Мұғалімнің сабаққа дайындалуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика бойынша курстық жұмыс

Ұстаздық қабілет және оны мұғалімнің өз бойында

тәрбиелеу

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1. Ұстаздық қабілет түсінігі, ұстаздық қабілет пен ұстаздық шеберліктің басты белгілері . . .

1. 1. «Ұстаз» немесе «мұғалім» түсініктері . . .

1. 2. Ұстаздық қабілеттің болуының басты көріністеріне қойылатын негізгі талаптар . . .

2. Ұстаздық қабілеттің шығармашылық сипаты мен ұстаздық қабілетті мұғалімнің өз бойында қалыптастыру . . .

2. 1. Ұстаздың оқушыларды шығармашылыққа баулуы . . .

2. 2. Қазіргі мектептегі ұстаздық қабілет пен мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін зерттеуді ұйымдастырудың ерекшеліктері . . .

2. 3. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша

4

7

7

8

22

22

27

31

33

35

КІРІСПЕ

Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді . . . Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана - сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол - Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу - тәрбие жүйесі, мұғалім - оқушы арасындағы қарым - қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Сонымен қазіргі мектептегі мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін дамыту білім берудегі ұстаздық қабілетке бағытталған.

Зерттеу нысаны: Ұстаздық қабілетті мұғалімнің өз бойында қалыптастыру.

Зерттеу пәні: Тәрбие жұмысының әдістемесін оқытуда ұстаздық қабілеттерді ұйымдастыру процессі.

Зерттеу мақсаты: «Ұстаз» сөзінің мағынасын тереңірек түсіну, бастауыш сынып мұғалімінің негізгі талаптарын орындай алу.

Зерттеу міндеттері:

1. Осы тақырып бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу.

2. Ұстаздық қабілет түсінігі, ұстаздық қабілет пен ұстаздық ұстаздық шеберліктердің басты белгілерін анықтау.

3. Қазіргі мектептегі ұстаздық қабілет пен мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін зерттеуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу болжамы: Егер ұстаздық қабілетті дамытып, оны әр ұстаз өз бойында тәрбиелесе, онда мұғалімдердің осы заманға сай, білім білік дағдылары, тәжірибелері дамып, жаңа ақпаратты болашақ жастарға тиімді етіп өткізуге болады.

Зерттеу әдістері:

  1. «Ұстаз» немесе «мұғалім» түсініктерін теориялық талдау.
  2. Сабақ барысында ұстаздық қабілет пен шеберлікке талдау жасау.
  3. Қазіргі мектептегі мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін зерттеу.

Зерттеу объектісі: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылары.

1. Ұстаздық қабілет түсінігі, ұстаздық қабілет пен ұстаздық шеберліктің басты белгілері

1. 1 «Ұстаз» немесе «мұғалім» түсініктері

Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз - тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы “Рабби - тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ. с. ) келген алғашқы уахидің де “Оқы, оқы, оқы…” деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады. Діни танымда, халықтың HYPERLINK "http://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D1%84%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F"мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойын сұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған.

Ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.

Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Қазіргі жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады. Ал қиындықсыз іс болмайды. Сонымен қатар қазіргі заманда жүрегінің қалауынсыз жоғарғы оқу орнын бітіріп кеп, мектепте жұмыс жасап жатқан жас мамандар да баршылық. Олардан қандай маман шықпақ және балаларға қандай білім бермек? Мамандығын жетік білмеген емес, жетік білуге ұмтылмаған, талпынбаған мұғалім нағыз бейшара деуге болады. Әрине, барлық ұстаздарды айтпаймын, ұстаз болуды армандап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қиындықтан қашпай, ауылға барып ұстаздық жолын ауылдан бастаған жас мамандар да баршылық, оларға еңбектерің жансын, бейнеттеріңнің зейнетін көріңіздер, ешқашан уақытпен санаспай еңбек етіңіздер, түбінде сіздерден жақсы маман шығады. Себебі сіздердің алдарыңызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр дегім келеді. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.

1. 2. Ұстаздық қабілеттің болуының басты көріністеріне қойылатын негізгі талаптар


Сабақ - оқу процесінің басты бөлімі. Қазіргі таңдағы мектептерде қойылатын талаптардың күрделенуімен бірге сабақтар талаптары да нақтылана, айқындала түсуде. Бұл талаптарды негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады. Тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық және гигиеналық. Бұлай топқа жіктеудің мәні оқу-тәрбие процесінде бұл талаптардың өзара тығыз байланыстылығында және бір-бірін толықтырып, ықпал етіп отыратындығында.

Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануға әсер етеді. Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс. (Қосымша А)

1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)

2. Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)

3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар. Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20 пайызын, көру қабілеті арқылы, 40-60 пайызын қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.

Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т. б. психологиялық қабілеттерін біліп, ескеруі қажет. Оқушы мен мұғалімнің психологиялық жағдайы сабақ үрдісінде ерекше әсерін тигізеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеру мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.

Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол түсуі - бала денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады.

Сабақтың негізгі компоненттері:

1. Ұйымдастырушылық - сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.

2. Мақсаттылық - оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

3. Ынталандырушылық - оқылатын оқу материалдарының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңызылығын анықтау.

4. Коммуникативтілік - мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

5. Мазмұндық - оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т. с. с. материалдарды таңдау.

6. Технологиялық - сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.

7. Бақылау - бағалаушылық - сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.

8. Аналитикалық (талдау) - сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі.

1. Сынып оқушылдарының ерекшелігін есепке алу:

- сынып деңгейі;

-оқушылардың пәнге қызығушылығы;

-сыныптың жұмыс қарқыны;

-білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

-әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынасы;

-оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәтүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы;

-оқушылардың жалпы тәртібі;

2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:

-жүйке жүйесінің типі;

-тіл табысушылығы;

-көңіл-күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;

-оқушылардың жаңа материалдарды қабылдуына басшылық жасауы;

-көңіл-күйдің төмендеуін жеңе білуі;

-өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;

-импровизация жасай білуі;

3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау. Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі) . (Қосымша Ә)

Әдеп - белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі.
Педагогикалық әдеп - оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен білімгерлердің психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді.

Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдында жүреді.
Қарым - қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан - жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс - тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл - ойының көрінісі. Әр бір оқытушының дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогты әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогикалық бірнеше жайыттарды бөліп көрсетуге болады.

Байқағыштық. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп көңіл жақсы көрем. Ол өзі қалай жақсы түсіндірсе солай тыңдай біледі. ”

Сенім. Педагогтық әдеп білімгерлерге сенім арта білу қабілетінде қамтиды. Сенім арту тәлім -тәрбие жұмысы принціптерінің бірі болып есептеледі. Білімгерлерді өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу яғни сенімін қолдап күшейту отыру керек. Сенім дегеніміз істеген істің көрінісі.

Әділдік. Әділ мұғалімнің - оқушылар кейбір ресімшілдігін тіпті жаман қасиеттерін де кешіре алады. Әділ болғанмен бірге әдебі мол көңілі жайдарлы болса, беделді болады. Тек әділ қарап қоймай сонымен бірге өз ісінің дұрыстығына сендіре білуі керек. Әділетсіздік болған жағдайда көңілдері қалып, аралары салқындай түседі. Шамалы уақыт ішінде білімгер екірет сабаққа дайындықсыз келді. Ұстаз: сен еш нәрсегеде қабілетті емессін т. б. Мұнда әдеп мәселесіне әділетсіздікке жол берді. Әділдік көбінесе бақылау, тест т. б. жұмыстарында орын алып жатады. Себебі бір - бірінен көшіру жағдайлары болады.

Сондықтан бағаның дұрыс болғаны қажет кей жағдайда қателік болады. Сол кезде не істеуге болады?

Төзім және сабыр сақтау. Қиын жағдайда ұзтазға ықпал ететін жақсы тәсіл сабыр мен төзімділік. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдауға болмайды әр - бір баланың жас шамасына денсаулық ерекшеліктеріне ерекше мән беру қажет.

Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады яғни бұл ұзтаздың тұрақты творчествосы.

Өзін -өзі ұстай білушілік қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы керек. Жас мұғалімдер кейде ыңғайсыз жағдайда қалады . Ондай жағдайда асығыс шешім қабылдамау үшін: “мен сенімен жеке әнгімелесем, сабақтан соң қал т. б. ”

Педагогтық талант. “Талант” деген сөздің мағынасы шексіз кез -келген адамға шынайы көмек көрсетсе және ол өз тарапынан ынта ықылас білдіріп беріле жұмыс істесе нағыз шебер бола алады.

Күйлерін қабақтарынан әр - қайсысының мінез құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі олардың тілін табуға, сезімдері мен ойларына
өзіндей қуанып, күйініп қабылдауына мүмкіндік береді.

Соңғы партада білімгер сізді тыңдамай терезеге қарап ойланып қалған делік. Сіз не істер едіңіз?

Ұқыпты сабақты жақсы оқитын қыз бала бірінші рет үй тапсырмасын орындамай келді.

Ілтипаттылық . Дауыс қөтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға, өтініштер жүрдім- бардым тындасада оқушылардың көңіліне келеді Сондықтан өзіне назар аудару үшін әдейі тәртіп бұзуы мүмкін, қандайда болмасын оқытушылар тарапынан білімгерлерге ілтипат болмаса араларында түсінбестік. болады.

Білімгерлерден алынған сауалнамалардан мынадай жауаптар көп болды “Әнгімелескенде сені жан тәнімен тыңдайды, оны сол үшін
Мұғалім шеберлігі дегеніміз өз пәнін, оқыту методикасын, инновацилық жаңа техналогияларды терең меңгерген, саяси сауатты, идея жағынан сенімді, мәдениеті жоғары, жапсарлас ғылымдарының деректерін, күнделікті ақпараттарды, әдебиет пен өнерді жақсы меңгерген, педагогтық әдепті және педагогтық техниканы сақтауын айтамыз.

Педагогикалық техникаға дауысты ұстай білу өнері, сыңай білдіру, көз тастау өнері т. б. Сонымен бірге эстетика жағынан көрікті яғни киімі, тазалығы.

Қорыта келгенде ұлы гуманист Ибн Синаның адам бойынан мынандай қасиеттердің болуын оқу тәрбиеден іздейді. Бұл оның ағартушылық көзқарасын танытады.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындалуы
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы туралы
Электрондық кестелер тақырыбының Электрондық кестені құру және толтыру
Оқытуды ұйымдастыру формасы
Сабақта жаңа білімді игеру
Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары
Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы
Білім негізі – бастауыш мектеп
Қазіргі информатика курсы дүние жүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz