Мектеп жасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру



МАЗМҰНЫ
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.1. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық ерекшелiктерi ..26-34
2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң оқушыларды қалыптастырудың жолдары мен әдiс-тәсiлдерi
2.1.Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Сабақтар мен тәрбие шараларындағы адамгершiлiк тәрбиесi ... ... ... ..40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Қосымша

КІРІСПЕ
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Жас ұрпаққа саналы тәлiм-тәрбие беру, оларды заман талабына сай, жан-жақты дамып жетiлген, жаңашыл көзқарастағы азамат етiп қалыптастыру кең көлемдi және сан тармақты iс дейтiн болсақ, оның iшiнде бүгiнгi таңда келелi мәселеге айналып отырған адамгершiлiк тәрбиенiң орны ерекше. Өйткенi адамгершiлiк тәрбие-дүние жүзiнде, оның iшiнде Қазақстанда толық жетiлген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтiк-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгiнгi күнi әрбiр ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында iзгiлiк, яғни адамгершiлiк тәрбие шешушi фактор болуы заңдылық.
Қазақстан Республикасының "ұлттық энциклопедиясында" адамгершiлiк ұғымына былай деп анықтама берiлген: "Адамгершiлiк - адам бойындағы гуманистiк құндылық,әдеп ұғымы "Кiсiлiк", "Iзгiлiк", "Имандылық" тәрiздi ұғымдарымен мәндес. [1,25] Халықтың дүниетанымда мiнез-құлықтың әртүрлi жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мiнез-құлық пен iс-әрекеттерде көзге түсетiн төмендегiдей адамгершiлiк белгiлерiн атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, iзеттiлiк пен кiшiпейiлдiлiк, әдiлдiк, қанағатшылық, т.б. Дүние жүзiнде, оның iшiнде Қазақстанда толық жетiлген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтiк-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде.
Адамгершiлiк тәрбиесi-үздiксiз жүргiзiлетiн үрдiс, ол адамның өмiрге келген күннен бастап, өмiр бойы жалғаса бередi. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерiнiң кең шеңберiн қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшелiктерiн ескеру негiзгi орын алмақ.
"Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге тәрбиенi қабылдайтын жеткiзудiң сәтi түссе, адамгершiлiк тәрбие жеке адамды жетiлдiруде тиiмдi ықпал жасайды", дей отырып, "егер бiз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады", - деген болатын В.А.Сухомлинский. [4,32]
Зерттеу нысанасы: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісіндегі адамгершілік әліппесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зеттеудiң мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларын адам бойындағы жақсы құндылықтармен таныстыру арқылы адамгершiлiк тәрбие беру процесiн теориялық тұрғыда негiздеп, әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеудiң мiндеттерi:
1. Өмiр талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындауға лайықты шәкiрттердi тәрбиелеу, ғылыми-теориялық тұрғыда негiздеу.
2. Оқушының бойында адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру, мүмкiндiктерiн анықтау.
3. Отанға, халқымызға еңбек және қоғамдық iс-әрекетке жауапкершiлiк сезiмiн күшейту, балаларға адамгершiлiк тәрбие беру жүйесiн құрып, мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк нұсқаулар дайындау, оларды практикада ендiру.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілік тәрбиесін берудің тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарының нақты жүйесі жасалса, онда заман талабына сай, жан-жақты дамыған, адамгершілігі зор тұлғаны тәрбиелеп шығаруға болар еді.
Зерттеудiң әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, бақылау, әңгiме, сауалнамалар жүргiзу, тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы мен оқу-әдiстемелiк құралдарын зерттеп, қорыту; жүргiзiлген iс-тәжiрибенi сараптау, эксперимент нәтижесiне баға беру.
Зерттеу көздерi: психологтардың, педагогтардың адамгершiлiк туралы бiлiм беруге арналған еңбектерi, Қазақстан Республикасының Конституциясы "Бiлiм туралы Заң", "Тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы" 2010, Қазақстан Республикасының "ұлттық энциклопедиясы" және т.б. [1,38]
1.БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ ЖӨНІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi

Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып, қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлі, әсiресе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын, тарихи-әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша көңiл бөлiнгенiн ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми-теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те, бiлiмдiк те маңызының зор екеiн зерттеу барысында айқындадық.
Мектеп бiлiмi өсiп келе жатқан ұрпақтың адамгершiлiк тәрбиесiне едәуiр ықпал етедi. Адамгершiлiк тәрбиесi белгiлi жүйеде жүзеге асырылады. Мектептi бiтiргеннен кейiн адам мiнездiң жаңа сапаларын игермейдi, қайта бұрынғыларын шыңдай түседi немесе түзетедi. Сол себептi балалардың мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi өте шеңберлi болуы тиiс.
Педагогика адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұнымен ұйымдастырушының қоғамдық мораль сипатына тәуелдiлiгiн объективтiк заңдылық деп санайды.
Мектептегi адагершiлiк тәрбиесi бiздiң өмiрiмiздiң тек осы кездегi талаптарын ғана емес, болашақта да бағытталуы тиiс.
Адамгершiлiк бейненiң сұлулығы мен iзгiлiгi адамдардың гуманизм мен коллективизмге негiзделген өзара қатынасында айқын көрiнiсiн табады. Сондықтан кодекс өсiп келе жатқан ұрпақ бойында коллективизм мен жолдастық өзара көмек "Бiреуi бәрi үшiн, бәрi бiреуi үшiн" деген принципiмен өмiр сұре бiлуi, достық сезiмi адам адамға - дос, жолдас және бауыр, саналы тәртiптерiн сақтау сияқты қасиет-сапаларын тәрбиелеуге шақырады.

Адамгершiлiктiң бастамасын қалыптастыруда ең алдымен оқушының жақсы, жаман мiнезi туралы дұрыс түсiнiк берiлу ұсынылады. Жақсы iс iстеу - бұл "Оқушыларға арналған ережелерде" көрсетiлген барлық мiндеттердi дәл және дұрыс орындау болып табылады. [9,42]
Сондай-ақ жеке адамның адамгершiлiк тәрбиесi бiр нақтылы процесс емес, ұзақ процесс, ол тәрбиешiлердiң сыртқы ықпалымен бiрге, тәрбиеленушiнiң өзiне жүргiзетiн жұмысын қамтиды.
Адамгершiлiк тәрбиенiң басқа ерекшелiгi - үлкен концентризм де осымен тығыз байланысты. Әр қилы адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыруға оқудың барлық кезеңiнде қайта оралып, балалар ұғымын жаңа, тереңiрек мазмұнымен байытып отырамыз. Түсiнiктерi байып, адамгершiлiк санасының өсуiмен қатар, оқушылар мiнез-құлықтың жаңа дағдылары мен әдеттерiн игередi.
Сөйтiп, балалардың өмiрiн ұйымдастыруды жан-жақты адамгершiлiк теориясын иерумен ұштастыру - жас ұрпақты адамгершiлiк жағынан шынықтырудың негiзгi жолы.
Адамгершiлiк тәрбиесi күрделi де қайшылыққа толы процесс. Тәрбие iсiнде тұқым қуалаушылықтармен, орта және тәрбиешiлер талаптары арасындағы қайшылықтармен есептесуге тура келедi К.Д.Ушинский "Бiз табиғи бейiмдiлiгiмiзге сәйкес келетiннiң бәрiн жеңiл де, оп-оңай меңгеремiз, ол оған қайшы немесе жат нәрселердi қиыншылықпен қабылдаймыз, ойда нашар сақтаймыз, тек ұзақ уақытқа күш-жiгердiң арқасында ғана өз табиғи мiнезiмiзге айналдырамыз" - деген болатын. [6,69] Бұл ойдың дұрыстығына әрбiр тәрбиешi өз тәжiрибесiнен көз жеткiзедi. Мiне-құлықтағы қалыптасқан дағдыларды жоғары жаңа талаптар негiзiнде қайта құру әрқашан қиындықпен iске асады.
Өзiнiң адамгершiлiгiн жетiлдiруге, адамгершiлiк тұрғында өзiн - өзi тәрбиелеуге ұмтылудың үлкен мәнi бар. Өзiн - өзi тәрбиелеу мына жағдайда табысты болатындығын соңғы жылдар зерттеулерi көрсеттi:
- оқушылар өз жеке басын жетiлдiруге ұмтылса;
- өзiн-өзi тәрбиелеудiң жолдары мен әдiстерiн бiлсе;
- оқушылардың колективте өзiн-өзi тәрбиелеу жөнiндегi жұмысы дұрыс ұйымдастырылса;
Бастауыш мектеп оқушысының адамгершiлiк мұратының қалыптасуында мұғалiм маңызды роль атқарады. Өзiнiң барлық жұмысында ол шәкiрттердi адамдар мiнезiне талдау жасап, бiлуге, шынайы адамгершiлiктi өтiрiк, жасанды адамгершiлiктен ажыратуды үйретедi. Адамгершiлiк жағынаң өзiн-өзi тәрбиелеу жеке адамның адамгершiлiк бет - бейнесiнiң дамуын стимулдейдi.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұны адамгершiлiк сапарларының кең көлемiн қамтиды. Сапаның әрқайсысының жеке адамгершiлiк ерекшелiктерi болады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда бұл ерекшелiктердi ескермеске болмайды.
В.Соловьев "адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы" деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. [12,67]
Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң маңызды педагогикалық мiндеттерi - оқушылардың белсендi өмiршiлiк позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен iстiң бiрлiгiн, адамгершiлiк нормаларынан ауытқушыларға жол бермеудi қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бiр саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелi ұстаз шәкiрттерге жан-жақты тәрбиенi осы адамгершiлiк тәрбиесiнен батсайды. Себебi, бұл оның адамгершiлiк сезiмiн, сенiмiн белгiлi мақсатқа, бағытқа жетелеу iс-әрекетiн ұйымдастыруды жетiлдiру сонда ғана ұстаз шәкiрттердiң iзгi ниеттiлiгiн, адалдығын, кiшiпейiлдiлiгiн қалыптастырады.
Адамгершiлiк тәрбиесi бiрнеше мiндеттердi шешуге көмектеседi:
oo өмiр талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайық шәкiрттердi тәрбиелеу;
oo оқушының бойында адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру;
-- оқушының санасына және мiнезiне ұстаздық ықпал жасау;
oo Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық iс-әрекетке жауапкершiлiк сезiмiн күшейту.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн тәрбие шаралары балалардың жас ерекшелiктерiне, жеке бас ерекшелiктерiне, қызығушылығына лайықты жасалады.
Мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен - оқыту үрдiсi барысында жүзеге асады. Түрлi пәндердi оқу кезiнде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық өмiрге белсендi көзқарасы, Отан туралы ұғымдары қалыптасады және кеңидi. Үлкендi сыйлауды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, iзеттiлiк сақтауға үйренедi. Бұл жаста балалар сапалы тәртiпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңiл-күйiн түсiнуге дағдыланады. Олар мектепте оқу-әрекетiне өзiнiң қатынасын жанұяда, қоғамдық орында өзiн-өзi ұстауды бiледi. Соның нәтижесiнде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мiнез-құлқы және адамгершiлiк қарым-қатынасы байиды.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйiрме жұмыстарында адамгершiлiк тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түрiне сынып жетекшiсiнiң этикалық әңгiмесi, моральды-этикалық жарыстар, пiкiр сайыстар жатады.
Жасөспiрiмдердi адамгершiлiкке тәрбиелеуде өмiрде кездесетiн көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесi ескерiлуге тиiс. Мұндай мәселелерде әсiресе жанұяның рөлi ерекше. Себебi, тәрбие жанұядан басталады.
Балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдiсiне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесi негiзгi орын алуға тиiс.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң басқа тәрбие салаларына қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.
Адамгершiлiк тұрғыдан жетiлудi айқындап беретiн тәрбиенiң өзегi балалардың адамгершiлiк көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдiстерiнiң, формаларының және оның тиiстi нақты мақсаттарының қандай екендiгiне қарамастан мұғалiмнiң алдында әрқашан балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру мiндетi тұруға тиiс.
Адамгершiлiк қасиетi қалыптасуы үшiн баланың дербес қимыл-әрекеттерiнiң ерекше маңызы бар. Оқушы тек мұғалiм мен ересектердiң нұсқауымен және олардың қадағалауымен ғана қимыл-әрекет iстесе, ол ең алдымен тiл алғыштыққа үйренедi. Тiптi бастауыш сыныптардың өзiнде балаларға даяр шешiмдердi айтып беруден аулақ болған жөн. Ондай әрекет тәрбиелеудi өмiрмен байланыстырмайды. Сондықтан тәрбие процесi бала өз еркiнше қимыл iстей алатын жағдай болуы көзделетiндей етiп құрылуға тиiс. Мұндай жағдайлар өмiр барысында өзiнен-өзi қалыптасып жатады, оларды ойын үстiнде, оқуда, еңбекте және творчествалық сабақтарда арнайы жасауға да болады. Қысқасы, бала өзiне бақылау жоқ, өзiнен есеп беру талап етiлмейтiн жағдайда да дұрыс iс-әрекетке үйренуге тиiс.
Өзiнiң адамгершiлiк тәжiрибесiн молайту үстiнде бала кейде қателеседi, дұрыс жасамайды. Тәрбиешi оның өз қателiгiнiң адамгершiлiкке жатпайтынын түсiнiп, оған төзе бiлуiне көмектесуi тиiс, әлбетте оның терiс қылығын түзетiп қана қоймай, сонымен қатар қате жiберуiне себеп болған жәйiттiң бағытын ойластырып, анықтауына да көмектесуi керек.
Мектеп оқушыларының өз құрбы-құрдастарының шағын топтарындағы қарым-қатынастары мен бiрлескен iс-әрекетiнiң адамгершiлiк тәжiрибенi молайтудағы маңызды айрықша зор: мұндай топтарды педагогтiң өзi арнайы құруы немесе олардың өзiнен-өзi топтасуы мүмкiн.
Адамгершiлiк тәрбиесi мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесi бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты. Адамгершiлiк жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана бiреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершiлiк тәрбиесi моральдық жағынан кiршiксiз таза, жан-жақты жетiлген адам даярлау сияқты тәрбиенiң жалпы мақсаттарына бағытталады.
Адамгершiлiк тәрбисi дегенiмiз - адамның моральдық қасиеттерiн, мiнез-құлқын, тәртiбiн, адамгершiлiк сезiмi мен сапасы белгiлi бiр мақсатқа бағыттап қалыптастыру.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұны, ең алдымен, Отанға, елге деген сүйiспеншiлiк, борыш сезiмiн тәрбиелеу, жолдастық, достық, жанашырлыққа баулу жатады.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұнына үлкендi сыйлау, тыңдау, беделiн мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау сияқты адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуде жатады.
Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi жолы-оқу процесi мен оқушылардың күнделiктi өмiрiн, iс-әрекетiн тиiмдi тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершiлiк туралы түсiнiгi мол болғанымен, тәжiрибеде iс-әрекетi, тәртiбi, бiлiмiне сәйкес келмейтiн жайлар көзделедi. Сондықтан адамгершiлiк жайында түсiнiк, бiлiм берумен қатар дұрыс тәртiбiн, iс-әрекетiн ұйымдастыруды көздейдi.

1.2. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық ерекшелiктерi
Қазақ халқының өте әрiдегi ата-бабаларының өмiр сүрген кезiнен бастау алып, күнi бүгiнге дейiн кәдесiне жарап келе жатқан рухани мұралардың бiрi - халықтық педагогика. Халықтық педагогика, - делiнген Қазақ кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөнiндегi халықтың педагогикалық бiлiм тәжiрибесi. Халық педагогикасын зерттеу негiзiне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетiнiң шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлерi, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесiнiң тәжiрибелерi т.б. жатады. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлiм-тәрбиенiң белгiлi жүйесiнде жас буын жадына бiртiндеп сiңiрiп отыратын арнаулы жолдар, тиiстi тәсiлдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершiлiк, имандылық тәрбиесiне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл-ой тәрбиесi, өлең, жыр-дастандарда-әсемдiк тәрбиесiнiң негiзгi принциптерi, ол ертегiлер халықтық тәрбиенiң сан алуан мәселелерiн қозғайтын тәлiмдiк материал ретiнде пайдаланылған. Демек халықтық педагогика-тәлiм-тәрбиелiк ой-пiкiрдiң iлкi бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Қазақ халқының тәлiмдiк мәнi зор ой-толғаныстары бесiк жыры мен батырлық эпостарда, ертегiлер мен аңыздарда, шешендiк сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседi. Мұндағы ұрпақ тәрбиесiнiң негiзгi түйiнi-адамгершiлiк, имандылық, ақыл-ой еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесiне байланысты мәселелерге келiп тiреледi.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесiмен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да, өз ұрпағын бесiкте жатқан кезiнен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгiме, ертегi, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезiнiп бiлмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлi белгiлерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есiту, көру сезiмдерi шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын iзшiл де, құралайды көзге атып түсiретiн мерген де болған. Кәсiбi, тiршiлiгi мол шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастайды. Оқусыз-ақ бiр есiткенiн қалтқысыз есте сақтайтын қабiлетi күштi, әңгiмеге үйiр көшпелi халықтың баласы небiр қызықты ертегiлердi, жыр-дастандарды жаттап алады. Сөз өнерiнiң әдемi кестелерi олардың сөйлеу қорын байытып, мағыналы да мәндi сөйлеуге жаттықтыра беретiн.
Адам баласы қоғамда өзiнiң адамгершiлiк қасиеттерiмен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әдiлеттiлiгiмен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерiмен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, әдiлеттiк пен әдiлетсiздiк, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның iс-әрекетi арқылы өлшенедi. Бұларды адам бойына жастайынан мiнез-құлық ережесi етiп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы балаларды отбасында кiшiпейiлдiлiкке, iзеттiлiкке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбилеудi бiрiншi мiндет етiп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендерiне қос қолдап сәлем берудi, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол берудi, олардың алдын кесiп өтпеудi уағыздаған. Балалардың жадына "сiз" деген сыпайылық, "сен" деген анайылық, "Адамдықтың белгiсi, иiлiп сәлем бергенi", "Кiшiпейiлдiлiктен кiшiреймейсiз", "Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкiмдi", "Құдай деген құр қалмайды" деген қағидаларды үнемi уағыздаған. Халқымыз "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" деп бала тәрбиелеушi ата-аналардың да өнегелi болуын талап еткен. Отбасының, қоғам тәрбиесi аналарға байланысты екенiне ерекше мән берген, қыздың көркiне ақыл-ойы мен мiнез-құлқының сай болуын қадағалаған. "Қыз қылығымен сүйкiмдi", "Қызым үйде, қылығы түзде" деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершiлiктi жүктейдi. "Қыз өссе - елдiң көркi" деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкiл ауыл-аймақ болып тәрбиелеудi меңзейдi.
Адамгершiлiк қасиеттiң өзектi мәселесi-қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершiлiк қасиеттiң екi түрлi белгiсi ретiнде егiздiң сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.
Оқу үрдiсiнде ой операциялары да iске асады. Елестеу бойынша заттарды дұрыс әрi оңай салыстыра алады. Абстракталы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелiгiнде ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдар анықтау, түсiнiк беру сияқты түрлерi анық көрiне бастайды.
Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелi түрде және нәтижелi ақыл-ой әрекетi дамып жетiледi. Бұл өзiн қоршаған орта туралы, қоғамға енiп, жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрiнедi. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.
Елiмiздегi тiл туралы заң жыл сайын әрбiр Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып отыруға байланысты тек ересектердiң сөйлеу әрекетiнен ғана нәтиже байқалмайды, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тiл дамуы-ана тiлiн терең әрi ұлттық ерекшелiкте меңгерiлгендiгi байқалады. Оқушы ендi өз ойын қалауын, өз сезiмiн ана тiлiндегi сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйектi тұрғыда түсiндiре алады.
Баланың тiлiнiң дамуының мотивтерiне құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселердi бiлгiсi келетiндiгi, түсiндiруге тырысушылық, әңгiменi эмоциялық тұрғыда жеткiзе бiлуi жатады.
Бала бойында кездесетiн әр түрлi жағдайларда iшкi сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудiң коммуникативтiк, сигнификативтiк функцияларын қолдана алады. өзiн қоршаған орта туралы, қоғам өзгерiстерi жайлы, бiрқатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешелiктер туралы тыңдау, оқу, әңгiме, пiкiрталас, талдау сияқты түрлердi меңгере бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуiр өзгешелiк енгiзедi. Көркем жазу сабағы ана тiлiнiң грамматикалық табиғатын ашады және ана тiлiн еркiн меңгеруге мүмкiндiк бередi. Баланың алғашқы мектеп табалдырығын атауы - оның бойында күрделi сезiмдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегi, әрi мектептегi жаңа талаптарға негiзделедi.
Қоғамдық талаптардың өзгеруi баланың жеке басындағы адамгершiлiк, жауапкершiлiк, әдiлдiк, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттердi ашады.
Бастауыш мектеп оқушысының ерiк сапаларының дамуы: бiрiншiден, жетiстiктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемiнiң ұлғаюына және өзгеруiне, екiншiден, iшкi және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшiншiден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртiншiден, өзiн ерiктi тежеу барысында өзiн-өзi меңгеру, тоқтамға келуiнде қалыптасады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы-оқуы мен танымдық әрекеттерiнiң қалыптасуында оқу iс-әрекетiндегi белсендiлiгi мен адамгершiлiк қасиеттерiнiң қалыптасуындағы қарқынды кезең. Олардың өзгелермен қарым-қатынас жасау белсендiлiгiнiң күштi кезеңi деп аталады.
Мұғалiм мен тәрбиешiлердiң үнемi бақылауында болатын балалардың психикалық даму кезеңдерi айтарлықтай сапалы өзгерiстерге ұшырайды.

2. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбиесін берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
Жеке адамның бойында iзгiлiктi қасиеттердi дамытатын объективтi мүмкiндiктерi бар жағдайларды оқушылардың қызметiне iс-әрекетiне қосу - бұл қызметтi педагогикалық мақсатты етiп, сол мақсатқа сәйкестендiредi. Мұндай жағдайлар педагогикалық яғни басқарылатын болуға тиiс. Сонда олардың жеке адамға ықпал етуiн белгiлi бiр дәрежеде реттеп отырады.
А.И.Кочетов негiзiнен педагогикалық жағдайды педагогикалық процестiң бастапқы элементi, өзiндiк "клеткасы" деп түсiндiрудi қолданғанымен, оның педагогикалық зерттеулер үшiн методикалық маңызын байқайды, ол педагогикалық ықпал етудiң және оған жауап берудiң нәтижесiнде педагогикалық қарым-қатынас пайда болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, тәрбиелiк оқиғаларды зерттеудiң негiзгi объектiсi ретiнде педагогикалық жағдайдың "өзегi" болатын да осылар: "егер педагогикалық жағдайды бейнелi түрде "клетка" деп атауға мүмкiн болса, онда педагогикалық қарым-қатынас - "молекула", аталмыш жағдайдағы баланың нақты жауап әрекетi немесе мұғалiмнiң әрекетi - "атом" болып табылады".[16,52]
Адамгершiлiк қасиеттердi және қоғамдық белсендiлiктi қалыптастыру мақсатымен жағдайлардың әртүрлi түрлерi пайдаланылады. Педагогикалық жағдайлар нақ қандай тәрбиелiк мақсаттар мен мiндеттердi көздейтiнiн ұстаздың өзiнiң терең түсiнуi шарт.
Оқушылар ұжымында адамгершiлiк тәрбиесiнiң мiндеттерiн көкейкестi және күрделi етуге көмектесетiн жағдайлардың негiзгi белгiлерiнiң сипаттамасына тоқталайық.
1. "Уайымды бөлiсу" жағдайы. Бұл жағдайға жан толғанысын бастан кешкiзетiн әсерленудiң тиiмдiлiгi негiз болады. Жағдайдың негiзгi ерекшелiктерiн де сол анықтайды.
Әсерлену - адамдардың қарым-қатынас процесiндегi өзара iс-қимылының негiзгi тәсiлдерiнiң бiрi, адамдардың бiр мезгiлде болатын ортақ психикалық күйдi бiрге уайымдасу тәсiлi. Әсерлену дегенiмiз - сезiм қуатының күшiмен ғана емес, қарым-қатынас жасайтын адамдар арасындағы тiкелей психикалық байланыспен де анықталатын сыртқы ықпалдың әсерге бөленуi арқылы жеке адам белгiлi-бiр психикалық күйге ұшыраған кезде көрiнiс беретiн адам мiнезiнiң iшкi тетiгi.
"Уайымды бөлiсу" жағдайында шәкiрттер адамның терең сезiмдi қайғыруын көре бiлу, түсiну, оған үн қосу, өзгенiң қайғысын бөлiсу.
Уайымды бөлiсу, әсiресе, оның адамгершiлiктi түрi-адамдардың топтасуының, өзара түсiнiсуiнiң аса маңызды адамгершiлiк-психологиялық факторы. Сiрә, адамдардың бойында тәрбиелеу және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалау керек болатын бiрге уайымдау өнерi туралы айтатын да кез келдi.
Бастауыш сыныптарда "уайымды бөлiсу" жағдайлары сыныптағы нашар баға алған кезде мәз болысу, басқалардың қайғына немқұрайды қарау, сыныптасы оқуды үлгеруде қиналғанда оған көңiл аудармау және көмектескiсi келмеу, басқаның мұқтаж болған нәрсесiн беруге құлықсыздық, әлсiздерге, өзiнен жасы кiшiлерге қатыгездiк немесе мүлдем немқұрайдылық, ата-анасына, мұғалiмге сергек қарамау, қыздарға дөрекi болу және басқа көрiнiстердi аластау үшiн қолданылады. Өзiмiз тұрған оқушыларды кез-келген сәтте өзiнiң және өзгелердiң адамдық қасиетiн сақтай бiлуге, жеке адамға құрмет көрсете бiлуге, айналасындағыларға сергектiкке, мейiрбандыққа тәрбиелеуге назар аударылады.
2. "Ерiктi мәжбүрлiк" жағдайы. Жағдайдың бұл түрiн қолдануда қоғамның адамгершiлiк нормаларын тек оқушылардың бойына адамгершiлiк тәжiрибесiн қалыптастыру арқылы ғана игеруге болады деген психологтардың қағидасы негiзге алынады. Мұндай тәжiрибе жинау оларды адамгершiлiк үлгiлерiне, оның iшiнде iзгiлiктi қатынас үлгiлерiне сәйкес келетiн қарым-қатынастарға араластырудың арқасында жүзеге асады. Бұл процестi басқара отырып, педагог оқушылардың алдына "өз айналасындағылар жөнiнде белгiлi бiр моральдық көзқарас ұстау, белгiлi бiр сипатта әрекет ету, басқалардың әрекетiн өзiнше бағалау қажеттiгi мiндетiн қояды. Нақ осы тұста адамгершiлiк нормасын белсендi игеру процесi, яғни соған лайықты мiнез-құлық үрдiстерiнiң қалыптасуы жүредi. Адамгершiлiк нормасын тiкелей өмiрдiң өзiне тура әрекет ететiн жағдайдан тыс, дайын ереже түрiнде игергенде ешқашан мұндай табиғи "ерiктi мәжбүрлiктiң" нақты тәжiрибесi тумайды", -- Т.Е.Конникова бұл жағдайдың басты мәнiн осылай анықтайды. [17,36] Тәрбиелiк жағдай кезiнде педагог шәкiрттің ол үшiн ұнамды қызметке тарта отырып, балалардың көңiлге түйген себеп-бағдарына сүйенедi. Ол қызмет өзiнiң шынайы мәнiсi арқылы жаңа, неғұрлым биiк себеп-бағдар туғыза алатын болуға тиiс. Демек, бұл жағдайда нақты ұжымдық қызметке дұрыс көзқарас қалыптасып қана қоймай бұрынғы себеп-бағдар бiр сатыға жоғары көтерiледi, қызметтiң жүзеге асырылып жатқан мақсаты оқушылар үшiн объективтi маңыздыға айналады. Балалар өздерiнде себеп-бағдардың жүзеге асуынан ғана емес, қызметтiң шынайы мәнiсiнен де қанағаттану сезiмiн алады.
Педагог жасайтын "ерiксiз мәжбүрлiк" жағдайлары өзiнiң нысаны жөнiнен адамгершiлiктi болады. Солардың арқасында педагог оқушыларға бiлдiрмей, қарым-қатынастың құрылымы мен мазмұнын өзгерте алады және осы арқылы ұжымдағы өзара қарым-қатынасқа ықпал ете, яғни оқушыларды қатынастың мазмұнын байытуға қызмет ететiн, адамгершiлiк моралiнiң нормалары туралы түсiнiктi кеңейтiп, тереңдететiн қызметке тарта алады. Мәселен, бастауыш сыныптар жағдайында оқушылардың басқа жастағы оқушылармен, сондай-ақ өзге жынысты сыныптастармен араласуын жеделдету үшiн бiз оларды ұжымға қосылмай қалған балалармен қарым-қатынас жасауға сыныптастарын мәжбүр ететiн қызметке тарттық. Осының арқасында ұжымда "аласталғандарға" көзқарас өзгердi, ер балалар қыздарға ыждағатпен қарамай, дөрекiлiк көрсететiн жағдайда, олардың қыздарға зейiнмен, iлтипатпен қарауын талап ететiн қызмет ұйымдастырдық, т.б.
3. "Ерiктi таңдау" жағдайы адамның айналасындағы ақиқат құбылыстарға таңдап араласуына негiзделген. Адамның өмiрде шешiм қабылдауы көп реттерде оның қылығының адамгершiлiк жағы көрiнiс табатын таңдау жағдайына орай болады. Нақ сондықтан да еркiн таңдау жеке адамның нақты жағдайлардағы мiнез-құлқын белгiлейтiн адамгершiлiк белгiлерiне айналған өз қоғамыңыздағы принциптерiмен жанасуы тиiс.
О.С.Богданова мен В.И.Петрованың пiкiрiнше, нақ "iс-қылықтардың адамгершiлiк бағасы және оны әркiмнiң өзi бағалауы мiнез-құлықты реттеушi болып көрiнетiнiне" байланысты, адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру және дамыту мақсатымен балаларды өз мiнез-құлқын таңдап алу қажеттiгi жағдайына қоюдың маңызы бар. [13,55] Ерiктiлiктiң орнына, негiзiнен мiндеттiлiк принципi әрекет еткен кезде, олар мұндай қызметтi сынап-мiнейтiн болады. Бұл оқушыларды таңдауды өздерi дербес жасау, сондай-ақ, өз мiнез-құлқын жеке бастың намыс, абырой, мақтаныш, т.б. қасиеттерiнiң нәзiк психологиялық саласында реттеуге ден қою мүмкiндiгiнен айырылады. "Адамгершiлiк тәрбиесi үшiн, - деп санайды авторлар, бұл арада нақ осындай, дұрыс қылық жасауға мұғалiм мен ұжым мәжбүр етпейтiн, адамгершiлiк бағдарды оқушының өзi таңдап алатын жағдай маңызды". [11,63] Бiздiң ойымызша "таңдауды өзi жасады" деген түсiнiк бiршама салыстырмалы түрде ғана алынады. Қарым-қатынас субъектiсi барлық кезде, әсiресе бастауыш сыныптарда таңдау жағдайында бiрдей дәйектi бола бермейдi.
Бастауыш сыныптарда өзiне-өзi қызмет көрсету iсiнде, сыныпта, асханада кезекшiлiк еткенде балалар қайткен күнде де ең жақсысын өзiне иемденуге ұмтылатын кезде, өзiне жұмыстың жеңiлірегiн таңдайтын немесе адал атқармайтын кезде, ойын үстiнде өзiнiң жеке қамы немесе жеңiске жетуi үшiн жолдастарының мүддесiн ұмытатын кезде, сәбилерге, қыздарға қарым-қатынаста ара түсетiн немесе қарамай өте шығатын, т.б. кездерде жиi туындайтын "таңдау" жағдайлары басқаруды талап етедi. "Моральдық таңдау" жағдайларында оқушылардың мiнез-құлқына ұжымдағы қарым-қатынас адамгершiлiктi ету мақсатымен ықпал ете отырып, педагог оқушыларда адамгершiлiктiң мәнi туралы дұрыс түсiнiк қалыптастырады, олардың адамгершiлiк заңдары бойынша нақты мiнез-құлық тәжiрибесiн жинақтауына көмектеседi.
4. "Моральдық шығармашылық" жағдайы "моральдық таңдау" жағдайымен тығыз ұштасып жатады. Қандай да бiр нақты жағдайда қалай әрекет ету, қандай нақты таңдау жасау дәл сол жағдайдың өзiне шығармашылықпен қарауға байланысты болады. Балалардың өзара қарым-қатынасында адамгершiлiктi iске асыру фактiлердi, құбылыстарды қарап, бағалауға диалектикалық тұрғыдан келудi талап етедi, ал олардың қылықтарын догматтықпен бағалау, тiптi жақсы ниетпен жасалғанның өзiнде, адамгершiлiкке жатпайтын, адамгершiлiкке қарсы әрекетке айналуы ықтимал. Мысалы, сынап-мiнеу, түрiндегi талапшылдық жеке адамға құрметтiң орнына, оның адамдық намысын қорлау, сөйтiп адамның өз кемшiлiгiн сезiп-бiлуiне көмек көрсетудiң орнына оның жеке адам ретiнде сағын сындыруы, ретсiз айтылған шындықтың дөрекiлiк, тiптi қатыгездiк болып шығуы мүмкiн. Сайып келгенде, адамгершiлiк нормаларын игеру, моральдық тәжiрибе жинақтау, оларды өмiрдiң түрлi жағдайларында жүзеге асыру-жеке адам үшiн шығармашылық процесс болып табылады.
"Моральдық шығармашылық" жағдайлары оқушылар педагогтың бастамасынсыз-ақ, өздерi жеке ынтагерлiгiмен адамгершiлiк қылықтар жасауға қабiлеттi болып қалған жоғары даму деңгейiндегi ұжымға тән.
Шәкiрт адамгершiлiк қарым-қатынастар процесiнде субъект тұрғысында бола алуы үшiн оған көбiнесе шығармашылық жағдайларында алынатын тәжiрибе қажет. Бастауыш сыныптардың оқушыларында олардың жас ерекшелiктерiне байланысты, мұндай тәжiрибе аз. Сондықтан балалар арасындағы өзара адамгершiлiк қатынастарды қалыптастыруды бастамасы-ақ педагог "уайымды бөлiсу", "ерiктi мәжбүрлiк" жағдайларын жоспарлап, "моральдық шығармашылықты" олардың қисынды аяқталуы ретiнде болжап бiледi. Педагог балалардың ұсыныс-бастамасын қолдап, оны қажеттi арнаға салады, олардың қызметiнiң адамгершiлiктi негiзде ұжымдылыққа айналуына көмектеседi.
5. "Сенiмдiлiк" жағдайы. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң процесi басқарудың барлық кезеңдерiндегi жарнама араласулармен қатар, балалар арасында қалыптаса бастаған қатынастарды тез арада түзету үшiн жедел түрде тiкелей араласуды да жиi талап етедi. Мұндай араласудың тиiмдiлiгi педагогтың оқушылармен қатынаста "сенiмдiлiк" жағдайын туғыза бiлу шеберлiгiне байланысты. Осының арқасында ол балалардың қылықтарының себебiн терең зерттей отырып, жеке адамның мiнез-құлқына неғұрлым нәзiк жолмен ықпал етедi. Сонымен бiрге "сенiмдiлiк" жағдайы оқушыларға ойдағыдай ықпал етуге қажеттi "керi байланыс" арнасының қызметiн атқарады. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынаста сенiмдiлiк ахуалын орната бiлуi-оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi шарттарының бiрi.
Педагогикалық жағдайларды адамгершiлiк тәрбиесiнiң құралы ретiнде пайымдап-талдаудың нәтижесiнде бiз мынадай қорытындыға келдiк, әрбiр жағдай өзiнiң алдындағы қарағанда шәкiрттiң көбiрек дербестiк пен белсендiлiк көрсетуiн талап етедi: "уайымды бөлiсу" адамгершiлiк принциптерiн сезiм-әсер деңгейiнде түсiнуге мүмкiндiк ашады, "ерiктi мәжбүрлiк" жағдайы белсендiлiк пен дербестiктiң бiртiндеп көрiнуiн көздейдi, өйткенi адамгершiлiк принциптерiн игеру мен жүзеге асыруда педагог, балалар ұжымының қоғамдық пiкiрi, ұжымдық қызметте ұстанған бағыт ұйымдастырушылық қызмет атқарады. "Еркiн таңдау" жағдайы оқушыға жеке басының тәжiрибесi мен моральдық құндылықтарына сүйене отырып, өзiнiң мiнез-құлық желiсiн, өз қылықтарын анықтау мүмкiндiгiн бередi, "моральдық шығармашылық" жағдайы-оқушыларды ұжымда адамгершiлiк құндылықтар жасауға шығармашылықпен қарауға дейiн көтеретiн дербестiк пен белсендiлiктiң жоғары деңгейiнiң көрiнетiн тұсы.
Тәрбиелеу процесiнiң бастапқы кезiнде жағдайлар негiзiнен алдын-ала ойластырылған сипатта болады, оларды педагог белгiлеп, жоспарлайды. Жоспарланған жағдайлардың өздiгiнен туатын жағдайлардан көп болуы балалар ұжымында адамгершiлiк қатынастардың даму деңгейiнiң төмендiгiмен түсiндiрiледi, педагог қарым-қатынасты алдын-ала берiлген, жоспарланған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балаларға берілетін еңбек тәрбиесінің міндеттері
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері
Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру ұғымы
Бастауыш сынып баланың ерекшелігі және оның дамуы
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Пәндер