Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы


Педагогика пәнінен курстық жұмыс
Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1. Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері
1. 1. Балабақша тәрбиеленушілеріне эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызы . . . 6
1. 2. Оқушылардың эстетикалық мәдениеті мен білімін қалыптастырудағы музыканың рөлі . . . 12
1. 3. Қоршаған орта мен табиғаттың эстетикалық тәрбие берудегі маңызы . . . 19
2. Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы
2. 1. Эстетикалық тәрбие арқылы талғам мен адамгершілікке тәрбиелеу . . . 24
2. 2. Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру . . . 31
2. 3. Зерттеу нәтижесі . . .
Қорытынды . . . 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39
Қосымша
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Мектепте білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы терең білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру деп көрсетілген.
Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В. Белинский былай деп жазған: "Әдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін". Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық тәрбие - жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі. Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамы тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Зерттеу пәні: Мектептегі эстетикалық тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу обьектісі: Жалпы білім беретін мектептердегі эстетикалық білім беру мен тәрбие негіздері.
Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сыныптарда эстетикалық білім берудің деңгейін жетілдіру.
Міндеттері:
- Мектеп оқушыларының ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғатқа, өнерге көзқарастарын қалыптастыру
- жалпы білім беретін мектептерде, оқушыларға көркемдік білім беру және эстетикалық талғам мен эстетикалық тәлім -тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
- Білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына байланысты сурет, музыка, биология экология пәндерінің оқыту деңгейін жақсарту.
- диплом жұмысының тақырыбына сәйкес бастауыш пен жоғары сынып оқытушыларына әдістемелік нұсқау ұсыну.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының нәтижелері педагогика ғылымының саласы эстетикалық тәрбие беру ісін байытып оның теориялық мазмұны және деңгейлік сипаттамаларын дамытуға үлес қосады.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Өнер арқылы қоршаған орта табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, оқушылардың шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруға және мұғалімдердің эстетикалық тәрбие беру ісіне көмегін тигізеді.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер бастауыш сыныптан бастар эстетикалық тәрбие берудің жолдары әлі де зерттеліп кеңейтілсе, онда тәрбиенің нәтижесі көтерілер еді.
Зерттеу әдістері: ғылымилылық, талдау, жүйелеу, қорытындылау.
1. Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері
1. 1. Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы
Философиялық әдебиеттерді алып қарайтын болсақ, "эстетика" деген сөздің өзінде былайша түсініктер берген. "Эстетика" - көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.
Ал "эстетикалық" дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді?
Бұл гректің сөзі, оның тікелей аудармасы "сезінушілік" дегенді білдіреді. Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы -бұл адамдардың сезінуі. Оқытушы мен оқушылардың өзара қарым-қатынасынан эстетикалық тәрбие туындайды. Қарым-қатынас қоғамда, адамдардың рухани өмірі үшін, яғни қай сала болмасын, адамдардың көзқарасын, позициясын бірте -бірте өзгеруіне алып келеді.
Адамзат баласының жеке бір тұлға болып дамуы мен қалыптасуы өте күрделі процесс. Осы қалыптасу барысындағы оңай емес бір жағы - оған эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие айналаны қоршаған табиғат әдемілігі мен таңқаларлық сұлулықты, көркемдікті, көре, сезе білуге, соншалықты оны терең сезінуге үйретеді. Шын мәніне келетін болсақ, қөркем шығарманы қадірлеп, түсіну арқылы қабылдайды.
Оқушының жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына, әсемдікті сезінуіне ықпал ететін пәндердің бірі - бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің кереметтігі - өмірдегі барша бояу түрлерінің байлығын ашып, өзіне деген ерекшеліктерін айқындайтындығында. Бейнелеу өнеріндегі көркемдегіш күштің жоғары деңгейде болуы, көрушіге өте зор ықпал етеді. Сонымен оның эстетикалық тәрбие берудегі әсер етуші мүмкіндіктердің шексіз екендігін айта кетуге болады.
Сондықтан адам баласының өмірдегі табиғат көрінісіндегі әсемдік пен сұлулықты тануға, сезе білуге үйретуде, жалпы сезімталдыққа тәрбиелеуде бейнелу өнерінің пәні аса үлкен орын алады.
Бейнелеу өнері туындыларының адамға әсер етіп, жақсылыққа жетелеуші құрал ретінде, оған ұмтылыс пен көтеріңкі көңіл туғызады. Эстетикалық тәрбиеге жүктелетін осындай күрделі міндеттердің бір бұтағы эстетикалық сезіну мен қоршаған ортаны эстетикалық жолмен қабылдау, оны қалыптастыру болып табылады. [1. 39]
Бейнелеу өнері мен эстетикалық тәрбие арасындағы байланысты түсіну барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін, күш-қуатын реттеуге көмектеседі. Осы орайда оқытушы өз бойындағы білімін, оқушыға эстетикалық тәрбие мен бейнелеу өнерінің өзара байланыстарын жан-жақты, салыстырмалы түрде кеңінен жеткізуі кажет. Уақыт талабына сай оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасы педагогикалық жаңа мәніне ие болады. Оқушылар мектеп қабырғасында бірте-бірте өздігінен бейнелеу өнері заңдылықтары түсініктерін қалыптасыруға ұмтылады және үйренуге бейімделеді. Бұл бір жағынан, оқушының эстетикалық тәрбие туралы түсінігін қалыптастыру арқылы, бейнелеу өнеріне деген көзқарасы, дүние танымы, ой-өрісі кеңіп, сөйлеу мәдениетінің бірте-бірте қалыптасып дамуына ықпал жасайды. Демек, сабақтарда мұғалім жалпы өтілетін сабақтың барысы жайында, бейнелеу өнері заңдылықтары туралы айтып шектеліп қана қоймай, эстетикалық тәрбиемен байланыстыра түсіндіруі қажет.
Суретші Б. М. Неменскийдің эстетикалық тәрбие туралы айтқан ойларына сүйенсек: "Эстетикалық тәрбие кең мағынада - бұл үлкендерді тәрбиелеу және терең сезіну, бұл адамның саналы және адамгершілік тәрбиесі ең алдымен адамның адамгершілігінде. Бұл бірінші кезекте адам жүрегіндегі тамаша тәрбиені, тамаша ақылмен жетекшілік еткен және адамның жүріс-тұрысы, оның адамдарға қарым-қатынасы. Мен терең сеніммен және біз сондай сеніммен эстетикалық тәрбиені кең мағынада, адамның жалғыз және аса қажетті тәрбие құралы деп атадық". [2. 55]
Сонымен осы айтылғандардың негізінде адамдарда талғампаздықтың пайда болғанын байқауға болады. Адамның табиғат сұлулығын тануы, оны сұрыптап бағалай білуі, әлі де болса жеткіліксіз. Өмірді жасаушы адам болғандықтан, оның осы сұлулықты өзі жасауға ұмтылуы заңды. Олай болса, адамның эстетикалық белсенділігі өмірдің сұлулығын жасай, оны құра алатындығында. Эстетикалық белсенділіктің іске асуы айналадағы қоршаған ортаның әдемілігін көркемдеп қабылдаулың негізінде болады.
Осы орайда Б. М. Неменский өз ойын былайша білдіреді: "Адамды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу - сонымен оның ойлау және сезіну эстетикасын қалыптастыру, оның өмірге көңіл бөлуі, өнерге, еңбекке, отбасына, достыққа, жалпы күресте. Бұл өмірлік ұсыныс әсемдікті заң бойынша қалыптастыру. Ұсыныс және әрекет, " - деп адам өміріндегі эстетикалық тәрбиенің маңызды екенін түсіндіреді.
Демек, мұғалімнің өзі эстетикалық тұрғыда тәрбиеленген болуы керек. Себебі ол өзінің дүниетанымы, өнерге деген көзқарасы, сезінуі, түйсінуі, эстетикалық тәрбие туралы түсінігі арқылы, өзінің бойындағы білімін оқушыға кең түрде жеткізіп түсіндіре алады. Оқушыларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда көзделетін мақсат - өмір шындығының сұлулығын көре, дұрыс тани білуге, талғамын дамытуға және білімі мен көркемдік түйсінуін үйлесімді ұштастыра білуге үйрету. Бейнелеу өнеріне деген ынтасын, қызығушылығын арттырып, дүниетанымына жағымды ықпал етумен қатар, оқушыларды еңбек сүйгіштікке баулып тәрбиелеу, күнделікті кездесетін қарапайым және өндірістік заттарға жоғары талғам тұрғысынан қарауға, табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай білуге тәрбиелеп үйрету. [3. 97]
Ақын, педагог М. Жұмабаев айтқандай, сұлулық сезімдері адамның табиғат сыйлаған қабілетімен мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Мағжан эстетикалық тәрбиенің тарауларын жан-жақты талдау жасай отырып, бала жаратылыс, табиғат сұлулықтары мен бірге өнерден барынша мол ләззат алып өсуі қажет екендігін айтады.
Ойлау үрдісінде оқушылар заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылық байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезіммен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына елестету сурет салуға дейінгі үрдіс.
Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды Мұғалімнің тыңдатқан музыкалық үзінділерінен, есту - бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да астарласып жүріп жатуы керек.
Сондай-ақ, мұғалім әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдануы қажет.
Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың суретке түсіретін бүйымдары эстетикалық қабылдаумен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен тығыз байланысты.
Оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс- әрекеттері әдеби шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық құрылым арқылы көрсеткен кезде анық байқалады.
Олар туған жердің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері туралы алғашқы білім алады. Бейнелеу өнері мектептегі пәндер мазмұндық ерекшеліктері оның елестеу, қиялдау, көру, кеңістікйе, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытыуға бағытталуында.
Мұғалім оқушыларға әртүрлі пән сабағының эстетикалық тәрбиемен қандай байланысы бар екенін және эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, олардың өнерге деген көзқарасы, түсінігі, түсінуі жалпы бейнелеу өнерінің заңдылықтарын тиянақтап түсшдіру барысында эстетикаға деген ынтасын қалыптастыруға көмегін тигізеді. [4. 128]
Бірінші сыныпқа келген оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Алғашқы жұмыстардың арасынан-ақ сурет салумен жүйелі түрде айналасатын оқушының биік деңгейі мен енді сурет салуды бастаған оқушы арасындағы әлсіз дамыған деңгейді айқындау қиынға соғады. Сол себепті окушылардың әртүрлі даму деңгейлерін бірден үстау, яғни білім алу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамыту мен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сабақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатыны мәлім.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, сынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы оқитын қабілеті бар оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырып өткізу тиімді болмақ. Себебі, сабақты жақсы оқитын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып, сабақ орындауын қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді.
Бейнелеу өнері оқушының алуан түрлі шығармашылық әрекетінің тууына және эмоциялық, эстетикалық сезімдерінің дамуына жол ашу.
Оқушыларға эстетикалык тәлім-тәрбие беру, олардың бойындағы қабілет-дарынды үштау қазіргі жаңарған, бетбұрыс заманымызда ерекше жолға қойылып отыр. Ал, бейнелеу өнері -оқушыларға эстетикалық тәрбие беретін пәндердің бірі. Ендеше, баланың эстетикалық талғамын арттыру мақсатында қазақ халқының қолданбалы өнерін мадақтайтын суретшілер мен халық зергерлерінің шығармаларын кеңінен қолдансақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапасы жоғары білім алуға деген мүдеделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы ролін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның иегеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттық әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанған" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады (қабылданады) .
Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгүні анықтап, болашақты бағдарлайды.
Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "ата жүрт", "атамекен", "елім-жерім", "туған өлке"жеке ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақылойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне, аялы, көзқарастары қалыптасады.
Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А. Жүнісбаева, Б. Әлмұхамбетов, Ә. Қамақов, Ж. Балкенов, Е. Асылханов, Қ. Ералин, Қ. Ижанов, Ү. Ибрагимов, З. Ахметова, С. Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген. Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды. [5. 92]
Тәрбиенің міндеті- балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:
1) Оқушыға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Оқушы бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көкті, түрлі-түсті кемпірқосақты, буыны жоқ бүұаңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Оқушы сұлу жаратылыстың құшағында болсын. -Оқушыда сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Мұғалім жаратылыстағы түрлі сұлулыққа оқушының зейінін аудара білу керек.
2) Оқушының маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болуы керек. Оқушының үсті басы, денесі, киімі-бәрі таза ұсталуға тиісті. Өзімен бірге оқитын құрбы - құрдастарын мәдениеттікке ретті, тәртіпті, таза блуға шақыруы тиіс. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген оқушы сұлулықты тез сезінгіш келеді. Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Оқушының бірге жүрген ортасы және адамдардың жүріс-тұрысы да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.
3) Оқушыны эстетикалық тәрбие өнрмен таныстыру керек. Бала неше түрлі әуендерді естісін, сұлу табиғат түрлерін көрсін мәдениетті сөздер, сезімтал өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасыын сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарына ойнауға үйрету керек.
Міне осыларды көріп, естіп, оқушының эстетикалық сезімдері өркендейді.
1. 2. Оқушылардың эстетикалық мәдениеті тәрбие мен білімін қалыптастырудағы музыканың ролі
"Өнер-білім бұлағы" дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да адамдарға, өскелең ұрпаққа рухани күш-жігер берш ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімдерін оятады.
Өнер саласының бірі - ән мен күйдің қоғамдық әрі тәрбиелік мәні өте зор.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру барысында мектепте белгілі бір жүйелі бағытпен музыка сабағы жүргізіледі.
Бастауыш сыныптан басталып жетінші сыныпқа дейін музыка сабағы қорған ортаның әсемділін көріп, жырлап оларды оқушылыр естіп, ажыратып, бағалай білуге арналған. Оқушыға музыка жайлы түсініктерді, анықтада отырып, эстетикалық өнердің алғашқы негіздерімен тарихымен таныстыра отырып, таным түсінігін дамытып оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыруға баулу қажет. Музыка туралы мағлұматты жүйелі меңгеру іскерлік пен дағдының қалыптасуы, ең алдымен қайырымдылық, имандылық, адамгершілік сезімнің, өнерге деген қызығушылығының, эстетикалық талғамның дамуына бағыттау керек.
Эстетика дегеніміздің өзі өмірдің бір бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі балаға музыка тілімен жетеді. Осы өнер арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді, музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады.
Эстетика баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады. [6. 229]
Мектептегі өнер сабағы тек қана музыкалық мағұлмат беріп қана қоймай сонымен қатар оқушыларға жоғары адамгершілік, имандылық, азаматтық қасиеттерге баулиды.
Көркемдік эстетикалық және эмоционалдық тартымдылығына оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеп алынған шығармалар ғана тәрбие жұмысына мол дүние бола алады. Олар өздеріне терең әсер қалдырып толғандыратын шығармаларды қабылдаған жағдайда ғана адамгершілік сезімдерін оята алады.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.
Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі, ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнердің, оның ішінде музыканың атқарар рөлі ерекше.
Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым-қатынас тәжірибесін ашады, қорытындалайды, жүйелейді. Кез келген мәселені шеше отырып, өнер шындықтың эстетикалық деректерін бейнелейді және ойластырады, ал өмірлік құбылыстарды бағалай отырып, басқалармен бірге оларды эстетикалық бағалауға түсіреді. Сонымен бірге ол эстетикалық эмоция туғызады және эстетикалық ләззатқа бөлейді. Мұның бәрі өнерді, демек музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын қүралына айналдырады. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл міндетті қызмет, бірақ жалғыз және дербес қызмет емес. Ол өнер атқаратын және оның табиғатымен, қоғамдық өмірдегі ерекше орнымен анықталып, әлеуметтік қызметтердің күрделі жүйесімен жымдаса байланысқан.
Өнердің, демек, музыканың да мынадай қызметтері бар: гнесеологиялық (шындықты өзіндік тәсілмен тану), аксеологиялық (оны өзіндік тәсілмен бағалау), насихаттаушылық (саяси, философиялық, этикалық және басқа қоғамдық идеяларды тарату), геоденистік (рухани көтеру, ерекше ләззаттану), суггестивтік(эмоция мен ойдың белгілі бір тәртібіне иландыру), сауаттандыру ("өмірдің оқулығы" қызметін атқару), эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендірлендіру), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым - қатынастың ерекше қызметі, өзіндік құралы ретінде әрекет етуі) және т. б.
Музыкалық - эстетикалық тәрбиенің, дәлірек айтқанда, музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz