Баланы тәрбиелеу әрі қорғау ата - ананың басты парызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
КМҚК Қарағанды гуманитарлық колледжі

Жұмыстың тақырыбы:

Деградация. Қоғамдағы деградация.

Автордың аты-жөні:
Ш-13Б тобының студенттері:
Елеусіз Жанна
Мухатаева Сабина
Кусаинова Аяулым
Тұйғынова Айгерім
Жетекшісі: Турсынбекова А.Т.

Қарағанды, 2017
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Деградация дегеніміз не?
2. Деградацияға әкеп соқтыратын сыртқы факторлар
3. Деграадацияның соңғы кезеңі - суицид
4. Деградацияның алдын алу жолдары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация
Деградация - біртіндеп нашарлау, құлдырау, яғни біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе мүлдем жойылуы. Бұл адамның психикалық ұстамдылығы және еңбек қабілетін жоғалтуы, сонымен қатар жан-жақты дамуының әлсіреуі. Егер адамның жүйкесі тозатын болса немесе есте сақтау қабілеті нашарласа, бұл деградация процесінің басталуы. Адамның қызығушылықтары айтарлықтай азаяды. Бұнымен қоса, адамда немқұрайлылық, еріксіздік сияқты жағымсыз қасиеттер пайда болуы мүмкін. Жалпы адам неліктен деградацияға ұшырайды? деген сұрақ туындайды. Деградацияға ұшырауына көптеген сыртқы факторлар әсер етеді. Мысалы, отбасы, қоршаған орта және тағы басқалары болып табылады. Тәрбие адамның балалық шағында қалыптасады, және оның ең бірінші жетекшісі баланың анасы мен әкесі. Сондықтан да ата-аналар тек өздерінің жұмыстарымен айналыспай, балаға көңіл бөлуі керек. Тек қана сөйлесіп қана емес, баламен бірге ойнап, оған да қызық екенін білдіру керек. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы. Отбасыдан кейінгі тәрбие беретін адам - мұғалім. Егер мұғалім балалардың ешқайсысын бөлмей, балаларды әр істе қолдап, қол ұшын берсе, әрине ол баланың есінде өшпес із қалдырады. Ондай мұғалімдердің оқушылары болашақта жақсы маман иелері болып шығатындарына күмән жоқ. Көбінесе Амонашвили әдістерін қолдана отырып, балалармен жақсы қарым-қатынас орнатуға болады. Педагогтың негізгі мақсаты ол жай ғана сабақ беріп құтылу емес, ол беріп жатқан мәліметті балалар түсінуі болып табылады. Келесі мәні жағынан маңызды фактор бұл қоғамдық пікір. Қоғамдық пікір мәнсіз болып көрінгенімен, кейбір адамдар оны жүрекке жақын қабылдайды. Осыған байланысты ол өмірден түңіліп, интроверттер қатарына кіреді. Деградацияның соңғы кезеңіне де әкеліп соғуы мүмкін, ал соңғы кезең бұл суецид. Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Деградация тек адамадрға ғана тән емес, бұл термин психологияда, химияда, экологияда және биологияда қолданылады. Деградация әрбір адамның бойында болатын қасиет, ол тек өз уақытын күтеді.

Кіріспе
Қазіргі таңда адамдардың өмірін жеңілдету үшін көптеген техналогиялар мен инновациялар шығарылып жатыр. Бірақ олардың адамның өмірін жеңіл істегенімен адамды деградацияға ұшырауына себеп болады. Жалпы жеке тұлғаның деградациясы дегеніміз адамның барлық қабілетінің бұзылуы дегенді білдіреді. Адамның өз пікірінің жоғалтуы, қиыншылықтар болған кезде тез қол түсіру, немқұрайлық, еліктеушілік қасиеттерінің пайда болуы деградация процесінің басталуы. Осы проблема әр адамдға қатысты, себебі деградацияға өмірінде ұшырамаған адам жоқ.
Әрине, қоғамның деградацияға ұшырауы мәселесі - даулы мәселе. Ал адамдардан сұраған жағдайда, жартысы келісіп, жартысы келіспеуі мүмкін. Себебі, қазіргі заманда қоғам қарт адамдармен балаларға қамқор болады, денсаулығы нашар адамдармен мүгедектерге де көмектеседі, далада қызметкерлер қоқыс жинайды, шынымен де ақылды, талантты балалар өздерінің қалаған оқу орындарына түсе алады, денсаулығы нашар адамдар емделе алады. Сондықтан бір жағынан адамдар қоғам деградацияға ұшырап барады деп айта алмайды. Дегенмен халық регрессияға біртіндеп ұшырап бара жатыр.
Деградацияға көбінесе үлкен адамдар мен жеткіншек жастағы балалар ұшырайды. Себебі кішкентай балалар балалық шақтарында жан-жақты болуға тырысады. Кішкентай кезден ән айтып, би билейді, әр түрлі үйірмелерге, жарыстарға қатысады, қалаған музыкалық аспаптарда ойнауға үйренеді, өздері де мейірімді, ешқандай арам ниеттері жоқ болады, үлкендерге еліктеп, өздеріне күтім жасап, жуынады, таза киінеді, ұқыпты тамақ ішуге тырысады. Ал өскен соң жалқаулық, жауапсыздық, немқұрайлылық сияқты жағымсыз қасиеттер пайда бола бастайды. жасөспірім кезде бала апатияға ұшырайды, әрқашан көңілсіз жүріп, дүниенің түрлі-түсті бояуларын жоғалтады, кешегі маңызды болған заттар, бүгін түкке тұрмайтын, бөгет жасайтын зат ретінде ғана көрінеді. Ересек адамдардың регрессияға ұшырауы алкогольдың әсері. Алайда осы проблеманы көбшілік назарсыз қалдыруды жөн көреді.
Мақсаты: ХХІ ғасыр жалпы қоғамның артқа шиеленүсуі. Қазіргі кезде қоғамға әр түрлі сыртқы факторлар әсер етеді. Біздің мақсатымыз осы тақырып бойынша зерттеулер ұйымдастырып, деградация проблемасын алдын алуға байланыста шешу жолдарын ұсыну.
Міндет: 1. Деградация дегеніміз не?
2. Деградацияға әкеп соқтыратын сыртқы факторлар
3. Деграадацияның соңғы кезеңі - суецид
4. Деградацияның алдын алу жолдар

1. Деградация дегеніміз не?
Деградация - біртіндеп нашарлау, құлдырау, яғни біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе мүлдем жойылуы.
Егер адам өмірінде көп жетістіктерге жететін болса, өзінің баспанасы, қаражаты, тұрақты жұмысы болса да, ол өзін ақылды санап, Деградация проблемасы оған жоламайды деп ойлауына болмайды. Деградация әрбір адамның бойында болатын қасиет, ол тек өз уақытын күтеді. Алдында айтқандай деградация ол біртіндеп нашарлау деген мағынаны білдіреді. Жалпы адам неліктен деградацияға ұшырайды? деген сұрақ туындайды. Кез келген адам ең бірінші жауапкершіліктен қорқады. Егер бір адам екінші адамға келіп көмек сұраса, ол адам бірден бас тартуы мүмкін. Адамның ішкі дүниесі таршылыққа айналады. Айналасындағы адамдар саны да азаяды, ең соңында тек отбасы, туыстары және кейбір достары ғана қалады, ал қалған адамдарға мүлдем көңіл бөлмейді. Уақыт өте келе олардан да айырылады. Тағыда бір адамдардың қателіктері ауызша тілді жеңілдету. Адам өзінің нақты ойын жеткізе алмайды. Неліктен? Сөздік қоры аз болғандықтан, кітап оқымағандықтан адам мүлдем ойланғысы келмейді. Өз ойларын жеткізе алмай, ауызша тілдерінде көптеген керек емес сөздерді артық қолданады.
Әрине, қоғамның деградацияға ұшырауы мәселесі - даулы мәселе. Ал адамдардан сұраған жағдайда, жартысы келісіп, жартысы келіспеуі мүмкін. Себебі, қазіргі заманда қоғам қарт адамдармен балаларға қамқор болады, денсаулығы нашар адамдармен мүгедектерге де көмектеседі, далада қызметкерлер қоқыс жинайды, шынымен де ақылды, талантты балалар өздерінің қалаған оқу орындарына түсе алады, денсаулығы нашар адамдар емделе алады. Сондықтан бір жағынан адамдар қоғам деградацияға ұшырап барады деп айта алмайды. Дегенмен халық регрессияға біртіндеп ұшырап бара жатыр.
Деградацияға көбінесе үлкен адамдар ұшырайды. Себебі кішкентай балалар балалық шақтарында жан-жақты болуға тырысады. Кішкентай кезден ән айтып, би билейді, әр түрлі үйірмелерге, жарыстарға қатысады, қалаған музыкалық аспаптарда ойнауға үйренеді, өздері де мейірімді, ешқандай арам ниеттері жоқ болады, үлкендерге еліктеп, өздеріне күтім жасап, жуынады, таза киінеді, ұқыпты тамақ ішуге тырысады. Ал өскен соң жалқаулық, жауапсыздық, немқұрайлылық сияқты жағымсыз қасиеттер пайда бола бастайды. Әсіресе, жасөспірім кезде бала апатияға ұшырайды, әрқашан көңілсіз жүріп, дүниенің түрлі-түсті бояуларын жоғалтады, кешегі маңызды болған заттар, бүгін түкке тұрмайтын, бөгет жасайтын зат ретінде ғана көрінеді. Ересек адамдардың регрессияға ұшырауы алкогольдың әсері. Ішімдікке құмар адам, неше түрлі жаман қылықтарға баруы мүмкін, басқа адамның затын ұрлап, ұрып, тіпті өлтіруі де мүмкін. Оның үстіне ешқандай жаны ашып, өкініш білдірмеуі мүмкін. Бұл адамның жануарлық қасиеті. Алкогольді деградация қайтарымсыз процесс.
Жалқаулықтың да деградацияда атқаратқын рөлі зор. Мәселен, адамда мотивацияның болмауы , еш нәрсеге қызықпауын келтіруге болады. Егер адам бір іске берілсе шығармашылық жұмыспен айналысатын болса, жалқаулық та қалмайды. Адам өзіне ұнайтын істі өзі табу керек, ал бұл үшін ол еңбектену керек, бұл адамның одан әрі дамуына көмектеседі және деградацияға қарсы ең мықты дәрі болып келеді. Сондықтан адам жалқауланбай, өзіне мақсат қойып, өзін мәжбүрлеп, мақсатқа жету керек, ал бұл үлкен еңбек. Осы күнге дейін адам тек еңбек арқылы ғана жетті.
Адамның жеке ішкі дүниесінде жалқаулық болуы мүмкін - бұл көбінесе жасы үлкен, зейнетке шыққын немесе жұмыстарын жоғалтқан адамдар. Адам өзі жалғыз қалады, өзіне күнделікті үйреншікті жасайтын істері қалмайды. Себебі барлығы жұмыс істеген орында қалады, соның нәтижесінде адам кішкентай вакуумде қамалғандай болады. Олардың жаңа өмір бастауға мүлдем күштері қалмайды, соңында олар біртіндеп деградацияға ұшырайды.
Оқыс оқиға бұл адам өміріндегі ең қорқынышты оқиға, ал бұндай жағдаймен соқтығысқан адамдар өзіне меншікті мен-дігін жоғалтады. Тәні сау болсада, жанын өлі сезінеді.
Өзінің мейірімділік, шынайылық, адамилық қасиеттерін кез келген адам жоғалтуы мүмкін. Ал бұл қиындықты жеңу үшін адам керісінше ашық болуы керек, ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын бір адамға болсын немесе психологқа айтуы керек. Егер адам өмірден түңіле берсе, бұл бәрі бір де жақсылыққа апармайды.
Біз бұл әлемге жақсылық жасауға, қоғамға пайдамызды тигізуіміз үшін өмір сүреміз. Әр адам өз өмірінде бір немесе бірнеше рет болсын маскүнемдерді автобустарда, қоқыс жанында жатқан, жағдайы нашар нашақорларды көреміз. Тіпті егер де осындай күрделі мәселе болмаса да, бәрі бір адаммен сөйлескен кезде оның мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне, сыртқы киіміне қарап адамдарда теріс түсінік пайда болады. Бұл адамның тозуы, бұл адам үшін ең қорқынышты мәселе. Сондықтан да адам уақытында өзін-өзі қолға алу керек. Деградация тек адамадрға ғана тән емес, бұл термин психологияда, химияда, экологияда және биологияда қолданылады. Адамның деградацияға ұшырау белгілері:
- Өз іс-әрекеттерін қадағаламау, гигиеналық талаптарды сақтамау (жуыну, киім жуу және т.б.)
- Ішімдіктерге елігу, есірткіге құмар болу
- Өмірге деген қызығушылығын жоғалту
- Қоғамада өзін қалай ұстау керектігін түсінбеу
- Психикалық ауытқуы
- Психологиялық жарақат немесе үлкен қайғы қасіретті адамның жеңе алмауы
- Адамның әлсіздігі
- Қатыгездік
- Жалқаулық
Көп адамдарда деградация туралы түсінік болмайды. Қысқаша алып қарасақ, бұл термин адамның барлық қабілетінің бұзылуы дегенді білдіреді. Ал кең мағынада, бұл адамның психикалық ұстамдылығы және еңбек қабілетін жоғалтуы, сонымен қатар жан-жақты дамуының әлсіреуі. Егер адамның жүйкесі тозатын болса немесе есте сақтау қабілеті нашарласа, бұл деградация процесінің басталуы. Адамның қызығушылықтары айтарлықтай азаяды. Бұнымен қоса, адамда немқұрайлылық, еріксіздік сияқты жағымсыз қасиеттер пайда болуы мүмкін.
Деградацияның ең ауыр түрлерінің бірі - маразм. Бұл жағдайда адам қоршаған дүниемен байланысын үзеді, өзінің айналасына немқұрайлы қарайды.
Деградацияның белгілерін көп адамдарда байқауға болады. Сонымен қатар осы проблемалар тек жолы болмайтын адамдарға ғана тән емес.
Кейде жеке тұлға апатияға түскендіктен деградацияға ұшырайды. Адамға қандай да бір маңызды тапсырманы орындау немесе жауапты шешім қабылдау керек кезде, адамдар жиі қиындықтардан қашып, ешқандай іс-әрекет жасамауды қалайды. Еріксіз адам өзінің қалауымен және қалауынсыз моральды және интеллектуалды түрде деградацияға ұшырай алады.
Жеке тұлғаның тозуы - бұл ересек адамдарда жиі көрінетін процесс болып табылады. Зейнеткерлікке шығу кезінде адам қандайда бір мағынада өледі, өйткені одан да жас әріптестер оны "лайықты демалысқа" шығарып салады. Дерек бойынша, осы жағдайда тұлға босаңқы болады, қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін талпыну немесе қандай да бір нәрсеге жауап беру қажеті жоқ. Нәтижесінде, деструктивті енжарлық адамды толығымен иеленеді. Мұндай аморфты жағдайды физикалық өлімге дайындық ретінде салыстыруға болады. Бір қызығы, егде жастағы адамдардың арасында, деградациядан аман өтуі өте көп болып табылады.
Жеке тұлғаның тозуы жалғыздыққа ұшыраған адамдарға немесе жақынынан айырылған адамдарға тән. Соңғы жағдайда адам депрессияға ұшырайды. Ондай адамдар өмірге өкпелеп өздеріне қол жұмсауға дейін барады. Осылайша адам өзіндік баяу суицидті тәжірибелейді.
Деградацияның тағы да бір себебі өзін кінәлі сезіну. Өздерін керексіз сезінетін адамдар жеке тұлға ретінде дамымайды. Егер адам өзіне деген сенімділігін кезектеп келе жатқан қиындықтар үшін жоғалтатын болса деградацияға ұшырауға үлкен мүмкіндік туады.
Әрине деградацияға ұшырамаған жансыз жеке тұлға білгірлігін көрсете алған және үлкен мақсатқа жете алған адамдардың көптеген мысалдары бар. Алайда бұндай жеке тұлға болу үшін ең басынан адам болу керек және қандай да бір шарттарда адам жетіле білу керек.
Әйгілі психолог Абрахам Маслоу адам деградациясын келесі кезеңдерге бөлген:
- Еліктеушілік психологиясының қалыптасуы. Адамда қандай да бір күштерге тәуелділігі сияқты сезімдер туындайды. Бұл құбылыс жаттанды дәрменсіздік деп аталады.
- Негізгі игіліктерде тапшылықтың пайда болуы. Азық-түліктегі әдетті қажеттілік мысал бола алады.
- Таза қоршаған ортаның қалыптасуы. Бүкіл қоғам жақсы және жаман адамдарға, бөтен және өз болып бөлінеді. Көбінде адамда өзі үшін ұят және кінә сезімдері пайда болады.

2. Сыртқы факторлардың әсері.
Адамның деградацияға ұшырауына көптеген сыртқы факторлар әсер етеді. Мысалы, отбасы, қоршаған орта және тағы басқалары болып табылады.
Бұндай проблеманың болмауы үшін адам тәрбиесі дұрыс болу керек. Ал тәрбие адамның балалық шағында қалыптасады, және оның ең бірінші жетекшісі баланың анасы мен әкесі. Бала дүниеге келген сәтте барлығы қуанады. Оны періштемен теңейді. Себебі нәресте пәк әрі таза, бойында үлкен адамдар сияқты проблемалармен толмаған. Ал оны жақсылықпен толтыруға үлкен үлес қосатын ең бірінші - ата-ана. Сондықтан да ата-аналар тек өздерінің жұмыстарымен айналыспай, балаға көңіл бөлуі керек. Тек қана сөйлесіп қана емес, баламен бірге ойнап, оған да қызық екенін білдіру керек. Баланың мақсатсыз қимылдары болмайды, оны тек түсіну керек. Ұрыспай сұрау керек. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесінен басталу керек. Тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы.
Ата-ана да балаға немқұрайлы қарауға болмайды, бала өмірге келген сәттен қаншалықты жауапкершілік жүктелетінін түсінулері керек. Баланы тәрбиелеу әрі қорғау ата-ананың басты парызы. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз, ата-ананың орны бөлек. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт-көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілік тағы басқа қасиеттеріне байланысты. Жанжак Руссо Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзін қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының қамқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала - ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі. Мектеп отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.
Әрбір адам кез-келген уақытта өзінің алғашқы мұғалімін еске түсіре алады, себебі ең алғашқы мұғалім бала өмірінде өшпес із қалдырады. Егер мұғалім балалардың ешқайсысын бөлмей, балаларды әр істе қолдап, қол ұшын берсе, әрине ол баланың есінде өмірінің соңына дейін қалуы мүмкін. Ондай мұғалімдердің оқушылары болашақта жақсы маман иелері, сәтті, жалпы жақсы адам болып шығатындарына күмән жоқ. Сонымен қоса мұғалім, егер баланың отбасы жағында қандай да бір қиыншылықтар болған жағдайда, үнемі қолдау беріп отыру керек. Көбінесе Амонашвили әдістерін қолдана отырып, балалармен жақсы қарым-қатынас орнатуға болады. Амонашвили ешқашан балаларға дауыс көтеріп ұрыспаған, керісінше жай сөйлеген. Әр түрлі әдістер пайдалана отырап, тақырыпты оңай түсіндіруге тырысқан. Және ол әдістерді үнемі жақсартуға тырысқан. Педагогтың негізгі мақсаты ол жай ғана сабақ беріп құтылу емес, ол беріп жатқан мәліметті балалар түсінуі болып табылады.

Келесі бір адамға әсер ететін фактор - қоғамдық пікір. Қоғамдық пікір мәнсіз болып көрінгенімен, кейбір адамдар оны жүрекке жақын қабылдайды. Ондай адамдар үшін кез келген адамның ойы маңызды. Тіпті адамдардың жағымсыз сындарын да ауыр қабылдайды. Осыған байланысты ол өмірден түңіліп, интроверттер қатарына кіреді. Жалпы қоғамдық пікір дегеніміз не? Қоғамдық пікір - жалпы қоғам немесе қоғамның белгілі бір бөлігінің ашық көрінетін іс-әрекеттер мен ұстанымдарды жақтауы немесе оларға қарсы болуы. Әр адам өз сөзіне ерекше мән беру керек. Себебі, тіл - қылыштан да өткір деген қазақтың мақалы бекер айтылмаған. Кейбір адамдар үшін қоғамдық пікір бағалаудың ең жоғарғы көрсеткіші болып табылатыны мәлім. Осыған модаға және мейнстримдерге еліктеу, біреудің айтқанымен жүру, стереотипті ойлаумен тағы басқалары мысал ретінде бола алады. Әлеумет адамдар үшін прессинг ретінде келеді. Қоғамдық пікір адамдардың артқа қарап басқалар не дейді деген оймен жүруге мәжбүрлейді, өзінің қалауымен болатын адам болуға бөгет жасайды. Осындай пікірлер адамдардың жеке тұлғасының дамуына бөгет болуы мүмкін. Бұған мысал келтірсек, мұғалімнің пікірін келтіруге болады. Егер оқушы сурет салуға құмар болатын болса, мұғалімнің оқушының суреті жайлы жағымсыз сын айтуы дұрыс болмайды. Оқушы жан тәнімен сурет салуды жақсы көріп келіп, мұғалімнің сөзінен кейін бұл істі керісінше жек көріп те кетуі мүмкін. Сондықтан да баланың болашағы үшін мұғалім оны керісінше үнемі қолдап отыру керек. Егер адам дамымайтын болса, соның салдарынан тозу белгілері пайда болады. Адам өз пікірімен қоғамдық пікір арасында тепе-теңдік тапқан жағдайда ғана жеке тұлға болып қалыптаса алады.
Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар арасында өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік желі екені белгілі. Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені деп келген қазақ қазірде экранға телмірумен өмірін өткізіп жатқаны жасырын емес.
Ғаламтордағы әлеуметті желінің бірінші баламасын 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан. Ол Classmates деп аталады, яғни Сыныптастар. Бүгінде ол сайт жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша бұл сайтты 50 млн. адам қолданады. 2004 жылы Марк Цукерберг The Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2008 жылы бұл әлеуметтік желі әлемдегі ең танымал желіге айналды. Астана ақшамы газетінде көрсетілген мәліметке қарасақ, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын Мой мир, 558 мың рет қаралатын Одноклассники, 252 мың рет қаралатын В контакте, 410 мың рет қаралатын Facebook-ті жатқызуға болады. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен mail.ru agent-ті тұтынады. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар беретін болып шыққан. Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur.kz сайты болып есептеледі. Одан Басқа да Birge.kz, Ilike.kz, on.kz, www.kazlife.com, Zhelide.kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide.kz сайтына келетін болсақ, Желіде.кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уақыт ішінде 10000-нан аса қолданушы жинап үлгерді. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Әлеуметтік желі әрбір үшінші жұптың ажырасуына себепкер екен.
Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.
Әлемде жыл сайын шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен. Жақында ақпараттық порталдардың бірінде ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулері жазылды. Онда Инстаграмм желісі депрессияға ұрындыратын желі деп айтылған. Ал В Контакте, мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шықты. Кім біледі, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суицидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. Осы сұрақтар бойынша психолог Алмагүл Алдабергенованың пікірін бойынша Ақпараттың дамыған, ғаламдық өркендеудің қазіргі сатысында дәл осы аталған дүниелердің өскелең ұрпаққа тигізіп жатқан кері әсерін айта бермейміз, - дейді психолог. Психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері
Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыру
Тәрбие бастауы - отбасынан
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Отбасында ата-ананың бала тәрбиесіне ықпалының ерекшеліктері
Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата - аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны туралы
Пәндер