Мектептегі дарынды оқушы балалар
Педагогика пәнінен курстық жұмыс
Дарындылықты анықтау және оны дамыту.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Дарындылықты анықтау және дарынды баланы дамыту
1.1. Баланың жас ерекшелік қабілеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты әдістемелік әдебиеттердің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Балалардың дарындылығын пайымдау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 11
2. Педагогикада дарындылық түсінігі негізгі тәжірибелік мәселемен тығыз байланысы
2.1.Әр баланың интеллектуалдық шығармашылық қорын аңықтауға бағытталған жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2.Дарынды балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...15
2.3. Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.4.Зерттеу нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Қосымша
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық-психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және есуі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді. Сенің елдігің тарихынды зерттеуден басталады - деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылыққа шыңдау міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз.
Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкіртіміздің ішкі сырын жасырын ұстайтын ескерсек, олардың олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап-жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы. Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті, орташа деңгейдегі оқушы, үлгірімі нашар оқушы деп үш топқа бөлуге болады. Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе. Осы тұста Ерекше қабілетті оқушы деген кім? деген сұраққа жауап беретін болсақ... Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын, алдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ерекеше қабілетті, талантты балалардың био-химиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қортуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасқан қасиет. Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - ұстаздардың басты міндеті.
Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күту керек пе, әлде көгенкөз балалардың бойындағы дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба? Ия, бүгін қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет. Дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі танда ауадай қажет. Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірініші болып ізденеді. Дарындылық деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз?
Зерттеу обьектісі: Мектептегі дарынды оқушы балалар.
Зерттеу пәні: Дарындылықты анықтау және оны дамыту.
Зерттеу мақсаты: Дарындылықты анықтау мен қолдау жолдарын зеределеу.
Зерттеу міндеттері:
1.Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістеметлік әдебиеттерді зерделеу.
2.Ғылыми әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру.
3.Балалардың дарындылық қасиеттерін аңықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау.
4.Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологияларын жалпылау.
Зерттеу әдістері: Бақылау, аналитикалық, ақпараттар іздеу, модельдеу, зерттеу және эксперимент.
Зерттеудің болжамы: Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде әр мектептегі дарынды оқушының интеллектуалдық ой-өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер мектептегі дарынды оқушымен жекеленген жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі қабілетті балалардың жан-жақты ашылуына септігін тигізеді деген ойдамыз.
Практика үшін маңызы: Зерттеудің қорытындылары негізінде дайындалған материалдар мұғалімдерге және практиканттарға оқушылардың дарындылық қасиеттерін дамыту үшін пайдалануға болады.
Зерттеу жаңалығы:
1.Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер зерделенеді.
2.Ғылыми әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балаларға сипаттама беріледі.
3.Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналаған әр түрлі әдістемелер жинақталады.
4.Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары жалпыланады.

1.1. Баланың жас ерекшелік қабілеті
Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік бұл адамның белгілі бір іс әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Демек, бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады. Ерекше қабілеттілік белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен тығыз байланысты. Табиғи дарындылық- дегеніміз не?
Нышан- дегеніміз қабілеттің дамуының анатомиялық физиологиялық алңышарты. Қабілет дегеніміз тұлғаны кез келген іс әрекетті табысты орындауы. [1, 18]
Дарындылық- дегеніміз адамның кез келген іс әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.
Шығармашылық- дегеніміз адамның өмір шындығында өзін өзі тануға ұмытлуы, ізденуі.
Данышпандық- дегеніміз қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарындылық жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі.[3,24]
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық дегеніміз - адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық - сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады. Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау - ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер - негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интеллектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу - аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу - баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы.
1.2. Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты әдістемелік әдебиеттердің маңызы
Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектрінде көрініс тапқан.
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе дарындылық белгілері психологтар арасындағы пікірталастардың негізі болып табылады.
Ғылыми-әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын мына тұрғыда беруге болады:
-дарынды балалар сипаттамасы;
-дарындылықтың факторлары.
Жалпы қабілеттілік:
-ақыл-ой коэфиценті 120 балдан жоғары;
-ерекше есте сақтау;
-ауызша түсіну және ойды нақты баяндау;
-сөйлеу шапшаңдылығы, мол сөздік қор;
-есептеуіш қабілеттіліктер;
-ойлау өткірлігі (қабылдау жылдамдығы);
-қабылдау кеңдігі ( объектімен кең композициялар құру);
-жүйелі білім құрылымы (ақпатартты өңдеу, анализ-ситез, индукция-дедукция);
-аса жоғары тұрақталған көзқарас
-байқағыштық;
-когнетивті көзқарас. [2, 201]
Арнайы қабілеттілік:
-академиялық (жеке пәндер бойынша жоғары нәтижелер);
-лингвистикалық (тілді қолдану қабілеттілігі);
-қисынды-математикалық (объектілермен, символдармен, белгілермен жұмыс жасау);
-кеңістік (үлгілермен, фигуралармен, суреттермен жұмыс жасау). [7,89]
Шығармашылық қабілет:
- мәселені түсінушілік (олардың танылуы, табылуы);
-шапшаңдылық (түрлі идеяларды генерациялаудағы шапшаңдық);
-икемділік (мәселені шешу мүмкіндігіне жеңіл ауысу);
-түпнұсқалық (объектіні дамыту, жаңа шешімдер, идеялар);
-елестету (фантазия);
-жоспарлау;
-шешімдерді қабылдау;
-шешімдерді жүзеге асыру, зерттеушілік белсенділік;
-эмоционалды белсенділік;
-сезіну;
-аналитикалық қабілеттіліктер (идеяларды бағалай білу дағдысы);
-өзін-өзі дамыту;
-түпнұсқалық шешімдерге жету.
Танымдылық қажеттіліктер:
-білімге құштарлық, танымдық белсенділік;
-ақыл - ой еңбегін қанағаттандыру;
-оқудың шапшаң жылдамдығы мен ептігі;
-әрекет етудің белглі бір жақтарына жоғары сезімталдық. [4, 67]
Мақсатқа тұрақтылық:
- тұрақты қызығушылық;
-мақсатқа жетудегі тұрақтылығы;
-мүмкіндіктерін таратуға ұмтылу;
-еркіндікке тұрақтылық;
-еңбексүйгіштік жұмысқа қабілеттілік;
-өзін м өзі тәрбиелеу;
-өзін - өзі сынай білуі.
Оқушының тұлғалық әлеуметтік бейімделуі:
-жанұя;
-мектеп;
-қоғам.
Өз қатарымен, ересектермен өзара қарым - қатынасына орната білу дағдысы:
-ынталылық;
-өзін және өзгелерді түсіне білуі;
-іс - әрекетте тәуелсіздігі;
-жалпыға бірдей стандартты қабылдамау;
-ашық темперамент;
-өзі - өзі басқару, өзіндік жауапкершілік;
-мен - концепциясы (өзіне сенімдік және өзін адекватты бағалауы).[5,119]
Дарынды бала жайында айтылған сипаттамаларды байланыстыра келе, дарынды баланың қарапайым балалардан ерекше болып келетін белгілерін қарастырамыз. Дарындылықтың сыртқы көріністері әртүрлі интеллектуалдық және жеке тұлғалық қабілеттіліктерінде түрліше көрінеді. [6, 222]
1.3. Балалардың дарындылығын пайымдау ерекшеліктері.
Қазіргі кезде балалардың дарындылығын арттыру мен оны қалыптастыруда алдын - ала пайымдау өзекті мәселенің бірі. Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға төмендегідей әр түрлі оқыту әдістерін кешенді түрде қолдану негіз болады:
-балаларды бақылау әдістерінің түрлері;
-арнайы психологиялық тренингтер;
-балалардың мінез құлқын бағалау арқылы тексеру;
-арнайы бағдарлама бойынша сынамалы сабақтар жүргізу;
-интеллектуалдық іс шараларды ұйымдастыру (пәндік олимпиадалар, конференциялар, жарыстар, байқаулар және т.б.).[19,202]
Оқушылардың дарындылығын пайымдау үрдісі неғұрлым сапалы және тиімді нәтижеге жету үшін педагогтарға арнайы құрастырылған оқыту әдістерін қолдану қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша мұндай әдістер ең алдымен баланың танымдық және тұлғалық даму деңгейін айқындауға бағытталуы тиіс. Бұл міндетті төмендегідей шкала бойынша аңықтау ұсынылады:
-төмендегі деңгей егер жеке ерекшелік мүлдем байқалмаса;
-орташадан төмен деңгей егер жеке ерекшелік сирек байқалса;
-орташадан жоғары деңгей егер жеке ерекшелік жиі байқалса;
-жоғары деңгей егер жеке ерекшелік үнемі байқалып отырса. [8,156]
Педагог баланың дарындылық қасиетін оның белгілі бір қызмет түрінде жиі байқалуы мүмкін. Жеке зерттеушілер С.А. Леднева осыған байланысты баланың төмендегі сипаттамаларына көңіл бөлуді ұсынады:
-жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс;
-белгілі бір қызмет барысында жаңа шығармашылық жұмыстарды орындауға ұмтылу;
-белгілі бір қызмет түрінде жаңа жобаны өздігінше жүзеге асыруға ұмтылу;
-жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс;
-алынған ақпаратты талдауға, жинақтауға, қорытындылауға және өз қызметінде пайдалана отырып, нәтиже шығаруға деген қабілеттілік;
-алға қойылған мәселенің қайталанбас шешімін таба білуге деген қабілеттілік;
-өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну;
-белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс;
-өз қызметінде және белгілі бір қызмет барысында балаларды өз қарамағына топтастыруға деген ұмтылыс.

2.1.Әр баланың интеллектуалдық шығармашылық қорын анықтауға бағытталған жұмыстар
Жаппай орта білім беру мәселелері жағдайларында оқытудың отандық ғалымдар ұсынған әдістемелік үлгілеріне негізделген және оқытушылардың ойлау қабілетін дамытудың психологиялық механизмі тұрғысында құралған бірнеше бағыт қолданады. Олардың негізгілеріне тоқталып өтейік:
Еркін үлгі оқыту процесінде баланың ішкі ұмтылысына барынша көңіл бөлу ескеріледі. Бала өз уақытын еркін жоспарлайды және оқыту құралын өз еркімен таңдайды. Оқытушы тарапынан қатаң педагогикалық ықпал болмайды. [17,68]
Диалогикалық үлгі балаларды оқытудың түрі мен мазмұнын олардың адамзаттық танымның мәдени негізін түсінуіне бағытталып өзгерту болып табылады.
Тұлғалық үлгі оқушылардың танымдық, эмоционалдық, адамгершілік және эстетикалық мүмкіншілік қорын дамытуға бағытталған.[10,190]
Дамытуға бағытталған үлгі төменгі сынып оқушыларының теориялық ойлау қабілеттерін дамытуға негізделген. Жоғарыда айтылғандарға толықтыру ретінде мектептегі оқу үрдісінде анықталатын баланың интеллектуалдық даму аумағындағы басқа да қасиеттерін айтуға болады: алдын - ала көре білу, идеаларды ұсынып қана қоймай, оны талқылай білу, логикалық тұжырым жасауға бейімділік, себеп пен салдар арасындағы байланысты анықтай білу, көп сауалдар қоюға ұмтылыс және т.б. Кез - келген аумақта жоғары жетістіктерге жету біз көріп отырғандай жалпы психологиялық дамудың жоғары деңгейі негізінде мүмкін болады. Қорыта айтқанда, пайымдау психологияда да, педагогикада да пікір - таласқа негіз болып табылады. Қазіргі уақытта тәжірибелік негізі бар екі бағыттағы ғылыми зерттеудің педагогикалық әдістерін жетілдіру. Бастауыш сынып оқушыларын дарындылыққа баулу.
Жалпы дарындылық балаға табиғатпен берілетін ерекше қабілет деп қарастырсақ, олай болса әр баланың жеке қабілетіне тұлғаның интеллектуалды дамуы, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту - дарынды баламен жұмыста басты нысана болмақ. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың дамып жетілуін зерттеп - зерделеген жөн. [15,178]
Әрбір бала - болашақ данышпан деген қағидаға ой жіберсек, ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін сеземіз. Психологтер соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Туа біткен данышпан деп, ал екіншісінің өкілін Келе - келе қалыптасқан данышпан деп атау негізге алынған. Туа қалыптасқан данышпандар - Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовты жатқызуға болады. Ал келе - келе қалыптасқан данышпандардың ең үлкен қасиеті - қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне - өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен. [9,66]
Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты - табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету.
Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды.
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулу, ақыл - ойын, икемділігін дамыту қажет.
Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады. Яғни іс - әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі. [11,134]
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: Сенің қолыңнан бәрі келеді, Сен қабілеттісің, Жаз, Үйрен деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;
-оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
-шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;
-ақын - жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету:
-оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
-оқушының қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, олардың психологиялық екпіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс - әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның әрі қарай дамуына бағыт - бағдар бере білу - ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. [16,111]
2.2. Дарынды балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық. Ендеше сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқу әдістерін (технология) қолданамыз.
Жаңа оқыту әдісі (технология) - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. Ал педагогтардың жаңа оқыту әдісі дегеніміз - бұл педагогтың мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы. Жаңа оқыту әдісін жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншлігі шәкірттердің бағалауы ерекше орын алады. [13,44]
Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны аңықтауға болады. Рейтинг жүйесі бойынша бағалау.
Тапсырма
Оқушы аты - жөні
Деңгейлік тапсырма
Танымдық сұрақтар
Теориялық тапсырма
Венн Диаграммасы
Тірек схема сызу
Мәнжазба
Сұрақ - жауап
Тест жұмысы
Ұпай саны [200,221]
Бұл рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеп жасауға болады. Мұғалім оқушының қабілетін сабақ кезіннен бастап - ақ байқайды, олай дейтінім, мұғалім оқушының бойынан бір ерекшелікті байқағаннан - ақ тапсырманы күрделендіре түседі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт - бағдар беріп отырады. Оқушы тапсырманы орындағанда өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жалғастырады. Әр мұғалім бала бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды. Оқытудың мәңгілік сауалы: нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? күрделеніп барады. Себебі, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді. Таланттылық пен дарындылықты дамыту үшін жаңа ұтымды әдістерді іздеу қажет. Ол әдістердің оқушылардың белсенділігіне, ізденімпаздығына, оқиғаны сын көзбен қарауға негізделген. Осындай әдістердің негізі деп:
-мақсат қою технологиясы;
-Б.Блум таксономиясы;
-оқытудың интерактивті әдіс - тәсілдері;
-зерттеушілік оқыту технологиясы; [14,70]
Мақсат қою технологиясы:
Мақсат - бұл келешекте қол жеткізуге тиісті алдын - ала жоспарланған нәтиженің бейнесі.
Мақсаттың қасиеті:
-мазмұндық толықтығы;
-көзделген нәтиженің тексерілу мүмкіндігі;
-орындалу мерзімінің белгілі болуы;
-жүзеге асу шынайылығы;
-іс - әрекетке араласушылардың ықыластарына сәйкес келуі.
Б.Блум таксономиясы бойынша оқу материалының мазмұнын меңгерудің бірнеше деңгейлері бар.[12,66]
Деңгейлері:
-білу;
-жинақтау;
-түсіну;
-қолдану;
-талдау;
-бағалау;
Нәтижесі:
-қызығушылығын арттырады;
-ойлау және қабылдау қабілетін дамытады;
-шығармашылық ізденуіне жол ашады.
Рефлексия Бәрі менің қолымда
Флипчартқа алақан бейнелеген плакат ілінеді.
-бас бармақ - Бұл тақырып бойынша әлі ізденіс керек
-сұқ саусақ - Бұл нұсқаулар бойынша нақты нұсқаулар беріледі
-ортан терек - Маған бұл ұнамады
-шылдыр шүмек - Психологиялық эстафета
-кішкентай бөбек - Маған бұл жерде жетпейді.
Тыңдаушылар қағазға өз қолының суретін салып, оның ішіне жауаптарын жазады.
Рефлексия оқушының үнемі оның нақты тәсілдерін білуге, жүйелілікке, оларды қорытындылауға, қате амал мен тәсілдерден бас тартуға, яғни тұлға болып қалыптасуына әкеледі. Жұмыс барсындағы бәсендеу барысында рефлексия пайда болады да, оқушы жұмыс процесінде өз қателерін көріп, оны түзетуге мүмкіндік алады.
Оқытудың ең көп тараған түрі - шағын топтардың жұмысы. Мысалы: төрттік топ мүше саны (үш - төрт адам)
Ғажайып жетілік жұмыс істеу әдістерінің міндеттері мен күнделігіне байланысты әр топқа бөлінеді. Топтағы жұмыс үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - оқыту мәселесінің қойылуы және оған жұмыс процесін ұйымдастыруды енгізу. Осы арқылы білім алушылардың оқу белсенділігі артып, ішкі мақсаттарының бастапқы шарттары орындалады.
Екінші кезең - туындаған мақсатқа күш беру өздігінен жұмыс істеу үшін нақты негіз болып табылады. Білім алушылар шығармашылық топтарға бөлінеді. Шағын топтар арасында пікір алмасу, топ ішінде мақсаттарын нақтылайды.
Үшінші кезең - жалпы талқылау. Бұл келесі кезең ретінде керек, бірлескен педагогикалық қызметі процесінде мұғалім шығармашылық топтарға оқу мәселесі процесінде мұғалім шығармашылық топтарға оқу мәселесі жөнінде өз шешімін шынайылық дәлдігінен көз жеткізеді.
Әрбір топ басқа топтардың алдында өз пікірін айтып, оны белсенді түрде дәлелдейді. Пікірталастар туындап, кей кезде әр түрлі көзқарастар айтылып, пікірлерінің негізділігі тексеріледі. Негізделген пікірлердің талаптары арқылы мұғалім оқушыларды оқу мәселесі шешімінің дұрыс болуына бағыттауы керек.
Жұмыс топтарының жүйелік кезеңі рефлексия болып табылады. Оны тәжірибе арқылы білуге болады. Егер оқушы меншікті және ұйымдық қызмет көтерсе, оқытудың нәтижесі бірнеше рет өседі. [18,33]
Балалардың жұмысқа қабілетін бағыттап отыру жеткіліксіз, дарынды оқушыларға жағдай жасап-болашақ басшыларды, өздерін қорғай алатын, білімді, тапқыр тұлғаны қалыптастыру үшін оларды анықтап, жұмыс жүргізу жолдарына тоқталдық. Мұндай оқушыларға керемет бір жаңалықты ашып, әлемді таңғалдыру міндетті емес. Бірақ олардың интеллектуалдық даму деңгейі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz