Қазақстан тарихына кіріспе


1.Тақырып: Кіріспе
2.2 Лекциялық сабақтар тезистері

1.ші тақырып Қазақстан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.

1. Қазақстан тарихы курсының пәні мен міндеттері.
2. Қазақстан тарихын дәуірлеу.
3. Қазақстан тарихының аса маңызды мәселелері.
Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы» оқу пәнін қазіргі тұрғыда түсіну. Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының функциялары мен принциптері. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. «Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы».
Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу. Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау.
«Қазақстан тарихы» пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта түсуі.
Қазақ, орыс, Ресей, шетел ғалымдары Қазақстан тарихы туралы. Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа бастамалар мен бағыттар. Отандық тарих ғылымындағы теориялық мәселелер. Қазақстан тарихы қазақстандықтардың жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті түзу, азаматтанушылық, патриоттық және интернациональдық тәрбиелеудің бірден бір құралы.
Ұлттық тарихтың басымдықтары.
Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» еңбектері. Қазақстан тарихының Еуразия халықтары тарихы мен дүниежүзі тарихын оқытудағы маңызы.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауы. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауы.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 12 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




Қазақстан тарихы пәні бойынша
дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері

Контактілік дәріс сабақтарының кестесі


Тақырыптар
Сағат саны
1
Кіріспе
2
2
Тайпалық одақтар мен ежелгі мемлекеттер (б.д.д. VII ғ.
- б.д. IVғ. )
2
3
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер тақырыбына арналған кесте құрастыру.
2
4
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер (VІғ.- IХғ. басы).
2
5
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер (VІғ.- IХғ. басы) тақырыбына байланысты кесте құрастыру.
2

Барлығы
10

Тақырыптар:

1.Тақырып: Кіріспе
2.2 Лекциялық сабақтар тезистері

1-ші тақырып Қазақстан тарихына кіріспе. Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.

1. Қазақстан тарихы курсының пәні мен міндеттері.
2. Қазақстан тарихын дәуірлеу.
3. Қазақстан тарихының аса маңызды мәселелері.

Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. Қазақстан тарихы оқу пәнін қазіргі тұрғыда түсіну. Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының функциялары мен принциптері. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы.
Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу. Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау.
Қазақстан тарихы пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта түсуі.
Қазақ, орыс, Ресей, шетел ғалымдары Қазақстан тарихы туралы. Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа бастамалар мен бағыттар. Отандық тарих ғылымындағы теориялық мәселелер. Қазақстан тарихы қазақстандықтардың жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті түзу, азаматтанушылық, патриоттық және интернациональдық тәрбиелеудің бірден бір құралы.
Ұлттық тарихтың басымдықтары.
Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында, Сындарлы он жыл, Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы еңбектері. Қазақстан тарихының Еуразия халықтары тарихы мен дүниежүзі тарихын оқытудағы маңызы.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан халқына жолдауы. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Қазақстан халқына жолдауы.

Негізгі әдебиет: [22, 23, 24, 30, 32, 33, 34, 35, 36, 37]
Қосымша әдебиет: [Негізгі әдебиетте: 1, 2, 7, 16, 17, 38, 39,40]

2-ші тақырып Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.

1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры.
2. Қола дәуірі (б.з.б. ХVIII - IX ғғ.).
3. Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары мен ежелгі мемлекеттер: сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар.

Палеолит (көне тас ғасыры). Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка мен Азия территориясындағы негізгі антропологиялықжаңалықтар. Қазақстанның табиғат жағдайлары және ертеде өмір сүрген гоминиттердің ортасы. Тас ғасырын археологиялық дәуірлеу және оның хронологиясы. Қазақстан палеолитін зерттеу тарихы. Х.А.Алпысбаев басқарған Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау отрядының жұмысы. Төменгі палеолит ескерткіштерінің табылуы. А.Г.Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың Солтүстік жағалауында жүргізген жұмыстарының маңызы. М.Н.Клапчук пен В.С.Волошиннің Орталық Қазақстанда жүргізген зерттеулері. Шульба археологиялық экспедициясы палеолит отрядының және Қазақстанның тас ғасырының ескерткіштерін Ж.Таймағамбетов басшылығымен зерттеген экспедиция жұмыстарының нәтижелері.
Қазақ-Ресей бірлескен археологиялық экспедициясының кейінгі кезде Қазақстанда (1992-2002 жж.) ашқан палеолит ескерткіштері. Қошқорған, Шоқтас т.б. стратифицияланған ескерткіштер.
Мезолит (орта тас ғасыры). Плейстоценнен голоценге өту. Мұзбасудың шегінуі. Оңтүстік Қазақстанның мезолит ескерткіштері. Материалдық мәдениетке сипаттама. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын өзгерістердің археологиялық деректермен дәлелденуі. Тұрмыста садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағаларындағы ескерткіштер. Еңбек құралдарындағы айырмашылықтар. Мезолиттің тарихи орны.
Неолит (жаңа тас ғасыры). Неолитке жалпы сипаттама. Неолит революциясы. Дайынды иемденуден шаруашылықтың өндіруші формасына өту. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолиттік тұрақтар. Қараүңгір үңгірлік тұрағы. Тасты өңдеу технологиясы және керамика жасау.
Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай жырасындағы Маханджар мәдениеті.
Неолит өнерінің көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастардағы суреттер т.б.
Матриархаттық - рулық қоғамның дамуы.
Энеолит (мыстытас ғасыры). Тастан жасалған еңбек құралдарымен қатар тас құралдардың пайда болуы. Кетпенді егіншілік пен мал өсірудің таралуы. Орал - Ертіс өзен аралығындағы энеолит. Ботай мәдениеті. Материалдық мәдениет. Қоныстар мен тұрғын үйлердің сипаты. Шаруашылық. Жерлеу дәстүрі. Маңғыстаудың энеолиттік ескерткіштері. Балшықтан ыдыс жасау тәсілдері. Мәдениеттің көрші территориялар мәдениетімен өзара байланысы.
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Қола дәуірі (б.з.б. XVIII - IX ғ.ғ.). Жалпы сипаттамасы және кезеңдерге бөлудің дамуы: малды бағып өсіру, жайылымдық - жайлауда өсіру, көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Патриархат. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы. Этникалық қауымның дамуы.
Қазақстан территориясындағы Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Үй кәсіпшілігі, тұрғын үй шаруашылығы, дін және өнер. Археологиялық ескерткіштер (қоныстар, молалар, рудниктер, петроглифтер): Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас т.б. Артефактілер типологиясы. Ескерткіштердің тараған территориясы.
Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғарғы дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Сазбалшықтан шеңбер жасаудың пайда болуы. Жерлеу салты. Ботай, Тоқсанбай алғашқы қала үлгілері.
Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б. VII - III ғ.ғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай өту. Евразияның ұлы даласы және скиф-сақ қауымдастығы. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савраматтар. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы және сақ мемлекеттік құрылымы. Сақ жазуы - мемлекеттіліктің маңызды атрибуты. Өнердің, мифтің және діннің дамуы. Әскери қорғаныс ұйымының жоғарғы дәрежесі. Егіншілік, қолөнер, сауда. Қыстақтар мен қалалар. Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен байланысты.
Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. II - б.з V ғғ.) сақтардың мәдени - тарихи мұрасын қабылдап жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар және савраматтар-сарматтар. Үйсіндер мемлекеті Жетісуда, қаңлылар мемлекеті Сырдарияда. Соғыс жүйесі. Соғыс және мемлекеттік ұйымдардың негізі - рулық - тайпалық құрылым. Үйсіндер мен қаңлылардың Қытаймен, ғұндармен, Орта Азия мемлекеттерімен саяси және этномәдени байланыстары.
Ғұндар. Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя (б.з.б. ІІІ - б.з. І ғғ.) ғұн тайпаларының батысқа миграциясы. Ғұндардың Шығыс және Орталық Қазақстанда Юебань мемлекетін құруы (б.з. ІІ - V ғғ.). Басқарушы әулет. Рулар мен тайпалардың иерархиясы. Басқарушының қасиетті өкіметі. Соғыс ұйымының онмыңдық жүйесі. Мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер. Жазу және қалалар. Тәңірге табыну.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 4, 11, 17, 19(қ.ә.), 22, 23, 24, 30, 36(қ.ә.)]
Қосымша әдебиет: [1, 10, 18, 54, 56, 57, 64, 71, 72, 77, 81, 86, 90, 98, 109, 136]

3-ші тақырып Ерте және дамыған ортағасырлық
мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ. басы).

1. Түрік және Батыс түрік қағанаттары.
2. Түргештер. Қарлықтар.
3. Оғыз мемлекеті.
4. Қимақ мен қыпшақтар мемлекеттері.
5. Наймандар. Керейлер.
6. Қарахандар мемлекеті. Қидандар.
7. Қыпшақ хандығы(ХІ ғ. басы - 1219 ж.).

Түрік қағанаты (552-603 ж.ж.). Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түріктер тарихы және ғұндар мемлекеті. Түріктер және ғұндардың мемлекеттік, мәдени дәстүрлері. Қазақстан Түрік қағанатының құрамында. Қағанат шекараларының Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін ұлғайтуы. Византия, Иран және Қытаймен қарым-қатынасы. Қағанаттың екіге бөлінуі. Батыс-Түрік қағанатының (603-704 жж.) саяси тарихы. Соғыс - әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы. Тайпалық иерархия. Батыс - Түрік қағанатының әлсіреуі. Әулеттердің ауысуы.
Түргеш қағанаты ( 704-756 жж.). Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. Таластағы тарихи шайқас. Түргеш қағанатының құлауы. Осымен Түрік қағанаты тарихы аяқталды, оның орнына Жетісуда Қарлұқ мемлекеті (756 - 940 жж.), Сырдарияда Оғыздар державасы (IХ ғ. басы - XI ғ.) құрылды. Қарлұқтар, оғыздар, қимақтар-ерте түрік мемлекеттік дәстүрлерді жалғастырушылар.
Қарлық мемлекеті (776-940 жж.) мемлекеттің Жетісуда құрылуы. Тайпалық құрамы, олардың орналасуы. Саманиттермен күрес, ислам шекарасының Талас аумағына дейін тарауы. Басқарудың соғыс-әкімшілік сипаты. Шаруашылығы. Қалалары мен қоныстары. Рухани мәдениеті. Әскери ақсүйектердің исламға бағыт ұстауы. Өзара қырқыстың күшеюі.
Оғыздар. Оғыз мемлекеті. (IХ ғ. соңы - XI ғ. басы). Оғыздардың печенек тайпаларын Сырдария аңғарынан, Арал жағалауларынан ығыстыруы. Оғыздар мемлекетінің құрылуы. Оғыздардың қимақтармен, қарлықтармен, хазарлармен, бұлғарлармен этносаяси байланыстары. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы, қоныстары, қалалары. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сельджуктермен күрес және өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз джабғасының саяси тұғырының әлсіреуі.
Қимақ қағанаты (IX ғ. соңы - XI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Қимақ қоғамында ерте түрік дәстүрлерінің дамуы. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қимақтардың, қыпшақтардың, құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақтар қағанынан саяси тәуелділігі. Көрші халықтармен саяси және этномәдени байланыстары. Қоғамдық құрылысы, шаруашылық типтері, қалалары, сауда. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.
VI-X ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Көшпелі өркениет, оның дамуының өзіндік ерекшеліктері. Шаруашылық мәдени типтері: мал бағу, егіншілік. Қазақстандағы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар. Дала мен қала. Ерте түрік жазуы және түрік мәдени ескерткіштері. Христиандық, ислам және мұсылман мәдениетінің тарауы: буддизм, манихейлік. Көрнекті жазушы Иолық Тегін, аса көрнекті ғалым әл-Фараби, ғалым және жазушы Жанах әл-Қимақи.
Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XІ ғ. басы - XIII ғғ). Қарақан мемлекеті (942 - 1210 жж.). Қашғар мен Жетісу территорияларында қағанаттың пайда болуы. Қазақстандағы тұңғыш мұсылман мемлекеті. Оңтүстік Қазақстан қарахандықтардың қоластында. Қарахандықтардың саяси билігінің Мавреннахрға тарауы. Сельджуктермен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Өкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Көшпелі дәстүр және отырықшы егіншілікпен мұсылман мәдениетін игеру. Қала және сауда. Егіншіліктің, отырықшылықтың дамуы. Басқарудың әскери тайпалық әкімшілік жүйесі. Қарақытайлардың саяси үстемдігінің қарахандықтарға тарауы.
Қарақытай (1128 - 1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың басып алуы. Қарақытайлардың саяси ықпалдарының Мавреннахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қарақытайлар билігінің құлауы.
Найман мен кереит ұлыстары (XII ғ. басы - XIII ғ.). Орталық Азияда наймандар мен кереиттер тайпалары конфедерациясының қалыптасуы. Қоныстануы. Христиандықтың тарауы. Наймандар мен кереиттерде мемлекеттің құрылуы. Шыңғысханның кереиттер мен наймандар ұлыстарын талқандауы. Наймандардың Жетісуға өрлеуі. Наймандардың монғолдардан жеңілуі.
Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1224 ж.). Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагерлері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. Дешті Қыпшақ термині уақыт пен кеңістікте. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және оның иерархиясы. Көрші халықтармен, мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. Қыпшақтардың хорезмшахтармен күресі. XI-XII ғасырларда Қыпшақ хандығында қазақ халқының этникалық негізі қалыптасуы. Қыпшақ халқының өзінің қалыптасу құрамының аяқталу кезеңін Шыңғысхан шапқыншылығының үзуі. Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Қыпшақ хандығының құлауы.
XI ғ. басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Көшпелі мал өсірушілік қоғамдағы шаруашылық мәдниет типтері. Оңтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстанның қалалары. Сәулет өнері. Қолөнер, сауда, ақша айналымы. Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан территориясындағы тармақтары. Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениеті. Діни наным сенімдері және табыну. Мұсылман мәдениеті жүйесіндегі Қазақстан халықтары. Исламның көшпелілер арасына тарауы. Қазақстан халықтары мен тайпаларының Шығысындағы мұсылман елдерімен, басқа да алыс - жақын елдермен мәдени және саяси байланыстар жасауы және ұлғаюы.
Ауызша шығармашылық және жазбаша мұсылман түрік мәдениеті. Ғалымдар мен ойшылдар Махмуд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұнның, Ахмед Жүгенекидің, Қожа Ахмет Ясауидің еңбектері.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 11, 12, 22, 23, 24, 30, 33, 104(қ.ә.)]
Қосымша әдебиет: [10, 11, 21, 32, 35, 38, 43, 49, 55, 64, 70, 71, 72, 86, 113, 121, 138, 143]

4-ші тақырып Қазақстан моңғол жаулаушылығы кезеңінде (ХІІІ ғ.). Алтын Орда (1243 ж. - ХV ғ. ортасы).
XIV - XV ғғ. ортағасырлық мемлекеттер.

1. Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азия территорияларын жаулауы. Ұлыстардың құрылуы.
2. Алтын Орда (1243 ж. - ХV ғ. ортасы).
3. ХІV - ХV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер.

Монғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. Батый ханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың құрылуы. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орданың билеушілері. Исламды мемлекеттік дін есебінде қабылдау. Алтын Орданың Мамлюк мемлекетімен этносаяси байланыстары. Темірдің Алтын Ордаға жорығы. Алтын Орданың әлсіреуі және құлауы. Ұлыстық күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы.
XVI - XV ғасырлардағы ортағасырлық мемлекеттер Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Көк Орда (XIII ғасырдың соңы - XV ғасырдың басы) жергілікті этникалық негізде біріккен тұңғыш ірі мемлекет. Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Орта Азиямен, Хорезммен байланыс. Сырдария бойындағы қалалар үшін тимуридтермен күрес. Биліктің Шайбанилерге көшуі.
Моғолстан (XIV ғ. ортасы - XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Мұсылмандықтың тарауы. Темірдің Моғолстанға жорығы. Моғолстан мен Көк Орда билеушілерінің Темірге қарсы одағы. Моғолстанның Темірге вассалдық тәуелділігі. Мухаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы. Монғол ойраттарының соғыс рейдтері. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428 - 1468 жж.) немесе Әбілхайыр хандығы. Территориясы және этникалық құрамы. Әбілхайыр ханның Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.). Хандықтардың ыдырауы.
Ноғай ордасы (Маңғыт үйі) - XIV ғасырдың соңы XV ғасыр. Территориясы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасын билеушілер. Ноғай Ордасының шектес мемлекеттермен өзара қарым - қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы.
Сібір хандығы (XV ғ. соңы - XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.

Негізгі әдебиет: [3, 12, 16, 17, 22, 23, 24, 86(қ.ә.)]
Қосымша әдебиет: [3, 21, 31, 42, 43, 59, 60, 63, 69, 91, 92, 98, 99, 104, 106, 107, 113, 127, 133, 134, 135, 143, 145, 146]

5-ші тақырып Қазақ халқының қалыптасуы.
Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері.

1. Қазақ халықтарының құрылуы.
2. Қазақ этнонимі.
3. Қазақ жүздері.
Қазақ халқының құралуының тарихи алғышарттары. Ертедегі, ерте және дамыған ортағасырлардағы этникалық үрдістер. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үрдіске ықпалы. Жазба деректерде қазақ терминінің тұңғыш рет кездесуі. Оның әлеуметтік мәні. Өзбек және Қазақ ұғымдарының арақатынасы. Қазақ этнонимі осы халықтың нағыз аты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі. Жүздер - қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері. Ұлы, Орта және Кіші жүздерінің пайда болуы.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 6, 12, 14, 15, 16, 17, 22, 23, 24, 30, 33, 86(қ.ә.)]
Қосымша әдебиет: [5, 6, 9, 12, 20, 21, 31, 36, 43, 59, 91, 96, 104, 107, 116, 126, 127, 138, 139, 144]

6-шы тақырып ХV - ХVІІІ ғғ. басындағы
қазақ хандығы.

1. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.
2. ХVІ ғ. қазақ хандығы.
3. ХVІІ - ХVІІІ ғғ. басындағы қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

Қазақ хандығының құрылуы (1466 ж.). Қазақ хандығы саяси үстемдігінің Шығыс Дешті-қыпшаққа тарауы. Керей мен Жәнібек алғашқы қазақ хандары. Бұрындық пен Қасымның Шайбаниге және Ноғай Ордасының мырзасына қарсы күресі. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі.
Қазақ хандығының күшеюі. Қазақ хандығының XVI ғасыр басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Рулық тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал өсірушілік, егіншілік, қалалары, сауда. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның өлуі.
Моғолстанның саяси тұғырларының әлсіреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісуды қазақ хандығы территориясына қосу. Қасым хан тұсында хандықтың территориясының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақ хандығы. Тақ үшін күрес. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынасы. XVI ғасырдың ортасына қарай хандықтың әлсіреуі. Қазақ-ноғай қатынастары.
XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Хақназардың басқаруы. Қазақ-ойрат қатынастары. Қазақ-ноғай байланысы. Қазақ хандығы және Мавренахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұқар мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Ташкент көтерілісінің Қазақ хандығы мен Мавренахрдың өзара қарым-қатынасына әсері. Аштарханидтердің Орта Азиядағы билік басына келуі.
XVIІ ғ. және XVIІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы.
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынас. Қазақ хандығы және ШығысТүркістандағы феодалдық иелік. Қазақ-жоңғар қатынастары. Жоңғар хандығының пайда болуы, оның басқыншылық саясатының басталуы. XVIІ ғ. екінші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ қоғамында батырлар мен билердің ықпалының өсуі. Жәңгір тұсындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның басқаруы. Қазақ-Жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның "Жеті -жарғысы". Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Сыртқы саясат. Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастар. Орыс-қазақ қатынастары.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 6, 12, 16, 17, 22, 23, 29, 30, 33, 38, 86(қ.ә.), 143(қ.ә.)]
Қосымша әдебиет: [4, 5, 6, 12, 16, 17, 40, 42, 43, 51, 52, 59, 70, 91, 95, 96, 99, 104, 112, 150]

7-ші тақырып Қазақстан мен Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстандағы отаршылдық дәуірдің басталуы.

1. XVII - XVIII ғғ. басындағы қазақ-жоңғар соғыстары. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама жылдары.
2. Қазақстанның Ресейге бодандыққа түсуінің экономикалық және саяси алғы шарттары.
3. Қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдауы.
4. Қазақстандағы Ресей патшалығының отаршылдық саясатының басталуы.
5. Қазақ халқының халық-азаттық қозғалыстары (1731-1837 жж.)

Қазақстанның жаңа заманға өтуі: мәселенің теориялық аспектілері. Дәуірлеу. Тарихнамасы мен деректері.
Қазақстанның халықаралық жағдайы: ерекшеліктері және келешегі. Қазақстан Орталық Азия жүйесінде.
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік - экономикалық жағдайы. Қазақстанға жасалған жоңғар шапқыншылығы. Ақтабан шұбырынды. Қазақ-жоңғар соғыстары. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ қоғамының топтасуы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының жасақтарын басқарған қолбасшылар мен идеологтар. Бұланты, Аңырақай шайқастары. Жоңғар шапқыншылығының зардаптары. Қазақ-жоңғар соғыстарының халықтың ауызша тарихи жырларындағы көрінісі.
Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында.
XV - XVII ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастарының алғышарттары. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қарым-қатынасы. І Петр патшаның Шығыс саясаты жүйесіндегі Қазақстан. Казак отарлауы.
Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы: тарихнамасы және деректер. Әбілхайыр хан мемлекеттік, саяси қайраткер және қолбасшы. XVIII ғасырдың екінші ширегіндегі Ресейдің сыртқы саясаты шеңберіндегі Қазақстан.
Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы.
Проблеманың тарихнамасы. Деректер.
XVIII ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саяси дамуы.
Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси дамуындағы өзгерістер. Циндік Қытай және Жоңғария. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясаты.
Абылай хан дәуіріндегі Қазақстандағы мемлекеттілік, Қазақстандағы ішкі және сыртқы саяси жағдай. Абылай ханның егемендікке ұмтылып, біртұтас тәуелсіз қазақ мемлекетін құру әрекеті. Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. XVIII ғасыр соңындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың динамикасы мен трансформациясы.
XVIIІ ғасырдың соңы XIX ғасырдың екінші жартысы аралығындағы Қазақстан және Орта Азиялық мемлекеттер.
Жоңғар хандығының әлсіреуі. Қазақ-Жоңғар қатынастары. Ресей мен Қытайдың сыртқы саясатындағы Қазақстан және Жоңғария.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамы. Көшпелі мал өсіру-қазақ қоғамның материалдық өндірісінің негізі. Қазақ көші. Егіншіліктің даму ерекшеліктері. Қолөнердің жайы. Экономикадағы өзгерістер. Сыртқы сауда. Қазақтардың қоғамдық құрылымы. Әлеуметтік бөлініс. Ақ сүйек, қара сүйек ұғымдары, олардың мазмұны мен құрылымы.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан және Ортаазиялық мемлекеттер. Абылай ханның мұрагерлері басқару дәуіріндегі (XVIII ғ. 80 жылдарынан 1821 жылға дейін) Орта жүз территориясындағы саяси ситуация. Ресей мен Англияның отаршылдық экспансиясы жағдайында Қазақстан мен Орта Азияның егемендік пен тәуелсіздікті сақтап қалу проблемалары. Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. XVIII ғ. мен XIX ғ. басы аралығында қазақ халқының егемендігі мен мемлекеттілік тәуелсіздігінен айырылған кездегі ұлт-азаттық қозғалысы. Негізгі кезеңдері, қорытындылары, проблемалары.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731 - 1837 жж.). Қазақтардың Ресейдегі азаттық қозғалыстарға қатысуы. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басталу кезеңінің идеологиялық ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері.

Негізгі әдебиет: [10, 22, 23, 24, 28, 29,30, 33, 86(қ.ә.)]
Қосымша әдебиет: [5, 7, 8, 17, 25, 26, 32, 40, 43, 50, 66, 68, 70, 74, 75, 83, 85, 94, 95, 107, 110, 112, 114, 115, 116, 118, 124, 129, 131, 140, 151]

8-ші тақырып ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

1. ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
2. 1905-1907 жж. орыс революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері.
3. Халық азаттық қозғалыстағы қазақ интеллигенциясының ролі.
4. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясы кезеңіндегі Қазақстан.
Қазақстан Ресей Империясының құрамында.
Император 1Петр Қара .Балтық теңіздері арқылы Европаға Терезе ол отырып
Бір жағынан барша Азия елдеріне де кілті іздеді. Оның алдындағы және саясаткерлер үшін Қазақстан Ресейдің Түркия Иран, Ауғанстан, Индия,Қытай Орта Азия турасындағы Шығыс саясатын жүзеге асыратын мақсат қана емес, басты құрал болып есептелетін.Жалпы Ресей имперсиясының Қазақстанды отарландыруының негізгі кезеңдері
1. 16 ғасырдан бастап әрқилы босқындар қашқын казактардан құрылған отрядтардың еркінде қалайболса солай отарлауы өріс алды.
2. 17 ғасырдан бастап сауда өнеркәсіптік капиталының ыңғайымен әскери әкімшілік отарлау жүзеге асырылды,
3. 19 ғасырдың аяғынан 20 ғасырдың басына дейін көшіп қону бағытында отарлау.
4. 17 ғасырдан 20 ғасырға дейін созылған әлеуметтік идеологиялық отарлау.
Ең қауіпті жау қазақтың феодалдық мемлекетінің өмір сүру сүрмеуі нақты қатер туғызған Жоңғария болды. Седен Рабдан мен мұрагерң Қалден Серен басқарған жылдар Жоңғар Хандығы күшейе түсіп Орта Азия халықтары өмірінде белсенді рол атқарған кезеңі болды, 1717 жылы қазақтардың жекелеген басшылары Қайып пен Әбілқайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайын байқап, Петр 1-ге өздерін одақ болуға сөз салды. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кірулері салдарынан 1681,1684,1694,1771-1712,1714-1717, көшіп қонудың дәстүрлі бағыттары мен жолдары және оның ғасырлар бойы қалыптасқан бүкіл жүйесі тұтасымен бұзылды.Қазақтардың сыртқы саяси жағдайының өзгеруінен Ресей империясына қосылуға себеп болды,1731 жылы Кіші жүз Ресейдің азаматтығын қабылдағаннан кейін ,1732 жылы Орта жүз ханы Сәмеке Ресейге бодан болды, 1740жылы Орта жүздің хандары Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресейдің құрамына қосылды. 1738 жылы Ұлы жүздің ханы Жолбарыс Ресейдің құрамына алу жөнінде әйел патшаға өтініш берді, Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Орынбор экспедициясын ұйымдастырды. Оны П.К.Кириллов басқарды, көмекшісі Тевкелев тағайындалды, 1735 жылы Қазақ орыс саяси және сауда байланысын дамытуда Орынбор қаласы салынды.Орта жүзде әскери желілер салу қазақ жерлерін күрделі саяси жағдайда отарлаудың тірек базасына айналды.1815 жылы Уәлидің Орта жүзже позициясын әлсіретуге тырысып үкімет 2-ші хан етіп Бөкейді тағайындады.1817 жылы 1819 Уәли қайтыс болған соң Орта жүзде хан тағайындалмады, Орта жүзде хан билігін жойғаннан кейін патша үкіметі Сібірдің қазақтары жарлығы сүйеніп басқарудың М.М.Сперанскийдің әзірлеген жаңа жүйе енгізді. 1839 ж дейін басқару жүйесі Тобольскіде 1839 бастап Омскіде жаңа құрылған Батыс - Сібір губернаторлығы құрамына енді. Өлкені отарлаудыц тездету мақсатында басқарудың Ресейлік жүйесі енгізіле бастады. Қазақ халқының үлкен бөлігінің көтеріліске ұласқан қарсылығын туғызды.

3- тақырып Қазақстандағы ақпан революцисы.

1917 жыл ақпанында Ресейде буржуазиялық демократиялық революция жаңа патша өкіметін құлатты Ақпан революцисының басты өзгешелігі елде екі өкіметтілік буржуазиялық уақытша үкімет пен жұмысшы солдат депутаттарының Кеңестері пайда болды. Жергілікті жерлерде буржуазияның саяси өкімет органдарын құру үшін Мемлекеттік Дума қалалық думалар және комиттер құрылды. Уақытша үкімет басына қазақтардың ұлттық инттелегенциясының өкілдерін қойды. Ә.Бөкейханов. Уақытша өкімет Торғай облысы.М.Тынышпаев Жетісу облысы коммиссарыболып тағайындалды, Ақпан революциясы кейін патша үкіметінің жергілікті органдарын жою қызмет еткендерді жазалау жөніндегі шаралар қолға алынды. Уақытша үкімет жер реформасын жүргізу туралы соғыста жеңіске жеткеннен кейін өткізілуі тиісті Құрылтай Жжиналысында хабарлайтын болды. Уақытша үкімет халықтың сеімінен айырыла бастады, Жалпы халықтық наразылық пен Ашу ыза толқынында Ресейдегі қоғамдық саяси және экономикалық құрылысты өзгертуге ұмтылу батыл күштер үстем бола түсті.

4.Тақырып:Қазақстан азамат соғысы жылдарында.
Қазақстандағы азат соғысы алғашқы ошақтағы 1917 қараша Торғай облыс әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты.Қазақтары әскердің атаманы Дутов Совет өкметін құлатып,бүкіл Ресейлік сьезінің делегаты С.Цвилинг бас.рев.ком.тұтқұнға алынды.Кеңес үкіметімен күресудің Қарулы орталығы Жетісуда болды.
1918 ж ІІ маусымда Семейдегі Кеңес өкіметі құлатылды.
1918 Жазда Кеңес өкіметі Жетісу мен Сырдария облысының көпшілік бөлігінде,Торғай облысының Қайыр ауданында сақталып қалды.
Азамат соғысы жағдайында қызыл армияны құру жүзеге асырылды.Қызыл армия қатарына орыстар мен бірге қазақ еңбекшілері де бара бастайды.Бүкіл Рейсейлік Атқару комитетінің 1818 ж мамырдағы жарлығы мен әскерге еркімен бару,әскери борышты орындау алмастырылады.1918 ж мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару,әскери борышты орындаумен алмастырылады.1918 ж. Жазда Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды.Қызыл Армияның Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария,Жетісу обл,Бөкей Ордамен, Торғай облысы (Торғай мен Ырғыз)негіз болды.
1919 ж.Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардиялардан босатылды.1920 ж.Азат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы солт.Жетісу майданы жойылды.
1920 ж. 26 тамыз РК.ФСР Халық комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.
1920.ж 12 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Кеңесінің құрылтай сьезі Кеңесін декларациясын қабылдап,ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия Қаз.ССР құрылуын жұмысшылардың қазақ халқының, қазақтар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешев. ОАК және В.Радус Зеньковичті халық Комиссарлары Кеңесін сайлады.
Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жағдайының ерекшеліктері. XIX ғасырдың І жартысындағы Ресей империясының сыртқы саясатындағы Қазақстан.
Қазақстан территориясы мен мемлекеттілігінің бүтіндігін сақтау үшін күрес. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының екінші кезеңі (1837-1870 жж.). Кенесары Қасымұлы - қаһарман, патриот, билеуші. 1837-1847 жж. Халық соғысы. Жанқожа Нұрмұхамедов және Есет Көтібаров бастаған көтерілістер. Маңғыстаудағы қарсылық қозғалысы. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының екінші кезеңіндегі ортақтық және ерекшеліктер. Азаттық қозғалысындағы Қазақстан және Ресей.
Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы. Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігінен айырылуы. Қазақ жерлерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялау. Патша өкіметінің XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы реформалары.
XIX ғасыр және XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы. Қазақстан - Ресей империясының отары. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоныс аудару саясаты және столыпиндік модернизация.
Түркістан өлкесінен және далалық облыстары басқару туралы Ереже. Отарлық басқаруды орталықтандырудың күшеюі. Сот ісі құрылымындағы өзгерістер, сот ісіне енгізілген жаңалықтардың мәні. Жұмысшы қозғалысының басталуы. Халықтың әлеуметтік теңсіздігі. Балалар еңбегін қанау. Жұмысшылардың наразылығының формалары. Алғашқы ереуілдер.
Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы: жалпы сипаттамасы. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі этникалық процестер және олардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы. Халықтың полиэтникалық құрамы: негізгі факторлары, қалыптасу негіздері, құрамы. Қазақ ауылы. Жатақтар (шетке кету). Қоныс аударушылар деревнясы.
Ресей империясы халықтар түрмесі. Қазақтар. Халықтардың өзара қарым-қатынасы.
Қазақстандағы орыстар. Қазақстанға жер аударылған поляктар. Қазақстанға ұйғырлар мен дұнғандардың қоныс аударуы. Қоныс аударудың себептері. Қытай жеріндегі ұйғырлар мен дұнғандардың жағдайы. Алғашқы қоныстары. Шаруашылығы, егіншіліктің дамуы. Ұйғырлар мен дұнғандардың мәдениетінің дамуы.
Жетісуда егіншіліктің дамуы. Сауда. Жәрмеңкелер. Кәсіпшілік. Өнеркәсіп. Урбанизациялау процестері. Қалалардың әлеуметтік-мәдени бейнелері. Банк-ақша қатынастары. Өлкедегі сауда және жол қатынастары жағдайы. Жұмысшы кадрларының қалыптасуы. Жерді пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпиннің аграрлық реформаларының салдары.
Қазақстанның Қытаймен байланысы. Бұқтырма, Семей және Петропавлдың Синьцзянмен сауда жасау орталықтарына айналуы. Сауда қатынасының одан әрі дамуы. Қазақ-Қытай сауда қатынастарының әлсіреуі, оның себептері.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (XIX ғасырдың соңғы ширегі - XX ғасырдың басы). XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының реформаторлық қозғалысының ерекшеліктері. Қазақ ұлттық мемлекеттігі идеяларының жаңа мазмұны.
1905-1907 жж. Орыс революциясының халықаралық маңызы және оның Қазақстанға әсері. Патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі. Жұмысшы қозғалысының басталуы, қазақ шаруаларының оппозициялық қозғалысының өршуі. 1905 жылғы Қарқаралы петициясы. Қазақтардың Ресейдің І - ІІІ Мемлекеттік Думаларының қызметіне қатысуы. Халық азаттық қозғалысындағы қазақ интеллигенциясының рөлі. Парламенттік және ұлттық автономия идеялары. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қайта өркендеу, өсу проблемасы.
XX ғ. басында Қазақстанда ұлттық - демократиялық, реформаторлық қозғалыстардың қайта көтерілуі. Қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы (Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, ағайынды Досмұхамедовтер, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердиев т.б.). Ұлттық өзіндік сананың қалыптасуындағы Қазақ газеті мен Айқап журналының рөлі.
Метрополия Ресей және отар Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыста. Қазақстандағы 1916 жылғы оқиғалар: себептері, сипаты, сабақтары. Қозғалыстың негізгі ошақтары және қозғалыстың басшылары. Патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығына түрлі әлеуметтік топтардың қатынасы. Қозғалыстың жеңілу себептері, тарихи маңызы.
Қазақ халқының мемлекеттік дербестігі мен тәуелсіздік үшін XVIIІ - XX ғасырларда жүргізген күресінің тарихи маңызы.
1917 ж. Қазақстан. Ұлт-азаттық және ұлттық демократиялық қозғалыстар. Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция, оның Қазақстанға жасаған ықпалының ерекшеліктері. В.И.Лениннің қоғамдық-саяси қызметі. Кеңес органдарының құрылуы. 1917 жылдың көктемі мен жазындағы саяси партиялар мен ағымдар. Большевиктер, кадеттер, эсерлер, Алаш қозғалысы және партиясы, Үш жүз, Шуро-и улемия т.б.
Жаңа заман кезіндегі ұлттық идея мен ұлттық мемлекеттіліктің эволюциясы. XVIII ғасырдың басынан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі аралықта қазақ халқының өзіндік ұлттық санасының өсуі. Дүние жүзі халықтарының жаңа замандағы ұлттық қайта өрлеу тарихи тасқынындағы Қазақстанның орны.

Негізгі әдебиет: [10, 22, 23, 24, 27, 28, 30, 79(қ.ә.), 140(қ.ә.)]
Қосымша әдебиет: [1, 7, 22, 24, 30, 37, 43, 45, 46, 58, 66, 70, 75, 84, 93, 97, 115, 118, 124, 140, 142, 143]

9-шы тақырып Қазақстан мәдениеті (XVIII - ХХ ғғ. басы).

1. Қазақстандағы халық білімін дамыту.
2. Өлкені ғылыми зерттеу және Қазақстан ғылымы.
3. Қазақтың жазба әдебиеті.
4. Қазақ халқының саз өнерінің мұралары.
5. Қазақтардың материалдық мәдениеті.

XVIII ғ. Қазақстандағы Ресей экспедициялары. Қазақ әдебиеті. Ақтанберді жырау. Бұқар жырау. Тәттіқара, Үмбетей Тілеуұлы, Шал Күлекеұлы.
Мұсылмандық және орысша білім беру. Орыс тарихнамасындағы Қазақстан. А.И.Левшин - қазақ тарихының Геродоты. Орыс-қазақ әдебиетінің байланыстары.
Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары. Музыка өнері. Жыраулар, айтыскерлер, сазгерлер.
Материалдық мәдениет. Үй кәсіпшілігі және қолөнер.
XIX ғасырдың 60-70 жж. оқу-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар. Облыстық статистикалық комитеттер. Кітапханалардың ашылуы. Халық ағарту ісі: қиындықтар мен кемшіліктер.
Өнер мен мәдениет. Бейнелеу өнеріндегі Қазақстан тақырыбы. Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Біржан Қожағұлұлы, Ақансері-Ақжігіт Қорамсаұлы және басқалар.
Ұлттық сана-сезімнің жетілуі. Қазақ демократиялық әдебиеті. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыттар. Ш.Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбайұлының, Ы.Алтынсаринның, С.Бабажановтың, Б.Дауылбаевтың, Д.Чуваковтың, Ш.Құдайбердіұлының қызметі мен ғылыми мұрасы т.б. Қазақ халқының материалдық және рухани мұраларының әлемдік мәдени мұрадағы орны. Қазақ халқының білімді және білікті элитасының мұралары.

Негізгі әдебиет: [2, 5, 6(қ.ә.), 14, 15, 16, 17, 22, 23, 24, 30, 33, 38]
Қосымша әдебиет: [7, 12, 26, 37, 38, 42, 46, 58, 70, 71, 93, 94, 95, 96, 103, 104, 105, 110, 114, 116, 128, 131, 132, 143, 144, 149, 153, 154]

10-шы тақырып 1917 ж. Қазан төңкерісі және оның алғы шарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.)
халық қасіреті.

1. Қазан төңкерісі кезеңіндегі Қазақстан. Қазақстандағы Кеңес өкіметін орнатудың ерекшеліктері.
2. Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.
3. Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан (1918-1920 жж.).

Қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының революцияға қатынасы. Қазан революциясының әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері (отарлық революция), Қаланың революциясы т.б. мәселелер бойынша дискуссиялар.
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі саяси - әлеуметтік ситуация. Азаматтық қарсыласудың басталуы. ІІ жалпы қазақ съезі және оның ұлттық автономия туралы шешімі. Алаш партиясы - саяси күрес факторы. Қоқан автономиясын талқандау. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оны қоғамның қабылдауы.
Азамат соғысы (1918-1920 жж.) халық трагедиясы.
Саяси ситуацияның ушыға түсуі, азаматтық қарсыласудың одан әрі өршуі. Қазақстанның солтүстігі мен Солтүстік - шығысында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Қазақстан соғыс қимылдары жылдарында. Өлкенің батысы мен оңтүстігігіндегі оқиғалар. Жетісу, Орал, Ақтөбе, Түркістан майдандарының құрылуы. Халық баррикадалардың әр түрлі жақтарында: азамат соғысы кезінде қоғамның соғыс - саяси жағынан дифференциялануы. Ақ және Қызыл террор. Соғыс жылдарындағы саяси партиялар мен қозғалыстардың рөлі мен орны. Революциялық, контрреволюциялық өкіметтердің жүргізген идеологиясы, саясаты, ісі. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси қорытындылары.

Негізгі әдебиет: [7, 8, 12, 15, 16, 17, 23, 24, 27, 30]
Қосымша әдебиет: [3, 14, 22, 25, 33, 33(н.ә.), 43, 45, 46,47, 53, 67, 76, 101, 119, 120,123, 148]

11-шы тақырып Өлкедегі Кеңестік мемлекеттіліктің құрылуы: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының қасіреті. Индустриаландыру: сипаты, қарқыны, маштабы.

1. Қазақстандағы ЖЭС кезеңі.
2. 1926-1940 жж. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
3. 1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдени құрылыстар. Сталиндік тоталитарлық тәртіптің жаппай қуғын-сүргіні.

Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы. Ревкомдардан Кеңестерге көшу. РСФСР БОАК мен ХКК-нің Түркістан ісі жөніндегі Комиссиясының қызметі. Кеңес Үкіметінің 1920 жылғы 26 тамыздағы Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік республикасын құру туралы. Декреті. ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі. Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы және оның мазмұны. Республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің құрылуы.
Қазақстандағы Соғыс коммунизм саясаты (1918-1921 ж. наурыз). Соғыс коммунизм большевиктердің тауарсыз утопиясын іске асырудағы алғашқы әрекеті. Өнеркәсіпті национализациялау. Тауар-ақша қатынастарын тоқтату (еркін саудаға тиым салу, еңбек ақы төлеуді натуралдандыру т.б.) Экономиканы басқаруды орталықтандыру. Азық-түлік диктатурасын ендіру. (Мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауға, бөлуге монополия орнатуы - алым-салық салғырты). Өндіріс құралдарын (жер, жұмыс көлігі, еңбек құралдары) арендаға беруге, жұмыс күшін жалға беру (жалдамалы еңбек) қатынастарына тиым салу.
Таптық террордың күшеюі. Экономикалық дағдарыс - Соғыс коммунизм саясатына бағытталған реакция. Өнеркәсіптің құлдырауы. Ауыл шаруашылығы өнімінің кері кетуі. 1921-1922 жж. аштықтың қайыршылық масштабы. Қоғамда әлеуметтік шиеленісудің өсуі және саяси дағдарыс. Шаруалардың қарсылық қозғалыстары: өлкедегі кеңеске қарсы көтерілістер.
Қазақстандағы ЖЭС.
ЖЭС - ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары. Орта және ұсақ өнеркәсіпорындарын денационализациялау. Тауар-ақша қатынастары қызметінің ұлғаюы (саудаға еркіндік беру, еңбекке заттай ақы төлеуді ақшамен ауыстыру, 1922-1924 жж. ақша реформасы). Азық-түлік диктатурасын жою (алым-салық салғыртын салық қатынастарымен ауыстыру).
Социалистік, капиталистікке дейінгі және стихиялық-рыноктық тенденциялардың күресі: кім-кімді мәселесі. Экономикада көп укладты құрылымның қалыптасуы. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформасы және оның нәтижесі.
Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы.
Территориялық әкімшілік орналасу. Қазақ жерлерін ҚКАСР құрамына біріктіру. Демографиялық ситуация: 1926 жылғы халық санағы.
Мемлекеттің жер қатынастары саласындағы реттеушілік акциясы (Қазақстанның оңтүстігіндегі 1921-1922 жж. Жер-су реформасы).
Қоғамдық-саяси оппозиция. Кеңестік - таптық реформалар ауылда қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік және экономикалық құрылымға берілген алғашқы соққы: жайылымдық-егістік жерлерді қайта бөлу, ірі байлар мен жартылай феодалдардың малдарын тәркілеу, кредиттік және салықтық саясаттағы большевиктік әлеуметтік әділдік идеясы.
Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық күрес. Кіші Қазан және қазақ ауылын күштеп кеңестендіру саясаты: Ф.И.Голощекин және оның креатурасы. Оппозиция. Республиканың әлеуметтік - экономикалық даму жолдары туралы дискуссиялар: мал және астық шаруашылығының келешегі, индустриализациялау және мәдени құрылыс т.б. проблемаларды талқылау.
ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.
Өнеркәсіпті, көлік және ауылшаруашылығын қалпына келтірудің басталуы. Кооператив қозғалысы. Сауданың дамуы. Тарихнамадағы ЖЭС-тің аяқталу кезеңі туралы мәселе.
ЖЭС-тің идеологиясынан шегінудің басталуы. 1927-1928 жж. ауылшаруашылық өнімдерін дайындаудағы дағдарыс. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауды күштеуге көшу. Салық режимінің күшеюі. Шаруаларға қарсы жаппай репресияның өрістей бастауы.
Өлкедегі мәдени өмір. Ұлттық интеллигенцияның идеялық көзқарастары: М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердіұлының қызметтері мен шығармашылығы. Жаңа кеңестік интеллигенциясының қалыптасуы.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
Сталиндік аграрлық революция: мақсаттары мен мәні. Экономиканың аграрлық секторын мемлекет қарамағына алу қорлану проблемасын және өнеркәсіпті модернизациялауды шешу проблемасының механизмі.
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихына кіріспе. Дәріс
Түркітануға кіріспе
Қазақ жазу тарихына шолу
Сан тарихына үңілсек
Нанотехнологияға кіріспе
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Қазақ тарихына шолу
Абайтануға кіріспе
Бухгалтерлік есептің даму тарихына шолу
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь