Өсімдіктердің инфекциялық ауруларға иммунитет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Өсімдіктердің ауруларға төзімділігі
2.2 Өсімдіктердің инфекциялық ауруларға иммунитет
2.3 Инфекциялық ортада бағалау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Иммунитет (латынша іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік -- организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет - көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер)ортақ биологиялыққасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Иммунитет - организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.
Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 - 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни "бүйірлі тізбек теориясын" ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 - 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Иммунитет - өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Өсімдіктердің ауруларға төзімділігі
Өсімдік аурулары,туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан,ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.1сурет - Өсімдік аурулары

1сурет - Өсімдік аурулары
Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел - өсімдіктердің тат аурулары.Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері,күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар - токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан келетін шығын 30 - 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.
Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организімдердің - патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады. Бұл потогенді микроорганизмдер өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организмге еніп, немесе оның сырт бетінде өсіп-дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады.Сонымен індетті аурудың негізгі ерекшелігі міндетті түрде ауру туғызушы, өсімдіктің сыртқы бетінде, немесе ішінде (ұлпаларында) дамитын, одан өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет қоректік заттарды алушы, микроорганизмнің немесе басқа паразиттің (арамтамақтың) болуында. Бұндай аурулардың екінші ерекшелігіне, олардың басқа су өсімдіктерге, немесе жеке органдарға тікелей жанасу жел, адам, хайуанаттар, сондай-ақ, індеттенген өсімдік қалдықтары арқылы тез таратылатындығын жатқызуға болады.
Микроорганизмдерге байланысты пайда болатын аурулардан басқа біраз жоғары сатыдағы өсімдіктерге (гүлді паразиттер) және хайуанаттарға (нематодтар), насекомдарға байланыты ауруларды ажырата білген жөн. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерге сұмқұла және арамшырмауықты жатқызуға болады. Сұмқұла хлорофилсіз шөптесін өсімдік туысы. Қазақстан жерінде оның 23 түрі өседі. Басқа өсімдіктердің тамыры арқылы қоректеніп, өніп-өсетін аса қауіпті арам шөп. Арам шырмауық - жоңышқа, беде, түйежоңышқа, сиыр жоңышқа, кендір темекі егісінде өсіп, оларды зақымдайды. Қазақстанда бұлардың 19 түрі өседі.
Барлық өсімдіктер қоректену тәсіліне байланысты автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді:Автотрофтылар - өздігінен анорганикалық заттардан фотосинтез процесінде (жасыл өсімдіктер), немесе хемосинтезге байланысты (бактериялар) органикалық заттар түзетін өсімдіктер.
Гетеротрофтылар - өздігінен, дербес тіршілік ете алмайтын, тек дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Олларға саңырауқұлақтардың барлығы, бактериялардың көпшілігі, тиномицеттер және басқа түссіз өсімдіктер жатады.
Дайын органикалық заттарды пайдалану тәсілдеріне байланысты геторотрофты-сапрофиттер және паразиттер (тоғышар) болып бөлінеді. Сапрофиттер өлі организм қалдықтарымен (топырақ саңырауқұлақтары, бактериялар), ауыл шаруашылық -өнімдерімен(зең саңырауқұлақтары , сапрофитті бактериялар), қоректенеді. Паразиттер барлық тіршілік өмірін немесе белгілі кезеңін (сатысын) басқа өсімдік организімін үстінде (бетінде) өткізеді немесе денесінің ішіне енеді де, тірі клеткалардың, ұлпалардың құрамындағы органикалық заттармен қоректенеді.

2.2 Өсімдіктердің инфекциялық ауруларға иммунитеті
Патогеңдер індетке төзімді өсімдіктердің денесіне енген жеріндегі клеткалар көп ұзамай-ақ жансызданып қалады. Өсімдіктің мұндай реакциясы аса сезімталдық деп аталады. Індетті ауруларға төзімсіз (берілгіш) өсімдіктердің патоген енген жеріндегі клеткалар тіршілігін жоймайды да, паразит ұлпаларға таралып кетеді.
Өсімдіктердің аса сезімтаддық реакциясы паразит өсімдік денесіне жанасқан бойда байқалады. Патогендер әсерінен тез залалданатын төзімсіз өсімдіктерде бұл құбылыс байқалмайды. Клеткалардың бірнешеуі өлген жағдайда аралшық пайда болып, оның айналасы перидерма кедергісімен қоршалып қалады. Сөйтіп патогеннің таралып кешеуіне жағдай жасалады. Картоп жапырағы фитофтороз ауруын туғызатын саңырауқұлақпен жанасқан соң 30 минуттен кейін сол жердегі клеткалардың жансызданғандығы байқалады. Осындай реакцияға байланысты паразиттің споралануы тоқтайды.
Осыған ұқсас, патогендердің жансызданған ұлпаларда опат болу себептерін зерттеу нәтижесіңде К.Мюллер және Г.Бергер (1940) қалыпты жағдайда кездеспейтін, ерекше заттардың болатыңцығын анықтады. Оларды фитоалексиндер деп атады.
Фитоалексиндерді паразиттердің өсімдіктің тірі клеткаларымен әрекеттесуінің нәтижесінде ғана пайда болатын антибиотиктер деп есептеуге болады. Олар өсімдік денесіне енген микроорганизмдердің дамуын тежеп, опат болуына ықпал жасайды. Негізінде, бұл заттар патоген мен өсімдік организмдерінің зат алмасу процестерінің әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады, өсімдіктің тірі ұлпаларында синтезделеді. Өсімдіктерде патогендердің және олардың әрекеттестіктерінің алуан түрлілігіне байланысты фитоалексиндер де химиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі болып келеді. Бұршақ тұқымдастарда олар изофланоноидтар, алқалар тұқымдастарда -- сесквитерпеноидты заттар, күрделі гүлділерде -- полиацетилендер, т.б. күйлерінде кездеседі. Сонымен қатар іңдеттенген бірнеше фитоалексиндер пайда болады. Phytophthora infestans-пея іңдеттенген картоп түйнегінде -- ришитин, любимин және фитуберин, тәтті картоп (батат) түйнегінде (Ceratocystis fimbriata-мея індеттенгенде) ипомеамерон және ипомеамаранол, қызыл беде жапырағында иперокарпон пайда болады. Фитоалексиндер апопласт арқылы тасымалданады.
Ауру қатты таралған кездің өзінде де (эпифитотий) өсімдіктердің ауру шалдығу дәрежелері бірдей болмайды. Бұл өсімдіктің ауруға төзімділігімен және иммунитетімен байланысты. Иммунитет дегеніміз инфекцияның таралып, жетілуіне қолайлы жағдай болғанның өзінде де өсімдіктің ауруға шалдықпау қабілеті. Ал организмнің инфекцияға бой бермей қарсы тұру қабілеті - төзімділік деп аталады. Өсімдіктердің бұл екі қасиетінің көбіне бірінен бірін айырмай қарастырады.
Төзімділік пен иммунитет - организмнің күрделі динамикалық күйі.Ол өсімдіктің, ауру қоздырғышының және сыртқы орта жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Ауруларға төзімді дақыл сорттарын шығару үшін төзімділік себептері мен заңдылықтарын зертеудің маңызы ерекше.
Иммунитет туа біткен (тұқым қуалайтын) және қалыптасқан болып екіге бөлінеді. Туа біткен иммунитет ата-анасынан балаларына беріледі.Ол тек өсімдіктердің генотипі өзгерсе ғана өзгереді.
Қалыптасқан иммунитет онтогенез барысында қалыптасады. Оның мысалын медицинада жиі кездестіруге болады. өсімдіктерде бұндай айқын байқалатын қалыптасу қасиеті болмайды, алайда өсімдіктердің ауруға төімділігін арттыруға бағытталған шаралар болады. Бұл шаралар ұдайы зерттеліп,толықтырылуда. Пассивті төзімділік патогеннің әрекетіне байланыссыз, өсімдіктердің конституционалдық ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы, өсімдіктердің кей мүшелері кутикуласының қалыңдығы пассивті иммунитет факторы болып табылады. Активты иммунитет факторлары өсімдік пен патоген әрекеттескенде ғана іске асады, яғни патологиялық үрдіс кезінде ғана пайда болады.
Сондай-ақ иммунитеттің спецификалық және спецификалық емес түрлері ажыратылады. Спецификалық емес иммунитет - кейбір ауру қоздырғыштардың өсімдіктердің нақты түрлерінің ауруын қоздыруға қабілетсіздігі. Мысалы, қызылша дәнді дақылдарыдың қара күйе ауруына, картоптың фитофторозына, картоп қызылшаның церкоспороз ауруына, астық дақылдары картоптың макроспориоз ауруына шалдықпайды. Ал дақылдың сорт деңгейіндегі кейбір ауру қоздырғыштарға төзімділігі спецификалық иммунитет деп аталады.
Өсімдіктердің ауруларға төзімділік қасиетіне әсер ететін факторлар
Өсімдіктердің ауруға төзімділігі бүкіл патологиялық үрдіс бойындағы қорғаныш факторларының жиынтығы деп қарастырылады. Қорғаныш факторлары мынадай 2 топқа ажыратылады: патогеннің өсімдік организмінің бойына енуіне тосқауыл болатын факторлар (аксения); патогеннің өсімдік ұлпасында таралуына тосқауыл болатын факторлар (нағыз төзімділік).
Бірінші топқа морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық сипаттағы факторлар немесе механизмдер жатады.
Анатомиялық-физиологиялық факторлар. Патогеннің өсімдіктің бойына енуіне жабын ұлпасының қалыңдығы, устьице саңылауының құрылысы, жапырақтардың түктілігі, балауыз өңездің болуы, өсімдік мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері. Жабын ұлпасының қалыңдығы өсімдік бойына ұлпасы арқылы енетін патогендерге қатысты қорғаныш фактор болып табылады. Ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Активті немесе табиғи иммунитет
Өсімдіктердің індетті (патогенді) ауруларға иммунитеті
Иммунологиялық реакциялар: маңызы, түрлері, механизмдері, қою тәсілдері. Инфекциялық аурулардың иммунопрафилактика және иммунотерапия негіздері.
Өсімдіктердің патогендермен залалдануы
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Инфекциялық иммунология негіздері.
Өсімдіктердің зиянкестерге төзімділігі
Ауру қоздырғыштардың физиологиялық рассалары және олардың төзімділікті арттырудағы селекцияны қолдану
Инфекциялық ауру туралы түсінік
Пәндер