Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика пәнінен курстық жұмыс

Тақырыбы: Оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын бақылау және бағалау



МАЗМҰНЫ
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 . Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі
0.1 .Оқыту процесінде білімді бақылаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...6
1.2. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Оқу үшін бағалаудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2. Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау
2.1. Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлылықты жою. Бағалаудағы қателіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Тексерудің әдістері, тексеруден диагностикаға көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3. Білім, білік, дағдыны анықтаудағы педагогикалық бақылаудың түрлері ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қосымша

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын ояту
- ең маңызды мақсат
К.Д.Ушинский
Бүкіл адамзат қоғамның, XXI ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы білімді, жетілген жеке тұлғаны қапыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет болып отыр. Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім, біліктерінің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мәселесі қойылған. Белгілі бір көлемдегі білік дағдыларды меңгерумен қатар табиғат, қоршаған орта туралы түсініктері кеңейте отырып, оларда шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, оларды үнемі бақылау, әрине қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуы, оларды керекті бағытына жаңаша ізденіспен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Баланың қабілетін өрістететін, дамытатын тек мектеп қана. Қазіргі кезде республикамызда білім беру ісін жаңғыртудың негізгі ұстанымдары ретінде демократияландыру, ізгілендіру ұстанымдары анықталды. Олардың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан теориялық материалдардың мазмұны, оқушының өздігінен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет. Ең алғашқы білім бастауыш білім болғандықтан, бастауыш саты - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерумен бірғе табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды педагогикалық бақылаудың бір түрі - тестілеу бағытында жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдаструдың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Зеттеудiң мақсаты: Әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, мектептегі білім беру үрдісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік беру;
Білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын-ала белгілі өлшемдермен салыстыру арқылы , әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін,дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтау.
Зерттеудiң мiндеттерi:
Жоғарда аталған мақсатқа сүйене отырып, Жалпы білім беретін орта мектепте бағалауды енгізудің өзіне тән ерекшеліктерін анықтау, өмiр талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындауға лайықты шәкiрттердi тәрбиелеу, ғылыми-теориялық тұрғыда негiздеу.
Зерттеу болжамы: Егер заманауи мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдердің нақты жүйесі жасалса, онда заман талабына сай, жан-жақты дамыған, білімді, білікті тұлғаны тәрбиелеп шығаруға болар еді.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,әр тарау үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеті, тақырыптың өзектілігі,болжамы және де жұмысқа жалпы сипаттама жазылады.

Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі
.1 Оқыту процесінде білімді бақылаудың маңызы
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау оның аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. Бақылаудың тақырыптық түсін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, У.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исаков, Е.И.Теповский, С.Ф.Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Доган теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қортынды шығаруға болады. Себебі есепке алу бақылау ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің 5 балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді.
30-жылдары білім, білік, дағды нәтежесін есепке алуды, бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.
Онда білімді бақылау (Е.И.Перовоский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оны дамыту қызметі ойластыруды. (Н.Т.Даири).
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.

Білім, Білік, Дағды деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:
Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.
Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді. Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату.
Білік іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю.Н.Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік.
Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі. Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады. А.В.Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікір айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.
Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.
Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек. Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.Сөйтсе де, әлі де болса оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды күнделікті бақылау-бағалау бес балдық жүйеден аса алмай отыр. Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс-жолдары жолға қойылып отыр. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саыалы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдында бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады. Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Ал өзінің істейтін еңбегіне орай, адам тиісті дағдыларды меңгермесе, өзінің істейтін жұмысының тетігіне жете алмайды, жұмысын дұрыс ұйымдастырып, еңбек өнімін арттыра алмайды, әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер, көп күш жұмсайтын болады. Егер мұғалім мен шахтерді салыстырса, екеуінің де өздерінің мамандығына лайықты көп үйреншікті дағдыланулардың бар екенін байқауға болады. Егер мұғалімді шахтаға түсірсе, мұғалім жұмыстың тетігін білмегендіктен, шахтёр күніне 150 тонна көмір шығаратын болса, мұғалімнің күніне бір тонна көмір табуы қиын болар еді. Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға, тағы басқаларға машықтана алмаса, олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.
1.
Дағдылану - соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биологиялық әрекетпен салыстырғанда адамның жеке басының
тіршілігінде пайда болатын қылықтар.
2.
Дағдылану - үйренумен, жаттығумен, бір әрекетті бірнеше рет пайдаланумен дәл қазіргі әрекетті басынан өткізген адамның бұрынғы
тәжірибесіндегі әдеттермен байланысып, жүзеге асады.
3.
Дағдылану зейіні, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен автоматизм арқылы жүзеге асып отырады. Бірақ барлық дағдылану автоматизм тәрізді деуге болмайды. Кейбір өте күрделі дағдыланулар, мәселен, ақыл-оймен байланысты, автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкін.
4.
Дағдылану бір қалыпта өзгермей тұратын әрекет емес. Егер адам өзінің әрекетінде, жүріс-тұрысында, ақыл-ойында жаттығу, қайталау арқылы атқаратын болса - сол әрекетін басқа әрекеттерге де көшіре алады.
Мысалы, адам әр уақытта оң қолымен жазып, сол қолымен еш уақытта жазбаған болса, ол сол қолымен де жаза алады. Дағдылану өте күрделі процесс. Оған бірнеше жекелеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, мылтықты жақсы ататын құрал ету үшін, әуелі оның бірнеше жалқы, жеке бөлшектерінің қандай қызмет атқаратынын үйрену қажет. Адамда заттарды еске түсіру дағдылануы көп болса, оның әрекеті соншама жемісті болмақ. Дағдылануды қалыптастыруда адам баласында саналы әрекеттер үлкен орын алады. Көбінесе біз кейбір әрекеттерді қайталап дағдылануды үйренгенде, ол дағдыланудың неге керегі бар, біз неге оған үйренеміз, оның қандай пайдасы бар, оны қалайша атқару керек деген мәселелердің барлығын ойлап, саралап, санамыздан өткізіп отырамыз. Бұл жағдай адам баласында дағдыланудың пайда болуы хайуанаттар дағдылануынан өте айрықша екендігін көрсетеді. Дағдыланудың физиологиялық негізі адамдағы шартты рефлекстердің пайда болуымен байланысты. Дағдылануды сипаттарына қарай екі түрге ажыратуға болады. Қосымша А

Автоматизм дағдыланулар оқыту, үйрету арқылы пайда болатынын бірақ әрекет қатар адамның зейінін жұмсауды керек ететінін айтамыз. Мысалы: жүру, жүгіру т.б. Автоматизмге айналған дағдыланулар өздігінен әрекет етіп, адамның сапасына бағынбайды, оның ықпалында болмайды. Көбінесе мұндай жағдай психикасы ауруға шалдыққан адамдарда болады. Мұндай әрекетер адамның кейде өте шаршағандығынан, зорыққандығынан, я болмаса бір жері ауырғандықтан өздігінен пайда болатын қимылдар жатады.
Түнде ұйықтап жатып, тұрып кететін лунатиктердің әрекеттері санасыз болады. Олар ұйықтап жатып, қандай әрекет істегендігін, қалай жүріп-тұрғандығын білмейді. Ондай адамдарды тұрып кеткен уақытында артынан қадағалап жүрген жөн, бірақ оятам деп әрекет жасамау қажет. Себебі ол бір дегеннен шошып, оянып кетіп, жүрегі жарылып өліп кетуі мүмкін. Автоматизмге айналған қимылдарға әдеттерді де қосуға болады. Әдеттердің адамға пайдалылары да, пайдасызы да бар. Сондықтан балаларға пайдалы әрекеттерді сіндіріп, пайдасыз, зиянды әрекеттерді үйретпеу жағын көздеу керек. Мысалы, әдеттерге ерте тұру, уақытты дұрыс пайдалана білу, тапсырмаларды уақытында орындау, жұмысты жақсы істей білу, т.б. жатады. Дағдылануды сипаттарына қарай тағы да екіге бөлуге болады. Оиың бірі - қимыл дағдылары; екіншісі интелектуал (ақыл-ой) дағдылары. Дене қимылы арқылы пайда болатын дағдыларды қимыл-моторика дағдысы дейді. Мысалы, билеу, конъкимен сырғанау т.б. Дағдыланудың бұл түрінде адамның дене мүшелері қимылға түседі. Интелект дағдылар адамның ақыл-ойымен байланысты. Мысалы, оқу үстінде шәкірттерді есепті дұрыс, әртүрлі жолдармен шығара білуді үйрететін дағдыландыру.
Дағдылануды мына төмендегі бағытпен жүріп отырады деуге болады. Дағдылану жылдамдығы біреше себептерге байланысты: егер дағдыланатын әрекет өте қиын болып, дағдылану нәтижесі бір дегеннен көңілдегідей болмаса, ол біртіндеп қалыптасады. 2) Адам әрекетке дағдылануда өзіне қатысты тәжірибесінде болған әрекеттерді қалыптастыруда, оған қызығушылық пайда болып ол тезірек дағдылануы мүмкін; 3) Оқыту, үйрету әдісі, жеңіл, әсерлі болса адам дағдылануға тез үйренеді; 4) Егер оқыту, үйрету әдісі нашар, қиын болса тез дағдылана алмайды. Кейбір мұғалімдердің сыныбындағы балалар хат тануға тез үйреніседі, есепті тез, қатесіз шығара алатын болады. Ал, кей мұғалімдердің үйрету әдісі көңілдегідей болмағандықтан, бала оқып-жазуға тез үйрене алмайды, қате жазып, есепті дұрыс шығара алмайды. Дағдылану кезінде оның нәтижесі әркез жоғары өсіп отырмайды, кейде бәсеңдеп, төмен түсіп кетуі де мүмкін. Оның бірнеше себептері бар, оларды объективтік және субъективтік себептер деп бөлуге болады. Мысалы, кей оқушының оқу құралы өне бойы түгел бола бермейді, т.б. Әрине, бұндай жағдайлар дағдының қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Немесе субъективтік жағынан көбіне физиологиялық ерекшеліктері нашар болуына байланысты да болуы мүмкін.
Дағды - әрекеттің адам бойында орнығуы әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп, дағды - бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойында сақталатыны, - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет. Міне нағыз білім осылар!
Дағды, - деп көрсетеді психог С.Л.Рубинштейн саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендерден естіген іс-әрекеттерін көріп, бақылап оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды.
Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерулері арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдің құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. Білім негізі - бастауышта деп бекер айтылмаған. Мысалы, дыбыс туралы ұғым беру әліппе кезеңінін өзінде-ақ басталады Бұл кезеңде дыбыс белгілі заттың атауында, белгілі бір ұғымды танытуда сөздің басында, сөздің аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші класта қазақ тілін оқытқанда дыбысты айтамыз, естиміз деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші класта дыбыс туралы білім берілгенде де негізге алынады. т.с.с. Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны бақылау өте маңызды деп қарау керек. Өйткені бастауыш сынып оқушыларды үнемі назардан тыс қалдырмай, алған білім нәтижесін бақылаудың ең оңайынан бастап, күрделілендіріп отыру қажет. Сонда әр шәкірт өз еңбегінің жемісін көре біледі, сезеді, оны таразыға салып, тиімді жағын ойластыра бастайды. Өзін-өзі бақылауға ала бастайды, өзіне де, жан-жағындағыларға да сын көзбен қарай бастайды. Жаңа заман талабына сай енгізілген бақылау түрлерін қазақ тілі сабағында әр тақырып бойынша, көлемін сәл үлкейтіп тарау бойынша да, аралық т.б. түрліше етіп, баланы жалықтырмайтындай тексеру түрлерін өткізуге болады. Тест түрлерін әуелі оқушы жақсы ажырата білуі керек және оны пайдалану жолдарын да білгені шарт. Тестілеу арқылы арнайы бақыланған балалар тексерудің бұл әдісіне түсінгеннен соң өзгереді де, соған икемделіп, келесі сабақта өтілетін тестілеуге іштей дайындалып жүреді. Білім, білік, дағдыны тесті арқылы үнемі тексеруден кейде баланың қызығушылығы кемуі мүмкін.
Сапа ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі - стандартқа сәйкестігі, екіншісі - оқушының сұранысын қанағаттандыру (бұл 12 жылдық оқуға ауысудың бағдарламасында ескерілген ереже).
Бағалау - оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтау. Мектептің бастауыш сатысындағы оқу пәндері бойынша оқушылар білімінің оқу пәндері бойынша мемлекеттік міндетті стандартпен оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру, олардың білімді меңгеруіндегі кемшіліктерді анықтап, оны жетілдірі мақсатында жүргізілетін күнделікті бақылау.

1.2 . Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
Білімді меңгеру дегеніміз - оқушылардың білімді қабылдай ғана қоймай, оны түсініп, бекітіп, тәжірибеде пайдаланатын деңгейге жеткізген таным әрекетінің нәтижесі. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау мемлекеттік маңызы бар және білім беру органдары мен мектеп әкімшілігінің мұғалім жұмысын бақылауының құралы болып табылады. Оқытудың барлық кезеңдерінде бақылау жұмыстары, байқау, оқушылар жұмысын талдау, бақылаудың басқа да формалары тексеру мақсатында пайдаланылады. Білімді тексерудің білім берушілік мәні мұғалім үшін де, оқушы үшін де оқушының қандай білім мен білікті менгергенінің белгілі болуында. Білімді бағалау сол білімнің игерілуі сапасын анықтайды. Тексеру мен бағалау оқушылар бойында оқудың орынды себептерін туғызады, қызығуын, білімге құштарын және бейімдігін, оқу жұмысындағы ұжымдық пен достық сезімдерін тәрбиелейді. Оқушылар жолдастары жақсы, өте жақсы баға алғанда қуанады, үлгірмеушілерге көмектесуге тырысады. Мұғалім білімді тексергенде баға сынып ұжымында қандай әсер қалдырғанын, оқушылар жолдастарының табысы мен сәтсіздігіне қалай қарайтынын үздіксіз бақылап отыруы қажет.
Арнайы мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету-дамыту амал-тәсілдерімен таныстырады. Оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, оқу материалын сапалы игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беру, тапсырманы қалай дұрыс орындауға ойланады, сол арқылы сөйлеу тілін, ойлауын дамытады.
Оқыту процесінде білімді тексерудің мәні мұғалімнің бұл жұмыс формасын ұйымдастыруына қойылатын талаптарды анықтайды.
1. Мұғалім оқу материалын игерілуінің сапасын тексеріп, оқушылардың білім деңгейін бағалайды. Бұл жұмыс арнайы білім беру бағдарламаларында бекітілген талаптарға сәйкес жүреді.
2. Білімді тексеру мен бағалау жүйелі және үздік:сіз болуы керек. Кейбір пәндерден оқушының білімін бағалау оның өмірінің бір көрінісі ғана болып қалмағаны жөн. Оқушы кез - келген сабақта жауап беруге дайын болуы керек. Бұл оқушының танымдық іс - әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
3. Білімді тексеру мен бағалау оқушылардың таным процестерін дамытуға, оқудың қиындықтарын жеңе білуге байланысты мінез-құлық пен еріктік сапаларын тәрбиелейді.
Арнайы мектептерде дәстүрлі білімді тексерудің түрлері қалыптасқан. Қосымша Ә
Барлық тексерулерді өткізуде арнайы мектеп мұғалімдері оқушылардың бойындағы кемістіктің түрі және даму ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Балалардың оқу материал игеруінің сапасын бақылау мен тексерудің құралы мұғалім сұрақтарын жауап, өз бетінше және жаппай сұраулар болады. Жаппай сұрауда қысқаша жауап беруді талап ететін сұрақ бүкіл сыныпқа қойылады. Оқушы мұғалім рұқсатымен орнынан тұрып не отырып жауап береді. Бір сұраққа бірнеше жауап алып, мұғалім оқушыға оқу материалының белгілі бір бөлігін тұтас, жүйелі қайталайтындай мүмкіндік беретін келесі сұрақты қарастырады. Бұл жұмыста оқушылардын қабылдау, зейін және сөйлеу тілінің ерекшеліктерін аса қадағалау қажет. Сұрақтар оқушыларға түсінікті болуына мұғалім жауапты. Жеке сұрау барысында да сұрақ бүкіл сыныптың зейінін аударатындай етіп қойылады. Сұрақты қоя салып оқушының жауап беруге шақырудың қажеті жоқ, әсересе арнайы мектеп оқушыларына ойлануға мүмкіндігін беру керек. Оқушылар өз жолдасының жауабын мұқият тыңдап, толықтырады және түзетулер енгізеді. Бір оқушыдан сұрай отырып бүкіл сыныппен жұмыс істеу мұғалім шеберлігі болып табылады. Оқушылар білімін қорьпынды тексеруде ең қолайлысы бақылау жұмыстарын жүргізу (арнайы ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы). Бақылау жұмысы алдын ала ескертілмесе, оқушы бойыеда өте күшті сезімдік қобалжу туады. Жұмыстың оқушылар мүмкіндіктеріне сай және қол жетерлігіне сенімді болу үшін мұғалім оқушылардың даму деңгейін жақсы білу керек. Қазіргі уақытта арнайы білім беруде оқушылардың білімін тексеру, бағалау арнайы білім беру бағдарламаларда бекітілген талаптарға лайықты. Сонымен бірге, дәстүрлі бағалармен бірге, бастауыш сыныптарда "+"," -- ", түсті дөнгелек, төртбұрыштар пайдаланады. Баға қою кезінде арнайы мектеп мұғалімдері міндетті түрде, не үшін, қандай баға қойылғанын оқушыларға түсіндіруі тиіс.
1.3. Оқу үшін бағалаудың маңыздылығы
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден - бір жолы оқушы білімін критери
алды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
::Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
:: Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
:: Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
:: Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
:: Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
:: Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
:: Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
:: Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
:: Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
:: Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
:: Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
:: Сабақ берудің сапасын арттыруға;
:: Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
:: Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
:: Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
:: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
::Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
:: Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
:: Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
:: Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
:: Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
:: Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
:: Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
:: Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
:: Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.

2. Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау
2.1. Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлылықты жою. Бағалаудағы қателіктер
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы түрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы жөне практикада қолдану тәжрибесі арасында әлі де болса қарама қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Дегенменде, бүгінгі таңда оқьггу теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр. Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді
Сондықтан оқушылардың дербестігін, белсенділігін артгыруда мұндай өзіңдік әрекеттерге үйрету маңызды мәселе болмақ. Оларды өз жұмыстарының нәтижесін бағалай білуге үйретудің тәрбиелік маңызы зор.
Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып та-былады. Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика - бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
"Диагностика" түсінігінің мәні "білім, ептілік және дағдыларды тексеру" түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. "Тексеру" нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана андатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс - тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар - бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалануын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі - бұл қадағалау. Қадағалау ~ білім, ептілік және дағдылардын игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру - бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет - қимылдар жүйесі.
Мән - мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалыкты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын бай-қастырады. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту - оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

Оқу процесіндегі қадағалау әртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен атқарылады. Педагогикалық тәжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдык, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал ізімен. Алдын-ала қадағалау - әдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат - оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі.
Қадағалау әркилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық және сыныптық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалаудың тарихы
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Пәнге қызығушылықтарын білімді сынау арқылы арттыру (білімнің тексерудің әр түрлі түрлері)
Информатика пәнінен қазіргі таңдағы бақылау, тексеру, бағалауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Оқушылардың білімін және білімін тексеру
Білімді бағалаудың критерийі
Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау
Кәсіптік оқыту процесінде оқушылардың білімін тексерудің және бағалаудың педагогикалық негіздері
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
Пәндер