Бұршақ бітесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Бұршақ жемірі
2.2 Бұршақ қоңызы
2.3Бұршақ бітесі
2.4. Түйнекті бізтұмсықтар
2.5 Бұршақ немесе акация көбелегі
2.6 Үрмебұршақ қоңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген Өсімдіктердің зиянкестер мен ауруларына және арамшөптерге қарсы күресу үшінауыл шаруашылығына рұқсат етілген химиялық және биологиялық заттардың тізімі жыл сайын қайталанып тұрады. Дәл осы тізімде бұршақ дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес шаралары мен экономикалық зияндылық шектері де ұсынылғанАуыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты - қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты - ұсақ шыбындар, қызылшаны - қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты - колорадо қоңызы зақымдайды.
Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер - арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі - Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер - өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.
.

2.2Бұршаққоңызы - Bruchus pisorim L.( Coleoptera - қоңыздар отряды. Bruchidae - дәнектер тұқымдасы). Қоңыздарының бүйірінің алдынғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан.Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы - 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.
Бұршақ қоңызы негізінен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы облыстарында зиян келтіреді. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып, ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап, қыстап шығады. егәс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жапырақтарымен және тозағымен қоректенеді. Жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады.Орташа өсімталдығы 130-750 жұмыртқадан келеді. Қуыршақтың дамуы 20-23 күнге созылады.
Бұршақ қоңызының дернәсілдері зақымданған бұршақ дәндерінің салмағын кеміп, сапасы нашарлайды, дәмі жағымсыз болады да, шығымдылығы 75% дейін төмендейді.
Сурет-1.Бұршаққоңызы - Bruchus pisorim
Күресу шаралары.Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет.

2 Негізгі бөлім
2.1Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F.(Tortrisidae - тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды) Есейген құрттардың денесінің ұзындығы - 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді.құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды.Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді.
Сурет-2. Бұршақ жемірі -Laspeyresia nigricana
Күресу шаралары.Бұршақты бұршақ жеміріне қорғаудың тиімді жақтарының бірі - ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту.

2.3 Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Аphidinea отряд тармағы, Aphididae тұқымдасы).
Сурет-3. Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi
Бітенің денесі біршама жуандау,денесінің ұзындығы - 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық Бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде жәнежерге түскен бұтақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдын өткеннен кейін аналық - негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді.Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердіңжас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады.Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы(жылы - жаңбырлы) жағдайларында байқалады.
Күресу шаралары.Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұршақ қоңызы
Көпжылдық шөптер
Бұршақты өсіру технологиясы
Бұршақ тұқымдас дақылдар
Бұршақ дән қоңыздары
Қ.Р әр аймақ жағдайында дәнді-бұршақ дақылын зиянкестерден қорғау шаралары
Асбұршақ
Мақта дақылы жайлы
Қант қызылша дақылына зиян келтірітін зиянкестердің түр құрамы
Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Пәндер