Кіші жастағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану

Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы қазіргі заман технологиялары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.Жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1.Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...9
1.2. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Кіші жастағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1.Математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Оқушының қызметін және белсенділігін арттыру негізінде ойын технологияларын пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .26
Қосымша
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Математика сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану оқумен жақсы үйлесім табады. Сабаққа инновациялық технологиялар элементтерін енгізу оқу процесін қызғылықты етеді. Балалардың жұмыс жасауға деген ынтасын арттырып, оқу материалдарын саналы да, сапалы игеруге септігін тигізеді. Әр түрлі технология элементтері белгілі бір тапсырманы орындау кезінде қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын да арттырады. Сондықтан мен курстық жұмысымды кіші мектеп жасындағы оқушыларға математика сабақтарында заманауи технологияларды қолдану әдіс-тәсілеріне арнадым.
Зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы оқушыларға математика сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары.
Зерттеу мақсаты: Бұл мәселені зерттеуде бастауыш мектептерде оқушылардың танымдық әрекеттері мен математикалық ой өрісін дамытуда сабақта қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдердің тигізетін әсерін анықтау, оны сабақта тиімді түрде пайдалану жолдарын көрсетуді көздедім.
Зерттеудің міндеттері:
оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялардың тиімділігін анықтау;
бастауыш сыныптарда математика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланып оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу;
оқушылардың танымдық белсенділігін және математикалық ой-өрісін дамытуда ойынның атқаратын қызметін анықтау;
бастауыш мектепте математика сабағында деңгейлік тапсырмаларды қолданудың психолого-педагогикалық негізін анықтау.
Зерттеудің болжамы: Егер кіші мектеп жасындағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге еңгізсе, онда оқушылардың оқу-танымдық қабілеті дамып, нәтижесінде білім деңгейі артар еді.
Зерттеуде қолданылған әдістер: Бақылау, аналитикалық, статистикалық деректерсіз ойлау, ақпараттар іздеу, модельдеу, зерттеу және эксперимент әдістері қолданамын.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Кіші мектеп жасындағы оқушыларының танымдық белсенділігі, әрекеттері мен математикалық ой-өрісін дамытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін анықтау қызметіне арналған бұл еңбегімде (курстық жұмыс деңгейінде) инновациялық әдіс-тәсілдердің элементтерін қолданудың ғылыми негізі анықталып, сабақты ұйымдастыру әдістемесі дәлелденеді.
Практика үшін маңызы: Зерттеудің қорытындылары негізінде дайындалған материалдар студенттерге, практиканттарға және бастауыш сынып мұғалімдері математика сабақтарын ұйымдастыруда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1.Жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі
1.1. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық мазмұны
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу делінген. Білім беруді дамытуда өскелең ұрпақтың мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысы болашақ мамандығының кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. [2,21]
Сондықтан өмірге жан - жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани - интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу , білім беру - тәрбиелеудің басты мақсаты. Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында жеке тұлға тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше.
Жеке тұлға - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- өзіне және өзімен - өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
- айналадағы қоршаған әлемді және өзін - өзі жете түсінуі;
- қажеттілік жүйесі;
- шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жүйесі.
Жаңа педагогикалық технологиялардың, ғылыми - теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені: ол оқу - тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті, шығармашыл , белсенді оқытушыларды жетілдіруге септігін тигізеді.
Білікті,шығармашыл ұстаз, жоғарыда айтылғандай, шәкірттердің белсенділігін арттыра да біледі.
Шәкірт білімділігі, белсенділігі мақсатты бағытталған педагогикалық технологиялардың себебінен деп толық айтуға болар. Білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық инновация қажеттілігі мына себептерге байланысты өте қажет- ақ:
1.Сапа менеджементі жүйесі терең,тиянақты білім беруді талап етуіне орай озық технологияларды пайдалану;
2.Қазіргі заманғы педагогикалық қызметті ұйымдастыру-инновациялық үрдістерге себеп болады және сапалы жаңа білімді қалыптастыруға ықпал жасайды;
3. Инновациялық қызмет педогогтың кәсіби өсуін,тұрақты өзін өзі жетілдіруін, озық тәжірибелерді зерделеп игеруін қамтамасыз етіп,шығармашылық жауапкершілік сезімін арттырады;
4.Инновациялық білім - педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастырып, қарым - қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игерді;
5.Инновациялық үрдістер - педагогикалық сапалылық пен белсенділікті қалыптастырып,кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге жеткізеді. А.М.Саранов Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері атты еңбегінде атап көрсеткендей, Инновациялық процесс - жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды.
Инновациялық оқыту - білім берудің ерекше түрі. Ол Жаңа жағдайларда даму қабілеттілігін бірлесе шешуді ойластырады. Қалай нәтижелі оқыту керек ?- деп атап көрсетеді М.Чаманов. [6,57]
Соңғы жылдары Қазақстан білім беру жүйелерінде П.Эрдниевтің бірліктерді ірілендіру технологиясы, Д.Эльконан мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Аманашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чамановтың проблемалық оқыту технологиясы, М.Жанпейісованың модулді оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың т.б. технологияларын ұстаз қауымы шеберлікпен пайдаланып жүр.
Бірлескен ұжымдық іс - әрекетке негізделген бұл технология тиімді пайдаланылған жағдайда ғана нәтижелі болмақ . Ол нәтижелер:
-оқушының өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп, алуы;
-өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
-оқуға деген қызығуының артуы;
-іскерлік дағдысының қалыптасуы;
-мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
-ойлау белсенділігі,тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы.
-шығармашылықпен айналысуына талпынысы;
-ойлау белсенділігі,тапқырлығы,шешім қабылдау әрекетінің дамуы;
-өзіндік пікір айтуы.
Әр технологияның өз ерекшелігі бар. Мысалы, модульдік әдіс оқушылардың теориялық білімді аз уақытта меңгеріп, шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді. (Қосымша А) да кесте берілді.
1.2. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану жолдары
Білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инно-вациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашы- лықпен жұмыс ықпал етеді. [12,59]
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:педагогикалық технологиялар, тәсіл, әдіс сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді.
Инновация сөзі латынның (жаңашылдық, өзгеріс) деген ұғымдары-на сәйкес келеді. Жалпы жаңашылдық мәселесі туралы ғалымдар өз зерттеулерінде атап көрсетті. Олар Р.А Дюсупова,А.М Саранов және басқада ғалымдар еңбегінде. Бұл үшін ең бастысы мұғалімнің инновациялық даярлығын қалып-тастыру керек.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, инновациялық іс-әрекеттерді төрт бөлікке жіктеуге болады:
- әдіснамалық,
- пәндік-теориялық,
- әдістемелік,
- технологиялық.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың бірінші әдіснамалық бөліктеріне кіретіндер:
- ізгілікті философия,
- философия ғылымы,
- ғылым әдіснамасы,
- педагогика әдіснамасы,
- әдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы.
Екінші пәндік-теориялық бөліктеріне жататындар:
- мұғалімнің беретін пәні бойынша теориялық білімі;
- педагогика, психология, дидактика, педагогикалық инноватика бойынша жаңа білімдері.
Үшінші әдістемелік бөліктеріне мұғалімнің өзі беретін оқу пәнінің тарихы мен әдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін білуі жатады.
Төртінші технологиялық бөлігі мұғалімнің өз пәні бойынша нақты педагогикалық технологияларды білуі, меңгеруі және оны өз тәжірибесінде қолдануы жатады.
Сондай-ақ мұғалімнің тәрбиелік технологияларды білуі, меңгеруі, пайдалануы да кіреді. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық мазмұны біртұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу, педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияны жүзеге асыра алуы сияқты жұмыстардың негізін ашуды, үйренуді мақсат етеді.
А.М.Саранов Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері атты еңбегінде инновациялық процесс - жаңаны құру, тарату және қолдануға бағытталған процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды - деп атап көрсетеді.
Инновация жаңаны ендірудің соңғы нәтижесі немесе практикалық іс-әрекетте пайдаланылатын технологиялық процесті жетілдіру ретінде қарастырылады. Педагогикалық еңбектерде инновациялық процестің мынандай кезеңдері анықталған: [4,45]
1. Жаңа ұғымды ашу, бұл жаңа идея немесе жаңалықтың тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, ғылыми іргелі немесе қолданбалы зерттеулердің нәтижесі;
2. Жаңаны ендіру, жасап шығу, яғни нақты материалдық немесе рухани құнды үлгіні ұсыну;
3. Жаңаны тәжірибеде қолдану кезеңінде жаңа ұсынысты алып, өңдеп, толықтырып, тұрақты, нақты тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу;
4. Жаңаны тарату кезеңі;
5. Жаңаны нақты бір аумақта сынақтан өткізу кезеңі, осы кезде жаңа күнделікті әрекет ретінде қолданылады. Осы кезеңде бұдан да тиімді балама,тың жаңалықтың пайда болуына деген қажеттілік аяқталады;
6. Жаңа сипаттағы өзгерісті талдап, ендіруге байланысты, бұрынғы қалыптасқан процесті пайдалану аясы біртіндеп азая түседі.
Жаңашыл жүйеге, үрдіске, құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам, көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс- әрекетін көрсете алушылығы.
Бүгінгі таңдағы, бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану, ана тілі, әдебиет сабақтарына: топқа бөліп оқыту, рөлдік ойын элементтерін, пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері, оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады.
Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері:
- саяхат, мұражайға экскурсия, концерт, қойылым, т.б;
- дөңгелек үстел, брифинг, презентация, аукцион, т.б;
- кино, теледидар, бейнетаспа сабақтары, т.б;
- пікір-сайыс сабағы, проблемалық іздену сабақтары, интеллектуалды ойлау сабағы т.б;
Оқытудың ең көп таралған формасы - шағын топтармен жұмыс істеу.Оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері мұғалімнің мақсатын - оқушыларды бірлескен танымдық белсенді танымдық қызметке қатыстырудың қажеттігін анықтайды.
Топтардағы жұмыс үш технологиялық қайталаумен сипатталады.
Бірінші оқыту проблемасын жолға қою және оған кірісу, яғни жұмыс процесін ұйымдастыру. Сол арқылы оқушылардың оқуға белсенділігі артады.
Оқушылардың ішкі мақсаттарының алғашқы міндеттері жүзеге асырылады.
Екінші туындаған мақсатты орнықтыру үшін дербес іс әрекеттің нақты өрісі ұсынылады. Оқушылар шығармашылық ықшам топтарға бөлінеді де, шағын топтардағы қарым қатынас арқылы өзінің ішкі мақсатын іске асырып мұғалім көтерген оқу проблемасын сезінеді, іздегенін анықтайды,оны шешу үшін бірлескен қызмет тәсілдерін әзірлейді, мақсатын жүзеге асырады.
Үшінші жалпы талқылау. Ол бірлескен педагогикалық қызметті келесікезеңі ретінде қажет, оның процесінде педагог өзінің оқу проблемасыншешудің ақиқатын дәлелдеуге топтарды жұмылдырады. [7,67]
Әр топ өз позициясын басқа топтардың алдында жариялап, белсенді түрде қорғап шығады.
Тараптардың дәлелдерінің негізділігі бойынша пікірсайыста, кейде әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастар туындайды, тексеріледі.
Негізделген дәлелдердің талап етуі бойынша педагог оқушыларды оқыту проблемасының дұрыс шешіміне алып келеді.
Мұғалім оқушыны бағалайтын өлшемдерді әзірлеуі керек. Егер оқушы өзінің жұмыстарының мақсаты қандай екенін және ол жұмыстардың қалай бағаланатынын білсе, онда бұған мақсаттылық пен дайындалып, тапсырманы орындауға мүмкіндік туғызар еді.
Мұғалімдер жаттығуларды жиі-жиі және тұрақты пайдалануға болады. Бірақ бұл ретте баға қоймай, оны балалардың білімін тексеруге мүмкіндігі мол сабақтардың үлесіне қалдыра алады.
Олар үшін жаттығулар дегеніміз - балаларды дамыту тәсілі , ұжымда, топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігі, сөйлеуді, аналитикалық қабілеттерді жетілдіру мүмкіндігі. [9,60]
Сонымен бірге оқыту процесін түрлендіріп, оны жандандыратын бір проблеманы шеше отырып, сондай-ақ жаттығулар кезінде балалар көрсеткен білімдер мен икемділікті бағалаудан бас тартып, мұғалім басқа бір проблемаға тап болуы мүмкін.
Балалар ойнауға дағдыланып, оқытудың ойынсыз формаларын ықылассыз қарсы алады, ал өздерінің жұмыстары бағаланбаса, жаттығулар кезінде мұғалімнің нұсқаулары мен тапсырмаларын орындаудың міндетті емес екені туралы проблема пайда болады.Сондықтан белгілі бір жаттығуды бағалаудың белгілі бір формасын тапқан дұрыс.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы - тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқынымен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында.
Бұл қарама-қайшылық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан жан-жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті. Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе - бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.
2. Кіші жастағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
2.1.Математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Жаңа талаптарға сай көптеген этнопедагогикалық элементтерін қолданып оқыту технологиялары бар. Солардың бірі - профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар - дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда Математиканың бастауыш курсының негіздері пәнінен берілетін білім мазмұны маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.[11,10]
Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы - оқыту. Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу орындарындағы оқыту - білім берудің басты жолы, сол сияқты оқу отбасында, ондірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы жағдайларды іске асып отырады.
Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленеді.
Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгеріп отырады.
Білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер соңғы жылдары педагогикалық білім алатын болашақ мамандарға, олардың кәсіби дайындықтарына елеулі талаптар қоюда. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар күрделі де сан-салалы болып отыр.
Себебі бастауыш сынып мұғалімі - жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарын дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын тұлға. Мемлекеттік білім стандартында бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби жан-жақты теориялық және практикалық білім мен дағдыларды, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер негіздері өнерпаздық қабілеттерді, оқыту мен ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын, іскерлік машықтарын жан-жақты меңгерту көзделген.
Математиканың бастауыш курсының негіздері пәні болашақ мұғалімдерге математиканы табысты оқытып-үйретуге, оқушыларды бастауыш математика курсы ұғымдарының негізгі мектепте қолданылу мүмкіндіктерін көре білуге қажет болатын даярлықты қамтамасыз етеді. [13,29]
Математиканың бастауыш курсының негіздері пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі арнаулы пән ретінде өткен ғысырдың ХХ-сыншы жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби теориялық білім педагогика, психология, әдістеме ғылымдарын оқытумен бірге бастауыш сыныптардағы негізгі пәндер - қазақ (орыс) тілі, математика, ана тілі, бейнелеу өнері, дүние тану, музыка т.б. ғылымдардың негіздерін меңгерту арқылы да белгілі.
Осы тұрғыда бастауыш сыныпта берілетін математикалық білім мазмұны мен оқушылардың дайындықтарының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар басты назарға алынады.
Мектептің бастауыш сатысында берілетін математикалық білім мазмұны қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, сандар нумерациясы, алгебра элементтері, геометрия элементтері, шамалар және оның өлшем бірліктері деп аталатын бөлімдерден тұрады.
Әрбір мұғалім математика пәнінде оқушыларды терең ойлай білуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету мақсатын қояды.
Бұл мақсатты орындау, яғни оқушылардың білім, білік, дағдысын, өзіндік танымын қалыптастыру - нақты ұйымдастырылған кезеңдер арқылы жүзеге асырылатын күрделі үрдіс.
Жалпыға міндетті орта білім стандарттарында (жалпы бастауыш білім) білім объектісі ретінде - білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірибесінде білім объектісі ретінде - оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай білім мазмұнын жаңарту мен оқытудың инновациялық әдістерін өндіру бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Білім сапасы оның төрт сипатын (білім - құндылық, білім - жүйе, білім - процесс, білім - нәтиже) біртұтас қарастыра отырып, олардың ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланысты.
Математика білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнының жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғарғы сипаттағы біліктер деп аталатын категориялар арқылы бейнелеген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып анықталады.
Мұнда басты есте болатын нәрсе - оқушылардың математикалық мәдениетін көтеру, математиканы оқып- үйренуге ынталандыру, нақты дағдыларды бекіту.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда.
Осы қарастырылған мәселелер реті болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың математикалық білімін тереңдете және кеңейте түсуімен байланысты шығармашылық ізденісін қамтамасыз етеді. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.
2.2. Оқушының қызметін және белсенділігін арттыру негізінде ойын технологияларын пайдалану.
Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өтсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың бір жолы сабақты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz