Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру


Мазмұны
КІРІСПЕ
І тарау Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1. 1. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен принциптері . . . 4 - 14
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу әдістері . . . 14 - 19
ІІ тарау Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу жолдары
2. 1. Баланы адамгершілікке тәрбиелеуде әртүрлі бағыттағы іс - әрекет түрлерін жоспарлау негіздері . . . 19 - 21
2. 2. Балаларды ойын іс - әрекеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу ерекшеліктері . . . 21 - 27
ІІІ тарау
ҚОРЫТЫНДЫ. . 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ29
«
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе - бұлар адамгершілік қасиеттер».
Ыбырай Алтынсарин
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның жан - жақты дамуының маңызды компоненттерінің бірі.
Қазақстан Республикасы - бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я. А. Коменский, И. Г. Гербарт, А. Н. Кочетов, А. С. Макаренко т. б. ) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Өз зерттеулерінде ғалым - зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан - жақты анықтап негіздеуге талпынған А. Я. Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін - өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. А. Я. Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін - өзі билеу, кішіпейілдік, сыпайлық, ізгілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде жан - жақты жаңа пікірлер айтты. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге, мұғалім оқушыларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.
И. Г. Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен - бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым - қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.
Кеңес педагогы А. С. Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу - тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды. Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог - жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С. Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір - біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.
Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық педагогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін алып көрсету әлі де болса шешімін тапқан жоқ.
Адамгершілік тәрбиесі жан - жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік - қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз - ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым - қатынасын ақылға салып, ар - ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.
Адамгершілік - адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым - қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал - мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.
Зерттеудің нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеудің пәні: Мектепке жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие берудің мазмұнын педагогикалық тұрғыдан талдау.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру және тәрбиелеу жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершіліккке тәрбиелеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- Баланы адамгершілікке тәрбиелеуде әртүрлі бағыттағы іс - әрекет түрлерін жоспарлау;
- Балаларды ойын іс - әрекеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын талдау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесіне байланысты бағдарламалық талаптарға сай іс - шаралар ұйымдастырылып, тәрбиеші мен ата - ана ынтымақтастықта жұмыс жүргізілсе, онда балалар бойында адамгершілік тәрбиесінің қалыптасуына толық мүмкіндік болады.
І ТАРАУ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен принциптері
Адамгершілік - бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет - балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Адамның моральдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шақта қалыптасады. Балалардың ададмгершілік жағынан онан әрі дамуы көп жағдайда осы процестің қаншалықты ойдағыдай жүзеге асуына байланысты. Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғат пен қарым - қатынас жасаудың, тәлім - тәрбие алудың бастапқы тәжірбисіне ие болады, социалистік қоғамның моральдық нормасын игереді. Балалардың іс - әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келегенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс - әрекетте белсенділік және инициатива көрсету сияқты адамдарға маңызды сипаттарды қалыптастырады.
Ғалымдардың зерттеулері мектепке дейінгі шақта балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің көп мүмкіншіліктері бар екендігін көрсетеді: олардың іс - әрекеттері дамуының алуан түрінде өз мінез - құлқын саналы түрде басқарудың кейбір әдістері, белсенділік пен дербестік қоғамдық ортаға құштарлық ойдағыдай қалыптасады. Бастапқы бірлестіктерде-құрдастар қауымында - мектепке дейінгі балалардың арасында өзара қарым - қатынас орнығып, бұл қатынастар тәрбиешінің жетекшілігі арқасында ұжымдық сипат алады, балаларда ұжымның бастамасы қалыптасып, жолдастық, достық, сезім пайда болады.
Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез - құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.
Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, тәрбиешілердің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тірбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, тәрбиеші істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс - қылықтарынан, мінез - құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым - қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам үшін еңбек ету, өзара көмек, сондай - ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл - сананың, сезімдердің, мінез - құлық пен өзара қарым - қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық - экономикалық құндылықтары жатады.
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым - қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі балаларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез - құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Балалар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез - құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі балалардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез - құлық нормалармен өлшенеді. Адамның моральдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шақта қалыптасады. Балалардың адамгершілік жағынан онан әрі дамуы дамуы көп жағдайда осы процестің қаншалықты ойдағыдай жүзеге асуына байланысты.
Мектепке дейінгі бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдармен, құрдастарымен, заттармен, табиғат пен қарым - қатынас жасаудың, тәлім - тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым - қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте - еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай - ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар т. б. қалыптасады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы жүзеге асырылады. «Өзін - өзі тану» пәні - баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымдылыққа үйретеді.
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек. Халық педагогикасы - нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал - мәтелдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, қиял - ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік тәрбие беру кілті - халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін - өзі тану» курсының маңызы ерекше.
Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, кұрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады.
Психологиялық зерттеулерде сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. «Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу - келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі түсіндіріледі. Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу мен қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану» т. б. осындай сезімнің түрлері болады қоршаған ортасына байланысты болады. Оқушылардың тілдік қорларының жетілуімен олардың адамгершілік сезімдері мен санасының дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал - мәтелдердің мүмкіндігі мол. Адамгершілік сезімдері адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде туып, дамиды да осы қоғамда қалыптасқан адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдардың және адамның өзінің мінез - құлық әсерлерінен туады.
1. 1. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен принциптері
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым - қатынас, тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау, кеңпейілділік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып тәрбиеші балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері - балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез - құлықтың ізгі дағдылары әдеттердің адамгершілік ұғымдары мен мінез - құлық мотивтерін қалыптастыру.
Баланы тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап - ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым - қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат табады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін қалыптастырудың негізіне айналады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс - әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді.
Балалар сезімі мен онан туған іс - әрекеттердің шыншылдығын ерекше атап көрсету қажет. Мәселен, бала өз құрдасының қолындағы добын жұлып алып, оған жұдырық жұмсаған баланың суретін көрді. Осыдан кейін ол өзі қатарлы бір бала жыласа, оны маңдайынан сипап (өзінің анасы жұбатып, маңдайынан сипағаны сияқты), оған өзі ойнап жүрген ойыншығын береді.
Мектепке дейінгі естияр жаста адамгершілік сезім көбіне саналы бола түседі. Балалардың өзінің туған өлкесін, еңбек адамдарын құрметтеп қадірлеу сезімдері қалыптасады.
Мектепке дейінгі ересек жаста қалыптасатын адамгершілік сезімдері негізінде өзінің адамгершілігін, борышын сезіну әділеттіліктің, адамды құрметтеудің бастамасы, сондай - ақ өзіне тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілік тәрбиеленеді.
Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар.
Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Сонымен қатар мінез - құлық еркіндігінің жеткілікті дамымауы, өз қимылын бақылай білмеуі, олардың адамгершілік мазмұнын түсіне алмауы ұнамсыз қылықтарға апарып соқтыруы мүмкін. Бұл жағдай тәжірибенің қорланып, жиналу процесінде адамгершілік әдетке айналатын мінез - құлықтың адамгершілік дағдылары қалыптасуын бірінші дәрежелі міндетке айналдырады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым - қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез - құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез - құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рахмет айту, алған заттарын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті.
Мектепке дейінгі естияр жаста үлкендермен өз қатарларымен мәдениетті қарым - қатынас жасау, шын айту, тазалық, тәртіп сақтау, пайдалы іс - әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді.
Мектепке дейінгі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады. Тәрбиеші балалардың гуманистік мораль нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез - құлыққа тәрбиелейді.
Өмірінің алғашқы жылдарынан бастап - ақ балалар қоғамның мораль нормалары туралы ұғымдарды түсіне бастайды. Оларды мінез - құлықтың адамгершілік дағдылары мен әдеттеріне баули отырып, тәрбиеші өзі балаларға істеткізетін белгілі бір іс - әрекеттердің мақсатқа сай келетіндігін, әділдігін, дұрыстығын саналы түрде ұғынуға бағытталған үлкен түсінік жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиешінің алдында балалардың адамгершілік түсініктерін дамыту міндеті тұрады, міне осының негізінде мінез - құлық мотивтері қалыптасады. Ол қалай істеу керек екендігін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы: «Ойыншықтарын ұқыпты ұстайтын, жануарларды, өсімдіктерді күтетін, үлкендерге көмектесетін балаларды - жақсы балалар», «Жақсы жолдас өзінің жолдасын ешқашан да ренжітпейді, керек болса, ойыншығын береді, бірге ойнауға келіскіш келеді».
Осы сияқты нақты түсіндірулер балаларға жалпы моральдық ұғымдарды (қайырымды, сыпайы, қамқоршы, әділ, қарапайым т. б. ) бірте - бірте түсінуге көмектеседі, бұлар ойлау нақтылығына байланысты балаларға бірден түсінікті бола бермейді. Тәрбиеші балалардың моральдық ұғымдардың мәніне түсінуін өзінің және басқалардың қылықтарын салыстырып көруіне қамқорлық жасайды, осылайша балалардың нестеу керек екені туралы жалпы түсінігі бар, бірақ өз замандастары арасында күнделікті өмірде болып жатқан ахуалдарға білімдерін қалай басшылыққа алуды білмейтін формальды білім алуға жол берілмейді.
Мектепке дейінгі шақта қалыптасатын адамгершіліктің мазмұнына мына түсініктер: қоғамдық өмірдегі құбылыстар туралы, адамдардың еңбегі туралы, оның қоғамдық маңызы мен ұжымдық сипаты туралы, патриотизм және азаматтық туралы, құрбы - құрдастар ұжымындағы мінез - құлық нормалары (неге ойыншықтарды бөлісіп ойнау керек?, бір - бірімен қалай келісіп, сөйлеу керек, сәбилерге қандай қамқорлық жасау керек және т. б. ) туралы үлкендерге құрметпен қарым - қатынас жасау жөніндегі ұғымдар жатады.
Қалыптасқан адамгершілік түсініктер мінез - құлық мотивтері дамуының негізі болады, ал бұл мотивтер балаларды белгілі бір іс - әрекеттер жасауға итермелейді. Нақ қылық мотивтеріне талдау жасау тәрбиешіге
баланың мінез - құлқының мәніне енуге, істелген қылықтардың себебін түсінуге және ықпал жасаудың неғұрлым қолайлы әдістерін таңдап алуға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ересек жаста балаларда жеке адамның қоғамдық бағыттағы қылығын бейнелейтін мінез - құлық мотивтерін қалыптастыру маңызды (замандастарына қамқорлық жасау, ұжым мүддесін қанағаттандыруға құлшына кірісу, өз қолымен жақындарына сыйлық жасау) . Мінез - құлық мотивтерінің қалыптасуы балалардың әр алуан іс - әрекеттерін ұйымдастыруға, олардың өзара және үлкендермен қарым - қатынас жасауына байланысты.
Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу, моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез - құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепкедейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны коммунистік идеялық пен мақсат көздеушілік пен принципі негізінде, яғни коммунистік тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жасалады. Балабақшада адамгершілік тәрбие «Адам адамға дос, жолдас, бауыр» деген коммунистік мораль идеяларына, достық бейбітшілік, туысқандық ынтымақ, өзара құрметтеу, гуманизм идеяларына жүргізіледі. Тәрбиеші барлық оқу - тәрбие жұмысында осы принциптерді басшылыққа алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz