Ұлтаралық келісімнің нығайуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

І Кіріспе 3

ІІ Негізгі бөлім 4-11

  1. Қазақстандағы этно-демографиялық үрдістер 4-8
  2. Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің нығайуы 9-11

ІІІ Қорытынды 12

IV Пайдаланған әдебиеттер 13

І Кіріспе

XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол - тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.

ІІ Негізгі бөлім

Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т. б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1, 3 есе, соның ішінде, қазақтар - 1, 7 есе, украиндар - 1, 6 есе, өзбектер - 1, 9 есе, қырғыздар - 2, 1 есе, басқа ұлт өкілдері - 1, 6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар - 1, 5 есе, немістер - 1, 6 есе, татарлар - 1, 1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті. Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2, 2 млн адамынан - жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29, 8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. Н. Ә. Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет. Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды («хрущевтык үйлер»), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы «демографиялық жарылысқа» мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т. б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда. Сондай-ақ, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдегі көші-қон үрдісі Қазақстан есебінен оң, Украина, Орта Азия, Закавказье, Балтық елдеріне байланыста теріс айырымға ие болды. Осы кездері Қазақстанды «донор» ел есебінде қабылдап, оның себебін экономикалық емес, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуімен байланыстырушылар да табылды. Алайда, XIX ғасыр мен XX ғасыр бойы, әсіресе, 1939-1959 жылдары КСРО-ның басқа республикаларына қарағанда, Қазақстанға орыс ұлты өкілдерінің көптеп келуін айқыңдасақ, онда, қазіргі кезеңдегі Ресейге кері көші-қон үлесінің өсу себебі көзге түседі. Бұл процестің себептерің іздеуде субъективтік жорамалдарға, негізсіз сылтауларға жүгінгеннен көрі, Қазақстандағы XX ғасырдың соңындағы экономикалық, әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан, орыстардың тарихи отанына оралуының заңдылығынан және т. б. обьективті жағдайлардан іздестіру қажет. Сол себепті, Қазақстан халкының қазіргі құрылымы қалай қалыптасты, кеңес өкіметі тұсыңда, соның ішінде 1939-1959 жылдары жіберілген кемшіліктер орнын қалай толтыруға болады, керісінше, соғыстан кейінгі елдегі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға қарамай, халықтың білім денгейін, медициналық кызмет көрсету ісін жетілдіру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, әл-ауқатын көтеру және т. б. мақсатыңда қандай шаралар жасалды, еңбеккерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көтеру бағытыңдағы сол шаралардан үлгі боларлық тәжірибе бар ма, т. б. сұрақтарды анықтау мен демократиялы, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекетіміздің гуманды демографиялық саясат жүргізуі үшін өткен кезеңнің демографиялық ахуал-тынысына талдау жасау кажет. Сондықтан, бұл еңбекте 1939-1959 жылдар аралығында Қазақстанда жүргізілген саяси, экономикалық және әлеуметтік процестердің халықтың құрамына тигізген әсерлері мен демографиялық нәтижелеріне тереңірек тоқталамыз. Кеңес дәуіріңдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерді 2 кезеңге бөлуге болады: 1920-жылдардан 1960-жылдардың басына дейін (1926-1959 жылдар санақтарын межелейік) ; 1960-жылдар мен 1990 жылдың (1959-1989 жылдардағы санақтар) аралығы; ал, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан (1989 жылғы санақ пен 1999 және 2009 жылдардағы санақтар) бергі уақыт өз алдына бөлек бір кезең. Бірінші кезеңде Қазақстан халқы демографиялық құрылымына терең өзгерістер әкелген ірі қоныстанулармен ерекшеленетін тарихи оқиғалар негізіндегі механикалық өсім есебінен өсті. Екіншісінде табиғи қозғалыс арқасыңда бірқатар өсім байқалды (бұл кезеңде көші-қон үрдісіне кері айырым басым болды) . Қазіргі кезенде механикалық қозғалыстың демографиялық өзгерістерге тигізер әсері басымдылық көрсетуде. Механикалық қозғалыста ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгерістер жүруде: қазақ ұлтының өкілдеріне оң айырым тән болса, қазақ емес ұлт өкілдерінде теріс айырым басым. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Бұл дипломдық жұмыста 1939-1959 жылдар санақтарымен межеленетін саяси, экономикалық және әлеуметтік процестер негізіндегі Қазақстан халқының этнодемографиялық даму үрдістері анықталады. 20 жыл ішіндегі елімізді мекендеушілердің әлеуметтік, ұлттық құрылымындағы басты өзгерістер мен даму ерекшеліктері ішкі үш кезеңге бөліне зерттеледі: 1939 жыл - 1941 жылғы маусым - Ұлы Отан соғысы қарсаңы; 1941 жылғы маусым - 1945 жыл - Ұлы Отан соғысы жылдары; 1945 жыл - 1959 жыл - соғыстан кейінгі жылдар. Қазақстанның тарихи демографиясының тарихнамасы өз бастауын Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнен алады. Қазақстанды отар ретіңде тезірек игеруде патша үкіметі бұл бағыттағы зерттеулерге белгілі дәрежеде ынталылық танытты. Сондықтан, Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері көптеген құңды деректерді ғылыми айналымға тартқанымен, зерттеу барысында ұлыдержавалық мүддені бірінші кезекке қойып, соған сай қызмет етуге тырысты. Патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты қоныстандырудың қазақ халқын күйзеліске ұшыратып, өз елінде қазақтардың үлесін азайтып келе жатқандығы XX ғасырдың басында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов М. Тынышпаев, М. Дулатов секілді Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінде өткір сынға алынды. 1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа әкелгені бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген статистикалық материалдар мен мұрағат құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру кезіндегі жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды. Тарихи демографиядағы «ақтаңдақтардың» бетін ашуда да бірқатар жетістіктер болды. Демография мәселелері экономистер, географтар және философтарды да қызықтырды. Олар халықтану мәселесін еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндігі аспектісінде қарастыра отырып, тарихи демографияның кейбір мәселелеріне де назар аударып отырды. Республикамызда арнайы тарихшылар тобы құрылып, қазақстандық демографиялық мектеп те қалыптасып келеді. Тың облыстарының демографиялық жағдайларын зерттеуден бастаған Ақмола қаласында ірге көтерген демографтар мектебі де нәтижелі зерттеулер жүргізуде. Бұл Қазақстандық тарихи демографияның түйінді мәселелерінің бәрі шешілді деген сөз емес. Керісінше, қазақстандық демографтар алдыңдағы зерттелуге тиісті мәселелер көп. Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1939-1959 жылдардағы Қазақстан халқының сан-салалы өзгерістерін талдамастан бұрын, осы кезең мәселелері қарастырылған зерттеулерге шолу жасалық. 1939-1959 жылдар аралығындағы республика халқының санын, ұлттық, жыныстық, жастық және әлеуметтік құрамын, білім деңгейін, мамандығын, көші-қон т. б. мәселелерін талдауға арналған зерттеулер үстіртін, тар көлемде кездеседі. 1960-1970 жылдарға дейін жарияланған тарихи әдебиеттерде республиканы мекендеген халықтардың демографиялық дамуының кейбір аспектілері Қазақстанның әлеуметтік даму мәселелерінің жиынтығында ғана қарастырылды. Жұмысшы табының, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесін зерттеуде демографиялық статистиканы қолданған зерттеушілер, республиканың әлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, әсіресе өнеркәсіптік көші-қонның ерекшелігіне тоқтамай кете алған жоқ. Жұмысшы табы мәселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсам А. Н. Нүсіпбеков, М. Х. Асылбеков, С. Б. Нұрмұхамедов, Б. Н. Әбішева, Н. Е. Едігенов, Н. Г. Пан, Ю. И. Романов, Қазақстан шаруалары тарихын қарастырған А. Б. Тұрсынбаев, Б. А. Толепбаев, Г. Ф. Дахшлейгер, Т. Б. Балақаев, К. Н. Нүрпейіс, интеллигенция тобының қалыптасуы мен дамуына арналған Р. Б. Сүлейменов, Ш. Ю. Тастанов, Х. М. Әбжанов және т. б. еңбектерінде Қазақстандағы этнодемографиялық процестерді анықтайтын кейбір статистиқалық және мұрағаттық көлемді материалдар ғылыми ортаға енгізілді.
Тарихи демография мәселесіне арналған зерттеулерімен белгілі демограф М. Б. Тәтімов еңбектерінде халықты зерттеудегі негізгі принцип ретіңде тарихилықты ерекшелейді. Ол өз монографияларыңда халықтың орналасуы эволюциясының әлеуметтік-тарихи заңдылығын анықтауды басты міңдет етті. Ғалым еңбектерінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуы нақтылы деректермен ашылған. Соңдай-ақ, онда демографиялық дербестікке, ұлтымыздың егеменді өз мемлекетінде сан жағынан басымдылықка жетіп, үрім-бұтағының кең жайылуының бағыттары көрсетіледі, қазақ халкының демографиялық болашағы жайлы болжам жасалынады.


  1. Ұлтаралық келісімнің нығайуы

XX ғасырдың 90-шы жылдарында КСРО-ның ыдырауы мен əлемдік биполярлы құрылымдағы социалистік жүйенің ыдырауы халықаралық қатынастардың жаңа субъектілерінің пайда болуы мен оның құрылымында өзгерістік жаңарулардың орын алуына алып келді. Бұрынғы кеңестік кеңістікте орналасқан ұлттық республикалар өз тəуелсіздіктеріне қол жеткізіп, халықаралық қарым-қатынастардың тең құқылы мүшесі ретінде өздерінің сыртқы саяси-экономикалық жəне ішкі саяси-əлеуметтік қарекеттерін жүзеге асыра бастады. Орталық Азия елдері арасында Қазақстан бұл жағынан алғанда өзінің мемлекеттілік қаракетін алғашқы кезеңнен-ақ дұрыс жолға қою арқылы бүгінгі күні айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Сонымен қатар тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап ұлтаралық келісімді нығайту шарасын мемлекеттік даму мен оның территориясындағы ұлттардың өсіп-өнуі, бірін-бірі сыйлауы мен құрметтеуінің негізгі принциптерінің бірі ретінде қарастырды. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді. Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады. Тіпті Ата Заңның 39-шы Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын кез-келген əрекет конституциялық емес деп танылады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Негізгі заңның 7 Бап («мемлекет Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен оқуға жағдай жасайды») пен 19 Бап («əр азамат өз тілі мен мəдениетін пайдалануға құқылы») пен басқа да «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «ҚР тілдері туралы», «Мəдениет туралы», «Тарихи-мəдени мұралары объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» заңдар Қазақстандық кез-келген азаматтың өз тілінде білім алу, дамыту мен мəдениетін уағыздауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақстан ұлттары 2007 жылғы конституциялық реформаның нəтижесінде республиканың жоғарғы заң шығару органына өкілдер жіберу құқығына ие болды. Ұлтаралық келісімде әділ де демократиялық қоғамның бекуі мен жетілуіне көпұлтты тұрғындардың күш біріктіруін қажет ететін, ұлттар бірлігінің шынайы өсу процесін айқындайтын сана қалпы көрініс табады. Бұл келісім мәдениеттің әлеуметтік құндылығы, ең алдымен, практикалық мақсатқа лайық болып та­былады. Өмірдің барлық саласындағы іс жағдайын осы көзқарас тұрғысынан қарауымыз керек. Практикалық әрекет қана әр түрлі ұлт адамдарының қарым-қатынас келісімін қалыптастыру про­цесі қандай бағытта, қандай қарқынмен дамып келеді және дами бермек; олардың көзқарастарында қандай нормалар, принциптер жетекші болып қалады және қайсысы қоғамдық мінез-құлыққа сәйкес сұрақтарға принципті түрде жауап береді. Сонымен бір­ге мынаны ұмытуға болмайды: адамдар қарым-қатынасының интернационалдық жетілу деңгейі оның мәдени келісім принцип­терін меңгеруімен ғана танылмайды, сонымен қатар өзінде бұл принциптердің «сіңіп кетуімен», кез-келген жағдайда жоғары интернационалдық мінез-құлыққа ішкі қажеттілігін тәрбиелеумен де танылады. Ұлтаралық қарым-қатынас жоғары мәдениет келісімінің принциптерін меңгерген адам әлеуметтік өмірде белсендірек, аса көреген, болашаққа сенімдірек қарайтын болады. Ұлтаралық қарым-қатынас саласында орын алып отырған қарама-қайшылықтар мен проблемалар туралы айта отырып, мы­наны ескеруіміз керек, бұлардың көбісінің тамыры отаршылдық саясат пен жеке басқа табыну кезеңдеріне барып тіреледі. Ұлттық проблемалардың күшеюінің маңызды себептірінің бірі жаппай репрессия болды, әсіресе бүкіл халықтардың тұрған мекендері­нен мыңдаған шақырым қашықтықтағы Қазақстанға және туған жерлерінен басқа республикаларға, аймақтарға көшірілуі еді. Мы­салы, 12 халық Қазақстанға күшпен көшірілген. Себепсіз ұлтшыл деген айып тағылып, көптеген ұлттық кадрлар қуғынға ұшырады. Мысалы, Қазақстанда А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Т. Рысқұлов, Ж. Аймауытов өмірлері қиылды. Бұл жағдай рес­публикадан М. Әуезовтың жер аударылуына, О. Сүлейменов, О. Ысмағұлов кітаптарын айналымнан шығарып тастауға, М. Бегалин кинофильміне тыйым салуға, Алматы және республиканың басқа қалаларында студенттік жастардың бейбітшіл шерулерін жаншуға әкеліп соқтырды. Жеке басқа табыну дәуіріндегі трагедиялық құрбандықтарды, тоқырау кезеңдерін бұрынғы КСРО халықтарының бәрі басынан кешірді. Мұнымен қоса, одақтық, автономиялық, ұлттық-аймақтық шекараларды белгілеуде, сондай-ақ олардың аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресс қарқынында волюнтаризм мен қателіктер жіберілді. Барлық осы және басқа да келеңсіз құбылыстар адамдар санасында терең із қалдырды, қазір де бұлармен түйісуге тура келеді. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті қоғамның, халықтың, тұлғаның рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті болып табылады. Ол түрлі ұлт өкілдерінің рухани байланысы деңгейін сипаттайды, бұл ретте ол ұлтаралық қатынастар нәтижесі ретінде танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы діндер
Оңтүстік Корей мен Жапония мемлекеттерінің саяси жағдайы
Елшілік арқылы орыс патшасы
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары туралы
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz