Болгария мемлекеті



Жоспар:

І. Болгарияның экономикалық және саяси дамуы.

ІІ. Негізгі бөлім:
а) Болгариядағы маусым төңкерісі.
б) Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Болгария.
в) Монархиялық.фашистік төңкеріс.
г) Болгарияның мемлекеті және құқығы

Қолданылған әдебиеттер
Болгарияның экономикалық және саяси дамуы. Бірінші дүниежүзілік соғыста Болгария үштік одақ мемлекеттері жағында соғысты. Болгария өз одақтастары сияқты бұл соғыстан жеңіліп шықты. Соғыс елдің экономикасын күйзеліске әкелді. Болгария соғыс жылдарында Германияны азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Өнеркәсіптің 70%-ы тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырап, егіс көлемі 25-30% қысқарды. Елде қымбатшылық болып, азық-түлік жетіспеді. 1915-1918 жж. нанның бағасы 4 есе, ет – 5есе, қант – 3 есеге қымбаттады. Солдаттарға қару-жарақ, азық-түлік жетіспеді. Соғыстан қажыған солдаттар үйлеріне қайтуды талап етіп, соғыс майдандарында үкіметке қарсы қозғалыс кең етек ала бастады. 1918 жылы 26 қыркүйекте Владай селосындағы болгар солдаттары көтеріліске шығып, София қаласына бет алды. 29 қыркүйекте Владай көтерілісіжеңіліс тапты. 30 қыркүйекте Болгария соғыстан шықты. 3 қазан күні Болгария патшасы Фердинад тақтан түсіп, елдің билігін баласы Бориске берді.
1918 жылы 17 қазанда Болгарияда ұсақ буржуазиялық үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына социалистер мен БЗНС (Болгарияның жер, халық одағы) партиясы кірді. Елде саяси дағдарыс шиеленісіп, революциялық ахуал күшейді. Жаңа үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Біріншіден, елде кешірім (амнистия) жариялады, екіншіден, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. Бірақ бұл шаралар елдегі саяси дағдарысты жоя алған жоқ. 1919 жылы наурыз айында Болгар социал-демократиялық (тесняктар) партиясының ХХІІ съезі болды, бұл съезд партияның атын өзгертіп, Болгар Коммунистік партиясы деп атады. Оған БКП басшылары Васил Коларов, Георгии Димитровтар сайланды. 1919 жылы жаз айларында революциялық қозғалыстар кең етек алды. БКП басшылық жасап, халықтың арасында беделі өсті. 1919 жылы тамыз айында халық жиналысына (парламент) сайлау өтті. Сайлауда БЗНС ұсақ буржуазия партиясы жеңіске жетсе, екінші орынды БКП жеңіп алды. Парламентте 47 депутаттық орынға ие болды. Сайлаудан кейін бір партиялық БЗНС үкіметі құрылды. Үкімет басшысы болып БЗНС партиясынан Стамболийский тағайындалды. Болгария монархиялық-буржуазиялық ел болды. Болгар патшасы Борис орнында қалды. Стамболийский үкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы өте ауыр еді.
1919 жылы 27 қарашада Нейи-Сюрсенде Антанта елдері мен Болгария арасында келісімге қол қойылды. Нейи келісімі бойынша, Болгария Грецияға Фракияны қайтарды. Югославияға 2500 кв км жері, Кула, Цариброд, Струлищ қалалары берілді. Сонымен бірге, Румыния Добрудж жерін алды. Болгария 2250 млн франк төлем төлеуге келісті. Греция, югославия мен Румынияға 70 мың мал, 50 мың тонна көмір беруге тиісті болды. Нейи бітімі Болгария үшін өте ауыр соқты.
1920 жылы наурыз айында Болгарияда парламент сайлауы болды. БЗНС партиясы жеңіске жетіп, А.Стамболийский жеке үкімет құрды. Елде бірпартиялық билік орнады. Стамболийский елде бірталай өзгерістер жүргізді. Болгарияда экономикалық даму байқалды. Егіс көлемі өсіп, картофель, қант қызылшасы, темекі өнімдері мол өндіріле бастады. Мал басы өсті. Өнеркәсіп саны артып, капитал шоғырланып, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар көбейді. Француз капиталы еркін кірді. Болгария аграрлы ел болып қала берді. Шаруалар партиясы бола отырып, аграрлық реформа жүргізді. Ірі жер иеліктерінің меншіктерін тежеп, «жерді кім өңдесе, жер соныкі» деген принципті жүргізді. 1923 жылы мажоритарлық сайлау жүйесін енгізді. Сәуір айында өткен парламент сайлауында БЗНС 87% дауыс алып, парламентке көп депутат өткізді. Бірпартиялық жүйе нығая түсті. Парламент арқылы конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Елде Стамболийскийге қарсы буржуазия мен патша төңірегіндегі әскери топтар үкіметтік төңкеріс дайындап жатты. «Халық бірлігі» атты фашистік партия құрылып, мемлекеттік төңкеріс жасауды қолдады. Саяси дағдарыс жылдарында БЗНС партиясы жалғыз қалып, БКП-ны қолдамады. Әскери топтар мен фашистер бірігіп, 1923 жылы маусым айында төңкеріс ұйымдастырды.
Болгариядағы маусым төңкерісі. 1923 жылы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні мемлекеттік төңкеріс жүзеге асты. А.Стамболийский
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мәшімбаев С.М. «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы», Алматы, Қазақ университеті, 2004, 197 бет
2. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы», Алматы, Заң әдебиеті, 2004, 222 бет
3. Құланбай Ә. «Жаңа елшілер қызметтеріне кірісті», Егемен Қазақстан, 2006, 18 қазан (№253), 1 бет
4. Бейсенова Ә. «География», 11 сынып, Алматы, Мектеп, 2003, 320 бет
5. Мәскеу, «Беллси» Астрель АСТ баспасы, 2001, 194 бет
6. Әбілмәжінова С. «География», 7 сынып, Алматы, Атамұра баспасы, 2003, 250 бет.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Болгария мемлекеті

Жоспар:
І. Болгарияның экономикалық және саяси дамуы.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Болгариядағы маусым төңкерісі.
б) Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Болгария.
в) Монархиялық-фашистік төңкеріс.
г) Болгарияның мемлекеті және құқығы
Қолданылған әдебиеттер

Болгарияның экономикалық және саяси дамуы. Бірінші дүниежүзілік
соғыста Болгария үштік одақ мемлекеттері жағында соғысты. Болгария өз
одақтастары сияқты бұл соғыстан жеңіліп шықты. Соғыс елдің экономикасын
күйзеліске әкелді. Болгария соғыс жылдарында Германияны азық-түлікпен
қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың ауыртпалығы халықтың мойнына түсті.
Өнеркәсіптің 70%-ы тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырап, егіс
көлемі 25-30% қысқарды. Елде қымбатшылық болып, азық-түлік жетіспеді. 1915-
1918 жж. нанның бағасы 4 есе, ет – 5есе, қант – 3 есеге қымбаттады.
Солдаттарға қару-жарақ, азық-түлік жетіспеді. Соғыстан қажыған солдаттар
үйлеріне қайтуды талап етіп, соғыс майдандарында үкіметке қарсы қозғалыс
кең етек ала бастады. 1918 жылы 26 қыркүйекте Владай селосындағы болгар
солдаттары көтеріліске шығып, София қаласына бет алды. 29 қыркүйекте Владай
көтерілісіжеңіліс тапты. 30 қыркүйекте Болгария соғыстан шықты. 3 қазан
күні Болгария патшасы Фердинад тақтан түсіп, елдің билігін баласы Бориске
берді.
1918 жылы 17 қазанда Болгарияда ұсақ буржуазиялық үкімет құрылды.
Үкіметтің құрамына социалистер мен БЗНС (Болгарияның жер, халық одағы)
партиясы кірді. Елде саяси дағдарыс шиеленісіп, революциялық ахуал күшейді.
Жаңа үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Біріншіден, елде
кешірім (амнистия) жариялады, екіншіден, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді.
Бірақ бұл шаралар елдегі саяси дағдарысты жоя алған жоқ. 1919 жылы наурыз
айында Болгар социал-демократиялық (тесняктар) партиясының ХХІІ съезі
болды, бұл съезд партияның атын өзгертіп, Болгар Коммунистік партиясы деп
атады. Оған БКП басшылары Васил Коларов, Георгии Димитровтар сайланды. 1919
жылы жаз айларында революциялық қозғалыстар кең етек алды. БКП басшылық
жасап, халықтың арасында беделі өсті. 1919 жылы тамыз айында халық
жиналысына (парламент) сайлау өтті. Сайлауда БЗНС ұсақ буржуазия партиясы
жеңіске жетсе, екінші орынды БКП жеңіп алды. Парламентте 47 депутаттық
орынға ие болды. Сайлаудан кейін бір партиялық БЗНС үкіметі құрылды. Үкімет
басшысы болып БЗНС партиясынан Стамболийский тағайындалды. Болгария
монархиялық-буржуазиялық ел болды. Болгар патшасы Борис орнында қалды.
Стамболийский үкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы өте ауыр еді.
1919 жылы 27 қарашада Нейи-Сюрсенде Антанта елдері мен Болгария
арасында келісімге қол қойылды. Нейи келісімі бойынша, Болгария Грецияға
Фракияны қайтарды. Югославияға 2500 кв км жері, Кула, Цариброд, Струлищ
қалалары берілді. Сонымен бірге, Румыния Добрудж жерін алды. Болгария 2250
млн франк төлем төлеуге келісті. Греция, югославия мен Румынияға 70 мың
мал, 50 мың тонна көмір беруге тиісті болды. Нейи бітімі Болгария үшін өте
ауыр соқты.
1920 жылы наурыз айында Болгарияда парламент сайлауы болды. БЗНС
партиясы жеңіске жетіп, А.Стамболийский жеке үкімет құрды. Елде
бірпартиялық билік орнады. Стамболийский елде бірталай өзгерістер жүргізді.
Болгарияда экономикалық даму байқалды. Егіс көлемі өсіп, картофель, қант
қызылшасы, темекі өнімдері мол өндіріле бастады. Мал басы өсті. Өнеркәсіп
саны артып, капитал шоғырланып, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін
кәсіпорындар көбейді. Француз капиталы еркін кірді. Болгария аграрлы ел
болып қала берді. Шаруалар партиясы бола отырып, аграрлық реформа жүргізді.
Ірі жер иеліктерінің меншіктерін тежеп, жерді кім өңдесе, жер соныкі
деген принципті жүргізді. 1923 жылы мажоритарлық сайлау жүйесін енгізді.
Сәуір айында өткен парламент сайлауында БЗНС 87% дауыс алып, парламентке
көп депутат өткізді. Бірпартиялық жүйе нығая түсті. Парламент арқылы
конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Елде Стамболийскийге қарсы буржуазия
мен патша төңірегіндегі әскери топтар үкіметтік төңкеріс дайындап жатты.
Халық бірлігі атты фашистік партия құрылып, мемлекеттік төңкеріс жасауды
қолдады. Саяси дағдарыс жылдарында БЗНС партиясы жалғыз қалып, БКП-ны
қолдамады. Әскери топтар мен фашистер бірігіп, 1923 жылы маусым айында
төңкеріс ұйымдастырды.
Болгариядағы маусым төңкерісі. 1923 жылы 8 маусымнан 9 маусымға
қараған түні мемлекеттік төңкеріс жүзеге асты. А.Стамболийский тұтқындалып,
үкіметі мекемелерін басып алды. Мемлекеттік төңкерісті фашистік Халық
бірлігі партиясы, офицерлік топтар және патша Бористің өзі қолдады.
Монархиялық-фашистік билік орнады. Жаңа үкіметке Халық бірлігі
партиясының басшысы А.Цанков тағайындалды. Стамболийскийді қолдаған топтар
өте әлсіз болды. БКП мен халық Стамболийскийді қолдамады. БКП мемлекеттік
төңкеріс арқылы келген үкіметті, ұсақ буржуазиялық топтарды қолдады. Бірақ
бұл реакциялық буржуазиялық топтар болатын. А.Цанков үкіметі елде
қарсыластарына қарсы терор ұйымдастырып, БКП-ның қызметіне тыйым салды.
1923 жылы 5-7 тамызда БКП-ның Орталық комитетінің отырысында өздерінің
тактикалық қателіктерін мойындап, елде фашизмге қарсы қарулы көтеріліс
ұйымдастыруға шешім қабылдады. 12 қыркүйекте елде жаппай террор кең етек
алды. 2,5 мың коммунист тұтқындалды. БКП халықты көтеріліске шақырды. 19-20
қыркүйекте Старозаор округінде антифашистік қарулы көтеріліс басталды.
Қарулы көтерілісті басқару үшін әскери – революцалық штаб құрылды.
Жалпыхалықтық көтерілісті В.Коларов, Г.Демитров және Г.Геновтер басқарды.
23 – қыркүйекте көтеріліс Болгарияның Врачан, Видин округтерін түгел
қамтыды. Фердинанд қаласы көтерілісітің орталығы болды. Оңтүстік Болгарияда
халық көтерілісі кең етек алды. Бірақ округ ауылдарыдағы көтеріліске
қатысқан шаруаларда бірлік болған жоқ. Көтерілісшілерді қаладағы
жұмысшылар қолдамады.
А.Цанков үкіметі көтерілісті басу үшін жақсы дайындалды. Сондықтан
округтердегі аздаған қарулы топтарды бірінен соң бірін басып отырды. 1923
жылы 30 қыркүйекте Болгариядағы антифашистік көтеріліс жеңілді. Еуропада
Италиядан кейінгі орнаған фашистік диктатураға қарсы халық көтерілісін
басқарған БКП әлі де тәжірибесінің аздығын көрсетті. 30-жылдардағы Еуропа
елдеріндегі фашизмге қарсы күресте тәжірбесіздік, біртұтас жұмысшы
майданын құра алмау олардың жеңілуіне әкеліп соқты. Франция мен Испаниядағы
фашистік бүлікке қарсы күресте Халық Майданын құру арқылы ғана жеңске
жете алады. Коммунитік Интернационалды басқарған Г.Димитров 1935 жылы
Коминтеннің VII конгресінде баяндама жасап, өз қателіктерінен сабақ ала
отырып, антифашистік күштерге Коминтерннін стратегиясы мен тактикасын
белгілеп береді.
Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Болгария. 1923 жылы
қыркүйек айындағы антифашистік көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін,
Болгарияда буржуазия жеңіске жетті. Реакциялық топтар солшыл күштерге қарсы
террор ұйымдастырып, БКП мен БЗНС партияларын қудалап жеңіске жетті. 1923
жылы қараша айында өткен Халық жиналысына сайлауда біржуазиялық топ
Демократикалық бірлік партиялары жеңді. Олар депутаттық орынның 60%-ын
қолдарына алды. БКП бар болғаны 8 депутат өткізді. Сайлаудан кейін, 1924
жылы қаңтарда Мемлекетті қорғау туралы заң шығарды. БКП-ның жұмысына
тыйым салды. БКП-ның басшылары В.Комаров, Г.Димитровтар шет елге кетті.
Елде коммунистерге қарсы ақ террор басталды.
Экономика саласында тұрақтылық басталды. Болгар ақшасы левтің құны
өсті. Өндіріс пен құрылысқа көп көңіл бөлінді. Өндіріс пен қаржы салалары
жаңа өнеркәсіп орындарын ашып, өндіріс тауарлары көптеп шығарылды. Темекі
монополиясы нығайды. Шетел капиталының үлесі артты. Ауыл шаруашылығында
егіс көлемі өсті. Қант қызылшасы мен темекі плантациясында мол өнім
жиналды.
1926 жылы реакциялық үкімет басшысы А.Цанков отставкаға кетті. Жаңа
үкімет басшысы болып А.Лянчев тағайындалды. Оның алғашқы жүргізген
шараларының бірі – мемлекетті қорғау заңы арқылы сотталғандарға амнистия
жариялады. Буржуазия реакциялық ішкі саясаттан бас тарта бастады. 1928 жылы
отандық буржуазия өнеркәсібін қолдап, көптеген жеңілдіктер жасады. Шет
елден алған заем арқылы, несие бөлу арқылы ұлттық өндірістің дамуына жағдай
жасады. Ауыл шаруашылығының капиталистік жолмен дамуына көмектесті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1929 жылы Болгарияда да басталды.
Ауыл шаруашылығы айтарлықтай күйзеліске душар болды. Ауыл шаруашылығының
өндірген тауарларының бағасы 2 есеге арзандады. Ұсақ шаруалардың жағдайы
өте ауыр болды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлғарстан, Болгария Республикасы
ХII-XV ғасырлардағы славян елдері
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
Оңтүстік Славян халықтары мен мемлекеттері
Екінші дүниежүзілік соғыс жөнінде
«шығыс мәселесі»
Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
Франкфурт бітімінен Берлин конгресіне дейінгі халықаралық қарым-қатынас
Бірінші дүниежүзілік соғысты жан-жақты талқылап, тарихи мәнін ашу
Алтын Орда мемлекетінің қалалары
Пәндер