ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы бойынша курстық жұмыс
Абай дәстүрінің қазақ поэзиясындағы жалғастығы.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
1.1. Әдебиеттанудағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі ... ... ... ... ..6
1.2.Абай дәстүрінің қазақ поэзиясындағы жалғастығы ... ... ... ... ... ..7
2. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 Абай Құнанбаевтың поэзиясындағы педагогикалық ойлар ... ... 14
2.2. Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі педагогикалық ойлар ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
4
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Абай дәстүрі-ақындық мектепті ішіне сыйғызып жіберетін кең ұғым. Абай дәстүрі оның қасында жүрген шәкірттерімен шектелмейді. Қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі көрнекті тұлғалардың барлығы дәстүр жалғастырушылар десек, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлин сынды әдебиет қайраткерлері осы лектің толқыны ғана. Демек, кең мағынада алғанда дәстүр жалғастырушылардың бәрі дерлік Абайдың ақындық мектебінің өкілдері болып табылады. Сол ақындық мектептің өкілдері Торғай ақындары. Өзекті мәселелері: Абайдың заманынан асып туған кемелдігі ең алдымен, әкенің қаны, ананың сүтімен бойға дарыған құт, туған топырақтың қасиетінен. Екінші, тал бесіктен әженің әлдиімен, атаның әлқиссасымен жадыға жатталған қазақтың асыл сөзі, домбыраның күйі, қобыздың үнімен жүрекке тұнған төл өнер қазақта қара сөзге дес бермеген АБАЙДЫ ақын етіп қалыптастырды. Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттерін зерттеу теориялық және әдіснамалық негіздері: Жұмыстың негізгі мақсаты- ақын айналасының абайтану ғылымындағы орнын белгілеу аға буын әдебиет өкілдерінің Абайға әсері және ізбасар шәкірттерді тәрбиелеудегі ақынның рөлі, Абай дәстүрін дамытудағы Торғай ақындарының шығармаларындағы қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық сипатын көрсету.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды:
-әдебиеттегі дәстүрмен жаңашылдық ұғымына ғылыми тұрғыдан түсінік беру.
-Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы Торғай ақындық мектебінің шығармаларындағы үндестікті ғылыми тұрғыдан саралап, түсінік беру.
Абайдың өзгеге берген нәрі, яғни зерттелуі жұмыстың негізгі нысаны Абай мен Торғай ақындары арасындағы әдеби байланыс пен шығармашылық құндылықтары сабақтастырыла, ғылыми тұрғыда қарастырылады.
Абай және Торғай ақындары шығармаларының үндестігі әдеби-теориялық тұрғыда зерделенеді.
Курстық жұмыста көтерілген мәселелердің ғылыми негізделі мен шешімін табуында осы тақырыпқа қатысты тікелей еңбек жазған зерттеушілермен қоса М.Қаратаев, З.Қабдолов, З. Ахметов, Ж. Ысмағұлов, Ә. Дербісалин, Н. Келімбетов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Е.Ысмайылов, С.Оспанов, А.Құнанбаев тағы басқа отандық ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысына әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылады.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы Абайдың әдеби айналасы, ақынмен тікелей қарым-қатынаста болған әдеби орта өкілдері, олармен арадағы рухани байланыс көздері жаңаша пайымдаулар тұрғысынан зерттеу нысанына алынды:
- Абайға әсер еткен әдеби ортаның ықпалы айқындалды.
Абай әкелген жаңашылдық олар айтыс жанырын игерудегі жетістіктері, дәстүрді қолданудағы ерекшеліктері, аударма өнерін дамытудағы шеберліктері, лирика жанырындағы өлеңдер талданып әдеби талдау жасалды. Абай айналасындағы аударма үлгісінің қарапайым , еркін, нәзиралылық түрінен бастап, классикалық деңгейге дейін өскен эволюциялық даму жолдары айқындалды:
- Абай дәстүрін жалғастырушы, рухани байланыс жасаушы Торғай ақындары жайлы мәлімет берілді. Абай шығармаларымен үндес Торғай ақындарының шығармаларына тұңғыш рет ғылыми түсінік берілді. Салыстыра отырып зерттелді.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақ поэзиясындағы дәстүрмен жаңашылдық.
1.1. Әдебиеттанудағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі.
Қазақ әдебиеті тарихында дәстүр мен жаңашылдық- өте егіз үғымдар, олардың ара жігін дәл басып ажырата білу қиын, өзара шектес құбылыстар. Бірінен- біріне өтетін күй ретінде ғана танимыз. Дәстүр жанара келіп жаңашылдыққа айналады. Жаңашылдық ол өзіне дейінгі түр арқылы түрлене түседі.
Дәстүр дегеніміз- бір үрпақтан келесі үрпаққа үдайы ауысып отыратын тарихы тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр- халықтың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерінің рухани егізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғастығына тікелей қатысты болып келеді. Өйткені әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп, оны жана қоғамдық- тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері обьективті түрде жүзеге асады, - деп Н. Келимбетов өз теориясын жасаса, М. Қаратаев былай дейді: дәстүр мен жаңашылдық дейтін проблема кең мағынасында- философиялық проблема. Бұл дүниежүзіндегі барлық даму атаулының тетігі. Мұнсыз өсу, өрбу, өзгеру жоқ. Онсыз өмір жоқ. Неге десеніз ештенеден ештене шықпайтыны, яғни нөлден ештене өнбейтіні, екінші сөзбен айтқанда жоқтан бар болмайтыны белгілі. Оның үстіне дүниеде не бар, соның бәрі дамып, өзгеріп отырады, жаңғырып, жанарып тұрады. Ол бұрынғы мен бүгіннің , көне мен жаңаның арасындағы табиғи жалғастық құбылысының заңдылығы, философия тілімен айтқанда, дәстүр мен жаңашылдық дейтін проблеманың қарастыратын заңдылығы . Халықтың ежелден өмір жолында, тырбанған тіршілігінде, шытырман тағдыр талқысында тірнектеп жиған рухани қазынасы - арман-мұраты, салт-саласы, сенім-сезігі, түсінік-түйсігі қазақтың бай фольклоры мен поэзиясының терең мазмұнын қалады.
Әр халықтың тарихи қалыптасқан тұрмыс-салт, әдет-ғұрып бар, мінез-құлқы бар, тілі бар, толып жатқан өнер түрлері бар. Бұларда белгілі заңдылықпен дамып, өзгеріп жаңғырып отырады. Ол жаңалықтың көктеп түспейтіндігін ,оның жоқтан емес ,бардан пайда болатындығын танытатын диалектикалық даму процесінің заңдылығы.
Дәстүр -өте бай ұғым. Ол адамзат өміріне, өнеріне, білімен қатысты салалардың көбіне - ақ тән құбылыс. Қай салада болмасын, жалпы дәстүр атаулыға тән қасиет - ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден онай алына салмайды, тәжірибелер нәтижесі, уақыт сынынан ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен , халықтың тіршілік, тұрмысына жауап беру арқылы өміршен сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құбылыс. Әрине дәстүр атаулының бәрі бірдей барлық дәуірге ортақ, озық та өрен сипатта бола бермейді.
Әр ұлттың психикалық түзілісі ұлттық сезім, ұлттық салт, дәстүр және ұлттық мінез-құлық сияқты бір-біріне сүйенген компоненттерді қамтиды. Және ұлттық сезімдер мен ұлттық мінез-құлық түрлері ішкі формалар ретінде осы ұлт таптарының рухани ерекшеліктері мен қасиеттері ретінде көрінеді, ал ұлттық салт пен дәстүрлер сыртқы факторлар ретінде, қоғамдық пікірлер күші ретінде, осы ұлт өкілдерінің қоғамдық тәртібін бір қалыпқа келтіретін материалданған идеялар ретінде байқалады.
Әдебиеттегі дәстүр туралы сөз қозғағанда, онымен бірге айтылатын, егіздін сынарындай тығыз байланысты тағы бір ұғым бар. Ол -жаңашылды.
Ендеше әдебиеттегі дәстүр дегеніміз не?
Энциклопедиялық анықтамалыққа жүгінсек, оның мәнісі иынадай екен. Дәстүр дегеніміз- әрбәр халықтың арғы-бергі тарихындағы көркемсөз өнерінің ең таңдаулы үлгілеріндегі жинақталған, халықтың көркемдік талғам түйсігінде баянды етілген, эстетикалық ой-пікір жүзінде, әдебиеттану ғылымында кеңінен мойындалып жинақталған, сөйтіп, заманнан заманға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын идеялық -көркемдік тәжірибе. Халықтың тұрақты рухани қазынасының, сарқылмайтын мол мұрасының кепілі- осы дәстүр.
Ал, жаңашылдық дегеніміз- сол дәстүрге сүйене отырып, оны жаңа бір нәрімен, тын нақыштарымен молықтыра отырып, сонын бастауынан тағы бір өрістерге қарай арна тартатын үрдіс. Ол арна бірте-бірте аңғарын кеңейтіп, өркенін жайып, тамырын тереңдетіп, өмірге нығырақ, белгірек орныққан кезде өзіде дәстүрге айналады. Осындай үздіксіз өсу бірден-бірге жалғасу үстінде жаңағы жаңалық белгілі бір дәстүрге айналып, ол дәстүр бара-бара тағыда жаңалық тудырып, үздіксіз тізбекті әдеби үдеріске айналып отырады.
Дәстүрде жаңашылдықта белгілі бір заман, уақыт шеңберінде, әдебиеттің даму тарихында бір өзі тұтас бір кезеңге айналған шығармашылық тұлғаның есімімен байланыста қарастырылады. Ал, осы тұрғыдан алып қарағанда, Абай шығармашылығы арқылы келген жаңалықтыңда , сол арқылы қалыптасқан дәстүрдінде мән-мағынасымен тамыр тартқан ортасын Абай азаматтық және ақындық санасы қалыптасқан 19 ғасырдың екінші жартысынан іздеуіміз керек болады.
Жалпы дәстүр туралы пікірлердің дені осы сарындас. Бұл пікірлерден шығатын қорытынды- дәстүрдің философиялық ұғым екендігі.Оның тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы немесе белгілі бір ұлттық қоғамдық тәртібін бір қалырқа келтіретін материалданған идеялар жиынтығы.
1.2.Абай дәстүрінің қазақ поэзиясындағы жалғастығы
Абай поэзиясы[өңдеу]
Алдында бірнеше ғасыр бойы кеңінен қанат жайып өркендеген жырау, жыршы ақындар поэзиясы болмаса, тамыры тереңде жатқан халық ауыз әдебиеті болмаса, Абай поэзиясы шырқау биікке көтеріле алмас еді. Мәселе Абайдың белгілі бір ақындардың өнерін, шеберлігін қалай бағалауында, қаншалықты мойындағанында емес. Әдебиетте мүлде жаңа өріс іздеп, өзгеше өрнектер табуға ұмтылған жаңашыл ақын алдындағы кейбір атақты сөз зергерлерін сынай сөйлесе, оның жөні бөлек. Абайдың шығармашылық өнерінің арнасы кең, ақын сусындаған бұлақтары мол екені үнемі айтылып келеді. Алайда, атап, анықтап айтатын нәрсе - Абай поэзиясының негізгі тірегі, қайнар көзі, ана сүтіндей нәрлендірген арнасы - халық поэзиясы, қазақтың ақындық енері, Абай поэзиясы қазақ топырағында өсіп-өнді. Шығыс, орыс, Еуропа әдебиеттерінің ықпалы да мол болғаны талассыз. Абай шығармашылығының қоғамдық, танымдық, көркемдік-эстетикалық мәнін толық түсіну үшін оның әдебиетте орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын арнайы қарастырып, тексеру қажет. Ақын тұлғасы қаншалықты ірі болса, ықпалы да соншалықты зор болатыны, айналасына түсетін жарығы да мол болатыны анық. Абайды ұлы ізашар ақын деп қарағанда оның шығармашылық дәстүрлерін дамытып жалғастырған ізбасар ақындар деп, қазақ поэзиясының бір туар аса көрнекті қайраткерлерінен Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовты алдымен айтамыз. Әрине, бұл топқа басқа бірталай ақындарды қосуға болады. Тікелей шәкірті болған балалары Ақылбай, Мағауия немесе Абайдың айналасында болған, жақын жүрген Әсет, Көкбай ақындар туралы бұрынды-соңды айтылмай жүрген жоқ. Кең мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп, мысалы, Сәкен мен Ілиясты да, ал жеке бір қырларынан келсе, М. Әуезовті де, кейінгі белгілі ақындардың қайсысын болса да алып қарауға мүмкін екені талассыз. Абайдың ақындық дәстүрлерін тікелей жалғастырған осы ірі тұлғалар туралы ғана айтсақ та, ұлы ақын өмір сүрген 19 ғ. мен оның өнерпаздық өнегесін өркендетіп, дамытқан XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін талдап баяндауға толық мүмкіндік туады.
абай дәстүрі
Халық ақындарының шығармашылық өрлеуіне, әсіресе, әлемдік әдебиеттің классикалық үлгісінде дамыған Абай дәстүріндегі жазба әдебиеттің идеялық-көркемдік әсері ұшан теңіз. Абай шығармашылығында Мұхтар Әуезов атап көрсеткен үш арнаның ұштасып, тоғысуынан жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болған - жаңа әдеби дәстүр Абайдан соңғы қазақ поэзиясынан мықтап орын алғаны белгілі.
Жалпы дәстүр, оның ішінде поэзиядағы дәстүр дамиды, өзгеріп өседі, жаңғырып жаңарады. Бірақ бұл үшін көбінесе халықтың тіршілігінде, өмірінде, санасында, көркемдік дүниетанымында жаңа бет бұрыс, үрдіс, даму, өзгеше бір жайттар болуы аса қажет. Міне, осы талаптарға сай туындап, жалпы қазақ әдебиетіне келген ұланғайыр әлем, ерекше бір құбылыс - Абай поэзиясы, Абай әлемі, Абай дәстүрі.
Осы орайда, Абайдың ақын шәкірттерінің бірегейі - Шәкәрімнің шығармашылығын зерттеген ғалым Балтабай Әбдіғазиұлының: "Қай уақытта да көркем ой мейлінше жаңа қиырларға ұмтылады, беймәлім болып келген рухани, эстетикалық жауһарлардың сырын ашуға талпынады. Өнер әлеміндегі дәстүр жалғастығы өткен кезеңнің немесе белгілі бір жұрттың жинақтаған тәжірибесін үйренумен шектелмейді. Дәстүр желілері әр дәуірде өмір сүрген, бір-біріне мүлде ұқсамайтын бағыттағы өнер шеберлерінің арасын да жалғас-тырып жатады. Сондықтан да олар уақыт пен кеңістік шеңберінде аса кең ауқымда көрінеді.
Қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі дегенде біз осындай кең ауқымды, алып тынысты құбылысты еске аламыз", - деген тұжырымы айтпақ ойымызды толық дәйектеп тұр.
Расында Абай мектебінің ақындары, Абайдың ақындық дәстүрінің жалғастығы жайында ауызға алғанымызда төл әдебиетімізде туындап, өркен жайған тұтастай бір рухани процестің куәсі болғандаймыз. Мұндай мезгіл мен уақыт кеңістігіне симай, белгілі бір кезеңде тұтастай бір ұлттың мәдени өмірінің маңдайын жарқыратқан, үлгі-өнеге болып, одан соң да жалғасын тапқан құбылыстар Абай сусындаған әлемдік әдебиеттің тарихи даму жолынан да белгілі.
Он сегізінші ғасырдың соңы мен он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы аралықта неміс мәдениеті мен әдебиетінің өркендеуіне "Гете дәуірінің" қосқан үлесі мол. Гетенің (1749-1832) шығармашылық дәстүрі ағартушылық идеялардың дамуына, ағартушылық классицизм мен реализмнің, неміс романтизмінің қалыптасуына, жаратылыс, философия ғылымдарының қанат жаюына ерекше ықпал етті. Оның бір ғана "Фаустын" әдебиетте - Шеллинг, музыкада - Берлиоз, көркем өнерде - Делакур үлгі тұта отырып, әлемдік кеңістікке аттарын шығарғанын білеміз.
Ал орыс сыншысы Белинский: "Әрбір ұлы ақынның ұлылығының өзі - оның қасіреті мен қуанышы қоғам өмірімен, тарихымен терең тамырлас болуында. Осындай өмірі де, шығармасы да тарихи-қоғамдық құбылыстармен тығыз байланыста болған орасан зор ақын - Байрон", - деп айрықша атаған әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі, ағылшындық Джордж Ноэл Гордон Байронның тұлғасы өз заманында барша еуропалықтардың ұлттық мәдениетінің символына айналып, "байронизм" деген ұғым қалыптасты. Сол уақыттың, одан соңғы кезеңдегі әдебиеттің көптеген өкілдері оған қатты еліктеп, Байрон үлгісіндегі шығармалар жазуға тырысты. Пушкин, Лермонтов, Мицкевич сынды поэзия кемеңгерлерінің өзі Байронның ғажайып ақындық даналығы мен тарихта теңдесі жоқ ересен ерлік өмірін мейлінше қадір тұтып, өздеріне өнеге санаған.
Жоғарыда келтірілген шағын мысалдардан Абай мен Батыс шайырлары қалыптастырған әдеби ортаның, үлкен мектептің, ақындық дәстүрдің барша жұртқа қызмет етіп, жалғасын табуы, ұлт мақтанышы болуы тұрғысынан алғанда - өзара үндестік пен тарихи сабақтастықтың айқын көрінісі аңғарылады. Абайдың Гете мен Байрон әлеміне қызыға көңіл аударуы да осыдан ба дерсің.
Абайдың ақындық мектебінен үлгі алған тікелей шәкірттері - Шәкәрім, Көкбай, Әріп, Әсет сынды жыр тарландарының ізін баса өмір сүрген, хакім ақын поэзиясының кәусар бұлағынан еркін сусындай отырып, өз заманының елеулі оқиғаларына өзінше үн қоса жыр шашуын шашқан халық ақындары - Иса, Төлеу, Сапарғали, Нұрлыбек, Шәкір, Тәңірберген, Қалихан тағы басқалардың шығармашылығынан да, осы үлкен дәстүрдің үлгілі үрдісін, үздіксіз жалғасын көреміз.
Жалпы кейінгі поэзияда Абай дәстүрінің қандайлық болғанын Айқын Нұрқатов өзінің "Абайдың ақындық дәстүрі" атты еңбегінде нақты ашып көрсете келе: "Шын мәнісінде халықтық бағыттағы, таланты сау, ниеті таза, мақсаты айқын қаламгерлердің қай-қайсысы да дәуір талабын батыл сезіну мен сол жайында толғануды, алға және алысқа көз тігуді Абайдан үйренді. Сөйтіп олар Абай дәстүрін дамыта отырып, оның поэзиялық халықтығын, өзекті принциптерін дәуір талабына сай өрбіте, тереңдете түсті, қазақ әдебиетін онан әрі өсірді, оны жаңа тақырыптармен байытып молықтырды, сол заманда өмір ағысы алға тартқан күрделі мәселелерді қозғай да, шеше де білді", - деген сөздерінің жоғарыда аталған халық ақындарына тікелей қатысы бар.
Бұл ретте өздерінің ақындық шеберліктерін шыңдауда Абайдан және оның шәкірттерінен шығармашылық жолдағы мол рухани азық алғандарын, көпшілік ақын-жыршылар көзі тірісінде-ақ айтып кеткен. Мәселен, Ілияс Манкин жас шағында шығыстың "Сал-сал", "Зархұм" тәрізді діни дастандарын қызыға оқығанын, ал Абай шығармаларымен танысқаннан соң, ол дастандардың ұнамсыз болып қалғанын айтса, Сапарғали Әлімбетовтің балалық шағынан сүйіп оқығаны Абай шығармалары болғанын, оны әрдайым өзіне ұстаз санағанын, Абай дәстүрін ұстанып, ақындық өнерге төселуіне себепкер болған Әріп ақынның да оны осы жолда ұқыпты тәрбиелегенін ерекше бір ілтипатпен есіне алады.
Қуат Терібаев - жастайынан Абайды құрмет тұта оқығанын, аударма арқылы орыс ақындарының туындыларымен танысқандығын, осы жолда Әсетті ұстаз санағанын жазды. Ал Төлеу Көбдіков - Абайдың алдын көріп, өзімен жақын араласа оның ақыл-кеңесін тыңдап, шығармаларын жастайынан жаттап өскендігін, Абайдың ақын шәкірттерімен талай бірге жүріп, тәлім-тәрбие алғандығын өз естелігінде ерекше ескертеді.
Аталмыш ақындардың айтқандары тек сөз жүзінде ғана емес, шығармашылық істерімен де нақты айқындалып тұрғанын олардың соңдарына қалдырған Абай дәстүріндегі мол мұраларынан анық байқаймыз. Осы орайда халық ақындарының шығармашылық тынысын алғаш зерттеп, ғылыми байламдар жасаған Есмағамбет Ысмайылов: "Абайдан, Абай арқылы орыс әдебиетінен үлгі алған ақындардың творчествосындағы негізгі бір бағыт - бұрынғы бұлдыр ертегі-аңызды жырлаушылықтан, өмір шындығын нақты, айқын жырлауға келуі. Ақын бұрынғы ақындық дәстүрдегі дайын, қалыпты сөз өнерін қайталап қолдана салмайды, жаңа сезімдік қуаты өткір көркем сөз образдарын қолдануды нысана етіп алады.
Бұл жаңа өлең, жырларда өмір шындығы дерексіз жалпы сарында айтыла бермей, белгілі мекен, мезгілге, қоғамдық ортаға, табиғаттық объектілерге байланысты дәл суреттеледі. Бұл ақындық творчестволық ерекшелікті Абайдың шәкірт ақындары нағыз жазба әдебиет уәкілдері шығармаларынан қандай айқын көрінетін болса, солардың ақындық дәстүрінде тәрбиеленген совет дәуіріндегі белгілі халық ақындары - Төлеу, Қуат, Сапарғали, Иса, Нұрқан ақындардың шығармаларынан да айқын көреміз".
Есмағамбеттей талғампаз сыншы, үлкен ғалымның жоғарыдағы құнды көзқарасына, байыпты бағасына ие болған халық ақындарының бел ортасында Сапарғали Әлімбетовтің де тұруы - заңды құбылыс. Сапарғалидың ақындық өрлеу жолында тәлім-тәрбие алып, өрлей-өсіп, үлгі тұтқан рухани мектебі - Абайдың ақындық дәстүрі болғандығына шүбә жоқ.
Бұл дәстүрдің Сапарғалидың ой-өрісінің өсуіне, шығармашылық шеберлігінің шыңдалуына тигізген әсерінің молдығы оның көптеген өлеңдерінің құрылысы мен өлшемдерінен де, ақындық сөз саптаулары мен бейнелеулерінен де анық байқалады.
Сол себепті, Сапарғали туындыларының дені Абай талғамына сай "тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер" сөз маржандарынан тізілген. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Ең алдымен ақынның көптеген туындыларында нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Сапарғали өлеңдерінде Абай құптамайтын сырттай жарқылдақтық, асыра лептілік жоқ.
"Асылында ұстаз жазушылардың бәрі әдеміліктен, әсіре сұлулықтан қашқан. Толстойдың, Чеховтың, Горькийдің сөз өнерін қуған талапкерлерге қаһармандарыңыз неге сұлу сөйлейді, неге шетінен тілмәр, өмірде олай болмайды ғой, дейтіні осы қарапайымдылыққа мегзеуі де", - дей отырып, академик Мүсілім Базарбаев өз еңбегінде данышпан жазушы Лев Толстойдың Максим Горкийге айтқан сын-ескертпелерін келтіреді:
"Сіздің тіліңіз тым сойдақы, фокусы көп, бұл жарамайды. Қарапайым тілмен жазу керек, халық қарапайым сөйлейді, тіпті сырт қарағанда байланыссыз сияқты, бірақ соның өзі жақсы," - деп М.Горькийдің "Шыңырау түбінде" пьесасы жайында сын айтқан екен. Абай да әу бастан осы әшекейден, әсіре жылтыр нақыштан аулақ болғанын білеміз".
Осы тұрғыдағы ақын талғамы, әсіресе, оның лирикалық өлеңдерінен нақты көрініс береді. "Алтай" атты өлеңінде:
Қас-қабағы түксиген сораңына,
Қонғалы бүркіт келер күнде шүйіп.
Бойына күшін жинап айбаттанар,
Сәлделі сеңсең бөрік баса киіп,
Бұлт та, қар да, мұнар да өз қонағы
Алтай оған кейімес қабақ түйіп, -
дей келе автор, Алтай тауының асқақ бейнесін адамзаттың кескін-келбетіне, мінез-құлқына балап, суретті сөздерді орынды қолдана отырып, қиюластырып қабыстыра білген.
Абай лирикасында кездесетін асқан шеберлікпен, өзгерте өрілген батыстың "жансыз денеге жан бітіру" дәстүрін Сапарғали да осы өлеңінде өзіндік айшықтармен беруге тырысқан. Абай - "үсті-басы - ақ қырау, түсі суық, дем алысы - үскірік, аяз бен қар" боп келіп, әлек салған қыс айын кәрі құдаға теңесе, Сапарғали - Алтайды, сәлделі (қарды айтады), сеңсең бөрікті (мұзды айтады) баса киіп, қас-қабағы түксиген болса да, баурайына, ұшар басына толассыз ағылған қонақтарға (бұлт пен қар, аң мен құс) ешбір тарылып, кейімейтін мейірімі мол, төрт құбыласы түгел еңселі қартқа балайды. Алтай тауының сілемдерімен жалғасып жатқан Қалба мен Тарбағатай тауларын, оған "ағатай" деп басын иіп тұрған сыйлас інілеріне ұқсатады. Нағыз суретті сөз. Екі өлеңде де нақтылық бар. Орынсыз асқақ, асыра баламалардан құрылған сылдыр сөзге бой ұрмай, қазақтың қара сөзіне құдірет бітіре қиюластырып, табиғат бейнесін көз алдыңызға адамзаттың нақты образымен алып келеді. Алып келіп қана қоймай көрсін, сезінсін, сынасын, тамашалап-толғансын деген әсерде қалдырады.
Ақын өр Алтайдың кескін-келбетін, оның байлығын жоғарғы пафоспен жырлаған. Өлең алғаш рет 1948 жылы "Екпінді" газетінде жарияланды. Газеттегі үш шумақ тұңғыш шыққан жинаққа енбей қалған. Біз 2003 жылы ақынның лирикалық шығармалары топтастырылған "Өлең гүл" таңдамалы жинағында текстологиялық жұмыс жүргізумен қатар, түпнұсқамен салыстыра отырып, толықтырылып басылды.
Сапарғали ақынның "Алтай" өлеңі - қазақ әдебиетінің табиғат лирикасы жанрында ерекше орын алар шығарма, сондай-ақ автордың даралық стилін байқатар өрелі туынды. Жалпы "Алтай" өлеңі - өзінің толық бағасын әлі алмаған, астары терең, полифониялық шығарма. Мәселен, өлеңнің "Байлықтың барлығына пана болған, Атақты Алтай деген ақсақал бар" деуінде терең астар бар. Ақын өмір сүрген кезеңде тұтас түркі дүниесі туралы айту оңай емес еді. Ақынның көркемдік көру қуаты мен тарихи зерделігі тұңғиық бойламас тереңде жатыр. Алтайдың барша түркі жұртына "ақсақал", "алтын бесік" болғаны тәуелсіздік жылдары өткір айтыла бастады. Белгілі философ Ә.Нысанбаев тұңғыш халықаралық "Түркістан" энциклопедиясына жазған "беташарында": "Бағзы замандарда Еуропа асып, Румға ат басын тіреген ата-бабаларымыздың бүгінгі ұрпақтарынан бастап, Қиыр Шығыстағы қарлы тайганы мекен етіп қалған қандастарымызға дейін Алтай десе әлі күнге елең ете қалады. Бұл - ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан халық жадының құдіреті, он бес ғасырдан астам уақыт бұрын өсіп-өрбіген өлкеге суымаған ұлы сағыныштың күші.
Алтай - біздің баршамыздың, бүкіл түркі халықтарының алтын бесігі. Бәріміз Ергенеқон аталған сол құтты қоныстан өрбіп, дүниенің төрт бұрышына таралғанбыз, өзімізбен бірге жұмақ таудың өлең-жырын, ертегі-аңыздарын ала келгенбіз. Әлгі жыр, әлгі аңыз әлі күнге дейін бесік жырымен бірге әрбір түркі баласының құлағына сіңіп, ұлы сағынышқа айналып, жадында жаңғырумен жүреді"
Өр Алтайды қайта жаңғыртқан қазақ ақындарының бірі, тіпті бірегейі - Сапарғали Әлімбетов. Ақын өлеңінде тарихи астар бар. Өлеңнің көркемдік-эстетикалық қуаты да ерекше. Ең алдымен, ақынның ел тарихын ғана емес, жер тарихын да жақсы білетіндігінің куәсі боласыз.
"Ел ағасы" дер болса бастаушыны,
"Жер ағасы" демей ме Алтай сені...
Бұл жолдардың мазмұны терең, танымдық аясы кең. Немесе "Өтіп ап Қара Ертістен бөктерлесең, Бір айлық жол емес пе Алтай ені", сондай-ақ, "Ертіс пен Объқа жүзіп аққан сал бар" деуі, Алтай өңірінің, тіпті, барша қазақ жерінің ауқымдылығын меңзейді. Ақынның "Алтай" өлеңін түркілік деңгейдегі шығарма деп бағалаймыз.
"Нұрлы күн", "қыран құс", "сұлу тоғай", "шамдай сұлу ағаш", "құмырсқадай қалың мал" эпитет, теңеулері ақынның көркемдік қуатының айғағы. Ал "Алтай - ақсақал" метафорасын қазақ әдебиетіне тұңғыш кіргізген - Сапарғали ақын.
Ал жыл мезгілдерін, табиғат әлемін суреттеуде Сапарғали ұлы ұстаздың үлгілі дәстүрін жалғастырып, әрі жаңғырта түсуде біраз ізденістер жасағаны байқалады. Атап айтсақ, ақынның табиғат лирикасының тұнығы - "Қыс кетті", "Май айы", "Жаз келді", т.б. туындылары осының айғағы. Сапарғали "Қыс кетті" өлеңінде:
Қара жер сілкіп тастап ақ көрпесін,
Көтерді қой құйрығын, түйе өркешін.
Ел отыр қыстан қалып, мал болды деп,
Бір қараға бағалап бір серкешін...
Алты ай қыс ауырған көп жөтеліп,
Төсек шал, төсек кемпір бас көтеріп.
Қалың қар, қатты боран, сары аяздың,
Барлығы бір-ақ күнде кетті өтеліп, -
деп Абайдың "Жаз", "Жазғытұры" атты классикалық туындыларын-дағы айшықты образдар мен көркем сипаттауларды өзінше өрнекпен өре ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz