Абай жолы шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы бойынша курстық жұмыс
М.Әуезовтың Абай жолы шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.М.Әуезов және Абай жолы шығармасы.
1.1. М.Әуезов- заңғар жазушы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Абай жолы - ұлттық құндылықтың алтын діңгегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Абай лексикасы .
2.1. Абай жолдары эпопеясының тілдік ерекшеліктерін зерттеудің қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Абай жолы роман-эпопеясындағы қос сөздердің мағыналық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

4

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Абай жолы эпопеясы нақты тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының тыныс тіршілігінің энциклопедиясы ретінде сан алуан мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік т.б. ақпараттарға бай. Осы орайда М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы лексикологиялық ерекшеліктердін сипатын айқындау мақсаты жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Басқа да тілдік бірліктер тәрізді ономастикалық атауларды да когнитивтік модель қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар деп ұғамыз. М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының тілдік ерекшелігі туралы зерттеу еңбектері болғанымен, оны антропоөзектік аспектіде, этностың танымдық дүниесінің ұлттық сипаты осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі лексикологиялық бағытта арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған орай шығармадағы ономастикалық атаулар кешені, ондағы онимдік бірліктердің концептілік әлеуеті, жалпы романның ономастикалық кеңістігі бүгінге дейін зерттеу нысаны болмай келгендігі жұмыстың өзектілігін айқындай түседі. Сондықтан да таным - мәдениет - тіл үштігінің принциптері негізінде, романдағы мәдени-этнотанымдық мәні зор тілдік фактілер - ономастикалық атауларды концептілік құрылым тұрғысында зерделеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде: тілдегі ұлттық танымға сәйкес Абай жолы роман-эпопеясындағы ономастикалық атаулар алынды.
Зерттеу пәні: Абай жолы шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі .
Зерттеу жұмысының дереккөздері: М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері: Зерттеу жұмысында сипаттама, салыстырмалы, концептілік талдау және жүйелеу, түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы лексикологиялық ерекшелікті анықтай отырып, осыған орай романдағы ономастикалық атаулардың мазмұны мен концептілік құрылым ерекшеліктерін анықтау мақсатында мындай міндет қойылды:
- шығармадағы ономастикалық бірліктердің лексика-семантикалық құрамын анықтау.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.М.Әуезов және Абай жолы шығармасы
1.1. М.Әуезов- заңғар жазушы
Қазақстан үшін Әуезов -- екінші Абай
(Николай Погодин)
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі - Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі - Әуезов. Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр. М.Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан да, атасы Әуез де хат танитын сауатты адамдар болған. 1904 жылы Абай дүниеден өткенде, Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады. 11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады.
М.Әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды. 1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет Еңлік-Кебек пьесасын қояды. 20-40 жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады. Б.Матип Алаш қайраткерлері ішінде ұлт даңқын көтергендердің бірі һәм бірегейі - Мұхтар Әуезов. Ол халықтың рухани аманатын ұрпағына бүкпесіз қалдырған қаламгер - Абайдың шынайы бейнесін аша білді. Әуезов - Абайдың өмірінен тұтас бір тарих жасап шыққан ұлы ойшыл, бір шығармаға ғасырлық тарихты сыйдыра білген жазушы. Оның суреткерлігі бір төбе болса, адамгершілігі де бір төбе. Шыңғыс Айтматовтың Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - Манас, бірі - Мұхтар Әуезов, - деуі осыны айғақтайды. Мұхтар Әуезовтың қандай шығармасын алсақ та, Қорғансыздың күні, Оқыған азамат, Жетім сияқты қысқа бірақ ұлы дүниесінен жазушылардың бәріне бірдей бұйыра бермейтін суреткерлік шеберлікті көреміз.Негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң, қайғы.Осының бәрі М.Әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағы әрекеттері болатын. Абай жолы-Әуезовтің бас кітабы. Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты.

1.2. Абай жолы - ұлттық құндылықтың алтын діңгегі
Абай жолы - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Әдебиеттің әрбір тартымды туындысы суреткердің тақырыпты жан-жақты менгеруі, көп ізденуі, ұзақ еңбектенуі нәтижесінде жасалады. Сондай-ақ М. Әуезовте ұлы ақын Абай өмірі мен творчествосын кең де кемел зерттеген, роман жазарға дейін мол көркемдік ізденіс сатыларын бастан өткізген еді.
Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. Абай жолы роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді. Әуезов алғашқыда романға Телғара деген ат бермек болды. (этнолингвистикалық атау-табу сөз! ) Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын Абай, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын Абай жолы (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942 жылы, 2-сі 1947 жылы, 3-сі 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын Абай романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық Абай жолы роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін, ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады.Абай жолы роман-эпопеясында қазақ халқының этнография, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұрт, болыс сайлауы, дауға билік айту т.б. бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеуметтік мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін болған оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы түгелдей немесе жарым-жартылай ойдан шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдыры өмірде болғандай кескін-кейіпке ие болып, жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас көркемдік ойдың өзегімен тығыз ұстасып жатады. Тарихи оқиғалар мен фактілердің бәрі роман-эпопеяның бүкіл мазмұнымен тығыз ұштасып, шығарманың көркемдік өміріне орайлас мән-мағынасы басқаша ашыла түседі. Жазушы көркем шығарманың өз заңдылықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануға күш салады. Яғни жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай, типтік тұлға дәрежесіне көтеріліп суреттелуін ұтымды көрді. Абай жолы эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөлі орасан зор. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногрофия секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде академик Қ.Сәтбаев атап көрсеткен болатын. Абай жолы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық Әлем әдебиеті кітапханасы топтамасында екі том болып басылды.
Романдағы көне сөздер, ырымдар
* Отамалы - көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атағаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Көкектің суығы басталған уақытта, Отамалы қойды жайылысқа шығармайық, боран болады, қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан аырыласың десе, бай бір қатты адам екен, көнбейді. Сен тоғышарлық қылып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп , Отамалы бақыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы - Отамалы атануы содан. (Зере әженің әңгімесі, 106-бет, Бірінші кітап, Шытырманда)
* Өлі ара-Өліара деген бір аралық, кезең. Тоғыс деп жатады. Қазақта3 тоғыс, 5 тоғыс, 7 тоғыс дейді. Кілең тақтан келеді. Мұның мәні үлкендерден естуім бойынша, Ай мен Үркер екеуі қабат келген кезде, мысалы, мамыр айында бір тоғыс дейді. Мамыр айында ай туғанда бір күннен кейін Үркер қабат келеді. Соны бір тоғыс дейді. Сол кезде бұзылады. Бұзылғанда жаңбыр болуы мүмкін. Жаңбыр болмаса жел болуы мүмкін, не сал-қын болуы мүмкін. 5,7,9 тоғыстарда да айдың тууы осынша күннен кейін үркермен қабат келуі арқылы күннің бұзылуын айтады. Оны ай, жұлдызға назар салып жүргендер жақсы біледі.
* Айдың тоғамы -Ата-бабаларымыз бір күндік, керек десеңіз бір маусымдық ауа райын, жолсапарда бағыт бағдарын Ай мен Күннің, Үркер, Темірқазық сынды жұлдыздардың орналасуы, құбылуы арқылы бағамдап біліп отырған. Өз тұрмысында қарашаның қайтуы, күннің тоқырауы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, ай тоғамы деген ұғымдарды пайдаланған. Қыста күн құлақтанса, ол қатты аяздың белгісі, жазда күн кенет ысып кетсе, көп ұзамай жаңбыр жауады, қыста кемпірқосақ туса, жыл берекелі, мал төлді, егін, шөп бітік болады, шолпан жарқырап туса, егін, шөп, жеміс бітік бітеді, ай қораланса, жаз жаңбырлы, қыс қарлы, боранды, жазда жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық болады деп жорамалдар жасаған.
Күйеу атымен күл тасы - балалар күйеу жігіттердің аттарына 2-ден, 3-тен мінгесіп шабады.
Ұрын келу немесе жыртыс сала келу, есік көре келу- күйеу жігіттің қалыңдығына алғаш келуі Ұрын бару -- күйеудің қалыңдық ауылына құпия түрде жасырын баруы. Яғни, ата-бабамыздың салты бойынша құда түсіп кеткеннен кейін жігіт қалыңдықпен жақынырақ танысу үшін ұрын келетін болған. Жігіттің бұл келісі үлкен тойдың бастамасы іспетті. Жасырын деген аты болмаса, ұрын келу рәсімін қызды ауылдың жастары кішігірім тойға ұластырған.
Күйеу көрімдік - келіншектер жібек шымылдық түсіріп, енелерденКүйеу баласын алғаш көрер алдында алынатын ырым. (182-бет, Өрде)
Күйеу киімі - Ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу, қызыл манат шапан, биік өкше етік (180-бет, Өрде)
Қол ұстау - екі жеңге күлісіп келіп, Абай мен Ділдәнің алдына қарсы отырып, екеуінің де оң қолдарын алып, біріне - бірін ұстаттырды. Екі қолдың арасында бір қабат сусылдаған жібек жүр. Сол арқылы ұстатады екен.(185-бет, Өрде)
Шаш сипатар -Сондай-ақ, қалыңдықтың қолын ұстатып, шашын сипатқаны үшін күйеу жігіт қыз жеңгелеріне кәделерін жасаған.
Етік тартар- күйеу жігіттің етігін жеңге шешеді де, тағы ақы алады.
Неке оқу - молда неке оқиды, суық су құйған бір кесе төрдегі жұртты жағалап келіп, Абайға ұсынылды. (185-бет, Өрде)
Қыз айттыру - Осыдан 10 жыл бұрын Алшынбай аулына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырғанда, бас құда Құнанбайға кит деп Алшынбай аулы күміс тартады. Ол күмістің аты - тайтұяқ. Құнанбай Алшынбайға барарда кіші жамбы (тайтұяқтан үлкен) күміс жібереді. (179-бет, Өрде)
Қалыңдық аулындағы ойын - ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күресі
Тұлдаған ат - Орталарында жетекке алған тұлдаған қара көк аттың үстіне Бөжейдің ертоқымы ерттеліпті. Ер үстіне сол Бөжейдің осы өткен қыста Қарқаралыға киіп барған қызыл күрең ішігі жабылыпты. Ердің қасына қамшы шәншіп, соған теріс қаратып, Бөжейдің қысқы түлкі тымағын іліпті. (145-бет, Бел - белесте)
Бөжейдің тұлдаған атын сою, үй ішінде былтырдан жиылған септі тарқату, қаралы теңді бұзу - Байдалы белдеудегі қараны суырып алып, байсалға берді. Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырып тастады. Ас өтті. Қаралы жыл толды. Енді азалы күндер бітті дегеннің белгісі. Байдалының тапсыруымен Сүйіндік қалың елді бастап ақ үйге кірді де, қаралы теңдерді бұзды. Бұ да жаңағыдай белгі. Қараны жыққан байсал, септі бұзған Сүйіндік, енді мынау тұл атты бауыздаған Байдалы - үшеуі де кейін жол алды. (204, 205-беттер, Өрде)
Барымта - ру аралық тартыстың бір көрінісі. Романда барымта оқиғасы көп, Абылғазы, Балағаз барымтасы, Базаралының Тәкежан жылқысыны барымтасы т.б.
Құн төлеу - қазақтың әдет - ғұрып жүйесінде жазалаудың кең тараған түрі . Құнды - кісі өлтіргені үшін төлеген. Дәркембай қарт Құнанбай Меккеге жүргелі жатқанда, одан Қодардың жазықсыз өлтірілгенін айтып, құн төлеу туралы Жігітек атынан сөз сөйлейді.
Қалың мал алу - Абайға Ділдәні айттырғанда төленген мал немесе Әйгерімді аларда айттырылған жақтың берген қалың малын қайтару, бұл ырым Салиқа қыз дауында, Үмітай, Керімбала, балбала тағдырын суреттегенде кездеседі.
Көп әйел алу -Шариғат заңнамасы Шариғат бойынша мұсылман дінін ұстанған пенде 4 әйел алуға толық құқығы бар. Ақын Абайдың атасы Өскенбай бес әйел алған. Абай энциклопедиясында: Зердеден кейінгі төрт тоқалынан Өскенбай тоғыз ұл көрген деп жазылған. Әкесі Құнанбайдың да төрт әйелі болған: Күнке, Айғыз, Ұлжан, Нұрғаным. Абайдың үш әйелі болған: Ділдә, Әйгерім, Еркежан. Абайдың сүйікті інісі Оспанның да үш әйелі болған: Еркежан, Зейнеп, Торымбала.
Бітім үшін бала алысу - ескі дәстүрде дауласқан екі жақ бір - бірімен бітіскен жағдайда қыз беріп, қыз алысу немесе кешегі жауының үйіне тәрбиелеп алу үшін бала беру бар болған. Құнанбайдың Бөжейге асырап алу үшін кішкентай қызы Кәмшатты беруі. (104-бет, Жолда)
Әмеңгерлік - әйелге бүкіл рудың меншігі ретінде қарау әдет - ғұрыпта қатал сақталып келген әмеңгерліктен көрінеді. Бұл әдет - ғұрып бойынша қалың малы төленген әйел немесе қалыңдық ері (күйеуі) өлген жағдайда ерінің өзімен туыс аға - інісінің біріне немесе ең жақын деген өзге бір туысына тұрмысқа шығуы тиіс болған. Мысалы, Абайдың сүйікті жары Әйгерім бала кезінен мамайдың бір жігітіне айттырылып қояды. Қалыңдықтың айттырылған жігіті өлгеннен кейін әмеңгерлік бойынша жігіттің ағасына, егде тартқан біреуге беріледі. Бірақ Абай Әйгерімнің ол адамға жылап кете баруына жол бермейді. Әйгерімнің әкесіне қалың малын түгел төлейді, ал күйеу жағының барлық шығынын өтеп, қанағаттандырады.
Абай жолы - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Бұл шығармадағы оқиғалар күн демей, түн демей толассыз өтіп жатады, бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады. Біз шығармадан мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, рухани қорымызды байыта түсеміз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. Мұхтар Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор. Абай жолында қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлаушы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталған. Абай жолы - жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайында терең толғаныс. Абай - тұтас бір тарихтың дүниеге келуіне себепкер болған тұлға. Жастайынан көңілді баурап алатын көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадына тоқып өскен бала Абай өте зерек алғырлығымен ерекшеленеді. Ол үш жасында-ақ үлкен адамша сөз сөйлеуі оның қоғамнан ерек, заманынан озық туғанына дәлел. Мұхтар Әуезов Абайды әрі ақын, әрі қайраткер, әрі ойшыл ретінде, қай қырынан болсын ұрпаққа үлгі бейнесін оқырманға жақын бейнеледі.

2. Абай лексикасы
2.1. Абай жолдары эпопеясының тілдік ерекшеліктерін зерттеудің қысқаша тарихы
Абай шығармалары тіліндегі лексика-морфологиялық ерекшеліктерді саралай келе ақын өмір сүрген кезеңдегі қазақ әдеби тілінің де жағдайын жан-жақты қарастырған. Суреткер қолданған лексикалық, грамматикалық қатпарларды әр қырынан талдап береді. Онда жаңадан жасалған, көнені жаңартқан, мүлде тың қолданыстардың себеп-салдарын анықтап, ұлы ақынның шығармашылығын даралай түсетін тұстары ерекше зерделілікпен баяндалады. Сөйтіп, Абай -- қазақтың қазіргі әдеби тілінің негізін қалаушы деген тұжырымды тілдік деректермен бекіте түседі. Абайдың жазба әдеби тілдің негізін салудағы орнын анықтай отырып, ол өмір сүрген дәуір мен ортаның ара қатынасын, сол дәуірдегі әдеби тіл мен кітаби тіл байланысын жан-жақты талдайды.
Абай жолы эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері. Абай шығармалары халықтың ауызша және жазба ескерткіштерінде сақталған көне қазақ мәдениетінен, шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларынан - тәжіктің, азербайжанның, өзбектің классик, поэзиясынан, орыс сол арқылы Еуропа мәдениетінен нәр алған. М. Әуезов көрсеткен осы үш ұлы қайнар бұлақтың ізі оның өз шығармаларында да, әсіресе, Абай жолында сайрап жатыр. Жазушы сөздік жағынан менің романдарымның Абай өмір сүрген тарихи дәуірге сәйкес ерекшеліктері мол. Оның үстіне мен Абайдың өз шығармаларының сөздік қорынан да мейлінше пайдаландым дегенді сірә кемеңгер ақынмен өз арасындағы сол рухани ортақтықтан шығарып айтса керек. Абай шығармаларында да, эпопеяда да халқымыздың 19 ғасырдың 2-жартысындағы өмірі суреттеледі. Абай да, Әуезов те сол кезеңдегі көне қазақ мәдениетін, яғни халық тілі байлығын, әсіресе, ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік нақыл сөздерді, мақал-мәтелді, билер айтысындағы түрлі көне және дәстүрлі сөз қолданыстарды, афоризмдік орамдарды, аңшылыққа, халқымыздың тақпақ пен тапқыр жауаптарында қалыптасқан ежелгі тілдік дәстүрді, ас беруге, қыз ұзатып келін түсіруге, өліктің артын күтуге, той-томалақ түрлеріне, әр алуан этнограф., заттықаласырухани мәдениетке байланысты лексик. қабаттардың қай-қайсысын да қажетінше қамти пайдаланды. Абай заманында Орта Азия мен Араб шығысының классик ақындарының шығармалары кеңінен тараған. Бұларды, яғни шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларын - Рудаки шығармалары тілінің данышпан қарапайымдылығын, Фирдауси ғазелдеріндегі әуезді ырғақты, Низами мен Руми жырларының өн бойынан айқын сезілетін дыбыстық, сондай-ақ, жеке сөз түріндегі қайталауларды, синтаксистік егіздеулерді, ассонанс пен аллитерациялық тәсілдер, Сағди мен Хафиз өлеңдерінің сырт әуенділігі мен саздылығын барынша жетік білді. Шығыстың көркем сөз өнерінде кеңінен тараған садж, тавзе, ил-тизом, таносуб, иштиқоқ тәсілдерін өздерінің шығармаларында Абай да, Әуезов те жиі пайдаланды. Олардың тіліндегі садж тәсілінің, яғни жеке лексемалардағы дыбыстық қайталаулардың, ырғақты сөз орамдарының кейбір үлгілері, мыс., төмендегідей:
Сорлы асық (сарғайса да), сағынса да,
Жар тайып, (жақса сөзден) жаңылса да...
Қысқа күнде (қырық жерге) қойма қойып...
Қажымас (қайта айнымас) қайран тату...
Қар тепкенге (қажымас) қайран жылқы...
Тәңір сақтар (табандап) тап ұрса да...
Арсыз адам (арсаңдап) арсылдайды...
Ақылды деп (арлы деп) ақ бейіл деп...
Қайран көңіл (қайыспай) қайрат етті...
Жылы жүзбен (жұлдыздар) жылжып жүріп...
(Абай)
* Оразбай тағы асқындай түсіп айып тіледі... Жасыра түсіп жалтара сөйледі... Ақыра зекіп айдап салды... Күңгірт сөзін күмілжіп аяқтады... Тайдай тарлан талып түсті... Қаптай келіп қайғы қосты... Өжет топты өлердей жазғырып... Талай жанды таң қылған, ойда жоқ оқыс іс болды... Екшеліп шығып екпіндей қуатын, айнымас топтар айқынданып қалды... Енді соңғы үмітін соған артып, қалың ел қауырт жүретін... Күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт... Тұтқында томаға астында, алмас жүзі ашаң тартқан; қызыл балақ қыран еске түсті.
(Әуезов).
Абай өлеңдерінде, эпопеяда жоғарыдағы тәрізді дыбыстық қайталаулармен қоса жеке сөз түріндегі қайталаулар да кездесіп отырады. Негізгі ойды ұстап тұрған сөзді бұлай екі рет немесе бір рет көп қайталап қолдану әдісі шығыс әдебиетінде жалпы әріден келе жатқан көне құбылыс. Көркем тіл тәжірибесіндегі қайталаудың мұндай түрін илтизом тәсілі дейді. Рас, илтизом тәсілі поэзиядан гөрі прозада жиірек ұшырасады.
* Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім. Күн шалған жерді тез орған, Күншіл дүние қас өлім. Артына белгі қалдырмай, Бауыры қатты тас өлім. Жыламайын десе де Шыдарлық па осы өлім... Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең, Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең. Ұры-қары көбейіп, к... шөмейтіп, Неге болды бар елдің қоры Бәкең... Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын. Ақылдылар арланып ұялған соң, Ойланып түзеле ме деп айтқанмын...
(Абай)
* Жастығын, шексіз шат жастығын қайта тапты. Сағынып, сүйсініп тапты. Сүйткенше сырттан Оспан кіріп келді. Кішкене інісі. Ауылға келгелі көп сұраса да көре алмаған тентек, содыр інісі... Бұның себепшісі - Әбіш. Екі жылдан бері ата-ана, аға-бауыр ерекше тосып отырған Әбіш.
(Әуезов)
Абай жолында тіркес ыңғайындағы қайталаулар да ұшырасады: Сол кеште шашырай тараған жастар топтары еркін, әсем ән шырқады. Осындағы сол кеште тіркесін келесі бетте жазушы бірнеше рет қайталайды: Сол кеште Әнетке қарай беттеген Базаралы ат үстінде ән салып келе жатқан Балбаланың сымбатты сұңғақ бойына, қыпша беліне тамашалай қарайды. Сол кеште Керімбала мен Оралбай қосылып ән сәндейді. Сол кеште, жарық айлы сырқұмар кеште, көп жолдастың қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей саз қосады. Сол кеште, үлкен өнер, әсерлі әнмен қоштасар кеште... Әйгерім ән шырқап отыр. Абай жолының 2-кітабының эпилогындағы мұндай қайталаулар бұдан да көлемді, бұдан да күрделірек. Ол эпопеяның өн бойынан кездесіп отыратын сан сала тілдік қайталаулардың барлық сипатын жан-жақты танытарлықтай, солардың бәрінің жиынтық ерекшелігін аңғартарлықтай, жалпы илтизомдық сөз қолданыстың Әуезов шығармаларындағы көрінісін барынша сарқып, топтап көрсетерліктей. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән сан саналы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып тарап жатты. 2-кітаптағы эпилог осылай басталады. Осы сөйлем сәл ғана өзгеріспен эпилогтың әр тұсында тағы төрт рет қайталанады: Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, көшіріліп әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән көшіріліп жатталып Мұхаметжан әуенімен Ұлжан аулына жеткен еді... Ақшоқыда туған ән жатталып, сол күндердің кешінде ұйқысыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің этимологиясы жайында
Орыс тілінен енген сөздер
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрмыстық етістіктердің лексика - семантикалық ерекшеліктерінің теориялық аспектісі
Абайдың түпнұсқада келтірген метафорасының орыс, ағылшын тілдеріндегі баламаларын талдап, аудармашылар шеберлігін, шығармашылық даралығы мен көркемдік-эстетикалық танымының берілуін, көрінуін зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту
Пәндер