Оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика пәнінен курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектептің педагогикалық үрдісіндегі оқушының шығармашылық дамуы





МАЗМҰНЫ
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Шығармашылық қабілеттің педагогикалық- психологиялық мәні ... ... ...
1.2. Шығармашылық қабілетті дамыту туралы педагогтың көзқарасы ... ... ...
1.3. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
2. 1.Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық құрылымдық моделі ... .
2.2. Оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылық қабілетін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті,- делінген.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні - оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Балаларға әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (творчестволық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі аса маңызды сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған себебіміз, шығармашылықты жеке адам ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор. Сондай-ақ қабілетті балалардың шығармашылық потенциялын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үрдісін біршама жаңаша ұйымдастыруды да негізге алу қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша, стандартты емес шешім қабылдауына, творчестволық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады.
Қазақша оқитын бастауыш мектеп шәкірттерінің тұйықтық, жасқаншақтық қасиеттері, олардың бойындағы шығармашылық потенциалдарын үнемі жарыққа шығара бермейді. Олай болса, шығармашылық қабілеттің физиологиялық негізін сипаттауда әрбір бала белгілі бір нышанымен туылатындықтан, ал оның дамуы кейінгі дамытушылық жағдайларға байланыстылығын басшылаққа алу қажет болады.
Зерттеудің мақсаты. Педагогикалық үдерісте оқушының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектуалды дамуының өзара байланысын және творчестволық танымдағы негізгі жеке бастық құрылымдардың байланысын ашу. Соның негізінде шығармашылық қабілетті дасытудың психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық жеке адам ретінде даму процесі.
Зерттеу пәні. Оқыту процесінде мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы .
Зерттеудің негізгі жорамалы. Жеке адамның шығармашылықты потенциалды дамуының бір белгісі - креативтіліктің дамуы интеллектуалды дамуға тәуелді болады, әрі шығармашылық іс-әрекетке деген орнықты мотивация дамиды.
Негізгі жорамал жанама жорамалдармен нақтыланды:
- креативтілік - жеткілікті түрде жоғары дамыған интеллект негізінде дамиды, жеке адамның интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері (креативтілігі) өзара байланысты;
- арнайы ұйымдастырылған оқу барысында объектіге деген шығармашылық таным сипаттамалары (синтездеуге деген бағдар тұтастық деңгейлері) неғұрлым жоғары болса, креативтілікте (шығармашылық қабілетте) соғұрлым жоғары болады.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалдарға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
- шығармашылық қабілет ұғымдарын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу;
- бастауыш мектеп оқушыларының творчестволық мүмкіндіктерін дамытуға негіз болатын - шығармашылық қабілетті бала моделін жасау және шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуші творчестволы ұстазды дамыту мақсатын көздеген оқу-практикалық жұмыстарын ұйымдастыру;
- қазақ мектептеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды даму деңгейі мен творчестволық қабілетінің дамуын эксперименталды зерттеу;
- шығармашылық қабілеттің нәтижелі болу белгілерінің бірі жеке адамның объектіге деген шығармашылық таным сиапттамаларын эмпирикалық зерттеу;
- орыс тілдеріндегі шығармашылық және интеллектіні зерттеу тестерін қазақ бастауыш сынып оқушыларына арнайы арнып бейімдеу және нұсқау дайындау, оны қолданудың практикалық мүмкіншілігін бағалау. Соның көмегімен арнайы оқу жүйесін қалыптастырып, балалардың шығармашылық жеке адам ретінде дамуына ықпал ету.
Зерттеудің әдіснмалық және теориялық негізі. Шығармашылық қабілетті зерттеу мәселесіне Л.С.Выготскийдің, А.Н.Леонтьевтің, Б.М.Тепловтың іс-әрекеттік ықпал және адамды тұтастай жүйеде қарастыратын концепциялары, шығармашылық ойлаудың дамуы - оқушыларға дидактикалық ұйымдастырылған қарым-қатынаста белсенділікті тәрбиелеудің негізінде жүзеге асатындығы туралы Матюшкиннің концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген Л.Л.Гурова, Д.Б.Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концепциялары, В.В.Давыдов, Н.А.Менчинскаяның проблемалық оқыту концепциясы, шығармасы - жеке адамның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары (К.Роджерс, А.Маслоу) негіз болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер - Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин, П.Я.Пономарев, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Дж.Рензулли, Э.Боно, Н.Н.Палагина, С.М.Жақыпов, Қ.Р.Рақымбеков, С.Қ.Бердібаева, М.О.Резванцева т.б. жұмыстары болды.

1. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Шығармашылық қабілеттің педагогикалық- психологиялық мәні
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдыменқабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетін орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әріқарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп.
Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды( А.Н. Леонтьев).
Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері- дейді А.В. Петровский.
Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті,- деп жазады академик Т. Тәжібаев.
Қабілеттер-адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктерді- дегенде анықтама бар.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті - іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық- жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н. Леонтьев., А.В.Петровский.,В.А.Крутецкий., Б.Н.Теплов., В.С.Шубинский., М.Мұқанов., Т. Тәжібаев., Қ. Жарықбаев қабілеттер оқусызда дамитын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатынын айтады. Қабілеттер проблемасы - оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығын кенестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарлау, не т өмендей келеді. Бұған қарап мысалы музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілет төмен оқушыларды қабілеті төмен дарынсыздар қатарына жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл- оның қабілетінің басқа сапада жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс -әрекет арқылы дамып отырады.
Кенестің психологтар бір ауыздан ақыл иесі дұрыс, дені сау баланың оқуға қабілеті орта білім алк мүмкіндігі бар деген көзқарасты қуаттайды. Мектеп курсында оқылатын пәндердің бірден бір тарауының бала үшін қолайсыз екендігін кездестірген емеспін- деп жазды В.А. Крутецкий. Ал академик А.Н. Калмагоровтың тұжырымдамасы былай дейді. Математиканы меңгеру үшін баланың айрықша қабілеті болу керек деген ұғымдар артық айтылады.
Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс тіл табыса білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс,- деп атап көрсетті.
Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық дайындығына мына компоненттер кіруі керек:
- педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;
- ақыл - ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;
- бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;
- шығармашылық процестің негізін меңгере білу;
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жас кезеңінде шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Қабілеттілік - оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы.Ө збек ғұламасы Әлішер Науаи өзінің Ғажайып мәжілістер атты еңбегінде адам тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйесінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре келе, бала қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді ,тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.
Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің келешектегі олардың қабілетінің көрсеткіші екенін ескеріп, оқушының бейімділігін дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бірнәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген процесс емес.Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетке оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты. Сонымен қатар шәкірттің танымдық іс-әрекетте ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады. Оқу үрдісіндегі ең негізгі қайшылықтармен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы, дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұдан тағы да оқушының білімі мен біліктілігі арасындағы және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т.б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді. Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек. Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады. Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор. И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілетінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің, Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері. А.Н.Л.ук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады. Қосымша А
А.Н.Луктың оқушылылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатыстыайтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады:
1) оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі бір қабілет түрін дамыту үшін алдымен осы іс-әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесі де төмен болатыны сөзсіз.
2) көңіл-күй бұл кез-келген істі орындауға негізгі, қажетті көрсеткіш деуге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекеткедеген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ олардың жұмысының нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.
3) кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен оны ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.
Я.А.Пономарев Знание, мышление, умственное развитие атты еңбегінде кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі-шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе ойша әрекеттену қабілеттерін алады. Автор пікіріне қосылуға болады, себебі ешбір іс-әрекеттің, соның ішінде шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің ойша әрекеттенуінсіз іске аспайтыны анық. Сондай-ақ балалардың ойша әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б.- бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады. Біріншіден, адам ойша әрекеттене отырып нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады. Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп, яғни негізгі оқу іс-әрекетті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп есептейді.В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі нұсқаларын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады. Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екенін ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі- жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін Утопия кітабында сипаттайды. Ал Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан баланың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.

1.2. Шығармашылық қабілетті дамыту туралы педагогтың көзқарасы
Дамудың жас кезеңдері барысында әсіресе, соның ішінде жалпы қабілеттің алғы шарттарының әртүрлі жақтары- әрбір балалық шақта өзіне тән нақты жақтары болатындығына негіздеме бар. Жалпы қабілеттің қалыптасуы үшін, тек ақыл-ой деңгейі ғана аса қажетті емес, сондай-ақ оқу-тәрбиелік әсердің де жас кезеңдерінде де мәні зор- деп көрсетеді Н.С. Лейтес.
Қабілет мәселесіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау арқылы оның дамуының төмендегідей тарихи кезеңдік сатыларын байқауға болады.
*Қабілетті туа біткен және интелектуалды құбылыс деп құрастыратын түсініктердің қазіргі кездегі жеке адамның құрылымы ретінде оның дамуына табиғи және ортаның әсері бар деп қарастыратын жаңа теориялық концепцияларға енуі деп көп жағдайды айтады.
*Қабілеттің негізгі компоненті ретінде жоғары интеллект және творчество- жеке адамның мүмкіншілігін көрсетуді өзін-өзі іске асыруды қаматамасыз ететін даму көрсеткіші болып табылады.
*Қабілеттің негізінде тврчестволық потенциалға оның таным мотивацияларының басымдығымен психикалық прцестердің жылдам дамуымен тврчествоға ынталылығымен жаңа бейне құра алуға икемділігімен сипатталынатын түсіндірме концепциялары алынады.
*Қабілет- адамның өмір сүру барысында іс-әрекетте дамиды,осыған сәйкес қабілеттің дамуына әлеуметтік орта арнайы жағдайлар құру арқылы оның жедел дамуына әсер етуге болатындығын дәлелдейтін ой-пікірлер болып табылады.
Біздің зерттеуімізге өзек болып отырған шығармашылық қабілеттің дамуы туралы мәселе өз бастауын тврчествоның туындауынан алады.
Шығармашылық процесс- үнемі білімдер мен ептілерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім неғұрлым өзбетінше жүзеге асса, соғұрлым бұл ілімді қолдану тврчестволық сипатта болады.
Шығармашылық іс-әркеттің бірнеше белгілерін атап кетсек, таныс обьектіден жаңа функция көре білу, зерттеуге жататын обьектінің құрылымын көре білу, альтернативті шешімді көре білу және оны іздестіру, проблеманы шешудің бұрынғы танымал тәсілдерін жаңа тәсілге қиылыстыру, басқа танымал шешімнің айрықша тәсілін құра білу болып табылады.
Шығармашылықтың дамуында интеллектуалдық қарым-қатынас және тапсырмаларды шешу жүзеге асырылады. Бала өзінің бос уақытының көп бөлігін ойынмен өткізеді. Олардың бірқатары шығармашылық қабілеттің дамуына әсер етуі мүмкін.
Психология ғылымында қабілеттің үш концепциясы қалыптасқан. Оның бірі- қабілет толығымен әлеуметтік орта және тәрбиеге байланысты анықталады. Біршама дұрыс концепция-қабілеттің үшінші концепциясы. Оның өкілдері Б.М. Теплов., В.А. Крутецкий., Я.А. Пономарев концепцияларында кез келген адам белгілі бір нышанмен туылады дегенмен табиғи күштер мен нышан қабілеттің дамуы үшін әлеуметтік қолайлы жағдай қажет деп көрсетеді. Үшінші концепция табиғилықтың мәнін жоққа шығармайды, сонымен бірге қабілеттердің әлеуметтік тарихи сипатын ашып көрсетеді. Біз өзіміздің жұмысымызда осы концепцияны басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп оқушылапрына әлеуметтік қолайлы жағдай құру арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамутуға болатынын дәлелдеп отырмыз.
Д. Маймонның және т.б. зерттеушілер креативтіліктің дамуына еліктеу обьектісі борлып табылатын шығармашылық симпаттағы үлгі және жағымды жағдай жасау әсер етеді деп көрсетеді. Бастиауыш мектеп жасындағы балаларда шығармышылық қабілетті дамытуға бағытталған біздің зерттеуіміздегі педагогтар мен жүргізілген жұмыстарымыздың негізі де осы тұжырымдамадан алынды.
Қабілеттің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Шығармашылық белсенділіктің даму барысы балалардың жас ерекшелік мұмкіншіліктеріне және іс-әрекет сипатына байланысты. Н.С. Выготский өзінің зерттеулерінде оқу мен тәрбие дамуды өзімен бірге сүйреп жүретін және дамудың алдында ілгері жүру деп оқу мен тәрбиенің негізгі рөлін көрсетті. Білімдерді меңгерудің екі жолы бар, олардың әрқайсысынан таным процестерінің сипаты анықталады. Бір жолы жаңа білімді өз бетіне ашуға әкеп соғатын іс-әрекеттің белсенді қалыптасуына бағытталған баланың заттар арасындағы байланысты байқауынан бастап бұрын ешкімге танымал болмаған заңдылықтарды көрсету және алдыңғы өнер табыстарына дейінгі жаңа білім.
Екінші жолы- дайын бейнелер мен эталондарды меңгеруңінде құрылатын қайта жаңғыру іс-әрекетіне бағытталған. Бірінші жағдайда шығармашылық продуктивті процесс туралы айтылады. Шығармашылық өлшемі ситуацияның жаңалығына жаңадан қайта жасап шығару құралдарымен тәсілдеріне алынған нәтиженің айрықшылығына байланысты болады.
Таным процесінің шығармашылық жолы- жеке адам өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін көрсетіге қажетті негізгі жағдай ретінде ішкі танымдық мотивация болып табылады. Жеке адамның шығармашылық мүмкіншіліктеріне шығармашылық процестің ізденіс механизмі мәселені айқындауға осы мүмкіншіліктердің өзі айрықша шешім іздестіру, образды ойлауды өзіндік реттеу жатады. Мұның бәрі де қиял бейнелерінен туындайтындығы белгілі. Олай болса шығармашылық қабілеттің дамуы- шығармашылық тапсырмаларды шешу қиялдың негізінен жасалады.
Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасау- мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске асырудың негізгі құралы.
Ж. Аймауытов өз еңбектерінде жақсы қойылған сұрау жақсы жауап тілейді дей отырып балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала қабілеттіліктің жан-жақты әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін дәлелдейді.

1.3. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі
Педагогтық әдеп, кең мағынасында алғанда- мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.
Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының , оның идеялық сенімінің, жүріс - тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің , мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті.
Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды.Ол мұғалім ізденісінің нәтижесі, ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады.Мұғалімнің педагогтық әдебінде еліктеу деген болмайды.
Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп, әр мұғалімнің дара қасиеті. Нақты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады,бірнеше тәсілмен шығатыны сирек, ал оқушының жүрегіне жол табудың тәсілдері екібастан сан алуан. Әр мұғалімнің педагогтық әдебі бірқатар ұқсас жайттарды шешуге жарамды белгілі бір схемаға және формулаға сыйыспайды. Мұғалімнің оқушылармен тіл табысуы көбіне оның жағдайға ой көзімен қарай білуіне, оған басқа жағдайлардан да гөрі айрықша маңыз беруіне байланысты.Әрбір нақты жағдайда оқушылардың қалай қарайтынын аңғара білу де мұғалімнің біраз білігін танытады. Ал, оқушылардың нақты жағдайға қалай қарайтыны көбінесе олардың мұғалімдермен ара қатынасына байланысты.
Кейбір мұғалімнің оқушыларға бірыңғай әдіс-тәсілдермен ықпал-әсер етуі тәп-тәуір нәтиже берсе, екінші бір мұғалімдерде оның керісінше болатын жәйттері жоқ емес. Тіпті, бір мұғалімнің айтқан мәні шамалы, елеусіздеу сөзінің өзі кейде оқушыларға жеңіл әзілдей әсер етсе, екінші мұғалімнің айтқан сөзі ерсілеу естілуі мүмкін. Бірақ, бұған қарамай, әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады. Біз бүгін бұл қасиеттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.
Байқағыштық. Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл-күйлерін қабақтарынан танып, әр қайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұнын бәрі оған әрбір оқушының тілін табуға, әрбір оқушының оның сезімдері мен ойларына өз сенімдеріндей күйіп-жанып қабылдауына мүмкіндіктер береді.
Байқағыш мұғалім шәкірттері талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу бола ма, жоқ па, бәрі-бәрін тап басып анықтайды. Байқағыш мұғалім, мәселен, сабақ үстінде, оқушылардың қайсысы тапсырманы дрыс орындады, қайсысы орындаған жоқ, жаңа материалды қайсысы құлықпен тыңдап, қайсысы құлықсыз тыңдап отыр- бәрін қалт жібермейді. Мұндай мұғалімдер ықтиярсыз көндіру тәсіліне көп жүгінбей-ақ та сыныптың бүкіл оқушыларын өзіне тарта біледі және олардың өзді-өздерін еркін ұстап, іштей ашылуларына ықпал етеді.
Сенім. Педагогтық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының ынтаға, тырысуға байланысты екеніне сене білуі тиіс. А.Е.Макаренконың пайымдауынша, қателесу қаупі төңіп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім қаупі төңіп тұрса да мұғалім оқуда болсын.
- тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.
Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін әлі шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінің де артық сенетін мұғалімдерінің бағасына сүйенеді. Сондықтан мұғалім олардың қабілеттерін бағаларда өте сақ болғандары жөн. Оқушылардың қабілеттерін, әрине асырып бағалау дұрыс емес. Құлдыратып бағалау одан да оқушыға оғаштау.
Оқушыға сенім арту тәлім-тәрбие жұмысының принципі деп Макаренко әдемі айтқан. Шәкірттерге сенім арту мәселесі Макаренко еңбектерінде тиісті орын алған. Демек, бұл жұрттың бәріне әлімсақтан белгілі нәрсе. Сол себепті де мысал келтірмедім. Ұстаздық дастан -адамның адамға сенімі жайында жазылған шежіре. Колониядағыларға Макаренконың ең ащы шыңдықты батыра айтуына болатын еді ғой, бірақ ол ешқашанда сенімсіздік білдіріп, ешкімнің жанын жараламады.
Тәжірибелі мұғалімдерде кездесетін оқушыларға деген сенім оларды еңбекке қатыстыру да маңызды зор көптеген тәсілдердің бірі саналады. Әдепті мұғалім оқушыларының біреуінің түбі ештеме шықпайтынына көзі жетсе де сыр бермейді.
Сенімсіз жұмыс өнімсіз де көңілсіз. Өнімсіз де көңілсіз болатыны- тиімсіз. Демек, оқушыларды өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу керек. Сенім дегеніміз, былайынша алып қарасақ, істеген істің жартысы деген сөз.
Тәжірибелі мұғалімдер кейбір оқушылардың өз шамаларына деген сенімін қолдап, күшейту үшін олардың алғашқы жетістіктерін өсіріп көрсетуге саналы түрде барады.
Әлгі мұғалімдер әр түрлі әдіс-тәсілге салып, байқатпай бойларында не бар, не жоқтың бәрін оқушылардың өздерінің сезінуіне, өз жетістіктеріне өздері қуанып, өздері күйзелуіне мүмкіндік жасайды. Кей-кейде мұғалім әлгіндегі оқушылардың жұмыстары жайында олардың жеке-жеке өздеріне немесе бүкіл сыныптың алдында (жағдайға қарай) жылы лебіз білдіріп, алдағы уақытта басқа тапсырмаларды да жақсы орындай алатынына қабілеттерінің бар екенін айтады.
Әділдік. Мұғалімдеріңіздің қандай қасиеттерін көбірек бағалайсыздар деген сауалға оқушылар көбіне көп әділдігін деп жауап қатады.
Әділ мұғалімнің оқушылар кейбір ресімшілдігін, біртоғалығын, тіпті дөрекілеу кеткен жерлерін де кешіре алады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам қайсы!
Мұғалімге әділетсіз деген ат оның тек әділетсіз болғандығынан ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақтамауынан да таңылуы мүмкін. Осындай себептерден оқушыларда- мұғалім әділетсіз болуға тиіс деген сияқты ой-пікір қалыптасып қалуы ғажап емес. Неге десек, өмірлік тәжірибелерінің аздыңынан немесе жете танымағандықтан кейде оқушылар ересек адамдарды, олардың ішінде мұғалімдер де бар, бірде былай баалайдыемес пе?
Мұғалім оқушыларына тек әділ қарап ғана қоймай, соған қоса, өз ісінің дұрыстығына оларды иландыра да білуі керек.
Мұғалім оқушылардың кейбіреулеріне ерекше назар аударғандай болса, оның себептері (біреудің денсаулығы нашар, біреудің үй - жағдайы қиын, біреу дәлелді себептермен сабақ үлгермейді) басқаларға түсінікті болғаны жөн. Қит етсе бағаны көтермелеуге дайын тұратын (оқушыларды саналы түрде ынталандыру мақсатымен баға көтеру) мұғалімдер де оқушыларға әділетсіз көрінуі мүмкін. Балл бойынша таза білім бағаланады. Мұғалім қорытып-қорытып келіп, шәкірттерінің әрқайсысының ортақ бағасын шығарады, бірақ ол балл бойынша бағалауға жуықтамауы мүмкін.Ортақ баға дегеніміз, бұл-оқушының сабаққа деген ынта-ықыласын жан-жақты ескеру деген сөз.Оқушы артық қате жіберіп, айталық, үздік баға алар, егер ол бұл бағаға барын салып дайындалса, оның ол ынтасы ескеріліп, бағаланады. Егерде мұғалім шәкіртінің ынта-ықыласын ескермесе, онда оның әдеп сақтамағаны.
Мұғалімнің әдеп сақтамауы оның айнымалы мінезінен немесе өзіне-өзінің ұдайы талап қоймауынан және оқушының білімін бағалай білмегендігінен болуы да мүмкін.Мұғалімнің түсініксіз мінезі жайында оқушылар: Не дегелі тұрғанын өзі де білмейді, кеше не дегені бүгін есінде жоқ,Үндемеңдер, ертең не дер екен-деп, негізсіз айтпаса керек қой. Мұғалімнің бұл аумалы-төкпелі мінезі оқушыларды әуелгі кездері ойда қалдырады, кейін, ақыр соңында тыңдамай тіпті қит етсе ерегісіп шыға келетін мінез көрсете бастайды.Мұғалімнің мінезін тұрақсыздығын оқушылар оның осалдығы ретінде қабылдайды. Осыдан келеді де оқушылар мұғалімін жек көріп, бұл жек көру әрмен қарай ұзаса ыңғайсыз жағдайға апарып соғады.
Мұғалімнің ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез-келген қатесін кешіреді.Керісінше, мұғалім әділетсіз жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, аралары салқындай бастайды.
Төзім және сабыр сақтау мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. А.С.Макаренко айтқандай, мұғалімнің кейде әлде неге шыдамай, түтеп, жарылып кете жаздайтын да реттері бар. Сондай жағдайларда оған өзін-өзі ақылға жеңдірмей болмайды. Өйткені, ашу тасыса ақыл төгілетіні белгілі.Мысал келтірмей-ақ қояйын, бақылаудан айырылып қалып, өздерін өздері ұстай алмай ыңғайсыз мінез танытып жүргендер аз ба? Бұл жерде өздерін өздері ұстай білмейтін педагогтардың көбісінің беделден де, тіпті мамандықтарынан да айырылып қалатынын айтпасақ та жеткілікті.
Ашу үстінде ешқандай да шешім қабылдауға болмайды. Ондай жағдайда мұғалімнің асығыс шешім қабылдамауы үшін: Мен сенімен жеке әңгімелесемін, Сенімен айналысуға қазір уақытым болмай тұр-деген сияқты кінәлау түрлерін іздестіргені жөн, ашуы соң мұғалім басқашалау ойлайды, шешімі ақылға сыйымды болады, ол щещімін оқушыларға, яғни сыныпқа бір қапысын тауып жеткізеді.
Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы қажет. Тәжірибесі аз, жас мұғалімдер көп ретте өздерін ыңғайсыз жағдайға қалдыратын лап етсе мінездерін нерв жүйесі жағдайларынан көреді. Нерв жүйелері жастарға қарағанда әлдеқайда осал байырғы мұғалімдер, әдетте, ұстамдырақ келеді. Демек, мәселе нервте емес, керісінше, ол әркімнің өзіне тапсырылған іске жауапкершілігі мен өзін өзі ұстай білу дағдысына байланысты. Олай болса, ұстамдылық пен сабырлылық іскерлік пен дағдыға ұқсас болды. Өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелемеген мұғалім педагогтық әдепке қарадүрсіндеу келеді.
Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын сапа емес, ол адамның басқа сапасы сияқты жүре-бара пайда болады. Бірақ, бұл ешқандай теориялық дайындықсыз өзінен-өзі келеді деген сөз емес.
Педагогтық әдеп мұғалімнің психологиялық білімін алдын-ала қарастырады.Тәжірибе жинақтамас бұрын,-деп жазды К.Д.Ушинский,- педагог көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негіздері
Оқыту барысында бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану әдістемесі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер