Прокурордың азаматтық іске қатысу негіздері
Тақырыбы: Азаматтық іс-жүргізуге прокурордың қатысу ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Азаматтық іс-жүргізуде прокуратураның мақсаты мен міндеттері
1.1. Прокурордың азаматтық іске қатысу негіздері мен нысандары ... ... ... ... ... 5
1.2.Прокурор азаматтық іс жүргізу құқығының субъектісі ретінде ... ... ... ... ... 14
2.Прокурордың жоғарғы саты соттарында істі қарауға қатысуы
2.1. Прокурордың апелляциялық наразылық беру арқылы іске қатысуы. Соттың I сатысының шешiмiнiң заңдылығы және негiздiлiгiне байланысты қорытынды беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Прокурордың азаматтық істерді қадағалау тәртібімен қарау сатысына және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысына қатысуы. ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазақстан Конституциясында бел - гіленгендей, ешкімді де азаптауға, қи - науға, қатал немесе адамның ар-ожда - нын кемсітетін басқа да әрекеттермен жазалауға жол жоқ. Елімізде бұл конституциялық нор - ма - ны қамтамасыз ету үшін барлық құ - қықтық тетік жасалып, азап көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік бел - гі - ленген және азаптауға қарсы БҰҰ Кон - венциясы мақұлданған. Ал Жоғарғы Сот адамның ар-ожданына қол сұқпау жөнінде арнайы нормативтік қаулы қабылдаған. Осыған орай, прокурорлар жедел-іздестіру қызметі, тергеу мен анық - тау, жазаның орындалу заңды - лы - ғына қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық қудалау саласына түскен адамдарға азаптау қолдануды немесе бас - қа да қаталдық көрсетуді мүлдем бол - дырмау жөнінде түбегейлі шаралар қолдануда Ішкі істер органдарына осыдан біраз жыл бұрын енгізілген "кезекші прокурор" институты өзін то - лық ақтап отыр. Соның арқасында бұл салаға қадағалау тұрақты да пәрменді сипат алды. Тәулік бойғы прокурорлық рейдтер, уақытша ұстау орындарын - дағы немесе жедел-іздестіру қызметінің қызмет жайындағы адамдарға қатысты ахуалдарды сол жерде тексеру азамат - тар - дың құқықтарына нұқсан келтіру фактілерінің қолма-қол жолын кесуге мүмкіндік береді. Мұндай қылмыстарды тергеу проку - рор - лардың ұдайы бақылауымен жүргізі - ле - ді. Прокурорлар ел беделіне нұқсан келтіретін мұндай келеңсіз көріністерге ашық тергеу жүргізуге, сондай-ақ кү - дік - тілер мен ұсталғандарға азап көр - сет - кен және басқа да рұқсат етілмеген әре - кеттерге баруға кінәлі лауазымды адамдардың заңды да әділ жазасын алуына түбегейлі қол жеткізетін болады. Құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес прокурорлар жұмысының басым бағыты болды және солай бола бермек.

1.1. Прокурордың азаматтық іске қатысу негіздері
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге нарзылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайды, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттiк қызметтiң бiр нысаны болып табылады, оның мақсаты Қазақстан Республикасының Президентiнiң 21 желтоқсан 1995 жылғы Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заң күшi бар Жарлығындакөрсетiлген.
Прокурор ұғымы латын сөзi *procuro* - қамтамасыз ететiн, алдын аламын деген ұғымды бередi. Осы органды құрудағы мақсат әдiлеттiлiк пен заңдылықты қамтамасыз ету. Ең алғаш тарихта прокуратура органы Греция мен шығыс елдерiнде пайда болды, ал XIV ғасырда Еуропа елдерiнде, соның iшiнде Францияда пайда болды, Ресейде XVI ғасыр аяғы мен XVII ғасыр басында Петр-I құруымен пайда болды және жергiлiктi жердегi әкiмшiлiкке қадағалауды жүзеге асырушы орган болды, Ал сотта айыптау немесе талап қою қызметi қадағалау функциясына қосымша ретiнде қарастырылды және аса мән берiлмедi. 1864 жылғы сот реформасынан кейiн прокурорлық қызмет коцепциясы қайта қарастырылып, оның негiзгi функциясы сот өндiрiсiне ауыстырылды. Революциядан кейiн бiрiншi кеңестiк АIЖК құрастырушылар В.И.Лениннiң белгiлi пiкiрiн негiзге алды. Оның пiкiрi бойынша мемлекеттiң *жеке құқықтық iстерге, азаматтық iстерге* араласуын күщейтудi жалғастыру қажеттiлiгi туралы айтылады. Бұл дегенiмiз мемлекеттiң азаматтық - құқықтық дауларына араласуы үшiн барынша толық мүмкiндiкке ие болуы тиiс.
Осы идеялардың ықпалы нәтижесiнде прокуратураның азаматтық процеске қатысу концепциясы қалыптасады. 1923 жыл-ғы АIЖК-нi 52-бабына сәйкес прокурор iстi бастауға да, процестiң кез-келген сатысында iске қатысу құқығы берiлдi, егер оның көзқарасы бойынша бұл мемлекеттiң немесе жұмысшы таптың мүддесiн қорғауды талап етсе. 1933 жылғы қаулыға сәйкес сот прокуратураның қадағалауына берiлдi.
Осындай жолымен 30-шы жылдардан бастап прокуратураның азаматтық процеске қатысуы азаматтық iстердi соттарда қараудың заңдылығына қадағалау бойынша мақсаттарды жүзеге асыруына байланысты болды. 80-шы жылдар мен 90-шы жылдардың басында прокуррлық қадағалау қайта қаралуға ұшырады. Басшы сот қызметкерлерi соттардың iс қарауындағы заңдылығына прокуратураның қадағалауына қарсы шықты. Демократиялық құқықтық мемлекеттi құруда билiк органдарын бөлу, тәуелсiз сот билiгiн құру басты орын алады. Бiрақ сот прокуратураның қадағалауында болатын болса, сот тәуелсiз бола алмайды.
1990 жылдардың басында мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сфераларының реформалануының нәтижесінде прокурордың сот өндірісіне қадағалау концепциясы сынға ұшырай бастады. Құқықтық мемлекетті құру міндеті және тәуелсіз сот билігі тармағын қалыптастыру қажеттілігі мемлекеттік деңгейде прокуратураның рөлі мен міндетін қайта қарауға негіз болды. Прокуратура тарапынан сотқа бақылау жасау 1994 жылғы ҚР-ғы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасымен түбегейлі тоқтатылды. Құқықтық реформаның бағдарламасы прокуратура қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады деп бекітті:
-істі сотта қарауға қатысу;
- мемлекеттің мүдесін білдіру;
- сот актілерінің заңдылығын қадағалау.
Қр Конституциясының 83 бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан республика аумағындағы заңдардың, ҚР Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіріп, заңмен белгіленген тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. Прокуратура өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан тәуелсіз жүзеге асырып, республика Президентіне ғана есеп береді. Республиканың Бас прокуорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды.
1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы барлығын орнына келтiрдi. ҚР Конституция-сының 77-бабына сәйкес заңға бағынатын сот әдiлдiгiн жүзеге асыратын сот тәуелсiз орган ретiнде қарастырылған. Сонымен қатар *Қазақстан Республикасының прокуратусы туралы* Жарлық мұны нақтыландыра түседi. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекетiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган. Прокуратураның сотта iс жүргiзуiне қатысуы заңдардың, жарлықтардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына қадағалаудың бiр нысаны ретiнде қарастырылады. Прокуратура кез-келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасау, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру нысанында болады.
Прокуратура туралы Жарлық конституцияның ережелерін нақты айқындап көрсеткен. Жарлықтың 4 бабы прокуратура органдары қызметінің мынадай негізгі бағыттарын бекіткен:
- конституцияның, заң актілерінің, ҚР Президентінің жарлықтарының бұзылуын анықтап, оларды жою бойынша шаралар қолдану;
- жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру;
- сотта мемлекет мүддесін білдіру;
- ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен актілерге наразылық білдіру;
- қылмыстық қуғындауды жүзеге асыру.
Прокуратура органдарының берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруы заң талаптарын сақтай отырып орындалуы тиіс. Прокурордың әрекеттері мен актілері жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға жатады.
Прокуратура туралы жарлықтың 28 бабына сәйкес прокурорлық қадағалаудың міндеттерін мыналар құрайды:
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
- органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың әрекеттері мен актілерінің заңнамаға сәйкестігін қаматамасыз ету;
- заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтап, оны жоюға шаралар қабылдау және бұызлған құқықты қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Прокуратура соттың өз міндеттерін судъялардың тәуелсіздігі және олардың тек қана заңға бағынуы қағидасын қатаң сақтай отырып жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Прокурор өз құзіреті шегінде азаматтық істер бойынша біріншіден, істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер бойынша және жалпы істің мәні бойынша қорытынды жасайды; екіншіден, - соттың заңсыз және негізсіз актілеріне наразылық келтіреді. Прокурор өз құзіреті шегінде заңды күшіне енген және заңды күшіне енбеген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы. Егер наразылық келтіру оның құзіреттерінің шегінен тыс болса, наразылық келтіру туралы ұсыныспен жоғары тұрған прокурорға жүгіне алады.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау, сот өндірісіндегі заңдылықты қамтамасыз ету прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуының негізі болып табылады.
Азаматтық сот өндірісінде заңдардың дұрыс әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Республиканың Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады. Соттың заңдарды дұрыс әрі біркелкі қолдануына жоғары қадағалауды жүзеге асыру дегеніміз бұл : 1-ден, прокурордың сот актілеріне наразылық келтіру мүмкіндігі; 2-ден, сот актілерінің орындалуын тоқтата тұру мүмкіндігі.
Ескере кететін жағдай прокурордың наразылық келтіруі бұл тек қана сот актісінің дұрыс еместігі туралы оның пікірі ретінде қарастырылады, ал сот актісінің заңдылығы мен негізділігін тексеру жоғарғы инстанция соттарының құзіреті болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың ерекшелiгi мынада: ол оны басқа мемлекеттiк қызмет түрлерiмен, әртүрлi кәсiпорындар, мекемелердiң қызметтерiмен тығыз байланыста жүзеге асырылады, бұл жерде қадағалауды жүзеге асыру мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң қызмет етуiне кедергi келтiрмейтiндей етiп құрылуы тиiс. Прокурордың азаматтық процеске қатысуы осы прокурорлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады.
Осы прокурорлық қадағалауды В.Д.Лановскийекi түрге бөлiп көрсеткен: жалпы және арнайы, осылардың арасында тиiсiнше жалпы қадағалау, қылмыстық-процесуалдық және азаматтық процесуалдық нысандар болып бөлiнедi.Жалпы қадағалауды прокурорлық қадағалау қызметiнiң басты бағыты және бiр мезгiлде оны жүзеге асырудың негiзгi нысаны ретiнде қарастырған. Әрине мұнымен келiсуге болады, өйткенi көп жағдайда көптеген прокурорлық қалдағалаудың құқықтық нысандары - бұл жалпы қадағалаудың нысандары, ал прокурор құқықбұзушылықтар кездестiрген жердiң барлығында, қылмыстық және азаматтық сот өндiрiстерiнiң өзiнде де қолданылады. Жалпы қадағалаудың материалдары көп жағдайда қылмыстық iс қозғауға, сотқа азаматтық талап қоюға негiз болып табылады, Осы арқылы ол азаматтық және қылмыстық-процесуалдық мәнге ие болады. *ҚР прокуратурасы туралы* жарлыққа сәйкес прокурордың жалпы қадағалауды жүзеге асыруында нұсқау беру, наразылық келтiру және тағы басқалармен қатар талап қою негiзгi құралы болып табылады. Осы жарлықтың 23 бабына сәйкес пркурр заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптың өтiнiш жасауға құқылы.
Прокурордың азаматтық iс жүргiзудегi басты мiндеттерi - бұл азаматтық iстердi қарағанда заңдардың қолданылуына және орындаушылық iс жүргiзуге прокурорлық қадағалау - азаматтар ме мемлекеттiң құқықтарының, бостандығының және заңды мүдделерiнiң қорғалуын, әдiлқазылықты жүргiзудiң конституциялық принциптерiнiң мүлтiксiз орындалуын, азаматтық заңдардың негiзгi бастауларын қамтамасыз етуге мiндеттi. Прокурор осы мiндеттерiн орындалуын қамтамасыз етсе, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстем тұруын қамтамасыз ету, азаматтардың құықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырса, азаматтық iс жүргiзуде өз мақсатын орындады деп тануға болады. Прокурор осы өзiне жүктелген мiндеттердi заңда көрсетiлген әдiстер арқылы жүзеге асырады. Яғни, прокурор азаматтық процеске заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру негзiнде пркурор азаматтық процесуалдық нысанды, ол iске қатысушы тұлғаға айналады. Ол басқа iске қатысушылар сияқты құқықтарды иеленедi және мiндеттердi алып жүредi. Прокурордың азаматтық сот өнiдiрiсiне қатысуы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу мақсатына жетудегi маңызды кепiл ретiнде табылады.
Прокурор азаматтық процеске қатысқан кезде қандай процессуалдық жағдайға ие болады деген мәселе туындайды. Бұл жерде мәселе талап қойып iске қатысып отырған прокурордың процесуалдық жағдайы, өйткенi ол көп жағдайда процестегi талапкердiң жағдайына ұқсас және сонымен қатар прокурор бiр мезгiлде заңдылықты қадағалау функциясын жүзеге асырады. Бұл мәселе бойынша әр авторлар әртүрлi пiкiр айтады.
Бiр авторлар Н.Н.Полянский, М.С.Строгович және т.б. талап қоюшы прокурор процесте тараптар жағдайына ие болады деген, ал екiншi авторлар М.С.Шакарян, К.С.Аргунов жоғарыда аталған пiкiрдi нақтылай отырып, талап қоюшы прокурорды бiр мезгiлде заңдылықты қадағалау функциясын атқаратын процесуалдық мағынадағы тарап ретiнде қарастырған. Үшiншi бiреулер М.А.Викут, К.С.Юдельсон прокурор процесте ешқашан тарап бола алмайды және әрқашанда заңдылықты қадағлауды жүзеге асырушы мемлекеттiң өкiлi жағдайында болады деген пiкiр айтқан.
Осы пiкiрлердiң iшiнде М.С.Шакарян, В.Н.Аргуновтың пiкiрлерiмен В.А.Мусин, Н.А.Чечина, Д.М.Чечот iшiнара келiсе отырып *процесуалдық мағынада талапкер* терминiн сәтсiз қолданғандарын айтады. Олардың пiкiрi бойынша *талапккер* терминi (талап ұғымы мен талапқа құқықтан айырмашылығы) материалдық құқыққы белгiсiз дейдi, сондықтан процесуалдық мағынадағы талапкер деп айту бос сөз болып табылады.
Прокурор азаматтық процестiң айрықша қатысушысы ретiнде, оны сипаттау үшiн орыстың процесуалдық ғылымында қалыптасқан *павозаступник* терминiн ұсынады. Правозаступник қоғамның тiлегi үшiн жеке тұлғаның жеке құқықтарын қорғайтын тұлға.
Бұл мәселенi шешуде заңдарды басшылыққа ала отырып, өз талдауымды жүргiзейiн.
ҚР АIЖК-нiң 44-бабына сәйкес прокурор азаматтық iс жүргiзуге қатысушы тұлға ретiнде көрсетiлген. Осы бапқа сәйкес прокурормен қатар iске қатысушы тұлғалардың құрамына тараптар (талапкер және жауапкер) дау нысанасына дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар
АIЖК-нiң 56 және 57-баптарында көзделген негiздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен қарайтын iстер бойынша мәлiмдеушiлер мен мүдделi адамдар енгiзiлген. Бұл қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi АIЖК 47-бабында көрсетiлген. Сондай-ақ олардың процестегi алатын орындарына қарай ерекше құқықтарды иеленедi.
Прокурор да азаматтық iске қатысушы болып табылады және бiр мезгiлде заңдылықты қадағалаушы мемлекеттiк орган ретiнде қатысады. Жоғарыдағы туып отырған пкiр таластың себебi егер прокурр азаматтық iске талап қоя отырып қатысса, талапкердiң жағдайында бола ма деген мәселе. Егер ҚР АIЖК 55-бабының 5-тармағына жүгiнсек, талап қойған прокурор, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау құқығынан басқа талап қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Бұл жерде заң нормасын сөзбе-сөз түсiнбеу қажет. Әриен, егер прокурор талап қойса, дәлдемелер ұсынса, жарыссөзге қатысса, яғни қойған талабын қолдаса, талап арыздан бас тарта алса, талаптың негiзiн немесе пәнiн өзгерте алса, онда ол талапкердiң процесуалдық жағдайында деуге болады. Сондай-ақ прокурор талап қоюдың процесуалдық тәртiбi шегiнен шыға алмайды.
Қазақ КСР Жоғарғы сотының Пленумының N18 *Азаматтық iстердi сотта қарауға әзiрлеу тәжiрибесi туралы* қаулысына сәйкес, егер талап арыз АIЖК 150 бабының талаптарына жауап бермейтiн болса, судья iстi сотта қарауға әзiрлеуге кiрiсуге құқығы жоқ және мұндай талап арыздар АIЖК 249 бабына сәйкес қараусыз қалдырылады, бұл ереже прокурормен басқа тұлғаның мүддесiнде берiлген талап арызына да қатысты.
Бұл өзiнiң процесуалдық жағдайы бойынша талап қоюшы прокурордың жағдайы талапкерге ұқсас болып табылады. Бiрақ талапкер сот арқылы өзiнiң талапқа құқығын танытуға ұмтылады. Н.В.Ченцовтың айтуынша, прокурор мемлекеттiң мүддесiне талап қойса, ол мемлекеттiң өзiне тиесiлi талапқа құқығын иеленбейдi, онда тек талап теру құқығы ғана болады деген. Сәйкесiнше азаматтың немесе ұйымның мүддесiнде талап берген жағдайда талапқа құқықты осы азамат пен ұйым иеленедi де, ол прокурор тек қана талап беру құқығын иеленедi.
Әрине мұнымен келiсу өте қиын, өйткенi мұндай жағдайда прокурор әрқашанда сондай құқықты иеленедi және оның құқық субъектiлiгiнен ешнәрсемен айырмашылығы жоқ. Сонымен бiрге прокурордың әрбiр талап арызы өндiрiске қабылдана бермейдi, сот оған iс қозғаудан бас тарта алады.
Процессуалдық ғылым үшiн материалдық-құқықтық мағынадағы талапқа құқық ұғымы жеткiлiксiз, сондықтан ол процессуалдық мағынадағы талапқа құқықпен толықтырылуы қажет. Процесуалдық мағынада талапқа құқық деп талап беру арқылы сотта қорғау үшiн жүгiну түсiнiледi, яғни сотқа талап беру арқылы сотта iстi заңiға сәйкес шешудi сұрау. Талап қою құқығы бұл конституциямен бекiтiлген сотта қорғану құқығының бiр нысаны. Талапқа құқық талап беру құқығымен өте тығыз байланысты. Кез-келген жағдайда талапқа құқық болмаса, онда прокурормен сотта жасалатын әрекеттерiнiң: талап қою, талабын дәлелдеу және тағы басқа мәнi неде? Сондықтан прокурор өзiне заңменен жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талапқа құқықта, талап беру құқығы да болуы қажет.
Прокурор процесте талап беру кезiнде өзiнiң позициясымен де, құқығы және бостандығы бұзылған тұлғалардың мүддесiмен де байланысты емес. Ол тек заңды басшылыққа ала отырып, өз қызметiн жүзеге асыруы тиiс.
Азаматтық iс жүргiзуде прокурордың құқықтық жағдайына ең алдымен ұйымдастырушылық қағидалар ықпал етедi, атап айтқанда сот әдiлдiгiн тек қана соттың жүзеге асыруы. Бұл прокурорды азаматтық процесте билiктiк құқықтармен бөлу мүмкiндiгiнен айырады. Ол сотқа қандай да бiр нұсқа бере алмайды, оған сол немесе басқа жүрiп тұру ережесiн белгiлей алмайды. Оның барлық талаптары арыз, өтiнiш, өтiнiм нысанында болады.
Сондай-ақ прокурордың азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық мәртебесiнiң қалыптасуына мына қағидалар: диспозитивтiк, сайыскерлiк, тараптардың кең құқықтылығы және т.б. мақсатталған ықпал етедi. Диспозитивтiк процессуалдық және материалдық құқықтарға билiк ету мүмкiндiгi ретiнде анықталады. Диспозитивтiк қағидаға сәйкес iске мүдделi тұлғаларға өзiнiң мүдделерiн сотта қорғауға мүмкiндiк беретiн құқықтар берiледi, ал прокурорға азаматтық процесс шегiнде әр түрлi құқық бұзушылықтармен күресуге, бұзылған мүдделердi қалпына келтiруге, яғни мүдделi тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн құқықтар берiледi. Диспозитивтiк қағидаға сәйкес iске қатысушы тұлғалардың барлығының, прокурорды қоса алғанда құқықтық жағдайы анықталады. Олардың әрқайсысының құқықтық мәртебесiн жекелеу қарсы мүдделердi бар субъектiлердi көрсететiн сайыскерлiк қағидасымен байланысты. Бiр тұлға басқа тұлғамен бұзылған құқығын қорғау туралы талап қойса, басқасы түсiнiк беру үшiн шақырылады және жауапқа тартылу мүмкiндiгi үшiн шақырылады. Бұл субъектiлер - азаматтық процестегi тараптар және тұлғаның өзiнiң немесе бөтен бiреудiң мүддесiн қорғамаудың ешқандай мәнi жоқ. Тұлғаның сотқа жүгiнiп заңды бұзушыға мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сұрау маңызды. Сайыскерлiк қағидасына сәйкес талап қоюшы тұлға белсендi жақ жағдайында болады, ал жауапқа тартылатын жақ - бәсең болып табылады. Азаматтық iс жүргiзудiң берiлген бастамасының негiзiнде прокурордың құқықтық мәртебесi қалыптасады. Iстi қозғай және оны қарауға қатыса отырып, прокурор тарапқа айналады, басқа жағдайда қатыса алмайды, өйткенi сайыскерлiк қағидасы бұзылады. Прокурор талапкер сияқты өзiнiң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz