бірақ Қазақстан суретшілерінің бірнеше ұрпағы өткен жол өзіндік ұлттық ерекшелігі мен идеялар жинағы бар көркемөнер мектебін қалыптастыра алды.
Кез келген нәрсенің бастауы бар. Өнер де өзінің бастау бұлағын, халықтың түп тамырын назарына алғанда оның этнографиялық, кейін поэтикалық дәрежелерінен өткесін жаңа биікке шығып, оны пайымдаудың философиялық дәрежесіне көтеріледі. Суретшілер халық мінезі мен тарихын тереңнен түсінуге тырысып, заман құбылыстарын терең пайымдауға тырысады. Олардың шығармашылығы қандай дүниетанымдық немесе тақырыптық деңгейде болса да, ең алдымен туған елге, халқына қатынасымен, оның територриялық, ұлттық дербес ерекшеліктерін көрсетумен, жергілікті құндылықтарды жинақтаумен анықталады.Бұл әрине, таза өнерге ғана қатысты. Таза өнер, меніңше, әуелі - халық өнері, ол ешқандай идеалогияға бағынбайды. Бұл жағдай қазіргі Қазақстан суретшілері үшін дін ең алдымен ұлттық өнер, ұлттық қолтаңба, ұлттық дүниетаным, болмыс түсініктеріне байланысты. Бірақ 80-90 жылдардан бергі Қазақстан суретшілерінің шығармашылығын осы көзқарас нүктесінен талдамас бұрын, қазақ көркемөнерінің классиктеріне тоқталып өткен дұрыс сияқты. Өйткені, менің көзқарасым бойынша бүгінгінің бәрі өткенмен сабақтастықта дамып, салыстыру барысында айқындалады.
Бұл орайда ең алдымен шығармашылық қолтаңбасы академизмнен мүлдем ада, халықтың дәстүрлі өнеріне өте жақын Ә.Қастеевтің 1930 жылдардағы шығармашылығын айтуымыз керек.
Оның шығармашылығына ұлттық дүниетаным мен ұлттық рухты мәнерлеудің дәлме-дәлдігі тән. Қастеев туындыларындағы барлық тақырыптар мен сюжеттер қазақ халқының тұрмысымен байланысты. Ол Киіз үйдің ішкі көрінісі атты туындысында асқан ыждағаттылықпен киіз үйдің бұйымдарының бірін қалдырмай бейнелейді. Суретші алуан түрлі тұрмыстық бұйымдарды айшықты түстермен көрсетіп қана қоймай, халық тұрмысының өміршеңдігін де бейнелейді. Суретшінің Бие сауу, Колхоз тойы, Колхоздың сүт фермасы және т.б. жұмыстарына қазақ тұрмысын өте жақсы білуі мен оған деген шынайы махаббаты негіз болды. Оның лирикаға толы пейзажы мен портреті де, өз дәуірінің шындығын бейнелеген тақырыптық картиналары да туған халқына деген терең сүйіспеншілікпен жазылған.
ХХ ғасырдың осы 30-жылдарындағы суретшілердің шығармашылық ізденісі ерекше даму үстінде болғанмен, екі жақты қысымға түсті. Бірі - реалистік өнер мен соцреалистік реализм жасау арасындағы кереғарлық болса, екіншісі - идеологиялық сипаттағы қысым. Бірақ бұл кезде де бейнелеу өнеріндегі өткенмен, төл мәдениетпен терең байланыс орнатуға деген ұмтылыс жоғалған жоқ. Ол осы жылдары да байқалды. Бұл тазалығымен, сабырлы лирикасымен ерекшеленетін ұлттық кескіндеме мектебінің негізін қалаушы Ә.Қастеев шығармашылығында, бейнелеу өнерінің кәсіби дәрежеде дамуының алғашқы сатысынды ұлттық дәстүрге адал болып, оны жалғастырушыларға айналған суретшілер Ә.Исмаилов, ағайынды Қожықовтар кенептерінен анық көрінеді. Бұл кезде еңбек еткен суретшілердің шығармалары еркіндікті қысып тастаған тар шеңберде өзіндік дүниетаным мен ұлттың рухани дәстүрінің ерекшеліктерін көрсете алғандығымен бағалы болып қалды. [6]
1950 жылдары ұлттық өнер мектебі жетіліп, кәсіби деңгейде дайындығы бар суретшілермен толысты. Олар Ленинград пен Мәскеу қалаларында білім алып келген Қ.Телжанов, М.Кенбаев, К.Шаяхметов, С.Мамбеев, Ж,Шарденов, Р.Сахи сынды суретшілер. Кенбаев, Телжанов, Мамбеев туындыларында эпикалық сипаттағы жігерлік қарқындылығы, эмоциялық әсері үдеп, барлық бөлшектердің үндестігі, қорытындылануы айқындала түсті.Олардың ұлт өмірінің шындығын суреттейтін шығармалары символикалық, азаматтық сипатымен ерекшеленіп, халыққа шабыт сыйлайды. Осы суретшілердің кенептерінде дәстүрлі сананың негізі импровизациялық дәрежеде түгел байқалады.
Шетсіз-шексіз көсіліп жатқан дархан дала. Дала - осы суретшілердің әсерімен ұлттық бейнелеу өнерінде өзінше бір рухани белгіге, ұлт болмысының табиғи сипатына айналды. Қазақ суретшілері шығармашылығында ол ұлттық болмыстан ажырамас құндылық болып бекіді. М,Кенбаевтің Асауға құрық салу, Шопан әні, Әңгіме атты туындыларында дала табиғаты мен адам арасындағы ажырамас байланысы, үйлесімділіктің дәстүрлі идеясы ашылған. Кең далада құстай ұшқан арғымақ бостандықтың символы. (М.Кенбаев, Асауға құрық салу1957). Шопан әні картинасында дала бей-жай қалыпта созылып жатыр, дала тұңғиығына көз жіберген шопан мен табиғат ажырамастай бітісіп кеткен. Бұл табиғат пен адам арасындағы тұтастық. Сар дала да, емін-еркін жайылып жүрген қой да,

түйе мінген қойшы да бір-бірімен жымдасып, анық байқалатын бір түсті колорит жаратылыстың тұтастығын сездіреді.
Қ.Телжанов туындыларында дала тыныштығы мен ештеңені елемей қайнаған өмір, даланы дүбірлеткен салт аттылар, қуатты рухани динамика, белсенді қозғалыс өте күрделі әрі ерекше сабақтасқан. Оның Атамекен атты монументальді шығармасы символикалық қорытындыланған бейнеге айналды. Бұл тың игеруге арналған шығарма. Композиция жағынан өте қатқыл, сараң бұл туынды іштей жанып тұрған таласты білдіреді. Сұр бұлт басқан аспан; желмен сусылдаған биік шөп; ақ, сары, қоңыр түсті жағыстар шиеленісті, баба мен бала арасындағы өткір кеңестің сырын ашады. Суретші уақытты бөлшектемей, ұлттың өзіндік санасына айқара жол ашып, өткен өмір өнегесін, бүгіннің тірлігін, келешектің күнін түйіндестіреді. Ол барлық туындыларында ұлттық мәдениеттен қол үзбеуге тырысып, ұлттық өмір сюжеттерін сол күйінде бейнелейді. Қазақ халқының ұлттық ойындарына арналған Қыз қуу, Көкпар, Бәйге, Бүркітпен аңға шығу,атты туындылары бір жүйеге бірігіп ортақ идеяны береді.
С.Мәмбеев шығармашылығында қазақы дәстүрдің негізгі белгілері мүлдем басқаша көрініс табады. Ол қазақ бейнелеу өнерінде ең бірінші болып ұлттық төл ерекшелікті табу мәселесін көтерді.Сәндік қолданбалы өнер өрнектеріні, алаша, текемет,сырмақтардың оюларының колоритін, композициясын майлы бояу техникасы ерекшелігімен импровизациялаудың арқасында өзіндік жазу стилін тапты.Ол Батыс пен Шығыстың көркем ойларын синтездеу арқылы өзгеше таңбалық кескіндемелік бағыт қалыптастырды.
1960 жылдың ортасы мен 1970 жылдардың басында С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғысбаев, О.Нұржымаев, Ә.Сыдыханов, Ә.Жүсіпов секілді суретшілердің шығармашылықтарында декоративизм, ұлттық қолтаңба ізденістері осы кезеңдегі қазақ өнерінің келбетін анықтады.С.Айтбаевтің Қонақ келді(1969), Ш.Сариевтің Шопан отбасы (1969), Ә.Жүсіповтың Ардақты біздің аналар (1967), О.Нұржымаевтің Күй сазы (1972) атты жұмыстарын атауға болады.Бұл суретшілердің шығармаларын ұлттық өнерге, біріншіден, ұлттық тұрмыс сюжеттері жақындатып тұрса, екіншіден бейнелеу тілі тәсілдеріне еркіндік бере отырып, ұлттық болмыстың жаңа бейнесін қалыптас тыруда өзгеше реңдік қатынастар табуға ұмтылуы жақындатады. [8]
1980 жылдардың екінші жартысында суретшілер үшін қоғамдағы жеке адамның табиғи мәдениетін анықтайтын ұлттық болмысқа түрткі болу, сұраныс тудыру, өткенді қайта жаңғыртуға мүмкіндік жасау басты міндетке айналды. Осы жылдардың ортасынан бастап бері қарай Қазақстан суретшілері тарихи, тарихи-мифологиялық тақырыптарға ерекше көңіл аудара бастады. Рәмізді нышандар мен қатар халықтың болмысында монументті бейнелер арқылы жеткізу де орын алды. А.Ақанаев, К.Дүйсенбаев, Ә.Сыдыханов, Қ.Зәкіров, Б.Түлкиев, А.Есдәулетов, Б.Бапишев, Қ.Хайруллин, Ғ.Маданов секілді қылқалам шеберлерінің ізденісі
нәтижелері өз орындарын тауып, ұлттық болмыстың сазды әуендерін шерте білді. Олар ата баба тарихын аден қойып, рухани қазынаны меңгеруге ұмтылды.
Болмысты басқаша символмен түсіндіру, жалқы мен жалпыны, сәт пен мәңгілікті ұштастыру Шығыс өнерінің басты ерекшелігі. Өз әсеріңді тікелей айта салу - астарлы сөзге ерекше мән беретін қазақтың көркемдік талғамына жат нәрсе. Бұл дәстүрлі таным бейнелеу өнерінде де өзіндік көрініс тауып, суретшілердің өмірден алған әсерлерін бейнелеуде таңба мен символға ерікінді берді
ХХ ғасырдағы қазақ кескіндемесінің негізгі тақырыбын өзге ұлттың дәстүрлерімен сұхбат, яғни орыс реалистік мектебі, француз импрессионизмі, кеңес кескіндемесімен сұхбаттастық анықтады. 80 жылдардың екінші жартысында қайта құру берген еркіндік суретшілер шығармашылығына да еркіндік берді. Суретші кенептерінде ұлт тарихының түбіне терең үңілу, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар өрісін анық бейнелеуге деген ұмтылыс байқалды. Осы жылдарда түрік мәдениетіне, жалпы шығыс архаикасына деген қызығушылық өсті. Б.Бапишев, Г.Маданов, А.Есдәулетовтың шығармаларында ұлттық бастамалар мен рухани көздерге деген үндеулер анық байқалады.
Бұл, меніңше, ең алдымен қандай да болмасын тарихи әлеуметтік, табиғи өзгерістерге қарамастан бейнелеу өнері мен дәстүрлі дүниетаным арасында ішкі байланыс пен сабақтастық міндетті түрде сақталатындығының дәлелі. Бұлардың айғағы - адалдықтың, тазалықтың белгісі - ақ тазы мен еркіндік пен жігер белгісі қыран құс аса бай ою-өрнектпен әскезделеген текемет фонында бейнеленген Ақтотының Қазына; ырыс-береке жебеушісі - қошқар салынған Молшылық белгісі; Есдәулетовтің Бастау бейнелері.
Ұлттық мәдениеттің гүлденуі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Бұл орайда халық суретшілері алдындағы үлкен міндет - ұлттық дәстүрлі өнердің тұрақты белгілерін меңгеру. Қазақ халқының өнерін айқындайтын дүниетанымдық белгілер бар. Ол әуелі кеңістік ұғымы. Кеңістік - біздің дәстүрлі түсінігімізде өнерде шексіз және тұтас жаратылыс туралы ойды қамтиды. Сондай-ақ ұлттық өнер астарлы ойға, пәлсафалық тұжырымға бағынады.
Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнерінің жағдайын толық түсініп, баға бере алу үшін біз халықтың дәстүрлі өнері тудырған табиғи көркемдік заңдылықтарды да, әлемдік мәдениет мұраларын да, қазіргі заманның өзгеше міндеттері мен талаптарын да назардан тыс қалдыра алмаймыз.
Ғасырымыздың соңғы онжылдығында бейнелеу өнерінің құндылық және көркемдік көрсеткіштерінің айқын, өзіндік ұлттық бағытта дамуының қарқыны күшейе түсті. Қазіргі суретшілердің бейнелеу әдістерінде рәміздендіру, таңба мен символикалық бейнеге сүйену кең өріс алды. Суретшілер әлемнің күрделігі мен халықтың тарихи жолын сөз етуде себеп-салдарлық байланыстарды айналып өтіп, ұлттық мәдениетпен байланысты қазақ дүниетанымы құндылықтары тұрғысында, символикалық және аллегориялық жинақтау дәрежесіне әкелді. Шығармаларында дүниені құпияланған көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылып, өмірдің қым-қуат қозғалысын көрсетуде түстерге еркіндік береді.
А.Сыдыханов өз шығармашылығында идеяны берудің ерекше құралы ретінде қазақ халқының рулық рәмізін, таңба мен ою-өрнектің әр түрін алады. Солар арқылы дүниенің өз түсінігіндегі тәртібін көрерменге түсіндіреді.Ол қазақ ұлтының тарихи-көркем болмысын рулық таңбаының кескіндемелік пластикалық өзгеруі арқылы жасайды. Көшпелілер мәдениетін көркемдік зерттеуді тарихи-тұрмыстықтан философиялық-рухани және адамгершілік бейнеде, оған ұлттық ділде ғана өмір сүре алатын рәміздік мағынасын береді.Бұл ретте суретшінің ұтымды шығармасы деп Түркі халықтарының рәміздері (1997) атты туындысын атаса болады.
А.Ақанаевтің шығармашылығы дала аңыздарын еске түсіреді. Қазіргі заман суретшілері ежелгі көшпелі тайпалар мәдениетінің аңдық стиліне, анималистік тотемдік ағымына ұқсас бейнелеуді қалыптастырып жатыр. Оның 1999 жылы жазылған Дала адамдары шығармасы біздің көшпелі халық мәдениетімен терең байланысымызды көрсетеді. Жүк артылған түйе, киіз үйдің шаңырағы, кимешек киген қария - өткеннің өнегесі мен біздің байлығымыз. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұраның қарт ана сақтаушысы іспеттес.
А.Есдәулетов шығармашылығындағы мүйізтұмсықтар мен бұқалар адамзат мәдениетінің бастауына ой жүгірткізеді. Оның 1997 жылы жазылған Бастау картинасы суретшінің өз тегіне, тарихына деген қызығушылын көрсетеді.
Ақтотының 2003 жылы жазылған Қазына картинасы да біздің рухани, материалдық байлығымызға үңілтеді. Ақ тазы - тектілік пен адалдықтың белгісі болса, тұғырда отырған қыран құс ерік-жігердің, мығым сенімділіктің нышаны.
С.Тайковтың Аңсау атты туындысы да өткенмен байланысты, оны сағынуды паш етеді. Қолын алдына қойып, қырынан отырған жас ана жаратқанннан тыныштық пен амандық тілеп отырғандай. Атып келе жатқан күннің жұмсақ сәулесі келешекке деген сенім мен үміт белгісі болса, екі нар түйе төзім мен даналықты білдіреді.
90 жылдардың екінші жартысында ұлттық бейнелеу өнері мектебі өз кемеліне келіп, жаң қарқынмен дамуға бет қойды. Бұл суретшілердің өздеріне ғана тән ерекше қолтаңбаларының дербестігінен көрінеді. А.Дүзелханов, Д.Қасымов кенептерінде нәзік сезімталдық пен төл мәдениетке деген ерекше құрмет таң қалдырады.
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнері үшінші мыңжылдыққа ұлттық рухпен толысқан, дәстүр сабақтастығын бұзбаған түрде аяқ басты. ХХ ғасырдың екінші жартысында қаланған көркемөнер мектебінің даму жолын пайымдай отырып, қазіргі заман бейнелеу өнерінде өзіміздің көне мәдениетімізді тануға, өз бастауымызға деген терең ықылас қоюшылықты көре аламыз. [10]
Қазір ХХІ ғасыр. Нарықтық экономика, қатал бәсеке, ақпараттық технологияның қарыштап, жаһандану, мәдени, экономикалық үндестік деп жар салып жатқан дәуір. Аулада ХХІ ғасыр тұр. Мәдени, рухани экспансия ғасыры. Бұрын соғыс алаңына найзалар мен мылтықтар, танктер мен автоматтар шығатын болса, енді сол майданға әрқилы діни конфессиялар, ұлттық тілдер мен мәдениеттер шығатын болады - дейді. Серік Аббасұлы Парасат журналына берген сұхбатында. Қазақстан да сол майданда қолжаулық болмас үшін мығым экономика мен әр салада бәсекеге қабілетті білім қалыптастыруға мүдделі. Бірақ тек қана жалғыз экономикамен мемлекет құрылмайды. Тарихи-мәдени белгілер, біздің ешкімге ұқсамайтын төл мәдениетіміз мемлекеттің бір қырын танытатын айна. Әлемдік мәдениеттер көрмесінде біртұтас ел екенімізді көрсететін бет бейнеміз.
Әлемдегі бірде бір халықтың мәдениетіне де, өмір жағдайына да, оның географиялық, тарихи және психологиялық сипаттарының ерекшеліктеріне де оқшаулану тән емес. Бұл тереңнен тамыр жайған қазақ мәдениетіне де қатысты. ХХ ғасырда қалыптасқан кәсіби бейнелеу өнері дәуір дауылдарына төтеп беріп, өз дамуында өткенмен рухани үндестікті жалғастырып келді. Біз, ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған Қазақстан жастары, төл мәдениетіміздің ерекшелігі, көшпенділердің дәстүрлі, тұрақты менталитетінің негізгі мән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана мәдени-философиялық талдау
Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанры
Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйретудің тиімді әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)
Станоктық кескіндемедегі композиция
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
Көркем шығармалардың кеңістікте анықталатын сипаттық негіздері мен ерекшеліктері
Пәндер