М. Дулатовтың өмірбаяны



ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың , елдің елдігі еркіндігі , мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкңлдерінің бірі.
М.Дулатовтың тағдыры - патша өкіметінің қуғын сүргіні мен станлиндік репрессияның зардабынан тар жол тайғақ кешуді басынан өткізіп, қатары сирек тартсада әділетпен шындық жолында халқының мұң - мұқтажын жақтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр.
М.Дулатов 1885 жылы қараша айының 25 күні Торғай уезінің Сарықопа болысының үшінші ауылында атақты шебер Дулат шаңырағанда дүниеге келді. 1935 жылы 5 қазанда айдауда, лагерде жүрген кезінде ауырып қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер қол шебері етікші болған. 2 жасында Міржақып анасынан айырылады. 8 жасында оны әкесі ауыл молдасыа оқуға береді. Бірақтан Міржақып өз өмірбаянында жазғанындай, ауыл молдасынан араб дұғаларын жаттағаннан басқа ештеңе үйренбеген.
Екі жылдан соң Міржақыпты атасы ауылдағы орыс мектебіне береді. 1897 жылы Торғайдағы орыс қазақ мектебінеде оқиды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметін атқарып жүріп бос уақытын білімін жетілдіруге жұмсайды. Орыс тілін жетік меңгереді. Орыс және шетел жазушыларының творчестовасымен танысты. Оның пір тұтатын адамдары Фердауиси, А.Қ. Ясауи , Абу Фирас, Шиндер, Гете, Ломоносов , Пушкин, Лермотов , Маржани болды.
Міржақовтың тұқымы Байжұмырдан тарайды. Байжұмырдан – сансызбай, одан туғандар Ниязбек, Дулат, (1849 – 1897), Дулат пен Дәміштен туған балалар: Асқар (1865 – 1938), Қонысбай (Қошай, Злиха, Қанипа, Міржақып (1885 – 1935), Ақыжан (1973 жыл қайтыс болады.).
Міржақовтың ағасы Асқар Дулатов өзінен 20 жас үлкен болған. Оның ел ішінде беделі зор жұр силайтын, оқыған кісі, елбасшысы, атқа мінері болған.
1911 жылы Міржақып Қызылжардан Семейге барады. Полиция оны Сеймей түрмесіне қаматады. Онда бір жылдай отырып шығады. Міржақып 1914 жылы яғни 29 жасында Омбыда өзінен 10 жас кіші қазақ қызы Ғайнижамалға үйленеді. 1915 жылдың күзінде оның тұңғышы Гүлнар дүниеге келеді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
М.Дулатовтың өмірбаяны.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған
демократиялық қозғалыстың , елдің елдігі еркіндігі , мәдени
өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкңлдерінің бірі.
М.Дулатовтың тағдыры - патша өкіметінің қуғын сүргіні мен
станлиндік репрессияның зардабынан тар жол тайғақ кешуді басынан
өткізіп, қатары сирек тартсада әділетпен шындық жолында халқының мұң
- мұқтажын жақтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр.
М.Дулатов 1885 жылы қараша айының 25 күні Торғай уезінің
Сарықопа болысының үшінші ауылында атақты шебер Дулат шаңырағанда
дүниеге келді. 1935 жылы 5 қазанда айдауда, лагерде жүрген кезінде
ауырып қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер қол шебері
етікші болған. 2 жасында Міржақып анасынан айырылады. 8 жасында оны
әкесі ауыл молдасыа оқуға береді. Бірақтан Міржақып өз
өмірбаянында жазғанындай, ауыл молдасынан араб дұғаларын
жаттағаннан басқа ештеңе үйренбеген.
Екі жылдан соң Міржақыпты атасы ауылдағы орыс мектебіне береді.
1897 жылы Торғайдағы орыс қазақ мектебінеде оқиды. 1902 жылдан
бастап ауылда мұғалімдік қызметін атқарып жүріп бос уақытын
білімін жетілдіруге жұмсайды. Орыс тілін жетік меңгереді. Орыс
және шетел жазушыларының творчестовасымен танысты. Оның пір
тұтатын адамдары Фердауиси, А.Қ. Ясауи , Абу Фирас, Шиндер, Гете,
Ломоносов , Пушкин, Лермотов , Маржани болды.
Міржақовтың тұқымы Байжұмырдан тарайды. Байжұмырдан – сансызбай,
одан туғандар Ниязбек, Дулат, (1849 – 1897), Дулат пен Дәміштен туған
балалар: Асқар (1865 – 1938), Қонысбай (Қошай, Злиха, Қанипа, Міржақып
(1885 – 1935), Ақыжан (1973 жыл қайтыс болады.).
Міржақовтың ағасы Асқар Дулатов өзінен 20 жас үлкен болған. Оның
ел ішінде беделі зор жұр силайтын, оқыған кісі, елбасшысы, атқа
мінері болған.
1911 жылы Міржақып Қызылжардан Семейге барады. Полиция оны
Сеймей түрмесіне қаматады. Онда бір жылдай отырып шығады. Міржақып
1914 жылы яғни 29 жасында Омбыда өзінен 10 жас кіші қазақ қызы
Ғайнижамалға үйленеді. 1915 жылдың күзінде оның тұңғышы Гүлнар
дүниеге келеді.

М.Дулатов - зерделі сөз зергері
Еңбек жолын ауыл мұғалімі болудан бастаған Міржақып саяси-әлеуметтік
жұмыстарға араласа келе, бұл істегі баспасөздің ролін тез түсіне қойған.
Көңідегі ой-пікір мен игі идеяны қалың бұқараға жеткізуде, мемлекеттік
үлкен мәселелер теңірегінде қоғамдық пікір қалыптастыруда газет, журналдың
аса қажетті құрал екеніне көзі жеткен. Жиырма жасынан кейін-ақ өзінің бүкіл
шығармашылық өмірін баспасөзбен байланыстырған. М. Дулатов журналисттік
қызметін Петербургтен бастаған. Бірінші орыс революциясы тұсында онда татар
тілінде Үлфәт атты газет шығып тұрған. Міржақып-1906 жылы Кадеттердің
Оралда өткен съезіне қатысады да, артынша оның делегациясы құрамында
Петербургке кетеді. Бара салып Үлфәт редакциясымен байланыс жасайды.
Қазақ оқушыларына арнап, оның Серке атты қосымшасын шығаруға келіседі.
Келесі жылы наурыз айының басында Үлфәт газеті бірнеше рет мынадай
хабарлама жариялады: Серке есімінде нағыз қазақ тілінде бір журнал
шығармақ пікірдеміз. Бірінші нөмірі осы март ішінде шықса керек. Алушыларға
хақы: бір жылға екі теңге, жарты жылға бір теңге 25 тиын. Бірмелеп нұсқасы
10 тиын.
Айтқандай-ақ, Үлфәттің сол жылғы 28 наурыздағы 67-нөміріне қосымша
ретінде Серке газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Әрі онда Серке
есімінде нағыз қазақ тілінде журнал шығармақыны уағыда қылғандығымыз
мәлімдеу. Журналдың көрсетміш нөмірі шықты. Алушы дәптері ашықдыр...
Жазылушы Үлфәт идәресінде қабұл алынады деген хабар берілді.
Серке журнал емес, газет болып шықты. Оны дайындап, жарыққа әкелуде М.
Дулатов үлкен еңбек сіңірді. Бірінші нөмірінде Жастарға атты
өлеңін жариялады.
Етемін үміт жастардан
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұратын оңай кім табар.
Жар салып жұртқа қақсамай,
Халыққа, жастар, басшы бол,
Қараңғыдан жетектеп.
Терең сайда өтер ме
Мың қойды серке бастамай.—

деп жастар алдына үлкен міндеттер қойды. Оларға зор сенім артты. Қой
бастаған серкедей болып надандықта, түнекте жатқан қазақ халқын
жарыққа алып шығуға шақырды. Біздің мақсатымыз атты мақаласында
Міржақып патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясатын сынап,
бұратана халықтарға көрсетіп отырған, қиянатын, зорлық-зомбылығын
әшкереледі. Осы үшін газет нөмірі бірден кәмпескеленіп, одан әрі
шығарылуына тыйым салынды.
Бұл туралы Үлфәт газетін шығарушылардың бірі былай деп жазды: Газет
шыққан соң, бірер күн өткеннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің
Серке, Үлфәт газеттерінің ұсталғаны туралы үкімін оқып, басқармада бар
даналарын жинап, құлыптап кетті. Екінші күні тиісті орындардан себебін
сұрағанымызда, олар: Серке газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын
орыс халқына қарсы үгіттеу бар. Содан ұсталды деп жауап берді (Нажат-
жинағы, Санкт-Петербург, 1907, 6—7-беттер).
Сәті түспеген Серкеден кейін Міржақып Айқаппен байланыс жасады.
Алғаш оның қызметін аса жоғары бағалады. Екі жылдығына арналған Айқапқа
атты өлеңінде журналдың ел ішіндегі оң істерге сүйініп, теріс істерге
күйініп, мұң-мұқтажды күзеткенін, жұрттың қамын ойлап, өз борышын ұққанын,
елдің жүрек қанын, көз жасын қозғағанын, адасып теріс ыққанын түзу жолға
салығанын, ақиқатты тура айтып, жасқанып, жасып бұқпағанын шабыттана
жырлады. Қазақтан шыққан жүйріктердің шабысын көрсеткенін, қаламы өткір
білімпаздардың дабысын алысқа жеткізгенін паш етті. Осы игі ісі үшін
журналды ерлік көрсеткен сырттаным, жарқырай жанған жұлдызым деп
таныды.
Жомарттықта бірінші
Орын алған ел едік.
Үш теңгеден өлмеспіз,
Кел, мырзалар, берелік.—

деп журналды қаржы жағынан қолдауға, жаздырып алуға шақырды.
Игілік жолдан тартынба,
Бекерге де шашасың,--
деп одан қаржы аямауға үгіттеді. Бұл үшін шыққан шығынның игілікті екенін
түсіндірді.

Халыққа шашсын жемісін,
Жасасын, Айқап, жасасын! —
деп ұрандады.
Бұдан кейін М. Дулатовтың журналистік қызметі қазақ"
газетінде жалғасты. Ол іскер газетші, даңғыл публицист ретінде
осында қалыптасты. Газетті шығарушы А. Байтұрсыновтың ең сенімді серік, оң
көзі, оң қолы болды. Ақпан революциясына шейін Қазақ газеті халық үшін
бірсыпыра игі істер істеді. Бірақ ол үнемі қуғын-сүргінмен шығып тұрды,
айыптан бас ала алмады. Бұл туралы Міржақып бірде мынаны айтты: Газет
шығару, баспахана. алу — бес жылдан бері Қазақты шығарып келе жатқан, жас
баласын тәрбиелеген анадай ыстық-суығын көрген бізге зор іс, зор қуаныш.
Қазақты қай күні жауып тастайды, өзімізді қай күні айдап жібереді деген
қауіп зор еді. Бірақ бел байлап тәуекелге шоқыта бер, қансырап қашан барып
жығылғанша деп Нұржан ақын айтқандай, біз құдайдың не салғанына көнуге
риза болып, жолымыздан тоқтамадық.
Ахмет пен Міржақыптың жазуынша, жәбірді олар алыстан көрмеген,
ағайыннан көрген. Жау жақындарынан шыққан. Құдай қарғаған бауырлары
арыз-шағымның астында қалдырған. Қазақ газетін шығарушы Байтұрсынов әм
Мирякуб Дулатов өздерінің агенттері әм школдағы шәкірттері арқылы қазақ
халқын үкіметке қар-у-жарақпен қарсы тұруға құтыртып жатыр, министр
шығарған законға көнбе... әділетсіздікке қарсы тұр деп ақыл үйретіп жүр,
жастарды аздырып барады. Оларды Орынбордан айдап жіберсеңіздер екен деп
ызыңдаудан бір тынбаған. Ақыры Қазақ газеті 1918 жылы жабылды.
Міржақыптың Совет дәуіріндегі журналистік қызметі Ақ жол газетінде
басталды. Сұлтанбек Қожановпен бірге ол 1920 жылы 5 желтоқсаннан осы
газетті жарыққа әкелді. Бұл алай-түлей төңкерістер жасалып, аумалы-төкпелі
кезеңдер болып, алмалы-салмалы үкіметтер ауысып, бүгін біреу, ертең өзге
деген замандарды бастан өткізіп, жұрт жокшылықтың зардабын көріп, ашаршылық
аранын ашыл тұрған кез еді. Осындай қиын-қыстау тұста Ақ жол газеті бірде
қателесіп, бірде тап басып, тауып сөйлеп ел санасын оятуға, советтікидеяны
таратуға ауыз толтырып айтарлық-тай үлес қосты.
Даңғыл журналист бүл газетте көптеген материалдар жариялап, қазақ-
қырғыздың өмірлік проблемаларын Әй-тен келсе, Бәйтен жоқтың кебіне
ұшыратпай: сабақты ине сәтімен деп уақтылы шешіп отыруды күн тәртібіне
қойды. Түсін бояп, тонын айналдырып киіп, халық билей-тін мекемелерге
отырып алып, баяғы тіске жұмсақ қазақ, қырғызды жем қылып, әлі де жүрегін
жалғауды ниет еткендерді әшкерелеп тастап жүрді.
Бұл тұста Міржақыпта баспасөзге қатысты әрбір мәселеге белсене
араласып," одан оқырмандарды хабардар етіп отырды. Бұған бір ғана дәлел:
Советтердің Бүкілроссия-лық VIII съезіне барған Түркістан екілдері
Москвадан 123 пуд мұсылман харіптерін ала келді. 1921 жылы 23 қаңтарда соны
кімге, қалай белу туралы Түркістан Орталык Атқару Комитетінің төрағасы Н.
Төреқұлов мәжіліс өткізген. Осы жиынның басы-қасында больш Міржақып газетке
отчет берген. Онда әлгі харіптердің көбі Ташкентте қал-дырьшып, оқу
құралдарын шығаруға пайдаланылатын болғанын, біразын Әндіжанға, қалғанын
Жетісуға жіберу ұйғарылғанын хабарлаған (26.01.1921).
Ақ жол газетінің тіл, стилін жақсартуға да М. Дулатов көп күш
салған. Бір жиында Оразбаев, Юнусов, Сұлтанхожаев сияқты өзбек жолдастар
өздерінің Қызыл байрақ газетін таза өзбек тілінде шықпайтындығы, өзбектер
өмірін жазбайтындығы үшін қатты сынаған, Біз осы күні Ақ жол газетін
оқимыз, түсінеміз. Өйткені бұл газет таза қазақ тілінде жазылып, халықтың
жай-күйін көзге көрсетіп отыр деген.
Семейде шығып тұрған Қазақ тілі газеті 1921 жылғы-29 шілдедегі
нөмірінде Қонақ деген хабар берді. Онда Ташкентте шығатын Ақ жол
газетінің бас жазушысы Міржақып Дулат баласы 24 шілдеде Семейге келді.
Жұмысшы баспасөзі істерімен таныстырмақ. Келген жұмысын атқарған соң,
Ташкентке қайтады деп мәлімдеді. Бірақ ол қайтпады, біраз уақыт сонда сот
орындарында істеп қалды.
Баспасездің даңғылы ендігі журналистік қызметін 1923 жылы Орынборда
Қазақтың халыққа білім беру институтында істей жүріп Қызыл Қазақстан
журналында жалғастырды. Мұнда Тай — мінер деген бүркеншік атпен Тұрмыс
салт-сана, оқу (№15), Дін әм ғылым (і№ 16), Жаңа~жазу ережелері
(№17—18) деген сиякты ғылыми мақалалар жариялады. Бұларда автор елге ілім-
білімнің маңызын түсіндірді, жұртты оқуға, ғылым жетістіктерін игеруге
үндеді. Сауатты жаза білудің ережелерін түсіндірді. Әрі Совет үкіметі окуға
жаңа жол ашып, ол туралы арнаулы декрет қабылдаса да, бұл істің әлі де
жөнді жолға қойылмай отырғанын сынады. Бірсыпыра кемшіліктердің бетін ашып,
оны жоюға, істі түзетуге шақырды. 1926 жылы білгір журналист Еңбекш.і
казақ реакциясына кызметке ауысты. Мұнда ол әсіресе газеттің бұқаралық-
ұйымдастыру жұмысына, тілін ұстартын, стилін айқындауға баса көңіл бөлді.
Ең алдымен тілшілермен жұмысты жандандырып, байланысты күшейтті. Бұған
дейін редакцияда олардан қанша хат түсіп, қаншасы пайдаланылып, қаншасынан
нәтиже шыққаны жөнінде ешбір мәлімет болмайтын еді. Енді азды-көпті есеп
жүргізіліп, кейбір нақты деректер айтылатын болды. Мысалы, 1927 жылдың 10
айында редакцияға 1589 хат түскен. Оның 786-сы газетке басылған, 49-ы
тексеруге жіберілген. 754-і пайдалануға жарамсыз болып шыққан.
Ал 1928 жылдың 7 айы ішінде Еңбекші қазақта 1274 хат жарияланған
және тексеруге жіберілген. Соның 73 проңенті расталған, 27 проценті
дәлелденбеген. Бұл уакытта тілшілер саны 639-ға жеткен. Оның 135-і өндіріс
орындарынан, қала өмірінен жазып тұрды. Қалғандары ауыл өмірін, дала
тынысын көрсетіп отырды. Әйелдер өмірін, олардың хал-жайын жазатын 32 әйел
тілші шыкты (Еңбекші қазақ газеті, 16.09.1928).
Баспасөздің тілі туралы Міржақып Газет тілі оңды болсын!
(28.01.1927) деген арнаулы мақала жариялады. Онда қазақ тіліне заңды түрде
алынған терминдерден басқа да, жамау-жасқау сөздер, тілді шұбарлап, оның
ұғымын ауырлататын жат сөздер көп сіңіп бара жатқанын айтты. Автордың
пікірінше, осыдан сақтандыратын, осыған тосқауыл болатын орындардың бірі —
баспасөз. Ол күн сайын пәлен мыңнан тарап тұрады. Оған неше түрлі адамдар
жазады. Оның бәрі жатық жазатын, тілге шебер кісілер емес. Оның біреуі
бұтып-шатып жазса, екіншісі үйренген ескі қалыппен жазады, үшіншісі тілдің
басын жарьш, көзін шығарып жазады. Газет редакциялары осындай материалдарға
биік талап қоймай, түзетпей, қырып-жонып, тезге салмай шикі күйінде жібере
салады. Жұрт, әсіресе жазушы, тілші болу ойында бар жастар, осыдан үлгі
алып, жарияланған нәрселерге сын көзімен қарамай, дұрыс-бұрысын парықтамай,
орынсыз еліктеп, солай жаза береді. Мәселен, біреу түсініс беремін деп
жазса, басқалар да солай айқындауға баса көңіл бөлді. Ең алдымен
тілшілермен жұмысты жандандырып, байланысты күшейтті. Бұған дейін
редакцияда олардан қанша хат түсіп, қаншасы пайдаланылып, қаншасынан нәтиже
шыққаны жөнінде ешбір мәлімет болмайтын еді. Енді азды-көпті есеп жүр-
гізіліп, кейбір нақты деректер айтылатын болды. Мысалы, 1927 жылдың 10
айында редакцияға 1589 хат түскен. Оның 786-сы газетке басылған, 49-ы
тексеруге жіберілген. 754-і пайдалануға жарамсыз болып шыққан.
Ал 1928 жылдың 7 айы ішінде Еңбекші қазақта 1274 хат жарияланған
және тексеруге жіберілген. Соның 73 проценті расталған, 27 проценті
дәлелденбеген. Бұл уақытта тілшілер саңы 639-ға жеткен. Оның 135-і ендіріс
орындарынан, қала өмірінен жазып тұрды. Қалғандары ауыл өмірін, дала
тынысып көрсетіп отырды. Әйелдер өмірін, олардың хал-жайын жазатын 32 әйел
тілші шықты (Еңбекші қазақ газеті, 16.09.1928).
Баспасөздің тілі туралы Міржақып Газет тілі оңды болсын!
(28.01.1927) деген арнаулы мақала жариялады. Онда қазақ тіліне заңды түрде
алынған терминдерден басқа да, жамау-жасқау сөздер, тілді шұбарлап, оның
ұғымын ауырлататын жат сөздер көп сіңіп бара жатқанын айтты. Автордың
пікірінше, осыдан сақтандыратын, осыған тос-қауыл болатын орындардың бірі —
баспасөз. Ол күн сайын пәлен мыңнан тарап тұрады. Оған неше түрлі адамдар
жазады. Оның бәрі жатық жазатын, тілге шебер кісілер емес. Оның біреуі
бұтып-шатып жазса, екіншісі үйренген ескі қалыппен жазады, үшіншісі тілдің
басын жарып, көзін шығарып жазады. Газет редакциялары осындай материалдарға
биік талап қоймай, түзетпей, қырып-жонып, тезге салмай шикі күйінде жібере
салады. Жұрт, әсіресе жазушы, тілші болу ойында бар жастар, осыдан үлгі
алып, жарияланған нәрселерге сьн көзімен қарамай, дұрыс-бұрысын парықтамай,
орынсыз еліктеп, солай жаза береді. Мәселен, біреу түсініс беремін деп
жазса, басқалар да солай түсініс береді де отырады. Біреу Некен
заманында деп жазса, Николай атамайтын атасының атындай, басқалар да солай
сүйкей береді. Осыны айтады да, тілмәр, стилист журналист газетте
басылатын әрбір материалды ұқыпты окып, түзетіп, тілін ширатып жіберуді
талап етеді. Редакциялардын бұл орайда жауапкершілікті сезбейтінін, көбіне
материалдың мазмұн. мағынасына ғана қарап, тіл стиліндегі кемшіліктерді
ескермейтінін сынайды. Тілмен катар мән берілетін және бірнәрсе — емле
екенін, газет материалдарының емлесінде де қаяу болмауға керектігін
ескертеді.Қызылордада, Еңбекші қазақ газетінің редакциясында қызметте
жүрген Міржақыпты 1927 жылы жазда қазіргі Жамбыл облысындағы Свердлов
ауданында сол кезде адвокат больш істейтін, торғайлық жерлесі Жұмыр
Есмурзин қонаққа шақырған. Жақаң жұбайы Ғайнижамал, ағасы Асқардың қызы
Ботагөзді ертіп, ұлы Әлібекті алып Әулиеатаға келген. Үй тіккізіп, бие
байлатып, қымыз ішіп, демалып біраз жатқан. Ел аралап, жер таныған. Сол
өңірдегі Дербіс бай, Бұралқы болыстармен жүздескен. Халықтың тіршілік
сыңайына, салт-санасына ден қойған. Журналист ретінде кейбір шаруашылықта
болып, оның жұмыс жайын көрген. Осы сапарынан Міржақып бірсыпыра ойлар
түйіп қайтқан. Кейін жергілікті халық, оның дағдысы туралы мынадай пікір
қалдырған: Әулиеата елі — малды, қазақы ел. Ас-той, көкпар, бәйге дегенің
бұл елде әлі қалған жоқ. Сентябрь туысымен үлкен-үлкен астар болады. Бұл
елде бәйге аты аса қадірлі. Асты бұл ел бәсекемен береді, бірінен-бірі
асырмақ болады. Бас бәйгеге 5 мың сом, 3 мың сом, иә пәлен жүз қой тігуші
екінің бірінен табылады. Тек малы болсын, иә атағы болсын. Мұнда Жақаң,
бір жағынан, ел байлығын, ел мырзалығын керсетсе, екінші жағнан, бос
дарақылықты, орынсыз мақтанқұмарлықты іле кеткен.

Міржақып Дулатұлының прозасы.
Халқының үлкен қамқоршысы болған М. Дулатов қазақ әйелдерінің бұрынғы
тұрмыс-күйін, мұң-шерін, олар женіндегі ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы,
көзқарасты жақсы биіген. Әйелдер тагдыры оны кеп толғандырған. Бұған
Бақытсыз Жамалдай роман жазып, қазақ әйелінің тіршілігін корсетуі — айқын
дәлел.
1920 жылы Қазақстан үкіметі қалыңмалды жою, қыз-келіншектерді еріксіз
малға сатуды қою туралы декрет-низам қабылдады. Ақ жол газеті оны 1921
жылғы 19 қаңтар күнгі нөмірінде жариялап, М. Дулатовтың Әйел теңдігі
деген көлемді макаласын қоса басты. Мұнда Жакаң патша өкіметінің қазақ,
қырғызды жүгенсіз қақпалап мініп, аркасын жауыр, құйрығын шарлак, ерғашты
қыдғанын әшкерелей келіп, өзіміздің сүйекке сіңген жаман әдет-ғұрыптың
салдарынан да ірі кемшіліктердің орын алғанын, солардың бірі — әйелді
кемдікте ұстау екенін айтты.
Бұл орайда, әсіресе көп қазақтың басында бар мал-қорлықты,
дүниеқоңыздықты тап басып керсетті. Қызын кім болса соған сата салу салтын,
мал үшін көрнеу кемге де, ете кәріге де, тіпті әйел үстіне — тоқалдыққа да
бере қою қорқаулығын, қызынан шырағым, бұған қалай қарайсың деп бірауыз
келісім сұрамайтынын орынды сынады. Азаматтың айтуынша, қызын берген жері
кедей болса да, қолынан келсе, бір қарасы қалғанша алудан қазақ тайынбайды.
Ертең өз балам баратын үй ғой, жақсы тұрсын, мұқтаждық көрмесін дегенді
ойлайтын қазак мыңнан біреу-ақ табылады.
Әдеби-сын ойларының тұңғыш рет сөз болуы; "Бақытсыз Жамал" романына
ауыз әдебиеті дәстүрінің әсері; жазушының бұған дейін аз қарастырылған
әнгімелері мен мақалаларын неғұрлым толық қамтып қарастыру негізінен
көзделген мақсаттың бірі болып табылады.
Алғашкы қазақ журналының ел алдындағы жаңадан шыға бастағанында үлкен
жәрдем беріп, қалам қуатын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында. Дулатовтың өмірбаяны
Ғұламаның Оян, казақ
Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі
Міржақып Дулатовтың өмірбаяны
А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Бастауыш мектептің дамуында М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің алатын орны
Пәндер