Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері



Жоспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ Негізгі бөлім
2. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1. Жеке тұлға мәдениетінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2. Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.3. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
IV Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегиінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. "Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолдануда тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Жобаның мақсаты - тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, олардың түрлерін оқырманның ойына жеткізу. Жеке тұлға тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу маңыздылығын түсіндіру.
Тапсырма: Жеке тұлғаның қасиеттерін, дамуын және олардың байланысын зерделеу, тәрбиенің адам өміріне әсерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Қазіргі кездегі тәрбиенің қоғамдағы үдерісін айқындау.
Педагогиканың қазіргі кездегі міндетерін түсіндіру.
Тәрбиенің мәнін және оның түрлерін оқырманға түсіндіру.
1. Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
3. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001.
4. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1958.
5. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
6. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
7. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970.
8. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
9. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.
10. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ Негізгі бөлім
2. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1. Жеке тұлға мәдениетінің қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2. Жеке тұлғаның тәрбиесі,
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.3. Тәрбиенің бала дамуындағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІІ Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..15
IV Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..16

Кіріспе.

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының
ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты
білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше
аймағына кіреді.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар.
Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси
экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал
педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды
қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа
қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада
әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ:
отбасы, мектепке дегиінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат
құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық,
мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы
әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның,
тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір
тәрбиелейді' деп қолдануда тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі
бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге
бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы
коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық
кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог,
тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие
жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық
факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені
ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл
жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық
процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-
әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Жобаның мақсаты - тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, олардың түрлерін
оқырманның ойына жеткізу. Жеке тұлға тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу
маңыздылығын түсіндіру.
Тапсырма: Жеке тұлғаның қасиеттерін, дамуын және олардың байланысын
зерделеу, тәрбиенің адам өміріне әсерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Қазіргі кездегі тәрбиенің қоғамдағы үдерісін айқындау.
Педагогиканың қазіргі кездегі міндетерін түсіндіру.
Тәрбиенің мәнін және оның түрлерін оқырманға түсіндіру.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке
адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру
ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци. Білім беру - оқыту мен
тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын
процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті
процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті,
дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім
алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал
жасайды. Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбие¬леу"
ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады. Жеке
адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және
факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның
дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні
рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі
тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына
қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі
теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге
дайындаудың басты құралы.

ІІ Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты,
жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға
меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын
қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие
процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды
дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі
түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси
және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру
тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін
қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта
айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан
туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті
жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын
дамытады
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс"
- деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
•  адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
•  заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
•  құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
•  тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-
ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік
және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және
өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды
тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз
байланысты қарастырады. П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың
және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық
идеалдарын қалыптастыру деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына
ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі,
дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет
қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол
"Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты
қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу
Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз
берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі" - деді. Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның
адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш
адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның
жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу -
кісіліктің басты белгісі" - деген. Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын
қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты
зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын,
дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден
.ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам
болғандығы" - деп жазды. Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ
тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын
атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу;
барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат
иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды,
инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық
дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден  алулақ
болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін
сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-
жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы
нормаларға сәйкес жазылған. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие
берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны
бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап,
Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың
іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған
адамдарды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. Дүниетаным -
тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен
әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары.
Дүниеге көзқарас  ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын
қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты
міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен
қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой
операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-
әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.)
дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық,
төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық
сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға
үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен
таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы
(көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен
талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
•  эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
•  әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке,
Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке,
тәрбиелеу.

2. 1. Жеке тұлға мәдениетінің қалыптасуы

Жеке тұлға мәдениетінің қалыптасуы әсіресе интенсивті түрде болашақ
және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін
созылады. Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы
әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр бойынша, адамзаттың
болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам дамуына тәуелді болып
табылады. Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен
тұрады: 1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ
олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы
сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді. 2 Қоршаған орта да баланың тұлға
болып дамуына септігін тигізеді. 3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе
арқылы қалыптасады. 4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет
саналады. Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін
игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды,
құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің
негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес
ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді. Тұлғаның
әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-
қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының
үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып
индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А.
Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген
іс-әрекет түрлерімен айналысады. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі.
Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы
байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет
аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі
ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде
екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде
орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті
жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін
игереді. Осындай жаңартулардың кысқаша мәнін іс-әрекет жүйесіндегі дамушы
индуктивті көрсетуде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің
кеңею үрдісі айқындалады. Осы мәселе тұрғысындағы зерттеулерде мақсатты
білім алу үрдісім қарастыру негізгі сауалдарды құрайды. Өкінішке орай, оның
әлеуметтік-психологиялық аспектісі жағынан зерттеу мәліметтері аз.
Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та оның
іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту, ұлғайту
жағынап қарастырады.Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның басқалармен
байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету ретінде
монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни қарым-
қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі
қарастыралады. Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету
ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындағылары арасындағы орнын
белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама
адамдардағы оның Менінің қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы
мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға
концепциясында Мен-бейнесін түрліше қабылдайды. Тұлғаның әлеуметтік-
психологиялық кестесі ретінде Мен - концепциясының психологиялық
теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе
гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге
сүйенеді. Тұлғаның Мен - концепциясы адамның өмір үрдісіндегі өз
психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған.
Американ психологы У.Джемс Психология принциптері кітабында алғашқы болып
Мен Концепциясы идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У.Джемс бойынша
Ауқымды Мен құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық
субъективті бағалаушы сана. Мен объект ретінде 4 аспектіден тұрады: -
рухани Мен - материалды Мен - әлеуметтік Мен - денелік Мен Жалпы
феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған Мен концепциясы келесі
жағдайларға негізделеді. 1 Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып
табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы
өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы
субъективті қабылдауының нәтижесі. 2 Индивидтің орталық, интеграциялайтын
феноменалды жазықтығының нүктесі - Мен - Концепциясы оның маңайында
қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады. 3 Мен Концепциясы бір мезгілде
қабылдау жемісі болып, және де, әлеуметтік мәдени ортадан алынған
құндылықтары бар ұғымдар жиынтығы болып табылады. 4 Мен - Концепциясы
құрылуымен мінез - құлық оған толығымен бағына бастайды. 5 Мен -
Концепциясы уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның
прогностикалық құндылығы болып табылады. 6 Басқа адамдардың оңды қатынасын
қажетсіну Мен Концепциясының құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген
оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалай тәжірибесін
игеру арқылы қалыптасады. 7 Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен Мен -
Концепциясы арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаныс стратегиялары
қолданылады. 8 Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік
актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің Мен - Концепцияларының
құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау. Мен - Концепциясы ары қарайғы
дамуы Мен - Концепциясын бейнелеу үшін концептаулды - терминологиялық
құрамын унификациялау бағытында жүрді және өлшеулер үшін сенімді
эмпирикалық референттерді іздеуге бағытталған, соның негізінде, ол бірлік
немесе индивидтің өзіне деген бағдарлар құрылымы ретінде қарала бастаған.
Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды Мен (индивидтің дәл осы
мезетте өзін-өзі қабылдауы) - әлеуметтік Мен (индивидтің ойынша
қоршағандары қалай қабылдайтындығы жайлы) - идеалды Мен (индивидтің
болғысы келетін бейнесі. Шутц, Нюттен зерттеулерінде эксперименттік түрде
адамның әлеуметтік мінез-құлқына Мен - бейнесінің өткені мен болашақ
бейнелерінің әсері зор екендігі дәлелденген. Дәстүрлі түрде адамның
психикалық саулығының негізгі көрсеткіші болып табылатын барлық
психотерапевтикалық практикаларда негізінен колданылатын Мен үғымының
уақытша ұғым идеялы, әсіресе олардың өзара сәйкес келмеушіліктеріне баса
назар аударылады. Мен - өткен шақ, Мен- болашақ, Мен - қазіргі
арасындағы белгілі бір дәрежеге дейін жеткен қайшылықтар әлеуметтік-
психологиялық дезадапциясының негізгі фаткоры негізінде (К.Хорни) немесе
алғашқы тұлғалық ауытқушылықтары ретінде (К.Роджерс) немесе тұлғаның
өзіндік актуализациясының төменгі көрсеткішті дәрежесінің бір ретінде
(А.Маслоу) немесе нақты психикалық ауытқушылықтар, яғни депрессия мен
мазасыздық бастауы ретінде (Т.Хиггинс) қарастырылады. Көптеген зерттеулерде
адекватты өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның
алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті
дамуын белгілеуде мәнді орынға ие. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі
факторға анықтайды: 1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-
әрекеттегі сәттіліктср мен сәтсіздіктер; 2. Ішкі - адамның индивидуалды -
психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы
үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып,
адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы
орнын анықтауда өз септігін тигізді. Мен құрылымы өмір барысында
қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала
әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму
мөлшеріне байланысты Мен - концепциясының мазмұны көп дәрежеде
әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады.

2.2. Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы.

Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал
ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты.
Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері,
мүдделері, мақсаттары. Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір
дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей
біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке
адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы
әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты
процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек
және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық тәрбие мәнін зерттеу
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы жайлы
Қоғамдағы тәрбие
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді
Тәрбие және оның мақсаттылығы
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында
Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру
Мектеп жасындағы балаларға берілетін еңбек тәрбиесінің міндеттері
Пәндер