Қоздырғыштың берілу механизмі


Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
“Микробиология кафедрасы”
БӨЖ
Тақырыбы: Протозойлы инфекция қоздырғыштары
Қабылдаған:Курманбекова Ш. Ж
Орындаған:Жукешева. Ж
Тобы:202-ФКБ
Шымкент 2019
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Токсоплазмоз/Безгек/Балантидиаз
- Қоздырғыштардың сипаттамасы
- Морфологиясы
- Этиологиясы
- Эпидемиологиясы
- Жұғу жолдары
- Патогенезі
- Клиникалық белгілері
- Диагностикасы
- Алдын-алу шаралары
- Емі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Протозойлы инвазиялар. Қарапайымдылар - денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар, қызметгік жағынан ол біртұтас, дербес ағза болып саналады. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады. Протозойлы инвазиялар тобына адамның организмінде тіршілік ететін және көбейетін 30жуық қарапайымдылар кіреді. Олар токсоплазмоз, безноитиоз, гемоспоридиоз, лейшманиоз, тейлероз, пироплазмоз, безгек, саркоспоридоз т. б жатады.
Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:
1. Саркодиналар, (тамыраяқтылар) класы (Sarcodinа) ;
2. Талшықтылар класы (Flagellata) ;
3. Споралылар класы (Sроrоzоа) ;
4. Инфузориялар (кірпікшелілер класы (. Jnfusогіа) .
Қарапайымдылар бір-бірінен биологиялық қасиеттерімен өзгешеленеді, сонымен қатар беріліс механизмі де әр-түрлі болады.
1. Нәжіс-ауыз механизмімен амебиоз, лямблиоз, балантидиаз, ішек трихомониазы, токсоплазмоз таралады.
2. Трансмиссивті механизмімен-безгек, лейшманиоз таралады.
3. Жанасу механизмімен- жыныстық трихомониазы таралады.
4. Вертикалды механизмімен-токсоплазмоз таралады.
Токсоплазмоз - Toxoplazma gondii қоздыратын, бірнеше механизмдермен берілетін, клиникалық полиморфизммен сипатталатын, жиі патологиялық процесс орталық жүйке жүйесінің, көру мүшелерін, лимфа түйіндерін, жүрек және қолқа бұлшық еттерін, жыныс мүшелерін және басқа жүйелерді зақымдайтын, негізінде жасырын (латентті) және созылмалы түрде дамитын зоонозды табиғи-ошақты антропургиялық протозойлы инвазияТарихи мәліметтері. Токсоплазманы алғашқы рет 1908 жылы Тунисте француз ғалымдары Ш. Николь мен А. Мансо африкалық Ctenodactylus gondіі дейтін кеміргіштің (сондықтан паразиттың аты - toxoplasma gondіі) және Ф. Сплендоре Бразилияда қояндардың организмінен тапқан. 1930 жылы Д. Н. Засухин мен Н. А. Гайский токсоплазмаларды сарышұнақтардың организмінен тапқан. Олар ең бірінші болып бұл инвазияның табиғи-ошақтылығы туралы болжам айтып, кейіннен оны дәлелдеді.
Этиологиясы. Қоздырғышы - Toxoplasma gondіі, қарапайымдылардың споралылар класына жататын облигатты жасушаішілік паразит, морфологиясы жарты ай немесе созыңқы апельсин үлесшесіне ұқсас болады (toxo - грекше арка деген сөз) . Бір шеті үшкірленген, екіншісі - жұмырланған, ұзындығы - 4-7 мкм. Цитоплазмасы Романовский-Гимза әдісімен ашық көк түске, ядросы - қызыл-күлгін түске боялады. Токсоплазмалар барлық сүтқоректілердің эритроциттерінен басқа жасушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейеді, тіндерде аурудың жіті кезінде табылады. Вегетативтік түрінің (трофозоиттардың) бір жасуша ішінде шоғырлануын жалған циста (псевдоциста) дейді. Тіндерде (мидың, көздің, бұлшық еттің т. б. ) токсоплазмалар тығыз қабаттан қоршалған нағыз цисталар құрайды. Олар сыртқы ортада төзімді болады.
Морфологиялық ерекшеліктері және даму циклі . Ие жасушасының ішінде орналасқан токсоплазмалар - эндозоидтар деп аталады. Эндозоид жарты ай пішіндес (өлшемі 4-7 х 2-4 мкм) . Оның бір ұшы үшкір, екінші ұшы дөңестелген. Орталығында ядросы бар. Үшкірленген ұшында микроскоппен қарағанда коноидкөрінеді, ол сорғышқа ұқсас. Коноид паразиттің жасушасына бекітіліп енуі үшін қажет. Эндозоид жыныссыз көбейеді, ұзыннан бөліну немесе эндогония жолымен жүреді. Бірнеше бөлінулерден кейін ие жасушасының цитоплазмасында көптеген токсоплазмалар пайда болады да, мембрананы созады. Токсоплазмалардың жасуша мембранасының астында жиналуын псевдоциста деп атайды. Зақымданған жасуша өлгеннен кейін токсоплазмалар жаңа жасушаға енеді. Созылмалы токсоплазмозда псевдоцистамен қатар шынайы цисталар түзіледі. Бұл әдетте, токсоплазмалардың тірі жинақтары (100 мкм-ге дейін), қалың қабат астында бірнеше жүз токсоплазмалар жиналады. Жасушадағы цисталар тіршілігін бірнеше жылға дейін сақтауы мүмкін. Иесінің паразиттік тіршілігіне көнуі және түрдің жыныссыз көбеюі арқылы ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімді. Алайда, түрді сақтап қалу үшін токсоплазма әр кезде жынысты жолмен де көбейеді. Ол мысықтектес жыртқыштар денесінде жүзеге асырылады (әсіресе, үй мысықтарында) . Ол үшін жіңішке ішек эпителиінде алдымен бір эндозоидтардан макрогаметоциттер түзіледі, ал кейін макрогаметалар, ал басқа біреулерінен микрогаметоциттер, әрі қарай микрогаметалар; популяциядан кейін зигота түзіледі, оның қалың қабығы бар. Мұндай форма ооциста деп аталады.
Қоздырғыштың берілу механизмі . Қоздырғыш негізінде фекалді-оралді механизмімен таралады. Ол бірнеше жолмен атқарылуы мүмкін: 1) ауыз арқылы шикі немесе жартылай шикі етті, фаршты пайдаланғанда, ал жиірек жағдайда - мысықтардың нәжісіндегі ооцисталармен ластанған (мысықтардан) көкөніс, жемістер, тұрмыстық заттар, су, қол арқылы жұғу; 2) жанасу жолы - тұтас мал етін мүшелеу кезінде қасапшылардың және залалды заттармен жұмыс атқаратын лабораториялық қызметкерлердің жарақаттанған қол терісі мен шырышты қабаттары арқылы жұғу; 3) жүктіліктің бастапқы мерзімінде анасынан құрсақ ішіндегі нәрестеге плацента арқылы жұғу (вертикалдық-тікелей), осындай жұғу жолы 40% жағдайда болуы мүмкін.
Патогенезі . Адамдар мен жануарлар организміне енген токсоплазмалар лимфа сұйқтығының ағымымен аймақтық (мезентериалдық) лимфа түйіндеріне жетеді де инфекциялық гранулема құрайды. Сонан соң олар қанға түсіп барлық ағзалдарға тарайды да әртүрлі мүшелердің (бауыр, көк бауыр, лимфа түйіндері, бас миы, көз, миокард, қанқалық бұлшық еттер, жатыр, плацента) тіндеріне шоғырланып орналасады. Олар сол жерлерде алдымен жалған циста, сонан соң нағыз циста түзіп, ондаған жылдар, кейде өмір бақи сақталады. Олар шоғырланып орналасқан жерде қабыну ошақтары пайда болады, ал кейбір мүшелерде (мысалы, бас миында, бұлшық еттерде) кейіннен кальцификацияланатын некроздық өзгерістер байқалады.
Клиникасы
Жүре пайда болатын токсоплазмоз: инкубациялық мерзім 3-21 күн, бірнеше айларға дейін ауырлығына байланысты.
Температура 38-39С-продромальды кезеңде
- бөртпе-дақты- папулезды
- лимфаденит
- гепатомегалия
- спленомегалия
- миокардит
- энцефалит
Токсоплазмозбен күресу шаралары мен оның алдын алу ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын алуға бағытталған. Ол үшін мысық күтімінің ережелерін орындаудың маңызы күшті. Қолда бар әдістердің барлығын пайдалана отырып табиғатта токсоплазмалар сақтаушыларды - үй тышқандарын және синантропты кеміргіштерді жою қажет. Ауыл шаруашылық жануарлары мен иттер токсоплазмалардың аралық иесі болатындықтан олардың арасындағы жұғушылықты бақылауға бағытталған кешенді зооветеринарлық шаралар жүргізу керек.
Емі
этиотропты препараттар тек қана вегетативті формаларға әсер етеді, сондықтан көбінесе жедел формада қолданады:
- тиндури (хлоридин)
- делагил
- аминохинел
- бисептол
- тетрациклин
Ұзақ курспен емдейді. Созылмалы формасы - этиотропты ем тек қана айқын клиникалық белгілерінде. Көбінесе десенсибилизация, иммуностимуляция әсер беретін препараттармен емдейді. Екі қабат әйелдерде - токсоплазмозға тексерген кезде реакциялар оң болса -«Д» бақылау (3 айда - тексеру) . Реакциялардың титрі үдей түссе емдеу керек. Созылмалы формада - екі қабат кезінде емдеу қажеті жоқ. - Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын алуға бағытталған.
Балантидиаз - қоздырғышы ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін, тоқ ішектің зақымдалуымен және дизентериға ұқсас белгілері, ұзақ және созылмалы түрде өтуімен сипатталатын зооноздық антропургиялық инвазия. Қазіргі спецификалық әдістермен емделмеген жедел түрлері көп жағдайда өлімге әкеледі.
Таксономиясы . Балантидиаз қоздырғышы - Balantidium coli. Ciliphora типіне, Ciliate класына, Balantidium тұқымдастығына жатады.
Қоздырғыштың сипаттамасы . Balantidium coli (гректің вalantidium-қап), адамдар қарапайымдыларының ішіндегі көлемі ең үлкен өкілі. Паразитті іші өтетін аурудан алғаш рет бөлген швед дәрігері P. Malmsten (1857) . Оның патогендік рөлін орыс ғалымы Н. С Соловьев (1901) дәлелдеді. Вегетативтік түрі -созылыңқы, көбінесе жұмыртқа тәрізді. Ұзындығы 30-150 мкм, ені 30-100 мкм. Вегетативтік түрінің үсті қимылдауды қамтамасыз ететін кірпіктерімен жабылған. Әртүрлі тағам бөлшектерімен, ішек бактериялары және саңырауқұлақтармен, қанның элементтерімен қоректенеді, оларды 4-6 кірпіктермен қоршалған жасушалық аузымен (цистостомдар) жұтады. Артқы шетінде анальдық қуысы (цитопрок) болады. Көлденең бөліну әдісімен көбейеді. Вегетативтік түрлері қоршаған ортада біркелкі төзімді, нәжісте 5-6 сағат сақталады, қалың екі қабатты, 50-60 мкм циста құрайды. Цисталары қоршаған ортада өте төзімді: бөлме температурасында, ылғалдылық жеткілікті болса, тіршілік қабілеттілігін 2 айға дейін сақтайды. Карбол қышқылының 5% су ерітіндісінде 3 сағатқа дейін, формалиннің 10% ерітіндісінде-4 сағатқа дейін өмір сүреді. Екі түрі де (цистасы және вегетативтік) құрғаса өледі.
Эпидемиологиясы . Балантидиаз - ішек зоонозы. Табиғи ошағы - үй шошқалары және жабайы қабандар. Шошқалардың инвазия қоздырғышы ретіндегі рөлі олардың организмдерінде 60-80% жағдайларда балантидиялар табылғаннан кейін 1861-1862 жж. анықталды. Сирек жағдайларда балантидиялар егеуқұйрықтар, иттер, маймылдар организмін мекендейді, олар қоздырғыштардың қосымша көздері бола алады. Мұндай мүмкіндік (өте сирек) ауырған адамда да, егер онымен тығыз жанасса, болуы мүмкін. Бұл жағдайда балантидиялардың аурудан сау адамға берілуі (механизмнің іске асуы) жеке бас гигиенасын сақтамағанда және кеселдің ауыр кезінде болуы мүмкін. Жұқтыру кезеңі паразитті жұқтырған шошқалар мен жабайы қабандарда бүкіл өмір бойы жалғасуы мүмкін. Шошқалар мен қабандар үшін балантидиялар комменсал болады, ал жас торайлардың ішегін қатты зақымдайды.
Қоздырғыштың берілу механизмі ауыз-нәжістік; берілу жолдары тағам, су, тұрмыстық заттар арқылы іске асады; берілу факторлары -шошқа нәжістерімен ластанған су, нәжіспен ластанған басқа да объектілер (көкөніс, тағам және т. б), топырақ. Синантроптық шыбындар қосымша берілу факторлары болуы мүмкін. Балантидиаз көбінесе шошқа өсіруші ауыл тұрғындары арасында тіркеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz