Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Тақырыбы: Мұғалім бейнесі,қабілеті және оны мұғалімнің өз бойында
тәрбиелеуі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 3
1. Мұғалім бейнесі
1.1 Мұғалімнің тұлғалық
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Мұғалімдік шеберлік –негізгі
сапа ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. Жаңа формациядағы мұғалім моделі
2.1 Жаңа формациядағы мұғалім
моделі ... ... ... ... ... ... ... 1 4
2.2 Моделдеу технологияны қолдану саласы бойынша педагог
мамандардың біліктілігін артыру кезеңдері..17
3. Педагогикалық технология кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа
үрдісІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...27
Кіріспе
Бұл кезеңде елімізде орта мектептің құрылымы мен мазмұнын жаңарту, 12
жылдық білім беруге көшу, жаңа форматтағы мұғалім қалыптастыру, оқу-тәрбие
ісінің сапасын жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып көтеру сияқты
іргелі реформалар жүргізілуде. Бұл істе ұстаз басты әрі шешуші тұлға.Сонау
ХХ ғасырдың басында Мектептің тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім
деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Яғни мұғалімнің іс-әрекеті оқыту процесінің
көрсеткіштік өлшемі бола алады.
Егеменді еліміздің ұрпағына саналы тәрбие, сапалы білім беретін
болашақ мұғалім мамандарын даярлайтын республикамыздағы педагогикалық оқу
орындарының қатарында алпыс жылдан астам тарихы бар Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогика институты да бар. Институт ректоры, профессор
Ш.Беркімбаеваның басшылығымен қазақ мектебінің тарихы мен тәжірибесі,
қазіргі қазақ мектебі, тәрбие жүйесінің этнопедагогикалық негіздері мен
оқытудың инновациялық технологиялары, жаңа формациядағы мұғалім даярлау
және ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің моделі жөніндегі көкейкесті мәселелер
жүзеге асырылуда.
Дидактикалық әдебиеттерде инновациялық іс-әрекет - деп педагогикалық
еңбектің өнімділігін сапалы өзгертуге ықпал ететін оқыту мен тәрбиелеудің
жаңа модельдерін, әдістерін құрудың үлгісі деп анықтайды. Бұл жүйе ұдайы
өзгеріп отырады, олардың қарама-қайшылығы мұғалімнің инновациялық іс-
әрекетімен шешіледі.
Мұғалімнің кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетін біз оның
мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесінде кездескен мәселені инновациялық
жолмен шешуі ретінде қарастырамыз.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру.
Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша
біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.
Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны
өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз
қажет.
Мұғалiм–ақпараттанушы емес, оқушының жеке-тұлғалық және интеллектуальды
дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық
қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық
бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
1.1 Мұғалімнің тұлғалық бейнесі.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушы және іске асырушы жеке тұлға
бұл мұғалім болып табылады. Ол тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін іске
асырады, оқушылардың жан-жақты жеке тұлғалық сапаларды дамыту мен
қалыптастыруға бағытталған, белсенді оқу-танымдық, спорттық сауықтыру және
көркемдік-эстетикалық қызметін ұйымдастырады.
Білім беру мен тәрбие берудегі мұғалімнің шешуші қызметін мектеп
тәжірибесінен алынған көптеген мысалдар мен белгілі педагогтардың айтқан
қағидалары дәлелдейді.
Ян Амос Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық қызметті
атқаратын мұғалімді өте жоғары бағалады. Ол мұғалімнің ролін жоғары бағалай
келіп, былай деп жазды: мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен
қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын
иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш
нәрсе болмақ емес.
Қазақ халқының белгілі ағартушы –педагогі, қазақ топырағында тұңғыш
Педагогика оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев осы аталмыш оқулықтың
кіріспесінде мұғалім туралы: Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы-
мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың
баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі- деп, қазақ мұғалімдерінің
рөлін ерекше бағалады.
Мұғалім- арнайы мамандығы бар және педагогикалық қызметпен кәсіби
айналысатын адам. Кәсіби емес педагогикалық қызметпен барлық адамдар
айналысады, ал тек ғана мұғалімдер педагогиканың заңдылықтарына сәйкес
шәкірттерді қалай, қайткенде дұрыс тәрбиелеуге болады, өзінің кәсіби
борышын сапалы орындау жауапкершілігін белгіленген тәртіппен алып жүруге
болатындығын біледі. Мұғалімдік мамандық әрбір шәкірттің, жас жеткіншек
ұрпақтың, қоғамның және мемлекеттің тағдырына жауапкершілікпен сезінумен
сипатталады.
Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің тәртібінде
тұрған күрделі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі
білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім
ордасы- мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім.
Қазақ педагогикасының көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұғалім
туралы былай деген болатын-ды: ...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай
болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып
шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогика,
әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Қазіргі мектеп
жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, педагогикалық-
психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты
тәжірибелілік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл
педагог-зерттеуші, сондай-ақ интегративті ойлауға бейім мұғалім қажет.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты
оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты.
Өйткені ұстаз алдында егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқыту және
тәрбиелеу міндеті тапсырылған.
Халық мұғалімі- жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің
ең қымбаттысы, ең құндысы- балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп
тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін
арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор
жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап
етеді.
Әркім өзінің мұғалімдерін біледі және есінде сақтайды, ең алдымен
тәжірибесі жоқ абыржыған сәбиге таяқша сызуды, ал сонан кейін әріптер мен
сөздер жазуды, оқып, санауды үйреткен, оның алдынан кітаптар мен
білімдердің құпия да тамаша дүниесін ащқан өзінің тұңғыш мұғалімін біледі
және есінде сақтап жүреді.
Бұдан кейін оқушының жолында көптеген мұғалімдер кездеседі. Олардың
ішінде жақсы көретіндері де, жақсы көрмейтіндері де, баланың жүрегінде
қайсыбір із қалдыратындары да, із қалдырмайтындары да болады.
Нағыз мұғалім деп тәрбиелеушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды
айтамыз. Бұл бас әріппен жазылатын мұғалім, оған сенгің келеді, ауыр
минуттарда онымен ақылдасқың келеді. Бәлкім, әрбір адамның мектеп
қабырғасында өткен өмірінде бейнесі көз алдында мәңгі-бақи сақталып қалған
әлгіндей мұғаліммен кездескен де болар.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі жан-жақты. Ұстаздық қызметтің ең
негізгі міндеті- шәкіртті оқыту, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру
үрдісін басқару. Оны оқу тәрбие үрдісіндегі басты тұлға ретінде
қарастыруымыз керек.
Мектеп оқушыларының дене және психикалық даму ерекшеліктерін, ақыл-ой
және адамгершілік тәрбиелілік деңгейін, сыныптық және жанұя тәрбиесінің
жағдайын, т.б. білмейінше, дұрыс мақсат қоюды іске асыру, оған жетудің
тәсілдерін таңдау мүмкін емес.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі сан-салалы.
Мұғалімнің еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны мен қоғамдағы алатын орны
жағынан ең құрметті деп есептеледі.
Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық
шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер,
парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі бала, ал оның
дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу бірінші кезектегі міндет.
Осыдан мұғалімді адамтану мамандығының иесі деуге де болады. Мұғалім еңбегі
өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдықты әрі сергектікті талап етеді.
Мұғалім- бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге
болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.
В.А.Сухомлинский Менің өмірімдегі ең басты нәрсе не болып еді? Деген
сұраққа ойланып жатпастан-ақ балаларға сүйіспеншілік деген болатын-ды.
Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі жүйесінің мақсаты жаңа
тұрпатты мұғалімнің үздіксіз, жалпы және кәсіптік дамуын қалыптастыру. Ол
төмендегі бағытта сипатталады:
- жоғары азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік. Ондай
ұстаз еліміздің тыныс-тіршілігіне, балалардың тағдырына қалай болса солай
қарай алмайды. Оның қызметіндегі негізгі бағдары жоғары кәсіби борыш
сезімі;
- баланы сүю, балаға жүрек жылуын сыйлауға бейімділігі мен
қабілеттілігі. Баланы сүйе де, түсіне білетін ұстаз олармен, ата-аналармен,
әріптестерімен педагогикалық ынтымақтастыққа бейім келеді;
- шынайы интеллигенттілік, рухани мәдениеттілік, ұжымдық педагогикалық
шығармашылықта өз күші мен қабілетін орынды пайдалана білуге бейім тұратын
ұстаз ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасай білуге
көмектеседі. Ондай ұстаздар балалар үшін үлгі-өнеге болып табылады.
- өз пәнін жете білетін, ғылыми-педагогикалық ойлау стилінің жаңалығы,
жаңа құндылық пен шығармашылық шешімдерді алуға бейімділігі бар. Бір
сарандылық пен формализмге табиғатынан жат, шәкірттермен жұмыста әр уақытта
да дәстүрлі емес шешім алуға даяр тұратын, ізденіс үстіндегі ұстаз.
Қоғамды демократияландырумен қатар бүкіл жоғары педагогикалық білім беру
жүйесін түбірімен жаңартуды қажет етеді. Оның негізіне төмендегі идеялар
мен ұсынымдар жатады:
• жоғары педагогикалық білім берудің үздіксіздігі;
• кәсіптік-педагогикалық бағдарлау, базалық-кәсіптік даярлау,
мұғалімді кәсіптік жетілдіру;
• шығармашылық қызметке бағдарлау, әрбір мұғалімді қайталанбайтын
тұлға ретінде қарастыру, оны даярлауда саралап, жеке
шығармашылықпен қарауды қамтамасыз ету;
• жоғары педагогикалық білім беруді жаппай ізгіліктендіру
жағдайында мұғалімнің жеке басының әлеуметтік адамгершілік,
жалпы мәдени және кәсіптік дамуының бірлігі;
• жоғары педагогикалық білім беруді ізгіліктендіру, қарым-қатынас,
әлеуметтік шығармашылық субъектісі ретінде жеке тұлғаға
құрметпен қарау;
• қазіргі уақыт талабы болашақты жобалауға сәйкес мұғалім
даярлаудың мазмұны, түрлері мен әдістеріндегі өзгерістерінің
ашықтығы, икемділігі, әрнұсқалылығы.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде
тұрған келелі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі

ордасы- мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екендігі бәрімізге мәлім.

оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені
ұстазға егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу
тапсырылған. Сондықтан ХХІ ғасырдың мұғалімін даярлауға қойылатын талаптар
студенттерді- ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра
отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік дағдыларын игеруге
бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
[Шәбжантайқызы, Мақтым. Ұстаз - мектептегі басты
тұлға[Мәтін].- Көкшетау: [Б.ж.], 2004.- 158 б.]
1.2 Мұғалімдік шеберлік – негізгі сапа.
Ерекше педагогикалық таланты бар мұғалімдер, тумысынан дарынды
мұғалімдер бар, мұндай мұғалімдер өздерінің оқу-тәрбие жұмысындағы бүкіл
жолында табысқа жетіп отырады.
Тәжірибеде кез-келген мектептің ұжымымен балаларды қызықтыра білетін,
сабақтарында әрдайым тамаша тәртіп болатын, мектепте бәрі солардың айтқанын
істейтін, қисық-қыдыр оқушыларды соларға жөнге салуға жіберетін талантты
мұғалімдерді табуға болады. Олардың шәкірттері әйтеуір бұлардың беделін
бірден мойындап, түйсігімен сезінеді, оған мойын ұсынады. Әрине, мұндай
мұғалім баланың жүрегінде айтарлықтай із қалдырады.
Шеберлік дегеніміз- қол жеткізуге болатын нәрсе,- деп жазды А.С.
Макаренко, - атақты шебер токарь, тамаша шебер дәрігер болатыны сияқты,
педагог та тамаша шебер бола алады және болуға тиіс те. Біздің бәріміз
де бірдей адамдар екенімізге кәміл сенімдемін. Мен 32 жыл жұмыс істедім, ал
азды-көпті ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген әрбір мұғалім, жалқау болмаса,
шебер болып алады. Ал сіздердің, жас педагогтардың әрқайсысы біздің
ісімізді тастап кетпесе, міндетті түрде шебер бола алады, ал оның
шеберлікті қаншалықты меңгеруі- оның өзінің табандылығына байланысты
болмақ.
Әрине шеберлік жылдар өткеннен кейін барып келеді. Педагогикалық стаждың
әрдайым белгілі дәрежеде мұғалімнің кәсіптік шеберлігін сипаттайтыны тегін
емес.
Адамның бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік
шеберлікті меңгеруге көбіне көп әсер етеді.
Мұғалімдік бейімділік дегеніміз өз пәнін жете білетін, психологиялық-
педогогикалық теорияны және оқу-тәрбие ептілігі мен дағдысын жақсы
меңгерген, сонымен қатар біршама дамыған кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен
сапаларының жиынтығы, сайып келгенде, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді іске
асыра білетін мұғалімнің кәсіби шеберлігінің деңгейін айтамыз.
Мұғалімдік бейімділік- кәсіби шеберлігінің негізі А.С.Макаренко дауысты
ұстай білу өнері, сыңай білдіру, көз тастау өнері, тағы сол сияқты
оқытылатын актерлер даярлайтын оқу орындарының тәжірибесінен үйренуге кеңес
береді.
Мұғалім үшін дауысты билей білудің зор маңызы бар. А.С.Макаренко дауысты
мұғалімнің жұмыс аспабы деп атады, ал бұл аспапты арнайы түрде ұштап отыру
керек.
Мұғалімнің кәсіби қызметінің ең жоғарғы деңгейі педагогикалық жаңашылдық
– адамдардың жаңа жасампаздық қызметі. Осы ұғым латын тіліндегі novato
сөзінен шыққан, қазақшалағанда жаңарту, яғни адамдардың белгілі бір іс-
әрекет саласында адамның жаңа, прогрессивті принциптерді, идеяларды,
тәсілдерді енгізеді және іске асырады.
Бұл анықтама педагогикалық жаңашылдыққа тікелей қатысы бар. Ол оқу-
тәрбие үрдісіне жаңа, прогрессивті идеяларды принциптер мен тәсілдерді
енгізу және іске асыру болып табылады. Мәселен, жаңашыл-педагог Игорь
Петрович Волков – орта және жоғары сынып оқушылары үшін шығармашылық
тапсырмалар әдістемесін жасады. Оның мәні мынада: мұғалім оқушыларға
көптеген шығармашылық тапсырмалар береді, ол негізінен қағазбен, картонмен,
ағашпен , металмен, пластмаспен жұмыс істеу, сурет пен картиналарды жасау,
әдебиетте, өнерде өз күшін байқап көруді қамтыды.
Бұл тапсырмаларды орындау ерікті сипатта болды, әрбір оқушы тапсырманың
түрін өз жүрек қалауымен өздерінің бейімділігіне сәйкес таңдай алады.
Осындай жұмыстың түріне араласа отырып, олар бірте-бірте өз қызығушылығын
анықтайды, қабілеттері мен талантын дамытады.
Мұғалімнің кәсіптік өсуінің келесі сатысы педагогикалық шеберлік.
Шеберлік- бұл әр уақытта да жетілдіріліп отыратын тәрбие және оқыту өнері.
Өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті маман, өз пәнін жетік білетін, ғылым
мен өнердің белгілі салаларынан хабардар, жалпы психология, әсіресе,
балалар психологиясын жақсы меңгерген, оқыту және тәрбие әдістемесін терең
білетін педагог.
Мұғалім шеберлігінің негізінде сондай-ақ оның өз пәнін және оқыту
әдістемесін терең білуі де жатады. Өз пәнін еркін білуі ғана оқушылардың
білімге деген ынтасын туғызып, мұғалімге және оның талаптарына құрметпен
қарата алады. Оқушылар мұғалімнің нашар білетінін, оның сабақ бере
алмайтынын ешқашан кешірмейді.Әлбетте, мұның орнын еш нәрсемен толтыруға
болмас.
Жақсы шебер мұғалім дегеніміз баланың психологиясын, балалардың жас
ерекшеліктерін және тіпті әрбір баланы жеке-жеке жақсы білетін ойлы,
байқағыш психолог.
Балалар мұғалімнің әділдігі мен адалдығын, сөзінде тұра алатынын,
уәдесін орындайтынын өте бағалайды.
Әділеттілік бәрінен де гөрі баға қоюдан, көтермелеу және жаза беруден,
қоғамдық тапсырмаларды бөлу мен бағалаудан айқын көрінеді. Балалар
әділетсіз атаулыны өте сезгіщ келеді. Ал әділетсіздіктің көзі екінің
бірінде балаларды, олардың тұрмыс жағдайларын, белгілі бір тәртіпсіздіктің
шығуына себеп жағдайларды нашар білуден болады.
Педагогикалық әдеп- мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, бұл қасиет
оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын
білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен оқушылардың психологиясын терең
біліп, түсінуге негізделеді.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техниканы меңгерудің өте зор
маңызы бар. Осы ұғымға байланысты мәселелер А.С.Макаренконың еңбектерінде
неғұрлым толық, әрі айқын талданған. Педагогикалық институттардың болашақ
мұғалімдерді даярлаудағы кемшіліктеріне тоқтала келіп, А.С.Макаренконың
ойынша, жоғары оқу орындарында оқитын педагогтарды басқаша тәрбиелеу керек
еді деп көрсетті.
Ол қалай тұру, қалай отыру, столдан қалай тұру, дауысты қалай көтеру,
қалай жымию, қалай қарау сияқты.
Жақсы шебер мұғалім оқушылармен қарым-қатынастарда белгілі сыңай да
жасай алады.
Ұжымдағы қатынас, стиль сыңай деген еңбегінде А.С.Макаренко былай деп
жазды: Балалармен сөйлескен кезде мұғалім жадырап, жымиып тұруы тиіс, ал
бұл күлкісі жасанды болмай, сезімге толы жұмсақ күлкі болуы тиіс.
Ол мұғалімнің сыртқы кейпіне ерекше мән берді: Мен сыртқы кейпіне баса
назар аудардым. Сыртқы кейпі адамның өмірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-
салақ адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді деп ойлау қиын.
Педагогикалық шеберліктің мәні-мұғалімнің жеке мәдениетінің, білімінің
және ой-өрісінің өзіндік жиынтығы, оның жан-жақты теориялық даярлығы, оқыту
және тәрбиенің тәсілдерін, педагогикалық техника мен алдыңғы қатарлы озат
тәжірибені меңгеру.
Педагогикалық техника жекеленген оқушыларға, сонымен қатар жалпы балалар
ұжымына педагогикалық әсер ету, әдістерін тәжірибеде тиімді қолдану үшін
педагогке қажетті білімнің, ептіліктің, дағдының кешені.
Педагогикалық техниканы меңгеру- педагогикалық шеберліктің құрамды
бөлігі. Педагогика мен психологиядан терең де арнаулы білімді, сонымен
қатар тәжірибелік даярлықты қажет етеді.
Педагогке ең алдымен, балалар мен қарым-қатынас мәдениетін меңгеру, тон
және қатынас стилін таңдай білу ептілігі қажет. Балалармен қарым-қатынаста
қарапайымдылық, табиғилық керек.
[Педагогиканың жалпы негіздері: оқу құралы.- Ақтөбе:
Полиграфия, 2004. Мұғалімнің шеберлігін қалыптастыру- 211б.]
С.А. Назарбаеваның Ұстаздан ұлағат атты кітабында: Тәрбие
дегеніміздің өзі ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту,
сезімді тәрбиелеу-баланың қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін
қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз.
Мұғалімнің шеберлігін дамытуға қажетті факторлардың бірі-біліктілікті
артыру ісін оның өзін-өзі дамытатындай етіп ұйымдастыру. Ол үшін мына
төмендегі ережелерді еске алу қажет:
-тұлға –қайталанбайтын ерекше тұтастық, оны сол тұтас күйінде зерттеу
керек;
-адам табтғатында оның өзін-өзі жетілдіру, дамытуға ұмтылысының негізі
қаланған (А.Маслоу).
-тұлғаның өзін -өзі дамытудың қозғаушы күші – оның алдында үнемі жаңа
мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылдырып отыратын мотивтер, құндылықтар.
Барлық мотив ішіндегі ең ернкешеленетіні –өсу мотиві Оларды үнемі қолдап
құнарландырып отыру қажет.
-адамның ішкі әлемі сыртқа әсер етушілерге қарағанда оның мінез құлқына
әлдеқайда күштірек әсер етеді (Г.Олпорт).
-тұлғаға жанама әсер ету керек, ол тұрпайылықты көтермейді.
Біліктілікті артыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеті білім беру
жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуына құрал болып
табылады. Мұғалімдердің шеберлігін, біліктілігін артыру барысында
шығармашылық әлеуетін дамыту білімнің акмеологиялық, синергетикалыұқ,
аксиологиялық, андрогогикалық негіздерінің жиынтығын жүзеге асыру
жағдайында нәтижелі болады. [Білім образования 2005 № 5 журналдың -
22беттінен.]
Педагогикадан, негізінен, оқыту тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай-
ақ оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді.
Әрине, олардың мәнділігін кемітуге болмайды.
Бірақ , педагогтер өз әрекетінде бірдей әдістеріді қолданғандығына
қарамастан, бірдей нәтижелерге жете бермейтіндігіде белгілі.
Оқыту әдістері педагогтың тұлғалық сапаларымен тығыз байланыста өзара
әсерлесіп отырады.
Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді.
▪ оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне
сендіру және мүмкіндіктерін көре білу оны нығайтып отыру;
▪ мәлімметерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да ,
күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу;
▪ жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу;
▪ мейірімді бірақ талап қоя білу;
▪ оқушыны білім алуға жұмылдыра білу;
▪ оқудағы қиындықтарды алдын-ала білу, сол қиындықтарды жеңуге
бағыт беріп отыру;
▪ өз жұмыстарының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға
ұмтылу.
Педагогтың сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде
оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыруынан
көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға
екендігін түсінуі тиіс.
[Қазақстан мектебі -2007. №4, 9—11 беттерден.
Педагогтың тұлғалық сапалары атты мақаладан.]
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында деген Елбасы Н.Әбішұлы Назарбаев
мұғалімдердің II-съезіндегі сөйлеген сөзінде. Мұғалім мектептің жүрегі
десек, мектеп әдістемелік жұмыс орталғы, өйткені мұғалімнің кәсіби өсуі
күнделікті педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асырылады.
Мұғалімнің кәсіптік қажеттілігін анықтауда оның еңбегінің нәтижесін
жан-жақты талдай отырып, диагностикалық зерттеу жүргізілді. Мектепте
мұғалімдерді ғылыми –ілімдік, мәдени деңгейлерін, кәсіптік,әдістемелік
шебердіктерін көрсететін Педагогикалық кәсіби қызметті картасың
жасалынып, 28 параметр бойынша жоғары, жеткілікті, қанағаттанарлық,
төмен деп бағаланулары арқылы оларды Талапкерлер, Ізденімпаздар,
Шеберлер, Шығармашылдар, Жанашылдар топтарына бөліп әдістемелік
жұмысты деңгейлік негізде жүргізілуде.
Мектепте мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыруда әдістемелік
жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке белсенді түрлері, әдістер жиынтығы кеңінен
қолданылуда.
Ойымызды қорыта келе айтарымыз, мұғалімдердің оқыту үрдісіне жаңаша
көзқарас қалыптасып, педагогикалық мәдениеті мен шығармашылық ізденіс
жағдайы артты. Технологияны меңгеру мәдениеті қалыптасып, оқушылардың
қабілеті мен мүмкіндігі ескеріле отырып, саралай қатынас жасауға жол
ашылды.
Жаңа технология мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік,
рухани-азаматтық келбетінің қалыптасуына әсер етіп өзін-өзі дамытып, оқу-
тәрбие үрдісін ұйымдастыруға көмектесті, мұғалімнің жеке тұлғасы мен
кәсіптік мәдениеті артты, әлеуметтік беделікөтерілді.
Технологияларды енгізу арқасында оқу процесінің деңгеі көтерілді.
Нәтижесінде қазіргі талапқа сай өзін-өзі көрсетуге қабілетті,
шығармашылық тұрғыдан дамыған, әлеуметтік қалыптасқан тұлға тәрбиеленуде.
Олай деудің дәлелі: соңғы екі жылдың нәтижесін алғанда оқушылардың білім
сапасы артып, шығармашылық қабілеттері жетілді.
[Мектеп директоры 2005жыл, №3-16-18беттері.
Педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру және
инновациялық көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру]
2.1 Жаңа формациядағы мұғалім моделі

көрсеткіштік өлшемі бола алады. Бұл орайда ұстаздың педагогикалық мәдениеті
де үлкен орын алады.
Сонымен, оқыту дегеніміз – оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы
оқу-танымын ғылыми тұрғыда игерту, дүниетанымын және эстетикалық көзқарасын
қалыптастыратын педагогикалық үрдіс. Бұл үрдіс тек қана білім берумен ғана
шектелмейді, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл ойы мен ойлау тәсілдеріне
үйрету, талдау, салыстыру, жасау, қорытынды шығару – бұл мұғалімнің еңбегі,
мұғалімнің кәсіби білік-дағдылары, оның жеке кәсіби – педагогикалық іс-
әрекеті. Бұған мұғалімнің адамгершілігі, тәлім-тәрбиесі, ізденімпаздығы,
зерттеушілігі жатады. Мұғалім кәсіби білімін үздіксіз жетілдірген кезде
ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, оқуға деген
қызығуын қалыптастыра алады. Бүгінгі таңда білім сапасын анықтауда түрлі
бақылау, сараптау жүйесі енгізіліп, шығармашылықпен үздіксіз жұмыс жасап,
іскерлік қабілетін ұдайы арттырғанда ғана қол жеткізеді. Оқушыға өз бетімен
білім алуға, теледидар, компьютер, интернет т.б. ақпарат көздері арқылы
жағдай жасауда мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты
болады. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің жаңаруы мұғалімнің алдына зор
міндеттер жүктеліп отыр. Сондықтан, оқу үрдісін жандандыру, оқытудың
әдістері мен тәсілдерін, пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру –
оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттырудың бірден-
бір тиімді жолы. Сондықтан сол жолды шешу әрине, ұстаздың кәсіби
педагогикалық іс-әрекетіне байланысты болады.
Ресейлік ғалым-әдіскер Н.В. Кузьмина педагогтың кәсібилігін былайша
түсіндіреді: Ол қалай оқыту, қалай тәрбиелеу, оқушынғы бір күйден екінші
күйге қалай көшіру керектігін, педагогикалық мәселелерді қалай шешуге және
үнемді жолдармен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға
болатындығын біледі... педагог білімнің жүйесін анықтайды.Н.В. Кузьмина
педагогтық іс-әрекетті екіге ажыратады:
1. бірін-бірі тәрбиелей отырып барлық адам айналысатын кәсіби емес
педагогикалық іс-әрекет;
2. арнайы оқу-тәрбие мен білім беретін мекемелерде жүзеге асатын және
кәсіби білімді, іскерліктер мен дағдыларды талап ететін педагогикалық
іс-әрекет;
Н.В. Кузьмина бойынша мұғалім білімі құрамды үш компоненттен
тұрады:
1. Ғылыми және кәсіби білімнің жүйесі. Бұл жүйенің маңызды
компоненті – ол мұғалім оқытатын пәнін терең біледі;
2. Оқушылардың білімді қабылдау, игеру ерекшеліктерін қамтитын
психологиялық білім;
3. Оқушылардың білімді сапасын анықтайтындай, біліміндегі
кемшіліктерді, іскерліктерін байқай алатын педагогикалық білімі мен
іскерлтері бар. Оқушының оқу жұмысында игеруі тиісті білімі және
іскерліктерінің ертерек қаслыптастыруға қажетті жүйесін алдын-ала
болжайды. Осыларды басшылыққа лап, біз инноватциялық іс-әрекеті өз
бетімен игерудің мынадай деңгейлерін ұсынамыз:
Көрсеткіштік Жоғары деңгей Орташа Төмен
деңгей деңгей деңгей
Инновациялық Проблеманың Инновациялық Инновациялық
проблеманы көре инновациялық танымдық технологияны
білу мәнін ұғыну, өз мәселелерді өз мектепте қолдануға
бетімен бетімен айқын қажетті кәсіби
тұжырымдау тұжырымдауға білімі жеткіліксіз
қиналады

Қосымша А
Инновациялық іс-әрекеттер моделі
Педагогикалық – инновациялық іс-әрекеттер
Теориялық зерттеу Тәжірибелік зерттеу Зерттеу
нәтижелерін
қорытындылау

Мұғалімнің инновациялық негізде құрылған іс-әрекетінің мазмұны мен
құрылымы мына 2-сызбада көрсетілген:
Қосымша Ә
Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекетінің моделі
Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті
Мұғалімнің жаңа тұжырым-
мұғалімнің
инновациялық дамаларды, идеяларды, инновациялық
іс-әрекеті заңдылықтарды, іс-әрекетіндегі
ұсыныстарды білуі оқыту іскерлігі
мақсаты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz