Қиын бала ұғымына түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика пәнінен курстық жұмыс

Тақырыбы: Педагогтың қиын балаларды тәрбиелеу жұмысының өзгешеліктері


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздер
1.1. Қиын бала ұғымына түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Қиын балалардың пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Қиын балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізудің кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2. Қазіргі заманғы қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары
2.1.Қиыноқушыны зерттеу және қайта тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ...1 7
2.2. Мұғалімнің қазіргі мектептегі қиын балалармен тәрбие жүмысын жүзеге асырудың жолдары ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3.Қиыноқушылармен жұмыс әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қосымша

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі қиын оқушылар санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда қиын оқушыларға көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан қиын оқушыларды ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. Қиын оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын қиын оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.
Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филиологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс - тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан қиын оқушыларды жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
а) адамгершілік сананы қалыптастыру;
ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;
б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны.
Қиын оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы қиын оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: қиын оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді. Қиын балалардың басым көпшілігі - бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, ұжымнан тысқары шығып қалатын балалар. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез- құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы- құрдастарымен дұрыс қарым- қатынас жасауына кедергі келтіреді. Қиындықпен тәрбиелену- баланың теріс мінез- құлқы, дау- жанжал. Дау- жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез- бітістері: қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б. пайда болады.
Бүгінгі жеткіншек-ертеңгі біздің Қазақстанның жарқын болашағының тағдыры бүгінгі таңда талқыланып отырған өте өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, мен осы тақырыпты таңдадым. Сондықтан қазір жалпы білім беретін мектепте қиын баланы қайта тәрбиелеу мәселесі - аса өзекті педагогикалық әрі әлеуметтік проблемаға айналды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қиын балалар тәрбиесі
Зерттеу міндеттері:
- Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу;
- Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу;
- Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету;
- Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну.
Зерттеу объектісі: қиын балалар .
Зерттеу пәні: қиын балаларды тәрбиелеуге қатысты құбылыстар мен процесстер.
Зерттеу әдістері: талдау, жүйелеу, эксперимент, тәжірибежүргізу, сараптама жасау, ғылымилылық.
Зерттеу болжамы: кез келген қоғамда мінез құлқында қиындығы бар балалар қалыптасады, олармен жұмыс істеу ерекше педагогикалық проблема туындайды, сондықтан бұл мәселені жетік зерттеуден қиын балалар тәрбиесінің жетістігі тәуелді.

1. Қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздер
1.1. Қиын бала ұғымына түсінік
Әлеуметтану мен заң ғылымдарында, және педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар Қиын тәртіп тән балалар сияқты терминдік ұғымдар кездеседі. Біріншісіне, кәмелетке толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап ішіп жекеменшік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар жатады. Олардың мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатігездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әр түрлі ұрлықтар жасау т.б. қылықтар кездесіп отырады. Ал педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарында жоғарыда айтылғандай жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, мұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қатыспағандар жатады. 03Қиын баланың мінез-құлық психикалық феномендер қатарында өзіндік орны бар. Ол психикалық аурулар, патологиялық қалып, шалығу, психосоматикалық ауытқулар және т.б. аурулар қатарында жүреді. Берілген феномендер медициналық ережелер осі - денсаулық - аурудың алды-ауру тұрғысынан қарастырады. Тұлғаның ауытқулы мінез-құлқын психопатология тұрғысынан қарастырудың мәні жоқ. Қиын мінез-құлық тұлғаның әлеуметтік-психологиялық статусын әлеуметтену-өзін-өзі жоғалту-оқшаулану осін білдіреді.
1. Тұлғаның қиын мінез-құлқы - бұл ресми бекітілген әлеуметтік нормаларға жатпайтын мінез-құлық. Өзгеше айтқанда, заңдарда, ережелерге, салт-дәстүрге және әлеуметтік қалыптастыруға жат әрекет. Ал қиын мінез - бұл нақты бір қоғамның белгілі бір уақытта ең қажетті әлеуметтік нормалардың бұзылуы.
2. Қиын мінез және тұлға, басқа адамдардың жаман бағалауынан шығады. Негативті бағалау қоғамдық кіналау және әлеуметтік санкция формасында бола алады. Адамның жаңа өмір бастау талпынысы көбінесе қоршаған ортаның сенімсіздігін тудырады.
3. Қиын мінез-құлықтың ерекшелігі болып, оның тұлғаның өзіне немесе қоршаған ортаға едәуір зиян келтіруі, өмір сапасын төмендетеді. Бұл үлкен тәртіптің бұзылуы, зорлық, зардап шектіру немесе денсаулығының төмендеуі мүмкін. Кей уақыттарда, қиын мінез-құлықтың байқалуында өмірге қауіп келтіреді. Мысалы, суицидті мінез, зорлық-зомбылық, қылмыс жасау, ауыр есірткі қолдану. Бұл белгі ауытқулы мінездің бұзушы екендігін көрсетеді: формасына байланысты - деструктивті және аутодеструктивті. Біздің ойымызша, радикализм, креатив және маргинальдық сияқты жақын әлеуметтік құбылыстары қиын мінез-құлыққа жатпайды және берілген белгіні қанағаттандырмайды. Консервативті бағытталған адамдар бөлігіне тітіркендіру тудырады, қоғамда қабылданған нормалардан ауытқитынына қарамастан, бұл феномендер қоғамға пайдалы.
4. Қарастырып отырған мінез-құлықты тұрақты қайталанатын мінез ретінде бейнелеуге болады. Егер 7 жаста бала бір рет ата-анасынан тәттіге ақша алып алса, бұл мінезді девиантқа жатқызу дұрыс болмайды.
Керісінше, жасөспірімдердің саналы түрде ақша ұрлауы девиантты мінездің бір формасы болып табылады. Бұл анықтаманың басқа ерекшелігі бар. Мысалы, бір рет болған суицидті әрекет артынан қауіп төндіреді және тұлғаның девиантты мінезі деп бағалануы мүмкін.
5. Мінез-құлықтықиын мінез етіп атау үшін, ол тұлғаның бағытымен сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, мінез қалыпсыз жағдаяттардың салдарынан болуы тиіс (мысалы, посттравматикалық синдром кезіндегі мінез), дағдарыстық жағдаяттардың салдарынан (1-2 айдағы жақын адамның қайтыс болуына байланысты қайғы реакциясы) және өз қауіпсіздігі салдарынан (мәселен, өміріне қауіп төніп тұрған жағдайында).
6. Қиын мінездің ерекшелігі болып оның медициналық нормада қарастырылатыны. Ол психикалық аурулармен және патологиялық қалыппен біріктірілмеуі керек. Психикалық ауру жағдайында психикасы ауыратын адамда патологиялық мінез орын алады. Патологиялық мінез медициналық нормалардан ауытқиды, жоғарғы дәрежелі медициналық араласуды талап етеді және психиатриямен зерттеледі. Мысалы, психикасы ауыратын адамның девиантты мінезі.
7. Қиын мінездің ерекшелігі, ол әлеуметтік дезадаптацияның әр түрлі көрінісімен бірге жүреді. Бұл мінез міндетті түрде ауруға немесе өлімге әкелмейді, бірақ әлеуметтік дезадаптация қалпын күшейтеді.
8. Қиын мінез-құлықтың соңғы белгісі ретінде, оның жеке жас-жыныс ерекшелігін көрсетуге болады. Қиын мінез ең алдымен тұлғаның сыртқы ортасынан көрініс табады. Ол ішінен көп түрлі болуы мүмкін. Қиын мінез-құлықтың бір түрі әр адамда жас ерекшелігіне байланысты түрліше көрінеді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығынан келесі анықтаманы беруге болады, девиантты (ауытқулы) мінез-құлық - бұл тұлғаның тұрақты мінезі, маңызды әлеуметтік нормалардан ауытқитын, қоғамға немесе тұлғаның өзіне зиян келтіретін және онымен бірге әлеуметтік дезадаптация жүреді. Қиын тәртіп - қоғамымызда қабылданған құқықтық, мәдени және моралдық нормалардан ауытқитын әрекеттер мен қылықтар жүйесі. Жалпы педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде кіші жасөспірімдік шақтағы баланы девиантты тәртіп тән балалар деп атайды. Бұл атау олардың бойларындағы әр түрлі психикалық өзгерістерге байланысты. Дәл осы уақытта жасөспірімнің бойында девиантты тәртіп орын алуы мүмкін. Қиын тәртіп екі үлкен деңгейге бөлінеді:
:: біріншіден, бұл психологиялық денсаулықтың қалыпты жағдайынан ауытқуы,бұл жағдайда анық немесе көрінбейтін психопатология болады;
:: екіншіден, бұл қоғамға қарсы әрекет, қоғамда қабылданған әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық нормасы бұзылу басталады.
Егерде мұндай әрекеттер елеусіз болса, онда құқық бұзушылық деп аталынады. Ал енді ондай әрекеттер елеулі болса, онда оларды-қылмыс деп атайды да, заңды түрде жауапкершілікке тартады. Осыған сәйкес деликвентті (қылмысқа қарсы) және құқық бұзушылық (қылмысты ) тәртіп деп ерекшеленеді. Сонымен, өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер девиантты тәртіпке бейім келеді. Алайда, бұл жағдай түгел дерлік баланың барлығына тән деп айту қате. Қиын тәртіптің тууына түрткі болатын бірнеше жағдайлар бар. Белгілі кеңес педагогы В.А.Сухомлинскийдің жүргізген зерттеуі біршама үлгерімі төмен оқушының 85% денсаулықтарында ақаулары болған. Ол өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, тәрбиеге педагогикамен бірге медицина да араласуы керек деп айтқан.
Қазіргі кездегі дәрігерлік-педагогикалық зерттеулер баланың бойындағы әр түрлі аурулардың, психологиялық ауытқулардың шешуін анықтап берген. Сол зерттеулерге сүйенсек, ең алдымен ол әкесі немесе шешесі арқылы берілген тұқым қуалайтын аурулар (психопатия, ішімдікке салыну, соматикалық және психоневрологиялық аурулар әкесі мен шешесінің зиянды жұмыстарда болуы, шешесінің екіқабат кездегі жұқпалы аурумен ауыруы, психологиялық толғаныстары т.б.). Әр түрлі факторлар баланың болашақ денсаулығына әсер етеді. Сонымен қатар, баланы дүниеге әкелу сәтіндегі алған жарақаттары, туғаннан кейінгі дамуы, жай сөйлеуі, жай жүруі, т.с.с. Нәрестелік шағындағы миына зақым келтіретін аурулар, жарақаттар соматикалық және респираторлық аурулар да өзінің зиянды әсерлерін тигізеді. Болашақта мұндай баланы жеке топқа бөлу қажет. Неге десеңіз, бұндай балалар жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына үлгере алмайды. Ал оларды көмекші мектепке де беруге болмайды. Өйткені, олар дені сау балалар, тек өздеріне тән психологиялық ерекшеліктері бар.
Берілген анықтама ең алдымен дескриптивті (бейнелеу) болып табылады және мінезінде ауытқушылығы бар адамдармен практикалық жұмыстарына бағытталған. Бұл анықтама нақты уақыт аралығында мінездегі ауытқушылықтарды диагностикалау, әсер етуді жоспарлау, тұлғаның мінез динамикасын бағалау және онымен жұмыс қолайлылығы сияқты іскер мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі.
В.Трифанов зерттеулеріндегі "қиын" бала анықтамасы - күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
Ал, А. Фортунов "қиын" бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады.
1.2. Қиын балалардың пайда болу себептері
Біріншіден отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеуден, яғни тұрмыстағы дау - жанжал, ата - аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. Осы орайда ғалым - педагог В. В. Трифанов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған шағын ортасы (микросреда), отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсете отырып, өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында қиын балалардың 44% - да толық отбасы болмағанын, 30% - да жақын туыстарының біреуі (әкесі, шешесі немесе ағасы) заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15% - да әке - шешесінің біреуі ішімдікке салынғанын анықтаған. Бұдан шығатын қортынды, қиын балалардың пайда болуының негізгі себебі-отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Сонымен бірге, В. Трифонов қиын оқушының пайда болуының физиологиялық, психосоматиялық негіздері бар екендігін де ескертеді
Қоғам өмiрiнiң барлық салалары көптеген өзгерiстерге, бұрынғы мінез-құлық нормалары құлдырауға ұшырап жатқан кезде девиантты мінез-құлық мәселесі елiмiздегi ерекше өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан жасөспірімдердің жат мінез-құлықтарымен күресу мәселесі жас мемлекетіміздің алдында тұрған күрделі мәселе болып табылады. Мектептегі педагогтар, психологтар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен ұстаздарды тыңдамайтын, бұзақылықтар жасайтын балалармен жиі кездеседі. Көбіне зерттеушілер мұндай оқушыларды Қиын оқушылар, Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар, Девиантты балалар деп қарастырып жүр. Жалпы девиантты мінез-құлық және қиын балалар ұғымына келетін болсақ, ол 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді.
Ең алғаш бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П. Блонский болды, ол өз зерттеулерінде девиантты деп мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке толмаған балаларды қарастырды. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты мәселесін Қазақстандық педагог-психологтар мен әлеуметтанушылар да қарастырып жүр (А.Жұмабаев, Л.К.Керімов, Э.И.Шыныбекова, Г.А.Уманов, Ш.Е.Жаманбалаева, Д.Қазымбетова, Т.М.Шалғымбаев, А.М.Қарабаева). Бұл зерттеушілердің пікірінше девиантты сияқты жағымсыз қасиеттің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететінін зерттеген. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын спорт, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге араластыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетіп берген . Девиантты мінез-құлық мәселесі психологиялық тұрғыдан Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарастырылады, сонымен қатар А.С.Макаренконың тәжірибелерінен де үлкен орын алады.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды. Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекет. Сондай-ақ девиантты мінез-құлық бұл "балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер жасауы .
Дж.Смелзер девиантты мінез-құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко "қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты мінез-құлық " деп атады. Әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін факторларды төмендегідей бөліп көрсетеді:
· агрессивтілік;
· өзін-өзі басқарудың төменділігі;
· әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
· ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
· ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
· физикалық жазалау;
· жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;
· отбасының құлдырауы;
· ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;
· әлеуметтік қанағатсыздану;
· асоциальды топтарға қосылу.
Девиантты мінез-құлықты көбіне жасөспірімдер арасында кездестіреміз. Себебі жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады. Жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы - бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау .
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың "мені" қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқрас қалыптасатын кезең. Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ол ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің "Мен" мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады. Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі "мектепке бейімделе алмауымен" ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша "мектепке бейімделе алмау" жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен, мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді. Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық - ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу - жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз. Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді. Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуы. Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз:
Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын түзетуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге икемдене бастаған. Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік - қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жұйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагог-психологтар мен дәрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет, жылы лебіз қажет. Девиантты мінез-құлықты емдеу жалпы мемлекеттік міндет және оның тиімді дамуы педагогтар, психологтар, заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, журналистердің біріккен әрекеттерінің нәтижесінде іске асуы мүмкін. Бұл жұмыс бірінен соң бірі және кезең бойынша жүргізілуі тиіс .
Отто Рюле аштық тек адамның ағзасына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның моралдық тұрақтылығына да әсер етеді. Аштықтың нәтижесінде физикалық және моралдық тұрғыдан құлдыраған адам тұлғасын елестету өте қиын. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеу адамдарды ессіздендіреді, ұят деген сезімнің жоғалуына итермелейді, ар мен адамдық сезімнің жоғалуына әкеледі
С.Ф.Анисимованың пікірінше "Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы, жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі сияқты, табиғатта мақсатсыз кесілген ағашты, уланған суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс сезімінде болатындай етіп тәрбиелеу керек" деген. Осы мәселелерді ескере отырып біз балалар мен жасөспірімдердің тұлғасы мен мінез-құлқындағы жат қылықтардан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек деп ойлаймыз:
· жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;
· оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;
· әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;
· оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
· маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық әрекетке
бейім балаларға үлкендер тарапынан қатал жаза қолдану
Сонымен баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде , ол ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, "қиын" балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: "Менің отбасым ", "Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)", "Мен бос уақытымды қалай өткіземін? " деген тақырыптарға шығарма жаздырып, содан көп нәрсені білуге болады.Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең , жан - жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек .
1.3. Қиын балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізудің кейбір мәселелері
Қиын бала мәселесі - бұл қоғамдық мәселе. Бала қиын бала болып дүниеге келмейді, ол жүре пайда болады. Баланың өмірге бейімделу барысында біріншіден ата-ана мен қатар баланың қалыптасып, жетілуіне қатысы бар тұлғалардың бала дамуына көңіл бөлмей, тәрбиесіне мән бермегендігінен пайда болады. Яғни, баланың бұзықтық немесе дұрыс емес іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгерісін, өтірік айту, алдау, үйішінде кішігірім ұрлық жасау және тағы басқа жағымсыз жағдайларға дер кезінде тақтауыл жасап, тәрбие жұмысының болмауынан, бала бұл жағымсыз әрекеттерге бейімделу арқылы қиын балаға айналады. Бұл жағдай жас ерекшелігіне қарай күрделеніп, оқушы болған кезеңінде, сабақтан қашу, өзінен кіші балаларға зорлық- зомбылық көрсету, төбелеске дайын тұруы және т.б. қылықтары арқы көрініп мектептегі қиын балалар қатарына ілінеді. Бұндай балалар көбіне мектепте, сынып ішілік лидерлерге айналады да сынып оқушыларының тәртібі мен сабақ үлгірімінің нашарлауына да септігін тигізеді. Бұндай балалардың санын көбейтпеу үшін не істеу керек, қиын балалармен ата-ана, мектеп басшылары, пән оқытушылары, сынып жетекшісі және ең бірінші болып педагог-психолог маман жұмыс істеуі керек.
Қиын балаларды сен қиынсың деп кеудесінен нұқып, жалпы балалардың тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұндай жағдай оларды одан ары есіртіп жібереді: Көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады - деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп, бәрібір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді.
Олай болса, қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі қазіргі кезеңде мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселе бойынша педагогикалық-психологиялық жұмыс жасай отырып, қиын балалармен әртүрлі іс-шаралар жүргізу жолдарын жетілдіру, оқушыларға құқықтық білім беру, жоғарғы әлеуметтік құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу және жүргізу қажет. Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстың алғашқысы әрбір оқушыға күнделік арнау, оны бақылап, зерттеу жұмыстар жүргізу және оның нәтижесін жазып отыру қажет. Күнделік ыңғайлы, тиімді, ұзақ уақыт пайдалануға лайықты болуы тиіс. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған балалардың жат әрекетіне баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп жат қылық істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Болашақ тағдыры бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.
Қазіргі қоғам жастардан үміт күтуде. Оларға мектеп те тәрбиеге шақырып, білім алуына жағдайлар жасауға заман талабына байланысты жастарға білім беру мемлекетіміздің басты міндеті, болашақ ұрпақтарымыз білімді, саналы азамат болып шығу, озық мемлекеттердің қатарына қосылу керек. Олай болса, тәрбиені күшейтуіміз қажет.
Оқушылардың есейе келе, өздерiнiң жасаған құқық бузушылықтары үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Олай дейтініміз - кей ата-ана ойнап жүріп қасындағы баласының қолына іліккен ойыншығын алып келген баласына қайдан алдың? - не болмаса апарып бер деген сұрақ - бұйрықтың орынына керісінше баласына, жат әрекетін мақұлдағандығын танытса, ол баланың санасына сенім ұялатып, келесі сондай іс-әрекетті қайталауына жол ашады. Мұндай әрекеттің бірнеше рет қайталанылуы бала бойында қызығушылық туындатып, менменшілдікке, көрсеқызарлыққа, жат қылықтың бой көтеріп, досының қолындағысын тартып немесе көрсетпей алу сияқты іс-әрекетін қалыптастырады. Бұл кішкене бала бойында байқалатын алғашқы ұрлықтың белгілері деуге болады. Оқушы жастағы балалардың құқық бұзуының өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Балалар құқық бұзуының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру
Отбасыішілік қарым-қатынастың баланың психологиясына ықпалы
Ұлттық сана - сезім
Бастауыш мектеп математикасындағы шамалар және оны қалыптастырудың әдіс – тәсілдері
Ерекше білім алуында қажеттілігі бар балаларды сипаттау, салыстыру
Шамалардың және сандардың қатынасы
Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау
Пәндер